Қазіргі мектептерде оқушыларға патриоттық және интернационалдық тәрбие беру



І.Кіріспе

Патриоттық тәрбие . барлық тәрбие бастауы.

ІІ. Негізгі бөлім.
а) Патриоттық және интернационалдық тәрбие берудегі өткен тарихымыздың алар орны
ә) Ұлтын сүю . ұлтшылдық емес, алға ұмтылушылық
б) Патриоттық тәрбиені дұрыс жүргізу . ең басты және күрделі мәселе.
в) Интернационалдық тәрбие беру . өзімен қатар өзге ұлтты да сыйлаудың негізі.

ІІІ. Қорытынды.

Тамыры терең тәрбие . патриоттық тәрбие.
І.Кіріспе.
Патриоттық тәрбие –барлық тәрбие бастауы.

Адам баласының әрқайсысының өз пешенесіне жазылған өмір жолы болатыны тәрізді кез келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи ғұмыры бар. Ол көне тіршілік көшінде сан алуан түрде көрініп келе жатқан күрделі үрдіс. Әр ұрпақ өзінен бұрыңғы ұрпақтың жалғасы болғанымен, өз дәуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді.
Отан дегеніміз - халық. Халық дегеніміз - адам. Адамды сүю оған жақсылық жасау. Ендеше отаншылдық — сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті есім.
Отаншылдыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жас өскіннің ішкі жан дүниесі, ой санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл ретте Н.Назарбаевтың "Қазақтың ұлттық сана-сезімін дамыту — қазақ деп аталатын таңғажайып, әрі бай тарихи және мәдени байтаққа өз қатысының барын сезіну" дегені біздің ұстанып отырған пікірімізді қуаттай түседі.
Көп ұлтты Қазақстан үшін отансүйгіштік сезімнің рухани сападағы тату-тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттік материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар. Отансүйгіштік рух — қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуға мүмкіндік беретін бірден-бір күш.
Отансүйгіштік сезім өрге бастайтын өз ұлтымыздың тарихы да талай дәлелдеп келеді. Кейде шіркін бір өзінс бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан-байтақ жерді ата-бабамыз сан ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай тұмсықтыға шұқтырмай қалай аман сақтаған деп таңданамыз. Шынында талай зобалаң кезенді бастан кешірген қазақ жері "Найзаның ұшьмен, білектің күшімен" өз жер көлемін сақтап қалған.
Ұлы бірлік, отансүйгіштік — рухтың аса бір қасиетті тірегі. Н.Назарбаевтың тәуелсіздік жолында ту етіп көтерген реформаторлық идеяларының бірі «Қазақстандық отансүйгіштік» ұғымымен астасып жатуының терең мәнін де содан іздеген жөн.
Елбасы оған еңселі елдігімізді танытар сүйеніш ретінде қарайды. Оның аясы әдеттегі тарихи ойланым зердесінен кеңірек. Қазақ қоғамының бүгінгі сипаты және оның алдында тұрған қазіргі тың тұрпатты міндеттеріне сәйкес өріс алған.
Бұрын-соңды даму үрдісінде отансүйгіштік ұғымы бізде, негізінен, біртекті халықтың басын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыруға қызмет етіп келгені белгілі.
Сонау Мөде хан, Жәнібек пен Керей, Тәуекел мен Тәуке, Есім мен Қасым, кейінгі Абылай мен Әбілқайырдың тұсындағы ахуал да осындай болатын. Ал қазір елдік мақсаттары көпұлтты қоғам жағдайында шешілу керек. Әр түрлі себептермен қалыптасқан нақты тарихи шындыққа шекеден қарау ешқашанда ел тағдырына деген жанашырлыкқ болып шықпайды. Нағыз жанашырлық қиыннан жол таба білумен бағаланса керек.
Н.Назарбаев ұсынған жаңа ұлттық идеяның мазмұны да қоғамдық дамуға басқаша, осы заманғы тұрғыдан қарау үрдісіне сай айқындалған. Көп ұлтты Қазақстанда жалпы ұлттық мүдделерді жүзеге асырудың бір ғана жолы бар екені айдан анық. Ол қазақ ұлтының біріктіруші рөлі жағдайында барлық халықтардың теңдігін қамтамсыз ету» деп жазды ол «Қазақстанның болашағы — қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегінде.
Елбасы өзінің теориялық еңбектерінде, мақалалары мен сөздерінде қазақстандық отансүйгіштік деген ұғымдарды әр қырынан ашып көрсетіп келеді Ол үшін өз отандастарының, ғылыми тілмен айтқанда қоғам организміндегі өзінің саяси еркіндігін айқын сезетін жөне өз Отанын саналы түрде таңдаған азаматтар болуы шарт. Сонда ғана әрбір азамат өзін мемлекетінің өткеніне, бүгініне және ертеңіне тікелей қатысын сезініп, Отан тағдыры үшін өзіне жеке жауапкершілік жүктелетінін терең пайымдайтын болады.
Ел өміріне қатысты сан алуан мәселелердің баршаға бірдей жақын әрі түсінікті болуы да осыған байланысты. Осы орайда қазақ ұлтының қоғамдағы бііктіруші рөлін күшейту деген қағидаға тағы бір орала кеткен жөн сияқты. Бұл үрдістің нәтижелі өрбуі тек қазактарға ғана байланысты емес екендігін ашық айту керек.
Бұл ретте академик Шаухитдинов Еренғайыл қазақстандық патриотизмді қазақ ұлтының мүддесімен байланыстыра келіп, басқа ұлттар мүддесін жоққа шығармайтын келелі пікір айтады. Ол азаматтардың құқылық еркіндігі, басқа ұлттардың қазақ халқының дәстүрін сыйлауы, олардың қазақ мемлекетінің намысын қорғауы, қазақ елін жатсынбай, жүрегімен сүйе білуі, ұлттық тіл, дін, ділімізді сақтауға кедергі жасамай қолдау тауып жатса, міне, осыларды қазақстандық патриотизмнің белгілері деп санайды.
Патриотизм ұғымын талдай келе ол «патриотизм дегенде, әуел бастан-ак, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін қүрметтеп, қастерлеген. Бұл патриоттық сезім ерте заманнан-ақ қалыптасқан. Мұның терең мағынасына ұлтжандылық жатады» деп көрсетеді.
«Ұзақ аңсап, ілуде бір қолға түсетін тәуелсіздіктің тарихи сағатын өзінің заңды ұлттық мүдделеріне пайдаланғысы келген қазақ халқына тікесіне қарап, күшің жетсе көр» деп сыздану барып тұрған қиянат.
Баса көктеу ешкімге де абырой әпермейтін, ел үшін де, тәуелсіздік тағдыры үшін де тиімді еместігін есте ұстаған жөн.
Отанын сүйген саясатшы да, басқа да азамат көпті кеудемен итеруге емес, ортақ отбасына тартуға мүдделі болса керек.
Көп ортасыңда көзге түсу үшін де кемел болмыс керек. Төл тарихы, мәдениеті мен өнері, экономикалық қуаты жоқ ел басқаларға да қызықсыз. Ал оларды кең таныту үшін алдымен, қадір-касиетіңді өзің жақсы білуің, мақтаныш ете алуың керек.
Елдік касиеттер аспаннан түспейді, жоқтан пайда болмайды. Өзі туған топырақ тозаңы және ана сүтімен ұйыған ұлтжандылық сыртында өскен

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі мектептерде оқушыларға патриоттық және интернационалдық
тәрбие беру

І.Кіріспе
Патриоттық тәрбие - барлық тәрбие бастауы.
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Патриоттық және интернационалдық тәрбие берудегі өткен
тарихымыздың алар орны
ә) Ұлтын сүю – ұлтшылдық емес, алға ұмтылушылық
б) Патриоттық тәрбиені дұрыс жүргізу - ең басты және күрделі мәселе.
в) Интернационалдық тәрбие беру - өзімен қатар өзге ұлтты да сыйлаудың
негізі.
ІІІ. Қорытынды.
Тамыры терең тәрбие - патриоттық тәрбие.

І.Кіріспе.
Патриоттық тәрбие –барлық тәрбие бастауы.

Адам баласының әрқайсысының өз пешенесіне жазылған өмір жолы
болатыны тәрізді кез келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи
ғұмыры бар. Ол көне тіршілік көшінде сан алуан түрде көрініп келе жатқан
күрделі үрдіс. Әр ұрпақ өзінен бұрыңғы ұрпақтың жалғасы болғанымен, өз
дәуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді.
Отан дегеніміз - халық. Халық дегеніміз - адам. Адамды сүю оған
жақсылық жасау. Ендеше отаншылдық — сонау ерте замандардан қалыптасып келе
жатқан қасиетті есім.
Отаншылдыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жас
өскіннің ішкі жан дүниесі, ой санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға
бағытталуы керек. Бұл ретте Н.Назарбаевтың "Қазақтың ұлттық сана-сезімін
дамыту — қазақ деп аталатын таңғажайып, әрі бай тарихи және мәдени байтаққа
өз қатысының барын сезіну" дегені біздің ұстанып отырған пікірімізді
қуаттай түседі.
Көп ұлтты Қазақстан үшін отансүйгіштік сезімнің рухани сападағы тату-
тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттік материалдық
негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар. Отансүйгіштік рух — қазақ елінің
әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан
лайықты орын алуға мүмкіндік беретін бірден-бір күш.
Отансүйгіштік сезім өрге бастайтын өз ұлтымыздың тарихы да талай
дәлелдеп келеді. Кейде шіркін бір өзінс бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан-
байтақ жерді ата-бабамыз сан ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай тұмсықтыға
шұқтырмай қалай аман сақтаған деп таңданамыз. Шынында талай зобалаң кезенді
бастан кешірген қазақ жері "Найзаның ұшьмен, білектің күшімен" өз жер
көлемін сақтап қалған.
Ұлы бірлік, отансүйгіштік — рухтың аса бір қасиетті тірегі.
Н.Назарбаевтың тәуелсіздік жолында ту етіп көтерген реформаторлық
идеяларының бірі Қазақстандық отансүйгіштік ұғымымен астасып жатуының
терең мәнін де содан іздеген жөн.
Елбасы оған еңселі елдігімізді танытар сүйеніш ретінде қарайды. Оның
аясы әдеттегі тарихи ойланым зердесінен кеңірек. Қазақ қоғамының бүгінгі
сипаты және оның алдында тұрған қазіргі тың тұрпатты міндеттеріне сәйкес
өріс алған.
Бұрын-соңды даму үрдісінде отансүйгіштік ұғымы бізде, негізінен,
біртекті халықтың басын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыруға қызмет етіп
келгені белгілі.
Сонау Мөде хан, Жәнібек пен Керей, Тәуекел мен Тәуке, Есім мен Қасым,
кейінгі Абылай мен Әбілқайырдың тұсындағы ахуал да осындай болатын. Ал
қазір елдік мақсаттары көпұлтты қоғам жағдайында шешілу керек. Әр түрлі
себептермен қалыптасқан нақты тарихи шындыққа шекеден қарау ешқашанда ел
тағдырына деген жанашырлыкқ болып шықпайды. Нағыз жанашырлық қиыннан жол
таба білумен бағаланса керек.
Н.Назарбаев ұсынған жаңа ұлттық идеяның мазмұны да қоғамдық дамуға
басқаша, осы заманғы тұрғыдан қарау үрдісіне сай айқындалған. Көп ұлтты
Қазақстанда жалпы ұлттық мүдделерді жүзеге асырудың бір ғана жолы бар екені
айдан анық. Ол қазақ ұлтының біріктіруші рөлі жағдайында барлық халықтардың
теңдігін қамтамсыз ету деп жазды ол Қазақстанның болашағы — қоғамның
идеялық бірлігінде деген еңбегінде.
Елбасы өзінің теориялық еңбектерінде, мақалалары мен сөздерінде
қазақстандық отансүйгіштік деген ұғымдарды әр қырынан ашып көрсетіп келеді
Ол үшін өз отандастарының, ғылыми тілмен айтқанда қоғам организміндегі
өзінің саяси еркіндігін айқын сезетін жөне өз Отанын саналы түрде таңдаған
азаматтар болуы шарт. Сонда ғана әрбір азамат өзін мемлекетінің өткеніне,
бүгініне және ертеңіне тікелей қатысын сезініп, Отан тағдыры үшін өзіне
жеке жауапкершілік жүктелетінін терең пайымдайтын болады.
Ел өміріне қатысты сан алуан мәселелердің баршаға бірдей жақын әрі
түсінікті болуы да осыған байланысты. Осы орайда қазақ ұлтының қоғамдағы
бііктіруші рөлін күшейту деген қағидаға тағы бір орала кеткен жөн сияқты.
Бұл үрдістің нәтижелі өрбуі тек қазактарға ғана байланысты емес екендігін
ашық айту керек.
Бұл ретте академик Шаухитдинов Еренғайыл қазақстандық патриотизмді
қазақ ұлтының мүддесімен байланыстыра келіп, басқа ұлттар мүддесін жоққа
шығармайтын келелі пікір айтады. Ол азаматтардың құқылық еркіндігі, басқа
ұлттардың қазақ халқының дәстүрін сыйлауы, олардың қазақ мемлекетінің
намысын қорғауы, қазақ елін жатсынбай, жүрегімен сүйе білуі, ұлттық тіл,
дін, ділімізді сақтауға кедергі жасамай қолдау тауып жатса, міне, осыларды
қазақстандық патриотизмнің белгілері деп санайды.
Патриотизм ұғымын талдай келе ол патриотизм дегенде, әуел бастан-ак,
туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін қүрметтеп,
қастерлеген. Бұл патриоттық сезім ерте заманнан-ақ қалыптасқан. Мұның терең
мағынасына ұлтжандылық жатады деп көрсетеді.
Ұзақ аңсап, ілуде бір қолға түсетін тәуелсіздіктің тарихи сағатын
өзінің заңды ұлттық мүдделеріне пайдаланғысы келген қазақ халқына тікесіне
қарап, күшің жетсе көр деп сыздану барып тұрған қиянат.
Баса көктеу ешкімге де абырой әпермейтін, ел үшін де, тәуелсіздік
тағдыры үшін де тиімді еместігін есте ұстаған жөн.
Отанын сүйген саясатшы да, басқа да азамат көпті кеудемен итеруге
емес, ортақ отбасына тартуға мүдделі болса керек.
Көп ортасыңда көзге түсу үшін де кемел болмыс керек. Төл тарихы,
мәдениеті мен өнері, экономикалық қуаты жоқ ел басқаларға да қызықсыз. Ал
оларды кең таныту үшін алдымен, қадір-касиетіңді өзің жақсы білуің,
мақтаныш ете алуың керек.
Елдік касиеттер аспаннан түспейді, жоқтан пайда болмайды. Өзі туған
топырақ тозаңы және ана сүтімен ұйыған ұлтжандылық сыртында өскен ортасы
мен азамат ретінде қалыптастырған қоғамы дарытар терең де текті дүниетаным
негізінде ғана түзіледі.
Президент Н.Назарбаевтың қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу ісін
жаңа мемлекеттік идеологияның аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде алға
тартуының сыры да осында жатыр. "Ал оны елдің туын, елтаңбасын, әнұранын
қастерлеуден, заңды өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек ".
Осыдан мүшел жас бұрын тәуелсіздігін жариялаған, көк байрағын көтерген
еліміз үшін өзінің ұрпағын, кемелді келешегін, оның ішінде патриоттық-
отансүйгіштік арнада тәрбиелеу қажеттілігі туып отыр.
Қазақтың патриоттық-отансүйгіштік тәрбиесі — тереңнен тамыр тартқан,
халқымыздың сан ғасырлық болмысының, дүниетану көзқарасының, ақыл-ойы мен
салт-дәстүр мәдениетінің көрінісі. Осыларды бойға дарытпай тұрып келер
ұрпақты патриоттық-отансүйгіштік тәрбиеге лайықты қалыптастырып, алтын
бесік елін, кіндік кескен жерін қорғайтын және осы мақсат жолында бар күш-
жігері мен ақыл-қайратын жұмсап, отаншыл азаматтарды, яғни нағыз
патриоттарды тәрбиелеп өсіру мүмкін емес.
Елбасы айрықша назар аударып отырған мемлекеттік рәміздер мен заңға
құрмет көрсету бүкіл өркениетті қоғамдардың өмір салтына айналған дәстүр.
Ол ел бірлігі мен демократиялық үрдістерге адалдық отындай қастерленеді.
Адам жанының ең бір нәзік пернелерін дәл басуға негізделген бұл моралдік
сана деңгейіне зор қозғаушы күш мемлекет пен прогрестің іргетасы міндетін
атқарады.
Еліңді сүю оның ертеңіне сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Әр ілкі
қадамнан, сәл сәулелі ойдан үмітке тірек іздесең, жинала келе самал жарықка
айналады деген ақ ниет алға жетелеуі қажет. Мәселен, Раев Дәулетбек
"Қазақстандық патриотизм мен гуманизм мақаласында бүгінгі күні адамдар
арасында патриоттық сезімнің орнына "космопализм", "пендешілік үстем"
екенін байқауға болатынын көрсеткен.
Алайда, жас адамның тағдыры бүкіл адамзат кеністігінің құрамында
болғаңдықтан, ол қоғам тағдырымен тығыз байланыста екені белгілі. Сондықтан
бүгінгі әлеуметтік саяси орта адамға өзі өмір сүріп отырған мемлекеті мен
қоғамы, ел-жұрты, атамекені және жалпы адамзат өркениетінің тағдыры
алдындағы жауапкершілікті майындауды ескертеді дейді. Бұл ретте ол көнені
жоққа шығару, патриоттық тәрбиені әлсірету, көне ататектілік, танымдылық
тәрбиелік өзектен адасып қалу секілді кемшіліктерді белгілейді. Ата-бабадан
қалған отаншылдықтың киелі шарттарын жаңартуда "белгілі бір этно-мәдени"
тербие жүйесін қалыптастыру керек екенін дәлелдеуге ұмтылған.
Біздің пікіріміэ бойынша, ол үшін, ең алдымен, қазақ жұртының ішкі
патриоттық "менін" құрайтын этно-әлеуметтік мінез-құлқы қандай болған, ол
қандай ұстанымдарға негізделгендігінің мәнін ашу қажет.
Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзі — Отан десек, оның мазмұны
— туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер,
туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық
жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар
көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы болады. Тәлім-тәрбиелік
мұраларымыздың ішкі бастауларына кіретін рухани дүниелер бұлармен ғана
шектелмейді. Мәселен, ХІІ ғасырдағы Ахмет Игүнекидің "Хақиқаттар сыйы"
(шындық сыйы) шығармасында сол дәуірдегі адамдардың моралдік нормаларын сөз
еткен.
Дүние коңыз бүгін бар да, ертең жоқ, жауыздық пен қатыгездікті, қанды
қанмен жуып тазартута болмайды, осы іспеттес мінездегі толып жатқан
міндеттерді сынайды, адамның жақсы қасиеттері өнегелік пен жақсылықты,
қайырымдылық пен мейірбандылықты паш етеді.
Біздің пікіріміз бойынша, оқушылар ғана емес жалпы кез келген адам
соғыс іс-әрекеттерінде немесе басқа жағдайда ерлік, отаншылдық істерге бару
үшін оған алдымен рухани жағынан дайын болуы тиіс. Өйткені, қару-жарақты
қанша меңгергенмен, отаншылдық іс-әрекетке ішкі жан дүниесі, сана-сезімі
дайын болмаса, елі мен жері үшін жанкештілікке бару екіталай. Бұл жерде
ататектен келе жаткан ұлттық болмыстағы патриотизмнің орны бөлек.
Біздіңше, өсіп келе жатқан жас буындарда Отанымыздағы алеуметтік-саяси
құбылыстарға дұрыс көзқарас қалыптастыра білсек, жаңа мазмұнды сана-сезім,
іс-әрекет аясында олардың жалпы патриоттық ой-пікірше ықпал етер еді.
Мұндай ойды толығымен келтіріп отырған себебіміз — бейбітшілік жағдайдағы
патриотизмнің сипатын көрсету. Бұны жай ғана күнделікті өмірдегі қарапайым,
ұсақ-түйек деп қарауға болмайды.
Бүгінгі Қазақстан жағдайындағы ұлттық патриотизмнің басты көрінісі —
қазақтың ана тілінде сөйлеуі, балаларына ұлттық тәрбие беруі, ұлттық мінез,
жүріс-тұрыс қалыптастыру, ізет, құрмет, қайырым, кешірім, тағы басқа
сезімдердің дамытуы.
Қала, жер-су, көше аттарын өз атымен атау, ұлттық мәдениетті бәрінен
жоғары тұту, қазақ өнеріне ден қою секілді толып жатқан ірі-ұсақ нәрселерді
ескерген жөн. Осылардың ең бастысы - өз ұлтын мақтан ету, жақсы жақтарымен
басқа ұлт өкілдеріне өнеге көрсетуге әрқашан дайын болу, өзгелерді
жатырқамау.
Қазақстанда 120-дан астам ұлт өкілдерінің өмір сүруі қазақ ұлтының
біртұтас мемлекет екенін жоққа шығармайды. Сондықтан Қазақстан
Республикасында, ең алдымен, сан ғасырлық тарихы бар Қазақ ұлтының
бірегейлілігін сақтап, дамытуға қызмет етуге тиіспіз. Қазақ ұлтын мемлекет
иесі, қалған басқа ұлттарды осы мемлекет заңдарын сыйлайтын парасатты
азаматтары деп қарауымыз керек. Бұл біздің қазақстандық патриотизмді ұлттық
патриотизмге негізделуі керек деген ойымызды нығайта түседі.

ІІ.Негізгі бөлім.
Патриоттық және интернационалдық тәрбие берудегі өткен
тарихымыздың алар орны

Мен қазақпын мың өліп мың тірілген, деп Міржақып Дулатов атамыз
жырлады емес пе. Ол өзінің қазақ екенін мақтан тұтты, ержүрек, батыр,
отансүйгіш, ақкөңіл, жомарт, қонақжай қазақ болып туылғанына қуанды.
Қазақ деген ұлттың атын өзіне пір тұтті. Сол себепті де Оян, қазақ!
деп барлық қазақ даласына жар салды, Отанын сүйді, елін құрметтеді.
Сол отансүйгіштіктің арқасында халқына жаны ашып, оны алға қарай
сүйреді, тек қана алға ұмтылдырды. Бұл тек Отанға берілген, елім деген
азаматтың ғана қолынан келер іс.

Осы секілді елім, жерім деген, елі үшін қызмет етіп, туған жері
топырағы үшін қан төккен азаматтар қаншама?! Қазақ халқының қанында бар
рух басқа ұлттың қанында кездеспейді деп айтсақ артық болмас. Қызу қанды,
мықты рухты, ер жүректі, сегіз қырлы, бір сырлы алып алдаспандарымыз.
Халық қазанын қайнаттым, қолымның қане қарасы, ел қазанын қайнаттым,
етімнің қане жарасы деп, тек елі үшін қызмет етті емес пе?

Кейін шегіне артқа көз салсақ, яғни өткен тарихымызға үңілсек, сонау
Абылай хан, Тәуке хан, Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы, Исатай
Тайманұлы, Райымбек батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да
басқалар- халық басына күн туған сәтте елім деп елжіреген, жерім деп
жырлаған, Отаным деп отқа түскен аталарымыз. Аталарымыз ғана емес-ау,
сол кезде халқымыз арқасын сүйеп, саясында паналаған бәйтерегіміз. Олар
торғайдың балапанын қорғаштап шырылдағанындай, елін қорғап шырылдап,
түнде ұйқы, күндіз күлкіден айрылып, не көрмеді. Жаугершілік заманда
өз басын ойлап, өз қамын күйттемей, тек Отаны үшін қызмет етіп, ерлік
көрсетті емес пе?

Қазақ халқының патриоттық сезімге беріліп, жарығы еміс- еміс түсіп
тұратын шамның сәулесінде қолына қалам алып, жырлаған ақын – жазушылары,
жыраулары бір төбе емес пе? Шабыт келгенде биік таудың бөктерінде, жасыл
шөптің мамығында, ашық аспан астында, талай- талай елге, халыққа арналған
сүйіспеншілікке толы жырлар төгілгеніне, өткен тарихымыз, одан қалды біз
куәміз!

Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Міржақып
Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уалиханов,
Сұлтанмахмұт Торайғыровтардың ақ қағаз бетіне түскен әрбір әріптері,
жазулары халқымыздың мұңын мұңдап, жырын жырлап тұрды.

Осы секілді Отаны үшін талай қиындыққа барған, соқтықпалы соқпақтан
өткен, сындарлы кезеңдерді басынан кешірген ата – бабаларымызды айтып,
жаза берсек, талайды таңды атырып, талай күнді батыратынымыз хақ. Әрине
біз бұған мақтануымыз керек. Қазір бейбітшілікке өмір сүріп, уайым
қайғысыз күн кешіп жатқанымыз тек солардың арқасы.

Отанға деген сүйіспеншілік сезім әрбіреуіміздің жүрегіміздің
түкпірінде орын алуы, терең бойлауы тиіс. Еліңе қызмет еткенің - өзіңді
керекті азамат ретінде сезінгенің, Отаныңды сүйгенің - өзіңді
бақыттымын дегенің. Елге, туған жерге деген сүйіспеншілік ата –анаңа,
отбасыңа, туған – туыстарына, дос – жарандарыңа деген сүйіспеншіліктен
басталса керек. Отан отбасынан басталады демекші, Отанға қызмет ету,
отбасына қызмет етуден басталмақшы.

Патриоттық сезім айналаңа деген көзқараспен жан- жағыңа деген
байланыспен, ата – анаңа деген сезіммен ұштасады.

Отанын сүю дегеніміздің тағы бір қыры – ел басына күн туғанда ерлік
көрсету, ештеңені елеместен күресу. Ерлік кісінің қайрат – жігерінің,
ақыл – ойының, ар – намысының жеңісті де жемісті көрінісі. Ал халықты,
Отанды қорғау – ерліктің, адамгершіліктің асқар шыңы. Ерліктің жалыны
ұлттық сезімдерден, ұлттық мақтаныштан, адамгершілік ар- намыстан
ұшқындайды.

Ер елі үшін туады, елі үшін өледі, Болат қойнауда шынығады, батыр
майданда шынығады, Отан отбасынан басталады, Отан үшін отқа түс
күймейсің деген мақал – мәтелдер, аталы сөздер осы сүйіспеншілікпен
байланысты, оқушыларды ерлікке, батылдыққа, шыншылдықа тәрбиелейді.

Өркениетті елге қажетті ұлтжанды азамат тәрбиелеу – негізгі
міндетіміз. Жалпы алғанда егеменді ел болып отырған шақта біздің
Отанымызға қалай болғанда да білімді, тәрбиелі, өз Отанын сүйетін,
патриоттық сезімге бай азаматтар қажет. Ал осындай білімді ұлтжанды
азаматтар даярлау бүгінгі күннен басталу керек. Өз еліне, қоғамына
жанашырлықпен қарайтын жас буынды тәрбеиелу - әрбіреуіміздің міндетіміз.

Біз ұлы М.Әуезовтың Ел боламын десең, бесігіңді түзе деген ұлағатты
сөзін еске түсірсек ертеңімізді ойлап, ел қамын жесек жас ұрпаққа
жастайынан патриоттық тәрбие беруіміз керек. Көпұлтты Қазақстанның
бүгінгі жаңару бағыты - жалпы адамзаттың және патриоттық құндылықтардан
сусындаған ұлттық дүниетанымы, мінез – құлқы қалыптасып, жан – жақты
жетілген парасатты азаматтар тәрбиелеу.

Жалпы кез - келген іс - әрекетінде немесе басқа жағдайда ерлік
істерге бару үшін алдымен рухани жағынан дайын болуы керек.
Патриотизмге тәрбиелеудің бағыттары мынадай басты мәселлереді көздейді:
педагогикалық тәжірибедегі мүмкіндіктерді барынша толық қамтып,
біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау:
әртүрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда
тірек болатындай сипатқа ие болу; бұл бағытта жас буынды патриотизмге
тәрбиелеудің териясы мен тәжірибесіне қатысты жаңа идеяларды үнемі ашып
іс жүзінде қолдану т.б.

Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға
болмайды, бірақ ол әрбір жас буында патриоттық сана, патриоттық
сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ.

Патриоттық сана, патриоттық сезім көрсеткіші - оқушының іс
әрекеті. Сонымен бірге іс - әрекет оның даму, қалыптасуына ықпал
ететін басты фактор. Іс- әрекет барысында тыңдаушы қоршаған ортамен
құндылықтарын арттыруға үлес қосады, бұл өз кезегінде патриоттық сана
қалыптасып, сезім, қабілет, қасиеттері дамуына ықпал етеді, басқаша
айтқанда өз басының мүддесін ұлттық, Отан, мемлекет, халық мүддесіне
ұштастырады.

Жалпы патриотизм сөзі гректің Отан, ел деген сөзінен шыққан.
Патриоттық идея – отаншылдық адамға туа біткен қасиет емес, ол жерде
түзелетін, адамның саналы өмірінде қабаттас құбылыс. Отанға деген
сезімнің шынайы қайнар көзі - туған жер табиғаты, ана тілі, салт -
дәстүрі, тарихи ата – бабаларының ерлігі. Олар әр азамат бойына намыс,
ар, сүйіспеншілік сезімдерін ұялатады.

Бізде бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы ата – бабаның ақыл –
ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Қай ел, қай
халықтікі болмасын, озық тәжірибені жатсынбай қабылдағаны дұрыс. Осыған
орай өзге емес, өзіміздің ата – бабаларымыз, яғни батырларымыз – Бауыржан
Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигельдинов және
тағы да басқалардың өткен ерліктері, көрскеткен қызметтері неге
тұрады? Тек солардың Отанға деген сүйіспеншіліктерінің арқасында ғана
Ұлы Жеңіске жетіп, қазір тыныш, бейбітшілікте өмір сүріп жатырмыз.

Отан үшін отқа түс, күймейсің, Өтіріктің балын жалап тірі
жүргеннен, шындықтың уын ішіп өлген артық деген аталы сөздерін үлгі -
өнеге етіп кеткен бабамыз Бауыржан Момышұлынан, қасық қаны қалғанша
Отаны үшін күрескен апайларымыздың ерліктерін, тәлім- тәрбиелік
жақтарын жас ұрпаққа сәт сайын айту- патриоттық тәрбиенің бір қыры.

Ұлтын сүю – ұлтшылдық емес, алға ұмтылушылық
Қазақ халқы ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан елі
мен жерін көзінің қарашығындай сақтап ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап отырған.
Қандай қиыншылық заманда да малым — арымнық садақасы деген қағиданы
өмірлік ұстанымына айналдырып, ерлік туын жоғары ұстаған.
Біздің туымыз — тәуелсіздік, тілегіміз — бейбітшілік, тыныштық. Осы
мақсат жолында Қазақстандағы барлық ұлт өкілдерінің бір кісінің баласындай,
бір қолдың саласындай күш біріктіруіне мүдделіміз деген Елбасының сөзі
еліміздің елдігі мен бірлігін сақтауға атсалысып отырған көпұлтты еліміз
үшін негізгі мұрат болып табылады.
Көпұлтты Қазақстан үшін патриотизмді қалыптастыруда ел президентінің
еңбектері негізгі орын алады. Қоғамдағы қалыптасқан патриотизм ұғымы ұлттық
патриотизм, қазақ патриотизмі және қазақстандық патриотизм ұғымдары өзара
кіріктіре қарастырылады.
Бүгінгі қазақ халқы — сонау есте жоқ ескі замандарда-ақ тұлпарларының
тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы
түріктердің ұрпағы, үлкен үйдің қарашаңырағын атажұртта сақтап қалған
халық.
... кейіннен біздін халқымыздың құрамына кірген тайпалық одақтар Ұлы
Түрік қағанаты, Түргеш, Қарлұқ, Қимақ, Қарахандықтар мешекеттерінің негізін
қалаушылар қатарында болған, Азияның алып даласындағы небір жойқын
оқиғалардың, қан-қасап күрестің ортасында жүрген, қай дәуірде азатшыл
рухымен, туған жерді ала-бөтен қадірлейтін отаншылдығымен ерекшеленген
деген сөзден ұлттық немесе қазақ патриотизмінің өзіндік: қайталанбас тарихы
бар ұғым екенін байқаймыз. Президенттің әр еңбегі ұлттық бірлік пен
ұлтаралық татулыққа бағытталған.
Н.Назарбаевтың "Тарих толқынында" еңбегінде ұлттық келбетті ұлықтау
үшін ұлт мәселесіне қатысты жалпы үрдісті танып түсіну арқылы мемлекет
дамуының жалпы бағыттарын нақтылау көзделген. Ұлт дегеніміз — жанды
организм, оның даму барысы әлеуметтік - биологиялық және мәдени
мүмкіндіктермен шектеліп отырады. ...ұлттық-меллекеттік саясаттың базалық
негізі өзін-өзі тану мәселесі болып шығады деп атап көрсеткеніндей, ұлттық
тарихтың 10 жылы құқықтық, экономикалық және саяси жаңалықтарға қоса, ұлт
психологиясына түбегейлі өзгерістер енгізіп, тарихтан орнын әлеуметтік және
мәдени тұрғыда танып білу сезімін орнықтырды.

Ұлттың дамып қалыптасу үрдісін мына сызбадан көруге болады.

Еңбекте "Ұлттың болашағына, оның өзіндік "МЕН" дегізерлік қасиеттерін
сақтау мүмкіндіктеріне сеніммен қарау — жай әншейін кезекті қиялдың жемісі
емес. Мұндай сенімнің бізде орнықты негізі бар " дей келе, ұлттық әрекеттің
аясын үш түрлі фактор тұрғысынан қамтиды.
Бірінші — ұлттық бірігу (интеграция),
Екінші - қазақтың ұлттық тұтастануы.
Бұл - дербес мемлекеттікті сақтау және дамыту. Бұл мемлекеттік тіл ретінде
қазақ тілін дамыту және нақтылы әрекетке ұластыру. Бұл қазақтың аумақтық
тұтастығы.

... Азаттыққа, Қазақстан аумағының тұтастығына, нақтылы экономикалық
әскери, ақпараттық дербестікке қол жеткізу дегеніміз мейлінше күрделі және
ұзақ уақытқа созылатын, сондай-ақ ұлттың ерекше қажыр-қайратын қажет ететін
үрдіс екенін сезіну әрбір қазақ үшін әліппелік ақиқат болуга тиіс.
Үшінші - ұлттың жасақталу үрдісінде өзінің рөлі мен қызметін айқын
сезінулері қажет.
Елбасы өз еңбегінде халқымыздың ұлттық келбетін тарихи тағылымдарға
ғылыми зерделеу арқылы жан-жақты қарастыра келе, қазақ халқына тән ұлттық
сана қазақ халқының әлемдік биік дәрежеде көрінуінің негізі екеніне нақты
тоқталады. "Ұлттық сананың кейбір ерекшеліктері де, қазақ болмысының
құпиясы мен ерекшеліктері де қазақ болмысының құпиясы мен өміршең күштерін
нұрландыра алады. Қазақтардың рухани әлемі негізінен ауызекі поэзия
дәстүрінің ықпалымен қалыптасып отырған.
Бұл шын мәнісінде қазақ дүниетанымының төл қасиетін орнықтыруда
түбірлі ықпал еткен, мазмұны мен болмысы демократияшыл құбылыс болатын
деп қазақ халқының өзіндік болмысына сәйкес танымдық және қабылдау
ерекшеліктерін ашып көрсетеді.
Қазақ болмысының тарихи ерекшелігі оның тарихшылдығында, - дейді
автор, - тарихи білімнің мұндай жүйесі қатардағы көшпелілер үшін
тарихи – мәдени оқиғалардың ағыны ретінде бала кезінен сана – сезіміне
сіңіп отырған. Халық тарихын түсініп

Н.Назарбаевтың Тарих толқынында еңбегіндегі ұлттық келбеттің
моделі

білу әрбір адамның өз басындагы сезім-түйсікпен астасып отырган. Тарих
туралы топшылаудың саяр жері тек к,аиа жаугершілік жайында болмау керек,
ұлттық рухтың шарықтайтын шақтары бізге көбірек ден қойдыртуга тиіс". Яғни,
рухы биік халықтың өсіп-өркендеуі, әрбір қиын-қыстау заманындағы тарихи
оқиғалар тұсында ерлік туын жоғары ұстауында деп тұжырымдайды.
Қазақ халқы ұлттық мүдде, тұтастық, ынтымақтастық мұратын алдына негіз
ете отырып ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, ұлттық қасиетін жоғары ұстауды
негіз еткен.
Қазақ халқы елі мен жерін жауға бермей ұрпақтарына аманаттауы бұл
ұлттық рухтың биік шыңы деуге болады. Қазақ халқының тарихында ұлттық
рухтың биіктеу шыңы тарихи оқиғалардан көрініс береді. Ол түркі халқының
ерлік дәстурі, Алтын Орда тұсындағы және XVI—XVIII ғасырлардағы қазақ
халқының басындағы қиыншылықтарға төтеп беруі, XIX ғасырдағы патша
саясатына қарсы күресі, екінші дүниежүзілік соғысы, Желтоқсан оқиғасы,
еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихи оқиғалар, т.б.
Қазақ деген терминнің өзі ер, ер жүрек деген мағынадан туындағандықтан
ұлттың бойындағы қасиеттер де ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мұра іспеттес.
Еңбекті ғылыми зерделегенде алдына қойылған негізгі мұрат - халық
бірлігі, мемлекетіміздің тұтастығы мен дербестігі, ұлттық құңдылықтар
негізінде өркенетті елдер қатарында болу.
Н.Назарбаевтың "Тәуелсіздігіміздің бес жылы" еңбегінде егемен
еліміздің бес жылда атқарған істері жөнінде талдаулар, әр саладағы даму мен
ізденістер, саяси және экономикалық реформалардың үлгілері, қоғамды
топтастыру және демократиялық бағыттағы іс-шаралар бойынша халық алдындағы
ел президентінің есебі тұрғысынан сипаттала отырып, ұлттық мүддені әлемдік
өркениетпен және ұлттар достығы, сондай-ақ патриотизм мен интернационализм
ұғымын өзара кіріктіре отырып береді.
"Қазақ халқы - тамырын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға патриоттық, интерноционалдық тәрбие беру
Салт-дәстүрлерді орнықтырудағы мұғалімдердің қызметі
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің ерекшелектері
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Патриотизм - санаға біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім
Бастауыш сынып оқушыларын интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
ОҚУШЫЛАРҒА ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудi теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету
Патриоттық тәрбие
Пәндер