Азықтарды жіктеу түрлері. Азық дайындау технологиясы. Азық құрамы мен қоректілігі


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Азықтарды жіктеу

рлері. Азық дайындау технологиясы. Азық құрамы мен қоректілігі. »

Жоспар

  1. Азық туралы ұғым, оны топтастыру. Азық тепе-теңдігін және жоспары
  2. Азық дайындау технологиясы, оның құрамы мен қоректілігіне тигізетін әсері,
  3. Азық сапасын шаруашылық және зоотехниктік тұрғыдан бағалау әдістері.
  4. Көк азық, олардың химиялық құрамы мен қоректілігі және малға дайындап беру технологиясы, азықтандыру нормасы.
  5. Көк шөп конвеирін және мәдени жайылымдарды ұтымды пайдалану жолдары.

Мал азығын шығу тегі мен түрі, физикалық жағдайы, фи-зиологиялық игерілімдігі, қоректік заттарының шоғырлануы мен арақа-тынасы секілді мал түлігіне қоректілік құнарлылығы мен жұғымдылығын айғақтайтын қасиеттеріне қарай топтастырып, жіктейді. Арнайы өдебиетте әр түрлі жіктеу жобасы берілгендіктен, біз азықтық қосындыларды аддымен шығу тегі бойынша келесі бес топқа бөлуді жөн санаймыз: 1) Өсімдік тектес жемшеп; 2) Жануар тектес азық; 3) Синтетикалық қосындылар (химиялық және микробиологиялық түзу өнімдері) ; 4) Минералдық қосындылар; 5) Биологиялық әсерлі затгар (витаминдер, премикстер) .

Бұл азықтар жөне азықтық қосындылармен қоса мал азықтандыруда олардың қосындысынан құрастырылатын құрамажем мен тағамдық (ас-ханалық) қалдықтар қолданылады. Биохимиялық тұрғыдан азықтық қосындыларды жіктеуде олардың басым көпшілігі қарапайым қосынды-ларды игеріп қоректенетін автотрофты болып келгенмен, мал қорегінде дайын органикалық қосындылармен қоректенетін (әсіресе, күйісті мал қорегінде) гетеротрофты организмдер де пайдаланылатынын ескеру қажет.

Өсімдік тектес жемшөп. Өсімдік тектес жемшөпке табиғи және екпе (мәдени) өсімдіктердің мал азығына тікелей жегізіліп (жайылып) немесе шауып туралып берілетін бөліктері (жапырағы, сабағы, тамыры, түйнегі, қылқаны, бұтағы, т. б. ) жатады. Физикалық жағдайы мен қоректік заттардың шоғырлану дөрежесіне сәйкес өсімдік тектес жемшөп аумақты

(объемистые) және құнарлы (концентрированные) топқа бөлінеді.

Аумақты жемшөпке 1 кг құрғақ затындағы қорытылатын қоректік

заттары 0, 5 кг-нан төмен, сондықтан да қуаттылығы 0, 65 азық өлшемінен

(7, 3 МДж-ден) аспайтын ылғалды (шырынды) немесе жасунықты азықтар жатады. Аумақты азыққа барлық көк шөп (зеленый корм), ірі шөп (гру-бый корм) пен шырынды (сочный корм) кіретіндіктен, бұл азық тобы шаруашылық азық қорының (кормовая база) негізін құрайды. Бойында өсімдік шырыны сақталатындықтан көк шөп пен шырынды азықты ылғалды, ал кептіріліп, іріленген ірі шөпті (грубые корма) жасунықты аумақты жемшөп тобына жатқызады.

Ылғалды азыққа құрамыңдағы 40%-дан астам ылғалы, негізінен, прото-плазма мен өсімдік сөліндегі химиялық байланыстағы су түрінде болатын шырынды жемшөппен қатар ылғалдылығы өндеу барысындағы судан тұра-тын техникалық өндіріс қалдықтары жатады. Оларды сулы (водянистые) азықтық қалдықтар деп атайды. Шырынды азықтарға көкшөп (балауса), тамыртүйнек жемістілер, сүрлем, пішендеме (біздің жіктеуімізше), химиялық жолмен консервіленген көк азық жатса, сулы азықтарға спирт (ашыту), қант, крахмал, сыра өндірісінің барда (қойыртпақ), жом (сығынқы), мезга, сыра бөртпесі секілді техникалық азықтық қалдықтары жатады.

Ірі азыққа құрғақ затындағы қиын ерітіліп, қиын қорытылатын жасунығы 19%-дан астам пішен (сено), сабан (солома) мен топан (мякина, полова) жатады. Малға жегізер алдында оларды желінуі мен қорытылуын арттыратын арнайы өндеуден өткізген жөн.

Құнарлы азыққа 1 кг құрғақ затындағы қорытылатын қоректік заттары 0, 5 кг-нан жоғары, сондықтан да қуаттылығы 0, 65 азық өлшемінен (7, 3 МДж-ден) жоғары азықтар жатады. Құрғақ затының жасунығы 19%-дан, ал ылғалдылығы 22%-дан аспайтын бұл азық тобына дән мен үн өндірісінің қалдығы кебек пен май өндірісінің қалдығы күнжара мен шрот жатады. Солармен қатар құнарлы азыққа техникалық өндірістің кептірілген азықтық қалдықтары да кіреді. Химиялық құрамы бойынша дәнді азықты (жемді) энергетикалық (кемірсулары басым астық тұқымдастар дәні) және протеиндік (белогы басым бұршақ тұқымдастар дәні) топқа бөледі. Соңғысына күнжара мен шрот кіреді. Кебек, әсіресе, бидай кебегі малға жұтымды диеталық азыққа жатады.

Жануар тектес азық. Жануар тектес азықтарға мал азықтандыруда қол данылатын сүт пен оның өнімдері, ет пен балық өңдеу орындарының қан ұны (кровяная мука), ет ұны (мясная мука), ет-сүйек ұны (мясо-костная мука), сүйек ұны (костная мука), балық ұны (рыбная мука) секілді қалдықтары жатады. Уыз бен сүт, майсыздандырылған, яғни тек сүт (обрат), айран мен сүт сары суы (молочная сыворотка) тол қорегіндегі маңызды азықтар табылса, қан ұны, ет ұны, ет-сүйек ұны мен балық ұны мал азығының протеиндік, ал сүйек ұны минералдық (кальцийлік) қосындысы ретінде қолданылады.

Синтетикалық азықтық қосындылар. Бұл азықтық қосындылар тобына қоректік заттары өте жоғары шоғырланған химиялық және микробиоло-гиялық түзу өнімдері жатады. Олардың қатарына синтетикалық мочевина, яғни карбамид, аммоний фосфаты, аммоний суы секілді синтетикалық азоттық қосындылар мен азықтық ашытқы (кормовые дрожжи), лизиннің, метиониннің азықтық қосындылары кіреді.

Минералдық қосындылар. Бұл табиғи шикізаттан өндірілетін азықтық қосындылар мал азығына қосымша минералды заттар көзі ретінде қол-данылады. Оларға ас тұзы, азықтық бор (кормовой мел), азықтық әк (кормовой известняк), ұлу қабыршығы (ракушечник), сүйек ұны, кальций-фосфорлық және кальций-натрийлік азықтық фосфаттар, қызыл топырақ (красная глина), микроэлементтер тұздары мен көп компонентті минералдық брикеттер, түйіршіктер жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азықтардың түрлері
Ірі қараның ішіндегі Қырдың қызыл сиырын азықтандыру
Алты айдан асқан сүтті-етті тұқымның ұрғашы бұзауларын күтіп-бағу және азықтандыру
Азық технологиясы мен ауыл шаруашылық малдарын толыққанды азықтандырудың тәжірибесін оқып білу
Жануар тектес азық
Азықтарды сүрлемдеу және сүрлемдеу техналогиясы
Ірі қараны азықтандыру ерекшеліктері
Азықтар. Азықтардың классификациясы және олардың ерекшеліктері
Торайды бордақылау кезеңі азық нормасы мен рационын келтіру
Сауынды сиырларды толық қанды азықтандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz