Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының білімі, іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру жолдарын теориялық тұрғыда негіздеу, оны жүзеге асырудың әдістемесін беру
Кіріспе
І Оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырудың теориялық негізі
1.1 Білім . оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі құрал
1.2 Оқушылардың іскерлік қарым.қатынасын қалыптастырудың психологиялық.педагогикалық негіздері
1.3 Дағды түсінігі мен түрлері
ІІ Оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдыларын бақылау және бағалау
2.1 Оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдыларын бақылау мен бағалауға қойылатын талаптар
2.2 Оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдыларын бақылау мен бағалаудың негізгі әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Зерттеудің өзектілігі: Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік-саяси және жаңа технологиялық өзгерістер, тәрбие мен білім беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру үшін білім саласында жаңа, тиімді тәсілдерді қолданудың қажеттілігі дәлелдеп отыр.
ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер білімді ұрпақ даярлауда мектептің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, оқушының бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай білім алуы мен іскерлікті, дағдыны, жеке тұлғалық және кәсіби сапалық қасиеттерді меңгеруі қоғамның негізгі талабы ретінде қарастырылуда. Білімді жас ұрпақтан ғана қоғам мен экономиканың, әлеуметтік және мәдени өркендеуіне үлес қосатын азаматтар шығады. Қоғам және тұлғаның қызығушылығын айқындайтын білім беру мазмұнының бастапқы анықтаушы оның мақсаты болып табылады.
Оқыту – қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырьш, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі.
Қазіргі заманда білім берудің мақсаты - қоғамдағы әлеуметтік құндылық іс-әрекетті жүзеге асыруда тұлғаға қажетті қасиеттерді дамыту. Оқытуға мұндай мақсат қою тұлғаның білім, іскерлік, дағдысы жағынан жан-жақты жетілген, толыққанды ақыл ойы, дене бітімі ерік жігері күшті болуын қамтамасыз етеді.
Білім берудің басты талаптарының бірі - баланың жеке бастық дамуына, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда қоршаған дүниені терең түсінген, ондағы үздіксіз болып тұратын өзгерістерді байқап, бақылай алатын оқушы ғана даму мүмкіндігіне ие болады.
Осы міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың негізгі қызметі білімді теория жүзінде алып, іскерлік арқылы қолданып, дағдымен бекіту болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: жалпы білім беретін мектеп оқушыларының білімі, іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру жолдарын теориялық тұрғыда негіздеу, оны жүзеге асырудың әдістемесін беру.
Зерттеудің міндеттері: аталған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды
- Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі құрал білім екенін айқындау;
- Оқушылардың іскерлік қарым-қатынасын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздерін талдау, жүйелеу;
- Оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдыларын бақылау мен бағалауға қойылатын талаптары мен негізгі әдістерін саралау.

1. Ахметова Г.К., Исаева З.Ә. Педагогика – А., 2006 ж., 202 б.
2. Педагогика: Оқулық – Абай ат. ҰПУ – А., 2005 ж., 403 б.
3. Бабаев С. Педагогика – А., 2004 ж., 5-14 б.
4. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика – А., 2002 ж.
5. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика – А, 2004 ж
6. Педагогика дәріс курсы ҚР, А., 2003 ж.
7. Хайруллин Г.Т. және т.б. Педагогика – Алматы 2005 ж.
8. Құрманалина Ш.Х. және т.б. Педагогика – Астана, 2007 ж.
9. Тажибаев С.Г. Педагогика – Алматы, 2007 ж.
10. Подласый И.П. – Педагогика – М., 1996 г.
11. Педагогика: курс лекций /Под ред. Хайруллина Г.Т. – А., 2003 г.
12. Сластенин В.А. Педагогика – М., 1998 г
13. Краевский В.В. Общие основы педагогики – М., 2003 г.
14. Стефановская Т.А. Педагогика: наука и искусство – М., 1998 г.
15. Қоянбаев Ж.К. Педагогика. – Алматы, 2001.
16. http://www.izden.kz/
17. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы. – Алматы, 2005-140 б.
18. Педагогика және психология терминологиялық сөздік – А., 2002 ж.
19. //Білім № 2, 2002 ж.
20. //Қазақстан мектебі №1, 2008ж.

Зерттеудің өзектілігі: Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік-саяси және жаңа технологиялық өзгерістер, тәрбие мен білім беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру үшін білім саласында жаңа, тиімді тәсілдерді қолданудың қажеттілігі дәлелдеп отыр.
ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер білімді ұрпақ даярлауда мектептің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, оқушының бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай білім алуы мен іскерлікті, дағдыны, жеке тұлғалық және кәсіби сапалық қасиеттерді меңгеруі қоғамның негізгі талабы ретінде қарастырылуда. Білімді жас ұрпақтан ғана қоғам мен экономиканың, әлеуметтік және мәдени өркендеуіне үлес қосатын азаматтар шығады. Қоғам және тұлғаның қызығушылығын айқындайтын білім беру мазмұнының бастапқы анықтаушы оның мақсаты болып табылады.
Оқыту - қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырьш, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі.
Қазіргі заманда білім берудің мақсаты - қоғамдағы әлеуметтік құндылық іс-әрекетті жүзеге асыруда тұлғаға қажетті қасиеттерді дамыту. Оқытуға мұндай мақсат қою тұлғаның білім, іскерлік, дағдысы жағынан жан-жақты жетілген, толыққанды ақыл ойы, дене бітімі ерік жігері күшті болуын қамтамасыз етеді.
Білім берудің басты талаптарының бірі - баланың жеке бастық дамуына, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда қоршаған дүниені терең түсінген, ондағы үздіксіз болып тұратын өзгерістерді байқап, бақылай алатын оқушы ғана даму мүмкіндігіне ие болады.
Осы міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың негізгі қызметі білімді теория жүзінде алып, іскерлік арқылы қолданып, дағдымен бекіту болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: жалпы білім беретін мектеп оқушыларының білімі, іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру жолдарын теориялық тұрғыда негіздеу, оны жүзеге асырудың әдістемесін беру.
Зерттеудің міндеттері: аталған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды
oo Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі құрал білім екенін айқындау;
oo Оқушылардың іскерлік қарым-қатынасын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздерін талдау, жүйелеу;
oo Оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдыларын бақылау мен бағалауға қойылатын талаптары мен негізгі әдістерін саралау.
Зерттеудің объектісі: білім, іскерлік, дағды.
Зерттеудің теориялық негізі: Тақырыптың мазмұнын ашу үшін бірнеше әдебиеттер, атап айтқанда, Ахметова Г.К., Исаева З.Ә. Педагогика, Бабаев С. Педагогика, Қоянбаев Ж.Б. Педагогика, Хайруллин Г.Т. Педагогика сонымен қатар баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалар, интернет желілеріндегі берілген мәліметтер қолданылды.
Зерттеудің құрылымы: зерттеу жұмысы екі тараудан, тарау өз ішінде бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырудың теориялық негізі
1.1 Білім - оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі құрал
Білім - оқыту мен тәрбиелеудің адам, қоғам мемлекет игілігіндегі бір мақсаттағы үрдіс ретінде танылады.
Оқушылардың білімінің сипатын құраушылары
Білім
Іскерлік
Дағды

Оқыту - қоғамдық құбылыс түріндегі ересектердің мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тәжірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту туралы, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі.
Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндеттерінің мәні осында.
Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа негізделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары:
- білім беру - бұл мақсат оқушылардың танымдык іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, физикалық және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:
- тәрбиелеу - әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.
Оқытудың мақсаты - дамытудың қоғамдық - тарих тәжірибесінің жан - жақтарын: білімдер мен іскерліктері, ғылым, мораль, еңбек, әдебиет, өнер, жалпы және дене тәрбиесін меңгеруге бағытталған мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен оқушының оқу-танымдық өзара бірлескен әрекетінен ойша күтілетін түпкі нәтиже.
Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипаттайды.
Оқытудың әлеуметтік, педагогикалық психологиялық мәні оның қызметтерінен біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі, бірінші кезектегі біршама мәндісі -- оқушыларда білімдерді, дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру қызметі). Оқытудың екінші қызметі -- оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тәрбиелеу қызметі). Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған орта жөнінде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның өз бетінше ойлауын дамыу қызметі атқарылады (дамыту қызметі).
Адамның дамуы - бұл оның денесінің физиологиялық және психологиялық сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының сапалы дамуын білдіреді.
В.В.Краевскийдің - педагогикалық теориясында жалпы білім беру мазмұнын қалыптастыру принципі қарастырылған. Ол принцип білім берудің барлық элементтерімен барлық деңгейлерінде қоғамның ғылым, мәдениет және тұлғаның дамуымен сәйкес келеді. Ол - тұлғаның өсуі үшін және мәдениетті өмір сүруі үшін дәстүрлі білім, іскерлік, дағды қоғамның әлеуметтік дамуы деңгейін көрсететін білім беру мазмұнына өндіру қажет дейді.
Оқыту принциптері - оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын, негізгі жағдайлар. Оқытудың процессуалдық және мазмұндық бірлігі принципі жалпы білім беру мазмұнын тандағанда бір жақты пәндік - ғылыми бағдарлы болып келеді. Ол білімнің мазмұнынсыз нақты оқу процессті жүзеге асыра алмайды. Жалпы білім беру мазмұнын құрастырғанда қажетті принциппен технологияны енгізуі қажет.
Білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру беріктілігі принципі: оқушыларға оқылып отырған материалдың олардың тәжірибелік іс-әрекеттері үшін маңыздылығын түсіндіруді оқытылатын материалды және ең бірінші оның негізгі мазмұнын берік, әрі ұзақ уақытқа дейін еске сақтауға деген мақсатын қалыптастыруды; бұрын оқытылған оқу материалын жүйелі ұйымдастырылған түрде қайталауды; оқытылған материалдың игерілуіне жүйелі түрде бақылау жүргізуді талап етеді.
Жүйелілік, бірізділік және кешенділік принциптері: оқу пәнінің білімдерін жүйелі беруге жаңа білімді бұрынғы білімдермен байланыстыра оқытуды, оқыту процесінің ұйымдастырылуы мен нәтижесіне жүйелі және нақты бақылау жасауды; оқу сабақтарының нақты жоспарын іске асыруды, оқу материалының логикалық байланысы мен орналасуын қатаң сақтауды талап етеді.
Білім беру мазмұнының құрылымдық бірліктегі принципі әр деңгейде оқушы тұлғасы мен педагогикалық іс-әрекетті оқу материалы, оку пәнін теориялық жағынан бірлікте қарастырады. Соңғы жылдары білім беру мазмұнын таңдағанда гуманитарландыру және негіздеу бағдарлы - білімнен тұлғалық бағдарлы білімге көшу тенденциясы байқалды.
Жалпы білім беру мазмұнын гуманитарландыру принципі жалпы адамзаттың мәдениетті, оқушылардың тәжірибелік және шығармашылық жағынан меңгеруге жағдай жасаумен байланысты. Бұл принцип оқушылардың көз-қарасын қалыптастыруға дайындаумен байланысты.
Қазіргі кездегі қоғамның даму жағдайы, сондай-ақ тұлғаның мәдени гуманитарлық компоненті: өмірлік мәдени өзін-өзі анықтауы; еңбек мәдениеті және экономикалық мәдениеті; саяси және құқықтық мәдениеті; интеллектуалдық, адамгершілік, экологиялық, өнер және дене мәдениеті, отбасымен мәдени қарым-қатынас жағдайы сияқты көптеген аспектілерден тұрады.
Мазмұнын терең негіздеу арқылы жалпы білім беруді дегуманизациялауды жеңу принципі болып табылады. Пәнаралық байланыста, сабақтастығын гуманитарлық және жаратылыстану білімдерін кіріктіруді қалыптастыруды талап етеді. Бұлай оқыту білім алудың тәсілі ғана емес, іскерлік дағдыны қалыптастыру, оқушыларды жаңа біліммен қаруландыру, әдістерімен өздігінен іскерлік дағдыны меңгерудің құралы болып табылады.
Жалпы білім беру мазмұнының беріктілігі оның жүйелі түрде оқу процесін гуманитарландыру, оқушыларды шығармашылықпен оқу ақпарат құралдарын шамадан тыс емес мүмкіндігіне қарай алуға жағдай туғызады. Жалпы білім беру мазмұнның компоненті тұлғаның базалық мәдениетімен байланысты. Білімсіз іскерлік мүмкін емес, шығармашылық әрекет белгілі білімнің іскерліктің тәрбиелеліктің негізінде қалыптасады.
Білім алу іскерлік пен дағдыны қалыптастыру өзін-өзі тексеру, өзін-өзі бағалау тек оқу әрекетінде ғана болады деп біржақты түсінуге болмайды. Ол басқа әрекеттерге де тән. Бірақ ол оқытуда бағытта жүргізіліп, басқа жағдайда өте баяу жүреді әрі ұзақ уақытты талап етеді. Оқу әрекетінің қалыптасуы білім мазмұнын теориялық деңгейін көтеру ұстанымымен тығыз байланысты. Бұл білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттыруды қажет етеді. Оқу тапсырмасын орындау тәсілдері оқулық таңдамайды. Оқу тапсырмасының әрбір кезеңін орындауда оқушылар білім негізін саналы меңгеріп, өз беттерімен әрекет жасауға мүмкіншілік алады. Сондай- ақ талдауға, нақты мақсатты анықтауға, тапсырманы орындауға қажетті ережелерді, іскерліктерді жаңғыртуға, мақсатқа жетудің реттік амалдарын белгілеуге, тексеру мен бағалауға үйренеді. Нәтижесінде болашақта ой және дене еңбегін белсенді атқаруға негіз қаланып, жоғары сыныптарда одан әрі жетіледі. Оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынасты қалыптастыру - өз бетімен білім алудың, өз бетімен ізденудің, өзін - өзі тексерудің, өзін-өзі бақылаудың, өзін-өзі бағалаудың кешенді қамтамасыз етудің негізгі құралы болып табылады. Оқу әрекетіндегі рефлексия - оқу әрекетін жүзеге асырып субъекттің ойлау, қабылдау қабілетін жандандырады. Себебі оқу әрекетіндегі рефлексия арқылы оқушы өзінің даралығына, өз ойының дұрыстығына, өзі орындаған тапсырмаларды талдау, бағалау арқылы көз жеткізсе, оқу әрекеті өз пікірін таразылап түсінуге, өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік алады. Оқушы рефлексия арқылы өз оқу әрекетінің тәсілін түсініп білімді саналы меңгере алады, яғни рефлексия - оқушыға алынған нәтижені талдауға, алдағы жұмыстың мақсатын анықтап, оған жету жолын өңдеуге үйретеді, өзін-өзі тексеріп, оқу қызметін бағалауына мүмкіндік береді. Сондықтан да рефлексия - өзін-өзі танудың, түсінудің, тексерудің, бақылаудың, бағалаудың негізгі тәсілі және ойлаудың қажетті құралы. Өкінішке орай қазіргі таңда бастауыш мектеп оқушылары өткен материалдың мәніне көп көңіл бөлмейтінін қойылған талаптары, шала түсінетіні, тек нәтижені ғана тексерумен шектелетіндігі, соның нәтижесінде жиі сәтсіздікке ұшырайтындықтары, уақыттан ұтылатындықтары, өздеріне сенімсіздіктері байқалады. Міне сондықтан да оқушыларда оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынасты қалыптастырудың қажеттігін практика жүзінде көз жеткізіп, оқу әрекетіне рефлексивті қатынасты қалыптастыруда төмендегі шарттарды ескеру қажеттілігі анықталады.
Оқу әрекетінің құрамына тоқталып, мәнін түсіндіру. Орындалған әрекет тізбегін еске түсіру. Анықталған әрекет тізбегінен ең тиімдісін анықтау. Әрекеттер нәтижесін құрастыру және шығару. Мұндай нәтижелер бірнеше болуы мүмкін: оқу әрекетіне байланысты идеялар, ұсыныстар жасалып, заңдылықтар анықталып, сұраққа жауаптар берілуі; оқу әрекеті барысындағы қолданылған тәсілдер мен амалдардың анықталуы; алдағы жоспарланатын оқу әрекетіне болжам жасалуы.
Оқу әрекеті барысында тексеруді және бағалауды жүзеге асыру. Сонымен оқушыға кез-келген тапсырманың орындалу жолын меңгерту оқу әрекетінің негізгі құрамын таныстырумен байланысты. Ол пәнді талғамайды.
Бұл жұмыс түрі оқушының өз-өзіне деген сенімділігін, өз ісіне жауапкершілігін арттыру, оларды тиянақтылық қасиеттермен қатар, өзін-өзі тексеру, бақылау, бағалау сияқты іскерліктерін қалыптастырады.
Жалпы білім беретін мектеп рефор - масының қайсысы болмасын, оның мүлтіксіз жүзеге асырылуы сапалы оқу - лыққа тікелей байланысты. Себебі мектеп оқулығы барлық оқу үрдісінің өзіндік озық үлгісі болып табылады. Ол оқытудың мазмұнын ғана емес, сонымен қатар, жұмыстың әдістемелік тәсілдерін, жалпы бағытын және оқытушы мен оқушының іскерлік қарым-қатынасты орнатудағы жүргізілетін жұмыстарды айқындап отырады.
Оқулықта іскерлік пен дағдыны жүзеге асыру үшін оқу жұмыстарының әр алуан түрлері жинақталған. Оқулық көмегімен оқушылардың іскерлік қарым-қатынас қабілеттерін белгілі бір деңгейге жеткізіп, олардың табиғи қасиеттерін оята білу жатыр. Бұл белгілі бір тапсырмалар жүйесі арқылы іске асырылады, себебі оларды шешу барысында оқушылар ізденіс жұмыстарын жүргізіп, тың тәсілдер ойластырып, тәжірибе жинақтайды.
Сонымен, оқулық - оқушылардың өмірлік біліктілігін қалыптастыруға бағытталған және біліммен, әрекет әдістерімен, шығармашылық әрекет тәжірибесімен қамтасыз ететін басты құрал.
Оқыту нәтижесін тексеру әдіс - тәсілдерінің уақыт өткен сайын күрделене түсетіндігі, қоғамдық - әлеуметтік талаптарға сай түрленіп отыратыны белгілі. Соңғы жылдарда оқушылардың оқу пәні бойынша меңгерген базалық білім деңгейлері, олардың дайындық дәрежесіне қойылатын талаптар, ол талаптардың жүзеге асуын анықтайтын сұрақтар мен тапсырма үлгілері топтастырылған.
Сондай-ақ оқулықта берілген іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға байланысты тапсырмалардың орындалуы әр оқушының белсенді және өзіндік іс-әрекетімен тығыз байланысты. Өзіндік іс-әрекетті орындауға баулу, оған сәйкес қарым-қатынас пен білік, дағдыларды қалыптастыруға бағыт ұстау, осыған оқушыларды бағдарлау − әр сабақтың негізгі көрсеткіші болуы тиіс.
Білімнің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптар мен оларды орындаудағы оқушылардың мүмкіншілігі арасындағы қарама-қайшылықты атайды. Қарама-қайшылықтардың бағыттылықпен шешілуі мазмұндық білімнің табиғатына сай дұрыс қызмет етуіне қол жеткізеді.
1.2 Оқушылардың іскерлік қарым-қатынасын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Оқушыларды мектеп қабырғасынан іскерлiк қарым-қатынастарды білуге, үйренуге тәрбиелеудің мәні зор. Бүгінгі оқушы - ертеңгі іскер азамат, яғни ол - еліміздің болашағы.
Оқушылардың іскерлік қарым-қатынасқа түсе білуге оқыту - тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар, баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа да танымдық қасиеттерінің жан-жақты дамуына бағытталатын оқытудың түрі.
Оқушы - білім алуда негізгі психологиялық үрдістерді басынан кешуші субъект. Қазіргі кезеңде педагогика-психологияның өзекті мәселелері қатарында оқу-танымдық қызмет жүйесінің маңызды екі компоненті - мұғалім мен оқушының субъект- субъектілік қарым-қатынас мәселесі қойылып отыр.
Оқушылардың рухани қызығуын туғызу үшін іскерлік қарым-қатынасты оқыту кезінде мынадай жұмыстар жүргізуге болады:
оқушылардың іскерлік қарым-қатынасқа деген қызығушылығын дамыту. Ол үшін оқушыларға іскерлік қарым-қатынасқа байланысты түрлі мазмұндағы мақалаларды оқытып, интеллектуалдық бағдарламаларды, оқушылар арасында өткізілетін түрлі сайыстарды көрсетіп, олар туралы пікір алысады, соның нәтижесінде оқушы:
oo іскерлік қарым-қатынас туралы терең мағлұмат алады;
oo тіл байлығы, ғылыми ойлау қабілеті артады;
oo тілдің көркемдегіш құралдарын орынды пайдалана білуге үйренеді.
Қарым-қатынас - оқушының тіл нормасын сақтап сөйлеуіне, тіл мәдениетін меңгеруіне, өз ойын мәнерлі де түсінікті жеткізе білуіне, яғни көңілдегі көрікті ойды көркем сөзбен жеткізе білуге бағыттау. Бұл бағытқа іскерлік әңгімелер, іскерлік келіссөздер, іскерлік ойындар, мәселелік жағдаяттарды шешу жатады. Орындалатын мұндай жұмыстар оқушылардың шығармашылық белсенділігін туғызады, білім алудың жолдарын іздестіруге мәжбүр етеді;
Білімді жүйелеу. Бұл кезең әр сабақтың алдында жүргізіледі. Оның мақсаты - оқушы игерген білімнің беріктігі, нақтылығын анықтау. Ол жаңа білімді өз мәнінде игеруге бағытталады. Білімді жүйелеу кезеңіне жүйелілік, нақтылық, беріктілік ұстанымы негіз болады;
Іскерлік қарым-қатынас кезіндегі психологиялық жағдай. Мұғалім мен оқушы арасында сыйластық, үлкеннің кішіге, кішінің үлкенге деген қамқорлығы, ықыластылық, мейірімділік, ынтымақтастық, табиғилық, әдептілік, сыпайгершілік сияқты қасиеттер орын алуы керек.
Психологтардың жоғарыда көрсетілген тұжырымдарын негізге ала отырып, мектеп оқушыларының іскерлік қарым-қатынасқа түсу барысында мынандай тұжырымдар жасауға болады: іскерлік қарым-қатынас кезінде сөйлей білудің қажеттілігі, іскерлік қарым-қатынас кезінде өз алдына мақсат қоя алуы, ойды жоспарлай білу, ой ұшқырлығын дамыта алу, өзінің шығармашылық қабілетін дер кезінде көрсете білулері.
Іскерлік қарым-қатынасты орнатуда баяндаушы тыңдаушының қатысымдық мүмкіншілігін ескере отырып, жағдайды бағдарлайды. Оның негізінде іштей жоспар жасайды, өз ойын неден бастаған жөн, пікірін қалай жеткізгені дұрыс екендігін түйіндей келе ой мен тілді байланыстырады.
Іскерлік қарым-қатынас әңгімесінің мазмұны қатысушылардың өмірдегі тәжірибелеріне, алға қойған мақсаттарына, тақырыптың қажеттілігіне байланысты қарастырылады. Іскерлік қарым-қатынасқа түсушілер алдына мынадай мақсат жоспарлауы мүмкін:
* бір нәрсені хабарлау, айту;
* әңгімелесушіден өзіне қажетті ақпаратты сұрау;
* болған оқиғаға, нысанаға тыңдаушының көңілін аудару;
* өзінің пікірлерін, бақылауларын, қорытындыларын хабарлау;
* әңгімелесушілерге немесе басқа біреулерге қатысты фактілерді анықтау;
* бір іске өзінің келісімін, қарсылығын білдіру.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, күнделiктi өзгерiп жатқан осынау кездегi оқу-тәрбие үрдісі әр балаға жеке тұлға ретiнде қарап, оның өзiне тән сана, сезiм, ерік, өзiндiк әрекет жасай бiлетiн бағыт-бағдары бар қабiлеттi іскер азамат қалыптастыруға мүмкіндік жасайтынын ескере отырып, мынадай мiндеттердi жүзеге асыру керек деп пайымдаймыз:
# оқушылардың бiлiмге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабiлетiн, диалектикалық дүниетанымын ұштау, өмiрлiк мақсат-мүддесiн айқындау, жеке басының қасиеттерiн дамытып, оны қоғам талабына сай iске асыруға көмектесу арқылы іскер азаматтарды дайындауға барынша ат салысу;
# бәсекеге қабiлеттi азаматтарды тәрбиелеу үшiн дарынды балаларды анықтау, олардың қабiлетiн дамытуға жан-жақты жағдай жасау;
# жаһандану үрдiсiн өз мағынасында түсіне білетін, жер тағдыры мен ел тағдырын, табиғат және адам өмiрiнiң бiрлiгiн терең сезiнетiн азаматты тәрбиелеу;
# ұлттық мәдениет пен өнер негiзiнде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, әдемiлiкке, сұлулыққа, тазалыққа үйрету.
Іскерлік қарым-қатынасты оқыту кезінде оқушылардың психологиялық ерекшеліктерінің (жас ерекшеліктері, мінез-құлқы, сана-сезімі т.б.) ерекше қызмет атқаратындығы анықталды. Іскерлік-қарым-қатынасқа түсу барысында олардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін ескеру жұмыстың нәтижелі болуына өз ықпалын тигізетіні байқалады.
Іскерлік қарым-қатынасты оқыту кезінде қолданылатын әдістің бірі - іскерлік ойындар. Бұл әдіс ойынға қатысушылардың сан қилы мүдделерін тоғыстырып, ойын аяқталғаннан кейін қатысушылардың барлығын қанағаттандыратын шешім қабылдауды қажет етеді. Іскерлік ойындар әлеуметтік немесе ұлттық сипаттағы нақты бір жағдайды шешуде үйренушілердің өзара әрекеттесуін қалыптастырады.
Іскерлік ойындардың педагогикалық мәні: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, танымдық белсенділігін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу. Іскерлік ойындар арқылы оқушылар әртүрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Іскерлік ойын сабақтарын өткізу 3 кезеңнен тұрады:
1-кезең. Дайындық (рөлдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын-ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау).
2-кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау).
3-кезең. Қорытындылау (проблемаларды шешудің тиімді жолдарын іздестіру).
Дәстүрлі ұйымдастырылған оқуға қарағанда, ойын арқылы оқыту үрдісінде оқушылар аз шаршайды және көп мағлұмат алады, ойын барысында жағымды эмоциялар алып, белсенділiгi артады, сөздік қоры дамиды, жеке тұлғаның қажеттіліктері қанағаттандырылады.
Іскерлік ойындар күрделі шешімдер қабылдай білуге үйретіп, ұжымдағы өзара қарым-қатынасты айқындап, оқушылардың білім, білігі мен жеке қасиеттерін тексеру мүмкіндігін туғызады. Іскерлік ойын олардың жеке қасиеттерін: мақсаткерлік, белсенділік, жауапкершілік, іскерлік, шыншылдық, шешім қабылдауға икемділік сияқты қасиеттерін дамытады.
Іскерлік қарым-қатынас барысында жаңа талаптарға байланысты мұғалім алдында әр шәкірттің өзін-өзі дамытуына, өз мүддесі мен қызығушылығын, талап-тілегін қанағаттандыруына толық мүмкіндік туғызу міндеті тұр. Демек, білім мазмұны мен оны оқытудың әдіс-тәсілдерін қайта қарап, өзгерістер енгізу арқылы мұғалімдердің іскерлік қарым-қатынасты кеңінен жүргізуіне мүмкіндік туады. Бұл жағынан алғанда оқушыларға берілетін оқу тапсырмаларының орны ерекше.
Сондықтан қандай да болмасын тапсырманы орындау оқушыны танымдық әрекетке жетелейді. Яғни, егер тапсырма болмаса, оқушының оқу-танымдық әрекеті де болмайды, соған сәйкес қарым-қатынас әрекеті де жүзеге аспайды.
Іскерлік қарым-қатынасқа түсуді үйретуге қажетті әдіс-тәсілді оқушының өзі таңдауына негізделген. Бұл тапсырмалар келесі тәсілдер көмегімен шешілуі мүмкін:
а) тапсырманы интуициялық ізденіс көмегімен анықтау;
ә) тапсырманы ойлау және тәжірибелік әрекет жүйесін кезең бойынша қалыптастыру негізінде ұйымдастыру;
б) тапсырманы оқу әрекетін оқушының өзі ұйымдастыру нәтижесінде шешу.
Іскерлік қарым-қатынастың оқушыларды өз бетімен білім алуға дайындауда көп қырлы мүмкіндіктері бар:
* олар білімге, оқуға қызығушылық туғызады;
* өз бетімен білім алудың мағынасын түсінуге көмектеседі;
* тұлғаның дербестік, белсенділік, ерік, жауапкершілік, мақсаттылық сияқты дағдыларын қалыптастырады;
* оқушының білім, білік, дағдыларын жаңа жағдаяттарда бекітеді, оларға қажеттілік туғызады;
* өз бетімен білім алу әрекетінің білік, дағдыларының қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды.
Қорыта келгенде, оқу үрдiсiне іскерлік қарым-қатынас әрекетінің осындай көптеген түрiнiң қатысуының маңызы мынада:
oo оқудың және оқытудың негiзiн құрайтын еңбек, таным, қарым-қатынас әрекеттерiнiң арасындағы жан-жақты байланысты анықтау арқылы оқу-танымдық әрекетi және бүкiл оқу үрдiсi байытылып, толықтырылып отырады;
oo қарым-қатынас әрекеттерінің әрқайсысы оқушы белсендiлiгiн өзiнше арттырады, дербестiгiн туғызады, оқуға қызығушылығын арттырады. Ал осы әрекет түрлерi бiрiге отырып, оқу үрдiсiнiң нәтижелi болуын күшейте түседi.
Педагог-психологтар еңбектеріндегі қарым-қатынас туралы айтылған ойларды қорытындылай келе, іскерлік қарым-қатынас - әрқайсысының адамгершілік нормалары және жалпыадамзаттық құндылықтармен қамтамасыз етілген жеке тұлғаның санасында көрінетін, күнделікті әлеуметтік обьектілер қатынасында (адамдар, топтар т.б.), іс-әрекетінде жүзеге асатын жүйе деп айтуға болады.
1.3 Дағды түсінігі мен түрлері
Дағды - автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет; көп рет қайталау жолымен қалыптасады. Оқыту процесінде, әсіресе, жалпы оқу дағдыларын, пәнаралық мәндегі, жазу дағдыларын қалыптастыру қажет.
Дағды -- алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуын дағды деп атайды. Дағды санасыз қайталау нәтижесінде де қалыптасатын іс-әрекет болуы мүмкін. Соның нәтижесінде ол автоматталған әрекетке айналып, оңай, шапшаң әрі дәл орындалып отырады.
Дағдының физиологиялық негізі -- динамикалық стереотип. Мысалы, алғаш жазып үйрене бастаған бала бастапқы кезде өзінің барлық қозғалыстарын санасымен бақылап, көптеген артық қимылдар жасайды (оның бет әлпеті, бүкіл денесі, аяқ-қолы бір мақсатқа бағытталады), біраз қиналады. Ал жазуға төселген адам өз қозғалыстарын байқамайды, оның орнына жазған нәрсесінің мазмұнына ерекше зейінін бөледі. Өйткені, соңғыда жазу дағдысы автоматталынған. Дағдылануда іс-әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компоненттері (құрамдары) ғана автоматталынады.
Дамыған дағдылардың кейбір белгілері:
1) Дағды алудың белгісі -- әртүрлі амалды тез орындап, шапшаң қимылдау (мысалы, спорттық ойындардағы спортшының дағдысы);
2) Дағды қалыптасқаннан кейін күштеніп, зорланып, қиналып істеу жойылады (мысалы, инеге жіпті жылдам сабақтай алмау, жазуға төселмей тұрғандағы балада байқалатын ебедейсіздік т.б. адамда әлі де дағдының жоқтығының белгісі);
3) Дағдыланудың үшінші белгісі -- бірқатар жеке амалдарды біріктіріп, одан тұтас бір амал жасай алу. Мысалы, бала алғаш әріпті танығанда, сөздерді әріпке, буынға, тұтас сөзге бөледі, кейін осыдан сөйлем құрайды. Сөйтіп, жаттыға келе бұлай кібіртіктеп отырмайды, сөйлемдерді шапшаң оқитын болады;
4) Көзбен бақылаудың маңызы кеміп, қозғалыс пен бақылаудың маңызы артады (мысалы, жазу дағдысы баланың қозғалыс түйсіктерінің жетіле түсуін қажет етеді, тәжірибелі машинистка да қағаз басуда көздің көмегіне сүйенбей, саусақтардың қимыл-қозғалыстарына ерекше көңіл бөледі);
5) Дағдыға машықтану ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz