Ауыл шаруашылық малдарының морфологиясы мен анатомиясының зертханалық сабақтар жинағы


лНИЯЗБЕКОВА А. Б.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МАЛДАРЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯСЫ МЕН АНАТОМИЯСЫНЫҢ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР ЖИНАҒЫ
Шымкент
КІРІСПЕ
Морфология, оның ішінді жануарлар анатомиясы - пәнін тыңғылықты меңгеруде, практикалық дайындыққа аса көңіл бөлінген қайта құру кеңесінде студенттер үшін лабораториялық сабақтардың маңызы өте зор. Лабораториялық сабақтарда, лекцияларда өтілген теориялық материялдар мүқият зерттеліп, делелденіп, тұжырымдалады. Бұл сабақтарда мал ағзаіндегі жеке мүшелер, мүшелер жүйелері, олардың оргонизмдегі орналасу орны, құрылысы, пішіні, түрі, тек атластар, түрлі - түсті таблицалар, муляждар және әртүрлі оқу құралдарының көмегімен ғана зерттеліп қоймай, көптеген арнайы әдістерді пайдалана отырып дайындалған және белгілі бір ертінділерде сақталған мал ағзаі мүшелерінің препараттары тексеріледі. Бұл препарттар мал өліктерінен /мәйіттерінен/ алынады. Сабақ барысында студенттер лекцияларда айтылған мәліметтерге сүйене отырып, методикалық нұсқаулардың кемегімен, осы сабаққа арналған препараттардың құрылысын эертттейді. Сабақтың барысында берілген мүшелердің құрылысы тексеріледі. Олардың табиғи түсіне, мөлшеріне, пішініне, ағзадегі орналасу орнына және атқаратын қызметтеріне аса көңіл бөлінеді. Бұдан соң, методикалық нұсқаулардағы сұрақтардың көмегімен студенттер жаттығу жұмысын жүргізеді. Сабақтың соңыңда олар сабақ беруші мұғалімге жұмыс барысында дайындалған, меңгерілген, тұжырымдалған материалды тапсырады. Лабораториялық сабақтарды осылай етіп оқу, болашақ мал мамандарының білім негізін қалауға көп септігін тигізері анық.
Ал, лабораториялық сабақтарда толық меңгерілмей қалған материалды, студенттердің өздері, көп уақыт оздырмай, сабақтан тыс кездерде кафедра аудиторияларына келіп, өз бетімен еңбектенудің нәтижесінде толықтыруы керек. Зерттелген материалдың түсініксіз жерлерін кезекші мұғалімнің көмегімен меңгерген де жөн.
ІШКІ МҮШЕЛЕР ЖҮЙЕЛЕРІ
(спланхнология)
Ішкі мүшелер жүйелеріне азық қорыту, тыныс алу, зәр бөлу және көбею (аталық және аналық) мүшелері жатады Бұлар негізінен дененің көкірек, құрсақ және жамбас қуыстарында орналасып, қоршаған сыртқы ортамен денеден табиғи тесіктер арқылы қатысады. Ішкі мүшелер жануарлар ағзаі мен қоршаған сыртқы орган арасындағы зат алмасу және көбею процестерін іс жүзіне асырады Азыққорыту ашараты ағзаді қоректік заттар және сумен, тыныс алу оттегімен камтамасыз етеді. Зат алмасу нәтижесінде қалдық және пайда болған ыдырау өнімдері азық қалдығы, азық қорыту, көмірқышкыл газ, тыныс алу, белоктық және азоттық алмасу өнімдері, артықсу, керексіз тұздар, дәрі-дәрмектер, улы заттар зәр бөлу мүшелері арқылы сыртқа шығарылады. Аталық және аналық көбею мүшелері жануарлар түрлері ұрпақтарының сақталуы мен ұдайы көбеюін қамтамасыз етеді.
Ішкі мүшелер жүйелері жалпы құрылысы ұқсас екі түрлі түтікше және паренхималы мүшелерден түрады Қуысты түтікше мүшелердің қабырғалары үш ішкі кілегейлі, ортаңғы етті немесе талшықты-шеміршекті (тыныс алу мүшелерінде) және сыртқы сірлі (дене қуыстарында жатқан мүшелерде) қабықтардан тұрады. Дене қуыстардан тыс жатқан мүшелер сыртынан адвентиция қабығымен (борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады) қапталады.
Кілегейлі қабық түтікше ішкі мүшелердің көпшілігінде ішек типтес болады. Ол негізінен төрт қабаттан құралған. Оларға ішкі қабаттан кілегейлі қабықтың сыртына қарай:
- эпителий қабаты түтікше ішкі мүшелердің ішкі бетін жабын үлпасы ретінде астарлайды. Себебі, олар қуыстары дененің табиғи тесіктері арқылы қоршаған сыртқы ортамен қатысады. Түтікше мүшелердің кілегейлі қабықтары, олардың дене қуыстарындағы орналасу орындары мен атқаратын қызметіне байланысты құрылысы әр түрлі эпителий үлпасымен, дененің сыртқы бетіне жақын мүшелерде көпқабатты эпителиймен, ал зат алмасу процесібелсенді жүретін мүшелерде бірқабатты эпителиймен, ал зат алмасупроцесі белсенді жүретін мүшелерде бірқабат өзіндік такташа қоректендіретін қан және лимфа тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпасынантүрады;
- етті тақташа мүшелердің қызметіне сәйкес түрлі деңгейде, қатпарлы кілегейлі қабықта күшті, ал беті тегіс кілегейлі қабықта нашар жетілген. Бұл қабатты өз кезегінде бір немесе екі кабатта жатқан бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері қүрайды;
- кілегейлі асты негіз кұрамында ірі кан және лимфа тамырлары мен лимфа түйіншелері және интрамуральды (кабырғалық) жүйке тораптары болатын борпьшдақ дәнекер үлпасынан түрады.
Ал кейбір мүшелердің кілегейлі қабықтары, мысалы, ауыз және мүрын қуыстары мүшелерінің кілегейлі қабықтары құрылысы жағынан тері типтес болып келеді. Ол тек екі: эпителий және өзіндік тақгаша қабаттарынан ғана түрады.
Етті кабық түтікше мүшелердің ортаңғы қабығы. Ол өз кезегінде: ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша (бойлама) қабаттардан тұрады. Етті қабық кабықтарын негізінен бірыңғай салалы ет ұлпасы құрайды. Тек, дененің сыртқы табиғи тесіктеріне жақын орналасқан мүшелердің етті қабығы қабаттарын (жұтқыншақ, өңеш, тік ішектің соңғы бөлігі мен анус, несеп-жыныс кіреберісі т. б. ) ерікті жиырылатын көлденең жолақгы бүлшық ет үлпасы қүрайды. Ал тыныс алу түтікше мүшелерінің (көмекей, кеңірдек, бронхтар) ортаңғы қабықтары - талшықты-шеміршекті қабықган тұрады.
Сірлі қабық дене қуыстарында жатқан мүшелерді сыртынан қаптайды. Ол екі қабаттан: ішкі борпылдақ дәнекер ұлпалық негізден және сыртқы бірқабатты жалпақ эпителий қабатынан немесе мезотелийден тұрады. Дене қуыстарынан тыс жатқан мүшелер (өңештің, кеңірдектің мойын бөліктері, көмеқей, жүтқыншақ, тік ішек. қынап т. б. ) сыртынан ндвентиция қабығымен қапталады. Ол борпылдақ ншіекер ұлпасынан тұрады.
Қомақты паренхималы мүшелер ішкі мүшелер жүйелері кұрамына жеке мүшелер ретінде кіреді немесе олар түтікше мүшелердің қабырғаларында орналасады. Олар негізінен ішкі мүшелер жүйелеріндегі бездер.
Без өзінен арнайы сөл бөлетін кұрылысы қомақты иаренхималы мүше. Бездерге сілекей, өңеш, қарын, ішек бездерін, үйқы безін, жыныс бездерін, бүйректі, ішкі секреция (эндокринді) бездерін т. б. жатқызуға болады. Шығару өзегі арқьшы сыртқы ортаға шығарылатын без сөлі секрет, ал ағзаның ішкі сүйық ортасына (қанға, лимфаға, ұлпа сұйығына) бөлінетін бөліндіні инкрет - деп атайды. Жануарлар денесінен сыртқы ортаға шығарылатын ыдырау өнімдері мен улы заттарға бай, ағзаге керексіз бөліндіні экскрет (зәр, тер т. б. ) - дейді.
Без кұрылысы жағынан паренхималы мүше. Ол бір-бірімен тығыз байланыста қызмет аткдратын паренхимадан және стромадан тұрады. Паренхима бездің негізгі қызметін атқаратын жұмысшы бөлігі. Бездердің паренхимасын негізінен безді эпителий ұлпасы кұрайды. Ал кейбір эндокринді бездерде без паренхимасы жүйке ұлпасынан да тұрады. Строма без паренхимасы бөліктерін өзара байланыстырып, безді біртұтас мүше ететін дәнекер ұлпалық аралық. Строма арқылы безді қоректік заттармен қамтамасыз ететін қан мен лимфа тамырлары және без жұмысын реттейтін жүйкелер өтеді.
Бездердің жіктелуі. Без сөл бөлу сипатына қарай үлкен екі топқа: ішкі және сыртқы секреция бездері болып бөлінеді. Ішкі секреция бездері немесе эндокринді бездер инкреттерін ағзаның сұйық ішкі ортасына (қанға, лимфаға, ұлпа сүйығына) шығарады. Эндокринді бездердің шығару өзектері болмайды. Олар тек қана бөлінді бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады. Ал сыртқы секреция бездері немесе экзокринді бездер секреттерін шығару өзектері арқылы қоршаған сыртқы ортаға немесе сыртқы ортамен қатысатын түтікше мүшелердің қуысына шығарады.
Бездер құрылысына қарай: бір торшалы және көп торшалы бездер болып бөлінеді. Бір торшалы бездер төменгі сатыдағы жануарларға тән. Сүтқоректі жануарлардағы бір торшалы бездердің өкілі құты (бокал) төрізді торшалар. Бүлар кеңірдектің, бронхтардың, ішектің эпителий қабаттарында, эпителиоциттер аралық-тарында орналасады. Сондықтан, құты тәрізді бездерді эндоэпите-лиальды бездер - деп атайды. Бұлар эпителий қабатының ішкі бетін сылап түратын кілегей бөледі.
Көп торшалы бездер мүшелер эпителий қабаттарының ас-тындағы қабаттарда немесе түтікше мүшелер қабырғаларынан тыс орналасады. Сондықтан, бұларды экзоэпителиальды бездер - деп атайды. Көп торшалы бездер орналасу орындарына қарай: қабырғалық (интрамуральды) және қабырғадан тыс (экстрамуральды) бездер болып бөлінеді. Қабырғалық бездер түтікше мүшелердің қабырғасында, кілегейлі қабық эпителий қабатының астындағы қабаттарда орналасқан майда бездер. Олар секретін өзектері арқылы түтікше мүшелердің (кеңірдек, өңеш, ішек, жатыр т. б. ) қуысына шығарады. Кабырғадан тыс бездер түтікше мүшелер қабырғаларынан тыс жатқан ірі бездер (бауыр, үйқы безі т. б. ) . Бүлардың өзектері де, түтікше мүшелер қуыстарына ашылады. Көп торшалы сыртқы секреция бездері екі бөлімнен: секрет бөлетін соңғы бөлімнен және без өзегінен тұрады.
Без өзегінің тарамдалу сипатына байланысты бездер: қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым бездердің өзектері тарамдалмайды, ал күрделі бездердің өзектері, керісінше, бірнеше тарамға ажырайды.
Соңғы бөлімдерінің пішініне қарай бездер: көпіршікше (альвеолалы), түтікше және көпіршікше-түтікше бездер болып бөлінеді. Көпіршікше бездердің соңғы бөлімінің пішіні көпіршік немесе кеңейген қапшық тәрізді болып келеді. Көпіршікше бездерге терінің май бездері, шықшыт (қүлақ түбі) сілекей безі жатады. Түтікше бездердің соңғы бөлімдерінің пішіні түтік тәрізді болып келеді. Түтікше бездерге қарын, жалпы ішек, жатыр бездері жатады. Ал көпіршікше-түтікше бездерге соңғы бөлімдерінің пішіні көпіршік және түтік тәрізді болып келетін бездер жатады. Бұларға: төменгі жақ және тіласты сілекей бездері жатады. Бездерден секрет үш түрлі: мерокринді, апокринді және голокринді жолмен бөлінеді. Мерокринді /эккринді/ секрет бөлу кезінде, безді торшалар гландулоциттер цитоплазмасында түзілген сөл, олардың плазмолеммалары арқылы диффузды жолмен сүзіліп өтеді. Бөліндіні бөлу кезінде гландулоциттердің бүтіндігі бүзылмайды. Сілекей бездері сілекейді мерокринді жолмен бөледі. Апокринді секрет бөлу кезінде, сөл гландулоциттердің жоғарғы бос (апикальды) үшына жиналады да, торшаның апикальды ұшы үзіліп, секрет тамшысына айналады. Секрет бөлу кезівде гландулоциттердің бүтіндігі жартылай бүзылады. Апокринді жолмен тер, сүт бездерінің секреттері бөлінеді. Голокринді секрет бөлу кезінде, гландулоциттердің цитоплазмасы сөлге толып, безді торшалар толық бұзылып жарылады да, секретке айналады. Голокринді жолмен терінің май бездері секреттерін бөледі.
З ертханалық жұмыс № 1
АУЫЗ-ЖҰТҚЫНШАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Жұмыстың мақсаты: Ауыз қуысы мүшелері құрылыстарын зерттеу.
Құрал-жабдықтар: Әртүрлі мал бастарының сагиттальдік жануарлар тілдері, муляждар, атластар мен түрлі-түсті таблицалар.
Жұмыстың мазмұны:
Ас қорыту жүйесі - мал ағзасында тамақты қабылдау, ұсақтау, жібітіп араластыру, жұту, қорыту, сіңіру, азық қалдығын сыртқа шығару қызметтерін атқаратын ішкі мүшелерден құралады. Бұл жүйенің жалпы пішіні ұзын түтікше болып келеді. Ол сыртқы ортамен дененің алдыңғы жағындағы ауыз саңылауы және артқы бетіндегі артқы тесік - анус-арқылы жалғасады. Түтікше мүшелер ретінде ас қорыту жүйесін тқрт бөлімге бөледі:
1. Бас бөлімге ауыз қуысының мүшелері және жұтқыншақ жатады. Бірге ауызжұтқыншақ деп аталады.
2. Алдыңғы бөлімді өңеш пен қарын құрайды.
3. Ортаңғы бөлімді аш ішек пен ірі ас қорыту бездері - бауыр мен ұйқы безі түзеді. өз кезегінде аш ішек үш бөліктен он екі өлі, ащы және мықындық ішектерден тұрады.
4. Артқы бөлімді тоқ ішек құрайды. Оған бүйен, жиек және тік ішектер жатады.
Түтік тәрізді мүшелердің қабырғасы үш: ішкі-кілегейлі, ортаңғы- еттік, сыртқы-сірілі қабықтан тұрады. Дене қуыстарынан тыс орналасқан мүшелерде сірілі қабықты адвентиция ауыстырады.
Кілегейлі қабық - ас қорыту мүшелерінің ішкі бетін астарлап жатады. Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың кілегейлі қабықтары тері типтес екі: эпителий (ішкі) және дәнекер ұлпасынан тұратын өзікдік пластинка қабаттарынан тұрады. Ал қалған мүшелердің кілегейлі қабықтары төрт қабаттан түзілген. Оларға: эпителий, өзіндік пластинка, ет және кілегейлі астылық қабаттар жатады. Бұлардың әртүрлі күрделі құрылыс ерекшеліктері түтікше ас қорыту мүшелерінің өз қызметтерін атқару кезінде созылып, қысқарып, кеңейіп тұруына жағдай тудырады. Кілегейлі қабықта ас қорытуға қажетті сөл бөліп тұртын бездер, осы мүшелердің қызметін іске асыратын қан мен лимфа тамырлары, мүшелер жұмысын реттейтін жүйкелер болады.
Еттік қабық- кілегейлі қабықтың сыртында орналасады. Өз кезегінде ол ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша қабаттардан түзіледі. Осы қабаттардың кезекте жиырылуы нәтижесінде ішек- қарындардың толқындала жиырылуы пайда болады да, қуысындағы азықтың бір мүшеден екінші мүшеге өтуіне жағдай жасалынады. Табиғи тесіктерге жақындаған сайын бұл қабық орналасқан көлденең жолақты еттік ұлпадан тұрады. Ал мүшелер аталған тесіктерден алыстаған сайын бірыңғай салалы еттік ұлпаға ауысады.
Сірілі қабық - түтікше мүшелердің сыртқы қабығы. Ол негізінен кеуде, құрсақ, жамбас қуыстарында орналасқан түтікше мүшелерді сырттан қаптап, өзінен сір сұйықтығын бөліп отырады.
Сір сұйықтығы жоғарыда аталған қуыстардағы мүшелердің жиырылуы, созылуы кезінде бір-бірімен жабыспауына, олардың өзавра сырғанай қозғалуына қолайлы жағдай туғызады. Сірілі қабық екі қабаттан тұрады. Олар: ішкі дәнекерұлпалық және сыртқы бір қабат жалпақ эпителий торшаларынан тұратын мезотелий қабаттар. Дене қуыстарынан тыс жатқан түтікше мүшелерді (жұтқыншақты, өңешті, мойын бөлігі, тік ішектің соңғы жамбастық бөлігі) сыртынан борпылдақ дәнекер ұлпалық қабық -адвентиция қаптайды.
Ауыз қуысы. Ауыз қуысы ас қорыту жүйесінің алдыңғы мүшесі. Ауыз ас қорыту жүйесінің бас бөлімі құрамына кіреді. Ол жұтқыншақпен жалғасады. Жануарлар ауыз арқылы азықты тістеп үзеді, шайнайды, сілекеймен жібітіп ұсақтайды, тілмен араластырып жұтуға жұтқыншаққа қарай айдайды. Ауыздың қаңқасын бас сүйектің төменгі, жоғарғы жақтық және тұмсықтық сүйектері құрайды. Ауыздың мүшелеріне еріндер, ұрт, қызыл иек, төменгі және жоғарғы тісқатарлары қатты және жұмсақ таңдай, тіл жатады. Бұлар ауыз қаңқасына ретімен орналасып, ауыз қуысының қабыфрғасын түзеді. Ауыз еріндер арасындағы ауыз саңылауы арқылы сыртқы ортамен, жұмсақ таңдай мен тіл түбірі аралығындағы тамақ тесігі арқылы жұтқыншақпен қатысады.
Ауыз қуысы екі бөліктен тұрады. Олар: сыртқы қабырғасы еріндер мен ұрттан, ішкі қабырғасы қызыл иек пен тістерден тұратын ауызға кіреберіс және қызыл иек пен тістерден жұтқыншаққа дейінгі аралық- негізгі ауыз қуысы.
Еріндер. Жоғарғы және төменгі еріндер екі бүйірден бір-бірімен жалғасып, ауыз бұрышы-езуді құрайды. Еріндер аралығында тесікті ауыз саңылауы деп атайды. Ерін құрылы жағынан терілі-етті мүшеге жатады. Ортаңғы қабығының негізін ауыздың дөңгелек еті түзеді. Ал ішкі жағынан кілегейлі қабықпен астарланған. Жылқы мен ұсақ малдардың еріндері өте қозғалмалы келеді. Еріннің көмегімен аталған малдар ірі талшықты жем-шөпті қабылдайды.
Бұнымен қатар ол сезім мүшесінің қызметін де атқарады. әдетте, еріннің сыртқы тері қабаттарында сезім түтіктері орналасады. Олар көбіне жоғарғы ерінде орын тепкен. Ерін терісі ауыз қуысының қабығына ауысады. Кілегейлі қабықтың ішкі бетін мүізделінетін көп қатарлы жалпақ эпителий ұлпасы астарлайды. Эпителийдің астында кілегейлі қабықтың борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұратын қабаты - өзіндік пластинка жатады. Сөйтіп, ауыз қуысының кілегейлі қабығы тері типтес, яғни екі қабаттан түзілген. Ол негізінен қорғаныс қызметін атқарады.
8- СХЕМА
Ауыз қуысы Жұтқыншақ
1. Ауызға кіреберіс
2. Негізгі ауыс қуысы
9- СХЕМА
Төбесі: таңдайлық білеуліктер
қатты таңдай таңдайлық жік
таңдай доғасы
жұмсақ таңдай
таңдай-жұтқыншақ доғасы
(таңдай шымылдығы)
Ауыз таңдай-тіл доғасы
қуысы
түбі:
мехникалық
тіл ұшы бүртіктер:
тіл жіпше,
тіл денесі бүр- конусша
тіл тік-
тіл түбірітері дәм сезу
тіл арқасы бүртіктері
саңырауқұлақша, қорғанша,
жапырақша
алдыңғы қабырғасы:
еріндер жоғарғы
төменгі
бүйір қабырғасы:
ұрт
тіс: күрек
сойдақ
премоляр-алдыңғы азу
моляр-нағыз азу құлақ түбі безі
қызыл иек төменгі жақтық без
сілекейлік бездер тіластылық без
Еріндер кілегейлі қабықтарының жоғарғы және төменгі қызыл иектерге ауысатын жерлері кілегейлі қабық қаптарларынан түзілген жоғарғы және төменгі төменгі ерін жүгеншіктерін жасайды. Езу маңындағы еріндер кілегейлі қабығында қабырғалық сілекей бездерінің тесіктері байқалады.
Ерекшеліктері: жылқының еріндері қалың, ұзын және қозғалмалы келеді. Төменгі ерін жақсы жетілген иекпен жалғасады. Ерін езуі азу тістің басталар тұсының алдында орналасады.
Ірі қара малдың да еріндері қалың келеді. Бірақ ол қысқа және нашар қозғалады. Төменгі ерін нашар қозғалады. Жақсы жетілген ерін иегінде өте сезімтал сүйекше болады, бүртіктер байқалады. Жоғарғы еріннен мұрын тесігіне дейінгі аралықта пигменттелмеген түксіз терілім аумақ-қаңсар созылып жатады. Қаңсар сірілі бездерге бай келеді. Бұл бездер үздіксіз сір сұйықтығын бөліп тұрады. Осы сұйықтың нәтижесінде қаңсардың сыртқы беті әруақытта дымданып салқын болып тұрады. Ерін езуі азу тістерінің алдыңғы жағында орын тепкен.
Қой мен ешкінің еріндері ұзын, қозғалмалы келеді. Жоғарғы ерінде су ағар сайы болады.
Шошқаның жоғарғы ерні түксіз жалпақ танаумен жалғасады. Төменгі ерін үшкірлеу болып келеді. Ерін езулері 3-4-ші азу тістерінің қатарына дейін созылады.
Ұрт құрылысы жағынан ерінге ұқсас терілі-етті мүше. Ол сыртынан терімен, ал ішкі беті ауыз қуысының кілегейлі қабығымен қапталған. Ұрттың ортаңғы қабығының негізін ұрт еттері түзеді. Ол ерін езуінен қанатша-төменгі жақтық қатпарға дейін созылып жатады. Азықты тиянақты шайнап жейтін жануарлардың ұрты жақсы жетілген. Ұрттың ұзындығы ауыз саңылауының ұзындығына байланысты. Ауыз саңылауы ұзын болған сайын ұрт қысқарады. Мысалы, иттің езуі ұзын да, ұрты қысқа. Бұған керісінше шөппен қоректенетін жануарларда ұрт ұзын да, ауыз қысқа келеді. Ұрттың іші кілегейлі бетінде 3-4-ші азу тістері тұсында құлақ түбі сілекей без өзегінің бүртігі ашылады. Ұрттың кілегейлі қабығында қабырғалық ұрт сілекей бездері болады. әсіресе олар шөппен қоректенетін жануарларда жақсы дамыған. Ұрт бездері дорсальдік және вентральдік болып екіге бөлінеді. Олар жоғарғы және төменгі тіс доғалары деңгейлерінде езуден үлкен шайнау еті аралығында орын тебеді.
Ерекшеліктері: Жылқыда ұрт ұзын болып келеді. Құлақ түбі без өзегі 3-ші азу тіс тұсында ашылады.
Ірі қара мал ұртының кілегейлі қабығында ауыз саңылауына кері бағытталған конусша бүртіктер орналасады. Олар ауыз қуысындағы азықтың кері түспеуін қамтамасыз етеді. Құлақ түбі без өзегі 5-ші азу тіс қатарында ашылады.
Қой мен ешкі ұртында да конус тәрізді бүртіктер бар. Құлақ түбі без өзегі 4-ші азу тіс тұсында ашылады. Шошқа без өзегі 4-5-ші азу тістің деңгейінде ашылады.
Қызыл иек - жақ сүйектерінің тістік жиектерін қаптап, тістерді тіс ұяларына бекітіп тұратын ауыз қуысының кілегейлі қабығын қызыл иек пен соңғы азу тістер деңгейінде жоғары жатқан төменгі жаққа қарай қатпарланып созылып, қанатша-төменгі жақтық қатпар түзеді. Қызыл иек қан тамырларына бай, бірақ сезімталдығы нашар.
Қатты таңдай- ауыз қуысының төбесін құрайды. Ол ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп тұрады. Қатты таңдайдың негізін сүйек таңдай құрайды. Қатты таңдай ауыз қуысының кілегейлі қабығынан түзілген. Орталық сагиттальдік сызық бойымен қатты таңдайда таңдай жігі өтеді. Таңдай жігінен оңға және солға көлденеңінен созылып, таңдайлық білеуліктер орналасады. Күрек тістің артқы жағында таңдай жігінің бойында күрек тісітік бүртік байқалады. Оның екі бүйіріне ауыз қуысы мен мұрын қуысын жалғастырып тұратын күректістік жұп өзек ашылады. Қатты таңдайдың екі бүйірі қызыл иекке, ал артқы жағы жұмсақ таңдайға ауысады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz