Халықаралық сауда


аннотация
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: «Халықаралық сауда». 3 бөлімнен тұрады, 1 бөлім - Халықаралық және сыртқы сауда саясаты, 2 бөлім - Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда, 3 бөлім - Қазақстанның халықаралық саудадағы орны мен рөлі.
Курстық жұмысымда 3 - слайд, 5 - кесте, 3 - график, 29 әдебиеттер тізімі кездеседі.
Курстық жұмыстың көлемі 36 бетті құрады.
Халықаралық сауда
Мазмұны
Кіріспе . . . 5
І Халықаралық және сыртқы сауда саясаты . . . 6
1. 1 Сауда саясаты: мәні, негізгі түрлері . . . 6
1. 2 Сауда саясатының құралдары . . . 7
1. 3 Дамыған және дамушы елдердегі сауда саясаты . . . 9
ІІ Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда . . . 14
2. 1 Қазіргі халықаралық сауда . . . 14
2. 2 Халықаралық сауданың стандартты моделі . . . 16
2. 3 Дүние жүзілік сауданың қазіргі кездегі түрлері және құрылымы . . . 22
ІІІ Қазақстанның халықаралық саудадағы орны мен рөлі . . . 27
3. 1 Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының дамуының
басты бағыттары . . . 27
3. 2 Халықаралық сауданың артықшылығы мен келешегі . . . 30
Қорытынды . . . 35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 36
Кіріспе
Халықаралық сауда - еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.
Сыртқы сауда да «фритретерствоны» (еркін сауда), немесе «протекционизмді» (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісіне қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.
Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекелеген мемлекет тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін.
Өйткені кез келген-ұлттық саясат олардың нақты экономикалық мүдделерін қорғауы немесе оларға қысым көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекеттердің мүдделері арасындағы балансқа, мәмілеге немесе өзара жеңілдік жасауға қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Ол сыртқы экономикалық саясаттың баламалы варианттар жиынтығымен, ең алдымен қысым көрсету немесе қарама-қарсы шығу әрекеттерімен толығуы қажетгілігін алдын-ала анықтайды.
Сонымен қатар, мынаны атап өту керек, яғни сауда саясатында қолданылатын шаралар мен реттегіштер синхронды түрде инвестициялық, кедендік, валюталық және басқа да саясаттардың реттегіштерін іске қосуы тиіс.
Атап айтқанда, кедендік саясаттың болашағы зор, бірақ өз дамуында белгілі бір күшті жинақталмаған салаларға ғана бағыттауы мүмкін. Өйткені, елдің экспорттық табысының құрамдас бөлігі болып табылатын салалар еркін сауда режимі салдарынан жедел түрде күйреуге бейім болып келеді. Инвестициялық саясаттың құралдары «даму локомотиві» болып қызмет ете алатын салалардың дамуына бағытталуы мүмкін.
Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.
Сонымен, Халықаралық сауданың қазіргі теориялары, тауардың ұсынысы мен сұранысына бірдей көңіл бөлуде. Ұсыныс трансформациясынын шекті деңгейімен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейімен сипатталады. Елдер бір-бірімен сауда қатынастары түскенге дейін баланс осы елдердің ішкі рыноктарындағы трансформацияның шекті деңгейі мен орын басудын шекті деңгейіне өзара әрекеті жолымен қалыптасатын.
І Халықаралық және сыртқы сауда саясаты
1. 1 Сауда саясаты: мәні, негізгі түрлері
Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекелеген мемлекет тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін.
Өйткені кез келген-ұлттық саясат олардың нақты экономикалық мүдделерін қорғауы немесе оларға қысым көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекеттердің мүдделері арасындағы балансқа, мәмілеге немесе өзара жеңілдік жасауға қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Ол сыртқы экономикалық саясаттың баламалы варианттар жиынтығымен, ең алдымен қысым көрсету немесе қарама-қарсы шығу әрекеттерімен толығуы қажетгілігін алдын-ала анықтайды.
Сауда саясаты негізіне әлемдік кеңістіктегі мемлекеттердің өзара қарым-қатынастар типі жатады. Олардың ішіндегі үш негізгі бағыттарды атап өтуге болады: яғни «Солтүстік-Оңтүстік», «Солтүстік-Оңтүстік», «Оңтүстік-Оңтүстік».
«Солтүстік-Оңтүстік» жүйесінің сауда саясаты халықаралық еңбек бөлінісінің тік моделін көрсетеді, мұнда дамушы елдер ресурстардың елеулі түрлерін шетке шығарады да, техника, азық-түлік және ұзақ мерзімдік пайдаланулардағы тауарларды шеттен әкеледі.
Өзара қарым-қатынастардың мұндай моделін «Солтүстік-Солтүстік» жүйесіндегі экономикалардың өзара қатынастарының мазмұндылығымен салыстырғанда, алдыңғы модельде экономикалардың өзара толықтырылуы жоқ екендігі анықталған.
Кез келген жағдайда Солтүстіктің немесе Оңтүстіктің саудасы жөнінде сөз еткенде жүзеге асырылатын саясаттың екі түрі жөнінде айтуға болады:
- сыртқы сауда саясаты жөнінде;
- халықаралық сауда саясаты жөнінде.
Сыртқы сауда саясаты дегеніміз - мемлекеттің басқа елдермен жасайтын сауда қатынастарына мақсатты түрде әсер етуі.
Халықаралық сауда саясаты - ұжымдық жекелеген елдер тобының, монополияларының, қаржылық-сауда және басқа да топтардың мүдделерінің көрінісі.
Сауда саясатын жүзеге асырудың әлемдік тәжірибесі 2 принципке негізделген: еркін сауда және протекционизм.
Зерттеулер көрсеткендей, осы шараларды іске қосуды уақытша параметрлері бойынша, барлық мемлекеттер бір-бірінен өзгешеленеді. Мысалы, бірқатар мемлекеттер өз реформаларын импорттық саясатты басқарудың қатаң курсынан, кейбіреулері оны толық ырықтандырудан бастайды.
Мысалы, Оңтүстік Корея, Бразилия және басқа елдер алғашқы кездері тек қана экспорттық өндіріске арналған импорттық тауарларды шеттен әкелуге жағдайлар (бірқатар жеңілдіктер) жасады, ал экспорттық өндіріске қатысы жоқ тауарлардың импорты шектелді немесе оларға тыйым салынды.
Осыған ұқсас әдістемені Тайвань қолданды. Ол жерде импортты алмастыру саясаты жүргізілді. Тым аса дифференцияланған әдіс-айлалар Малайзия тәжірибесінде көрініс тапты, ондағы шектеулер белгілі бір өнімнің экспортына, өндірістң, фирманың немесе жалпы саланың сандық параметрлеріне байланысты белгіленді.
Сонымен бірге, сауда саясатының тиімділігі үшін импортты алмастыруды жүзеге асыру жолын таңдау өте маңызды.
Осылайша, көптеген елдер экспортты өңдеу дәрежесін арттыру ісін менсінбеді де, дамудың экстенсивті жолдарын таңдады (Аргентина), бұған қарағанда Бразилия өз тауарларын терең өңдеуді арттыру жолы бойынша жүргізіп отырды.
Мұндай мысал Латын Америкасында, Шығыс Азияда кең танымал. Экономикалық дамуды көтеру қажеттілігін сезіну экономиканың болашақ секторларын дамытудың ұзақ мерзімдік бағдарламасын қабылдауға мемлекетті бағыттады. Құрылымдық қайта құрудың қажеттілігі бірқатар салалардың өзгеруін қамтамасыз етті, бұл салаларда мемлекет тарапынан протекционистік қорғау жүргізілді.
Бірақ мұндай реттегіштерді қолдану саналы шектеулерде жүруі тиіс. Көптеген мемлекеттер барлық тауарлар импортының ырықтандырылуын қамтамасыз еткен жоқ, ол тек қана басым салалардың дұрыс дамуы үшін стратегиялық маңызды тауарлар импортының ырықтандырылуын қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, мынаны атап өту керек, яғни сауда саясатында қолданылатын шаралар мен реттегіштер синхронды түрде инвестициялық, кедендік, валюталық және басқа да саясаттардың реттегіштерін іске қосуы тиіс.
Атап айтқанда, кедендік саясаттың болашағы зор, бірақ өз дамуында белгілі бір күшті жинақталмаған салаларға ғана бағыттауы мүмкін. Өйткені, елдің экспорттық табысының құрамдас бөлігі болып табылатын салалар еркін сауда режимі салдарынан жедел түрде күйреуге бейім болып келеді. Инвестициялық саясаттың құралдары «даму локомотиві» болып қызмет ете алатын салалардың дамуына бағытталуы мүмкін.
1. 2 Сауда саясатының құралдары
Мемлекет шаруашылық субъектілеріне кеңестер беруі және қандай да бір іс-әрекетке ынталандыруы мүмкін.
Мемлекеттің сыртқы саудадағы өтімді құралдары әр түрлі тыйым салу, мысалға бір өнімнің экспорты мен импортына және бір елге қатысты тыйым салу болып табылады.
Сыртқы сауданың құралдарына екі жақты немесе көп жақты келісімдер жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылык субъектілерін мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауына мәжбүр еткізеді. Осы құралдарға тарифтік (tariffs) және тарифтік емес шектеулер (non tariffs barriers) кіреді.
Әлемдік нарықтың динамикалық өзгермелі конъюнктурасы жағдайында аргентиналық нұсқа экономика дамуының тежегіші болды, ал Бразилияда даму локомативті болып саналады, өйткені ол алғашында халық шаруашылығының өндірістік кешенінің интенсивті емес, экстенсивті әдіспен дамуын көздеген еді.
Осы айтылғандардан мынадай қорытынды шығады: яғни сауда саясаты бірінші немесе екінші әдісті жүзеге асыру жағдайында да, әр алуан экономикалық салдарды қамтамасыз етеді. Бірақ мынаны атап өту керек, реформалардың басталған мерзіміне байланысты, экономиканың дамуы үшін бөгеттердің ашылуы, халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі, аймақтық принциптерді күшейту жағдайларында елдер үшін экономикалық реттеу құралдарын таңдау әр алуан, кейде шектеулі болады.
Мысалы, қазіргі кезде барлық постсоциалистік мемлекеттер сыртқы сауда ұйымына кіру жолында кедендік және басқа келісімдер шеңберінде қабылданған міндеттемелердің қиындығымен кездеседі.
Әр түрлі елдердің сыртқы экономикалық саясатын зерттеу нәтижесінде мыналар анықталған, яғни дамушы әлем, әлемдік шаруашылық байланыстардың біртұтас кешенінің күрделі әлеміне - ұлттық экономикалардың тиімді түрде кіруі сияқты оңтайлы нұсқаны пайдалану жолымен жүруі тиіс.
Осыған байланысты елдің экспорттық саясатында осы үшін қабылданатын шаралар келесі іс-әрекеттерден тұрады:
- экспорттық салалардың дамуы үшін жағдайлар жасау немесе экспорттық өндіріс салаларына бағыттау;
- кейбір салалардың дамуын бағалау және импорттық өндіріспен бәсекелесу үшін мүмкіндігі жоқ салаларды жабу бағдарламасын қабылдау;
- егер белгілі бір саланың келешекте әлемдік нарықта белгілі бір орынды қамтамасыз ету мүмкіндігі болса, бірақ та қазіргі таңда осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру жағдайы болмағанда:
1) кедендік қорғау;
2) қаржылық және фискальдық ынталандыру;
3) қолайлы жағдайлар мен жеңілдіктердің басқа түрлерін құру.
Бұл жүргізілетін өнеркәсіптік саясат ұтымдылығы бар сыртқы сауда саясатының адекваттығын қажет етеді (интенсивті модернизацияны бастан кешіріп отырған салаларды қорғау белгілі елде өндірілмейтін тауарлар өндірісін дамыту; өндірістің басым салалары қызмет ете алмайтын тауарлар импортын ынталандыру) .
Экспорттық-импорттық саясаты жүзеге асыру кезіндегі әдістемелік жолдар төмендегілерге қатысты мұқият таңдалуы тиіс: нақты тауарға; оны өндірудегі қалыптасқан жағдайға; ішкі ұлттық нарық, елдің экспорттық жеткізулер кұрылымындағы оның орнына; халықаралық еңбек бөлінісіндегі (ХЕБ) болашағына.
Осы жағдайда белгілі бір таңдалған құрал протекционистік режимге, не ырықтандыру режиміне қызмет көрсетеді.
Аталғандардың бірінші режимі өз тіршілігінде уақытша параметрлермен шектелген және қол жеткен мақсат бойынша әлсірейді не толығымен тыйым салынуы мүмкін. Бір мезетте, экспорттық позициялардың даму локомотиві болып табылатын салалар инвестициялық саясатгың басым объектісі болып табылады.
Осы кезде дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымдары тарапынан болатын протекционистік режимдер өзіне қатысты қарама-қайшы күштерда сезінуі мүмкін. Өйткені, кез келген дамушы мемлекет маңызды тұтқалардың (рычагтардың) қысымын басынан өткереді, ал оған жауапты шаралар ретінде оларды маневрлеу үшін жеткілікті варианттарды қолданады.
Әлемдік шаруашылық байланыстар интеграциясының тұжырымдамасын алға қою өзара қарым-қатынастар векторының ақырындап өзгеруін қамтамасыз етеді.
Импорттық саясатты жүзеге асыру кезінде төмендегідей әдістеме қолданылады: тауарлар өндірісіндегі ұлттық мүмкіндікті талдау; оның ұлттық экономика құрылымындағы экспорттық позициядағы орнын анықтау; әлемдік нарық тенденцияларын талдау.
Төлем балансының тең болмауы, экспорт тиімділігінің төмендеуі жағдайларында протекционистік режимді қамтамасыз ететін құралдардың кең арсеналы қолданылады.
Белгілі бір нақты мақсат пен қорғау дәрежесіне қол жеткізген кезде протекционистік режимнің бұл құралдары басқа шаралармен және реттегіштермен ауыстырылады.
1. 3 Дамыған және дамушы елдердегі сауда саясаты
АҚШ-тың сауда саясатының ерекшеліктері. Сауда саясаты сыртқы экономикалық саясатпен тығыз байланысты болатыны белгілі. Мұндай өзара байланыстың мазмұндылығы - сыртқы сауданың американдық экономикаға елеулі түрде әсер етуімен анықталған.
Тиісінше, сыртқы саудалық саясатты анықтайтын құрамдас бөліктер ішіндегі сыртқы саудалық емес, жалпы-шаруашылық сипаты бар инфляциялық экономикалық дамуды атап өту керек.
Дегенмен, сауда саясатының автономдылығы: инвестициялауға ынталандыруды күшейту, еңбек өнімділігін арттыру, инфляцияны әлсірету сияқты саясаттарды толықтырады. Экономикалық қайта өркендеудің мұндай саясаты президент Р. Рейганның басқаруы кезінде орын алған еді, ал саудалық тапшылық оның дамуы жолындағы «тежегіш» болды, АҚШ сөрелерін шетел тауарларының «ағылып келуі» бәсекені күшейтті. Мұндай жағдайға дәстүрлі емес салалар тап болды. Олар нарық пен жұмысшы күшінің жойылуына тойтарыс бере алмады. Аталған жағдай АҚШ қоғамын «тебіренте» алмады. АҚШ-тың демократиялық партиясы мұндай сұрақты бірінші рет қозғап нәтижесінде оны шешуге беделді республикаларды қосты. Бұл кезең заңдарға протекционистік ұсыныстардың ағылып келуін интенсивті дамытумен сипатталады.
1984 жылы АҚШ Үкіметі Тарифтер мен сауданың Бас келісімдері (ТСБА) шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту шешімін қабылдайды.
Тиісінше, 1985 жылы Р. Рейган әкімшілігі сыртқы сауда балансындағы тапшылықты төмендеудің арнайы шараларын жасады және төмендегі шаралардан тұратын нақты бағдарламаны ұсынды:
а) сыртқы нарықтағы әділетсіз бәсекені ығыстыру жолымен американдық экспорт үшін қолайлы жағдайларды жасау;
ә) американдық экспортты субсидиялауды едәуір кеңейту;
б) доллар бағамын төмендету мақсатында валюталық нарықтардағы операцияларды Батыс серіктестерімен бірігіп басқару.
Американдық үкімет ірі Батыс мемлекеттеріне күшті қысым көрсетті.
Ондағы мақсат - осы мемлекеттерде экспансионистік ішкі экономикалық саясатты күшейту.
Осы мезетте Р. Рейган әкімшілігі демпингпен және патенттік құқықтарды бұзумен күресті күшейте отырып, халықаралық саудадағы АҚШ-тың мүдделерін қорғауды күшейту бойынша жоба дайындады.
Р. Рейган мынаны атап өтті: «егер американдық еркін саудаға ықпал етуде күмәнданатын болса, онда ол баршаға зиян келіп, күйрейді». Бұл айтылғанды тек қана теориялық абстракция деп есептеген басқарушы органдар мен кәсіподақ қозғалысы арасында бұл жайт резонанс тудырды.
Үкіметтің бүкіл сыртқы экономикалық доктринасы күмәнданды, өйткені еркін саудаға ықпал ету елдің толық мүддесіне сәйкес келмейді (Р. Бреннон, П. Самуэльсон, П. Кругман) .
Сонымен қатар, американдық экономистердің басым көпшілігі тікелей протекционизмдік үгіттеуді (жариялауды) жоққа шығарды.
Осының салдарынан, американдық экономикада сауданы жүргізу әдістерін түсінуде елеулі қарама-қайшы пікірлер туындады. Бірақ, біз халықаралық сауданың тежелуін байқаймыз.
Елеулі пікірталастар нәтижесінде осы кезеңдегі АҚШ-тың сыртқы сауда саясаты төмендегі ерекшеліктермен сипатталады:
- әділ сауда терминінің кең түрде түсіндірілуін қатаң қолдануға ұмтылу;
- 30-жылдары Тарифтер мен сауда бойынша Бас ассоциацияның ұсынған өзаралық принципті жаңарту. Бұл принциптің мәні мынада, яғни көп жақты келіссөздер процесінде мемлекеттердің бір-біріне ұсынатын сауда жеңілдіктерінің белгілі бір сәйкестілігін талап етуі;
- американдық үкіметтің сыртқы экономикалык саясатын қоғамның қабылдамауы екі жақты негізде кедендік қорғаудың қарама-қарсы салмағын туындатты. Бұл жол тауарлардың жекелеген категорияларын ескеруді талап етті.
АҚШ-тың агрессиялы сауда тұжырымдамасы саудалық соғыстардың күшеюін айқындады.
Тиісінше, АҚШ «шетелдегі жабық есіктерді ашу үшін» сауда санкцияларын қолдануды қолға алды. Рейган мырза бұл санкцияны соңғы құрал ретінде қолданылатынын атап өтті. Бірақ көптеген экономистердің пікірі бойынша, сауданы ырықтандырудың мұндай жолдары қарама-қарсы шектеуші шарттарды туындата отырып, бүкіл әлемде оған қарсы күресін (конфронтация) күшейтуі мүмкін.
Әкімшіліктің жаңа тұжырымдамасы елеулі түрде елдің өнеркәсіптік саясаты проблемаларымен байланысқан.
Дегенмен, американдық өндіріс еркін сауда саясатын көздей отырып, осы саясаттың бірқатар құралдарын қолданады.
Оның дәлелі ретінде көптеген шетел мемлекеттерінің өнеркәсіптік саясаты қарастырылады, яғни ол саясат кезінде ұлттық өнеркәсіптің жекелеген салаларына жасанды қолдау көрсетіледі.
Шетелдік мемлекеттердің Үкіметі өз компанияларының салыстырмалы артықшылығын субъективті түрде қалыптастыратындығын атап өту керек. Тиісінше көптеген ғалымдар мен ірі өнеркәсіпшілер жеткілікті деңгейдегі теңдік кезінде бәсекелестік жағдайларын талап етеді. Бұл жағдайда АҚШ-тың Сауда палатасы ерекше орын алды, олардың айтуынша Үкіметтік көмекке емес, нарықтарға арқа сүйеу керек.
Бұл жүргізілген сауда саясаты нәтижесінде сыртқы нарықтардағы, соның ішінде ғылыми өнімдер нарығындағы АҚШ үлесінің едәуір темендегені анықталды.
Бұл кездегі факторларды қалыптастырушылар:
• бір жағынан, әлемдегі елдерді АҚШ деңгейіне тартатын жаңа тауар өндірушілердің туындауы;
• екінші жағынан, АҚШ-тағы инвестициялаудың төмендеу жағдайында экономиканың жеткілікті түрде жоғары қарқынмен дамуы.
Осыдан, АҚШ Президенті жанындағы экономикалық кеңесшілер Кеңесі «Американдық өнеркәсіп құрылымын анықтауда Үкімет рөл ойнауы тиіс пе?» деген сұрақ қойып отыр.
Оның мынандай салдары болуы мүмкін: протекционизмнің күшеюі, орталықтандырылған жоспарлау, жемқорлық элементтерінің туындауы, мемлекеттік сектордағы кереғар жағдайлар.
Сондықтан сыртқы сауда саясаты бойынша АҚШ-тың Ақ кітабында - Үкіметтің өнеркәсіптің бейімделу сипатына, нарық талабына және әлемдік шаруашылықгың құрылымдық өзгерістеріне қатынасы - саясаттын ең маңызды элементтерінің бірі болып қарастырылады.
АҚШ-тың билеуші органдарының пікірінше, жетекшілікке қол жеткізу үшін әлемдік шаруашылықтың шешуші салаларындағы үстемдік тұғырды сақтап қалу керек.
Осылайша, әкімшіліктің ресми қадамдары оның тактикалық әдістеріне үнемі да сай келе бермейді.
Нарықтық күштерге сүйенудің заңды екендігін анықтай отырып, кейінгі бағдарламалық құжаттарда «Өнеркәсіптік саясат» термині қарастырылмаған.
Бірқатар экономистер мен сауда өкілдерінің пікірінше, кейбір салаларды әлемдік нарықтан шығарып тастау табиғи процесс болып табылады.
Соның арасында әлемдік саудадағы тенденцияларды ескере отырып, Үкімет экономикаға өте көп араласуда және АҚШ-тың Мемлекеттік Хатшыларының бірінің пікірі бойынша, АҚШ-тың Еуропамен және Жапониямен экономикалық келіспеушілігі осымен анықталады.
Сол сияқты, әлемдегі бәсекенің шиеленісуі мен сауда балансының нашарлауына қарамастан, экспортқа жағдай жасаудың шешуші қадамдарының қабылданбай жатқандығын түсіндіру керек. Сыртқы саясаттын бағыттарынан шығатын экспортерді марапаттау:
- қолайлы сауда-саяси режимдерді қалыптастыра отырып, жанама әдістермен шешілуі тиіс.
Мұны түсіндіретін жайттың бірі мынау: яғни АҚШ ішкі нарықтағы пассивті қадамдарды сақтау кезінде шетелдік кедергілерді алып тастайды.
Кедергілерді жою саясаты американдық экспорт жолында тұрған салаларға қатысты болады. Осы мәселелерді шешу және экспорттық экспансияның тиімділігі үшін американдық үкімет қолайлы жағдайларды туғызу үшін күрес жүргізеді:
• жеке меншік капиталдың сыртқы экономикалық қызмет үшін;
• көп жақты, екіжақты, аймақтық аспектілер негізінде көпсалалық компаниялар үшін.
Осылайша, сыртқы сауданы ырықтандыру әдістеріндегі даму жөніндегі деректі атап көрсетуге болады (әрбір елмен автомашинаны салықсыз сату жөніндегі келісімі, Жапониямен импортты шектеу - «Серілік келісімдер») .
АҚШ-тың сауда-саяси стратегиясында Тарифтер мен сауданың Бас ассоциациясы шеңберінде келіссөздерді ұйымдастыру ерекше орын алады.
70-жылдар аяғындағы болжам бойынша, таяудағы 10 жыл қызмет көрсету саласында, яғни көрінбейтін саудада 90% көлемінде жаңа жұмысшы күшінің орны құрылады. Бұл сала халықаралық бақылау саласынан тыс қарастырылады.
Тиісінше, Д. Картер Токио раунды келіссөздері кезінде қызмет саудасындағы ырықтандыруды күшейту жөніндегі сұрақты ерекше атап өтті. Өйткені халықаралық еңбі бөлінісінде американдық экономиканың жаңа орны, яғни тауар өндіруші емес, қызметтерді өндіруші ретіндегі рөлі анықталды.
Бірнеше жылдан кейін, американдық үкімет Тарифтер мен сауданың Бас ассоциациясы шеңберіндегі келіссөздерді ғылыми тауарлардың халықаралық саудасы шартымен байланыстырды.
Өйткені 80-90-жылдар аралығында ресурстың ең тапшы түрі - технология болып саналды.
Көптеген мемлекеттерде бұл сала өзінің дамуына үкіметтің араласуын қажет деп тапты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz