Ауылшаруашылық малдарын нормамен азықтандыру



1. Азықтандыру нормасы туралы ғылым және оның негізгі элементі
2.Қоректік заттар мұқтаждығы туралы түсінік және оған әсер ететін факторлар
3.Ауылшаруашылық малдарының түрлеріне қарай ас қорыту ерекшеліктері және осыған қарай қоректік заттарға деген мұқтаждығы
4. Нормамен азықтандыру жүйесі негізгі элементі апзыұ рациондарының құрамы мен құрылымы азықтандыру әдістері
5.Мал түріне жасына өніміне қарай толық құрамды рационмен азықтандыру жұмысын бақылауға алу және оның тәсілдері
Мал азықтандыруды қоректік құндылығы малдың физиологиялық қоректік мұқтаждығын белгілейтін азықтандыру нормасының (мөлшерінің) көрсеткіштеріне сәйкестендіріп құрастырылған азықтандыру рациондары, яғни жегізілетін азықтары мен азықтық қосындылары арқылы іске асырады. Мал азықтандыру ғылымының мақсаты малдың қоректік қажеттігін мұқтаждық көрсеткіштеріне сәйкес энергетикалық және құрылымдық қоректік заттар және барлық минералды, биологиялық әсерлі қосындылармен жан-жақты және толығымен қамтамасыз ету болып табылады.
Малдың қоректік қажеттігі арнайы нормалық көрсеткіштермен белгіленіп, өтелетіндіктен мұндай азықтандыру жүйесін нормалап азық-тандыру (нормированное кормление) дейді. Малды белгіленген мөлшер, яғни нормасыз, еркінше азықтандыру олардан өндірілген өнім бірлігіне жұмсал-ған азық шығынын күрт өсіріп, жемшөп қорының пайдасыз ысырабына соқтырады. Мал шаруашылығы өнімін өндірудегі жұмсалатын тікелей шығындарда азық шығындарының үлесі басым болғандықтан, бұл өнімнің өзіндік құнын қымбаттатып, сала рентабельдігін төмендететін экономи-калық фактор болып табылады.
Жем шөппен мал денесінің химиялық құрамы арасында өзара ұқсастық бар. Бірақ жем шөптің құрамындағы заттар мал денесінде түзілетін заттардан біраз айырмашылығы бар. Жем шөптің құрамындағы мүшеикалық және минералдық заттар мал ағзасында едәуір өзгерістерге түседі. Жем шөптің құрамын негізінен көмірсулары – крахмал, клетчатка және т.б. құрайды, ал мал ағзасында крахмалмен клетчаткалар мүлдем жоқ, олардың орнына өсімдікте болмайтын гликоген бар. Мал ағзасында болатын ақуыздар өсімдік ақуыздарынан өзгешелеу, сол сияқты мал майы да өсімдік майымен салыстырғанда құрамы өзгеше. Сонымен, жем шөптің құрамындағы заттар мал ағзасында өңделіп, мал ақуыздары, майлары және көмірсулары түзіледі.
Малдың жеген жем шөбі шайнау арқылы механикалық өңдеуге ферменттердің қатысуымен (ас қорыту бездерінің сөлдері бөлуі арқылы) химиялық өңдеуге, мкиромүшеизмдердің көмегі арқылы биологиялық өңдеуге ұшырайды. Жем шөптің қорытылуы барысында мал ағзасына қажетті нәрлі заттар ерітінді түріне айналып, ішектің қабырғасында сорылып, қанға өтеді. Осының нәтижесінде мал азығы қорытылып, малдың бойына сіңеді. Қорытылмай қалған заттар нәжіспен сыртқа шығарылады.
Жем шөптің қорытылуын бағалау малға арнайы тәжірибе жасау арқылы, берілген жем шөп құрамындағы нәрлі заттар мен шығарылған нәжістің құрамындағы айырмашылық арқылы анықталады. Малдың жеген жем шөбі мен шығарған нәжісінің химиялық құрамдары анықталып, талдау жасалады.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс № 8. Ауылшаруашылық малдарын нормамен азықтандыру

1. Азықтандыру нормасы туралы ғылым және оның негізгі элементі
2.Қоректік заттар мұқтаждығы туралы түсінік және оған әсер ететін
факторлар
3.Ауылшаруашылық малдарының түрлеріне қарай ас қорыту ерекшеліктері
және осыған қарай қоректік заттарға деген мұқтаждығы
4. Нормамен азықтандыру жүйесі негізгі элементі апзыұ рациондарының
құрамы мен құрылымы азықтандыру әдістері
5.Мал түріне жасына өніміне қарай толық құрамды рационмен азықтандыру
жұмысын бақылауға алу және оның тәсілдері

Мал азықтандыруды қоректік құндылығы малдың физиологиялық қоректік
мұқтаждығын белгілейтін азықтандыру нормасының (мөлшерінің) көрсеткіштеріне
сәйкестендіріп құрастырылған азықтандыру рациондары, яғни жегізілетін
азықтары мен азықтық қосындылары арқылы іске асырады. Мал азықтандыру
ғылымының мақсаты малдың қоректік қажеттігін мұқтаждық көрсеткіштеріне
сәйкес энергетикалық және құрылымдық қоректік заттар және барлық минералды,
биологиялық әсерлі қосындылармен жан-жақты және толығымен қамтамасыз ету
болып табылады.
Малдың қоректік қажеттігі арнайы нормалық көрсеткіштермен белгіленіп,
өтелетіндіктен мұндай азықтандыру жүйесін нормалап азық-тандыру
(нормированное кормление) дейді. Малды белгіленген мөлшер, яғни нормасыз,
еркінше азықтандыру олардан өндірілген өнім бірлігіне жұмсал-ған азық
шығынын күрт өсіріп, жемшөп қорының пайдасыз ысырабына соқтырады. Мал
шаруашылығы өнімін өндірудегі жұмсалатын тікелей шығындарда азық
шығындарының үлесі басым болғандықтан, бұл өнімнің өзіндік құнын
қымбаттатып, сала рентабельдігін төмендететін экономи-калық фактор болып
табылады.
Жем шөппен мал денесінің химиялық құрамы арасында өзара ұқсастық бар.
Бірақ жем шөптің құрамындағы заттар мал денесінде түзілетін заттардан біраз
айырмашылығы бар. Жем шөптің құрамындағы мүшеикалық және минералдық заттар
мал ағзасында едәуір өзгерістерге түседі. Жем шөптің құрамын негізінен
көмірсулары – крахмал, клетчатка және т.б. құрайды, ал мал ағзасында
крахмалмен клетчаткалар мүлдем жоқ, олардың орнына өсімдікте болмайтын
гликоген бар. Мал ағзасында болатын ақуыздар өсімдік ақуыздарынан
өзгешелеу, сол сияқты мал майы да өсімдік майымен салыстырғанда құрамы
өзгеше. Сонымен, жем шөптің құрамындағы заттар мал ағзасында өңделіп, мал
ақуыздары, майлары және көмірсулары түзіледі.
Малдың жеген жем шөбі шайнау арқылы механикалық өңдеуге ферменттердің
қатысуымен (ас қорыту бездерінің сөлдері бөлуі арқылы) химиялық өңдеуге,
мкиромүшеизмдердің көмегі арқылы биологиялық өңдеуге ұшырайды. Жем шөптің
қорытылуы барысында мал ағзасына қажетті нәрлі заттар ерітінді түріне
айналып, ішектің қабырғасында сорылып, қанға өтеді. Осының нәтижесінде мал
азығы қорытылып, малдың бойына сіңеді. Қорытылмай қалған заттар нәжіспен
сыртқа шығарылады.
Жем шөптің қорытылуын бағалау малға арнайы тәжірибе жасау арқылы,
берілген жем шөп құрамындағы нәрлі заттар мен шығарылған нәжістің
құрамындағы айырмашылық арқылы анықталады. Малдың жеген жем шөбі мен
шығарған нәжісінің химиялық құрамдары анықталып, талдау жасалады.
Малды дұрыс азықтандыруды ұйымдастыру үшін әр түрлі малдарды түрлі
жем шөптермен азықтанғанда қорытылуын білу өте маңызды. Желінген жем
шөптің құрамындағы қорытылған нәрлі заттардың пайыздық қатынасын қорыту
коэффициенті деп атайды. Мысалы, қой 10 тәулік ішіндегі тәжірибеде 8 кг
пішен жеді, сөйтіп азықпен бірге 591,2 г протеин қабылдады, ал нәжісімен
бірге 286,3 г протеин шығарды, сондықтан қорытылған протеиннің мөлшері
304,9 г-ға тең (591,2г – 286,3г), бұл жағдайда қорытылу коэффициенті
51,6%: 591,2 тең (304,9 х 100)
Осы тәрізді жем шөптің құрамындағы басқада нәрлі заттардың қорытылу
коэффициентін анықтауға болады.
Осы тұрғыдан алғанда мал азықтандыруда организм қажетгігінен аз да
немесе одан көп те мөлшерде азық жұмсау зиянды. Организм қажеттілігінен аз
мөлшерде жеткізілген қоректік заттар зат пен энергия алмасуын толық
қамтамасыз ете алмай, төл өсімі мен жетілімін тежесе, сақа малдың
өнімділігін кемітіп, өзін арықтатады. Қажетті шамадан көп енген қоректік
заттар да ас қорыту барысында толық қорытылып, игерілмей, көбі босқа,
пайдасыз ысырапталады. Бұл, бір жағынан, өнімнің өзіндік құнын қымбаттатса,
екінші жағынан, зат алмасуын да бұзып, оған кедергі келтіреді.
Организм тіршілігінің қоректік қажеттілігі мал түлігі мен құс түріне,
жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына және өнімділігіне байланысты
өзгереді. Нормалап азықтандыруды малдың мұқтаждық көрсеткіштері, яғни
азықтандыру нормасы мен оны қамтамасыз ету үшін малға жегізілетін жемшөп
пен азықтық қосындылар мөлшерін, яғни азықтандыру рационының (рационы
кормления) қоректілік көрсеткіштерін сәйкестендіру арқылы жүзеге асырады.
Малды нормалап азықтандырудың басты шарты шаруашылықтағы мал түлігі
мен құс түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына, тірілей салмағы
мен өнімділік деңгейіне байланысты өзгеретін организм мұқтаждығын, яғни
азықтандыру нормасын дәл анықтау болып табылады. Организм тіршілігін
қамтамасыз етіп, енім өндіру қажеттілігінен туындайтын ол мұқтаждық көлемі
дене тірілей салмағы (массасы) мен тәуліктік салмақ қосуы, сиыр сүттілігі,
саулық жүнділігі, мекиен жұмыртқалағыштығы секілді өнімділік
көрсеткіштеріне байл-нысты өзгереді.
Организм тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергия мен қоректік заттар
мұқтаждығы абсолюттік тынығудағы (абсолютный покой) малды азықтырып барып
анықтайды. Өнімділігі орта деңгейлі еш жұмыс істемей (өнім өндірмей)
тынығудағы мал денесіндегі ас қорытуын, қан айналымын, тыныстануын, т. б.
тіршілік қызметін қалыпты деңгейде сақтауға (уровень поддерживающего
кормления) организмдегі жалпы энергия шығынының 40-60% жұмсалады. Демек,
осы шығын көлемі кеміген сайын өнім өндіруге жұмсалатын энергия көлемі
өседі. Былайша айтқанда, мал денесі ірі болып, тірілей салмағы ауырлаған
сайын тіршілігін қамтамасыз етуге жұмсалатын қоректік заттар үлесі өседі
де, өнімділігі жоғарылаған сайын оған жұмсалатын қоректік заттар үлесі
артады.
Организмдегі таза өнім өндіруге (түзуге) жұмсалған энергия көлемін
(чистая энергия продукции) тікелей калориметриялық бомбада жағып немесе
есептеп шығарады. Бірақ өнім өндіру үшін бүкіл тіршілік үрдісін қамтамасыз
ету қажет болғандықтан, организм мұқтаждығы өнім энергиясы (қоректік
заттары) мен оны өндіруге жұмсалатын энергия (қоректік заттар) қосындысымен
белгіленеді (суммарная норма кормления). Организмнің өнімдік мұқтаждығы
оның ішкі физиологиясына, ал оны қамтамасыз ету мұқтаждығы сыртқы орта
жағдайларына тәуелді өзгеретіндіктен, олар осы біріктірілген азықтандыру
нормасымен белгіленеді.
Қорыту барысында сіңірілген азықтың көмірсулар, протеиндер, майлар
түрівдегі ірі де күрделі қоректік заттары зат алмасуының катоболизм, яғни
тотығу реакцияларында ферменттер ықпалы мен қарапайым, жай қосындыларға
ыдырап, олардағы энергия босайды да, фосфат байланыстары арқылы
аденозинүшфосфат (АҮФ) түрінде байланып, сақталады.
Малдарды мөлшерлеп азықтандыру әлдеқайда тиімді және экономикалық
жағынан пайдалы. Малдардың денсаулығын сақтау мен жоғары өнімділігін
қамтамасыз етуге қажетті нәрлі заттардың мөлшері қоректік норма деп
аталады. Малға берілетін барлық азықты қоректік (өмір сүруге қажетті және
өнімдік) өнім өндіру үшін деп шартты түрде бөлуге болады. Нашар азықтандыру
өнімділіктің төмендеуіне кеп соғады да өнім өлшеміне жұмсалатын азықтың
шығынын көбейтеді, өйткені барлық азықты мал өз денсаулығын сақтауға
пайдаланады.
Азықтандыру мөлшері тәуліктік, айлық және жылдық норма болады. ОЛ
малдың өнімділігіне, массасына, физиологиялық күйіне байланысты болады. Мал
азығында болуға тиісті қорытылатын протеин, минералдық заттар (ас тұзы,
кальций, фосфор), каротин (А витамині) мөлшері, малға қажетті қоректік
заттар жалпы азық өлшемімен анықталады. Жалпы құнды азықтың шартты бір
өлшеміне, сапалылығы орташа бір килограмм сұлы алынған. Бір азық өлшеміне
жұғымдылығын өгіздің семіруімен өлшесек шамамен 150 г қосқан майына тең.
Малдың тәуліктік рационы қолда бар жемшөпке қарай, азықтандыру
нормасына сәйкес жасалады. Азықтың түрі және оның көлемі малдың негізгі
қоректік заттарға қажетін толық қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен бірге
азықтандыру мөлшері малдың тәулік ішіндегі тіршілік қажетін
қанағаттандыратын қоректік заттардың көлеміндей болуға тиіс.
Малдардың нәрлі заттарға қажеттілігі олардың жасына, жынысына, түріне
және физиологиялық жағдайына байланысты болады. Мысалы, жас малдар әдетте
нәрлі заттарды сүтпен бірге қабылдайды. Сүттен шығарған кезде бұл заттар
жемшөптің құрамында болуы тиіс. Әсіресе өскелең жас малдардың азығының
құрамында толыққанды, сапалы протеин жеткілікті дәрежеде болуы керек.
Протеиннің жетіспеуі жас малдың өсіп, жетілуін тежейді. Протеинге бай
азықтарға - көк балауса, бұршақ тұқымдас пішен, кебек, күнжара т.б.
жатады. Жас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыруда күкірттің маңызы
Ірі қараны үлкен өндірістік кешендерінде және бордақылау алаңдарында бордақылау
Қозылы қойды азықтандыру
Шаруашылықтағы тұқымдық 6 айдан кейінгі бұзауларды азықтандыру
Көк азықтармен азықтандыру
Ересек жастағы ірі қара малдың төлдерін азықтандыру
Қабандарды азықтандыру ( шошқа)
Мал азықтары жайлы
Тұқымдық бұқаларды азықтандыру ерекшеліктері
Алты айдан асқан сүтті-етті тұқымның ұрғашы бұзауларын күтіп-бағу және азықтандыру
Пәндер