Ауру туралы



І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ.Негізгі бөлім.
2.1 Ауру туралы жалпы ілім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Ғалымдардың көзқарастары мен теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Аурудың даму сатылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4 Өлу . организмнің тіршілігінің тоқтауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5 Жалпы этиология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.6 Монокаузализм және оның жалпы ноозология дамуындағы рөлі ... ... ... ...
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде ауруды мүлде бөлек, организмнен тыс дүние ретінде қарастырды. Алғашқы адамдар ауруды нендей бір құпия күш билейді деп есептеді (алғашқы анимизм, anima – жан деген сөз). Бұл бағыт медицинада онтология деп аталады. Көне қытай және көне грек мәдениеті кезеңінде адам мен жануар денесі топырақтан, судан, ауадан, оттан тұрады және де осы төрт бөлік құрамының ара қатынасы бұзылуынан әр түрлі аурулар пайла болады деп сендірді. Көне грек мәдениеті дәуірінде медицина негізін қалаған Гиппократ организм төрт текті сұйықтан: қаннан, кілегейден, сары және қара өттен тұрады деп есептеді. Осы төрт сұйықтың дұрыс араласуы денсаулықты қамтамасыз етеді деп тұжырымдады және оны кразис деп атады. Осы сұйықтардың дұрыс араласпауы немесе ластануынан болатын сыртқы әсерден ауру пайда болады деп есептеді. Ауру жөніндегі мұндай көзқарастар, әрине, тым жағдай, дегенмен онда ауруды материалисттік тұрғыдан түсіндіру элементтері бар, сондықтан оны бірнеше ғасыр бойы мойындап келді. Осындай іліммен қоса виталистік түсінік те болды, онда денсаулықтың және аурудың бастапқы негізі «жан» тіршілік рухы деп есептелді. Ауру туралы идеалистік түсінікті дамытуда Платон мен Аристотель философиясының да мәні болды. Грек дәрігері Галеннің ілімі идеалистік болды да, ол да Гиппократ секілді аурудың негізгі себебі жан әсерінен өзгеретін сөлдің, негізінен алғанда қанның бұзылуынан деп есептелді. Ауру – бұл әр алуан бейімделу реакциясы мен патологиялық процестердің жиынтығы емес, сапалық жаңа күй, ол клеткалардағы, ұлпалардағы, органдар мен жүйелердегі әртүрлі сапалық өзгерістерге әзірленеді. Ауру – организмнің қоршаған ортамен ара салмағының бұзылуы нәтижесінде байқалады. Әрбір ауру – таралуына, органдар мен ұлпалардың зақымдануына қарамасатан тұтастай организмнің зардап шегуі. Органдардың оқшауланған ауруы немесе жекелей ауруы дегендер болмайды. Ауру мәнін ғылыми тұрғыда түсіндіру және оның ұғымын анықтау үшін аурудың сапалық ерекшеліктері туралы, оның қалыпты (дені сау) күйінен өзгешелігі мен ұқсастығы туралы дұрыс түсінік болуы керек.
1. Малдың патологиялық физиологиясы З.К.Қожабеков, А.М.Өтенов.-Алматы: «Ана тілі» 1992 ж, 18 – 32 бет.
2. Патофизиология (патфиз)қазақша оқулығы , - Әділман Нұрмұамбетұлы.- Өңделген 3-ші басылым, Алматы 2007 жыл. Электронды кітапшасы
3. referatikz.ru › Файлы › Қазақша рефераттар › Биология
4. https://kk.wikipedia.org/wiki/ноозология
5. https://www.google.kz/#
6. www.volgmed.ru/uploads/files/2014-4/27362-obcshaya_patofiziologiya.pdf

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ.Негізгі бөлім.
2.1 Ауру туралы жалпы ілім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Ғалымдардың көзқарастары мен теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Аурудың даму сатылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4 Өлу - организмнің тіршілігінің тоқтауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5 Жалпы этиология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.6 Монокаузализм және оның жалпы ноозология дамуындағы рөлі ... ... ... ...
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І.Кіріспе
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде ауруды мүлде бөлек, организмнен тыс дүние ретінде қарастырды. Алғашқы адамдар ауруды нендей бір құпия күш билейді деп есептеді (алғашқы анимизм, anima - жан деген сөз). Бұл бағыт медицинада онтология деп аталады. Көне қытай және көне грек мәдениеті кезеңінде адам мен жануар денесі топырақтан, судан, ауадан, оттан тұрады және де осы төрт бөлік құрамының ара қатынасы бұзылуынан әр түрлі аурулар пайла болады деп сендірді. Көне грек мәдениеті дәуірінде медицина негізін қалаған Гиппократ организм төрт текті сұйықтан: қаннан, кілегейден, сары және қара өттен тұрады деп есептеді. Осы төрт сұйықтың дұрыс араласуы денсаулықты қамтамасыз етеді деп тұжырымдады және оны кразис деп атады. Осы сұйықтардың дұрыс араласпауы немесе ластануынан болатын сыртқы әсерден ауру пайда болады деп есептеді. Ауру жөніндегі мұндай көзқарастар, әрине, тым жағдай, дегенмен онда ауруды материалисттік тұрғыдан түсіндіру элементтері бар, сондықтан оны бірнеше ғасыр бойы мойындап келді. Осындай іліммен қоса виталистік түсінік те болды, онда денсаулықтың және аурудың бастапқы негізі жан тіршілік рухы деп есептелді. Ауру туралы идеалистік түсінікті дамытуда Платон мен Аристотель философиясының да мәні болды. Грек дәрігері Галеннің ілімі идеалистік болды да, ол да Гиппократ секілді аурудың негізгі себебі жан әсерінен өзгеретін сөлдің, негізінен алғанда қанның бұзылуынан деп есептелді. Ауру - бұл әр алуан бейімделу реакциясы мен патологиялық процестердің жиынтығы емес, сапалық жаңа күй, ол клеткалардағы, ұлпалардағы, органдар мен жүйелердегі әртүрлі сапалық өзгерістерге әзірленеді. Ауру - организмнің қоршаған ортамен ара салмағының бұзылуы нәтижесінде байқалады. Әрбір ауру - таралуына, органдар мен ұлпалардың зақымдануына қарамасатан тұтастай организмнің зардап шегуі. Органдардың оқшауланған ауруы немесе жекелей ауруы дегендер болмайды. Ауру мәнін ғылыми тұрғыда түсіндіру және оның ұғымын анықтау үшін аурудың сапалық ерекшеліктері туралы, оның қалыпты (дені сау) күйінен өзгешелігі мен ұқсастығы туралы дұрыс түсінік болуы керек.

ІІ.Негізгі бөлім.
2.1 Ауру туралы жалпы ілім
Мал ауруына анықтама бергенде басты көрсеткіштің бірі ретінде, олардың өнімділігінің бұзылуы қарастырылады. Ауру - бұл ауру тудыратын агентке жауап ретінде организмнің күрделі, көбінесе бейімделу реакциясы, ал мұның өзі организм мен қоршаған ортаның өзара қатынасының бұзылуы арқылы пайда болып, нәтижесінде малдың өнімділігі мен экономикалық құндығының кемуі (А.А.Журавель). Мал ауруының ерекшелігі - бұл өнімділігінің кемуі, жұмыс қабілетінің жойылуы, осыдан барып шаруашылық қызметіне және мемлекет экономикасына зиян келтіруі. Ауруды бүкіл организмнің тіршілік әрекетінің бұзылуы ретінде қарастырған жөн. Ауру - латынша morbus,грекше noosos - төтенше тітіркендіргіштердің әсерінен организмнің қалыпты қызметінің бұзылуы, соның салдарынан физиологиялық жүйенің функционалдық немесе органикалық зақымдануы, сонымен бір мезетте қорғаныш бейімделу механизмдерінің күшін жұмылдыруы. Ауырған мал экономикалық құндылығын кемітеді. Ауруға келтірілген осы анықтамалардың негізінде онымен күресудің мәні мен мазмұны айқындалады. Бұған жататындар: жан - жақты мал дәрігерлік - сақтық және емдік шаралар - сыртқы ортаны сауықтыру, малды тиімді азықтандыру мен күтіп - бағу, төлді дұрыстап өсіру, малдың қорғаныш - физиологиялық функциясын жұмылдыру, жоғары бөлімдегі нерв жүйелерінің жетекшілік ролін ескере отырып, организмнің зиянды тітіркендіргіштерге төзімділігін арттыру. Ауру кезінде функционалдық және морфологиялық - патологиялық өзгерістер байқалады. Ауру ұғымына патологиялық реакция, патологиялық процесс, патологиялық күй жатады. Патологиялық реакция дегеніміз организмнің кез келген тітіркендіргішке лезде, әдеттен тыс жауап қайтауы. Патологиялық реакция аурудың күрделі жиынтығындағы дербес жағдай болғанымен, бірақ ол ауру емес. Алайда, оның болуы сол организмде патологиялық өзгерістің бар екендігін көрсетеді. Патологиялық процесс - құбылыстың күрделі комплексіне еніп, ауруды сипаттайтын функция мен құрылымдағы зардапты өзгерістер. Мысалы, артериялық қысымның жоғарылауы гипертониялық ауруға тән патологиялық процестің бірі. Алайда осы ауруда функция органдары мен организмнің жүйесінде басқа да бұзылулар болуы мүмкін; туберкулездің бастапқы сатысында ірі қараның өкпесіндегі лимфа түйіндерінде қабынудың некротикалық өзгерістері пайда болып, өрши түседі, яғни нағыз патологиялық процес болады, бірақ ол жылу алмасуын және жалпы патологиялық күйін бұзбайды; тауықтың үсік шалған айдары мен қалған айдарындағы қабыну өзгерістері нағыз патологиялық процестер болғанымен, мұның өзі организм функциясының жалпылама бұзылуына, патологиялық күйіне әсер етпейді. Патологиялық күй - патологиялық процестің өзі, бірақ ол баяу дамиды, онша байқалмайды, әрі пайда болған өзгерістердің динамикасы өте әлсіз болуымен сипатталады. Мысалы, патологиялық процестің патологиялық күйге ауысуы өкпе туберкулезінің үдемелі қарқынды формасы фиброзды формаға айналғанда байқалады, немесе, эндокардит - жүректің ішкі қабығының қабынуы патологиялық күйге - жүрек клапандары ақауына айналуы мүмкін. Оның үстіне, патологиялық процесс, патологиялық күй терминдері біршама шартты түде ғана, сондықтан олардың арасына айқын шек қою мүмкін емес. Кейде ауруды патологиялық күйден ажырата қою оңайға түспейді, өйткені патологиялық процестің немесе патологиялық күйдің болуы, оның қосымша әсердің ықпалынан ауруға ұшыратуы мүмкін бола тұрса да, тұтастай организмнің ауру екендігін жорамалдай алмайды. Патологиялық процестің тұтастай организмді ауруға шалдықтыруы, ауру организмнің дамуы бұзылуынан болатын таза сандық, сондай - ақ сапалық жаңа форма болып табылады. Мәселен, бір фурункуланың (шиқанның) пайда болуы - бұл патологиялық процесс, ал фурункулез - дене температурасының көтерілуімен, ішек - қарын жолдары функциясының, нерв жүйелерінің т.б. бұзылуымен сипатталатын жалпылай зілді сырқат. Сол себепті ауру - патологиялық процеске қарағанда анағұрлым ауқымды ұғым, ондайда тұтастай дертке шалдығу және белгілі бір көрініс байқалады. 2.2 Ғалымдардың көзқарастары мен теориясы. Қазіргі ғылымның дамуы феодолизмнің ыдырап, капитализмнің пайда бола бастаған дәуіріне жатады. Әйгілі Парацельс адам мен жануарлар денесі тұздан, күкірттен, сынаптан тұрады, денсаулық осы заттардың дұрыс ара қатынаста болуына байланысты деп түсінді. Ол тіршілік рухы туралы қағиданы ұсынып, осы рух қарында болады да, организмді зиянды агенттер әсерінен қорғайды деп топшылады. 16 - 17 ғасырларда көрнекті ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде биология мен медицина бірқатар ғылыми және эксперименттік материалдарға ие болды. Жұртқа мәлім, Везалийдің зерттеулері анатомия негізін қалады, ал Гарвейдің қан айналысы жөніндегі жұмыстары физиологияны ғылыми тұрғыда дамытуға түрткі болды. Аталған зерттеулер, сондай - ақ Декарттың рефлекторлық доғаны, ал Мальпигидің (1628-1694) капиллярлық жүйені сипаттап жазуы патологияны дамытуға және ауру мәнін түсіндіруге едәуір ықпал етті. ХУІІ ғасырда медицинада екі бағыт қалыптасты:иатрофизикалық және иатрохимиялық. Иатрофизиктер ауруды физика көмегімен, статика және гидрвлика заңдарымен түсіндірді. Олар ауру мәнін түсіндірудің механистикалық өкілдері болды, машиналар мен органдар арасындағы ұқсастықты елестетті. Мәселен, жүректі насоспен, ал өкпені көрікпен, т.б. салыстырды. Мұнда аурудың пайда болуын органдар қозғалысының шектелуінен деп түсіндірді. Иатрохимиктер аурудың пайда болуы организмдегі сөлдің, бірінші кезекте ас қорыту сөлі мен қанның өзгеруі әсерінен деп есептеді. Иатрохимиктер де аурудың пайда болуын ерекше тіршілік күшінің (архея) өзгерінен деп түсіндіррмек болды. Патологиядағы жаңа көзқарас әуелі ауру барысына клиникалық бақылау жүргізу, сондай - ақ өлексеге патолого - анатомиялық зерттеу жүргізіп, дене құрылысындағы өрескел ауытқуды анықтау арқылы дами түсті. Органдардағы өзгерістерді зерттеу және оны аурумен байланыстыру әрекеті біршама ілгері басқандық болды. Мәселен, 1761 жылы итальян хирургы, әрі анатомы Морганьидің Анатомдар анықтаған локализация және ауру себептері туралы еңбегі шығып, онда қыруар материалдар негізінде әр түрлі аурулар кезінде органдардағы өзгерістер сипаттап жазылды, яғни аурудың алуан түрде байқалуы әртүрлі органдардың морфологиялық өзгерістермен байланыстырылды. 18 ғасырдың аяғында француз ғалымы Биша Тіршілік және өлім туралы физиологиялық зерттеулер деп аталатын қызғылықты еңбегінде органдар функциясын олардың құрылымымен салыстырылды. Бұл жұмыс медицинадағы органолокалистік бағытты бастап берді. Алайда морфологияны клиникамен байланыстырмақ болған өз уағындағы бұл прогрессивті әрекетке виталистік көзқарас тосқауыл болды. Патологияның көрнекті өкілі Рокитанский ауру кезінде органдарда болатын патологоанатомиялық өзгерістерді толық сипаттап жазды. Бірақ, оның пікірінше, аурудың себебі сөлдің араласпауынан пайда болады. 18 ғасырдың екінші жартысында және 19 ғасырдың бірінші жартысында табиғаттың диалектикалық - материалистік даму көзқарасына, сондай - ақ, медицина мен мал дәрігерлігінің дамуына үш ұлы жаңалық ықпал етті: 1) жануар мен адам организмдері құрылысының клеткалық теориясы; 2) энергияның сақталу және өзгеру заңы анықталды; 3) органикалық әлемнің эволюциялық даму теориясы. Бұдан біраз кейінірек К.Маркс пен Ф.Энгельс танымның ғылыми теориясын - диалектикалық материализмді жасады. Демек, жаратылыстануда тірі организмде өтетін процестерге материалистік тұрғыда түсінік беруге алғы шарт жасалды. Алайда медицинада бұрынғыша схоластика үстемдік етіп, аурудың материалистік емес себептері ашық мойындалды, ал патологиялық құбылыстарды түсіндіру көп жағдайда ойша жору және телеологиялық сипатта болды. Медицинада органолокалистік - анатомдық бағыттың одан әрі дамуына неміс ғалымы Рудольф Вирховтың жұмыстары ықпал етті. Ол целлюлярлық патология деп аталатын жаңа теорияны жасау кезінде организмнің клеткалық құрылысы туралы ілімнің сол кездегі жетістіктерін пайдаланды. Оның түсінігінше, негізгі және бірден - бір өмірді сақтаушы тек клетка. Ол - ауруды клетканың тіршілік әрекетінің бұзылуы ретінде қарастырды. Мұндайда кез келген ауру тиісті клеткаларды зпқымдануы мүмкін. Ауру мәні деп жазды ол клетка элементтеріндегі морфологиялық өзгерістер. ХХ ғасырдың басында Россияда патологиялық физиология В.В.Пашутин, А.Б.Фохт мектепрі еңбегінің, сондай ақ В.В.Подвысоцкий, И.И.Мечников ,т.б зерттеулерінің нәтижесінде едәуір қалыптасты. Осы уақытта бұл ғылымның 3 бағыты, атап айтқанда, функционалдық, морфологиялық, бактериологиялық бағыттары айқындалды. 2.3 Аурудың даму сатылары. Барлық ауру этиологиялық факторларға байланысты инфекциялық, инвазиялық, инфекциялық емес болып бөлінеді. Әрбір ауруға белгілі бір даму циклі, біліну күші және өту ұзақтығы тән. Аурудың ұзақтығы организмнің қасиетіне, нервтік - рефлекторлық аппараттың күйіне, оның реттелк жағдайына, ауру тудыратын агенттің сипатына және оның организмге ықпал ету ұзақтығына байланысты. Ұзақтығына және біліну күшіне қарай аурудың 4 түрлі өтуі болады: өте жіті - 4 күнге дейін; жіті - 5 -14 күн; жітілеу - 15 - 40 күн; созылмалы - айлап, жылдап. Патологиялық процесс белгілі бір жүйемен, сатылы кезеңмен өтеді. Ауру кезеңдерін білу онымен қолайлы күрес шараларын жүргізуді қолдануға тиімді, емдеуге мүмкіндік береді. Аурудың дамуы негізінен 4 кезеңге немесе сатыға бөлінеді: 1.жасырын немесе латентті саты; 2.продромальді (аурудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Науқастың психологиясы
Жұкпалы аурулардың алдын алушы ветеринарлық шаралары
Мал ауруларының алдын алушы жалпы шараларды ұйымдастыру
Қазақ тіліндегі ауру атауларының лексика-семантикалық және морфологиялық құрылымы
Аурудың аяқталуы немесе сауығу кезеңі
Миксоматоз
Жылқының инфекциалық анемиясы
Кондиционализм теориясының даму тарихы
Ньюкасл ауруы - тауық тұқымдастығына жататын құстардың бәріне тән ауыр өтетін жұғымтал ауру
Тауықтың марек ауруының жіті түрінің патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Пәндер