Табиғи орта экономикалық дамудың негізі



I. Кіріспе
1. Табиғат ресурстары. Жіктелуі, түрлері.
II. Негізгі бөлім
1.Өндірістің экономикаға әсері.
2.Қазақстанның экономикасындағы табиғат ресурстарын пайдалану туралы мәселелерінің қозғалуы.
III. Қорытынды
Табиғат ресурстарының сарқылуының экономикаға әсері
Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат обьектілері жатады. Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты. Табиғат ресурстары 4 топқа бөлінеді:
1.Сарқылатын:
А)қалпынакелетін;
Ә)салыстырмалықалпынакелетін;
Б)қалпынакелмейтін;
2.Сарқылмайтын;
3. Басқа ресурстармен алмастыруға болатын (мысалы, металдарды пластмассалармен);
4.0Алмастыруғаболмайтын(мысалы,су,атмосфера). Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы.

Өндіріс - қоғамдық өмір сүруі мен дамуы үшін қажетті материалды өнімдер мен көрсетілетін кызметтердің өндіруісіне адамдардың әсер ету процесі.

Өнімді дайындау әдеттегідей мақсатты бағытталған процесс және нарықтағы коммерциялық жұмысқа сәйкес ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Өндірістік процесс өзінің кұрамына дайын өнім өндіру үшін шикізаттар мен материалдардың формасын, қасиетін, параметрлерін және тағы басқа сипатын өзгерту мақсатында технологиялық операциялардан тұрады. Өндірістік процесс бұйымның мәндік сипатына және оны өндіру технологиясына байланысты болады. Соңғысы сәйкес өндірістік элементтер жиынын білдіреді (негізгі және қосымша өндіріс, оған қызмет көрсету және басқару). Олардың әртүрлі комбинациясы өнімнің қозғалысын анықтайтын кәсіпорынды құрудың өндірістік құрылымын білдіреді.

Өндірістік кұрылымның әрекет етуі өзара ұйымдастыруды жетілдіру дәрежесімен және онымен әртүрлі элементтерді координациялаумен анықталады. Басқаша айтқанда, ол кәсіпорынды ұйымдастырудың ішкі логикасын анықтайды немесе оны ұйымдық құрылым деп те атайды. Ұйымдық құрылым кәсіпорындағы өнімді өндіру мен өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыратын өндірістік қызметтер қандай субординация және координацияда болуы керек екенін көрсетеді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үрдісі басталды. Алдымен экономиқалық реформалар жүргізілді. Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформалар республика органдарының экономикалық басқарудағы рөлін, орны мен функциясын түбегейлі өзгерту жолдарын қарастырды. Министрліктердің ендігі міндеттері-басқару емес, өнеркәсіптердің техниқалық дамуына, салааралық өркендеуіне дұрыс бағдар таңдау жұмыстарымен айналысу.

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік
Медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Табиғи орта экономикалық дамудың негізі ретінде
Факультет: Стоматология
Кафедра: Жалпы гигиена және экология
Дисциплина: Экология және тұрақты даму
Курс: І
Тобы:105

Орындаған: Сайлау А.Н
Тексерген: Бесімбаева Ж.Б

Ақтөбе 2017
Жоспары
Кіріспе
Табиғат ресурстары. Жіктелуі, түрлері.
Негізгі бөлім
1.Өндірістің экономикаға әсері.
2.Қазақстанның экономикасындағы табиғат ресурстарын пайдалану туралы мәселелерінің қозғалуы.
Қорытынды
Табиғат ресурстарының сарқылуының экономикаға әсері

I.Кіріспе
Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат обьектілері жатады. Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты. Табиғат ресурстары 4 топқа бөлінеді:
1.Сарқылатын:
А)қалпынакелетін;
Ә)салыстырмалықалпынакелетін;
Б)қалпынакелмейтін;
2.Сарқылмайтын;
3. Басқа ресурстармен алмастыруға болатын (мысалы, металдарды пластмассалармен);
4.0Алмастыруғаболмайтын(мысалы,су,а тмосфера). Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы.
Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын

II.Негізгі бөлім
Өндіріс - қоғамдық өмір сүруі мен дамуы үшін қажетті материалды өнімдер мен көрсетілетін кызметтердің өндіруісіне адамдардың әсер ету процесі.

Өнімді дайындау әдеттегідей мақсатты бағытталған процесс және нарықтағы коммерциялық жұмысқа сәйкес ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Өндірістік процесс өзінің кұрамына дайын өнім өндіру үшін шикізаттар мен материалдардың формасын, қасиетін, параметрлерін және тағы басқа сипатын өзгерту мақсатында технологиялық операциялардан тұрады. Өндірістік процесс бұйымның мәндік сипатына және оны өндіру технологиясына байланысты болады. Соңғысы сәйкес өндірістік элементтер жиынын білдіреді (негізгі және қосымша өндіріс, оған қызмет көрсету және басқару). Олардың әртүрлі комбинациясы өнімнің қозғалысын анықтайтын кәсіпорынды құрудың өндірістік құрылымын білдіреді.

Өндірістік кұрылымның әрекет етуі өзара ұйымдастыруды жетілдіру дәрежесімен және онымен әртүрлі элементтерді координациялаумен анықталады. Басқаша айтқанда, ол кәсіпорынды ұйымдастырудың ішкі логикасын анықтайды немесе оны ұйымдық құрылым деп те атайды. Ұйымдық құрылым кәсіпорындағы өнімді өндіру мен өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыратын өндірістік қызметтер қандай субординация және координацияда болуы керек екенін көрсетеді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үрдісі басталды. Алдымен экономиқалық реформалар жүргізілді. Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформалар республика органдарының экономикалық басқарудағы рөлін, орны мен функциясын түбегейлі өзгерту жолдарын қарастырды. Министрліктердің ендігі міндеттері-басқару емес, өнеркәсіптердің техниқалық дамуына, салааралық өркендеуіне дұрыс бағдар таңдау жұмыстарымен айналысу.
Нарықтық экономикаға көшудің негізгі белгілері:
1. Экономиканы мемлекет иелігінен алу.
2. Жекешелендіру.
3. Кәсіпкерлікті дамыту.
4. Монополияны жою.
5. Бағаны босату.
6. Қатал ақша - несие және қаржы саясатын жүзге асыру.

Нарықтық қатынасқа көшу өнеркәсіп жағдайына да өз әсерін тигізді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары республикада өнеркәсіп дамуы баяулап, даяр өнімдер өндіру салаларында құлдырау байқалды. Бүл КСРО-ның ыдырауы салдарынан бұрынғы серіктестерімен шаруашылық байланыстардың үзілуінен, тұтынушылардың төлем қабілетінің төмендеуінен, отандық тауарлардың бәсекеге төтеп бере алмауынан белең алды. Алайда Қазақстанның өндіруші салаларында, керісінше, өндіріс көлемі ұлғайды. Бұл әсіресе 1999 жылдың соңында, үкімет кәсіпорындарды отандық және шетелдік компаниялар йелігіне бере бастаған кезде байқалды. Өндіруші саланың дамуына түсті металдардың, темір және хром рудаларының, газ, мұнай жөне көмір қорының молдығы әсерін тигізді.
Аумағының кендігі, табиғат, климаттық аймақтардың болуы республикада мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына мамандануға мүмкіндік береді. Аграрлық сектордың нарықтык қатынасқа көшуі нәтижесінде мемлекеттік ауыл шаруашылығы шаруашылыктың өзге формасына, жеке меншік, ұжымдық және аралас формалы меншікке негізделді. Бұл салада акционерлік қоғам құру немесе кәсіпорынды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрақты даму стратегиясының негізі мен мақсаты
Тұрақты даму концепциясы-2024
Қазақстан Республикасының экономикасының өсуінің глобалдық мәселелері
Экономикалық өсу стратегиясын қалыптастыру негіздері
Әлемдік мәселелердің экономикалық жақтары
Экономикалық өсу: түсінігі, тиімділігі, сапасы
Тұрақты даму тұжырымдамасының үштұғырлы негіздемесі мен гипотезалары
Аймақтардың қаржы саясаты саласындағы әлемдік тәжірибе
Кластер теориясының және мемлекеттің кластерлік саясаты дамуының әлемдік тәжірибесі
Экологиялық-экономикалық даму
Пәндер