Адамның рухани байлығы



БҮГІНГІДЕЙ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЙЛЫҚ БІРІНШІ ОРЫНҒА ШЫҒЫП, КӨП НӘРСЕ КӨК ҚАҒАЗБЕН ӨЛШЕНЕТІН ҚОҒАМДА РУХАНИЯТТЫ ДАМЫТУДЫҢ, РУХАНИ БАЙЛЫҚ КӨЗДЕРІН КӨБЕЙТУДІҢ МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ ЕКЕНІ АҚИҚАТ. СЕБЕБІ ҚОҒАМНЫҢ ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ – АДАМ. РУХАНИ АЗҒАН ОРТАНЫҢ АЛЫСҚА БАРМАЙТЫНЫ, АДАМНАН АДАМДЫҚ КЕТКЕНДЕ ҚОҒАМНАН ҚҰНДЫЛЫҚ ЖОЙЫЛЫП, ТАБИҒАТ ТЕПЕ-ТЕҢДІКТЕН АЙЫРЫЛАТЫНЫ ШЫНДЫҚ. АЛАЙДА РУХАНИ БАЙЛЫҚ ДЕП ЖҮРГЕНІМІЗ НЕ? ӨЛШЕМІ ҚАНДАЙ? ОНЫ ҚАЙДАН АЛАМЫЗ? ОСЫ СҰРАҚ ТӨҢІРЕГІНДЕ ОЙ ЖҮГІРТІП КӨРЕЙІК.
Рухани байлық дегеніміз – мына өмірдің ақиқатына жетуге ұмтылу. Жетпесе де сол жолда әрекет ету. Айналып келгенде өзіңді, адами болмысыңды тану. Жер деген мекеннің жұмыр басты пендесі әлемді тануы үшін алдымен өзін тануы қажет. Себебі сен қандай болсаң, өмір сондай. Адам әлемге маңдайдағы көзімен емес, көкірек көзімен қарағанда ғана «қайдан келдім?», «не істеуім керек?» және «қайда барамын?» деген ең маңызды сұрақтарға жауап таба алады. Ізгі мақсаты болмаған адам қоғамның ең қауіпті дұшпаны болмақ. Себебі мына әлемде ештеңе де мақсатсыз жаратылмаған.
Қарап отырсақ, адамзат өз тарихында құпияларды ашуға, тылсым күштерді білуге ұмтылған. Және сол арқылы мына әлемде өзін толық қауіпсіз сезінгісі келген. Ұлы дала көшпелілерінің философиясынан да осыны аңғарамыз. Қорқыт атаның өлімнен қашуында, Асан қайғының жерұйықты іздеуінде үлкен философиялық мән бардай көрінеді. Олар осы әрекеттерімен өзгермейтін мәңгілікті, ақиқатты іздегендей. Алайда ақиқат пен шындықтың арасын ажыратып алу керек секілді. Ақиқат өзгермейді. Ал шындық өзгеруі мүмкін. Мысалы, жердегі пенде үшін таңертең күннің шығуы шындық. Ал ақиқатына келсек, күн еш жақтан шығып жатқан жоқ. Жай ғана жер күнді айналып жүр. Ендеше ақиқат біреу болса, оған жететін жол сан тарау. Пенде өзіне қолайлысын, әлі келетін жолды таңдап алады. Тек ақиқаттан адасып қалмаса болғаны.
Енді сол рухани байлықты қайдан аламыз? Адами құндылықтардан айырылып қалмау үшін не істеуіміз керек? Жан азығы жайлы айтылғанда көпшіліктің ойына әдеби кітаптар түсетіні анық. Ол орынды да. Қоғамның кейбір қарама-қайшы тұстарын шығарма арқылы жеткізіп, өмірдің мәнін терең ұғынуда көркем шығарма үлкен рөл атқарады. Адам болмысы мен мінезін ашу біз байқай бермейтін кейбір тұстарға тереңірек үңілуге мүмкіндік береді. Осылайша әдеби кітаптардан адам болмысынан әлемді тануды, керісінше әлемді тани отырып адамға үңілуді үйренеміз. Ал поэзияның орны бір бөлек. Поэзияға ғашық адамнан жауыздық күтпесеңіз болады. Бір елде түрмеге жабылғандар арасында сауалнама жүргізгенде ауыр қылмыс жасаушылардың барлығы дерлік поэзия оқымағандар болып шық¬қан. Осыдан-ақ әдебиеттің адам рухын байытудағы орны айтпаса да түсінікті. Қазір кітап оқымайтын жастар жайлы көп айтылады. Қоғамды өзгертетін басты күш – жастар екенін ескерсек, бұл да – алаңдайтын мәселе. Ендеше, сол мәселеге қатысты кейінгі буынның өзін сөйлетіп көрейікші.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Адамның рухани байлығы

Орындаған: 15-09р ЭНиГМ тобының студенті Акаев К.
Тексерген: Қазақ-тілі әдебиеті пәнінің оқытушысы Рахманова Э.Р.

Алматы.2017
Адамның рухани байлығы
Бүгінгідей материалдық байлық бірінші орынға шығып, көп нәрсе көк қағазбен өлшенетін қоғамда руханиятты дамытудың, рухани байлық көздерін көбейтудің маңызы ерекше екені ақиқат. Себебі қоғамның ең басты байлығы - адам. Рухани азған ортаның алысқа бармайтыны, адамнан адамдық кеткенде қоғамнан құндылық жойылып, табиғат тепе-теңдіктен айырылатыны шындық. Алайда рухани байлық деп жүргеніміз не? Өлшемі қандай? Оны қайдан аламыз? Осы сұрақ төңірегінде ой жүгіртіп көрейік.
Рухани байлық дегеніміз - мына өмірдің ақиқатына жетуге ұмтылу. Жетпесе де сол жолда әрекет ету. Айналып келгенде өзіңді, адами болмысыңды тану. Жер деген мекеннің жұмыр басты пендесі әлемді тануы үшін алдымен өзін тануы қажет. Себебі сен қандай болсаң, өмір сондай. Адам әлемге маңдайдағы көзімен емес, көкірек көзімен қарағанда ғана қайдан келдім?, не істеуім керек? және қайда барамын? деген ең маңызды сұрақтарға жауап таба алады. Ізгі мақсаты болмаған адам қоғамның ең қауіпті дұшпаны болмақ. Себебі мына әлемде ештеңе де мақсатсыз жаратылмаған.
Қарап отырсақ, адамзат өз тарихында құпияларды ашуға, тылсым күштерді білуге ұмтылған. Және сол арқылы мына әлемде өзін толық қауіпсіз сезінгісі келген. Ұлы дала көшпелілерінің философиясынан да осыны аңғарамыз. Қорқыт атаның өлімнен қашуында, Асан қайғының жерұйықты іздеуінде үлкен философиялық мән бардай көрінеді. Олар осы әрекеттерімен өзгермейтін мәңгілікті, ақиқатты іздегендей. Алайда ақиқат пен шындықтың арасын ажыратып алу керек секілді. Ақиқат өзгермейді. Ал шындық өзгеруі мүмкін. Мысалы, жердегі пенде үшін таңертең күннің шығуы шындық. Ал ақиқатына келсек, күн еш жақтан шығып жатқан жоқ. Жай ғана жер күнді айналып жүр. Ендеше ақиқат біреу болса, оған жететін жол сан тарау. Пенде өзіне қолайлысын, әлі келетін жолды таңдап алады. Тек ақиқаттан адасып қалмаса болғаны.
Енді сол рухани байлықты қайдан аламыз? Адами құндылықтардан айырылып қалмау үшін не істеуіміз керек? Жан азығы жайлы айтылғанда көпшіліктің ойына әдеби кітаптар түсетіні анық. Ол орынды да. Қоғамның кейбір қарама-қайшы тұстарын шығарма арқылы жеткізіп, өмірдің мәнін терең ұғынуда көркем шығарма үлкен рөл атқарады. Адам болмысы мен мінезін ашу біз байқай бермейтін кейбір тұстарға тереңірек үңілуге мүмкіндік береді. Осылайша әдеби кітаптардан адам болмысынан әлемді тануды, керісінше әлемді тани отырып адамға үңілуді үйренеміз. Ал поэзияның орны бір бөлек. Поэзияға ғашық адамнан жауыздық күтпесеңіз болады. Бір елде түрмеге жабылғандар арасында сауалнама жүргізгенде ауыр қылмыс жасаушылардың барлығы дерлік поэзия оқымағандар болып шық - қан. Осыдан-ақ әдебиеттің адам рухын байытудағы орны айтпаса да түсінікті. Қазір кітап оқымайтын жастар жайлы көп айтылады. Қоғамды өзгертетін басты күш - жастар екенін ескерсек, бұл да - алаңдайтын мәселе. Ендеше, сол мәселеге қатысты кейінгі буынның өзін сөйлетіп көрейікші.
Айдана Махамбетова,
Абай оқуларының дипломанты:
- Рухани байлықтың жалғыз көзінен қол үзуге жақынбыз. Кітаптан асқан рухани байлықтың көзін айта алмас едім. Рухани кедейленіп, рухани жала - ңаштанып барамыз. Тек әдемі сөйлеу мен әдемі киіну ғана көбінің ойында. Ешкім рух байлығынан бөлініп шын бақытқа жеткен емес деген Мұхтар Шахановтың жанды сөзі бар. Рухани жұтаңдық қоғамның бұзылуына әкеледі. Қазір оқырман деген әлеуметтік категория жоқ десек, ешкім ренжи қоймас. Әдебиетті ар ісіне балаймыз. Демек, оның құзырында адамгершілік пен ұлттық тәрбие қызметі жатыр. Кірлеп кеттік. Қаламға деген құрметіміз өшіп қалды. Соңғы рет не жайында ойланғанын ұмытып қалған қоғамда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамның жас ерекшелігімен қатысты атаулар
Жас ерекшелігіне қатысты атаулардың этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеленуі
Жеткіншектерде этномәдени құндылықтарды қалыптастыру туралы
Құндылық
Жеткіншектерде этномәдени құндылықтарды қалыптастыру
Ұлттық тіл -- мәдениеттің іргетасы
Елдің болашағын салауатты өмірге тәрбиелеу
Тіл саясаты
Адамгершілік тәрбиесі ерекшеліктері
Оқушылар ұжымының даму кезеңдері мен ерекшеліктері
Пәндер