Ірі қара малдың трихомонозы



I. Кіріспе
1.1. Аурудың анықтамасы және қоздырғышы
II. Негізгі бөлім
2.2. Өсіп, өнуі
2.3. Ауру белгілері
2.4. Диагнозы немесе ауруды анықтау тәсілдері.
2.5. Өлекседегі өзгерістер.
2.6 Емі
2.7 Дауа шаралары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Трихомоноз – ірі қараның жыныс мүшелерін мекендеп, оларды зақымдайтын, бір торшалы қарапайымдылар қоздыратын протозооз. Ауру қынап пен оның кіреберісі және жатырының қабынуымен, буаз сиырдың іш тастайтынымен, бұқаның белсіздігімен сипатталады.
Қоздырғышы – Trichomonas foetus – қарапайымының пішіні алмұрт тәрізді, дөңгелек, сүйір дөңгелекті болуы мүмкін. Денесінің ұзындығы 8-30 мкм, ені 3-15 мкм. Паразит цитоплазмадан және ядродан тұрады. Алдыңғы жағында 3, ал артқы жағында 1 бишігі бар. Бишіктері паразит тұрқынан ұзынырақ, қозғалыс мүшесі болып саналады. Паразиттің бір жағында жұқа жарғағы, ортасында денесіне тірек болатын өзегі бар (аксостиль). Ядросы алдыңғы жағына орналасқан.
Трихомонодалар қарапайым жолмен, ортасынан жарылып екіге бөліну арқылы өсіп, көбейеді. Көп бөлшекке бөліну кездері болатыны анықталған. Олар эритроциттерді, микробтарды және шырышты жеп, қоректенеді. Трихомонадалар көбейгенде шығатын улы заттары жыныс мүшелеріне патогендік әсерін тигізіп, оларды қабындырады.
Трихомоноз қоздырғыштары сиыр қынабының және жатырының кілегей қабығын, бұқалар шыбығының уретрасын, қосымша бездерін мекендеп, оларды қабындырады. Трихомонадалар іштегі төлде, төл жанындағы сұйықта да кездеседі.
Эпизоотологиясы. Ірі қара трихомонозы дүние жұзі елдерінде кеңінен тараған ауру. Ол біздің елімізде де жиі тіркеліп, көптеген экономикалық зиян келтіретін індеттер қатарына жатады.
Трихомоноз әдетте малдың табиғи шағылысу кезінде жұғады. Ауру бұқалар сырттай қарағанда сап-сау болып көрінуі мүмкін. Ауру ластанған құрал-сайман, аспап арқылы да жұғуы мүмкін. Трихомонозбен әдетте шағылыс жасына жеткен мал ауырады. Трихомоноз шыққан шаруашылықта көптеген сиырлар қысыр қалады, кейбір буаз сиырлар іш тастайды, не құрсақтағы төлі іріп-шіріп кетеді. Ауру бұқалар белсіздікке шалдығады.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
___________________________________ __ кафедрасы

Тақырыбы: Ірі қара малдың трихомонозы

Орындаған: ВС 216 топ студенті Әмірақын Шынар

Тексерген: _________________

Алматы,2016

Жоспар
I. Кіріспе
1.1. Аурудың анықтамасы және қоздырғышы
II. Негізгі бөлім
2.2. Өсіп, өнуі
2.3. Ауру белгілері
2.4. Диагнозы немесе ауруды анықтау тәсілдері.
2.5. Өлекседегі өзгерістер.
2.6 Емі
2.7 Дауа шаралары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Трихомоноз - ірі қараның жыныс мүшелерін мекендеп, оларды зақымдайтын, бір торшалы қарапайымдылар қоздыратын протозооз. Ауру қынап пен оның кіреберісі және жатырының қабынуымен, буаз сиырдың іш тастайтынымен, бұқаның белсіздігімен сипатталады.
Қоздырғышы - Trichomonas foetus - қарапайымының пішіні алмұрт тәрізді, дөңгелек, сүйір дөңгелекті болуы мүмкін. Денесінің ұзындығы 8-30 мкм, ені 3-15 мкм. Паразит цитоплазмадан және ядродан тұрады. Алдыңғы жағында 3, ал артқы жағында 1 бишігі бар. Бишіктері паразит тұрқынан ұзынырақ, қозғалыс мүшесі болып саналады. Паразиттің бір жағында жұқа жарғағы, ортасында денесіне тірек болатын өзегі бар (аксостиль). Ядросы алдыңғы жағына орналасқан.
Трихомонодалар қарапайым жолмен, ортасынан жарылып екіге бөліну арқылы өсіп, көбейеді. Көп бөлшекке бөліну кездері болатыны анықталған. Олар эритроциттерді, микробтарды және шырышты жеп, қоректенеді. Трихомонадалар көбейгенде шығатын улы заттары жыныс мүшелеріне патогендік әсерін тигізіп, оларды қабындырады.
Трихомоноз қоздырғыштары сиыр қынабының және жатырының кілегей қабығын, бұқалар шыбығының уретрасын, қосымша бездерін мекендеп, оларды қабындырады. Трихомонадалар іштегі төлде, төл жанындағы сұйықта да кездеседі.
Эпизоотологиясы. Ірі қара трихомонозы дүние жұзі елдерінде кеңінен тараған ауру. Ол біздің елімізде де жиі тіркеліп, көптеген экономикалық зиян келтіретін індеттер қатарына жатады.
Трихомоноз әдетте малдың табиғи шағылысу кезінде жұғады. Ауру бұқалар сырттай қарағанда сап-сау болып көрінуі мүмкін. Ауру ластанған құрал-сайман, аспап арқылы да жұғуы мүмкін. Трихомонозбен әдетте шағылыс жасына жеткен мал ауырады. Трихомоноз шыққан шаруашылықта көптеген сиырлар қысыр қалады, кейбір буаз сиырлар іш тастайды, не құрсақтағы төлі іріп-шіріп кетеді. Ауру бұқалар белсіздікке шалдығады.
Трихомоноз Қазақстанда, әсіресе Оңтүстік аймақтарында энзоотия түрінде кездеседі.

Ауру белгілері. Ауру бұқамен шағылыстырылған сиырдың бірнеше күннен кейін ыстығы 40,8° С дейін көтеріледі. Ауру сиыр күйзеліп, аяғын тыпыршытып, арт жағына қарай береді. Тәбеті төмендейді, сауын сиыр - сүтін кемітеді. Сиырдың сыртқы жыныс мүшелері қабынады, қызарады. Қабынған қынаптың ішінде үлкендігі тары түйіріндей бөртпелер шығады. қынап ішіне шырышты жалқаяқ жиналып, олар паразиттерге қорек болады, себебі құрамында көптеген лейкоциттер мен эпителий торшалары бар. Емделмесе, ауру созылмалы түріне айналады. Төлдің дамуымен қатар жатырда трихомонадалар жедел өсіп-өнеді. Жатырдың кілегей қабығы қабынып, жалқаяқтың мөлшері көбейеді, ол ірің аралас қоймалжыңға айналады. Жалқаяқтың қоюлығы мен түсі - жатырға түскен микроб түріне байланысты. Бұл катарльді-іріңді эндометритке тән белгілер. Мұндайда буаз мал ішінде төл 2-3 айлық кезінде өліп қалады. 1-3 айлық буаз сиырлардың іш тастауы әдетте байқаусыз өтеді. Кейбір жағдайларда іштегі төл іріп-шіріп пиометра дамиды, жатыр ішіне көптеп ірің жиналады. Ауырған сиырдың жыныс айналымы бұзылып, нимфоманияға шалдығады, көп рет күйлейді, бірақ ұзақ уақыт қысыр қалады.
Қорыта келгенде, трихомоноз ауруы дамуының төрт түрі кездеседі:
1. Катаральді-іріңді қынап кіреберісінің қабынуы;
2. Катарльді-іріңді жатыр кілегей қабығының қабынуы;
3. Идиопатикалық толық іш тастау;
4. Қабынған жатырдың іріңге толуы немесе пиометра.
Трихомоноздың созылмалы түрінде аурудың сыртқы белгілері
байқалмайды, тек қана сиырдың сүті кемиді, қанында кейбір өзгерістер байқалады.


Трихомонодалар алғашқыда бұқалардың күпегін мекендейді, ал кейінірек қосалқы жыныс бездеріне де енеді. Бірнеше күннен кейін бұқаның күпегі іседі. Оның ішінен шырышты-іріңді жалқаяқ тамшылайды. Несеп шығарғанда мал ауырсынады. Бұқаның қамшысына ұсақ қызыл бөртпелер шығады, олар кейінірек кішірейіп бозарыңқы тартады. Екі аптадан кейін аурудың сыртқы белгілері біртіндеп жойылып, сырттай қарағанда мал сауыққандай болады. Егер қабыну құбылысы көпке созылса, бұқа белсіздікке ұшырайды. Кейде бұқаның енбауы, ұрық түтіктері және ендері қабынады. Көбінесе бұқада трихомоноз жіті баланопостит түрінде өтіп, емдемесе созылмалы түріне көшеді. Сондықтан бұқалар ұзақ уақыт трихомонада тасушы болып қалып, шағылысқанда сау ұрғашы малға ауру жұқтырады.
Диагнозы. Трихомонозды анықтағанда эпизоотологиялық, клиникалық деректерді ескере отырып, лабораториялық зерттеулер жүргізіледі. Сиырлардың іш тастауы, күйлей беруі, қынаптан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аурудың дамуы
Туғаннан кейінгі инфекциялық аурулар
Қан айналу органдарының аурулары
Ауру малды емдеудің қағидаттары
Ірі қара малдардың кеміктәріздес энцефалопатиясы орыс
Ірі қара малдардың кеміктәріздес энцефалопатиясы
Ірі қараның сырт пішіні мен дене бітімі
Ірі қара шаруашылығы, ірі қара еті мен сүтін өндіру технологиясы
Алдыңғы емшектерінің арақашықтығы
Етті бағыттағы ірі қараның конституциясы
Пәндер