Жануарлар потологиясы - зертханалық жұмыстар


Жануарлар потологиясы
Зертханалық жұмыстар
1-бөлім. АУРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ІЛІМ
Тақырыбы №1 ЖАЛПЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТӘСІЛДЕР
Сабақтың мақсаты: Патологиялық процесстердің пайда болу себептерін, даму барысының заңдылығын ашудағы эксперименттің атқаратын маңызы.
Осы мақсатта төменгі сұрақтардың бағытын анықтап, түсіну, ұғыну қажет:
1. Патологиялық физиология пәніне анықтама беру. Оның биологиялық және малдәрігерлік ғылымда, мал шаруашылық салаларында студенттердің малдәрігерлік ой- өрісін, мамандық саласын ұлғайтудағы міндеті. Мал шаруашылығын өркендету, мал дәрігерлік жұмыстың атқарылуын жақсарту, халқымызды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуі жолындағы қаульшар мен жалпы патофизиологияның теориясы, биологияның арнаулы клиникалық бағытта оқытылатын пәндер мен байланысы.
2. Патологиялық процесстің даму кезінде органдар мен
жүйелер функциясының тежелу себептерін, даму заңдылығын, диагнозын анықтауда және малшаруашылығын өндірістік әдіспен өсіру жағдайында әр түрлі ауруға қарсы сақтық шаралар жүргізудегі мақсаты.
3. Патологиялық үрдісті зерттеп анықтап, ғылыми жұмыс
жүргізуді ұйымдастыру бағытында әр түрлі эксперимент жүргізуді ұйымдастыру:
а) клиникалық, рентгенологиялық, патанатомиялық.
б) лабароториялық бактериологиялық, серологиялық, биохимиялық, биофизиологиялық, иммуиологиялы т. б.
в) жедел және баяу түрде жүргізілетін экспсрименттер: функцияны үдету /жеделдету/ немесе трансплантациялау, функцияны төмендету /жартылай немесе толық экстирпзциялау, тітіркендіру, парабиоз, ангиостомия /Лондонның тәсілі/, микробтың, вирустың және ткань клеткаларын арнаулы қоректік заттар /лабораторияда/ егін өсіру радиоизотопты қолдану тәсілі, фистуланы пайдалану, электрофарез, стереотактикалық және эндоскопиялық тәсіл, органды жартылай немесе бүтіндей организмнен бөліп алып функциясын тексеру т. б.
Тәжірибе жүргізуге қажетті жабдықтар: реактивтер, лабораториялық жануарлар, 3%- ті йод тұнбасы, кестелер, суреттер, хирургиялық инструменттер, бақа, тышқан, егеуқұйрық /атжалман/, теңіз шошқасы, үй қояны, ит т. б. жануарлар пайдаланылады.
ӨТКЕНДІ ҚАЙТАЛАП ТАЛДАУ АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
1. Патологиялық физиология туралы ілімге анықтама оның мақсаты.
2. Студенттердің малдәрігерлік ой-өрісін ұлғайту профессияны меңгеруде патологиялық физиологиянық алатын орны.
3. Эксперимент қандай себептермен және мақсатпен қолданылады?
5. Экспериментте іске асырылатын тәсілдердің жіктелуі
6. Малшаруашылығын өндірістік негізге көшірілу кезеңіне патологиялық физиологияның алатын орны.
Тақырыбы №2 ТӘЖІРИБЕ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ
Сабақтың мақсаты: Тәжірибеге пайдаланатын жануарларға әр түрлі дәрі- дәрмектерді жіберудің әдістерін үйрену.
Сабаққа қажетті керекті. кұралдар мен реактивтер: 3 мл шприц /инесімен/, қисық қайшы, қоянның оңсшіне өткізетін зонд, 0, 85%
хлорлы натрийдің ерітіндісі, 0, 9% хлорлы натрийдің ерітіндісі, 70%
этил спиртінің ерітіндісі. Лабораториялық жануарлар: бақа, тышқан, қоян,
тауық,, ит, торай.
Тәжірибе жүргізудің тәсілі: Бақаның арасындағы лимфатикалық қапшығына 0, 5 мл хлорлы натрийдің физиологиялық ерітіндісін терінің астына жіберу керек. Патологиялық урдістердің жобаларын жасау мақсатымен қоянның құлағындағы шеткі венасына әр түрлі ерітінділер егеді.
Бұл үшін құлақтың сыртындағы қан тамырлары тұрған жердің жүнін қырқу керек. Теріні 70% этил спиртінің ерітіндісі сіңірілген мақтамен сүрту қажет. Вена тамырын тапқаннан кейін, оны екі саусақпен егетін жерден төмен басса қан тамыры үлкейіп ұлғаяды. Шприцтің инесін жоғары қаратып тұрып, ауаның көпіршіктерін толық шығарғаннан кейін жіңішке инені жанай тамырға енгізу керек. Егер ине қан тамырына дұрыс барса, онда поршеньді сәл артқа тартса, шприцке қан қуйылады. Осыдан кейін тамырды қысып тұрған саусақтарды босатып, жайлап ерітіндіні қан тамырына жібереді. Препараттарды қоянның терісінің астына жіберу үшін, жауырынның тұсына, санның қалың етіне егу керек.
Егер ерітінділерді асқазан мен ішектерге жіберу үшін, резинадан ауызға кергіш /зевник/ дайындау қажет және ол азу тістердің арасына сию керек. Кергіштің ортасынан тесік жасап, оны құлақтың сыртына байлап қою керек. Тесікке зондті вазелин майымен майлап жүргізгеннен кейін Дьюар түтігін пайдаланып затты құю керек. Ол үшін ыдысқа 50 мл суды құйып, оның темпертурасын 40°С жеткізіп, қысымын көтергеннен кейін зовд қосылғын жаққа қанды бұрса, сұйық зат қарын мен ішекке қарай жүре бастайды.
Тоқ ішекке жіберілетін заттарды тік ішек арқылы енгізеді. Спринцовканың ұшын вазслинмен майлап, кранды ашқаннан кейін су өзі жүре бастайды.
Дәрі-дәрмектерді малдың қан тамырына жіберудің әр жануардың өзіне тән срекшеліктері болады.
Ақ тышқан мен егеу құйрыққа препараттарды құйрық тамырына жібереді, тауыққа қанатының астындағы венасына, жылқы кәрі мал, қойға - күре тамырға жібереді.
Тақырыбы №3 Жануарларға наркоз беру, оларды қимылдатпай ұстаудың әдістері.
Тежірибе жүргізуге қажетті жабдықтар: реактивтер, лабораториялық жануарлар: 5 мл шприц /инесімен/, операция жасайтын столдар, 20% урстан, 10% этил спиртінің ерітіндісі, бакз, тышқан, коян, тауық, ит.
Тәжірибе жүргізудің тәсілі: Негізінде тәжірибелер наркоз берілген жануарларға жүргізіледі. Наркотикалық заттар парэнтералді жолдар арқылы, тыныс жолдары арқылы беріледі.
Бақаға наркоз беру үшін 10% этюі спиртін пайдаланады, ал оны қимылдатпау үшін миын не жұлынып жарақаттау арқылы орындалады.
Тәжірибеге алынған жануарларға наркоз беру үшін әр түрлі препараттар қолданылады:
БАҚАҒА: 1. 10% этил спиртіне 5-8 минутқа салып қою керек.
2. Шыны ыдыстың ішінде эфирмен дем алдыру керек.
3. Лимфотикалық қапшықка ерітінділер егу керек 0. 5%хлорлы гидрат /1, 5-2, 0мл/, 1% гексенал /0, 5мл/, 10% уретан /Ы, 5мл/, 25% этанол /2 мл/.
ТЕҢІЗ ШОШҚАСЫНА: 30% уретанды lr/кг ішіне, 5% этаминал натрийді 30 мг/кг ішіне, 7% хлоралгидратты-300 мг/кг тері астына егу керек.
Ал кей уақытта жануарларға наркоз бермей уақытша ұстау керек болса, онда бақа, тышқан, егеу құйрық теңіз шошқасы сияқты жануарларды шыны сауытпен воронканың астында ұстау керек. Қоян мен мысықты станоктарда ұстауға болады. Иттердің аузын тұмшалап байлайды немесе тор кигізеді.
Қой, шошқа, тауықты өзіне сай трода ұстайды.
ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПАТОГЕНЕЗ.
Тақырыбы №4 Атмосфера қысымының төмендеуінің организмге жалпы әсері.
Сабақтың мақсаты: Малды ойпатты аймақтан қыратты, таулы аймақты жайылымға аударған /кешірген /кезде, әсіресе, жас төлдер және таулы жайылымға көндікпеген ірі малдар арасында организмнің тыныс алу функциясы зақымдалып, өлім-жітімге ұшырауы байқалады. Аурудың қалыптасуының негізгі себебі атмосфера қысымының төмендеуі, ауадағы оттегі /О 2 / мөлшернің азаюуы болып табылады.
Жедел эксперимент жүргізу арқылы атмосфералық қысымды төмендету нәтижесінде экспериментке пайдаланған жануарлардың организімінде қалыптаса бастаған патологиялық үрдістің дамуын, барысын, клиникалық белгілерін ақырын анықтау /байқау/.
Сабяққа херекті жабдықтар, қуралдар, лабораториялық жануарлар:
1. Комовскийдің сорғыш аппараты
1. Атжалмандар немесе ақтышқандар.
2. Союға керекті инструменттер: қысқыштар /пинцет/, қайшы, тақтайшалар, 5%-ті йод тұнбасы, спирт, мақта.
Тәжірибе жүргізудің тәсілі: Шыны қоңыраудың астына ауа кірместей бекітіп, 3 тышқан отырғызады. Ауа сорғыш арқылы, тышқандар отырған ортадан ауаны біртіндеп сорып сыртқа шығарады. Шыны астында атмосфера қысымының төмендей басталуы салдарынан тышқандар алғашқы сәттерде тынышсызданады тыныс алуы жиілейді, ентігеді, біртіндеп жалпы хал-жағдайы нашарлайды, қимылы өзгереді, әлсірейді, ентігуі ұлғайады, тыныс алуы ауырлайды, бұлшық еттері құрысыптырысады, жанталасады, өлімге ұшырайды.
Өлікті жарып сояды. Көкірек, іш құрылысы органдарынан патолого-анатомиялық өзгерістерді анықтап, әр студент жұмыс дептеріне протокол толтырады.
Тәжірибе кезінде алынған мағлұматтарды талдау.
1. Атмосфера деген ұғымға анықтама, оның физиологиялық тұрғыдан өлшем бірлігі және ауаның құрамы.
2. Эксперимент кезінде байқалған клиникалық белгілердің, кезендерінің /қозу, тітіркену және әлсіреу/ және олардың қалыптасу механизмі.
3. Оттегінің атмосферада жетіспеушілігі қай аймақтарда кездеседі және қай түлік малдар ауруға шалдығады?
4. Таулы аудандарда байқалатын аурудың себебі және оған қосымша факторлар қандай?
5. Аурудың патогенезіндегі кезендердің қалыптасу заңдылығы қандай?
6. Патологоанатомиялық өзгерістердің қалыптасу себебі?
7. Кессон ауруы деген не қандай себептен қалыптасады, оның патогенезінде ерекшеліктер.
Тақырыбы №5 Жоғары тенператураның организмге жалпы әсері
Сабақтың мақсаты: Тәжірибе жүргізу арқылы қоянның айнала орта жағары температураға жалпы рефлекторлы реакциясын, бейімделу қасиетін, клиникалық белгілердің қалыптасу заңдылығын бақылап, механизімін талдау.
Сабаққа керекті жабдықтар, құралдар лабораториалық жануарлар: Термостат, мақта, дәке, пинцет/қысқыш/, вазелин майы, 3%-ті йод тұнбасы, спирт, қоян, малдәрігерлік термометр.
Тәжірибе жүргізу тәсілі: Тәжірибе жасау алдында қоянның жалпы жағдайын құлақ қан тамыр арнасының керілуіне зер салу қажет. Тік ішектен дене қызуы елшенеді, тыныс алу мен кан тамыр соғуының /бір минут аралығына/ саналады. Содан кейін қоянды термостатқа отырғызады / 44° - 45° С/. Әйнекті есік арқылы қоянның ортаға бейімделу реакциясын, содан кейін клиникалық белгілерін қадағалап байқайды. Бірнеше минуттан кейін қоянның тыныс алуы жиілейді, қантамырдың кернеуі ұлғаяды, қан қапиллярлары қанға толады, қызарады, тынышсызданады. Біртіндеп қан тамырдың соғуы, тыныс алуы жиілейді.
Организмнің қызып кетуін бақылау үшін жасалған тәжірибе 15-20 минут уақытқа созылады.
Қоянды термостаттан шығарғаннан кейін тік ішектен дене қызуы қайталанып өлшенеді, кән тамырдың соғуы /пульс/ тыныс алудың бір минут аралығындағы жиілік керсеткіші саналады. Тәжірибе жасалар алдында алынған клиникалық көрсеткіштермен /мәліметтермен/ салыстырып қорытынды жасалады.
Студенттер тәжірибенің нәтижесін жұмыс дәптерлеріне жазып протокол толтырады, график сызады.
Тәжірибе кезівде алыған клиникалық мәліметтерге талдау жасау.
1. Организмде дене қызуы функциасының заңдылығы қаңдай?
2. Қоянның тыныс алуы мен қан тамырдың соғу жиілігінің динамикалық өзгеруін қалай түсінуге болады?
3. Құлақ қантамырларының қызаруы, капиллярдың қанға төлу себебі мен механизіміне анықтама.
4. Дене қызуының шамадан тысқары кетерілуінің себебі қандай?
5. Қанның морфологиялық, физико-химкялық құрамы, зат алмасу жүйесі қандай бағытта өзгеруі мүмкін?
6. Ішкі органдарда қандай морфологиялық өзгерістер болуы ықтимал?
7. Дене қызуы көтерілуінің негізгі кезеңдері қандай?
8. Тәжірибе кезінде байқалған клиникалық белгілердің және гипертермия, күн тию, гипотермия үрдістерінің қалыптасу себептерінің негізгі айырмашылығы, даму заңдылығының механизмі қандай?
Организмнің реактивтілік қасиеті және оның патологиялық ұғымдағы маңызы
ТАҚЫРЫБЫ №6 Организмнің реактивтілік қасиетінін өзгеруіне
температураның, орталық жүйке жүйесінің және мал жасының әсері.
Сабақтың мақсаты: Айнала ортаның әр түрлі температуралы факторларының ақ тышқандарға әсерін жедел тәжірибе жүргізу арқылы бақылау және олардың оттегіге мұқтаждығын анықтау.
Тәжірибеге керекті жабдықтар, құралдар, лабораториялық жануарлар:
Малдәрігерлік теомометр, қысқыштар, мойны кең 200 мл мөлшеріндеп ыдыстар /бөнке/, мүз немесе қар салынған шыны сауыттар, ыстық су, вазелин майы, йод тұнбасы /5% спирт, 1% гексоналды не 10% уретанның ерітіндшері/ мақта, бинт.
Тәжірибе жұргізудің тәсілі: Мойны кең, тығыз тығынды 200 мл бос бәнкенің түбінде аз ғана мақта салып оларға бір-бірден тышқан салады, отырғызады /төртіншіге наркоз берілген бесінші бөнкеге тышқанның жаңа туған баласын салады/
Тығындарға вазелин майын жағып /ауа кірмеу үшін/ тығындайды Сол мезетен бастап тәжірибе басталған уақытты белплейді Бірінші бонкені жылы су /+40° +45° С/ құйылған шыны ыдысқа, екінші мүз немесе қар салынған ыдысқа /0° -1° С/, үшінші, төртінші және бесінші бонкелер бөлме температурасында /1 18° +22° С/ ұсталады
Эксперимент жүргізуге арналған тышқандардың әл-күйін, орта реакциасын қайыра жауап әсеріне байқау жүргізеді Бірнеше минут еткеннен кейіғ біршші бөнксдсп гышқан тынышсыздана бастайды, тыныс алуы ұлғаяды күйзетеді, терлейді Кейбіреулерінің алғашқыда тыныс алуы едәуір ұлғайады, біртіндеп төмендейді, қарсыласу реакциясы нашарлайды қозу қабілетті төмендейді, ұйқыға кетеді Ал наркоз берілген тышқанның жалпы жағдайы бір қалыпта болады.
Бөлме температурасы жағдайында тәжірибе жасалған тышқанның клиникалық белгілері алғашқы кезде бірінші бөнкедегі ұқсайды, кейішрек біртіндеп организмнің жүиелерінің қызметтері нашарлайды.
Тәжірибелердің нәтижелері тышқанның әр түрлі тітіркендіргіштерге қарсылық әсері, клиникалық белгілері, уақытны алынған мағлұматтарға схемаға сәйкес қорытынды жасалады. Бұл мағлұматтарды студенттер жазу дәптерлеріне протокол ретінде толтырады, график сызады График І. Әр түрлі температураныд /+44 +45 С, суықты 0 1 - I6+18C/ организмнің реактивттік, резистентнт қасиетіне әсері
О 2
мөлшері
Тәжірибеден алынған мәліметтерге талдау жасау
1. Реактктивтілік және резистентілік ұғымдарының бір-бірінен айырмашылықтары /өзгешілігі/
2. Экспериментке пайдаланған тышқандардың әр мезгілде өлу себебін қалай түсінуге болады.
3. Тышқандардың оттегіне мұқтаждығы мен айнала ортаның температурасына орталық жүйке жүйесінің, эндокринді жүйесінің және жас мөлшерінің қатысы.
4. Тышқандардың өлу мерзімі мен оттегіне мұқтаждығы және зат
алмасу үрдістерінің аралығында қаңдай зандылық бар?
ИММУНИТЕТТІҢ КЛЕТКАЛЫҚ ФАКТОРЫ
Тақырыбы №7 Фагоцитоз. Фагоцитарлық санды анықтау
Сабақтың мақсаты: Фагоцитоз ұғымына, оның қандай әдіспен анықталуына анықтама. Фагоцитоздың физиологиялық және патологиялық процесстерде атқаратын маңызы.
Сабаққа керекті жабдықтар, құралдар, лабораториялық жануарлар: Реактивтер, микроскоп, микробтын физиологиялық ерітіндіде қосындысы, цитрат натрий қосылған мал қаны /цитратты қан/, Романовский-Гимза бояуы, метил спирті, дистелденген су, /Д. Н2О/, қаннан жағынды жасауға арналған ойнсктер, физиологиялық ерітінді /0. 85%/, су моншасы. Фагоцитарлық санды анықтау тәсілі.
Фатоцитоз иммунитеттің клеткалық факторының бірі. Бұл биологиялы құбылысты И. И. Мечников /1883/ бірклеткалы, омыртқалы және омыртқасыз хайуандардың физиологиялық тіршілік процессін және айнала ортаның жағымсыз тітіркендіргіштерге қарсылық иммундық қасиетін эксперимент жүргізу нәтижесінде анықтады. Фагоциттік биологиялық құбылысты анықтап байқау үшін бактериологиялық пробиркаға 0. 5 мл цитрат қосылған қан және 0. 5 мл микробтың физиологиялық ерітіндідегі шайылған қосындысын /1 мл қосындыда 1 миллиард микробты дене/ құйып араластырады, +37 +38 С° температуралы су моншасы аппаратына 30 минут қояды. Осы уақыт аралығында қанның ақ түйіршіктері /лейкоциттер/ мен микробтардың арасында күрделі иммунологиялық және физико-химиялық реакциялар байқалады: микрофаттар /лейкоциттер/ микроб клеткаларын өздерінің цитоплазмасына тартып алып, зиянсыздандырып бойына сіңіре бастайды.
Пробиркадағы қосындыдан, жалпы белгілі нұсқауға /методикаға/ сәйкес, қаннан шыны ойнектерге жағынды жасалынады, бөлме температурасында қойылады, 5 минут бойы метил спиртінде бекітіледі, арнаулы бояу ерітіндісіне қанның ақ түйіршіктері 30 минут боялады. Боялған шыны өйнектегі жағынды препараттан қанның морфологиялық элементтері микроскоптың иммерсиялы жүйесі арқылы тексеріледі, лейкоциттер нұсқауға сәйкес саналады.
Фагоцитті клетканың /микрофаг/ активтілігін анықтау.
Фагоцитоз немесе лейкоциттердің микробтарды цитоплазмаға қоршап алу реациясының қарқындылығы әр түрлі жағдайларға байланысты. Микрофаттың фагоцитті активтілігін анықтау үшін фагоциттің санын анықтау керек.
Фагоциттің санын анықтаудың жолы.
Шыны әйнектегі қаннан жасалған жағынды препараттан микроскоптың 90 объективі арқылы 100 полинуклерлы /нейтрофиль/ лейкоцитті препараттың әрбір бұрышынан /25-тен/ немесе екі жағынан /50-ден/ тауып, басқа морфологиялық элементгерден ажыратып, есепке алу керек. Бұл жұмыс гематология практикасында қолданылып жүрген методикаға сай жүргізілуі тиіс. Содан кейін әр нейтрофильді лейкоциттің цитоплазмасында жатқан микробты клсткалардың жиынтыгын 100 лейкоцитке белу арқылы фагоциттің санын анықтайды:
Ф. С. =микрофагтың цитоплазмасындағы микробтың саны.
Мысалы: 100 микрофагта 400 микроб сорылып тартылған болса, онда:
Ф. С. = 400 микроб/100 микроб = 4
Теориялық және тәжірибеден алынған материалдарға талдау жасау.
1. Фагоцитоз ұғымына. оның салыстырмалы түрдегі маңызына анықтама.
2. Фагоцитоз қандай клоткалар арқылы аткарылады?
3. Фагоцитоздың активтілігіне қандай фактролар әсер етеді?
4. Фагоцитоздың организмдегі атқаратын маңызы қандай?
5. Иммунитет фагоцитоз арқылы ғана атқарыла ма?
ИММУНИТЕТТІҢ ГУМОРАЛЬДІ ФАКТРОЛАРЫ
Тақырыбы №8 Комплемент, оны белоктың фракцияларына компоненттеріне бөлу
Сабақтың мақсаты: Комплемент-иммунды реакцияның гуморальді факторының бірі және өзінің физико-химиялық биологиялық құрамына қарай күрделі. Оны белоктың фракциялы қосындыларына, компоненттеріне ыдыратуға/бөлуге/ болады. Компоненттің /альбумин глобулин/ және олардың биологиялық қаскетін тәжірибе арқылы анықтау.
Сабаққа керекті жабдықтар, құралдар: Реактивтер комплемент-К /теңіз шошқасының қан сары суы/, Киппа аппараты HCL, СаСОз немесе көмір қышқылы толтырылған сауыт, 30-50 мл шыны колба, тұндыруға арналған қондырғы /цетрифуга/ және осы аппаратқа арналған пробиркалар/түтікшелер/, пипетка /1. 0-10. 0 мл/, Пастер түтікшелері, дистелденген су /Н 2 О/, физиологиялық ерітінді /0. 85%/ кристалды хлорлы натрий /ас тұзы/, штативтер, бактериялық пробиркалар, гемолизин /HS/, қойдың эритроциті /Э/, су моншасы немесс термостат.
Комплементті альбуминді жене глобуликді фракцияларына ыдырату/бөлу/.
Өлшемді цилиндрге немесе 30-50 мл шыны колбаға теңіз шошқасынан жаңа алынған кзн сарысуынан 2 мл /грамм/ құяды, оған 8 мл /грамм/ дистелденген су қосылады/1:10/.
Ерітіндіге шыны түтікше арқылы Ккппа аппаратынан немесе арнаулы көмір қышқылды сауыттан ағысын төмендетіп көмір қышқьшын жібереді. Соңғы фактордың әсерінен глобулин кдн сарысуының фракциясы тұнады, сарысу ерітіндісі лайланады.
Қан сарысуы арнаулы аппарат центрифута арқылы тұндырылады. Пробкадағы жоғары бөлікті /альбумин фракциасы/ пастер түтікшесімен сорып колбағз құйылады, оған натрий хлор тұзын қосып, изотоникалық ерітіндіге айналдырады да пробиркаға альбумин фракциясы деген белгі жазылады/AL/. Пробиркадағы тұнбаға 10 мл дистелденгсн су құйып ерігенге дейін шайқайды да қайтадан тұндырмалы аппарат арқылы 10 минут бойы тұндырылады. Пробиркадағы қосындының жоғарғы бөлігін сыртқа тегеді де оған 10 мл /грамм/ физиологиялық ерітінді қосып, ерігенше шайқайды. Содан кейін оны таза пробиркаға құйып, оған глобулин фракциясы деген белгі жазылады /ГЪ/.
Комплементтің қасиетін, функциясын зерттеу үшін тәжірибе жұмысы төменгі кесте бойынша жүргізіледі.
Cy моншасы T- +37 - +38 C°
ЕСКЕРТУ. Әр компоненттер арнаулы түтікшелер арқылы
пробиркаға құйылады, су моншасында 20-30 минут бойы ұстап
реакцияның барысын анықтайды. .
Алынған мәліметтерге талдау жасау
1. Комплемент, оның химиалық құрамы, әр түрлік жануарлар қанындағы активтілігі.
2. Комплементтің биологиялык қасиеті және сериологиадағы практикадағы маңызы.
3. 1, 2, 3 нвмерленген пробиркада гемолиз жоқ, оның себебі неде?
4. Комплементтің фракцияларының фунюдиясын қай пробиркадағы өзгерістерден байқаута болады.
ТАҚЫРЫБЫ №9 Антидене және комплементтің
иммунитеттегі маңызы, олардың иммунды
үрдісте қойдың эритроциттерін гемолизге
айналдыруы
Сабақтың мақсаты: Организмнің иммунды реакциалы қабілеттілігі ете күрделі процесс. Иммуиитеттің организмде қалыптасуына көптеген компоненттер қатысады. Клиникалық, серологиялық лабораториаларда тұрақты бекітілген схема бойынша тәжірибе жүргізу арқылы иммунитетке тікелей қатысы бар белокты компоненттердің /қосындылардың/ функциасын анықтау.
Сабаққа керекті жабдықтар, құралдар: Реактивтер, компоненттер: су моншасы немесе термостат, бактериологиялық пробиркалар, физиологиялық ерітінді, комплемент /теңіз шошкасының қан сарысуы/, антиген /Э 1:40/, антидене /гемолитикалық қажеті бар кан сары суы/, 5%-тік йод тунбасы, спирт, мақта, дәке.
Иммунитеттің негізі-иммуиды денелер, гамма-глобулинді фракциялы иммунды компонснтті клеткаларда тузілген күрделі белок.
Иммунитст қалыптасқан организмде эритроциттің гемолизге ұшырауына 3 компоненттің кдтысы бар: койдың эритроциттері /антиген/, гемолитикалық қажеті бар кан сары суы/арнаулы антидене/ және комплемент /теңіз шошкасының кан сары суы/. Иммунды үрдіске қатысы бар компоненттердің қасистін тексеру үшін арнайы тәжірибе жүргізіледі.
Тәжірибе жүргізудің жобасы.
Су моншасы +38 С° - 20-30 минут
ЕСКЕРТУ. Компонентгер арнаулы түтікшелер/пипеткалар/ арқылы пробиркаға құйылады, су моншасыкда немесе термостатта 20-30 минут тұрғаннан кейін реакцияның нәтижесін анықтайды.
Алынған мәліметтерге талдау жасау
1. Қой малынын эритроциттері түрлі-түсті реакцияға не үілін қолданылады.
2. Гемолитккалық кан сары суының биохимиялық, иммунологиялық қасиетін дайындау методикасымен атқаратын функциясына талдау жасау.
З. Нормалы, инактквацияланған комплементгің негізгі функция-ларына анықгама.
4. 1-ші нөмерлі пробиркадағы эритроцитгер ыдырап гемолизгс ұшырайды. Оның себебі және зандылығы қандай?
5. 3, 4-ші пробиркалардағы өзгерістерге анықтама.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz