Үй құстарын нормамен азықтандыру


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс № 13 Үй құстарын нормамен азықтандыру

1. Үй құстарының ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктері

2. Үй құстарының қоректік заттарға деген мұқтаждығын есептеп шығару

3. Құсты азықтандыру кезінде энергия, протеин, минералдық және басқа қоректік заттар мөлшерін нормалау принципі

4. Азықтар, азық рациондары, азықтар құрамы, азықтандыру тәсілдері

5. Тұқымға қалдырылған жас құстардың өсу кезеңдеріне қарай азықтандыру

Азықтану - мал және құс ағзасы мен оған баратын азықтық заттар арасында болатын күрделі өзара әрекеттесу процесі. Бұл процесс кезінде азықтағы коректік заттар мал мен құс организміне жеке-жеке емес, кешенді түрде әсер етеді. Мал мен құстың азықтануындағы бұл кешенді процестің толыққұндылығының негізгі көрсеткіші - қуат пен құрғақ заттың, протеинің, көмірсулардың, майлардың, минералдық элементтердің, витаминдердің және басқа да биологиялық белсенді заттардың малдың, құстың қажетіне қарай теңестіріліп отырылуы.

Мал мен құстың қуатпен қамтамасыз етілуі - олардың өнімділік деңгейін айқындайтын негізгі ықпалдардың бірі болып табылады. Мал мен құс азықтандыру теориясында қуаттық коректендіруге қатысты маңызды мәселе қашанда басты орында тұрады. Бұл жағдайда, малдың және құстың ағзасындағы қуат тепе-тендігін ғылыми тұрғыдан негіздеу айқындаушы маңызға ие.

Азықтандыруды мөлшерлеу мен жемшөптің жұғымдылығын алмасатын қуат бойынша бағалау жүйесіне кешуге байланысты, мал мен құс ағзасындағы қуат тепе-тендігінің бұдан бұрын қолданылып келген үлгісі (Армсби бойынша) енді таза қуатты негізге ала отырып, мейлінше нақтылауды талап етеді.

А. П. Калашников пен В. В. Щеглов ұсынған жаңа үлгіде нәжістегі қуат сияқты, ішек газдарының қуаты да азықтың жалпы қуатынан шегеріліп тасталынады, бұл қорытылатын заттардың қуатын барынша нақты анықтауға мүмкіндік береді.

Тепе-тендік үлгісінен көрініп тұрғанындай, малдың және құстың ағзасы өзінің тіршілігі мен өнім түзуді қамтамасыз ету үшін таза қуатты емес, алмасатын қуатты пайдаланады. Олай болса, таза қуат (өнімнің қуаты) емес, алмасатын қуат қана азықтардың мал мен құс үшін қуаттық тұрғыдан қаншалықты жұғымды екенін мейлінше дұрыс бейнелей алады.

Таза қуат - тек мал мен құс азықтарындағы адам өз мақсаттары үшін пайдаланатын өнімдердің құрамына енген алмасатын қуаттың бір бөлігі ғана. Мал мен құс тіршілігін қалыпты ұстап тұру үшін жұмсалған қуатты өнімнің қуатына қосып есептеу негізсіз және қуат тепе-тендігіне сай келмейді.

Мал азықтары мен мерзімдік азық үлестерінің жұғымдылығын алмасатын қуат бойынша бағалауға көшу мал азықтандыруды қуаттылық тұрғысынан мөлшерлеуте қатысты өзекті мәселелерге жаңаша қарауға мүмкіндік берді.

Мал мен құс азықтандырудың мейлінше нақтыланған мөлшерлері олардың тіршілігін қалыпты ұстап тұру үшін жұмсалған қоректік затгар мен өнім түзуге кеткен қуат шығындарын бөліп қарастырмайды. Құрамына малдың және құстың өз тіршілігін қалыпты ұстап тұруы, оның ағзасының өнім өндіру үшін жұмыс істеуі мен азықты сіңіруі үшін жұмсалатын қуат шығындары да кіретін алмасатын қуат шығындарының бір бөлігі ақыр соңында жылу түріне айналады және ол: алмасатын қуат - өнімдегі қуат = жылу қуаты жолымен анықталады.

Бұл ұсынылып отырған мөлшерлерде мал мен құс өнімділігінің белгілі бір деңгейіне қанша алмасатын қуат қажеттігі көрсетілген. Алмасатын қуат құрамына малдың өз тіршілігін қалыпты ұстап тұруына, өнім түзуіне, азықты қорыту мен сіңіруге байланысты процестерді қамтамасыз етуіне жұмсалатын шығындар кіретін барлық шығындарды қамтиды. Сондай-ақ, өндірілген өнімдегі қуатты да тікілей өз есебіне алады.

Құстардың тістері жоқ, сондықтан азық асқазанға шайналмаған күйде түседі. Азық өңеш пен асқазанға келеді. Құстардың қарны екі бөліктен тұрады. Безді қарын және бұлшық етті. Азық қабырғалары бар асқазанның бұлшық етіне түскенде бұлардың арасында үйкеледі. Кейде асқазанда кездесетін ұсақ тастар, шыны кесектер мен басқада қатты заттар азықтың майдалануына ықпал етеді. Бұлшық етті асқазан қабырғалары оларды зақымданудан қорғайтын қатты қабықкутикуламен жабылған. Азықтың ас қорыту жолында болуының ұзақтығы құстарда малдарға қарағанда едәуір аз. Клетчаткамен азотты экстрактивті заттарды қорыту қабілеті жағынан құстардың малдарға қарағанда артықшылығы бар, алайда, протеин мен ақуыз, майларды жақсы қорытады. Дегенмен тауықтар құрғақ азықты басының кез-келген қалпында жұтатындығын, суды ол тек басын көтеріп қана жұтатындығын ескеру керек. Сондықтан торда тұрған жағдайда тордың биіктігі тауыққа басын көтеруге мүмкіндік беретіндей болуы тиіс. Азық құрамында протеин мен минералды заттардың көп мөлшерде болуы тиіс, өйткені тауық жұмыртқасымен бірге тірі салмағының өлшемі есебінен ақуыздың, май мен минералды заттардың көп мөлшерін бөліп шығарады.

Минералды заттардың ішінде ең алдымен кальций жетіспеген жағдайда минералды заттардың алмасуы бұзылып, тауық қабықсыз жұмыртқа салады. Витаминдердің жетіспеуі тауықтарда ауыл шаруашылық малдарына қарағанда жиі кездеседі, сондықтан оларға витаминдік азықтар берілуі қажет. Тауықтарға арналған негізгі азықтар - жүгері дәні, әсіресе коротинге бай сұлы, арпа, тары, бұршақ сияқты сары дәнді азықтар.

Дән қауызынан тазаланып, майдалаған күйінде беріледі. Тауықтар рационына күнжара және шрот, азықтық ашытқы, көк балауса, сәбіз, бұршақ дәндері, ал қысқы маусымда шөп ұні енеді. Жануар тектес азық жемнің жалпы салмағының 10-15% құрайды. Кейде тауықтарға амалсыз сойылуға мәжбүр болған малдардың етін қайнатып майдаланған күйде береді, өйткені шикі етпен азықтанған кезде олардың бірін-бірі шұқуы мүмкін. Кальцийге бай минералдық азықтарды (бор, кішкене бақалшақ, әк) тауықтар керегінше алу тиіс. Ас тұзын тек қалған азықтармен қоспа күйінде ғана береді. 10 жұмыртқа өндіруге шамамен 2, 2 кг толық рационды құрама жем жұмсалады.

Күркетауық -ет алу үшін өсірілетін ең ірі үй құстары. Ересек күркетауықтың аталығы 12-16 кг, анадығы 7-10 кг салмақ тартады. Күркетауықтардың жұмыртқа салуы 10-11 айлығында, әдетте қаңтар, наурызда басталады. Жылына орта есеппен 90 жұмыртқа салады. Күркетауықты 3 жылға дейін пайдаланады. Бір күркетауықтан жылына 40-60 балапан алуға болады. Күркетауықтың еті жоғары дәмдік сапасымен ерекшеленетін диеталық өнім. Балапан 4 айлығында 4-4, 5 кг-ға жетеді. Күркетауықты 2500 немесе 1800 басқа есептелген және тауықтарға арналған қоралар сияқты етіп жабдықталған құс қораларында, терең төсеніштерде бағады. Қыста құс қораларын олардағы температура 12-16 0 С-тан төмен түспеу үшін жылытады. Құс қораға биіктігі 2-2, 5 м сым тормен қоршалған цеметтелген едені бар едендерде саңғырықтарын күнделікті алып отырған жағдайда күтуге болады. Күркетауық балапандарын жабық қораларда немесе шарбағы бар қораларда өсіруге болады.

Аталық күркетауықтарды жеке бағып, аналықтарға дүркін-дүркін аз уақытқа жіберіп тұру керек. Бір аталыққа 10-15 аналық күркетауық қажет болады.

Күркетауықтарға арналған негізгі азық толық рационды құрама жем болады. Оған сәбіз, құрама сүрлем, көк балауса қосады. Тәулігіне бір күркетауыққа құрама азық 180 гр, астық қоспасы 100 гр, көк балауса, сәбіз, сүрлем қоспасы 250гр, балық майы, бақалшақ 9 гр және қиыршық тас 3 гр берілуі керек.

Астық қоспасын бір бөлігін шылап береді. Қиыршық тас, бақалшық жеке астаушаларда тұрады. Балапандарды етке семірту үшін 100 күн ұстайды, бұл уақытта олар 3-3, 5 кг-ға жетеді. 1 кг салмақ қосу үшін 4, 5 кг құрама жем жұмсалады.

Үйректер айналадағы орта жағдайына жақсы бейімделумен ерекшеленеді. Олардың жұмыртқа салуы біршама жоғары шаруашылыққа пайдаланудың алғашқы екі жылында 290-жұмыртқаға дейін береді. Бір үйректен 2 жылда 200-ге жуық үйрек балапанын алуға және олардың жалпы алғанда тірі массасын 600 кг-ға дейін бордақылауға болады. Әрбір 6-8 үйрекке бір көжектен (аталық үйрек) керек. Мамандандырылған шаруашылықтарда үйректерді үйрек қораларда бағады. 1 м 2 еденге 2-3 үйректен орналастырылады. Қораның ортасында азық таситын көлік өтуге арналған орын болады. Қора секцияға қатты жамылғылы шарбақты аула іргелес салынады. Қыс маусымында үйрек қорадағы температура 7-14 0 С, ал жарық күннің ұзақтығы 15-16 сағат болуы тиіс. Құстардың басқа түрлерінен үйректердің ерекшелігі тәуліктің алғашқы жартысынла шамамен 3-5 сағаттан 11 сағатқа дейін жұмыртқалайды. Сондықтан жұмыртқаларды ертеңгілік жинайды. Кейбір шаруашылықтарда үйректі тоғандарда өсіреді. Тоғандарға ауыстыру су температурасы 14 0 С кезде жылы ауа райында жүзеге асырылады. Еліміздің оңтүстік аудандарында орналасқан шаруашылықтарда үйректерді жылы уақытында жазғы үйшіктерде немесе қалқаларда бағады, онда оларды 3 апталығында ауыстырады. Үйшіктер мен қалқаларды жоңышқа мен беде себіліп тасталған учаскелердің жанына салады, үйшік пен қатар автоастаушалар мен ағынды сулы суарғыштарды қояды. Қазіргі уақыттарда кейбір шаруашылықтарда үйректерді торлы едендерде өсіреді. Торлы едендердегі үйрек терең төсенішті едендерге қарағанда жақсы өсіп жетіледі.

Үйректерді құрама жеммен, астық қоспаларымен, сәбізбен, құрама сүрлеммен азықтандырады. Тәулігіне 1 үйрекке құрама жем 300 гр, арпа -30гр, балық ұны -6 гр, ет-сүйек ұны -5 гр, шөп ұны -10 гр, ашытқы -3 гр, балық майы -2 гр, құрама сүрлем немесе көк балауса 100 гр, бақалшақ -4 гр, қиыршық тас -5 гр берілуі тиіс. Азықты күніне3-4 рет береді. Бордақылау кезінде 50 күндік үйрек балапаны 3-3, 5кг салмаққа жетеді. 1 кг салмақ қосу үшін 2, 5-3 кг құрама жем береді.

Үйректің балапандарын өсірудің әр түрлі тәсілі бар. Алғашқы 10 күнде балапандарды 28-30 0 С температурада торлы батареяда бағады, ал одан соң 1 м 2 жерге 8-12 үйрек есебімен секцияда 200- дейін, балапандарды төсенішті едендерде бағады. 31 күннен балапандарды семірту алаңдарына өткізеді.

Қаз жоғары сапалы дәмді ет беретін, өте тез жетілетін құс. Аналық қаз жұмыртқа салуды 265-350 күндігінде бастайды. Жылына орта есеппен 40-қа жуық жұмыртқа береді. Жұмыртқа салу кезеңі әдетте қыс-көктем айларын қосып, 4-8 айға созылады. Интенсивті жүйе кезінде қаздарды жарық ұзақтағы 13-14 сағатқа созылатын қыздырылатын құс қораларда бағады. Отырғызу тығыздығы 1 шаршы метрге 1, 5 қаздан келеді. Табиғи ұрықтану жағдайында 3-4 аналық қазға бір ата қаздан керек.

Қаздар көк балаусаның атап айтқанда шөпті жақсы пайдаланады, сондықтан оларды кейде жайылымдарда бордақылаған тиімді. Жақсы жетілген қаз балапаны 2 айлығында 500 г шөпті жеуге қабілетті. Құнарлы жеммен үстеп қоректендіру 1 кг қосымша салмаққа 1, 5-2 кг есебінен жүргізіледі.

Әрбір басқа тәулігіне астық тұқымдас дәндік азық- 215 гр, күнжара мен шрот -30 гр, балауса азық 200-350 гр, шөп ұны -70 гр, ашытқы -2 гр, бор, бақалшақ-2-3 гр, сүйек ұны -2-3 гр. Қаздар көк балаусаға жайғанды жақсы көреді.

60-70 күндік қаз балапандары 4-5 кг салмаққа жетеді 1 кг қосымша салмағ алу үшін 1, 5-2 кг құрама жем берілуі керек. Қаз балапандарын бордақылау әдісі көбінесе үйрек балапандарына ұқсас.

Тәулігіне берілетін азықтың құрамын 100 гр азық есебінде қорытылатын энергия - үй тауықтарында -270 ккал, күркетауықтарда - 280 ккал, үйректерде -265 ккал және қаздарда -250 ккал болуы тиіс.

Жыл бойына бір қалыпты өнім өндіретін қазіргі заманғы құс фабрикасын мал шаруашылығы кешеніне жатқызуға болады.

Жұмыртқа өндіретін құс фабрикалары. Бұл құс фабрикалары мынадай технологиялық процестер бойынша жұмыс істейді:

  1. инкубациялық жұмыртқа өндіру;
  2. инкубация;
  3. балапан өсіру;
  4. тағамдық жұмыртқаларды сорттау мен буып-түю.

Инкубациялық жұмыртқаларды тауықтың аналық тобының цехынан алады. Онда олар қораздармен бірге бағылады. Ұрықтанған жұмыртқа аналық тобы цехына түседі. Аналық табынды толықтыру тұқымдық шаруашылықтардан әкелінген балапандар есебінен жүзеге асырылады. Инкубациялық жұмыртқаларды тек 8 айдан асқан тауықтардан ғана жинайды. Жұмыртқа жинау үшін 5-6 тауыққа бір ұя қояды. Ұялардағы жақсы төсеніш резина кілемшелер болып табылады, оларды мезгіл-мезгіл жуып, дезинфекция жасайды. Жұмыртқаны қолмен жинаған кезде әрбір 2 сағат сайын жинайды. Түнде ұяны жауып тастайды. Балапанды 5 айлығында тағамдық жұмыртқалар беретін цехқа көшіреді, яғни мекиен тауықтардың өнеркәсіптік тобына ауыстырады. Тағамдық жұмыртқаларды сорттап, буып-түйетін цехта үш бөлімше - қабылдау, сорттау және буып-түю бөлмелері бар. Қазіргі замандағы құс фабрикасы жылына 100-110 млн жұмыртқа өндіреді. Тағамдық жұмыртқаларды өндірудің технологиялық процесі аналық табынынан, балапандар, мекиен тауықтар табынынан және құстарды жүйелі түрде бракқа шығарып отыратын орындарынан тұрады. Сондықтан жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалары етті недәуір мөлшерде өндіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құстардың санитарлық гигиенасы
Құстардың өсіп - жетілуі
Жемнің химиялық құрамын талдау
Құс фабрикасы
Минералды заттар биогеохимиясы
Үй құстарының кросстары
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Құс ұшаларын өңдеудің технологиясы
Жұмыртқа құс шаруашылығы
Балапандарды бағып - күту әдістері. Балапандарды еденінде бағып - күту гигенасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz