Қостанай облысының ауыл шаруашылығына әсер етуші факторларды ескере отырып, ауыл шаруашылық кешендерінің қазіргі жағдайы мен дамуын анықтау


КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Ауылшаруашылық географиясы климаттық, әлеуметтік және өндірістік факторлары әсерінен ұзақ тарихи уақыт аралығында қалыптасып, дамып отырды. Соңғы уақытқа дейін ауыл шаруашылығы климаттық факторларға тікелей тәуелді болып келді. Олар: вегетациялық мерзімнің ұзақтығы; өсімдіктердің өсуіне мүмкіндік туғызатын 10°С-тан жоғары температуралар жиынтығы; жылдық жауын-шашынның мөлшері мен түсу мерзімі; топырақтың механикалық құрамы мен құнарлылығы сияқты мәселелер.
Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында жоғары маманданған кәсіпорындар мен ауылшаруашылық аудандары көбеюде. Географиялық еңбек бөлінісі нәтижесінде тауарлық қатынастардың кең етек алуы, өндірістің көлік және жоғары технологиялық жетістіктерімен қамтамасыз етілуі, ауыл шаруашылығының жекелеген ел шеңберінен шығып, ғаламдық деңгейге көтерілуіне себепші болып отыр.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдың өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан, оның қажеттіліктерінн қамтамсыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістерімен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені пайда болады.
Облыстың ауыл шаруашылығын дамыту ең алдымен облыс агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың тұрақты бағдарламаларын жүзеге асыру болып табылады.
Ауыл шаруашылығы - Қостанай облысының алдыңғы орындарын анықтайтын басты экономика саласы. Халық шаруашылығы өнімнің төрттен бір бөлігін ауыл шаруашылығы береді. Ауыл шаруашылығының дамуының басты факторлары болып облыстың қолайлы табиғи жағдайы мен агроклиматтық ресурстары болып табылады.
Қостанай облысы Қазақстандағы ең ірі егін және мал шаруашылығымен айналысатын аймақ. Мұнда Республиканың 18%-ға жуығы егіс алқабы, 13% ірі қара мал шоғырланған. Ауыл шаруашылық жерінің аумағы 18, 1 миллион гектар жерді алып жатыр.
Облыс экономикасындағы аймақтық сұраныс өнімдерін шығару бойынша ауылшаруашылығының үлесі 23%- ды құрайды. Ет, бидай, сүт, жұмыртқа өнімдері ішкі сұранысты қамтамасыз ете алады. Бидай және мал шаруашылығының артылған өнімдері экспортқа шығарылады.
Облыстың егін шаруашылығын дамытуда - бидай егу аса маңызды болып отыр, оның республикалық өндірістегі үлесі 28% -ды құрайды. Астық өндірісі - ауыл шаруашылығының ірі саласы. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде және өңдеуде кластерлік жүйені белсенді пайдалануды қажет етеді.
«Қазақстан - 2030» даму стратегиясында бидай тауар нарығының негізгі құраушысы деп көрсетілген. Біздің еліміз бидайды сыртқа сату бойынша әлемде 6-орын алады. Бидайдың экспорттық жағдайын бекіту, бәсекелестікке төтеп беру - республиканың 2030 жылға дейін даму бағдарламасының негізгі міндеті. Тауарлық бидай мен одан өндірілген өнімдерді, еш артықсыз, біздің еліміздің басты өндіріс ресурстары деуге болады.
Қостанай облысының ауыл шаруашылығында етті-сүтті және сүтті-етті ірі қара шаруашылығы жетекші орында.
Зерттеудің өзектілігі - Қостанай облысының ауыл шаруашылығының қазіргі кезеңдегі жағдайын қарастыру, қазіргі таңдағы перспективалық шараларын салыстырмалы түрде зерттеу жұмысын жүргізуге бағытталады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қостанай облысының ауыл шаруашылығына әсер етуші факторларды ескере отырып, ауыл шаруашылық кешендерінің қазіргі жағдайы мен дамуын анықтау. Ауыл шаруашылығы облысымыздың аудандарында қалай дамып жатқанын көрсету.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Қостанай облысының ауыл шаруашылығын дамытуға әсер етуші факторларды анықтау;
- Облыстың ауыл шаруашылық салаларының қазіргі жағдайына сипаттама беру, оны талдау;
- Аймақтағы ауыл шаруашылығының басты саласы болып табылатын астық шаруашылығының аймақ экономикасын дамытудағы рөлін ашу.
Зерттеу жұмысының объектісі: Қостанай облысының ауыл шаруашылығын кешенді зерттеу
Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспеден, үш тараудан, тарау өз ішінде бөлімдерден, қорытынды, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Зерттеудің негізгі міндеттері жоспарланған мәселелер бойынша қарастырылады. Жұмыстың алғашқы тарауы аймақтың ауыл шаруашылығына әсер етуші факторларды анықтауға арналады. Онда Қостанай облысының географиялық орны, жер бедеріне сипаттама беріліп, облысымыздың климаты, гидрологиясы, агроклиматтық жағдайы, топырақ жамылғысының ауыл шаруашылығына әсері айқындалады. Осы тарауда аймақта ауыл шаруашылығын дамытуға барлық жағдайдың жасалғаны, сонымен қатар оның кемшіліктері аталып көрсетіледі.
Жұмыстың келесі тарауында ауыл шаруашылығының дамуы мен ондағы қиыншылықтар айтылып. Қостанай облысындағы егін шаруашылығының қазіргі жағдайы мен оның экономикаға түсіріп жатқан үлесі көрсетіледі. Сондай-ақ астық шаруашылығы дамыған аудандарда сипатталады. Облысымызда мал шаруашылығы қалай дамып жатқаны және оның қазіргі жағдайына баға беріп, мал шаруашылығында туындайтын қиындықтар қарастырылады. Сондай-ақ, астық шаруашылығы кәсіпорнының аймақ экономикасын дамытудағы тигізетін рөлі анықталады.
Жұмыстың соңғы тарауында Қостанай облысының ауыл шаруашылығы тақырыбын география сабағында қолдану үлгісі ұсынылады.
Зерттеу жұмысының теориялық негізі: Негізгі зерттеу міндеттерінің теориялық негізін тақырып мәселесі бойынша жазылған қазақстандық авторлардың ғылыми еңбектері құрайды. Олар: Искакова К. А. «География Костанайской области», Е. А. Ахметов «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы», М. Ш. Ярмухамедова «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы», «Костанайская область» энциклопедиясы және т. б. Сонымен қатар баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар қолданылды.
Зерттеу жұмысының әдісі: Жүйелі талдау, топтау, экономикалық - статистикалық.
1 Қостанай облысының ауыл шаруашылығын дамытуға әсер етуші табиғи факторлар
1. 1 Қостанай облысының географиялық орны, жер бедері
Қостанай облысы Қазақстан Республикасының солтүстік және солтүстік-батыс бөлігінде меридиан бойынша солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып орналасқан. Қостанай облысының территориясының геологиялық құрылысы мен жер бетінің құрылымы өзіндік сипатқа ие. Аймақ территориясы негізінен ірі географиялық геоморфологиялық облыстардың қиылысу төңірегінде орналасқан. Мәселен: Батыс-Сібір жазығының оңтүстік батыс бөлігі, Торғай үстірті облыс территориясының оңтүстік бөлігін алып жатыр. Үстірт шекарасы солтүстікте Батыс-Сібір жазығына жалғасады, солтүстік-батысында - Орал алды үстіртімен, ал шығысы - Қазақтың Ұсақ шоқысымен шектеседі. Қазақтың Ұсақ шоқысының батыс шеті облыстың оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр.
Батыс-Сібір жазығының оңтүстік батыс бөлігі Қостанай облысының солтүстік жартысын, яғни Құсмұрын көлінен солтүсікке дейін алып жатыр. Бұл территория көл қазаншұңқырларымен шұбарланған әлсіз толқынды аллювиальды жазық болып келеді, ал территорияның батыс және орталық бөліктері Тобыл өзені жүйесінің өзен торабымен тілімделген. Жер бедерінің солтүстік бөлігінің басты элементтері жалдар мен жалдар арасындағы біркелкі солтүстік-шығысқа созылған қазаншұңқырлары болып табылады. Жалдар мен көлдік ойпаңдардың биіктігі 5-12 м. құрайды. Облыстың Батыс-Сібір жазығы ең төмен жер болып есептеледі, абсолютті биіктігі теңіз деңгейінен 100 метрден 250 метрге дейін өзгереді. Жазықтың жалпы еңісі солтүстікке қарай құлайды. Жазықтың геологиялық құрылысы мезо-кайнозойдың теңіз және құрлықтың лесс түріндегі саздақтар, саз, құмтастар мен конгломерат түзілімдерімен толыққан терең және кең тектоникалық ойпаң екенін көрсетеді.
Жазықтың шығыс және батыс шеттерінде палеозой фундаментінің көтерілуіне байланысты неоген түзілімі орталық бөлікке қарағанда күштілігі шамалайды. Батыс-Сібір жазығы батысқа қарай Орал алды үстіртіне өтеді. Орал алды үстірті негізінен Қарабалық және Жітіқара аудандарының батыс бөлігін қамти отырып, Үй-Тобыл өзендерінің аралығында орналасқан. Орал алды үстірті Орал жотасының шығыс беткейінің төмен жазықты қырат болып табылады. Үстірт батысқа қарай тау жұрнақтары мен төбешікке жалғасатын сатылы, жалпақ жер бедері болып сипатталады. Үстірт беті тектоникалық жарылымдар бойымен өтетін терең аңғарлармен, Тобыл өзенінің сол жақ ағыстарымен анық тілімделген. Орал алды үстіртінің Батыс-Сібір жазығынан айырмашылығы, үстірт ұзақ уақыт денудацияға және үштік (палеогендік) теңіздің шаюына ұшырады. Осының нәтижесінде палеозой түзілімінің қатпарлығында метаморфтық және шөгінді жыныстары түзілді, сонымен қатар интрузияның бұзылуы кристал жыныстарының тегістелуіне әкелді. Орал алды үстіртінің абсолюттік биіктігі орташа есеппен 250 метрден 280 метрге дейін жетеді, мұндағы биік нүкте - теңіз деңгейінен 450 м. биіктіктегі Жітіқара тауы.
Торғай үстірті Қостанай облысының территориясының оңтүстік бөлігін алып жатыр. Үстірт шекарасы солтүстікте Батыс-Сібір жазығына жалғасады, солтүстік-батысында - Орал алды үстіртімен, ал шығысы - Қазақтың ұсақ шоқысымен шектеседі. Торғай үстіртінің негізгі бөлігін сатылы беткейі көп және жанасқан қолат пен төмен жерлерге түсетін ірі ылдиларға ие төрткүл таулар құрайды. Төрткүл таулардың ірілері - Қызбелтау, Қарт, Жыланды, Қарғалы, Теке, Жыланшық-Түрме, Қояндытау, Қырғыштау, т. б. Үстірт беті оңтүстік-шығыс бөлігінде уақытша ағын сулардың көп тармақты құрғақ арналармен, шағын өзендермен, Торғай өзені жүйесінің жыраларымен, сайлармен тілімделген. Үстірттің солтүстік бөлігі көлдік ойпаңдармен ала-құла болып шұбарланған.
Қазақтың Ұсақ шоқысының батыс шеті облыстың оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Мұнда абсолюттік биіктігі 350 метрден 600 метрге дейін жететін биік жерлер орналасқан. Бұл жер эрозиялық тораппен күшті айқын тілімделген және батысқа қарай еңіс болып келген. Ұсақшоқы территориясында 150-200 метрге көтерілетін Тулкунинқызылсан, Алдастынқызылсан таулары ерекше көзге түседі. Облыстың осы бөлігі палеозойдың интрузивті жыныстарымен, үгітілген шөгінді және метаморфтық түзілістерден құрылған. Үстіңгі бетінде жаңа құрлықтық түзіліс жатыр. Ал, тау беткейі бойынша және өзен аңғарларында палеозой жыныстары жатыр.
Әр түрлі бөліктерде жер беті құрылымының әр түрлілігіне қарамастан жалпы облыстың жер бедері жазық болып келеді. Облыс жер бедерінің осындай ерекшеліктері, әсіресе, солтүстік аудандары үшін жер шаруашылығымен айналысуға, ауыл шаруашылығы техникаларын пайдалануға өте қолайлы. Жер бетінің жазық болып келуі жол және өнеркәсіп құрылысына, халықтың орналасуына қолайлы жағдай туғызады. [1. 2]
1. 2 Қостанай облысының климаты, гидрологиясы, агроклиматтық жағдайы
Қостанай облысының климаты барлық Солтүстік Қазақстанның климатына сәйкес ашық теңіздер мен мұхиттардан алшақ орналасуына байланысты континентті және құрғақ болып келеді. Облыс климатының ерекшеліктері - қатал және жұқа қарлы қыс, ыстық жаз аздаған жауын-шашын мөлшері, көктемгі кеш түсетін және күзгі ерте түсетін үсік пен жыл бойы үстем болатын, көктемгі - жазғы кезеңде шаңды дауыл, ал қыста - қар ұшқыны болады.
Облыстың климаты ауа массаларының әр түрлі типтерінің қатысуынан қалыптасады. Қысқы кезеңде облыс территориясы арктикалық ауа массасы мен сібір антициклонының ықпалында болады. Әсіресе, желтоқсаннан ақпанға дейінгі кезеңде әсері айқын байқалады. Сібір антициклоны жоғары қысыммен облыс территориясының оңтүстігіндегі Сарықопа көліне қарай (шамамен 50 0 с. е) алап өтеді, жел бағыттарына байланысты таралады. Солтүстікке қарай - оңтүстік және оңтүстік-батыс бағытындағы желдер үстемдік етеді.
Көктемде күн жылуының көбеюіне және оңтүстіктен келетін ауа температурасының көтерілуіне байланысты иран полярлы ауасының таралуы, құрғақ және ыстық желдердің болуы жиіленеді. Осының нәтижесінде арктикалық ауа солтүстікке - Мұзды мұхит жағалауына қарай өтеді, ал сібір антициклоны біртіндеп сирей түседі. Жазғы уақытта облыс территориясы арктикалық ауа массаларының циклондарынан, сондай-ақ Атлант мұхиты жағынан келетін циклондардан туатын жылы континентті ауа ықпалында болады. Олар жауын-шашынның түсуіне үлкен әсерін тигізеді.
Облыстың орташа жылдық температурасы 1-4 0 С құрайды. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері облыстың солтүстігінде және солтүстік-шығыс дала және орманды дала бөліктерінде 350-390 мм құрайды, алайда оңтүстікке қарай жауын-шашын мөлшері ерекше азаяды және шөлейт жерлерде 180-200 мм дейін төмендейді. Жауын-шашынның таралуы жыл маусымына байланысты әркелкі.
Қостанай облысындағы қыс қатал, бұлыңғыр және қар жамылғысы аз. Қыс шамамен бес айға - қарашадан сәуірге дейін созылады. Ең суық ай қаңтар айының орташа температурасы -17, 2 0 С, -18, 2 0 С құрайды, алайда суық қыста орташа температура -25 0 С дейін төмендейтін кездер болады, қыстың кейбір күндері солтүстікте -49 0 С және облыстың оңтүстігінде -40 0 С дейін жетеді.
Қыста облыста оңтүстік-батыс желдері үстем болады. Олардың орташа айлық жылдамдығы 4, 5-5 м/сек. Айдың 2-4 күніне дейін жылдамдығы 15 м/сек жететін күшті желдер соғады Олар топырақтың терең тоңазуына мүмкіндік береді. Облыста боран жиірек болып тұрады. Олар автомобиль жолдарын, темір жолдарды қарға толтырып, жол қатынасын қиындатады. Боран айына 4-10 күн үзбей болады.
Алғашқы қар қазан айының соңында - қарашаның басында түседі, ал 2-3 аптадан кейін тұрақты қар жамылғысы қалыптасады. Қар жамылғысының биіктігі ашық далаларда шамамен 18-36 см дейін жетеді, ал қорғалатын жерлерде (мысалы, орман тоғайлары тараған Ұзынкөл және Меңдіқара аудандарының солтүстігінде) 50-60 см дейін, кейбір жерлері 100 см дейін жетеді.
Қостанай облысында қар жамылғысы сәуір айының бірінші онкүндігінде кетеді, алайда кейбір жылдары көктемнің ерте түсу кезінде қар жамылғысы наурыз айының екінші жартысында (оңтүстікте наурыз айының ортасында, солтүстікте айдың соңында) кетеді. Ал, кейде көктем кеш келгенде қар жамылғысы сәуір айының соңғы онкүндігінде кетеді. Кейбір жылдары сәуір айының соңғы онкүндігінде немесе мамыр айының басында 1-2 күнге созылатын қар жамылғысының қайталанып қалыптасуы байқалады.
Қостанай облысының көктемі қысқа және құрғақ, 20 күннен бастап бір айға дейін созылады. Әдетте, көктем сәуір айының бірінші онкүндігінің соңынан немесе екінші жартысынан басталады. Қыс маусымына қарағанда бұлыңғырлығы аз, ауа температурасының интенсивті көтерілуімен ерекшеленеді. Температураның орташа айлық көтерілуі наурыз айынан сәуірге дейін 12, 5-13, 5 0 С құрайды, ал сәуір айынан мамырға дейін температура біршама төмендейді және 10-11 0 С теңеседі. 6-13 сәуірде орташа бір күндік температура 0 0 С, 14-16 сәуірде 5 0 С, 24 сәуірде (оңтүстікте) және 9 мамырда (облыстың солтүстігінде) 10 0 С шамалайды. Алайда, көктемде ауа райының салқындауы жиі болып тұрады. Жыл сайын көктемгі үсіктер сәуір бойы байқалады, ал облыстың солтүстігінде 24 мамырға дейін созылады. Кейде көктемгі үсіктер маусым айының алғашқы онкүндігінде де кездесіп, тары, жүгері, картоптың көктеуіне зиянын тигізеді. Көктем маусымына жылдамдығы 5-6 м/сек құрайтын күшті және құрғақ желдер тән. Көктемде орташа жауын-шашынның мөлшері 35-60 мм. аспайды, ал кейбір жылдарда тіпті болмайды.
Облыс территориясындағы жаз қоңыржайлы орташа ыстық және құрғақ. Жаз уақытындағы ең ыстық ай - шілде айы. Шілде айында ауаның орташа температурасы солтүстікте 19, 3 0 С, оңтүстікте 24 0 С дейін өзгереді. Кейбір жылдары, әсіресе, жаздың аптап күндерінде ауа температурасы 40-42 0 С жетеді. Алайда, ауаның құрғақтығына байланысты ондай аптап ыстық күндер жеңіл ауысады. Жылдың басқа маусымдарымен салыстырғанда жазда ауа температурасы тұрақты болып келеді, жазғы ауа температурасының ай сайынғы өзгеруі тек +(-) 3-4 0 С ғана құрайды. Бұл жағдай ауыл шаруашылық дақылдары мен жемдік шөптің өсуіне мүмкіндік туғызады.
Жазғы кезеңде жауын-шашын мөлшері біршама түседі. Жазғы үш айда басты жер шаруашылығымен айналысатын аудандарда жауын-шашын 110 мм-ден 177 мм-ге дейін түседі, немесе жылдық мөлшердің 40-45% құрайды. Алайда, жаңбырлы жылдары жауын-шашын мөлшері әрбір жазғы айда 100-200 мм. құрап, біршама көбейеді, ал құрғақ жылдары тіпті солтүстікте, облыстың ылғалды аудандарында жауын-шашын мөлшері 6 есеге төмендеп, не бары шамамен 30 мм. құрайды.
Жазғы жауын-шашын, әсіресе, өтпелі нөсер түрінде түседі. Жазда көктем сияқты ұзақ уақыт жауын-шашынсыз құрғақ кезеңдер де болады. Аймақта құрғақшылық 10 жылда 3-4 рет байқалады. Құрғақ атмосферада топырақ пен өсімдіктерді құрғататын ыстық желдер жиі болады. Кейбір құрғақ күндері ауа ылғалдылығы 6-10% дейін төмендейді, яғни жазғы күндер үшін орташа ылғалдылықтан 4-5 есе төмен көрсеткіш. Ауаның жоғарғы температурасы және үлкен құрғақшылық жазғы уақыттағы үлкен ылғалдылықты баяулатады. Орташа бір күндік температура 10 0 С жоғарыны құрайтын кезеңдер облыстың солтүстігінде шамамен 130 күнге созылады, су бетінен булануы 600-1000 мм. дейін жетеді. Осындай булану жауын-шашын мөлшерін облыстың солтүстігінде үш есеге, ал оңтүстігінде 10 есеге көбейеді. Жазғы кезеңде негізінен солтүстік, солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бағытындағы желдер үстем етеді. Қысқы-көктемгі кезеңмен салыстырғанда жел жылдамдығы айтарлықтай аз және 3, 5-4, 5 м/сек құрайды, бірақ кей кездері жел жылдамдығы 1, 5 және 2 есеге көбейеді.
Қостанай облысында күз әрдайым тез түседі, ауа температурасы өтпелі кезеңде шұғыл төмен түседі. Қыркүйек айының ортасында үсіктер байқалады, ал орташа температурасы 11-15 0 С құрайды. Кейде үсіктер тамыз айының соңғы онкүндігінде түседі. Күзде жаңбырлы бұлыңғыр ауа райы басым болады. Ауаның орташа айлық температурасының тұрақты өтуі 17 қыркүйек пен қазанның басында 10 0 С, 6-7 қазанда 5 0 С, 23-31 қазанда 0 0 С құрайды.
Кейін қазан айының аяғы мен қараша айының басында алғашқы қар түседі. Кейде ауа-райының суық болуына қарамастан қардың түсуі желтоқсан айына дейін кешігеді де, содан соң қатқан топыраққа түседі. Осының нәтижесінде қысқы егіс толығымен жойылуы мүмкін.
Күзгі (қыркүйек-қазан) жауын-шашынның орташа мөлшері шамамен 30-60 мм. құрайды, кейбір жылдары жауын-шашын мүлде болмауы да мүмкін, жауын-шашын мөлшері облыстың солтүстігінде 170 мм. дейін, ал оңтүстігінде 80 мм., кейде одан да көп түседі. Қостанай облысында аязсыз күндердің орташа ұзақтығы солтүстікте 110 күн, ал оңтүстікте 160 күнді құрайды. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы (орташа бір күндік температурасы 5 0 С жоғары) облыстың солтүстік жартысында 165-174 күн, ал оңтүстік жартысында 182-185 күнге теңеседі. Осы кезеңдерде температура мөлшері облыс бойынша 2300-2500 0 С.
Жалпы Қостанай облысының климаттық жағдайы суармайтын егіншілік үшін қолайлы.
Қостанай облысының гидрогеографиялық торабы негізінен Тобыл және Торғай өзендерінің жүйесінен тұрады. Облыс өзендерінің жалпы белгілері - үнемі ағып тұрмайды, ұсақ құмтасты аралдарда арналардың болуы және екі жайылым түбіндегі террассалардың кеңінен дамуы. Облыстың барлық өзендері дерлік жауын-шашынмен қоректенеді. Сондықтан, жылдық ағыс және су шығыны жыл маусымы бойынша әр түрлі сипатталады. Су шығынының және жылдық ағыстың 90-98% көктемге келеді. Жазда өзен ағысы тоқтайды. Қостанай обллысының климаттық жағдайына байланысты қысқы уақытта барлық өзендер, соның ішінде ең ірілері - Тобыл және Торғай өзендері де табанына дейін қатады да, оларда ағыс тоқтайды.
Тобыл өзені - Ертістің сол жақ саласы - Қостанай облысының басты су артериясы және Солтүстік Қазақстанның ірі өзендерінің бірі болып табылады. Облыс ішінде оның ұзындығы 725 км., су жинау алабының көлемі - 130 мың км 2 . Тобылдың бастауы - Бозбие және Көкпекті өзендері шамамен теңіз деңгейінен 300 м. биіктікте Орал алды үстіртінде орналасқан. Тобыл өзені өзінің басты салаларын сол жақтан алады. Себебі, облыстың батыс бөлігін шығыс бөлігімен салыстырғанда өзендермен жақсы тілімделген.
Тобылдың сол жақ салалары - Тұзды Дол, Шортанды, Желқуар, Аят, Үй, Тоғұзақ. Тобылдың оң жақтағы салалары - кішігірім өзендер Ащысу және Қайрақты, жалғыз ірі оң саласы - Обаған өзені облыс территориясынан тыс жерде қосылады. Террасалар аңғардың сол жағында да, оң жағында да кездеседі, терраса ендігі 10 метрден 2 километрге дейін тербеледі. Тобыл жайылымы кең болып келген (500 м) . Су деңгейінің жылдық барысы көктемгі су тасқынымен сипатталады. Қысқа мерзімді су тасу наурыз айының соңынан немесе сәуір айының басында басталып, бірнеше күнге созылады. Судың құлдырауы 20-30 күнге дейін созылады. Су көп жылдары судың көтерілу және түсу (құлдырауы) ұзақтығы 50 күнге дейін жетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz