Мұхиттар мен құрлықтар географиясы сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы шығармашылық әрекетінің тәжірбиесін қалыптастырып, құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың нәтижелігін көтеру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. География пәнін оқытудағы жаңа білім беру технологияларын пайдаланудың теориялық мүмкіндіктері . . . 5

  1. Инновациялық білім беру технологияларының негізгі ерекшеліктері . . . 5
  2. Жаңа педагогикалық технологияларды білім беру үрдісінде пайдалану. . 9

2. Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық - географиясы пәнін оқытудағы жалпы әдістемелік нұсқаулар . . . 15

2. 1 Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық - географиясы пәнін оқытудың рөлі мен орны, мақсаты мен міндеттері және курстың құрылымы . . . 15

2. 2 Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық - географиясы пәнінің мазмұны және оны ұйымдастырудағы әдістемелік тәсілдер . . . 20

2. 3 Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық - географиясы пәнін оқыту үрдісін ұйымдастыруының негізгі формалары . . . 24

3. Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық - географиясын оқыту үрдісінде жаңа білім беру технологияларын пайдалану . . . 28

3. 1 Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық - географиясын оқытуда модульдік технологияны және мультимедианы қолдану . . . 28

3. 2 Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық - географиясы сабағында компьютерлік технологияны пайдалану мүмкіндіктері . . . 41

3. 3 Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық - географиясын оқытудағы проблемалық оқыту технологиясы . . . 47

3. 4 Жобалау технологиясы - дамудың негізі . . . 53

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 62

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: ХХ ғасыр «жаһандық мәселелердің бар болуын ұғыну арқылы әлемге жаңа көзқарас қалыптастырады, адамзаттың және әр тұлғаның тіршілікке қабілеттілігінің өзгеріссіз шарты болып қалатын әлемнің тағдыры үшін тұлғалық жауапкершілікті сезінудің» қажеттілігін атады. Қазіргі білім берудің жаңару шарттарында оқушының тұлғалық дамуы, оның даралығы, оның зерделігінің және шығармашылық мүмкіндіктерінің жоғарылауы туралы мәселелер маңызды мазмұнға ие. Бұл білім берудегі және адамның ойлауының әдістемелердің өзгеруінің қажеттігін тудырады.

Мектепте білім берудің жаңа технологияларын пайдаланудың обьективтік қажеттілігі мен оны іске асырудың педагогикалық шарттарының анықталмауы, білім беруде жаңа технологиялары негізінде оқу үрдісін жетілдіру қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық байқалады. Осы қайшылықтар мен жаңа педагогикалық технологиялардың артықшылығын анықтау үшін, тақырыпты «Мұхиттар мен құрлықтар георгафиясын оқытуда жаңа технологияларды қолдану» деп алдық.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Мұхиттар мен құрлықтар географиясы сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы шығармашылық әрекетінің тәжірбиесін қалыптастырып, құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың нәтижелігін көтеру.

Қойылған мақсатқа сәйкес зерртеу барысында төмендегідей міндеттер қойылды:

-География пәнін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісінде пайдаланудың теориялық моделінің әдістемелік жүйесін және қалыптасу әдісін құрастыру және ғылыми дәлелдеу.

-Оқушыларға арналған түрлі проблемалық және шығармашылық тапсырмалармен ұтымды топтамамен қамтамасыз ететін және өздігінен проблемалық - іздену әрекетіне қатыстыратын сабақтар жүйесін құрастыру.

-«Мұхиттар мен құрлықтар географиясын» оқытуда жаңа педагогикалық технологиялардың байланысына негізделіп, проблемалық және шығармашылық тапсырмалырдың жүйесін қалыптастыру

-«Мұхиттар мен құрлықтар географиясы» курсын оқыған кезде оқушылардың шығармашылық әрекетін ұйымдастырудың ұтымды формаларын анықтау.

Зерттеу объектісі: 7 сыныпқа арналған «Мұхиттар мен құрлықтар географиясы» курсындағы шығармашылық тәжірибиенің қалыптасуындағы оқу- тәрбие үрдісі болып табылады.

Зерттеу пәні: жаңа педагогикалық технологиялардың байланысы мен шарттарының жүзеге асырылуының негізінде шығармашылық әрекетінің тәжірбиесін қалыптастыру әдістемесі болып табылады.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы «География» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге курстық жұмысын даярлауда, сонымен қатар, «Географияны оқыту әдістемесі» пәнінен дәріс, семинарлық және машықтану сабақтарын дайындауда осы мәліметтерді қолдануға мүмкіндік беруінде.

Зерттеудің теориялық негізі: Тақырыптың мазмұнын ашу үшін бірнеше авторлық ғылыми жұмыстарға, баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалаларға сүйендік. Атап айтқанда: И. В. Душина, В. Б. Пятунин, Е. А. Таможняя «Методика и технология обучения географии», Тусупбекова Г. М., Утеева Г. А., Накеев Б. Р. «Методика преподования физической географии на основе картографических материалов и приемов», «География және табиғат» журналдары сияқты әдебиеттерді пайдалана отырып, «Мұхиттар мен құрлықтар» географиясын оқытуда қолданылатын жаңа педагогикалық технологияға толық сипаттама бердік.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу барысында алға қойған мақсат міндеттерге сәйкес бірнеше сұрақтар қарастырылды. Жалпы жұмыс барысы кіріспеден үш тараудан, тоғыз бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда негізінен география пәнін оқытудағы жаңа білім беру технологияларын пайдаланудың теориялық мүмкіндіктері қарастырылады. Бұл тарау жаңа технологиялардың негізгі ерекешеліктері мен оларды оқу үрдісінде пайдалануы туралы айтылған.

Екінші тарауда Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық - географиясы пәнін оқытудағы жалпы әдістемелік нұсқаулары қарастырылады. Сонымен қатар пән оқытудың рөлі мен орны, мақсаты мен міндеттері және курстың құрылымы, мазмұны және оны ұйымдастырудағы әдістемелік тәсілдер, оқу үрдісін ұйымдастыруының негізгі формалары сипатталады.

Үшінші тарауда Мұхиттар мен құрлықтардың физикалық - географиясын оқыту үрдісінде жаңа білім беру технологияларын пайдалану жағдайлары қарастырылады.

Зерттеу әдісі: Топтау, жүйелеу, жинақтау, сараптау, талдау әдісі.

  1. География пәнін оқытудағы жаңа білім беру технологияларын пайдаланудың теориялық білім беру технологияларының негізгі ерекшеліктері

Қазіргі кезде әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды да анықтауда. Техника мен ғылым көлемінің ұлғая түсуі мектептегі білім беру мазмұнының қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарауға, әсіресе мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дәлелдеп отыр. Мұның өзі аталған мәселенің теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін туындатады. Сондықтан біз оқытудың теориясы мен практикасындағы зерттеліп отырған проблеманың жағдайына талдау жасауды «инновациялық білім беру технологиялары» ұғымына нақты түсінік беруден бастағанды жөн көрдік. Зерттеуде ең алдымен «инновация» «педагогикалық технология» ұғымдары жөнінде анықтамалар жүйеге келтіріліп, «инновациялық білім беру технологиялары» ұғымы мазмұндық жағынан қарастырылады.

Жалпы ғылыми инновация ұғымы жүйе қызметіндегі мақсатты өзгеріс ретінде анықталады. Мұның өзі әр түрлі салаларда сапалы және сандық өзгерістер түрінде болуы мүмкін. [1]

Қарастырылып отырған мәселе мен соған сәйкес оның ұғымдық қамтамасыз етілуі 1980 жылдары педагогиканың зерттеу пәніне айналды. Мәселен: В. П. Кваша инновациялық динамикада бағытты атап көрсетеді.

«Білім берудегі инновация» және «педагогикалық инновация» терминдері категория ретінде қолданыла отырып, ғылыми түрде негізделеді де,

И. Р. Юсуфбекованың педагогика оқулығының категориялық аппаратына енгізілді. Автор күрделі, әрі көп салалы «педагогикалық инновация» ұғымының неологиялық, аксиологиялық және праксиологиялық сипаттамаларын бөліп көрсетеді.

Инновациялық прогресс процедуралар мен құралдардың жиынтығын танытады. Олардың көмегі арқылы ғылыми жаңалық, идея-әлеуметтік, оның ішінде білім берудегі жаңа енгізілімге айналуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ осы үрдісті басқару жүйесін қалыптастыратын іс-әрекет инновациялық іс-әрекет болып табылады.

Білімдегі инновациялар арнайы жобаланған, әзірленген немесе педагогикалық бастама ретінде «кездейсоқ ашылған» жаңалық болып есептеледі. Мұнда «инновациялық үрдіс» ұғымы жаңалық жасау, қабылдау, бағалау және қолдану деп анықталады.

Көп жылдар бойы білім беру жүйелерінің дамуы сырттай қатысты факторлармен анықталып келді. Мұның өзі осы дамудың қажетті жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылыми әлеуеті көптеген бағыттары бойынша әлемдік деңгейге сәйкес келеді. Сондықтан ол білім берудегі инновациялық саланы дамытуға негіз бола алады. [2]

Білім беру - оқыту нәтижесі. Тура мағынасында, оқып үйретілетін пән туралы түсініктің, ұғымның қалыптасуын білдіреді. Білім беру деп табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім, білік, дағды жүйесін жеке тұлғаның меңгеруін және оны өмірде тиімді қолдана білуін айтады.

Технология - деп әдетте алдын- ала берілген қасиеттерге ие материал алу мақсатында бастапқы материалды қайта өңдеу үрдісін айтады. Көптеген ғалым-педагогтар кез-келген әрекет технология бола алады, не болмаса өнер болады деген. Өнер интуицияға негізделсе, ал технология - ғылымға негізделеді.

Білім беру - педагогика ғылымының негізгі ұғымы болып табылатындықтан, инновациялық білім беру технологиялары педагогикалық технологиялар қатарына жатады.

Инновациялық білім беру технологияларын мектеп мұғалімдері нақты қабылданған шешім бойынша ғалымдардың басшылығымен жасалған, ғылыми тұрғыдан негізделген бағдарламалар арқылы оқу үрдісінде пайдалануына болады. Себебі, мектеп ғылымның теориялық жетістіктерін іс-тәжірибиеде таратудың негізгі ордасы болып табылады.

Бүгінде педагогикалық ой-пікірдің даму қарқынына орай адамға қажетті білім деңгейінің де артқаны анық. Сондықтан ең маңыздысы оқушылардың өздігінен дамуын, шығармашылық деңгейінің артуын, тұлғалық сапаларының қалыптасуын қамтамасыз ету керек. Инновациялық білім беру технологияларын сұрыптап, таңдап алу және оның мәнін түсінбеу - оқу процесін жетілдіруге кедергілер жасайды.

Бірқатар авторлардың пікірінше, инновациялық білім беру технологияларын іске асыру бойынша мұғалім іс-әрекетін қарастыруға арналған бастапқы әдіснамалық алғы шарттар мыналар: жүйелілік, тұлғаға бағытталған, әрекеттілік, синергетикалық, контекстік қатынастар.

Мұғалімнің қазіргі білім беру технологияларына деген қатынастарын қалыптастырудың мазмұны мен әдістерін айқындау, олардың құндылықтарын тану, ұсынылған білімді таңдап алу мен қайта жасаудың көрініс табуын анықтау маңызды болып табылады. Мұның өзі субьектінің өмір сүруінің жетекші тәсілдерінің бірі ретіндегі маңызды, белсенді іс-әрекет арқылы ғана мүмкін болады.

Қарастырып отырған мәселе мектепте инновациялық білім беру технологияларын іске асыру бойынша мұғалім іс-әрекетінің мәні мен құрылымына негізделетіндіктен, оған талдау жасау инновациялық іс-әрекеттің құрылымын анықтауға мүмкіндік береді.

Жалпы «Инновация» термині ғылымға ХIХ ғасырда енді. ХХ ғасырдың екінші жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдісінің сатысы ретінде қаралып, оның негізгі элементтері атап көрсетілді: «жаңашыл», «жаңашылдық», «бағалаушылар». Үрдістің өзгермелі мерзімін қандай да бір жаңа енгізілімдерге сәйкес «бағалаушылардың» іс-әрекетіндегі өзгерістер құрайды.

Инновациялық динамика жаңа білімдердің техника немесе әлеуметтік шындыққа айналуының логикалық реттелген технологиясын танытып, жаңа білімнің тауар немесе қызмет көрсету үлгісіне айналу сатыларын білдіреді.

Педагогикалық инновациялардың феноменологиясы «инновациялық ағын» ұғымын енгізеді. Бұл ұғымға педагогикалық жаңалықтарға деген дұрыс қатынасын білдіретін мұғалімдердің түрлі сипаттағы қызметтері енеді. Жаңашыл педагог - жаңа педагогикалық жүйенің авторы, яғни өзара байланысты идеялар мен тиісті технологиялардың жиынтығының авторы.

Сонымен қатар зерттеушілердің, мұғалімдердің инновациялық - педагогикалық үрдісіне деген қатынасына әсер ететін басқа да факторларды атап өтуге болады.

Оларға мыналар жатады:

  • жаңалықтың мақсаты;
  • жаңалықты енгізу әдістемесі;
  • жаңалықтың мотивациясы;
  • мектепте жаңашылдықты бекіту;
  • қоғам талаптарын қанағаттандыру;
  • оның жұмыс нәтижесін арттыратынына көз жеткізу.

«Новация» ұғымы (латынша NOVUS-жаңа) біздің тарапымыздан жаңа енгізілім деп түсіндіріледі. Ғылыми әдебиетте «нововедение» деген орыс сөзі бір жүйеден екінші жағдайға ауыстыру, ендірілу ортасына жаңа тұрақты элементтер (жаңалықтар) әкелетін мақсатты бағытталған өзгеріс ретінде анықталады. Әрине, бұл жаңа енгізілім жаңаруымен байланысты. Алайда барлық жаңа нәрсе әр кезде дұрыс нәтиже бере бермейді. Оның себептері мынадай:

Біріншіден, жаңа нәрсе барлық кезде өзекті мәселелерді шешу құралы болып табылмайды. Шындығында, мұғалімдер мектеп атқаруы тиіс мәселелерді зерделемей, кейде оны бір жақты қарастырады.

Екіншіден, әрбір жаңа құрал толық бір нақты жағдайларда туындап, белгілі бір педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталады. Алайда көптеген ұстаздар құралдарды таңдау кезінде нақты жағдайға талдау жасауды басшылыққа алмастан, өздеріне ұнайтын нәрселерге ғана назар аударады.

Үшіншіден, ғалымдар жаңа бір нәрсені пайдаланушылардың санының ұлғаюы, оны меңгерудегі жаңа тәжірибиенің пайда болуы жаңалықтың нәтижелі болатын жағдайларын қатайта түсетіндігін бұрыннан байқаған. Сондықтан өзгермелі жағдайда жаңа құралдарды пайдалану дұрыс нәтиже беретіндігіне деген ішкі сенімділігі болған жағдайдың өзінде, ұстаздар, психологтар, әлеуметтанушылар тарапынан бақыланбайтын эксперименттік бақылау жүргізу қажет деп есептеу керек.

Ғылыми әдебиеттерде «жаңашылдық» немесе «жаңа құрал» ұғымдары бір-біріне синоним болып табылады да «инновация», «жаңа енгізілім» ұғымдары арқылы бір-бірінен ажыратылады.

Жаңашылдық - нағыз құрал (жаңа әдіс, әдістеме, технология, бағдарлама және т. б. ), ал инновация - осы құралды меңгеру үрдісі. Сауатты түрде таңдап алынған жаңашылдық барынша мүмкін дәрежеде жаңа енгізілімнің табысқа кенелуіне кепілдеме беруі тиіс. Жаңа енгізілген, жаңа құрал негізі болып қаланған нәрсе мектептің даму мәселелерін шешуге мүмкіндік берсе, ол сәтті деп саналады. Жаңашылдықты меңгерудегі сәтсіздіктер жаңа енгізілімнің бүкіл жақсы - жаман жақтарын қоса алғанда теріс тәжірибиені көрсетеді.

Инновациялық үрдіс - жаңалықты жасау (тудыру, әзірлеу) меңгеру, пайдалану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс-әрекет. Білім беру қызметінде орталық орынды иеленетін оқу-тәрбиелік үрдісін инновациялық тұрғыда қарастыруға болады. Өйткені оның мақсаты - жастарға тұлғаның жаңа қасиеттерін қалыптастыруда жаңа білімдер беру. Тұлғаны қалыптастыру мен байланысты жағдайларды зерттеуге деген қызығушылық мәселесі соңғы уақыттарда әлеуметтанушылардың да назарында тұр. Соңғы жылдары жинақталған педагогикалық білім, оның құрамындағы іргелі сипаттағы білім мен оны педагогикалық практикаға енгізу және пайдаланудың қиындығы арасындағы қайшылық ерекше күшейе түсуде. Бүгінгі жағдайда жаңа ғылыми, тәжірибиелік және практикалық білімді жасау үрдісі мен педагогикалық тәжірибиені зерттеу нәтижелерін меңгеру үрдісі арасында маңызды алшақтық пайда болды.

Педагогикалық инновациялық осындай байланысты іске асырып, педагогикада жаңалықтарды жасау, оларды меңгеру мен практика жүзінде қолдану үрдістерін біріктіретін инновациялық үрдістерге тән қызмет мөлшерлерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Аталған қайшылық инновациялық білімнің ерекше саласы ретінде педагогикалық инновцияны әзірлеу мәселесін айқындауға мәжбүр етті. Мұнда жаңаны құру мен оны практикада қолдану үрдістерін үйлесімді біріктіру жолдары көрсетілді. Бұл талдау педагогикада инновациялық үрдістер теориясын, инновациялық үрдістерді бейнелейтін жетекші категориялар мен қағидаларды және қоғамдағы инновациялық үрдістердің жалпы теориясының ерекше бөлімі ретіндегі педагогикалық - инновацияның құрамдас негіздерін терең түрде әзірлеу қажеттілігін көрсетіп берді.

Жалпы айтқанда, инновация ғылымының негізінде мына мәселелер айқындалады;

  1. Педагогикалық инновация ғылымы - білімнің ерекше саласы.
  2. Педагогикадағы инновациялық үрдістер - әдіснамалық зерттеулер пәні.
  3. Қазіргі педагогикадағы инновациялық үрдістерді әзірлеудің жетекші бағыттары.
  4. Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерді дамыту тенденциясы.
  5. Педагогикалық инновацияның құрамы, құрылымы мен функциялары.
  6. Педагогикада инновациялық үрдістерді іске асыруға қажетті шарттар.
  7. Педагогикада инновациялық үрдістерді ұйымдастыру мен іске асыру бойынша қызмет мөлшерлері.

Біздің тәжірибиеміз көрсеткеніндей, инновациялық прогресс процедуралар мен құралдардың жиынтығын танытады. Олардың көмегі арқылы ғылыми жаңалық, идея, әлеуметттік, оның ішінде білім берудегі жаңа енгізілімге айналады. Сөйтіп, идеялардың жаңа енгізілімге айналуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ осы үрдісті басқару жүйесін қалыптастыратын іс-әрекет- инновациялық іс-әрекет болып табылады.

Инновацялық іс-әрекет дәстүрлі іс-әрекеттен түбірлі түрде ерекшеленіп тұратын индивид. Индивид - іс-әрекеттің негізгі түрлерінің бірі. Ол барлық уақытта қарама-қайшылықтар болған жағдайда іске асырылады. Іс-әрекеттердің дәстүрлі модельдері тиімсіз болса, әрі қарай оның жетілдірілуі қажетті нәтиже бере қоймайды.

Инновациялар былай бөлінеді : Білім беру мазмұнындағы инновациялар, оқыту технологиясындағы инновациялар, білім беру жүйесінің тәрбиелеу функциясы саласындағы инновациялар, педагогикалық құралдар жүйесіндегі инновациялар.

Инновациялар мен бастамшыл (орталықтандырылмаған) жаңа енгізілімдердің қалыптасуы тұрғысынан білім беру жүйесіне жасалған талдап көрсеткеніндей, олардың пайда болуы әлеуметтік - мәдени салт - дәстүрлердің неғұрлым жалпы заңдарына бағынады. Жаңа «салт - дәстүрлік» ауысым алдыңғы салт - дәстүрлердің пайда болуына арналған барлық алғы шарттардың қалыптасу жағдайында ғана мүмкін болмақ.

Осыған орай инновациялық білім беру қызметін жобалаудың негізгі әдіснамалық қағидасын құруға болады. Оның мәні мынада: ең алдымен білімді басқару жүйесіндегі инновациялық сала элементтерінің пайда болу жағдайы, мүмкіндіктері және жүйелік қайшылықтары зерттеледі. Келесі кезекте инновациялық қатынас элементтерін талдау кезінде айқындалған тәжірибиені пайдалану кезінде инновациялық білім беру жүйелерінің дамыту жолдары негізделеді. [3]

1. 2 Жаңа педагогикалық технологияларды білім беру үрдісінде пайдалану

Өркениетті мемлекеттерде ұлттық білім жүйесін дүниежүзілік тенденциялармен байланысты жетілдіру процесі жүріп жатыр. Сапаны көтеруге, өз бетінше шығармашылық құзіреттілікті дамытудың іргелі білім жүйесінің тұтастығын жасауға негіз болатын тенденциялар қатарына мыналарды жатқызуға болады: үздіксіз білім беруге көшу, компетенцияға негізделген білім, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану, білім берудің ашықтығы, актуальдандырылуы, іргелі білім беру, білімді ізгілендіру, білім берудегі инновациялық әдістер.

Педагогикада білім беру мазмұны өте күрделі көп қырлы түсінікті білдіреді. Білім беру мазмұны дегеніміз - жеке тұлға қалыптастырудағы адам баласының іс-әрекет, тәсілдерді меңгеруі мен жүйелі білім алуы, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, ақыл-ойы мен сезімін дамыту, таным арқылы көзқарасын қалыптастыру.

Жалпы білім мазмұны, бір жағынан, оқу танымдық іс-әрекет, екінші жағынан, іс-әрекетті игерудің құралы болып табылады.

Қазіргі кезде мектептерде оқыту процесін ұйымдастырудың жаңа модельдерін жасау, оқыту технологияларының жекелеген элементтерін сабақта қолдану бағытында тың қадамдар жасалынуда. Мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндет - ол оқушыға тиянақты білім беру, білікті ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін мұғалімдер, әрине оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірибиелерінде қолдануы керек. Жеке тұлғаны талантты, жаңалыққа жаны құмар етіп шығару үшін мұғалім оқытудың жаңаша әдістерін қолдану арқылы оқушының сабаққа деген белсенділігін, шығармашылық ізденісін, пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады. [4]

«Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «жаңалықты енгізу», «жаңашылдық» деген ұғымды білдіреді. Инновациялық процестің толық түсінігін ХХ ғасырдың басында экономист И. Шумпетер экономикалық жүйенің дамуындағы өзгерудің «жаңа комбинациясын» талдады. Отызыншы жылдары И. Шумпетер, Г. Менш «инновация» терминін ғылымға енгізді. Себебі жаңа технологияның және заттың ғылыми тұтас жаңалығын ашты. Осы кезден бастап «инновация», «инновациялық процес», «инновациялық потенциал» терминдері жалпы ғылымдардың терминологиялық жүйесін байытты.

Инновацияның жалпы ғылыми түсінігі жүйе қызметінің тұтастай өзгеруін анықтайды. Ол -жүйе элементтерінің және әр түрлі сфералардың сапалық пен сандық өзгеруі. [5]

Іс - әрекеттер түріне бейімделген құзіреттіліктер - арнайы оқу іс-әрекетінде ойландыру нәтижесінде пайда болған, өз бетімен ұйымдастырылған білім мен іскерлік мұнда оқушы уақытқа байланысты өзінің даралық білім берушілік іс-әрекетін ретке келтіруіне мүмкіндік алады. Мұғалім оқушылардың ынтасын, бейімділігі, қызығушылығы мен құзіреттілігін анықтап, іс-әрекеттер барысында қандай өзгерістердің болғанын байқау керек, яғни әртүрлі ситуацияға бейімделуіне ықпал етуші ретінде мүмкіндік туғызатын құзіреттіліктер жиынтығын дамыту және қалыптастыру, оқушылардың бірге атқаратын жұмыстарын ынталандыру қажет.

Жаңа технология бойынша оқыту құралдары да оқушылардың өздігінен танымдық іс-ірекетін жүргізе алатындай болуы қажет. Оқулықтағы теориялық және практикалық материалдардың берілу жолдары осы мақсатты қанағаттандыра алатындай, оқушылардың өз бетімен білім алуына бейімделіп жасалуы осы мүмкіндіктерді жүзеге асырады.

Оқытудың басты мақсаты өздігінен білім алып дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, тақырып бойынша материалдардың берілуі осы мақсаттың орындалуына сай келетіндей болуы керек. Ұстаздың міндеті - баланың бойындағы алға жылжуға деген тілегін ескере отырып, шығармашылығын жетілдіру.

Қазіргі уақыт талабына сәйкес мұғалім - педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін меңгерген, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылып отыратын, рухани дамыған, әлеуметтік жағынан жетілген шығармашыл тұлға. Оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, жүзеге асыруда қолданылатын инновациялар мен жаңа технологиялардың пәрменін осы міндеттерді ойдағыдай орындау барысында пайдалану қажет деп есептеймін. [6]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі
География сабақтарында инновациялық технологияларды пайдаланудың ғылыми негіздері
География
Географияны оқытудағы инновациялық технологияларға сипаттама бере отырып оқушылардың шығармашылық әрекетінің тәжірбиесін қалыптастырып, географияны оқытудың нәтижелігін көтеру
Деңгейлеп - саралап оқыту технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері
Қазақстанның физикалық географиясын оқытуда елжандылыққа тәрбиелеу әдістері
Оқу-әдістемелік кешен “Сулы жүйелер географиясы” пәні бойынша
ГЕОГРАФИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
Оқушылардың білімін бағалау
Географияны оқыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz