Азық құрамындағы қоректі заттардың рөлі мен маңызы малды толық құрамды азықтандыру оған қажетті қоректік заттарды анықтайтын факторлар



1.Малды теңестірілмеген толық құрамды азықтандыру туралы ұғым
2. Азықтың протеиндік қоректілігі және құнарлы көмірсулармен қамтамасыз ету
3. Азықтың көмірсулық құнарлылығы
4. Азық құрамындағы майлар, малды маймен қамтамасыз ету
5. Азықтық витаминдік қоректілігі, малды витаминмен қамтамасыз ету
6. Азықтық минералдың қоректілігі, малды минералдық заттармен қамтамасыз ету
Жануар организмінің қоректенуі - күрделі биологиялық құбылыс. Оның барысында, бір жағынан, сыртқы ортадан енген жемшөптің күрделі қоректік қосындылары қорытылып, сіңіріліп, игеріліп жатса, екінші жағынан, дене қосындылары ыдыратылып, қайта сыртқа шығарылып жатады. Тіршілік бойы осылай ассимиляция мен диссимиляция (катаболиз мен анаболизм), яғни түзу мен ыдырау түрінде үздіксіз жүретін организмдегі зат алмасуы қажетті қоректік қосындылар мен желінген жемшөп арқылы қамтамасыз етіледі. Организмнің осындай мұқтаждығын жан-жақты да толық қамтамасыз ету дәрежесі мен айғақталатын мал азығының қоректілігі қандай да болмасын бір көрсеткішпен белгілеуге келмейді.
Мал азығының қоректілігін жан-жақты да толық сипаттау үшін оның жалпы, яғни энергетикалық қоректілігімен қатар құрғақ затының қасиеттері мен желінуін, протеинінің физикалық-химиялық қасиеттері мен аминқышқылдық құрамын, майының ерігіштігі мен ауыспайтын май қышқылдарына қаныққандығын, көмірсуларының негізгі фракциялары мен қорытылымын, минералдық, витаминдік құрамын анықтайды. Тек сонда ғана азық қоректілігінің биологиялық тұрғыдан толық бағалылығы (полноценность), яғни құнарлылығы туралы тұжырымдауға болады. Азық құнарлылығын айғақтайтын сапалық көрсеткіштері протеиндік, минералдық және витаминдік құндылығы болып табылады.
Малдың ас қорытуы белгілі химиялық және физикалық-химиялық заңдылықтарымен өтеді де, соның барысында сыртқы ортадан енген қосындылар негізгі және аралық алмасу барысында анаболикалық және катоболикалық, яғни түзу мен ыдыраушылық өзгерістерден өтіп аяққы (соңғы) қосындылары қалдықтар түрінде қайта сыртқа шығарылады. Энергия сақталу заңдылықтарымен өтетін сол өзгерістерді термохимия тұрғысынан қарастыруға болады. Термохимия ілімінің бірінші заңдылығы бойынша күрделі химиялық қосындыны ыдыратуға жұмсалатын энергия, яғни жылу оның түзілгенінде пайда болған жылуға тең келеді. Мысалы, судың грамм-молекуласы 18 г. Оны түзуге қатысатын 2 г сутегі мен 16 г оттегінен 69 ккал жылу шығады. Енді бұл суды электролизбен ыдыратқанда, осыншама энергия (жылу) жұмсалады.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
2 дәріс.

Азық құрамындағы қоректі заттардың рөлі мен маңызы малды толық құрамды
азықтандыру оған қажетті қоректік заттарды анықтайтын факторлар

Жоспары:

1.Малды теңестірілмеген толық құрамды азықтандыру туралы ұғым
2. Азықтың протеиндік қоректілігі және құнарлы көмірсулармен қамтамасыз ету
3. Азықтың көмірсулық құнарлылығы
4. Азық құрамындағы майлар, малды маймен қамтамасыз ету
5. Азықтық витаминдік қоректілігі, малды витаминмен қамтамасыз ету
6. Азықтық минералдың қоректілігі, малды минералдық заттармен қамтамасыз
ету

Жануар организмінің қоректенуі - күрделі биологиялық құбылыс. Оның
барысында, бір жағынан, сыртқы ортадан енген жемшөптің күрделі қоректік
қосындылары қорытылып, сіңіріліп, игеріліп жатса, екінші жағынан, дене
қосындылары ыдыратылып, қайта сыртқа шығарылып жатады. Тіршілік бойы осылай
ассимиляция мен диссимиляция (катаболиз мен анаболизм), яғни түзу мен
ыдырау түрінде үздіксіз жүретін организмдегі зат алмасуы қажетті қоректік
қосындылар мен желінген жемшөп арқылы қамтамасыз етіледі. Организмнің
осындай мұқтаждығын жан-жақты да толық қамтамасыз ету дәрежесі мен
айғақталатын мал азығының қоректілігі қандай да болмасын бір көрсеткішпен
белгілеуге келмейді.
Мал азығының қоректілігін жан-жақты да толық сипаттау үшін оның жалпы,
яғни энергетикалық қоректілігімен қатар құрғақ затының қасиеттері мен
желінуін, протеинінің физикалық-химиялық қасиеттері мен аминқышқылдық
құрамын, майының ерігіштігі мен ауыспайтын май қышқылдарына қаныққандығын,
көмірсуларының негізгі фракциялары мен қорытылымын, минералдық, витаминдік
құрамын анықтайды. Тек сонда ғана азық қоректілігінің биологиялық тұрғыдан
толық бағалылығы (полноценность), яғни құнарлылығы туралы тұжырымдауға
болады. Азық құнарлылығын айғақтайтын сапалық көрсеткіштері протеиндік,
минералдық және витаминдік құндылығы болып табылады.
Малдың ас қорытуы белгілі химиялық және физикалық-химиялық
заңдылықтарымен өтеді де, соның барысында сыртқы ортадан енген қосындылар
негізгі және аралық алмасу барысында анаболикалық және катоболикалық, яғни
түзу мен ыдыраушылық өзгерістерден өтіп аяққы (соңғы) қосындылары қалдықтар
түрінде қайта сыртқа шығарылады. Энергия сақталу заңдылықтарымен өтетін сол
өзгерістерді термохимия тұрғысынан қарастыруға болады. Термохимия ілімінің
бірінші заңдылығы бойынша күрделі химиялық қосындыны ыдыратуға жұмсалатын
энергия, яғни жылу оның түзілгенінде пайда болған жылуға тең келеді.
Мысалы, судың грамм-молекуласы 18 г. Оны түзуге қатысатын 2 г сутегі мен 16
г оттегінен 69 ккал жылу шығады. Енді бұл суды электролизбен ыдыратқанда,
осыншама энергия (жылу) жұмсалады.
Г. Гесс (1840) заңы деп аталатын термохимияның екінші заңдылығы
бойынша заттар өзгеруінде пайда болатын жылу (химияда энтальпия деп
аталады) өзгеріс барысында өтетін реакциялардан тәуелсіз, оның бастапқы
және аяққы түріне байланысты шығарылады. Мысалы, көмірқышқыл газын бірден
қос тотықтап немесе екі сатымен тотықтырып түзуге болады. Бірақ екі
жағдайда да 97 ккал жылу шығарылады. Міне, осы заңдылыққа сүйене отырып,
малға жегізілген азық қоректік заттары мен шығарылған қалдықтардың
энергиясын білсек, организмдегі өткен аралық өзгерістеріне қарамай денедегі
энергетикалық алмасу балансын есептеуімізге болады.
Мал организмінде бұл зандылықтар энергия балансы түрінде орын алады.
Ол нөлдік болған жағдайда азықпен енген энергия мал организмінің тіршілігін
сақтауға (дене жылулығына, ішкі мүшелер мен ағзалар қызметіне, тыныстануға,
қан айналымына, т. б.) жұмсалып, өнім өндірілмейді. Мал дәрігерлік және
зоотехникалық тұрғыдан азықтандыруда орын алатын биоэнергетикалық
заңдылықтарға сәйкес азық қоректік заттарының макроэнергетикалық
қосындыларының жылу (энергия) өндіру мен өнімге айналуы, яғни
конверсиялануы жете зерттелуі керек. Тек сонда ғана үнемді азық шығыны мен
мал денсаулығын сақтап, шаруашылықта пайдалану мерзімін ұзартып, мол да
сапалы өнім өндіруге болады.
Азық қоректілігінің негізгі көрсеткіші болып табылатын энергети-калық
қоректілігі қоректік заттардың қуаттылығымен қоса бірқатар құнарлылық
сапалық көрсеткіштеріне тәуелді келеді. Өйткені желінген азық қоректік
заттарынан энергияның (жылудың) пайда болуын жай жанумен салыстыруға
болмайды. Биологиялық тотығу барысында оттегімен қоректік заттар біртіндеп
тотығып, аяққы қосындыларына (СО2 мен Н20) дейін бірнеше аралық
қосындыларға айналып барып ыдырайды. Сонымен қоса қоректік заттар энергиясы
оттегін қосып алумен қатар ірі молекулалардың бөлінгенінде де шығарылатынын
ескеруіміз керек.
Протеин мал дене ұлпаларының белоктары жаңарып, өнім белогі түзілуіне
қажет аминқышқылдары түріндегі құрылымдық (структурные) қосындыларды
жеткізетін бағалы қоректік зат тобы. Азық үлгісінің жалпы азотын 6,26
коэффициентіне көбейту арқылы шығарылатын шикі протеин тобына
аминқышқылдарының көп пептидтік тізбегінен тұратын белоктар (таза,
нағыз протеиндер) мен амидтер атты топқа біріктірілген олардан тыс
басқада азотты қосындылар (жеке аминқышқылдары, нитриттер, нитраттар, т.
б.) жатады.
Протеин организмде құрылымдық қызмет атқаратындықтан, оның
құнарлылығы, яғни мал қоректенуіндегі биологиялық бағалылық құнды-нығы
желінген азық азотты қосындыларының мал денесі мен өнімінің азотты
қосындыларына айналу (конверсиялану) дәрежесімен бағаланады. Ac қорыту
барысында азотты заттардың конверсиялану дәрежесі желінген жалпы азотты
заттардың, яғни шикі протеиннің алдымен қорытылған протеин мен
(переваримый протеин) белгіленетін қорытылуына тәуелді болса, содан кейін
сіңірілген аминқышқылдарының денедегі белоетық түзуге толық пайдаланылуымен
айқындалады.
Желінген азық протеинінің 98% қанға аминқышқылдары түрінде, тек қалған
2% қос пептидтер, аммиак, нитраттар мен нитриттер түрінде
сіңірілетіндіктен, протеиннің организмдегі пайдаланылуы алдымен амин-
қышқылдық құрамына тәуелді өзгереді. Жасуша рибосомасында өтетін биотүзуге
жеткізілген аминқышқылдар құрамы мал денесі мен өнімі бе-логының
аминқышқылдық құрамына, алдымен полипептидтік түзуде орнын басқа
аминқышқылдарымен ауыстырып, алмастыруға келмейтін, яғни ауыспайтын
(незаменимые) аминқышқылдары бойынша неғұрлым жақындаған сайын оның
пайдалынымы да жоғарылап, құнарлылығы өседі.
Белок түзуін қамтамасыз ету үшін барлық ауыспайтын аминқыш-қылдары,
оның ішінде алдымен осы аталған басты үшеуі міндетті түрде мал қорегіне
желінген азық протеинімен жеткілікті мөлшерде жеткізілуі шарт. Олай
болмаған жағдайда азық протеинінің конверсиялануы нашарлап, жалпы протеин
жеткілікті болса да, оның игерілімі төмендейді. Ауыспайтын
аминқышқылдарымен қоса протеин құрамындағы глицин, серин, аланин, цистин,
пролин, тирозин, цитрулин, аспарагин, глутамин, т. б. биотүзуге қажет
жағдайда басқа аминқышқылдарынан (азоттық қосындылардан) түзіліп, орны
толықтырылатындықтан ауыстырылатын (заменимые) аминқышқылдары деп аталады.
Солай болғанымен де олардың да организмдегі биотүзуге желінген азық
протеинімен жеткізілгені тиімді.
Көп пептидтік тізбекте тіпті бір ғана қажетті ауыспайтын аминқыш-
қылының жетіспеушілігі бүкіл белок молекуласының түзілуін тежейді.
Биотүзудің тежелуі өзінен тікелей өндірілетін өнімді (белокты, энергияны,
жұмысты) шектеумен қатар зат алмасуының басқа қырларына залалын тигізіп,
басқа да өнім түзілуіне кедергі туғызады. Мысалы, метионин мен цистин ет
қышқылдарының, атап айтқанда, тауриннің түзілуіне қажет болғаңцықтан
олардың жетіспеушілігінен белок түзілуімен қатар май ал-масуы да бұзылады.
Кеңістік формасына сәйкес белоктар құрамындағы аминқышқылдары бір-
біріне ұзынынан созылмалы тіркес тізбектер құрайтын жіп тәріздес фибрилді
және көп пептидтік тізбектері жинақы, дөңгеленген глобулярлы белоктарға
бөлінеді. Фибрилді белоктар ұзынынан ұзақ қатарланып жи-нақталған су мен
әлсіз түз ертінділерінде ерімейтін, мықты да созылмалы сіңір, тері, жүн,
жал, шаш құрамына кіреді. Глобулярлық белоктардың көпшілігі су мен тұз
ерітінділерінде ерігіш келеді де, көбіне ферменттер, гормондар құрамында
динамикалық қызмет атқарады.
Протеин құрамы белок түріне қарай да өзгереді. Мысалы, лизин жүгері
зеинінде аз, ал бидай глутелинінде көп болады. Гистондар жануар тектес азық
пен балық белоктарында жиналады. Жал, жүн, тұяқ пен мүйіз кератині мен
шеміршек коллагенынан тұратын склеропротеиндер ас қорыту сөлдерімен
қорытылмайтындықтан мал азығына оларды физикалық-химиялық тәсілдер мен
өңдегендегі пайда болатын гидролизаты қолда-нылады.
Фототүзудің алғашқы өнімі болып табылатын көмірсулар табиғатта ең көп
тараған органикалық қосындылар. Өсімдік тектес жемшөп органикалық затының
2з бөлігін құрастыратын олар басқа органикалық қосындылар биотүзуінің және
төрт түлік мал азығының негізгі энергия көзі болып табылады. Азықтардың
көмірсулық құнарлылығын азотсыз экстрактивті заттар мен (АЭЗ) шикі
жасуның тобына кіретін химиялық құрамы, қорытылуы мен қуаттылығы жағынан
бір-бірінен өзгешеленетін түрлі қанттар, дектриндер, крахмал,
гемицеллюлоза, целлюлоза, лигнин, пантозандар, т. б. бойынша бағалайды.
Жалпы химиялық құрылымы Cm(H2O)n формуласымен белгіленетін көмірсулар
бір-(моно-) қанттар, орта-(олиго-) қанттар мен көп-(поли-) қанттарға
бөлінеді. Олардың қатарына глюкопротеидтер, глюколипидтер мен глюкозидтер
секілді күрделі көмірсулар да жатады. Моноқанттар суда тез ериді де,
альдегидтік (СНО) және кетондық (CO) топтар арқылы тиісті қышқылдарға
тотығып, фосфор қышқылымен байланысады. Табиғатта бос түрінде
моноқанттардан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
О. Кельнер тәжірибесі. Қорытылу коэффициентін есептеу
«Сиыр табынын толтыратын ұрғашы бұзауларды азықтандыру»
ОХ Заречное шарттарында аналық ұядан алынған қара–ала тұқымдарының өнімділік сапасының салыстырмалы көрсеткіштері
Ірі қара төлін бардамен бордақылау
Мал азықтары жайлы
Сауынды сиырларды толық қанды азықтандыру
Тұқымдық бұқаларды азықтандыру ерекшеліктері
«Суалған буаз сиырды азықтандыру»
Шөп дайындау курс
«Қошқарды тұқымына қарай азықтандыру»
Пәндер