Информатика және ЭЕМ



І. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
a) Информатика негізі.
b) ЭЕМ.де сандық жəне символдық ақпаратты кескіндеу
c) Дербес компьютер архитектурасы
III. Қорытынды
Адамзат өзінің индустриялық даму сатысынан постиндустриялық даму сатысына, дәлірек айтсақ, информациялық сатыға біртіндеп көшіп келеді, өйткені мемлекеттің экономикасын, техникасын, ғылымын осы заманның одан арғы даму кезеңінде информатиканың соңғы жетістіктерін кеңінен пайдаланусыз елестету қиын. ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты информация және оны өңдеу ұғымымен анықталады. Осыған байланысты бірінші кезекке қарапайым еңбек құндылығы мен табиғи байлықтар емес, білім құндылығы шығады.Әрбір жеке адамның да өмірі уақыт өткен сайын информатикамен тығыз байланысып келеді. Информация, информацияландыру – стратегиялық ұлттық ресурстардың ең маңызды түрлерінің біріне жатады, оның ішінде осы көрсеткіштер бойынша мемлекеттің экономикалық және әскери қуаты анықталады. Информация мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылды. Информатика – адам өмірінің әртүрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән. Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлінуде, оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңының (8.05.2003 ж.) шыққанын айту жеткілікті шығар. Қазіргі ғылыми-техникалық даму кезеңінде инженерлік, экономикалық, басқару, ғылыми және басқа түрлі есептерді тиімді түрде шешу, медициналық болжам қою және т.б. зерттеу нәтижелерін жоғары дәлдікпен анықтауды электронды- есептеуіш машиналарсыз ұйымдастыру мүмкін емес. Осы себепті орта және жоғары білімді мамандар өз білімін электронды-есептеуіш машиналарды тиімді пайдалану әдістерімен кеңінен үйлестіре алатын болуы тиіс. Бұл олардың келешек жұмысында электронды-есептеуіш машиналармен жұмыс істеуді күнделікті дағдыға айналдыруы үшін де қажет. Ақпаратты тарату және ақпараттық технологиялардың дамуы қоғам тіршілігінің барлық саласына революциялық ықпалын тигізіп, адамдардың өмірін, мәдениеті мінез-құлық стереотипін, ойлау бейнесін түбегейлі өзгертетін ақпараттандыру үдерістердің бар екендігі жайында айтуға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялар саласында көзге түсер прогресс ғылыми басылымдарда «ақпараттық қоғам» терминінің пайда болуы. Кейбір ғалымдар «ақпараттық қоғам» терминін өндірістің басты өнімі білім деп түсінеді. Ақпаратандыру түсінігінің анықтамасы туралы А.П.Ершов өз басылымдарында былай дейді: «Ақпараттандыру - қоғамда адамның маңызды әрекет түрлеріне сенімді, уақтылы білімді толықтай қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. А.П.Ершов сондай-ақ «ақпарат қоғамның сәтті дамуына қабілеттілікті қалыптастыратын стратегиялық ресурсы болып кететінін атап көрсетті».
1.Н.Ерлеков, Н.Стифутина «Информатика» 7-сынып оқу құралы. Алматы «Атамұра» 2003
2.Н.Ерлеков, Н.Стифутина «Информатика» 8-сынып оқу құралы. Алматы «Жазушы» 2002
3.«Информатика» /Под.ред. Н.В. Маркаровой М.Финансы и статистика, 1997
4.Инфарматика. Базовый курс / Под.ред. С.В,Смонрвича. М.СПб.2004,-640с.
5.Гук М.Аппаратные срества IBM PC. Энциклопедия-СПб; «издательство Питер», 1999г.
6.Фигурнов В.Э IBM PC дде пользавателя. Кратки курс.- М Финансы и стстистика, 1997.
7. Мюллер Скот Модернизация и ремонт ПК. Перевод с англ Уч. Пособие М «Вильямс», 2001,1184с.
8. Гукин Д. ІВМ-совместимост персональный компьютер: Устройства и модернизация: Пер. с англ.- М.:Мир, 1993 г.
9. «Информатика негіздері» журнал 2007 № 1, 12-16 бет.

Жоспар:
І. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
a) Информатика негізі.
b) ЭЕМ-де сандық жəне символдық ақпаратты кескіндеу
c) Дербес компьютер архитектурасы
III. Қорытынды

Кіріспе
Адамзат өзінің индустриялық даму сатысынан постиндустриялық даму сатысына, дәлірек айтсақ, информациялық сатыға біртіндеп көшіп келеді, өйткені мемлекеттің экономикасын, техникасын, ғылымын осы заманның одан арғы даму кезеңінде информатиканың соңғы жетістіктерін кеңінен пайдаланусыз елестету қиын. ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты информация және оны өңдеу ұғымымен анықталады. Осыған байланысты бірінші кезекке қарапайым еңбек құндылығы мен табиғи байлықтар емес, білім құндылығы шығады.Әрбір жеке адамның да өмірі уақыт өткен сайын информатикамен тығыз байланысып келеді. Информация, информацияландыру - стратегиялық ұлттық ресурстардың ең маңызды түрлерінің біріне жатады, оның ішінде осы көрсеткіштер бойынша мемлекеттің экономикалық және әскери қуаты анықталады. Информация мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылды. Информатика - адам өмірінің әртүрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән. Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлінуде, оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы заңының (8.05.2003 ж.) шыққанын айту жеткілікті шығар. Қазіргі ғылыми-техникалық даму кезеңінде инженерлік, экономикалық, басқару, ғылыми және басқа түрлі есептерді тиімді түрде шешу, медициналық болжам қою және т.б. зерттеу нәтижелерін жоғары дәлдікпен анықтауды электронды- есептеуіш машиналарсыз ұйымдастыру мүмкін емес. Осы себепті орта және жоғары білімді мамандар өз білімін электронды-есептеуіш машиналарды тиімді пайдалану әдістерімен кеңінен үйлестіре алатын болуы тиіс. Бұл олардың келешек жұмысында электронды-есептеуіш машиналармен жұмыс істеуді күнделікті дағдыға айналдыруы үшін де қажет. Ақпаратты тарату және ақпараттық технологиялардың дамуы қоғам тіршілігінің барлық саласына революциялық ықпалын тигізіп, адамдардың өмірін, мәдениеті мінез-құлық стереотипін, ойлау бейнесін түбегейлі өзгертетін ақпараттандыру үдерістердің бар екендігі жайында айтуға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялар саласында көзге түсер прогресс ғылыми басылымдарда ақпараттық қоғам терминінің пайда болуы. Кейбір ғалымдар ақпараттық қоғам терминін өндірістің басты өнімі білім деп түсінеді. Ақпаратандыру түсінігінің анықтамасы туралы А.П.Ершов өз басылымдарында былай дейді: Ақпараттандыру - қоғамда адамның маңызды әрекет түрлеріне сенімді, уақтылы білімді толықтай қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. А.П.Ершов сондай-ақ ақпарат қоғамның сәтті дамуына қабілеттілікті қалыптастыратын стратегиялық ресурсы болып кететінін атап көрсетті.
Информатика негізі
Информатика компьютер, компьютерлік жүйе және желілермен генетикалық байланысты және олардың өте үлкен көлемдегі ақпараттарды туғызуы, сақтауы және автоматтандыруы ақпараттық үрдістерге ғылыми қөзқарасқа мүмкіндік пен қажеттілікті туғызады. Бұл ерекшелік көбінесе информатиканы компьютермен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы деген жалған түсінікті тудырады. Шындығында қазіргі замандағы информатика -- өте көлемді, динамикалы, эмпирикалық материалдарды жинақтау және ойдан өткізу кезеңін кешіп отырған, бірнеше іргелі және қолданбалы пәндердің қиылысында қаланған ғылым. Қазіргі замандағы информатиканы 1978 жылы Халықаралық информатика конгресінде төмендегідей түрде анықтады: Информатика ұғымы ақпараттарды өңдеу жүйелерін құру, жасау, қолдану және материалды - техникалық қызмет етумен байланысты облыстарды қамтиды, мұнда машиналар, жабдықтар, математикалық жасақтама, ұйымдастырушалық аспектілері, сонымен қатар, өндірістік, коммерциялық, әкімшіліктік және әлеуметтік әсер ету кешені де енеді. Екінші бір көзқарас бойынша, информатика - жаңа білім алу мақсатында есептеу техникасының көмегімен жинақталған білімді сипаттау, беру, интерпретациялау, формальдау және қолдану туралы ғылым. Кең мағынада, информатика - ақпараттық іс-әрекет, ақпараттық үрдістер және олардың адам-машина жүйелерінде ұйымдастырылуын зерттейтін ғылым. Жоғарыда берілген жалпы анықтамалардан информатиканың тек қана таза ғылым ғана емес екендігін, ал оның маңызды ерекшеліктерінің бірі - адамзат қызметінің барлық салаларында: өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде, саудада, қаржы аумағында, медицинада және т.б. кең колданылуы, яғни технологиялық, қолданбалық, практикалық аспектісінің маңыздылығын көреміз. Кейбір батыс Европа елдерінде және АҚШ-да бұл ғылымға басқа термин қолданылады - Computer science (компьютерлік ғылым). Ғылым тұрғысынан информатиканың пәні - ақпараттық үрдістерге (бұл ұғымның кең мағынасында) тән жалпы заңдылықтарды зерттеу. Информатиканың негізгі зерттеу объектісі қазіргі заман қоғамындағы адам іс-әрекетінің барлық салаларын қамтып келе жатқан ақпараттандыру және компьютерлендіру үрдісі болып табылады. Дәлдеп айтсақ, бұл - ақпаратты жинау, өндеу, беру және қолданудың арнайы технологиясына сүйенген автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (АЖ) арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық технологиялар (АТ). Ақпараттық технологиялар - ақпараттық ресурстарды (АР) қолдану үрдістерінің ауырлығын төмендету, АР сенімділігі мен оперативтігін арттыру мақсатымен ақпаратты жинау, өңдеу, тарату және бейнелеуді қамтамасыз ететін, технологиялық тізбекке біріктірілген әдістер, өндірістік үрдістер мен программа-техникалық құралдардың жиынтығы. Ақпараттық технологиялар материалды-техникалық қорлар, математикалық, программалық тұрғыдан қарастырылады.Информатика ақпараттық жүйелер мен технологиялардың құру мен өмір сүруінің мазмұны мен мағыналық аспектісін олардың мәні, әлеуметтік үлесі, пайдалылығы, қоғамдық жүйелердегі алатын арны, радикальды прогресс пен қоғамның сапасы жоғары жаңа тарихи кезеңге көшіру факторы екендігімен тығыз байланыстыра отырып зерттейді. Ақпараттық технологиялар қазіргі қоғамда білімнің ақпараттық ресурсқа (АР) айналуының, тиімді қолданудың жаңа құралы, дамытушы факторы болып табылады. Ақпараттық ресурс адамзаттың негізгі ресурсына, қазіргі замандағы өркениеттің бас құндылығына айналды. Сонымен қатар, АР рөлі, өмір сүру механизмдері, қолданудың әлеуметтік салдарына байланысты күрделі мәселелер туды.
Информатиканың іргелі ғылым тұрғысынан пәнін төмендегідей ұғымдар құрады:
- ақпараттық ресурстар, олардың мәні, өмір сұру заңдары, қоғамның басқа ресурстарымен әсерлесу механизмдері, әлеуметтік прогресске көрсететін әсері. Ақпараттық ресурс білім мен ақпараттың симбиозы түрінде алынады. Информатика АР-ды қоғамда алу, беру және қолданудың заңдарын зерттейтін ғылым тұрғысынан ақпараттық үрдістерді нығайтуға, АР қолдануға негізделген ЭЕМ-ді және автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді (АЖ) қолданудың теориялық негіздерін құрайды.
Практикалық(қолданбалы) информатика тұрғысынан пәндік аумақты келесі ұғымдар анықтайды:
- есетеу техникасы құралдарының аппараттық жасақтамасы;
- есептеу техникасы құралдарының программалық жасақтамасы;
- аппараттық және программалық жасақтамалардың өзара әсерлесуі;
- адамның аппараттық және программалық жасақтамалармен әсерлесу құралдары;
Информатиканың алдына қойылатын міндеттерді анықтау үшін оның қалыптасқан ғылымдар жүйесіндегі алатын орны маңызды рөл атқарады. Информатиканың ғылымдар жүйесінде алатын орны оның күрделі, кешенді, ғылыми-жаратылыстану пән екендігін көрсетеді. Информатика профильдік емес пән мамандықтарында зерттеуге қоятын негізгі міндеттер:
- ақпарат, ақпарат құрылымы мен қасиеттері, оны алу сақтау, өңдеу және жеткізу әдістері туралы іргелі ұғымдарды беру;
- АР-тың қоғамды ақпараттандыру үрдісіндегі рөлін анықтау;
- есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс тәсілдері мен әдістерін жүйелендіру;

ЭЕМ-де сандық жəне символдық ақпаратты кескіндеу

Символдық мәліметтерді өңдеу символдық типті анықтайтын CHAR(ағылшынның CHARACTER-символ деген сөзінен қысқартылып алынған)түйінді сөзі арқылы жүзеге асырылады.CHAR типіндегі айнымалының мәні компьютерде пайдаланылатын кез келген жеке символ болып,ол мәлімет өрнектеудің кодтық кестенің белгілі бір мәніне сәйкес келуі тиіс.Әрбір символ 0 мен 255 арасындағы кез келген бір бүтін санмен бейнеленеді,оның негізі болып ASCIIкодтары саналады.
Оның 0-127кодтарына сәйкес символдары әмбебап таңбалар болып табылады,оларға латын әріптері,тыныс белгілері,цифрлар,арифметикалық операция таңбалары және басқару символдары кіреді.Ал 128-255 кодтарына сәйкес символдар арнайы символдар мен ұлттық алфавит әріптері осы соңғы топта орналасқан.
Символдар типтегі мәлімет үшін төмендегідей стандартты функциялар анықталған:
сhr(x)-byte типіндегі х өрнегін символға түрлендіреді;
ord(ch)-с символын оның byte типіндегі сәйкес кодына түрлендіреді;
pred(ch)-ch-тың алдыңғы кодына сәйкес символды береді;
succ(ch)-ch-тан кейінгі кодына сәйкес символды беоеді;
upcase(ch)-кіші латын әріптерін бас әріптерге айналдырады басқа символдарға әсер етпейді.
Программада сандық және символдық мән қабылдайтын айнымалылар үшін екі рет енгізу операторын жазудың да қажеті жоқ.Жоғарыдағы екі оператор орнына READ(A,B,C,D)операторын ғана жазуға болады.
Символдық және сандық мәндерді енгізгенде,көбінесе EOLN(end of line-жол соңы)стандартты функциясын пайдалану қолайлы болады.Бұл функция мәні жолдың соңы болдынемесе мәндер беріліп болдыдегенді білдіретін Enter пернесі басылғанда ғана ақиқат (True)болады.Бұл функция көбінесе циклдік опреторларда пайдаланылады.

Объектілер, олардың қасиеттері.

Объект (ағылш. object) - информатиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол информатиканың әр саласына байланысты әр түрлі ұғымды білдіреді:
1. Ақпарат көзі бола алатын кез келген түсінік (зат, құбылыс, абстракция). Объекті анықтау үшін оның аты және басқаларынан ажыратып алуға болатын өзіндік қасиеттері болуы тиіс;
2. Объект реляц. мәліметтер базасында сақталатын нақты процесс, құбылыс, зат жайлы мәліметтік элемент. Оған кесте, сұраныс, форма, басылым түсініктері кіреді;
3. Операция жүйелердегі (Wіndows, DOS) объектер - бума (папка), файл, бағдарлама, құжат, жарлық, т.б.;
4. Компьютер бағдарламаларындағы объект - өңделуге тиіс мәлімет элементі. Оған айнымалылар, сандар, жиымдар (массивтер) кіреді.[3][4]
5. Математикалық объект -- кез келген математикалық теорияда, мәселелерде, есептерде немесе пайымдауларда қарастырылатын жиын, кеңістік, дене, пішін, нүкте, түзу, т.б.

Әрбір объектінің өзіне тән қасиеттері болады. Оның ішінде кейбір қасиеттер барлық графикалық объектілерде болады: түсі, сызықтың түрі, сызықтың қалыңдығы. Бұл қасиеттер жалпықасиеттер деп аталады. AutoCAD жүйесінде бұл қасиеттерде бір қабатта орналасқан объектілер тобына немесе әр объектіге жеке-жеке тағайындауға болады. Әрине, қасиеттермен қабаттарда жұмыс істеген ыңғайлы, алайда кейде объектілерге жекелеп өзіне тән қасиеттерді тағайындау қажет болып қалады. Түс. Объектіге түс тағайындау үшін құлама мәзірдің Формат (Format) бөлімінен Цвет (Color) командасын шақыртады. Экранда Выбор цвета (Select color) диалогтық терезесі пайда болады. Бұл терезеде түсті 3 түрлі бөлімнен таңдауға болады: Номер цвета (Index Color), Вся палитра (True Color) және Альбомы цветов (Color Books). Таңдалған түстің аты қай бөлімнен таңдалғанына байланысты: · негізгі түстің ағылшынша немесе орысша аты (мысалы, Красный (Red)); · Номер цвета (Index Color) бөлімінде 8-ден 255-ке дейінгі түстің нөмірі; · RGB схемасына сәйкес сандардың үштігі (мысалы, 54,132,190); · ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭВМ құрылғыларымен жабдықталған кабинетте оқытылатын информатика сабағына қойылатын талаптар
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары туралы ақпарат
Информатиканы оқыту әдістемесі пәні туралы түсінік
Информатика ғылымы және орта мектепте оқу пәні ретінде
Қоғамды информатикаландыру және оның жалпы білім беру жүйесінде алатын орны мен ролі
Информатика негізі
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары. Ақпаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпараттық технологиялар және техника. Есептеу техникасының даму тарихы
Есептеу техникасы және дербес компьютер
Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер