Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының табиғаты және ауа-райының ерекшелігі


І. КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына « Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан» жолдауында халықтың әл-ауқатын жақсарту, қоғамымыздың келешек келбеті мен мемлекетіміздің мақсат-мұраты жарияланды. Президентіміз 2003-2005 жылдар аралығын «Ауыл жылы» деп жариялап, ауыл шарашылығына басты назар аударып, дамытуды ұсынған. Қазіргі кезде осыған байланысты біздің ауыл шаруашылығымыз қарқынды дамып келеді. [1]

Елбасы өзінің халыққа жолдауында көрсеткендей ауыл шаруашылығын дамыту, мал басын көбейтіп сапалы өнім алу мен ауыл бағдарламасы азық-түлікпен қамтамасыз етуді басты мәселе етіп көрсетті. «Агроөнеркәсіптік кешен туралы айтқым келеді, оның дамуы арқасында біз бір мезгілде еліміз үшін аса маңызды екі міндетті - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты арттыруды шешеміз. Сондықтан да біз товарды - сүт фермаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру мен дамыту, ет өңдеу өндірісін дамыту, биязы жүнді қайта өңдеу жобаларын қаржыландыруды жалғастыру» - деп атап өтті. Міне, осы тұрғыдан қарағанда алдыңғы кезде елімізге жетіспеушілік тудыратын мал өнімін көтеру, бұл ет және ет өнімдері және мал өнімдері. Тек асыл тұқымды малдан сапалы өнімдер алғанда ғана көптеген мәселелер шешіледі. Осы тұрғыдан қарағанда біздерге көптеген міндет пен талап қойылуда. [2]

Елбасы Үкіметке ауыл шаруашылығына барлық деңгейлерде жүйелі қолдау көрсетуде одан әрі шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазақстан Республикасының халық шаруашылығының ең басты саласының бірі - ауыл шаруашылығы. Өйткені ол халықты жергілікті мөлшерде азықпен, мал шаруашылығын жем-шөп қорымен, ал өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етіп отыр. Бұл міндетті түбегейлі іске асыра білу үшін қожалықтар мен жеке шаруашылық, акционерлік қоғам ұжымдары әрбір гектар жердің құнарлылығын арттырып, одан алынатын өнімді молайтуға күш салулары керек. Бұл үшін әрбір агротехникалық шараларды жүргізу керек. [2]

Еліміздің мал шаруашылығы, соның ішінде ірі қара саласындағы оң өзгерістер жалғасын табуда. Қазақстан Республикасы Статистика агентігінің мәліметіне сүйенетін болсақ, 2009 жылдың он айында, өткен жылдың осы уақыт аралығымен салыстырғанда шаруашылықтың барлық нысандарында ірі қара мал саны 6132, 6 мың басты құрап, яғни 5, 1 пайызға артқан. Оның ішінде мал басының үлестік салмағы төмендегідей болып келеді: ауыл шаруашылық кәсіпорындары - 5, 4; шаруа (ферма) қожалықтары - 9, 1 пайыз. Ірі қара мал басының артуына орай мал шаруашылығы өнімін өндіру де артып отыр, 2009 ж. қаңтар-қазан айларында ет өнімі 1078, 3 мың тонна (өткен жылмен салыстырғанда 5, 1 пайызға), сүт өнімі - 4374, 1 мың тонна (3, 5 пайызға) артқан.

Қазір мемлекет тарапынан асыл тұқымды мал тұқымдарын жақсарту, өнімділігін арттыру мақсатында мемлекет тарапынан көптеген шаралар жасалынуда. Әйтсе де, бұл саланың шешуін таппаған мәселелер де аз емес. Өнім мөлшерінің 5, 1 пайызға артуына қарамастан, елімізде медициналық қажеттілік бойынша әр адам басына шаққандағы тұтыну мөлшері төмен болып отыр. Мәселен, бір адамға жылдағы тұтынуға қажетті сүт мөлшері - 296 л. Ал сүт өнімін тұтыну 2005 ж - 277 л., 2006 ж - 282 л., 2007 ж - 290 л., 3 жылда орташа - 283 л. [16]

Қазақстан ежелден мал шарушылығымен айналысып келеді. Мал шаруашылығының негізгі дамыған салалары қой мен ірі қара малдары, сонымен қатар жылқыда жақсы көбейген. Бұлармен қоса, қазіргі таңда құс, шошқа, түйе шаруашылықтары да дамып келеді, бұл республикамыздың өркендеп, көркейіп келе жатқандығы. Осымен қоса, білікті мамандар саны да осыған байланысты артуда. [1]

Ветеринарияның әлеуметтік маңызы, оның халықты зооантропонозды аурулардан сақтандыру, қорғау шараларын жүргізуде көрінеді. Осыдан С. С. Евсеенконың «Адам медицинасы адамды сақтайды, мал дәрігерлік медицина адамзатты сақтайды» деген сөзі еске түседі.

Істің шын мәнінде де мал дәрігері мал мен адамға ортақ аурулар - зооантропонозбен үнемі күрес жүргізе отырып, адамдардың денсаулығын қорғайды, адамзатты түйнеме, маңқа, құтыру, бруцуллез, туберкулез, лептоспироз, туляремия сияқты және басқа да көптеген қауіпті аурулардан құтқарады. Мал дәрігерлік қызмет, сондай-ақ еттің, сүттің, басқа да осы сала өнімдерінің санитарлық сапасына бақылау жасайтын болғандықтан, ол адамдарды сапасы төмен мал шаруашылығы өнімдерін тағам ретінде пайдаланған жағдайда болуы мүмкін кеселдерден де сақтандырады. Сонымен бірге мал дәрігері атқаратын қызметтің екінші бір, негізгі бөлігінің - ауыл шаруашылықтық және кәсіптік малдардың (құстарды, терісі бағалы аңдарды, балықтар мен бал араларын қоса есептегенде) денсаулығын сақтау жөніндегі қызметінің халық шаруашылықтық яғни әлеуметтік маңызын есепке алу оңай емес. Ал мал дәрігерінің бұл саладағы қызметінің көздейтін түпкі мақсаты мал шаруашылығы өнімдерінің, соның ішінде жеңіл өнеркәсіпке қажетті шикізаттың санын молайтып, сапасын жақсарту болып табылады. Мал дәрігерлігі мал ауруларына қарсы ұдайы күрес жүргізе отырып, мал басын, құс санын көбейтуге жәрдемдеседі. Халыққа қажетті ет, сүт, жұмыртқа, жүн және басқа өнімдерді мол өндіруге белсене атсалысады, олардың сапасын жақсартуға көмектеседі. [3]

ІІ. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

Сиыр желінінің және үрпінің аурулары мен механикалық жарақаттанулары шаруашылықтарда көптеген себептерге байланысты көптеп кездеседі. Сауын сиырларда желін мен үрпінің жарақаттануы кемінде 30% құрайды.

Ауру себептерінің көбі малды күтіп бағудың, сонымен бірге машинамен сауу технологиясының бұзылуы болып табылады.

Мал қораларының антисанитарлық жағдайында желін ауруының пайда болуы, аурудың асқынуы болуы мүмкін. Ал желіннің жарақаттары болған жағдайда сиырдың желіні бірден ауруға шалдығады, себебі патогенді микрофлораның енуі жеңілденеді. Үрпіге дұрыс қалыңдықта таңдалмаған резиналы сауын стакандары сауу кезінде жарақаттауы мүмкін.

Шаруашылықта жарақаттанудың жиі кездесетін себептерінің бірі - әртүрлі өткір заттармен жарақаттануы (шегемен, өсімдік тікендерімен және тағы басқа жағдайларда) . [4]

Желін терісінің тілінулері, тесілулері, үрпінің кілегей қабатының жыртылуы, басқа да көптеген жағдайларда ветеринарлық мамандар, шаруашылықтағы жұмысшылар көңіл бөлмейді. Сондықтан да ауру асқынып, жарақаттанған жерге патогенді микроорганизмдер түсіп, қабыну процесіне айналады. Ары қарай бұл қабыну процесі одан әрі асқынып, ұлпаларды патологофизиологиялық және патологоанатомиялық өзгерістерге ұшыратады.

Бұндай аурулардың қауіптілігі ауру жылдам түрде маститке ауысуы мүмкін. Маститпен ауырған сиырдың сүті адамға әсіресе балаларға өте қауіпті болып келеді. Аурудың асқынған жағдайында емдеуге өте көп шығын шығады.

Кей жағдайларда желіннің және үрпінің жергілікті жарақаттанып қабынуы, бүкіл организмдік регенерацияланған процеске ауысуы мүмкін. [11]

Ауруға дер кезінде көңіл бөлмегендіктен шаруашылықта сүт алу көрсеткіші төмендейді, ауру емдеуге және күтіп бағуға көптеген қаржы жұмсалып, шаруашылық үлкен экономикалық шығынға ұшырайды. Ауру малды емдегеннен, аурудың алдын алған жөн. Жарақаттың себебінен қабыну процесі басталмас бұрын дұрыс әрі нәтижелі ем көрсеткен жөн.

Көптеген аурулардың алғашқы сатысында жеңіл әрі жылдам емдеп жазуға болады. Асқынып ауыр формаға ауысқан ауруды емдеу үшін көптеген шығын, күш және ұзақ уақыт қажет. Аурудың алдын алу үшін және желінді емдеу үшін оның құрылысын (1-сурет), аурудың себебін білу керек. [6]

Желін немесе сүт безі, теріден шығатын өзгерген тер безі болып табылады. Желін өсінділері деп аталатын бастапқы белгісі енесінің құрсағында жататын оның даму сатысының алғашқы жартысында-ақ қалыптасады. Туғаннан кейін бұзаудың сүт безі негізінен онда жиналатын май есебінен өсіп дамиды.

Малдың жыныстық жағынан жетілуіне байланысты жыныс гармондарының әсерімен желіннің дамуындағы жаңа кезең басталады.

Буаздығының 4 және 5 айларының аралығында колба тәріздес сүт каналдарының ұшынан альвеолдар пайда болады (екі жақ қабырғасы көбікке ұқсас көтеріліп), олар қоршаған май тканьдарымен бірігіп кетеді. Без ткані байланыстырғыш қалқандар арқылы бөліктерге және бөліктер тобына бөлінеді. Клеткалардың көбеюі арқылы өсу кезеңінен кейін клеткалардың мөлшерінің өсуі арқылы өсу кезеңі басталады. Буаздықтың шамамен 7- айында без ткані толықтай дамиды. Ал альвеолдарда секреция өнімдері пайда болады. Желіннің өздігінен қызмет ете алатын органға айналып дамуын гармондар реттеп отырады. [9]

Сиырдың желіні ортасын тіреу ретінде қалқанша бөліп тұратын оң және сол жақ екі бөліктен тұрады, желіннің әрбір жартысы алдыңғы және артқы, немесе бүйірлік екі ширектен тұрады. Желіннің әрбір ширегі емшектен, үрпіден және безді бөліктен тұрады. Егер желіннің байланыстырғыш ткані көп болса, оны «ет» желін деп атайды: ал егер без көп болса - «без» желін деп атайды.

Сүтті көп беретін сиырлардың желіні безді болып келеді, өйткені сүт без тканінде пайда болады. Без желін қолмен ұстағанда ет желінге қарағанда едәуір жұмсақ болады және сүтін сауып алғаннан кейін көп кішірейіп қалады. Микроскоппен қарағанда желіннің безді бөліктерінен өте ұяң байланыстырғыш ткань талшықтарымен оралған безді көпіршіктерді немесе альвеолдарды көруге болады, олар кішкене дөңгелек тәрізді, сыртын өте жіңішке қан тамырлары торлап жатады. Осы альвеолдардың ішінде бір қабат болып орналасқан ерекше клеткалары болады (секреторлы эпителий қабығы), сүт міне осында түзіледі. Бір литр сүт түзілу үшін желін арқылы 400 литрге жуық қан жүріп өтуі керектігін атап айту керек. [10]

Әрбір альвеол кішкентай орталық каналға барып жалғасатын сүт ағатын жолмен жабдықталған. Каналшалар емшекке баратын бағытта желіннің үрпіне барып құятын сүт жүретін 8-12 тарауға айналатын анағұрлым ірі каналдармен жалғасады. Осы сүт жүретін жолдар желіннің қарындық ширегінің алдыңғы, ал бүйірдегі ширегінің - артқы жағын ала орналасқан. Сиырды соңғы идіріп сауғанда және желінге массаж жасағанда осыны ескеру қажет. [12]

Емшектің формасы әр түрлі болады, солардың ішінде цилиндр тәріздісі ең тәуірі деп есептелінеді (2-сурет) . Емшектің ұзындығы 8-10 см. және диаметрі 3-4 см. болғаны дұрыс. Ұзындығы 8-12 см-дей емшек каналы арқылы сүт сыртқа шығады. Емшек каналының қабырғасында бұлшық ет сфинктері (домалақ бұлшық ет) болады, сиырдың жай июі бұлшық ет күшіне байланысты болады.

Сүт адам өмірінің алғашқы айларындағы бірден-бір тағамы, өйткені оның құрамында адамға қажетті қоректік заттардың барлығы да бар: құнды белоктар, сүт майы, көмірсутектер (қанттар), минералдық заттар (темір, кальций, калий, магний, натрий, марганец, мыс, ковальт, йод және басқалары), витаминдер (А, Д, Е, В, С, РР), ферменттер мен басқа да пайдалы заттар - барлығы 160-қа тарта. Сүттің құрамында бұл заттар адамның қажетсінуіне сәйкес келетін мөлшерде болады. [11]

Ғалымдар Еуропаның әрбір тұрғыны өзінің бүкіл ғұмырының ішінде 45 т. әртүрлі тағамдар жейтінін, соның ішінде 10 т. сүт, 0, 5 т май, 6 т. ет пен балық барын есептеп шығарған.

Сүттің түзілуіне негіз болатын физиологиялық себеп мынадай: емген, сауған және массаж жасаған кезде нерв жүйесі қозып, желіннің алдыңғы бөлігінде пролактин гармоны пайда болады, альвеолдың қызметін реттейтін сол.

Сүт түзілу процесі - сыры әлі толықтай ашылмаған күрделі биологиялық процесс. Витаминдер мен сүттің құрғақ затының жекелеген құрамдас бөліктері ғана сүтке қаннан тура көше алатындығы белгілі. Барлық қалған бөліктері желіннің альвеолдық клеткаларында түзіледі.

Сүт желінде түзілетін болғанымен, оны синтездеуге қан жүру, ас қорыту, нерв жүйелері, ішкі секреция бездері, яғни малдың бүкіл организмі қатысады. [7]

Көпшілік ғалымдар сүт үздіксіз түзіледі деп есептейді, алайда сүттің пайда болуына қарай желін ішінде қысымның артуына байланысты сүт түзілу шапшаңдығы төмендейді.

Желін сүтке толып қатайған кезде сауынды бастау керек. Сауын алдында желінге массаж жасау қажет. Жүйелі массаж жасап отыру желіннің дұрыс өсіп-дамуына септігін тигізеді, сүт безінің жұмысын күшейтіп, сүт бөлінуді шапшаңдатады. Соның ішінде ең ақырғы массаждан кейін сауып алынатын сүтте май да көбейеді.

Сиырды дұрыс сауумен бірге сауылатын сүт мөлшері төмендеп кетпес үшін және желін ауруға шалдықпас үшін оны тәулігіне қанша рет саууды анықтаудың да маңызы зор. Сиырды күніне екі реттен кем саууға болмайтындығы сансыз тәжірибе арқылы дәлелденді. Сиырдың үлкен тобына жасалған тәжірибе бойынша күніне орта есеппен 3 рет сауғанда 2 рет сауумен салыстырғанда тәуліктік сүт өнімінің 6-7% артатындығы дәлелденді. Алайда күніне 3 мезгіл сауудан 2 мезгіл саууға көшкенде кейбір сиырлардың сүт өнімділігі едәуір төмендеп кеткен, ал енді біреулеріне мұндай өзгерістер ешқандай әсер етпейді. Бұл ең алдымен сиырдың желінінің көлемімен байланысты. Күніне 3 рет сауғанда сауын аралық мерзімді қысқарту желіні шағын сиырлардан және әсіресе тұмсалардан сүтті мол алуға мүмкіндік береді. [9]

Сауын санымен бірге сауын аралығындағы ұзақтықты дұрыс анықтаудың да маңызы зор. Соңғы сауыннан кейін желінде жиналатын сүттің азаятындығын ескере отырып, сиырды күніне 3 рет сауғанда сауын аралық ең қолайлы кезең 8 сағат, ал 2 рет сауғанда - 12 сағат деп белгілеген дұрыс. Алайда кейбір кездейсоқ себептерде мұндай сауын аралық кезең әр кезде мүлтіксіз сақтала бермейді. Сондықтан да сиырды күніне 3 мезгіл сауғанда сауын аралық кезең кем дегенде 7 сағат, ал ең ұзақтығы 9 сағаттан аспауы керек және сиырды үнемі бір уақытта сауып, азықтандырған дұрыс.

В. Г. Васильевтің мәліметтері бойынша - сиырды машинамен сауғанда түсетін жарақаттардың көбі сүттің ағуы тоқтап, біткенде сауу машинасының бос соруынан пайда болады. [4]

Үрпі мен желіннің аурулары пайда болуының себебінің көбі сиырларды машинамен сауу ережесін бұзғандықтан пайда болады. Бұл шаруашылыққа үлкен шығын келтіреді. Сондықтан желін мен үрпі ауруларына машинамен сауғанда аса көп көңіл бөлу керек.

Д. Д. Мартюгиннің зерттеулері бойынша екі тактылы жұмыс істейтін сауу аппараттары сауу кезінде желіннің аздап қан айналымын бұзып, қысу тактысында желін терісін жарақаттауы жиі кездеседі. [10]

Желін мен үрпі ауруларының алдын алу үшін ветеринарлық мамандардың машинамен сауу технологиясын егжей-тегжейлі білу керек. Ветеринарлық маман сауыншыларға желін жарақаттарын пайда болдырмас үшін ескертіп, дұрыс сауу технологиясын түсіндіріп айтуы керек. Машинамен сауғанда малдарды кем дегенде төрт түрлі факторға байланысты бөлу керек:

А) саууға тек қана сау сиырларды жіберу;

Б) үрпінің формасы мен мөлшеріне байланысты сауу машинасының стакандарымен сәйкестігі болу қажет;

В) саууға төрт үрпісі бірдей өсіп қалыптасқан сиырларды жіберу;

Г) сүт сауу машинасының жылдамдығы мен сиырдың сүт бөліну қасиеті тең болу керек. [17]

Желіндегі қабыну процесінің алдын алу үшін және желінді қорғау үшін оны әртүрлі ұсақ жарақаттардан (сызаттар, суық тиюінен, терісінің жарылуынан) тағы да басқа қолайсыз жағдайлардан қорғау керек.

Қалыпты жағдайда сау сиырдың желінінде патогенді бактериялар болады. Оның көбі үрпінің сфинктері маңайында шоғырланады. Желінде қабыну процесінің жоқтығы бұндай көп шоғырланған микробтар мен организмнің қорғаныс реакциясы ретінде лизоцима торшалары және сүт безінің секреттер (сүт, уыз, желіндегі құрғақ заттар), әртүрлі иммунды денелер антитоксиндер, аглютиндер, обсониндер), бактериофактар, қан торшалары (лейкоциттер және эритроциттер) байланысты болады. Бұл аталған факторлар сүттегі микроорганизмдердің көбеюіне бөгет болады.

M. Cmavikova, L. Lojda (1984ж. ) зерттеулерінің нәтижелері бойынша желіндегі сүттің құрамындағы соматикалық торшалардың деңгейін көтеру арқылы сиырларды желін ауруларына төзімді етуге болады.

B. Sentf. et. al (1980ж. ) мәліметі бойынша - мурамидазаның төменгі деңгейі сүт безінің микроорганизмдерге қарсы тұру қабілетінің төмендігін көрсетеді. Бұндай сиырлардың сүт безі маститті тез қабылдайды. [8]

Кейбір жағдайларда желінге ауыр жарақаттар түскенде емдік жұмысты жүргізу үшін хирургиялық жолмен араласу ең тиімдісі болып келеді.

Желін мен үрпінің жарақаттары сиыр аяғымен үрпіні еденге қысып алғанда жиі пайда болады. Бұған сонымен қоса малдың астына сабанды салмау, тұяғының тым ұзын болып өсіп кетуі және малды тар жерде ұстау, бұнда жатқан малдың желінін басқа малдардың таптауы кездеседі. Сонымен бірге сымдарға ілініп тілінгенде, малдың қоршаулардан секіріп өтпек болғандағы жарақаттар және тағы да басқа жағдайлар.

Бұл жағдайларда малдың желінін тексергенде ісіну, ауырсыну, терісінің жарақаттануы, қансырау болады. Бұндай жарақаттарда үрпі ұшының ісінуі бірге жүреді. Бұндай сиырларды сауғанда сүт әрең шығады, ал ісіну одан да үлкен болса сүт мүлдем шықпайды.

Жарақаттанғаннан кейін көп уақыт өтпесе (12 сағат өтпес бұрын) суық басу тиімді болып келеді. Ол үшін суық суға жарақаттанған желінді 15-20 минут батырады. Қар болса қарды да сонша уақыт басуға болады. Суық басқаннан кейін аздап қысып тұратындай етіп байлам салады. 24 сағат өткеннен кейін суықтың орнына жылуды басып емдейді. Ол үшін желінді 20-30 минут жылы банкадағы дезинфекциялаушы ерітіндіге батырады (3-4 пайызды бор қышқылды ерітінді жақсы нәтиже береді) . [5]

Егер жануар ауырсынса, желінді жансыздандырады. Жылу басу ұлпаларды босаңсытып, үрпі каналы босаңсығаннан кейін сүттің шығуы жеңілдейді. Желіндегі сүтті сауып шығару керек. Ол үшін қолмен сығып немесе сүт катеторы арқылы сүтті шығарады (тәулігіне 3 реттен кем емес) . Жарақаттанған желінді жиі-жиі қолмен сығып сауғаннан немесе сүт катеторын енгізгеннен ол жер тітіркеніп, қабыну процесі басталуы мүмкін. Сүтті шығару үшін ашылып-жабылмалы сүт катеторын қолдануға болады. Катетордың каналын сауу уақыты уақыты келгенде ашып, одан кейін жауып қоюға болады. Жылу басуды күніне 3-4 рет жіті қабыну процесінің белгілері басылғанша жасау қажет. Әр емдік шаралардан кейін жарақаттанған жердің терісіне йод-глицеринді жағады. [6]

Ұсақ жарақаттарды емдегенде жарақаттың қабынуын алдын алу үшін иіссіз сүртпе майды жағады (стрептоцидті, сульфитті қосындымен) .

Л. А. Блатунның айтуы бойынша (1999ж. ) желіннің тері жарақаттарында гидрофильді полиэтиленоксидті негізіндегі сүртпе майлар жақсы емдік әсер етеді. Сиырдың желініне дезинфекция жүргізу көптеген елдерде қолданылады. Бұл тәсілдер үрпі каналына микрофлораның енуіне бөгет болады, патогенді микрофлораны жояды. Сонымен бірге желін терісінің құрғауын және терісінің жарылуларының алдын алуға көмектеседі. [18]

W. N. Philpot et al. зерттеулерін жүргізгенде 59 түрлі химиялық бактерицидтік препараттарды сиырдың желін терісін дезинфекциялау мақсатында қолданды. Бұл препараттардың құрамына түрлі концентрациядағы йодофор, құрамында хлоры (натрий гипохлориді) және йоды бар препараттар. Бұлардың кейбіреулерінің құрамына теріні тітіркенуден қорғайтын және желін терісін жұмсартатын заттар: ланолин, глицерин, сорбитол және пропиленгликоль. Бұл тексерілген препараттардың көбі стафилакок және агалактилық стрептококқа жоғарғы бактерицидті әсер етті (50-ден 98, 5 пайызға дейін) . [8]

Мұндай жоғарғы бактерицидті әсер ету механизмін жоғарыдағы авторлар төмендегідей талқылайды: дезинфекциялаушы ерітінді желіннің терісіне жаққан кезде жұқа қабатпен желін терісіне жағылып, үрпінің ішінде тамшы тәріздес болады. Бұл тамшы тәріздес болған ерітінді үрпі каналын жауып, онда микроорганизмдердің түсуін және әрі қарай дамуына бөгет болады.

S. D. Wilson айтуы бойынша желін терісін дезинфекциялау мақсатында құрамында 4 % активті хлор және 0, 05% сілтісі бар натрий гипохлоридінің ерітіндісіне желінді батырған кезде желіндегі микроорганизмдерді жойған және келесі сауар уақытына дейін олардың пайда болуына жол бермеген (5, 5 - 6, 5 сағат ішінде) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан экономиклық ауданының әлеуметтік – экономикалық сипаттамасы
Шығыс Қазақстан облысының экологиялық туризм дамуы
Шығыс Қазақстан облысының орман ресурстарына сипаттама және оның картасын құрастыру
Шығыс қазақстан облысының орман ресурстарына экономикалық-географиялық сипаттама
Шығыс Қазақстан облысының ерекше қорғалатын табиғи территорияларында туризмді дамытудың геоэкологиялық алғышарттары
Марқакөл қорығының болашағы
Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағының жалпы сипаттамасы
Шығыс Қазақстан өңірінің туристік потенциалы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Қазақстан бойынша саяхат. Қорықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz