Қартаюдың генетикалық механизмдері



I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім:
1.Ағзаның қартаю құбылыстары және герантологияның мәселелері.
2.Қартаюдың морфологиялық сипаттамасы.
3.Қартаюдың негізгі теориялары.
4.Адам өмірінің ұзақтығы.
5.Қартаю кезіндегі организмнің өзгерістері.
6.Қуат көзі . қимыл мен құштарлықта.
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Соңғы 160 жылдың ішінде жер бетіндегі халықтың жас ұзақтығы өсіп келуде. Ал соңғы ХХ ғасырдың төртінші ширегінде бұл көрсеткіш анық көрінуде. Бұл жағдай ғалымдардың геронтологияға соның ішінде қартаюдың алғашқы механизмдерін зерттеуге итермелеуде.
Геронтлогогия (грек. Geron, Geront(os) – кері, шал + logos ғылым) – ол қартаю заңдылықтары мен қартаю проблемаларын зерттейтін ғылым. Бұл терминді бірінші болып ғылымға 1903 жылы И.И. Мечников негізген. Қазіргі заманда геронтология құрамына биологиялық қартаю кіріп ол өзі бір ғылым болып – клиникалық геронтология немесе гериатрия деп аталады. “Гериатрия” терминін 1909 ж. Америка дәрігері И.Л. Нашер енгізді. Ол АҚШ жазған алғашқы “Гериатрия: Қартаю аурулары және оның алдын алу” кітабын гериатрия туралы анықтамалар жазған. Бірақ адам ағзасының қартаюы ол заңды құбылыс болып табылады. Адамның қартаюы негізгі екі түрі бар:
Табиғи қартаю
Ерте (ускоренное) қартаю
Табиғи қартаюда жастың өзгерісіне байланысты ырғақпен, уақытында болатын өзгерістер.
Ерте қартаюда ағзаның жас ерекшелігіне байланысты ерте өзгерістердің байқалуы немесе осындай өзгерістердің сол не басқа жаста байқалуы. Ерте қартаюға, басынан өткерген ауруы, жағымсыз факторлар және қоршаған орта әсер етуі мүмкін.
1. Е.Ө.Қуандықов С.А.Әбілаев «Медициналық биология және генетика» 135 – 144 б.
2. В.Н Ярыгина «Биология» Москва..Медицина .1985, 208 – 217 б.
3. Журнал: “Қазақстан әйелдері” 2009 ж. “Қуат көзі – қимыл мен құштарлықта” мақаласы 18 – 19 бет.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Стоматология
Дисциплина: Молекулалық биология және медициналық генетика
Кафедра: Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасы
Курс: 1
Тақырыбы: Қартаюдың генетикалық механизмдері

Орындаған: Сайлау Алма
Тобы: 105
Тексерген: Салмагамбетова Г.С
Бағасы:
Күні:

Ақтөбе 2016ж.
Жоспар:

I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім:
1.Ағзаның қартаю құбылыстары және герантологияның мәселелері.
2.Қартаюдың морфологиялық сипаттамасы.
3.Қартаюдың негізгі теориялары.
4.Адам өмірінің ұзақтығы.
5.Қартаю кезіндегі организмнің өзгерістері.
6.Қуат көзі - қимыл мен құштарлықта.
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Соңғы 160 жылдың ішінде жер бетіндегі халықтың жас ұзақтығы өсіп келуде. Ал соңғы ХХ ғасырдың төртінші ширегінде бұл көрсеткіш анық көрінуде. Бұл жағдай ғалымдардың геронтологияға соның ішінде қартаюдың алғашқы механизмдерін зерттеуге итермелеуде.
Геронтлогогия (грек. Geron, Geront(os) - кері, шал + logos ғылым) - ол қартаю заңдылықтары мен қартаю проблемаларын зерттейтін ғылым. Бұл терминді бірінші болып ғылымға 1903 жылы И.И. Мечников негізген. Қазіргі заманда геронтология құрамына биологиялық қартаю кіріп ол өзі бір ғылым болып - клиникалық геронтология немесе гериатрия деп аталады. "Гериатрия" терминін 1909 ж. Америка дәрігері И.Л. Нашер енгізді. Ол АҚШ жазған алғашқы "Гериатрия: Қартаю аурулары және оның алдын алу" кітабын гериатрия туралы анықтамалар жазған. Бірақ адам ағзасының қартаюы ол заңды құбылыс болып табылады. Адамның қартаюы негізгі екі түрі бар:
Табиғи қартаю
Ерте (ускоренное) қартаю
Табиғи қартаюда жастың өзгерісіне байланысты ырғақпен, уақытында болатын өзгерістер.
Ерте қартаюда ағзаның жас ерекшелігіне байланысты ерте өзгерістердің байқалуы немесе осындай өзгерістердің сол не басқа жаста байқалуы. Ерте қартаюға, басынан өткерген ауруы, жағымсыз факторлар және қоршаған орта әсер етуі мүмкін.

Ағзаның қартаю құбылыстары және герантология мәселелері.

Қартаю барлық тірі ағзаларға тән жалпы биологиялық құбылыс болып саналады. Қартаю - онтогенез қорытындысы, ағзада ерекше құрылымдық, қызметтік және биохимиялық өзгерістердің пайда болуымен сипатталатын құбылыс.
Герантология қартаю құбылысының негізгі зандылықтарын молекулалық және жасушалық деңгейден бастап тұтас ағза деңгейінде анықтайды, оның даму ерекшеліктерін, емдеу және аурудың алдын алу проблемаларын зерттейді.
Қартаю бұл көп ошақты және көп себепті процесс болып табылады. Витаукт механизміне байланысты екі түрге бөлінеді:
Генотипті
Фенотипті
Генотипті - генетикалық программаланған механизм.
Антиоксидант системасында бос радикалмен байланысты.
Бауырдың микросомальді қышқылдану жүйесінде, токсикалық заттар.
ДНҚ - ның репарациясы, ол макромалекулаларды залалсыздандырады
Антигипоксикалық жүйеде, үлкен көлемде ауаның қышқылдануы.
Фенотипті - механизм ағзаның бүкіл өміріндегі процеске байланысты және бейімделуді сақтауына байланысты:
Көп ядролы клеткалардың пайда болуы
Митохондрияның көлемінің үлкейуі, басқалардың кішіреуінің салдарынан болады.
Жеке клетканың гипертрофиясы және гиперфункциясы басқа бөлігінің өлуімен жүреді.
Медиаторлардың аса сезімталдығы, ол нерв жүйесінің төмендеуінен болады.

Қартаюдың морфофизиологиялық сипаттамасы
50 жастан кейін адам терісінде тұрақты өзгерістер -- тыртықтар, мендер, сүйелдер, әжімдер пайда болады. Бұның негізгі себебі осы кезде тері асты май қабаты бірте-бірте жұқарып жойылады. Бұл терінің құрғақтануына, оның иілімділігінің төмендеуіне алып келеді. Ас қорыту жұйесінде мынадай өзгерістер байқалады -- тістер босап, қаусап түсе бастайды, ас қорыту сөлдерінің бөлінуі азаяды. 40 жастан өткеннен кейін артерия қан қысымы жоғарылайды, қан тамырлар қабырғасына холестерин сіңіп жинақталып, оның иілімділігі төмендейді.
Кәрілік кезеңде бүйректің фильтрациялау қарқыны азаяды. 40 жастан өткеннен кейін өкпенің тіршілік сыйымдылығы азаяды. Бұлшықеттер босап, оның тіршілік күші төмендейді, осының нәтижесінде адам тез шаршайтын болады.

Қартаюдың негізгі теориялары.
Адам ағзасының қартаю себептері туралы 300-ге жуық болжамдар айтылған. Олардың көбінің тек тарихи тұрғыдан ғана маңызы бар. Қартаю теориялары ішінен М. Рубнердің (1908) "қуаттық қартаю теориясын" атауға болады. Бұл теория бойынша әрбір ағзаның қуат қоры болады. Қуат қоры таусылса, сағаттың серіппесі босағандай, тіршілік те баяулап, дүние салуға алып келеді. Ағзаның қуат қорын жұмсауы дененің сыртқы мөлшеріне тәуелді болады, яғни ағза дене сыртына жылуды қаншалықты көп шығарса, соншалықты энергия алмасуы белсенді түрде болып, оның қоры тез таусылады және ондай ағзалар көп өмір сүрмейді. Ұсақ жануарлардың дене салмағына қарағанда оның үстіңгі бетінің көлемі үлкен, сондықтан да олардың тіршілік ұзақтығы қысқа болады (мысалы, егеуқұйрық 2 -- 3 жыл, ит 20 жыл, піл 80 жыл өмір сүреді). Бірақ бұл тұжырымды барлық жануарлар үшін қолдана беруге болмайды, кейбіреулерінің тіршілік ұзақтығы бұл тұжырымға қайшы келеді. Мысалы, егеуқұйрықтарға туыс болып келетін тиіндер салмағы да, дене бетінің көлемі де, онымен барабар, бірақ тиіндер белсенді қозғалып 15 -- 20 жыл тіршілік етеді, яғни егеуқұйрықтардан 10 есе артық өмір сүреді. Белсенді қозғалып тіршілік ететін сұр қояндар үй кроликтеріне қарағанда екі есе артық өмір сүреді.

Ағзалардың тіршілік ұзақтығы

Әр түрлі ағзалардың өмір сүру ұзақтығының ара қатынасы туралы ортақ зандылық жоқ, дегенмен ағзалардың тіршілік ұзақтығының өмір сүруінің минималдық шегінің, жыныстық пісіп жетілуінің және ұрпақ қалдыру белсенділіктерінің эволюция барысында табиғи сұрыптау арқылы қалыптасқандығына шүбә келтіруге болмайды. мысалы; кейбір былқылдақденелілер (моллюскалар) -- 100 жыл өмір сүруі мүмкін, көлбақалар -- 16, құрбақалар -- 35 -- 40 жыл, кептерлер -- 30, қаздар -- 65, бүркіттер, тотықұстар -- 70, тышқандар -- 5, қояндар -- 10, егеуқұйрықтар -- 2 -- 3 жыл, көртышқандар -- 45 -- 50 жыл, жылқылар -- 40, сиырлар -- 20 -- 35 жыл, аюлар -- 50, арыстандар -- 35, пілдер -- 80 жылдан артық өмір сүреді.
XIX ғасырдың басында француз ғалымы Ж. Бюффон ағзалардың өмір сүру ұзақтығы, олардың өсу мерзімінен 5 -- 7 есе артық болатындығын есептеп шығарған. Ж. Бюффон коэффициентін барлық жағдайларда қолдана беруге болмайды, әйтсе де көптеген жағдайларда оны пайдаланып түрлердің өмір сүру ұзақтығын теория күйінде есептеуге әбден болады. Мысалы, иттердің өсуі 2 жылға, ал өмір сүру ұзақтығы 15 жылға тең; ірі қара мал -- 4 жыл және 20 жыл; жылқы -- 5 және 30 -- 40 жыл; түйе -- 8 және 40 жыл т.б. Осылайша А. Богомольц, И. Шмальгаузен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қартаюдың молекулалық-генетикалық механизмдері. Қартаю процессі.
Қартаюдың молекулярлы-генетикалық механизмі
Қартаюдың молекулалық генетикалық механизмі
Ағзаның қартаю құбылысы
Қартаю процесі
Қартаю теориясы
Қартаюдың молекулалық-генетикалық механизмдері
Қартаю жайлы мәлімет
Экологиялық генетика пәнінен лекциялар
Реактивтіліктің түрлері мен дәрежелері: сезімталдылық, резистентті-лік, төзімділік
Пәндер