Жеткіншектердің психологиялық даму ерекшеліктері


Мазмұны
Кіріспе
1 бөлім. Жеткіншектердің психологиялық даму ерекшеліктері
1. 1. Мінез-құлықты зерттеуге негіз болатын көрсеткіштері
1. 2. Жеткіншек жас кезеңіндегі мінез-құлық үйлеспеуінің себептері
2 бөлім. Жеткіншектердің мінез-құлық ерекшеліктерін психодиагностикалау маңызы
2. 1. Мінез акцентуациясын зерттеу әдістері
2. 2. Жеткіншектер акцентуациясын зерттеу нәтижелері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Мектеп психологиялық қызметінің алдында тұрған күрделі проблемалардың бірі - жеткіншек жасындағы оқушылар жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға дер кезінде қажетті психологиялық көмек көрсету. Мектеп психологтарының осы салада жүргізетін жұмыс мазмұнын анықтау үшін осы жас кезеңінің ерекшеліктерін және әр жеткіншектің өзінің алдында тұрған қиындықтарды зерттеу қажет.
Психологиялық қызметті ұйымдастыру үлгілері және балаларды зерттеуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер жүйесі қазіргі кезде жан-жақты зерттелінуде. Оның негізін құрушылар И. В. Дубровина, З. А. Малькова, В. М. Вульфсон, К. Р. Рональдо, Г. Б. Радионов, И. А. Соколова, А. С. Овчинников, И. О. Татур, М. Р. Битянова, Л. И. Прихожан, Р. С. Немов, В. Г. Гильбух, Е. И. Рогов, Р. Римский, С. Римская т. б. ғалымдар өз еңбектерінде психолог қызметінің мақсаты мен міндеттері, психологиялық қызметтің моделі, мектегі психологияльщ қызметтің мазмұны мен зерттеу жүргізуде пайдаланылатын әдістемелері анықталған. Бұл ұсыныстардың негізгі қағидалары мектеп психологиялық қызметінде кеңінен қолданылып жүр. Сонымен қатар әр жас кезеңінің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Жеткіншек жас кезеңі психолог қызметінде ерекше орын алатындығы дәлелденген.
Жеткіншек жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «пубертаттық жас» деген аттармен аталып, осы кезде балалардың ересектіккке өтуіндегі проблемалары көрсетіледі. Бұл проблемалардың барлығы осы жас кезеңінде өтетін психофизиологиялық өзгерістер, жыныстық жетілу процестерімен байланысты. Мектеп психологтары осы қиындықтардың теориялық негіздеріне қанық болғанымен дәл көмек көрсетуге, әр баланың проблемасының ерекшеліктеріне толық түсінуге негіз болатын қазақ тіліндегі оқулықтар мен әдістемелік құралдардың тапшылықтары қосымша кедергі болып отыр. Тек соңғы кезде С. Х. Бектенгалиева, Н. Қ. Ддгарова «Бала бақшадағы психологиялық қызметті ұйымдастыру» кітабы, жақында жарық көрген әдістемелік құралдар Л. К. Көмекбаеваның «Психологиялық қызметті ұйымдастыру», Т. Р. Нұрмұхамбетова, Ш. Е. Рсмаханбетова «Тәжірибелік психология» кітабы осы олқылықты толықтыруға мүмкіндік жасап жатыр.
Дегенмен жеткіншек жас кезеңінің қыр-сырын нақты көрсететін құрал жоқ. Осы жұмысқа біршама дасрлықтан өту үшін дипломдық зерттеу тақарабын «Жеткіншек жасындағы балалардың мінез-құлық ерекшеліктерін диагностикалау жолдары» деп анықтадық.
Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет.
Зерттеу пәні: мектеп психологиялық қызметінің мазмұны.
Зерттеу мақсаты: мектеп психологі жұмысындағы жеткіншектермен жүргізетін жұмыстардың бағыттары мен зерттеу әдістерін жүйеге келтіру.
Зерттеу міндеттері:
- Жеткіншектердің даму ерекшеліктерін ескере отырып психологиялық қызмет көрсету проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау;
- мектеп психологі жеткіншектер ерекшеліктерін зерттеу жұмысының негізін құратын психодиагностикалық әдістемелерді іріктеп алып, оларды жүйеге келтіру;
- жеткіншек жасындағы мектеп оқушыларының жекелік психикалық қасиеттерін зерттеп, ауытқуы байқалған балаларға көмек көрсету жолдарын анықтау.
Зерттеу базасы: Шымкент қаласынығы № 47 мектеп-гимназиясы.
Зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: психологиялық ғылыми еңбектерді теориялық талдау, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеуге Шмишек, Стреляу тестерін пайдалану жолдарын үйрену, «Әлеуметтік мазасыздану шкаласы» әдістемесі, балалардың мазасыздану деңгейін пиктограмма және басқа әдістемелер көмегімен зерттеу, жиналған мәліметтерді талдау, нәтижелері бойынша түзету-дамыту жұмыстарын жүргізуге арналған материалдарды жинақтау.
Жоспарланған зерттеу жұмысы екі кезеңде ұйымдастырылды.
Бірінші кезеңде жеткіншек жас кезеңіндегі оқушыларының жекелік және жас ерекшеліктері жүйелі түрде зерттелінді және оларды анықтауға арналған психодиагностикалық әдістемелер жинақталды.
Екінші кезеңде психологиялық қызмет көрсету жүйесі арқылы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты көрініс беретін ерекшеліктері зерттелініп, балалардың психологиялық портреті жасалынды, жеткіншектерді зерттеуге және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізуге негіз болатын әдістемелер жүйеге келтірілді.
Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 бөлім. Жеткіншектердің психологиялық даму ерекшеліктері
1. 3. Мінез-құлықты зерттеуге негіз болатын көрсеткіштері
Адамның психикалық қасиеттерін зерттеп, оның қыр-сырына түсінуге қызығушылық адам өмірінде барлық уақытта үлкен орын алады. Адам өзі өмір сүретін ортаның қасиеттерін, тірі табиғат қасиеттерін, жеке тұлға ерекшеліктерін зерттеуді ежелде басталған. Қазіргі кезде Жер бетінде өмірдің пайда болуы, олардың эволюциялык дамуы заңдылықтарын түсінгеніне сүйене отырып, өсімдіктер мен жануарлардың көптеген табиғатта жоқ жаңа қасиеттері бар түрлерін адамдар жасап шығарып жатыр. Дегенмен адам өзінің психикалық ерекшеліктерін әлі де болса терең және жан-жақты танып біліп алуға шамасы келген жоқ.
Психофизиологиялылық зерттеулер нәтижесінде барлық жекелік қасиеттердің көптеген ерекшеліктерін сандық және сапалық жағынан толық бағалауға, сол қасиеттердің дамыу нормада, немесе одан ауытқуы бар екенін бағалауға мүмкіндік жасалған. Жеке тұлға, оның психикалық қасиеттерінің ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерттеу және оны анықтау әдістемелерін жасау 19 ғасырдың ортасынан басталып қазірге дейін жетілдіруде. Осы зерттеулер нәтижесінде жеке тұлға анықтамалары, адамдардың жекелік ерекшеліктеріне байланысты оларды типологиялау, әр адамның жан дүниесінің профилін жасау т. б. өте күрделі зерттеу жүргізуге арналған әдістемелер қалыптасты.
Типологиялық зерттеулер 20 ғасырдың басында Кречмер, Шелдон зерттеулерінен басталды. Бұл ғалымдар адамның мінез ерекшеліктерінің дене құрылысымен байланыстыты деп болжамдап, осы болжамды дәлелдеу үшін көптеген зерттеулер жүргізді. Кречмер Еуропе елдері мен АҚШ-тағы психоз ауруға ұшырағандарды зерттеу барысында адамның дене қрылысы мен оның психикалык; ауруының түрі арасында корреляциялық байланыс бар екенін анықтады. Осы байланыстың заңдылықтарын зерттей отырып ол адамдар мінездерінің типологиясын жасады.
Мінез деген - адамның іс-әрекетінде және мінез-құлқында тұрақты көрініс беретін жеке ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез адамның барлық тіршілігіне әсерін тигізіп тұратын қасиет болғандықтан типологиялық зерттеулерді мінез сипатынан бастаған.
Адамға мінездеме бергенде оның не істегенін ғана айтып қоймай жұмысының сапасын, басқа адамдармен қарым-қатынасын ерекше көрсетеді. (қалай орындағаны үлкен роль атқарады) . Біреулер жалқау, үяң, бірақ сиысымды, көпшілікті сыйлайды, ізеттілік көрсетеді. Ал біреулер іскер, қатал, тілектестік білдіреді, бірақ жұмысты сапалы орындауды талап етеді. Үшіншілер аз нәрсені шала істеп оны жұртқа түгел мәліметтеп шығады, басқалардың табысын көре алмайды, ашушаң, ызақор, сыйымсыз болады.
Басқа адамға ескерту бергенде басшылардың кейбіреулері жылатып айтады, ал біреулері кеңес беріп, тез үйренуге жәрдемін тигізеді. Адамның жекелік қасиеттерінің барлығына мінез үлкен әсерін тигізіп, оның жалпы адамгершілігін, іскерлігін, қарым-қатынасқа икемділігін, сыйысымдылығын анықтап отырады. Мінез адамның барлық психикалық қасиеттерімен тығыз байланысты, сондықтан оның ерекшеліктерін көптеген жекелік қасиеттердің көрінісі бойынша сипаттауға болады.
Егер адамды танитын, білетін болсаңыз ол өмірдің әр түрлі жағдайында қандай мінез көрсететінін болжамдап айтуға болады. Мінез-құлықты басқаруға, оны басқаларға ыңғайлы, сыйысымды етіп, дұрыс жол көрсетіп отыруға болады. Сондықтан мінез тәрбиеленетін қасиеттерге жатады. Адамдардың мінез-құлқы тарихи-әлеуметтік жағдайға байланысты көрініс береді. Мысалы: өзінің намысын, отбасының намысын қорғау үшін дуэльге шақырып, намысына тиген адамға қастандық, қатыгездік көрсетіп, оны атып тастаған. Вендетто - қанға-қан, жанға-жан деген кек алу дәстүрі т. с. с. қалыптасқан әдет-ғұрып кеңінен орын алады. Қазіргі кезде цивилизацияның дамуымен байланысты ең үлкен құндылық адам өмірі болып саналады. Сондықтан адам өміріне қауіп туғызу немесе өлтіру ең үлкен қылмыс болып есептеледі. Сондықтан өрескіл мінез көрсеткендерге дәл сондай дөрекілік көрсетіп, балағаттап немесе басқа түрлі қастандықтар көрсету кеңінен орын алады. Оның барлығы мінездің теріс көрсеткіштері, сыйысымсыздық, арамзалық деп бағаланады.
Адамның мінзінің қалыптасуына отбасы, қоршаған ортадағы жетекші салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, өзінің қарым-қатынас жасайтын кіші тобы, сынып оқушылары, группадағы студенттер, жолдастар мен достар, оқыған кітап, көрген кино кейіпкерлері үлкен әсерін тигізеді. Өйткені адам басқаларға қарап, олардың тәжірибесін меңгеріп адам болады.
Мінез детеминиз ұстанымына сай барлық психикалық қасиеттермен тығыз байланысты. Мінезге темпераменттің тигізетін әсері өте үлкен. Холериктің жеңілтектігі мен қызбалығы, сангвиниктің сөзшеңдігі, флегматиктің байсалдылығы, меланхоликтің тұйықтығы мен ұстамадылығы мінезге әсерін тигізіп тұрады. Мінез бен темпераменттің өте тығыз байланыстылығы психиканың динамикалық ерекшеліктерімен анықталады. Дегенмен темпераментті өзгертуге болмайды, ал мінез тәрбиеленеді. Холерик пен сангвиникке белсенділікті, шығармашылық қасиетті қалыптастыру оңай, ал флегматик ерінбестен оның бәрін меңгеруге шамасы келеді, меланхоликке ашық-жарқын болу өте қиын. Осы ерекшеліктерді ескерсе отырғанда тәрбие нәтижелі болады. Мінез - тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесі.
Психолог өз қызметін ұйымдастыру үшін психолог басқа адамдардың мінезін біліп, ол адамның неше түрлі жағдайларда өзін қай жағынан көрсететінін болжамдауға болады. Сондықтан мінез ерекшеліктерін біліп алу негізінде ол адамды тәрбиелеуге, жекелік ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік туады.
Мінез өзі өте күрделі психикалық қасиет. Ол бірнеше көрсеткіштермен сипатталады. Сондықтан жеке тұлғаға мінездеме бергенде оның ерекшеліктерін басқалармен салыстыра отырып қарама-қарсы көрсеткіштермен сипаттайды: кеңпейілді - іші тар; жеңілтек - байсалды; адал арам; сыйысымды - сыйысымсыз; қоқақ - батыл, сезімтал - катыгез т. с. с. Бұл жеке көрсеткіштер мінездің құрамды бөліктері, оның көрсеткіштері болып табылады. Осы көрсеткіштердің ішінде біреу жетекші, доминанта болады. Адамды бағалағанда сол доминантасы бойынша мінездеме береді.
Мінездің барлық көрсеткіштері бір-бірімен тәуелді байланыста. Сондықтан егер адам қорқақ болса ол көп жерде белсенділік көрсетіп жүруі өте қиын. Қорқақтың сыйсымдылығы, басшыларға ерекше ізет көрсетіп, иланушылық (ұйып сенуі), тілалғыштықпен көзге түсіп жүруі мүмкін. Олар өте сараң, материалдық байлықты қорғау үшін басқаларды сатып кетуі, сөзінен айнып кетуі жиі кездесіп тұрады.
Сондай ақ, батыл, шешім қабылдағыш, адам қорқақ болуы мүмкін емес, ол мырзалық көрсете алады, басқалардың пікірін сыйлайды, бірақ кейде тік мінездік көрсетуіп, керек емес жерде тәуекелшіл болып, өз өміріне қауіп тудыруы мүмкін.
Мінездің бір-бірімен тәуелді байланыстағы көрсеткіштерінің ішінде біреуі доминанта болып, барлық басқа көрсеткіштеріне әсерін тигізіп тұрады. Доминантасының ерекшелігі: мінездің құрамды бөліктерінің ішінен біреуі жетекші және барлығына бағыт беріп тұратын болады, ал қалғандары қосалқы болып негізгінің көрінісін тереңдетіп, құлпыртып тұрады. Оны келесі мысалдармен дәлелдеуге болады:
а) кең пейілділік доминанта, жетекші көрініс берген адамның басқа мінез сипаттарының барлығы жалпы ол адамды «жақсы адам» деп қабылдатады. Ол тірлікті асығыс, шала, үстіртін істейтін, кейде сөзінде тұрмайтын болса кеңпейілділігі бұл осалдылығын жұмсартып көрсетеді;
б) сыйымсыздық, қатыгездік доминанта болса ол адамның барлық басқа қасиеттеріне теріс белгі береді. Доминантасы қатыгез болса ол адам іскер, білімі терең, барлық мәселені шешу жолдарын тез анықтайтын болғанымен қоршағандар жалпы оның мінезі теріс деп қабылдайды.
в) доминантасы сыйысымдылық, кешірімді, ұрысқақ емес, басқалардың жағдайын түсінетін болса, ол адам шалағай, сөзінде тұрмайтын болса да оны басқалар оң қабылдайды, жақсы адам деп санайды.
Доминантадан басқа мінез құрылымының келесі көрсеткіштері бар.
1. Қоршаған ортаға көзқарасы. Қоршаған ортадағы ең маңызды құндылық - басқа адамдар. Егер әр адам басқа адамдарды сыйласа, олармен тіл табысып өмір сүргісі келсе, ешкімге зиян келтірмесе, туған-туысқандарына қамқорлық білдірсе оны басқаларда силайды.
2. Өзіне деген көзқарасы. Адам өзін сыйлап, өзінің беделін, іскерлігін, қоршаған өмірге икемділігін барлық уақытта жетілдіріп жүрген адамның өзін-өзі бағалап, сыйлағанын көрсетеді. Эгоизм, эгоцентризм, өзін ерекше деп есептеп, өзінен басқа ешкімді сыйламау - теріс көрсеткіш.
3. Іс-әрекетке, еңбеккке көзқарасы. Адамды адам қылған еңбек. Жұмысқа ынталы болу, тілалғыштық, өз мамандығының барлық қыр-сырына жақсы түсініп, шебер, іскер болу - оң көрсеткіштер. Барлық уақытта тәртіп бұзып, тапсырманы уақытында орындамай жүрген теріс көрсеткіштер, өзін сыйламағандықтың белгісі.
4. Заттарға көзқарас. Барлық заттар адамның еңбегінің нәтижесі. Оны ұқыпты ұстау керек. Заттарға деген салақтық, өзіңікі емес заттарға, киім-кешекке, оқу құралдарына көзқарастар адамгершіліктің көрсеткіштері.
Мінезінің оң көрсеткіштері басым келсе ол адамды адамгершілігі күшті, жақсы адам деп бағалайды. Сондықтан, мінез адамдық қасиеттердің қалыптасқандығын, адамдар ортасында өмір сүруге икемділігін анықтайтын қасиет болып табылады.
Мінез адамның барлық басқа жекелік қасиеттерімен тікелей байланысты.
1. Ерікпен тығыз байланыстылығы адамның барлық істеген тіршілігін тиянақты, уақытында орындауы, іс-әрекет барысында басқа адамдармен қарым-қатынасын қалыптастыруы, ұйымдастырғыштық, іскерлік, жауапкершілік т. б. көрсеткіштермен сипатталады.
2. Сезіммен байланыстылығы оның іс-әрекет барысында күйгелек немесе жайбарақаттығы, байсалдылықпен мәселелерді шешу жолдарын іздеуі, өзінің және басқалардың табысына қуанатындығы, ашушаңдығы, көңіл-күйінің тұрақты немесе тұрақсыздығы, тілектестіктің көрініс беруі.
3. Ақыл-оймен байланыстылығы интеллектуалдық қабілеті, іс-әрекетте пысықтық, іскерлік, ізеттілік, жеңілтектік, шалғайлық көрсетуі.
Сондықтан мінездің анықтамасында бұл қасиет көптеген жеке ерекшеліктер жиынтығы екені көрсетілген. Мінез көп аспектілі қасиет. Мінездің осы көріністері әр адамда әр түрлі вариантта болады. Дегенмен адамның өмірінде қалыптасқан мақсаттарға байланысты әр адамның өмірге деген көзқарасы және бағыттылығы болады. Адам мінезінің бағыттылығы дегеніміз оның қызығушылығының, идеалдарының және сенімінің жиынтығы (неге сенеді, нені көздейді) . Екі адамның мақсаты, бағыттылығы бірдей болуы мүмкін ал сол мақсатқа жету үшін қолданған әркеттері және әдіс-тәсілдері әр түрлі болады.
Адам мінезінің көрсеткіштері көп түрлі. Дегенмен әр ортада мінез ерекшеліктеріне, тәртіп сақтауға, үлкен-кішілер қарым-қатынас ерекшеліктеріне қойылатын талаптар бар. Мінездің әр құрамды бөлігі адам өмір сүретін ортада қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа сай болуы керек. Дәстүрлі қалыптасқан нормалардың бұзылуы адамдар ортасында басқаша бағаланады және норма шегінен асып немесе одан төмен көрсеткішке ие болған жеке адам мінезінің акцентуациясы анық байқалады.
Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15 жас аралығындағы балалрды психологияда жеткіншек жас кезеңіңдегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «проблемалың т. б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялың процесстермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалық шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.
Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бұл құрылымдар бұрынғы психологиялың және физиоллогиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екі жақтылық орын алады. Сондыңтан бала көптеген қиналыстарға ұшырайды: болашақта кім болатынын, өмірде орындайтын әлеуметтік ролін, қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, өз орнын іздейді.
Үлкендер баланы барлық уахытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірестік орын алуы мүмкін.
Жеткіншектердің дене мүшелерінің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын алады. Мәселен, олардың аяқ-қолдары, бет-мойыны тез ұзарады да, кеудесінің өсуі, бұлшық еттерінің ұзаруы кешеуілдейді. Дене мүшелерінің бір келкі дамымауы салдарынан жеткіншекте «өзін жарым-жан сезінуң деп аталатын комплекс пайда болады. Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп, немесе бір жағына қисайып жүреді.
Жеткіншек жас кезеңінде балалардың эндокриналық жүйесі де өзгеріске ұшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті жыныстық өмірге дайындайды. Ми қабығының жасушалары жыныс гармондарының тітіркендіруіне әсерленгіш. Сондықтан жеткіншектер көп мәселелердің байыбына үңіліп жатпайды, сөзді аяғына дейін тыңдап болмастан, морт кететін қылықтары осының салдарынан туады.
Жеткіншек жас кезеңіндегі мінездің кейбір көрсеткіштерінің шамадан тыс дамып кетуін акцентуация деп атайды. Акцентуацияның байқалу ерекшеліктерін Леонгард жан-жақты зерттеп, оның типологиясын жасаған. Сонымен қатар осы жас кезеңінде мазасыздану да бала өмірінде едауыр орын алады.
Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп мұғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткіншіктің айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді.
Жеткіншек жастың ерекшеліктері:
- барлық нөрсені өз бетімен орындап, үлкендердең қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келуі;
- үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы;
- үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-мінеп, кей кезде өрескіл мінез көрсетуі; жеткіншек істі игеру жағынан өлі бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі.
Жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне, ересектер талабын оңай орындамауына негіз болатын бірнеше себептер бар. Олар:
1. Балалардың оқудан басқа айналысатын шаруасының болмауы.
2. Радио, теледидар, басқа да ақпарат көздерінен ересектерге арналған хабарларды көріп, соған еліктейтіндігі.
3. Өзінен үлкен балалармен танысып, солардың жарамсыз әрекеттеріне еліктейтіндігі.
4. Күні-түні фантастикалық және криминалистикалық әдебиеттерді оқып, ондағы кейіпкерлерге еліктеуі.
5. Акцентуацияның көрініс беруі.
6. Агрессиясының анық байқалуы.
Психологтың жеткіншек жас кезеңіндегілерімен жүргізетін жұмыстарының міндеттері мен мазмұны осы ерекшеліктерден туады. Барлық іс-шаралар жеткінніектердің жасымен байланысты проблемаларын ескере отырып, оларды шешуге немесе шешу жолдарын табуға көмектесуге бағытталады. Сонымен қатар осы жас кезеңінде баланың интеллектуалдық дамуына үлкен көңіл бөлу қажет.
1. 2. Жеткіншек жас кезеңіндегі мінез-құлық үйлеспеуінің себептері
Жеткіншек кезең балалардың қатарластарымен қарым-қатынас жасауға тырысу және мінез құлқында тәуелсіздікке, тұғалық автономдыққа тырысуын белгілейтін белгілер сияқты бірқатар спецификалық қасиеттердің пайда болуымен сипатталады. Жеткіншектік кезеңнің ерекшелігі - дамудың барлық жақтарына әсер ететін бірден болатын саналы өзгерістер. Бұл өзгерістер әртүрлі жеткіншектерде әртүрлі уақытта жүреді. Мысалы, қыздар балаларға қарағанда барлық жағынан тез өседі. Сонымен қатар жеткіншектердің психикалық дамуы да әртүрлі жүреді, психикасының бір жағы тез дамыса, басқа жағы жай дамиды. Бұл кезеңде интериндивидуалды ассинхронды даму да (жеткіншектердегі бір хронологиялық жасқа жататын психикасын түрлі жақтарының даму уақытымен сай келмеуі) интроиндивидуалды ассинхронды даму да (бір оқушының дамуының түрлі жақтарын сипаттайды) тән. Сондықтан да белгілі бір оқушыдағы психологиялық ерекшеліктердің пайда болу уақытының ерте де кеште пайда болатынын ескеру керек. Сонымен қатар жеткіншектік кезең һ-танымдық процестердің күшті дамитын уақыты. 11-16 жасқа дейінгі кезең қабылдаудың мақсаттылығымен, тұрақты, ырықты зейіннің және логикалық естің қалыптасуымен сипатталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz