Қостанай облысының азық – түлік өнеркәсібіндегі «Новый день» сүт зауытының алатын орнын анықтау


КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Бүгінгі таңдағы еліміздің экономикасының жедел қарқында дамуы барысында ауыл шаруашылығының «өзегі» ірі қараның бас санының азаюы үлкен мәселе болса да ел аумағындағы ауыл шаруашылығы жедел дамып келеді. Соның ішінде ауыл шаруашылығы үлкен қарқынмен дамып келе жатқан Қостанай облысының территориясында азақ - түлік шаруашылығы үлкен жетістіктерге жетуде. Осындай мәселенің туындауынан облыс аумағындағы азық түлік шаруашылығының орналасу ерекшеліктері мен оған әсер етуші факторларды анықтау маңызды. Қостанай облысы ауыл шаруашылығының жетекші салаларының бірі егін шаруашылығынан республика деңгейінде алдыңғы орында. Егін шаруашылығының дамуы облыс аумағында мал шаруашылығының үлкен қарқынмен дамуына жақсы жағдай жасайды. Сол себептен Қостанай облысының азық - түлік шаруашылығындағы сүт өнімдерінің алатын орны ерекше. Облыс аумағындағы сүт өнімдерін өңдеуші жетекші мекмелердің бірі «ПК ВИТА» ЖШС -ы болып отыр. Аталған мекеме облыс аумағындағы сүт өңдеу өнеркәсібінің ажырамас бөлігі. Сондықтан жұмыстың өзектілігі Қостанай облысының азық - түлік шаруашылығындағы «ПК ВИТА» ЖШС - ның алатын орнын анықтауға бағытталады.

Жұмыстың нәтижесінде жинақталған дәлекті матерялдар География мамандығының студенттері, орта мектептің мұғалімі мен оқушылар Қостанайоблысының азық - түлік шаруашылығын жан-жақты оқып үйрену үшін, азық - түлік өнеркәсібін зерттеуші мамандары білім көзі ретінде пайдалана алады. Қостанай облысының азық - түлік шаруашылығы, оның ішінде сүн өндірісі, сүт өндіруші ірі кәсіпорын «ПК ВИТА» ЖШС - ның жұмыс процесі мен қазіргі жағдайы жан-жақты ашылып көрсетілген.

Дипломдық жұмыстың мақсаты:

  • Қостанай облысының азық - түлік өнеркәсібіндегі «Новый день» сүт зауытының алатын орнын анықтау;

Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу міндеттері: Дипломдық жұмысты зерттеу барысында алға қойылған мақсатты негізге ала отырып, тақырып мазмұнын нақтылап ашу үшін бірнеше міндеттер қарастырылады:

  • Қостанай облысының тамақ өнеркәсібіне әсер етуші табиғи факторларды анықтау;
  • Қостанай облысының азық - түлік өнеркәсібінің дамуын зерттеу;
  • «Новый день» сүт зауытының қазіргі жағдайымен танысу;
  • «Новый день» сүт зауытының бүгінгі таңдағы даму қарқынын бақылау;
  • Қостанай облысының азық - түлік шаруашылығындағы «Новый день» сүт зауытының алатын орнын анықтау;

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, ұш тараудан және әр тарау екі-үш тақырыпшадан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Зерттеудің теориялық негізі жасалған жұмыста қолданылған материалдардың көп бөлігі пайызы ТОО «ПК ВИТА» мекемесінің жеке құжаттарынан алынған. Ал қалған бөлімі Қазақстанның экономикалық географиясына байланысты Е. А. Ахметов, Т. О. Уәлиев, Д. І. Жангелдина, Қ. Сарқытқан, Н. М. Тұрғымбекованың оқулықтарынан алынған материалдардан құралған. Сонымен қатар кішкене бөлігі ғаламтордан алынған.

Зерттеу әдісі: Салыстырмалы - аналитикалық, жүйелі талдау, топтау, статистикалық.

  1. Қостанай облысының тамақ өнеркәсібінің орналасу заңдылықтары

1. 1 Қостанай облысының тамақ өнеркәсібіне табиғи факторлардың әсері

Қостанай облысында азық - түлік шаруашылығы жақсы дамыған. Әр аймақта өндірістің немесе шаруашылықтың орналасуына әрқашан табиғи факторлар әсер еткен, оларды атап кетер болсақ:

  • Облыстың географиялық орны
  • Облыстың жер бедері
  • Облысың климаты
  • Аумақтың гидрографиясы

Облыстың географиялық орны. Аталған факторлардың әр қайсысына жеке тоқталар болсақ, ең алдымен Қостанай облысының географиялық орнын сипаттайық. Қостанай облысы Қазақстанның солтүстігінде, физикалық-географиялық жағынан алсақ - Батыс-Сібірдің оңтүстік шетінде және аздап Қазақ ұсақ шоқылығының (Сары-Арқа) аумағында орналасқан. Облыстың солтүстік нүктесінің координаталары: 55˚26΄ с. е. (бұл Мәскеу ендігіне сәйкес келеді) және 68˚59΄ ш. б., шеткі оңтүстік нүктесінің - 52˚13΄ с. е. және 67˚19΄ ш. б., шеткі батыс нүктесінің - 54˚00΄ с. е. және 65˚57΄ ш. б., шығыс нүктесінің - 52˚50΄ с. е. және 74˚02΄ ш. б. Шеткі нүктелер арасында градустағы қашықтық бойлық бойынша 8˚05΄, ендік бойынша - 3˚13΄ құрайды. Солтүстік-оңтүстік бағыттағы шеткі нүктелер арасында тіке бойынша қашықтық 375 км, батыс-шығыс - 602 км тең. Облыс Ресейдің Калуга, Тула, Тамбов облыстарымен бір ендікте орналасқан. [30] Алайда, олардан табиғи жағдайымен өзгешеленеді, теңіз бен мұхиттан алшақ орналасқаннан шұғыл континентті ауа райымен сипатталады. Өзінің және іргелес аумақтардың жалпы тегістігі ашық меридиональдық және ендік ауа айналымына себеп болады. Облыстың мұндай географиялық орны сүт шаруашылығының жақсы дамуына үлкен септігін тигізеді.

Облыстың жер бедері. Солтүстік Қазақстан аумағы орманды дала, дала және шөлейт зоналарында орналасқан. Орманды дала ені 150-250 шакырым болып, ауданньщ солтүстік жиегін алып, бұған күрамындағы қара шірігі 10 пайыз шалғынды-қара топырақты Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Акмола, Павлодар облыстарының солтүстігі жатады. Ал дала зонасы солтүстігінде нағыз кара, ал оңтүстігінде оңтүстік қара топырақты Солтүстік Қазақстанньщ басым бөлігін алып жатыр. Мүндағы кара шіріктің үлесі 6-8 пайыз. [4] Дала зонасының оңтүстігі қүрғак далаға ауысып, кошқыл-каштан топырақ басым болып, әр жерінде сор, сортаңды жерлер кездеседі. Орманды дала, дала зоналары суарусыз тәлімі егіншіліктің аудандары. Ауданның оңтүстігін, яғни Қостанай облысының оңтүстігі Торғай өңірін, Теңізкорғалжын көлі тобы ауданы, Ертістің сол жагалауы оңтүстік бөлігін ашық-каштан топыракты шөлейт зонасы алып жатыр. Жауын-шашынның тапшылығынан мү-нда тек саурмалы егіншілікті дамыту мүмкін болып, бұл зона негізінде көктемгі және қысқы мал жайылымы ретінде пайдалынады. Сонымен ауданның топырак-өсімдік зонасының сипаты егіншілікті кен көлемде дамытуға қолайлы. Аумағының басым бөлігін кара топыракты орманды дала жэне дала зонасы алып жатыр, ол толы к жыртылып егіншілікке игерілген.

Жыл бойында Солтүстік Қазакстан аумағында оңтүстік-батыс, оңтүстік анызык желдері басым болып жазда ауа мен топыракты күрғатып, ал кыста карды үшырып экетіл "кара боран" туғызады. Мүндай табиғат жағдайларының зиянды әрекетін бәсендету жэне болдырмау үшін ауданда eric қорғау алкаптары отыргызылып, топыраққа ылғал жинау мақсатында кар токтатылады, жайылым мен шабындыктар суландырылады.

Жер ресурсы - ауданның өте манызды табиғи байлыгы. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер көлемі 50 млн га, сонын 24 млн га жыртылган жер, ал 26 млн га мал жайылымы, шалгындық жэне шабындык жерлер. Бірақ соңғы жылдары нарыктық экономикаға көшудің киындыктарымен байланысты ұзақ жылдардан бері қальштаскан жыртылган егістік жерлер толық пайдаланылмай, оның көлемі жылдан жылга азаюда. Соның салдарынан ауыл шаруашылығы өнім көлемі де төмеңдеуде. Ауданның солтүстігі мен батысында жердің орта биіктігі 100-120 метр Батыс Сібір ойпатының оңтүстік сілемдері еніп, бұл негізінде тегіс жазыкты жыртуға қолайлы болып келеді. Еліміздің Шығыс және Оңтұстік Қазақстан аудандарындағыдай мұнда биік тау жүйелері болмағандықтан жер бедері Батыс Қазақстан сияқты жазық. Міне, сондыктанда Солтүстік Қазақстаннын табиғат жағдайь[ Батыс Сібірдің табиғатына ұқсас, барлык жерінде біркелкілеу болып келеді. Кей жерлерінде ойлы-қырлы т. үщы жэне ащы көлдер орналаскан ойыстарда кездеседі. Ауданның шығысында Құлынды даласы, ал оңтүстігінде Қазақтын ұсак шоқысы - Сарыарка созылып жатыр.

Қостанай облысының аумағы жер бедерінің жазық болып келуіне карамастан пайдалы қазбаға бай. Ауданның солтүстік-батысында Қостанай темір рудасы, оның маңында Жетікара асбест, Торғай қоңыр көмір бассейні, ал оңтүстігінде Аркалык боксит кен орындары бар. Аудан аумағында известняк, шыны күмы, отқа төзімді саз т. б. құрылыс материалдары бар. Аймақтың осындай жер бедері облыс аумағындағы шаруашылықтың дамуына үлкен әсерін тигізеді. Себебі ауыл шаруашылығының негізгі маңызды факторы - жергілікті жер бедері. Ал егер де облыс аумағында ауыл шаруашылығы жақсы дамыса, онда сүт шаруашылығының одан әрі дамуына үлкен мүмкіндік ашылады.

Облысың климаты. Қостанай облысыҚазақстанның ең үлкен материктің тереңдігінде орналасу жағдайы оның ауа-райының кенет континентальды болуын шарттайды. Ауа-райының негізгі сипаты қатты желді және боранды ұзақ қыс, қысқа, бірақ ыстық жаз. Ең суық ай қаңтардың орташа көпжылдық температурасы солтүстікте -18. 50С, оңтүстікте шамамен -17. 50С, ал ең суық күндері -450С дейін жетеді. Шілдеде температура шамамен солтүстікте +190С дейін және оңтүстікте +19. 50С дейін жетеді, ал ең ыстық күндері +410С дейін болады.

Қостанай облысы үшін ауа-райының тұрақсыздығын тудыратын ауа массасының жиі ауысуы тән. Қыс уақытында солтүстіктен континентальды арктикалық ауаның басып енуі температураның кенет төмендеуін шарттайды, ал өтпелі маусымда бұл ретте көктемдік-күздік суық байқалады. Нақ ауаның айналысы, температураның кенет ауысуының және жылдан-жылға жауын-шашынның болуының себептері болып табылады.

Қыс мезгілінде ашық күнді және теріс тұрақты температуралық үстемдіктегі күн райының антициклонды типтері басым болады. Жел орташа жылдамдығы 5. 5 м/с болатын, анық байқалатын оңтүстік-батыс бағытында болады. Көктем қысқа (20-30 күн), құрғақ және салқын сәуірдің екінші жартысынан басталады. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы шамамен жылына 100-120 күн, ал 00С-тан жоғары болатын тәуліктік орташа температура кезеңі шамамен 190 күн. Жаз уақытында орташа жылдамдығы 4 м/с, солтүстіктен және солтүстік-батыстан соғатын жел түріндегі циклондық типтегі ауа-райы басым болады. Күз салқын, бұлтты, жиі жауынды. Орташа жылдық атмосфералық жауын-шашынның мөлшері 290-295 мм-ден 425-435 мм дейін түрленеді. Солтустік Қазақстанның климаты шұғыл континенталды, еліміздіңі баска аудандарьгмен салыстырғанда жазы коныр салқын, қысы суық. Қыста аудан климатына қатаң Солтүстік Мұзды мрситтың арктикалық, ал жазда Орта Азия мен Иранның ыстық тропикалық ауа массалары эсер етеді. Соған карамастан температура жағдайлары дәнді, дэнді бұршак түқымдас жэне көкеніс бакша дакылдарының пісіп жетілуіне жеткілікті. Оған солтүстік аудандарындағы 160, ал оатүстігіндегі 167 есіп-өиу кезеңі мүмкіндік береді. Аудан аумағының көп бөлігінде жылына 350-400 мм жауын-шашын түсіп, оның басымы жылдың жылы мезгілдеріне келеді де, ол суарылмайтын егіншілікті дамытуға мүмкіндік береді. Ал ауданның оңтүстігінде жауын-шашын мелшері 150-200 мм-ге төмендеп, өзен анғарларында ғана суарылмайтын, қалған жерлерінде егіншілік тек суарылмалы жағдайда ғана дами алады. [4] Облыстағы мұндай климат жағдайы аумақта ауыл шаруашылығының жақсы дамуына өте қолайлы. Сонымен қатар әр түрлі шаруашылықты дамытуға жақсы жағдай жасайды.

Аумақтың гидрографиясы. Қостанай облысының кедірлі-жоталы және жазықты жер бедері көлдердің мол болуына мүмкіндік берген. Мүнда 13 мыңдай көлдер бар. [30] Ірілері Қүсмұрын, Сарықопа, Ақмола облысындағы Теңіз, Қорғалжын, Шағалалытеңіз, Селетітеңіз, Бурабай, Шортанды т. б. көлдер тұрмыста, мал суғаруга пайдаланылады. Ауданның шаруашылык мақсаты үшін Есілден басын алатын Есіл, Булаев, Пресновск жер асты су кұбырлары жүргізілген. Оларды үздіксіз сумен жабдықтау үшін Сергеев, Вячеслав су коймалары жасалынган.

Климаттың құрғақтығы, жазық жер бедерінің басымдығы Қостанай облысы аумағында су байлыгының таралу ерекшелігін аныктап, өзен жүйесінің нашар дамып, ал көлдердің мол болуына мүмкіндік береді. Есіл, Тобыл сияқты Ертіс өзенінің сол жақ салалары ғана мұхитқа құяды. Ал қармен қоректенетін Торғай, Селеті, Шідерті, Шагалалы сиякты үсақ өзендері ағынсыз көлдерге күяды. Олардың ағыны біркелкі болмай. кеме қатынасы, су электр стансаларын салуға колайсыз болып, негізінде шабындық пен жайылымдарды лимандап жайып жіберу суаруға пайдаланылады. Аумақтың гидрографиясы кез келген шаруашылыққа әерін тигізеді. Әсіресе ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен септігін тигізеді. Ал ауыл шаруашылығы сүт өндіру шаруашылығының негізі деп айтуға болады.

  1. Қостанай облысының тамақ өнеркәсібіне экономикалық және әлеуметтік факторлардың әсер етуі.

Қостанай облысының аумағындағы өндірістің дамуына табиғи факторлармен қатар экономикалық және әлеуметтік факторлар әсер етеді. Жалпы облыс бойынша өнеркәсіптің дамуын әсерін тигізетін факторларды айта кетер болсақ, олар:

  • Аумақтың экономикалық маңызды жол торабында орналасуы
  • Облыстың халқы
  • Өндірістердің шикізат көзіне жақын орналасуы

Аумақтың экономикалық маңызды жол торабында орналасуы. Қостанай облысы қолайлы экономикалық-географиялык жағдайда орналасқан. солтүстігінде Ресейдін Орал, Батыс Сібір аудандарьшен шектеседі. Аудан аумағы арқылы Үлы Сібір, Орта Сібір, Оңтүстік Сібір және Қазакетанаралық Трансказақстан темір жолы магистралдары өтеді. Б:үл жолдар Солтүстік Қазақстанды Орталык Қазакстан жэне Орал, Кузбасс, аудандарымен байланыстырып, сонымен бірге Ресейдін Европалық, Азиялык беліктері жэне Оңтүстік Қазакстан ауданына шығуына мүмкіндік береді. Ресейдін өнеркәсіпті аудандарымен көршілестігі Қостанай облысында тау-кен, энергетика шаруашылықтарының дамуына елеулі әсері болады. [2]

Облыстың халқы. Ауданның оңтүстік, оңтүстік-шығыс, онтүстік-батысындағы суарусыз тәлімі егіншіліктің жағдайы нашарлау бөліктерінде аумақ бойында сирек және әркелкі қоныстануы байқалады.

Қостанай облысының шөлейтті аудандары, яғни облыстың оңтүстік, негізінде Торғай өңірі, Қостанай облысының оңтүстік-батысы сирек қоныстанған. Мұнда бір шаршы шакырымға 0, 1- 0, 5 адамнан, тіпті оданда аз келеді. Көптеген жерінде тұрақты халық болмайды да. Бүл аймақтарда халқының саны 50-100 адамдык елді-мекендер басым.

Қостанай облысының халқы көп ұлтты. Мұнда қазақ, орыс, украин, татар, неміс, мордва, еврей, чуваш, поляк жэне т. б. халыктар тұрады. Олар бүл ауданға темір жолдар салу, пайдалы қазба кен орындарын жэне тын жерлерді игеру кезіңде коныстанған. Халықтын басымы славян тілді халықтар. Олар ауданды терең қоныстану және оны егіншілік түрғыда игеруде манызды орын алды. Байырғы қазақтар облыс халкының 35 пайызын кұрап, олар негізінде отарлы мал шаруашылықты оңтүстік аудандарда басым. Соңғы 10 жылда шетелдерден келген қазақтардын жоспарлы қоныстануымен байланысты қазақтардың үлесі едәуір артуда. Қостанай облысында қала халкының үлесі аудан халқының 50 пайызы ғана. Бүл ауданда ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің бірдей жақсы дамығандығын көрсетеді. Облыстың қалалар саны да көп емес. Жалпы аудан орталығы Қостанай қаласының халқы 217, 4 мың адам. Халқының саны бойынша келесі орында Рудный қаласы, мұнда халық саны орта есеппен алғанда 80 мың адам. Рудный қаласының халық саны соңғы 10 жылда өсуде. [3] Халық санының өсуінің негізгі факторы шет елдерден келген оралмандар санының өсуі. Рудныйдан басқа облыста Арқалық, Лисаковск, Жетіқара сияқты шағын қалалары да бар. Аталған қалалардың халық саны бірде өсіп, бірде кемуде. Сөйтіп, халықтың жергілікті шаруашылыққа деген үлкен әсері бар екенін анықтадық. Халық шаруашылықтың дамуына ғана әсерін тигізбей, оның өнімдерінің әрі қарай тұтынылуына да үлкен септігін тигізеді.

Өндірістердің шикізат көзіне жақын орналасуы. Солтүстік Казақстан еліміздің ең басты астык шаруашылықты және етті-сүтті мал шаруашылыкты ауданы. Қазіргі нарықтық экономикага көшудің қиындық жағдайындагы мал санының азаюы, өнімнін төмендеу кезеңінде де Солтүстік Қазакстан елімізде дәнді дакылдардың егіс көлемі, әсіресе жаздық бидай, мүйізді ірі кара және шошқа майы, мал майы және ет т. б. тамак өнімдері жөнінен жетекші орын алады. Аудан ауыл шаруашылығының екінші маңызды саласы мал шаруашылығы, ол өсімдік шаруашылығымен ұштасқан. Ауыл шаруашылыгына жарамды жердің 57 пайызы жайылым мен шабындык, оның басымы Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарына келеді. [2] Мал шаруашылығының жем-шөп базасында табиғи мал азығы басым. Сонымен бірге мал азығы ретінде егіншіліктің, тамақ өнеркәсібінің қалдығы пайдэланылып қүрама-жем даярланады. Солтүстік Қазакстанда еліміздін баска аудандарымен салыстырғанда етті-сүтті мал шаруашылығынын ролі жоғарлау, сонымен бірге қой шаруашылығының да маңызы едэуір. Бірак қазіргі нарықтың қиындығымен байланысты жалпы мал саны бұрынғыдан едәуір азайган.

Солтүстік Қазақстанда етті-сүтті және сүтті-етті ірі кара шаруашылығы жетекші орында, оған Қостанай, Солтүстік Қазакстан облыстарының егіншілікті орманды дала жэне дала зоналарынын табиғат жағдайы қолайлы болып, мұнда сүт бағытындағы даланың кызыл сиыры, ал оңтүстікке карай ет бағытындағы казактың ак бас тұкымы кең таралған.

Қой шаруашылығы негізінде Павлодар, Қостанай облысының октүстік, эсіресе Торғай өңірінде. Акмола облысында дамып. солтүстігінде биязы жүнді кой түкымы, ал онтүстігінде ет-май багытындағы койдын еділбай түқымы кең тараған.

Ауданнын барлык жерінде жылқы иіаруашылығы дамып, республика жылқы санының 1/3 келіп, оның Қостанай, казақ тұқымы басым. Орманды дала жэне дала зоналы Қостанай, Солтүстік Қазақстан жэне Акмола облысынын егіншілікті аудандарында шошка шаруашылығы дамыған. Осы облыстардын егіншілікті апқапты алқаптарында құх шаруашылығы, ал көл маңдарында су құстары кең тараған. Ауданның топырақ-климаттык жагдайы жэне ауыл шаруашылығының мамандануына қарай Солтүстік Қазақстан аумағында солтүстік, орталык жэне оңтүстік алаптары калыптаскан.

Өнеркәсіптің қалыптасуы мен дамуы ерте кезден бастап-ақ ауыл шаруашылық шикізаттарын өндеумен байланысты болып отыр. Сол себепті Қостанай облысының аумағында сүт өңдеумен айналысу өте қолайлы. Мұнда өндіріске керекті шикізаттың барлығы дерлік жақын орналасқан Жалпы, сүт өнімдерінің өндірісіне ең қажетті шикізат сүт, облыс бойынша жеткілікті. Сондықтан Қостанай облысының көлемінде көптеген сүт өңдеуші алпауыттар орналасқан.

  1. Қостанай облысында тамақ өнеркәсібінің орналасу ерекшеліктері

Тамақ өнеркәсібі ауыл шаруашылық шикізаттарын өндеп, халыкты тұтыну заттарымен, яғни тамақ өнімдерімен қамтамасыз етеді. Тамақ өнеркәсібі шикізатты өңдеп тамақ өнімдерін шығаруда ауыл шаруашылығы және балық кәсіпшілігімен байланысты.

Тамақ өнеркәсібінің қүрылымы өте күрделі болып келеді: балық, сү, қант, арақ-шарап, кондитер, ұн-жарма тарту т. б. ондаған салалардан түрады. Тамақ өнеркәсібі салаларында әйелдер еңбек ресурсы басым болып келеді.

Шикізаттық және тұтыну факторларының әсеріне байланысты тамақ өнеркәсібі үш топқа бөлінеді:

1. Шикізат көзіне бағдарланатын салалар (шикізат шығының басымдылығы жағдайында) . Оған май жасау, май шайқау-жир, қант, сүт консерві салалары жатады.

2. Даяр өнімді тұтынушы аудандарға бағдарланатын салалар (даяр өнім салмағы шикізат салмағынан артықтығы, не екеуінің тендігі жағдайында) . Оған сүт, макарон, нан жсау, кондитер т. б. салалар жатады.

3. Бір мезгілде әрі шикізат көзі, эрі тулыну аудандарына бағдарланатын салалар. Бұл топқа ұн тарту, темекі, ет т. б. салалар жатады.

Қазақстан аумағында жүмыс істейтін тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары негізінде Кеңес жылдарында салынған. Еліміздің нарықтық экономикаға өту жылдарындағы қиындыктар, яғыни қаражаттың тапшылығы, шикізаттың жетіспеуінен кейбір кәсіпорындар тоқатап, не мезгілді жұмыс режиміне көшкен.

Шикізат тұріне қарай гамак өнеркәсібі 4 топқа бөлінеді:

Бірінші, мал шиікізатынан алынатын өнімдер тобы. Оған ет және сүт өнімдері жатып, жалпы тамак өнеркәсібі өнімінің 50 пайызын береді. Бүл топка жататын салалардың ішінде ет өнеркэсібі жетекші орынды алып, Ет комбинаттары Петропавл, Алматы, Лисаков, Екібастүз, Жетігенде (Алматы облысы) орналасқан.

Тамақ өнеркәсібінің екінші тобы өсімдік шикізатын өңдеумен байланысты. Оған қант, ұн-жарма тарту, арак-шарап жэне спирт, май шайкау-жир, жеміс-көкөніс консерві, темекі т. б. өндірістері жатады.

Төртінші топка өнеркәсіптік ендеуден өткен жартылай шикізатты (мысалы, үн) оңдеу арқылы өнім алу жатады. Оған нан жабу, кондитер, макарон, маргарин, шай өлшеу, ашыткы шығару өндірістері жатады.

Еліміздің ірі кондитер фабрикаларына Алматы «Рахат», Караганды және Қостанайдың «Баян сүлу» т. б. жатады.

Нан пісіру еліміздің ірі, шағын калалары т. б. елді мекендерде орналасқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан аймақтарының әлеуметтік - экономикалық дамуын реттеу жүйесін қалыптастыру
Құрама жем өнеркәсібі - жануарларға арналған құрама жем өндірумен байланысты ауыл шаруашылығы саласы
Ақмола облысы - Солтүстік Қазақстандағы облыс
Қостанай облысының әлеуметтік – экономикалық дамуының 2009-2011 жылдарға арналған негізгі бағыттары
Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)
Экономиканың инновациялық дамуы жайлы
Сүт шикізатының сипаттамасы
Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласының қазіргі жағдайын талдау ( Қапшағай құрамажем зауыты АҚ мәліметтері негізінде )
Міністі жылқы тұқымы
Кабардин тұқымы жылқыларын азықтандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz