Әлихан Бөкейхановтың-дара жолы
Аннотация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4
I .Зерттеу бөлімі
1.1 Әлихан Бөкейхановтың.дара жолы ... ... ... ... ..5.8
II. Терең білім ұлт тарихына құрмет,қазақ халқының азаттығы мен құқығы үшін күрес.«Алаш» қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейхановтың кісілі келбетінің бір қыры ғана.
2.1.Әлихан Бөкейханов қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым «Алаш» партиясын ұйымдастырушысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9.12
2.2. Алаш жетекшілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13.14
2.3.Алаш мұрасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15.18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
Пікір ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

Ғылыми жұмыстың өзектілігі:ХХ ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін түрлі ағымдардың өзара қақтығысы, күрес кезеңі болды. Бір жағынан, ескі, күні өткен феодалдық қатынастар өзінің барлық даму қуаты мен өткен қуатын тауысып, қоғамдық өніп-өсуде кедергіге айналса, екінші жағынан, оларды ауыстыра аларлық жаңа қоғамдық қатынастар тым әлсіз, балаң күйде еді.Елдегі мұндай ауыр жағдайды ресейлік империализмнің пәрменді отарлау және орыстандыру саясаты тереңдете түсті.Міне, осындай жағдайда қоғамдық күреске қазақ қоғамы үшін мүлдем жаңа саяси-әлуметтік күш- ұлттық интеллигенция араласа бастайды.Негізінен метрополия оқу орындарында білім алып, отаршыл мемлекеттік басқару аппаратындағы қызметке және қазақ арасына орыс мәдениетін егіп, тарату үшін даярланған зиялылары мұның бәрін жиып қойып, ұлттық тәуелсіздік пен ұлттық мәдениеттің өсіп- өркенденуіне, ұлт өмірін қайта құру мақсатына қызмет ете бастайды. Соның нәтижесінде қазақ қоғамында мүлде жаңа сападағы жағдай қалыптасып, феодалдық тоқырау мен отарлық тәуелділікке қарсы күрес оның негізгі белгілеріне айналады.Бұл тақырыпты байыпты, жан-жақты және терең зерттеу қажеттілігі, ең алдымен бүгінгі қоғамдық өмір сұранысынан, соған сай таным құралы ретінде тарих ғылымының табиғи болымысынан, туындайды. Кез келген өркениетті елде тарих ғылымы сол кезеңдерде өзінің қоғамдық қызметімен тарихта терең із қалдырған түрлі қоғамдық күштердің , жеке тарихи қайраткерлердің өмір жолын зерттеу арқылы өзінің гуманистік міндетін орындап отырған және сол арқылы прогреске қызмет еткен.Міне, сондықтан да біз қалам тартқан зерттеу еңбек ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ ұлты-азаттық қозғалысының қайғылы қасіретке ұшыраған тұлғалардың бірі Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызметіне, сол арқылыАлашорда төңірегіне топтасқан қазақ зиялыларының қоғамдық қызметіне арналады.
Ғылыми жұмыстың мәселесі:Халықтың өткен өмірі жалпы қоғамдық мәні бар тәжірибе ретінде қорытылып, белгілі бір дәрежеде ұлт игілігіне асқанда ғана құндылыққа айналады. Онсыз өткен тарих мәнсіз әңгіме ғана болмақ. Егер біз Алаш қозғалысын ұлт тарихында ерекше орны бар құбылыс ретінде ғана бағалаумен шектелсек, онда оны түсіне алмаған ұрпақ болып шығар едік. Бізге бүгін жалпыұлттық деңгейде қорытылып, жалпыұлттық деңгейде игерілген, яғни ұлттық дүниетаным мен ұстанымның іргетасы міндетін атқара алатын тарих қажет. Ал Алаш қозғалысы мен Алаш жұртының алдаспанына айналған «Қазақ» газеті - сол дүниетанымдық тарихтың өзегі.
тарихындағы орны ерекше.
Жұмыстың мақсаты:
Менің ғылыми жұмысты жазудағы мақсатым ХХ ғасырдың басындағы азаттық пен тәуелсіздіктің күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерінің ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқан білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан алаш азаматы Әлихан Бөкейхановтың ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршысының тұңғыш қарлығашы бола білген ұлы қайраткердің өмір сүрген кездерін тарихи фактілер арқылы талдап, өзіндік баға беру. Алдымызға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін
Зерттеудің міндеті:
1. Алаштың арысы атанған Әлихан Бөкейхановтың дара тұлғасын баяндау.
2.Ә.Бөкейханов туралы жаңа тың деректер мен зерттеуді әдебиеттерді көрсету.
3. Ә. Бөкейханов қазақ мәдениетіндегі алатын орны және анықтау.

1.Қозыбаев М.Қ. История и современность /
2.Қозыбаев М.Қ. Өркениет және ұлт / М.Қ.Қозыбаев.
3.Қожакеев Т. Қайшылықты қайраткер / Т.Қожакеев // Парасат
4.Қожакеев Т. Қажырлы қайраткер / Т.Қожакеев // Егемен
5.Сүлейменов Р.Б. Ұлт интеллигенциясының қалыптасуының кейбір қырлары

Мазмұны
Аннотация ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4
I .Зерттеу бөлімі
1.1 Әлихан Бөкейхановтың-дара жолы ... ... ... ... ..5-8
II. Терең білім ұлт тарихына құрмет,қазақ халқының азаттығы мен құқығы үшін күрес-Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейхановтың кісілі келбетінің бір қыры ғана.
2.1.Әлихан Бөкейханов қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастырушысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9-12
2.2. Алаш жетекшілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3-14
2.3.Алаш мұрасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15-18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Пікір ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 21
Түйін.
Ғылыми жұмыста XX ғасырдың бас кезіндегі қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың асыл мұрасы, мақтанышымыз туралы айтылған. Қазақ даласында кеңінен қанат жайған ұлт-азаттық Алаш қозғалысың негізін қалаушы және жетекшікшісінің, жетістіктерінің іс-қимылымен рөліне, тарихында алғашқы рет болып табылатын бағасы жетпес құнды деректері алатын орны қазіргі заман талабына сәйкес соңғы ғылыми көз қарас негізінде мағлұмат берілген.
Аннотация.
В этой научной работе говорится в начале XX века называют публичной фигурой Алихан Букейханова драгоценного гордости наследия в казахской степи, основатель одной из самых прогрессивных национально-освободтельного движения Алаш впервые в истории роли и достижений в сотрудничестве,которое является бесценным значение в соответствии с требованиями современной роли данным на основе взглядом в последней научной информации.
Annotation.
Research work at the start of the XX century referred to a public figure Alikhan Bokeikhan precious heritage pride in the Kazakh steppe,the founder of the most progressive national liberation movement Alash the first time in the history of the role and achievements of the collaboraton,which is a priceless value in accordance with the requirements of the modern role of the data provided on the basis of a look into the latest scientific inmormatin.
Кіріспе.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі:ХХ ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін түрлі ағымдардың өзара қақтығысы, күрес кезеңі болды. Бір жағынан, ескі, күні өткен феодалдық қатынастар өзінің барлық даму қуаты мен өткен қуатын тауысып, қоғамдық өніп-өсуде кедергіге айналса, екінші жағынан, оларды ауыстыра аларлық жаңа қоғамдық қатынастар тым әлсіз, балаң күйде еді.Елдегі мұндай ауыр жағдайды ресейлік империализмнің пәрменді отарлау және орыстандыру саясаты тереңдете түсті.Міне, осындай жағдайда қоғамдық күреске қазақ қоғамы үшін мүлдем жаңа саяси-әлуметтік күш- ұлттық интеллигенция араласа бастайды.Негізінен метрополия оқу орындарында білім алып, отаршыл мемлекеттік басқару аппаратындағы қызметке және қазақ арасына орыс мәдениетін егіп, тарату үшін даярланған зиялылары мұның бәрін жиып қойып, ұлттық тәуелсіздік пен ұлттық мәдениеттің өсіп- өркенденуіне, ұлт өмірін қайта құру мақсатына қызмет ете бастайды. Соның нәтижесінде қазақ қоғамында мүлде жаңа сападағы жағдай қалыптасып, феодалдық тоқырау мен отарлық тәуелділікке қарсы күрес оның негізгі белгілеріне айналады.Бұл тақырыпты байыпты, жан-жақты және терең зерттеу қажеттілігі, ең алдымен бүгінгі қоғамдық өмір сұранысынан, соған сай таным құралы ретінде тарих ғылымының табиғи болымысынан, туындайды. Кез келген өркениетті елде тарих ғылымы сол кезеңдерде өзінің қоғамдық қызметімен тарихта терең із қалдырған түрлі қоғамдық күштердің , жеке тарихи қайраткерлердің өмір жолын зерттеу арқылы өзінің гуманистік міндетін орындап отырған және сол арқылы прогреске қызмет еткен.Міне, сондықтан да біз қалам тартқан зерттеу еңбек ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ ұлты-азаттық қозғалысының қайғылы қасіретке ұшыраған тұлғалардың бірі Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызметіне, сол арқылыАлашорда төңірегіне топтасқан қазақ зиялыларының қоғамдық қызметіне арналады.
Ғылыми жұмыстың мәселесі:Халықтың өткен өмірі жалпы қоғамдық мәні бар тәжірибе ретінде қорытылып, белгілі бір дәрежеде ұлт игілігіне асқанда ғана құндылыққа айналады. Онсыз өткен тарих мәнсіз әңгіме ғана болмақ. Егер біз Алаш қозғалысын ұлт тарихында ерекше орны бар құбылыс ретінде ғана бағалаумен шектелсек, онда оны түсіне алмаған ұрпақ болып шығар едік. Бізге бүгін жалпыұлттық деңгейде қорытылып, жалпыұлттық деңгейде игерілген, яғни ұлттық дүниетаным мен ұстанымның іргетасы міндетін атқара алатын тарих қажет. Ал Алаш қозғалысы мен Алаш жұртының алдаспанына айналған Қазақ газеті - сол дүниетанымдық тарихтың өзегі.
тарихындағы орны ерекше.
Жұмыстың мақсаты:
Менің ғылыми жұмысты жазудағы мақсатым ХХ ғасырдың басындағы азаттық пен тәуелсіздіктің күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерінің ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқан білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан алаш азаматы Әлихан Бөкейхановтың ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршысының тұңғыш қарлығашы бола білген ұлы қайраткердің өмір сүрген кездерін тарихи фактілер арқылы талдап, өзіндік баға беру. Алдымызға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін
Зерттеудің міндеті:
1. Алаштың арысы атанған Әлихан Бөкейхановтың дара тұлғасын баяндау.
2.Ә.Бөкейханов туралы жаңа тың деректер мен зерттеуді әдебиеттерді көрсету.
3. Ә. Бөкейханов қазақ мәдениетіндегі алатын орны және анықтау.
Зертеу әдісі:
1. Тараз қаласындағы кітапханаларға барып, жазба деректермен, тарихи танымдағы қазіргі таңдағы әдістер қолданылды: тарихи - жүйелік және салыстырмалы, сонымен қатар оқиғаларға синхромды анализ жасау мен деректерден алынған мәліметтерді фактілермен салыстыру әдістері қолданылған.
2. Танысу арқылы оның жасалу технологиясы мен хронологиясын анықтау.
Зерттеу кезеңі:
Таңдап алған тақырыбым туралы мағұлмат беретін заттай және жазба деректер беремін.
І.ХІХ ғасырдың аяғы
ІІ.ХХ ғасырдың басы
Ғылыми жоба жаңалығы:
Менің жаңалығым Омичъ, Голос степи, Иртыщъ газеттерінің атаулары әртүрлі болғанымен, кеңселері мен редакцияларының мекен-жайы, тіпті, телефон нөмерлері де біреу:Омскъ, уголъ Тобольской и Екатерининской, домъ Дудоладовой. Телефонъ № 234.Әлихан Бөкейханов өзінің мақалаларын V деген өзінің бір бүркеншік есімімен жариялаған. Негізінде мұндай бүркеншік атты ол тек айрықша жағдайларда ғана пайдаланатын.Әлихан Бөкейхан жеңісті білдіретін V деген латын әрпін өміріндегі ең ауыр кезеңдерінде - 1906-1910 жылдардағы столыпиндік реакция кезінде және 1922-1927 жылдардағы жаппай сталиндік қуғын-сүргіннің бастапқы кезеңінде жазған көптеген мақалалары мен жазбаларына қолданған.
1.1. Әлихан Бөкейхановтың-дара жолы.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов- 1866 жылы наурыздың 5 бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Әлихан Бөкейханов - XIX ғасырдың соңы мен XXғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ,қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға . Көрнекті қоғам және Алаш қозғалысының жетекшісі ,Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы,ғалым , аудармашы. Қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты, 1992 жылы Ақтоғай аудандық кеңестің шешімімен Ә.Н.Бөкейханов есімі берілді . Әлихан Бөкейханов Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы.
Ата-тегі: Бөкей-Батыр-Мырзатай-Нұрмұхамед-Әли хан.
Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы . Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ . Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы.Бөкейден Батыр,одан кейін Мырзатай,одан кейін Әлиханның әкесі Нұрмұхамед. Жасынан зерек , алғыр болады .
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып,жерілікті ауыл молдасында оқиды.Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргенде әкесі баласының сауаттылығын аңғарып,кейін қаладағы үш жылдық училишесіне түседі.Оны өте жақсы деген бағамен бітіріп шығады.Осыдан кейін он алты жасар Әлихан 1886 Омбыдағы техникалық училищесіне қабылданады.Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр жиырма жасында Дала генерал-губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200сом шәкірт ақысын алып, техник мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1894 жылы Ресей империясының елордасы Санкт-Петербургке барып, Орман технологиялық институтының экономономика факультетіне түседі.Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып,XX ғасырдың босағасын аттағалытұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды,өз ойын да шыңдай түсті .
Алаш қозғалысы жетекшісінің іс-қимылы мен рөліне қазақтың қазіргі заманғы тарихында алғаш рет, 1920 жылдары баға берілді. Қошмұхаммед Кемеңгерұлы Қазақ тарихынан деп аталатын тарихи очеркінде: Үкiметтiң қара қуғын жасаған күндерiнде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшiн басын құрбан қылған ат төбелiндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған - Әлихан, - деп жазды. 20 ғасырдың бас кезіндегі саясаткерлердің бірі, тарихшы, журналист, жазушы және драматург Қошмұхаммед Кемеңгерұлы бұл очеркін 1922 жылы аяқтап, 1924 жылы Мәскеудегі СССР халықтарының орталық баспасынан шығарды. Совет өкіметінің қуғын-сүргініне ұшыраған Әлихан Бөкейхан өмірінің соңғы 15 жылын осы Мәскеуде өткізіп, Кремльдің жіті бақылауында болған еді. Патшалық биліктің озбыр саясатын жастайынан көріп, түйсініп өскен Әлиханның бойында отаршыл билікке ғана емес, жан алып, жан беріспей-ақ отарлық қамытты киюге мәжбүр еткен өз халқының салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы туралы сыншыл көзқарасы да ерте қалыптасты. 1889 жылы Особое прибавленіе къ Акмолинскимъ областнымъ ведомостямъ газетінің қазақ тіліндегі қосымшасы - Дала уалаятының газетінде жарияланған өзінің алғашқы мақалаларында-ақ қазақ қоғамының жағымсыз жақтары мен қара халықты қатыгездікпен қанап жүрген надан молда, болыс пен старшынды, тойымсыз байдың сойылын соғып жүрген екіжүзді ақындар мен оқыған қазақтарды аяусыз сынға алды. Қырда кім болса да сол молла болады. Аз ғана оқу білетін қазақ, я қашқын ноғай, я сарт, я тәжік. Сол адамдар бек надан һәм нәрсені... білмейді һәм солар надан болған соң қазақтарға ауып, оларды мейлінше бұзады. Қай қазақ моллаға нанбайды, ашық күнді жауын қыламын деп тұрған соң... (Құдайындай иланады)... Бір сорлы қазақ бар ма екен... жақсы атанып жүрген қазақтар менен моллалардан көрмеген?.. Сол моллалар надандығыменен дінге қарсы өтірік айтады... деп жазды Қ. оязындағы моллаларының баяны деген мақаласында. Баспаханаға хат атты мақаласында аутор Зұлымбай Қарымбаев секілді қазақ бай-болыстарының, сондай-ақ Мүсәпір Бейшарин тәрізді қазақ кедейлерінің жиынтық кейіпкерін жасады: Біздің сөзіміздің растығын байқайын дегендер елдегі тілмәштің список жорналын алып, кез-келген жерінен оқып көрсе болғаны, мына жорналдан Зұлымбай Қарымбайұлын көрсе, 15 жылқысы, 100 қойы бар деп жазулы тұрады. Анығы 300 жылқы, 700 қойы болса да һәм Мүсәпір Бейшараұлын көрсе - 50 қойы бар, 5 жылқысы бар деп жазылып тұрады. Ол сорлының іліп алар һеш нәрсесі болмаса да сондай бейшаралар, яғни уақытымен алым бермеймін, һеш нәрсем жоқ деп азар да базар болады. Ол болыстарды, писарлер мен тілмәштарды сұм, залым адамдар қатарына жатқызды. Басқа бір мақаласында аутор былай дейді: Қыр халқы бос жүреді. Бос отырған бастарына ауыр сын тумаған соң мехнат-жұмысқа иленбей, мал шаруасыменен күнелтіп жүрді. Мал бағу өз жөніменен жүре береді. Өлгенге шейін бір қазақ мал бағуды түзеуге ойлаған жоқ, қанша заманнан бері ата-бабаның жолыменен жүреді де отырады. 23 жасар Әлихан сол кездегі қазақ қоғамы мәдениетінің төмендігін, адами әдеп пен ахлақтың жоқтығын өкіне отырып айтады. Халықтың жаппай сауатсыздығы, болыстық билік үшін ру аралық күрес, барымта, байлар мен күштілердің кедейлер мен әлсіздерді аяусыз езуі етек алды деп санайды. Бұл жылдары, Әлиханның көзқарасынша, қазақ халқы бай мен надан молдалардың және отаршыл биліктің үш жақтан бірдей езгісіне түсті. Бірақ Әлихан қазақтар туралы: Қыр халқы... ғылым-білім жайып жатқан һәм өздері ғылым-білімге көңіл бөлген себебінен кешікпей-ақ жақсылықты біліп, еңсесін көтеруге аяқ басар, өздерінің сүйектеріне берген ақылы-санасы болған соң... - деп жазды.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов-экономист, тарихшы, этнограф, әдебиетанушы ретінде танылды. Қазақ егіншілігі мен мал шаруашылығы, соның ішінде қазақтың сиыр, қой және жылқы шаруашылығы туралы іргелі зерттеулер жариялады. Қазақ тарихы, этнографиясы, әдебиеті мен фольклоры туралы жүздеген мақалалар жазып, Қозы Көрпеш - Баян Сұлу, Ер Тарғын, Ер Сайын секілді халық ауыз әдебиетінің бірнеше үлгілерін жинақтып, баспа бетіне шығарды. Ол ғылыми атаққа да, ғылыми дәрежеге де ұмтылмады, өйткені негізгі күш-жігерін саяси күреске жұмсады. Кейде ғылыми жұмыстарын еріксіз саяси күрес барысында жазуға тура келді. Академик Әлкей Марғұланның естеліктерінде, Алаш көсемінің 1925-1927 жылдар аралығында Ленинград мемлекеттік университетінің профессоры болғандығы айтылады. Қазақ жерінің отарлануы мен байырғы жер иесі - қазақ халқына сол кездің өзінде тиіп отырған және алда да тигізе беретін аса ауыр зардаптары туралы бірқатар ірі еңбектері Әлихан Бөкейханның алға қойған мұратының жарқын мысалдары бола алады. Әлихан Бөкейхан бұл зерттеулерді Семей түрмесінде сегіз ай отырған кезінде де жазған еді. Қазақтың суармалы егістік жерлерінің алынуы, Дала өлкесінің түкпірлеріндегі орыс қоныстары, Ақмола облысындағы переселендердің жер үлестері деп аталатын мақалаларының тақырыптарынан-ақ оның қандай өзекті мәселелерді арқау еткені айқын аңғарылады. Әлихан Бөкейхан бұл мақалаларды басқа жерде емес, отаршыл метрополияның дәл жүрегінде - Петербург қаласында, Сибирскіе вопросы журналында жариялады. 1908 жылы, туған жерден жырақта, бостандықтықтың дәмін татар-татпастан-ақ Самараға айдалып кетті. Әлихан Бөкейханның адамшылығы, қайраткерлігі мен кісілік қасиеттерімен ерекшеленді. Ол пікірлестері мен жолдастарының еңбектерін қай уақытта да орынды бағалай білді. 1914 жылы оның серіктестері әрі достары, сол кезде Орынбор қаласында шығып тұрған Қазақ газетінің бас редакторы мен орынбасары - Ахмет Алаш басшылары (солдан оңға): Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы. Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы газет бетінде үкіметке қарсы мақала жариялады деген желеумен тұтқынға алынды. Бұл уақиғаны жеделхат арқылы білген Әлихан Бөкейхан Қазақ газетінің келесі нөміріне Ұят! деген мақала жариялап, Алаштың біртуар азаматтарына қолдау көрсетті. Өзінің де Самара губерниясында айдауда жүргеніне алты жыл болғанына қарамастан Алаш көсемі пікірлестеріне тілекші екендігін осылайша танытты. А.Н.Радищев... абақтыға жабылып, 10 жылға Сібірге айдалды. Оның замандасы, тағы бір газетші, Еуропаға жол ашқан Н.И.Новиков Шлиссельбург бекінісінде 15 жылын өткізді. Ахмет және Міржақып бауырларым! Сендерді қамаған түрме - Радищев пен Новиков отырған түрме. Ресейде ең болмағанда бір рет тұтқында болмаған саналы адамдар санаулы-ақ. Достоевский, Потанин, Короленко, Чернышевский, Морозов сықылды жазушылар да түрмеде отырды ... Салтыков, Герцен, Пушкин, Лермонтов, Тургеневтер айдауға кетті... (Қазақ газеті, № 54, 1914 ж. Самара). Әлихан Бөкейхан қарапайым өмір сүрді. Ол тұтқынға алынып, 1937 жылы атылып кеткенде, жұбайы Елизавета мен немересі Ескендірге Мәскеудің коммуналдық пәтерінен бір бөлме мен кітаптар, фотоальбом, бірқатар қолжазбалары, сондай-ақ... қазір Алматыда өмір сүретін немере туысының қолында сақтаулы тұрған насыбай шақша ғана қалды. Әлиханды 1933 жылы Мәскеуде бір-ақ рет көрген қазақ совет жазушысы Сәбит Мұқановтың әйелі Мәриям 2000 жылы жеке кітап болып шыққан өз естелігінде Алаш көсемінің тұлғасына деген ерекше таңданысын: Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың атылар алдындағы суреті. Бутырка түрмесі, Мәскеу, 1937 жыл. ССРО КГБ-сының мұрағатындағы сурет. Бөкейханов өте тартымды адам екен... Сырт келбетінен нағыз ақсүйектік қасиет байқалады. Маңғаз, жүзі суық (Мәриям Мұқанованың Сағынышым - Сәбитім кітабынан) деп суреттейді. Смахан төренің естеліктерінде Әлиханның туған жерден үш аршын жер бұйырса жетеді деген сөзді ағайын-туыстарына әрдайым қайталап отыратынын айтылады. Алайда, Әлихан Бөкейханға да, оның қыздарына да, немересі Ескендірге де ата-баба жерінен топырақ бұйырмады. Барлығы Мәскеуде жерленді. Тек таяуда ғана Алаш көсемінің күйеу баласы, 1920 жылдардағы ірі мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақасов денесінің күлі Мәскеуден Астанаға әкелінді. Бірақ әлі күнге дейін оны қайда жерлеу мәселесі шешілмей отыр. Қазақстан өнеркәсібінің жетекшісі ретінде және осы саладағы ірі ғалым ретінде қалыптасуына зор мүмкіндігі болған, Жезқазғандағы түсті металдар кенін игерудің бастауында тұрған оның ұлы Оқтайдың (паспорт бойынша Сергей) да қайда жерленгені белгісіз. Оқтай шамамен 1957 жылы жұмбақ жағдайда өмірден өтті.
Әлихан Бөкейхан кезіндегі құдыретті Қазақ хандығының бірлігі мен күш-қуатынан айырылып, отарлық тәуелділікке қалай түскенін егжей-тегжейлі зерделеп шықты. Ол қазақ хандары мен сұлтандарының, ру көсемдері мен билерінің Ресей империясы өкілдерімен жазысқан хаттарын зерттей келе кейбірін газеттер мен арнайы жинақтарда жариялады. Сондай-ақ даланың тағы бір көшпелі элитасы - Кенесары хан бастаған қарулы көтеріліс туралы ел ауызындағы аңыз-әңгімелерді жинақтады. Әлихан Бөкейхан осы ізденістердің арқасында бірнеше келелі тұжырымдар жасап, ой қорытты. Қазақтың бірлігі мен тәуелсіздігін сақтай алмауының ең басты себебін ол ел тізгінін ұстағандардың, тіпті ең қатерлі кездің өзінде, яғни жоңғар шапқыншылығы кезінде де ел ішінде ауызбірлік орната алмауынан көреді. Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан шығарған "Иртышъ" пен "Омичъ" газеттері. Бұрынғы билеушілердің көпшілігі, - деп жазады Әлихан Бөкейхан, - күш-қуатының барлығын өзара талас-тартыс пен қырқысқа сарп етті (Түрік баласы. Қазақтың тарихы. Қазақ, 1913, № 2.). Алып Ресей империясымен алысып, байырғы тәуелсіздікті қарулы көтеріліспен қалпына келтіру мүмкін емес деп тұжырған Әлихан Бөкейхан бұл жолды халықтың жаппай қолдауы да неғайбыл, Кенесары көтерілісінің жеңіліске ұшырауы - соның бір көрінісі деп есептеді. Алаш жетекшісі отаршыл империяны саяси тұрғыдан реформалап, федеративтік демократиялы мемлекетке айналдыру арқылы ғана қазақтың әуелі өзін-өзі билеп, кейін толық тәуелсіздікке қол жеткізуіне болады деп санады. Ол мұның ұзақ та азапты жол болса да, ең дұрыс жол екенін көре білді. Сондықтан да 1905 жылы Халық бостандығы немесе Конституциялық-демократиялық партияның (кадет партиясы) Ақмола облыстық және Омбы қалалық комитеттерінің ұйымдастырушылары мен жетекшілерінің бірі болды. Партия 1905 жылы 23 сәуір мен 17 қазандағы манифестердің аралығында дүниеге келді, бірақ аз уақытта-ақ Ресейдегі ең ірі әрі аса танымал оппозициялық ұйымға айналды. Кадеттердің бағдарламасы мен алға қойған мақсат-міндеттері қазақ халқының арман-тілегіне сай келді. Бұл партия адамның жеке басына қол сұқпаушылықты; ұлтына, діни сеніміне, тегі мен жынысына қарамастан азаматтардың теңдігі мен бостандығын қамтамасыз етуді; халық өкілдіктеріне де, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына да жалпыға бірдей, тең, төте және құпия сайлау құқығын жүзеге асыруды; жер реформасын заңнамалық тұрғыдан шешуді, ұлттық талаптарды әділ орындауды талап етті.
II Терең білім ұлт тарихына құрмет,қазақ халқының азаттығы мен құқығы үшін күрес-Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейхановтың кісілі келбетінің бір қыры ғана.
.
2.1.Әлихан Бөкейханов қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастырушысы.
Әлихан Бөкейханов - қазақАлаш қозғалысы жетекшісінің іс-қимыл мен рөліне қазақтың қазіргі заманғы тарихында алғаш рет , 1920 жылдары баға берілді.
Тәуелсіздікті байырғы хандық басқару институттары негізінде қалпына келтіруді Әлихан Бөкейхан дұрыс деп санамады. Сол себепті де ол өзгеше стартегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға ұмтылды. Бұл ұмтылыстарының бір парасы Қарқаралы петициясы деген атпен тарихта қалған 1905 жылғы Қазақтардың петициясында көрініс тапты. Қазақтардың петициясының басты ұйымдастырушы және негізгі ауторы Әлихан Бөкейханның қазақ халқының бейбіт саяси талаптарын орыс императорына дереу поштамен жіберуді қолға алғаны туралы оның Дала өлкесіндегі сайлаулар деп аталатын очеркінде жан-жақты айтылады. Әлихан Бөкейхан бұл талаптарды Петербургтің Сын отечества газеті мен Омбының Иртыш газетінде жариялап, оларды өзі редакциялап шықты. Қазақтардың петициясының төртінші тармағында қазақ отырған жерлердің қазақтың меншігі болып саналатынын патша өкіметінен мойындауды талап еткен Әлихан Бөкейхан жерсіз мемлекет болмайды деген ұстанымда болды. Қазақ жерін сақтап қалу және Ресейдің қазақ жеріне орыс шаруаларын орналастыруына жол бермеу мақсатындағы қажырлы күресті ол Санкт-Петербургтегі оқуынан Омбыға оралысымен бастап кетті. Қазақ халқы петицияда қазақ балалары білім алатын барша бастауыш мектептерге ана тілі мен жазуын енгізуді, қазақ тілінде газет шығарып, іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді талап етті. Әлихан Бөкейхан кейінірек сырттан таңылған жат заңдармен емес, қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін жосын-жоралғылар бойынша үкім шығаратын қазақтың байырғы билер сотын қалпына келтіруді ұсынды. Бұл ретте мысал ретінде Англиядағы сот билігін алға тартты. Ол үшін билер мен билердің сот билігін әкімшілік билікке тәуелсіз ету қажет деп айтылды. Сонау 1910 жылдың өзінде-ақ Қазақтар деп аталатын тарихи очеркінде қазақтардың соғыс ұраны Алаш деген мифтік тұлға екенін атап өткен болатын. 1913 жылы жазған Қазақтың тарихы деп аталатын мақаласында Алаш атауына тереңірек тоқталып, Алаш атауының астарында жетекші деген мағына жатқанын айтады. Жошы ханды халық Алаш деп атап кетті. Бұл Алаштың - алаш жұртының басшысы екенін білдіреді деп жазады Түрік баласы.
1917 жылы қараша айында өткен Құрылтай жиналысының сайлауында қазақтардың басым көпшілігі Үш жүз партиясын емес, Алаш партиясын қолдады, сөйтіп Алаш партиясы 43 депутаттық мандатты иеленді. 1917 жылы 21 - 28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде Алаш атты партия құрылып , бұл съезде 10 мәселе қаралды. Оларға:
1) Мемлекет қалпы
Россия демократическая, федеративная республика болу.Өкімет басында учредительное собрание мен Г.Дума қалауынша келісімді жылға сайланатын президент болу.Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер учредительное собрание мен Г.Дума алдында жауаптар болу.Депутаттар тегіс,тең,төте,һәм хуфия сайлаумен болады. Сайлау хақында қан,дін,еркек- әйел талғаусыз болды.
2 ) Жергілікті бостандық
Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып Россия республикасының федерациялық бір ағзасы болуы.Реті келсе,қазақ автономиясы сыбайлас жұрттар мен әзірге бірлесе болуы, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болуы.Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алуы.
Алашпартиясы ғаділдікке жақ, нашарларға қас,жебірлерге жау баолатын. Күш- қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарқы ету жағына бастайды.
3)Негізгі құқық
Ресей республикасында дінге ,қанға қарамай ,еркек- әйел демей адам баласы тең болу.Кісі хатын ашқанға айып,оқығынға жаза болуы.
4)Дін ісі
Дін ісі мемлекет ісінен айырылулы болуы.Дін біткенге тең қуқык. Дін жоюғы ерік.Кіру - шығу жағына бостандық.Муфтилік қазақта өз алдына болуы. Неке, талақ ,жаназа,балаға ат қою сиякты істер моллада болуы, жесір дауы сотта қаралуы.
5)Билік һәм сот
Әр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болуы.Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тергеу - тексеруі һәм үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылуы.Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілінде болуы.Қырдағы ауыл,болыс ішінде билік пен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылуы.
6)Ел қоғау
Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмауы. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету :әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқаруы.
7)Салық Салық мал-ауқат ,табысқа қарай байға- байша,кедейге - кедейше ғаділ жолмен таратылу.
8)Жұмысшылар
Жұмысшылар закон панасында бөлу.
9)Ғылым - білім үйрету
Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық һәм ақысыз болуы,жұртқа жалпы оқу жайылуы. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқуы ; қазақ өз тілінде орта мектеп;университет ашуы; оқу жолы өз алды автономия түрінде болуы; өкімет оқу ісінде кіріспеу;мұғалімдер - профессорлар өз ара сайлау мен қойылуы;ел ішінде кітапханалар ашылуы.
10)Жер мәселесі
Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсіін деуі,қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша,қазақ жеріне ауған мұжық келмеуі,бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайталауы.Аса зор ағаш ,зор өзендер мемлекеттікі болып,аз ағаш һәм көл байлықтары земство мулкіне саналу.
Алаш Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов 1937 жылы шілде айында тұтқындалған кезде өз қолымен толтырылған анкета.
Ресей ФСБ-ның мұрағатындағы құжат. Мәскеу, ақпан, 1995 жыл. партиясы Қазан төңкерісінің қарсаңында Ресейдегі елуге жуық партияның ішінде сегізінші орында тұрған еді. Әлихан Бөкейханов шынайы демократтық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz