Құнарлы азықтар (дәнді азықтар, құрама жем, техникалық өндіріс және тағам қалдықтары, витаминдік және микробиологиялық препараттар, азотты қоспалар)


Дәріс №6.
Құнарлы азықтар (Дәнді азықтар, құрама жем, техникалық өндіріс және тағам қалдықтары, витаминдік және микробиологиялық препараттар, азотты қоспалар) .
Жоспар.
- Дәнді азықтардың малға жегізудегі маңызы және оны малға беруге дайындау (ұнтақтау, ашыту, булау, сығу, бөрттірі, жаншу т. б. ) .
2. Құрама азық тұралы түсінік және оның мал өнімділігін арттырудағы маңызы.
- Техникалық өндіріс қалдықтарын (ұн-кебек, жарма, ұлпа; май-күнжара, шрот; спирт-астық, картоп, сірне бардасы; қант-жом, қышқыл, азықтық сіріне патока) және тағам қалдыктарын пайдалану тәсілі.
- Жануар тектес (сүт, ет, балық) азықтарды малға пайдалану тәсілдері.
Құнарлы азық. Техникалық өндірістің азықтық, қалдықтары
Құнарлы мал азығына энергетикалық қуаттылығы мен қоректілік құнарлылығы жоғары, құрғақ затындағы жасунығы - 19%-дан аспай, 1 кг-дағы қоректік заттар қосындысы - 0, 5 кг-нан, жалпы қоректілігі - 0, 65 азық өлшемінен асатын азықтар жатады. Оларға мал азығына жұмсалатын дән мен дән қалдықтары және кебегі, өсімдік май өндірісінің күнжара мен шрот түріндегі қалдықтары кіреді.
Құрғақ затындағы жасуныққа көлемі бойынша ірі жемшөпке жатқызылатын шөп ұнын (витаминная мука) жалпы қоректілігі бойынша құнарлы азыққа жатқызуды жөн көрдік.
Шөп ұны. Жаңа шабылған көк балаусаны жоғары температуралық қондырғыда кептіріп, ұнтақтап дайындайтын азық. 600-800°С бірнеше минутта 12-14% ылғалдылыққа дейін кептірілгенде өсімдіктің ішкі температурасы 90- 100°С жоғары көтеріліп үлгермейді де, шөп үнында көк шөптің барлық дерлік қоректік заттары мен витаминдері (каротині) толығымен сақталады. Дұрыс кептірілген шөп ұнындағы қоректік заттарының шығыны 1-2%-дан аспайды. Өте тез кептірілген олардың қоректілік қасиеттері кемімей, тек протеині біршама натурасызданып, энергетикалық қуаттылығы сөл төмендеп, 5-15% көлемінде каротині ыдырайды.
Әдетте, шөп ұнын бұршақ тұқымдастар көгінен дайындайтындықтан, каротинмен қоса оның құнды протеині жоғары сақталып, дайындалған азықты витаминді-протеинді шөп ұны деп атайды. Оның қоректілік сапасын құрамындағы ылғалы, протеині мен каротині бойынша бағалайды.
Стандартты 13, 5% ылғалдылықтағы шөп ұнында «шикі» протеин 25% болса - 30 балл, 23% болса - 24 балл, 21% болса - 18 балл, 18% болса - 12 балл, 16%-дан төмен болса - 6 балл; 1 кг-дагы каротині 270 мг болса - 70 балл, 245 мг болса - 60 балл, 225 мг болса - 50 балл, 200 мг болса - 40 балл, 180 мг болса - 30 балл, 155 мг болса - 20 балл, 130 мг болса - 10 балл беріліп, осы көрсеткіштері бойынша 95 балл жинаған шөп ұнының сапасын - аса жақсы, 70-95 балл жинағанын - өте жақсы, 40-70 балл жинағанын - жақсы, 20-40 балл жинағанын қанағаттанарлық деп бағалайды.
1 кг-да 0, 6-0, 7 а. ө., 100-120 г қорытылатын протеин, 250-280 мг каротині болатын бұршақ тұқымдастар көгінен дайындалған шөп ұны қорытылатын протеині бойынша құнарлы жемге теңелсе, каротиннің сақталуы жағынан сол дақыл пішенінен 3-4 есе асып түседі. Оны каротин, протеин мен кальций көзі ретінде мал мен құстың қысқы азығына пайдаланып, құрама жеміне қосады. Шошқа және құс құрамажеміне шартты түрде қосылатын шөп сонымен қатар жемге аумақ беріп, желінуін реттейтін жасунықтың көзі болып табылады.
Құнарлы жем
Дәнді азық. Қоректілік қуаттылығы мен құнарлылығы ең жоғары болып келетін құнды мал азығы. 1 кг дәнді азықтың (жемнің) жалпы қоректілігі сұлы дәнінің өнімдік қоректілігі 1, 00 а. ө. - теңестірілгендіктен сол шамалас болады. Мал азығына жұмсалатын дәндер көмірсулық, яғни энергетикалық қоректілігі басым астық тұқымдастар дәні мен протеиндік қоректілігі басым бұршақ тұқымдастар дәніне бөлінеді.
Мал азығына жұмсалатын арпа, жүгері, бидай, сұлы, қара бидай, тары, сорго, т. б. астық тұқымдастар дәнінің құрамында, орташалап алғанда, 9-13% протеин, 1, 5-2% май (сұлы дәнінде - 5%, жүгері дәнінде - 6-8%), 2-3% жасунық (сұлы дәнінде - 9%), 65% крахмал, 2-3% күл болады. Крахмал түріндегі көмірсулары олардың энергетикалық қуаттылығын қамтамасыз етеді. Азықтық бұршақ тұқымдастар дәнінің құрамында 23-33% протеин, 4, 5-7% жасунық, 3% күл, кейбіреулерінде (айталық, соя дәнінде) біршама май болады. Ауыспайтын аминқышқылдарына қаныққан протеині олардың протеиндік құнарлылығын қамтамасыз етеді. Мал азығына жұмсалатын дәннің химиялық құрамы 1-кестеде келтірілген.
Стандартты ылғалдылығы 13-15% дәннің жасунығы аз болғандықтан, дән органикалық заты жоғары - 70-90%-ға қорытылады. Басқа жемшөпке қарағанда дәннің күлінде кальцийден (3-3, 5%) гөрі фосфоры басым (15-18%) болады. Мал азығына дайындалған жемді сақтау барысында оның қоректілігі мен биологиялық құндылығына ықпал ететін біршама биохимиялық өзгерістер орын алады. Және де ол өзгерістердің өріс алуына сақтау ылғалдылығы, жылулығы мен ауа алмасуы әсер етеді.
Қышқылдығы бойынша қалыпты қышқылдысына - 2 балл, сәл қышқылданғанына - 1 балл, қатты қышқылданғанына - 0 балл;
- дәмі бойынша . . . ұнамды, тартымдысына - 5 бала, тартымсызына - 4 балл, сәл қышқылдысына - 3 балл, дәмсізіне - 2 балл, кермек дәмдісіне -балл; тазалығы бойынша . . . таза, тек азықтық дәндерден туратындарына - 3 бам, улы және зиянды дәндер стандарт көрсеткішінен аспайтындарына -
- балл, улы және зиянды дәндер стандарттан асқанымен оларды таза дәннен бөлуге болатындарына - 1 балл, улы және зиянды дәндері бөлінбейтіндеріне - 0 балл ;
- сақталуы бойынша . . . жақсы сақталған құргақ дәнге - 4 балл, ылгалданып өнген дәнге - 3 балл, қызып, зиянкестермен зақымдалған дәнге - 2 балл, қамба зиянкестерімен қатты зақымдалган дәнге - 1 балл, қар астында қалган дәнге 0 балл беріледі.
Осы көрсеткіштері бойынша 30-26 балл жинаған дән - өте жақсы, 25-20 балл жинаған дән - жақсы, 19-15 балл жинаған дән - орта, 14-11 балл жинаған дән нашар болып бағаланады да, 10 балдан төмен жинаған дәнді малға жегізер алдында өңделуі қажет ететін болып, қайсыбір көрсеткіштен 0 балл алған дәнді мал азығына пайдалануға болмайды деп саналады.
Мал азығына жұмсалатын құнарлы жемнің тазалығын қадағалайды. Дәнді азықтардың құрамында көгеріп, бұзылған дәндер - 3%-дан, басқа да бөгде қосындылар - 1, 5%-дан аспай, дән қышқылсыз, хош иісті болуға тиіс. Оларды малға бүтін немесе ұнтақтап жегізеді. Сұлыны жылқыға мыжып берген жөн. Жем жеуге үйретіп, сілекей шығаруын молайту үшін телге алғашқы аптада қуырылып, ұнтақталып, қабығынан тазартылған арпа, жүгері, бидай, ас бұршақ дәнін жегізеді. Қуырған дәннің крахмалы декстринделуінен дәмі тәттіленеді. Витаминдер жетіспейтін қысқы кезенде дәнді малға өндіріп берген пайдалы. Ол үшін жалпақ ыдысқа салынған дәнді жылы сумен жауып, жылы жарық бөлмеде өндіреді. Ұнтақталған дәнді ашытуға болады. Ашытылған дәнде протеин, витаминдер көбейеді. Жоғары ылғалдылықтағы дәнді аузы тығыз жабылған ыдыстарда салмағына 1, 4-1, 5% пропион немесе сірке қышқылын қосып, 9 айға дейін сақтауға болады.
Жалпы энергетикалық қоректілігі мен қоректік құндылығы жағынан құнарлы мал азығына кебек түріндегі үн өндірісінің қалдығы және күнжара мен шрот түріндегі өсімдік май өндірісінің қалдықтары жатады.
Кебек. Дәнді ұнтақтақтап, елегенде шығарылатын дән қабығы. Елек көзіне сәйкес ірі немесе майда кебек шығарылады. Оның протеинінің аминқышқылдық құрамы өндірілген дәнінікіне сәйкес болады, ал витаминдік құнарлылығы, әсіресе негізінен дән қабығында жиналатын В тобының витаминдері бойынша, дәндікінен асып түседі. Мал азығына жұмсалатын негізгі дәндер кебегінің химиялық құрамы 2-кестеде келтірілген.
2-кесте .
Түрлі дән кебегінің құрамы, %
Кебек - барлық мал түлігінің азығына пайдаланылатын, олардың ас қорытуына көмектесетін диеталық жем. Бидай кебегінің 1 кг-да 5, 7 г («шикі» протеинге - 3, 6%) лизин, 1, 9 г (1, 2%) метионин, 1, 4 г (1, 0%) цистин, 1, 9 г (1, 2%) триптофан бар. Оның 70, 3 г/кг мөлшеріндегі көмірсуларының 2, 4% қант, 15% крахмал, 30, 7% пентозандар, 8% целлюлоза, 10, 5% лигнин үлесіне тиеді. 1 кг құрғақ затында минералды элементтерден кальций - 5, 7 г, фосфор - 11, 2 г, марганец - 150 мг, мырыш 93 мг, мыс - 15 мг, кобальт - 150 мкг болса, витаминдерден тиамин - 5, 4 мг, никотин қышқылы - 220 мг, пантотен қышқылы - 28 мг, холин 1450 мг мөлшерінде болады.
Бидай кебегі құс құрамажеміне жасунық көзі ретінде (толықтырушы наполнитель) қосылса, жаңа босанғандықтан әлсіреп, шөлдеген малға ас қорытуын қалыптастырып, суарылуы үшін жылы суға шыланып беріледі. 1 кг-да 0, 72-0, 74 а. ө. (8, 8-8, 9 МДж АЭ), 90-97 г қорытылатын протеині бар бидай кебегімен қатар малды азықтандыруда басқа да қара бидай, арпа, сұлы, тары секілді дәнді дақылдар кебегі жұмсалады.
Қоректілігі бойынша жасунығы аз болғандықтан бидай кебегінен кейінгі орынды 1 кг-да 0, 77 а. ө. (9, 0 МДж АЭ), 112 г қорыт. прот. бар қара бидай кебегі алады. Бұларды төл азығына да жұмсап, басқа дән кебегін тек сақа малдарға беруге болады. 1 кг-да арпа кебегінде - 0, 83 а. ө. (9, 1 МДж АЭ), 110 г қорытылатын протеин, жүгері кебегінде - 0, 89 а. е. (9, 3 МДж АЭ), 90 г қорытылатын протеин, күріш кебегінде 0, 63 а. ө. (7, 9 МДж АЭ), 76 г қорытылатын протеин болады.
Ұн өндірісінің азықтық қалдықтарына кебекпен қоса ұн шаңы (мучная пыль) жатады. Олардың қоректілік сапасын түсі, иісі, қышқылдығы, зиянды қосындылармен ластануы және қамба зиянкестерімен зақымдалғандығы бойынша бағалайды. Ұн шаңының түсі не боз, не ақ болуға тиіс. Қарайған үн мал азықтандыруға жарамайды.
Кебек түсі дән түріне байланысты өзгереді. Айталық, бидай кебегінің түсі қызғылт-сарғыш болса, қара бидайдікі қоңыр не жасыл тартқан боз түсті болады. Ұн мен кебек хош, жағымды иісті, қышқылдығы 45 Тернер градусынан аспаған, дәмі тұщы болуға тиіс. Оның үлгісіндегі Новус қондырғысымен анықтаған металл қосындысы 0, 8%-дан аспай, өткір қосындылары болмауға, ал зиянды қосындылары (голвня мен спорынья көлемі) 0, 05%-дан аспауға тиіс. Ұзақ сақталған жағымсыз және көгерген иісті, қамба қоңыздарымен қатты зақымданған бал иісті ұн мен кебек мал азығына жұмсауға жарамайды.
Күнжара мен шрот. Майлы дақылдардың майын механикалық түрде престеп сығып шығарғаннан кейінгі қалдығын кунжара деп атайды. Дақыл майының шығарылуын жеңілдету үшін дәнді алдын ала 130°С дейін қатты қыздырады. Қыздырылған дәннің майының шығарылуы жеңілдегенмен жоғары температурада натурсыздануына байланысты, бір жағынан, белогының қорытылуы төмендесе, екінші жағынан, ондай күнжара дәмі де нашарлайды. Және де қаншама нығыз сыққанменен күнжара құрамында біршама (7-9%) майы қалып қояды. Ол майды қалдырмай толығырақ өндіру үшін өсімдік май өндірісінде шикізатты бензин секілді түрлі органикалық еріткіштермен өндегеннен кейінгі қалдығын шрот деп атайды. Оның құрамындағы майдың мөлшері 2-3%-дан аспайды (3-кесте) .
3-кесте. Майлы дақылдар күнжарасы мен шроттың құрамы,
Майы алынған шикізат қалдығы 1 кг-да 0, 82-1, 29 а. ө., 244-430 г қорытылатын протеині бар құнды протеинді мал азығының қосындысы ретінде жұмсалады. Оны мал азығына протеині аз сабан, нашар саталы пішен мен сүрлем берілгенде протеин мөлшері мен сапасын арттыратын қоспа түрінде пайдаланады. Күнжара мен шрот сүт, сары майы мен сырын сауын сиыр азығына шектеп жұмсайды. Сауын сиыр басына берілетін зығыр мен күнбағыс күнжарасы мен шротының тәуліктік көлемін - 2-4 кг-нан, ал мақта күнжарасы мен шротының көлемін 1-2, 5 кг-нан асырмайды.
Осындай шектеумен қатар күнжара мен шрот құрамында бірқатар улы, зиянды заттар болатынын ескереді. Ол заттарды анықтау үшін ұнтақталған күнжараны жылы суда бөктіріп қойып, 13-15 минуттан кейін иіскейді.
Улы глюкозидтері көп кұнжара үлгісінен қыша иісі шыға бастайды. Осыны ескеріп мал азығына жұмсарда кұнжара мен шротты алдын ала зиянды алколоидтары мен глюкозидтерінен, эфир майларынан залалсыздандырады. Мұны оларды протеиндік қосынды ретінде құрамажемге қосқанда да ескереді.
Күнбағыс күнжарасы және шротымен қатар дәнінің қабығын да мал азығына жұмсауға болады. Оны протеинге, майға, витаминдерге бай қосымша азық ретінде тәулігіне сауын сиырға - 2-2, 5 кг, тана-торпаққа 1, 5-1, 8 кг, бұзауға - 0, 8-1 кг, қойға 1-2 кг беруге болады.
Зығыр кунжарасы мен шроты. Барлық мал түлігі жақсы жейтін бағалы протеиндік азық болып табылады. Сынықтары қатты болғандықтан, майдалау қиын болса да, зығыр күнжарасы мен шротын мал азығына құрғақ түрінде ұнтақтап пайдаланған жөн. Өйткені піспеген зығыр дәнінде линамарин атты зиянды циан-глюкзиод липаза ферментінің әсерінен ыдырап, өте улы синил қышқылына айналады. Піскен зығыр дәніңде синил қышқылын шығаратын глюкозоид қалмайды. 1 кг-да 1, 02 а. ө. (11, 7 МДж АЭ), 245 г қорытылатын протеині бар зығыр күнжарасы мен 0, 83 а. ө. (10, 6 МДж АЭ), 248 г қорытылатын протеині бар зығыр шротын мал азығына кеңінен пайдалануға болатын құнды азықтар.
Мақта кунжарасы мен шроты. Мақтаның тазартылған немесе тазартылмаған дәнінен шығарылатын құнды протеинді азық. 1 кг-да 1, 11 а. е. (11, 1 МДж АЭ), 307 г қорытылатын протеині бар мақта күнжарасы мен 0, 97 а. ө. (10, 2 МДж АЭ), 314 г қорытылатын протеині бар мақта шротын тәулігіне сиыр басына - 3-4 кг, тана басына - 0, 2-1, 5 кг, қой басына - 0, 2 кг, жылқы басына 1-1, 5 кг, шошқа басына жалпы жемінің 10% көлемінде басқа жемдермен араластырып береді. 455 г/кг мөлшеріндегі шикі» протеинде 4, 3% лизин, 1, 2% метионин, 1, 6% цистин, 1, 4% триптофан, 1 кг-да 10, 2 г Са, 10, 4 г Р, 36 мг Мп, 62 мг 2п, 18 мг Си, 300 мкг Со; 4 мг тиамин, 36 мг никотин қышқылы, 14 мг пантотен қышқылы, 2890 мг холин болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz