Жалпы білім беретін мектептерде өлкетану материалдарының географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардағы ғылыми – педагогикалық негіздерін айқындау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың ерекшелігі . . . 5
1. 1Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың мазмұны және оларға қойылатын талаптар . . . 5
- Сыныптан тыс жұмыстардың әдістеріне сипаттама . . . 16
2. Өлкетану материалдарын сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда қолдану . . . 23
2. 1 Өлкетану материалдарының қазіргі мектептерде қолданылу ерекшеліктері . . . 23
2. 2 Өлкетану материалдарын географиялық факультативтерде және географиялық викториналар мен ойындарда қолдану . . . 28
2. 3 География апталығындағы өлкетану материалдарын қолдану ерекшеліктері . . . 32
2. 4 Географиялық кештер және географиялық экскурсиялардағы өлкетану материалдары . . . 34
2. 5 Географиялық соқпақтар мен жорықтарда қолданылатын өлкетану материалдары . . . 44
2. 6 Географиялық үйірмелердегі өлкетанулық материалдардың қолданылуы . . . 48
3. Өлкетану материалдарын сыныптан тыс жұмыстарда қолдану үлгілері . . . 57
3. 1 Өлкетану сабақтарында туған жер тұлғаларымен танысу (географиялық кеш) . . . 57
3. 2 Біз - табиғат қорғаны (топсеруен) … . . . 61
3. 3 Сулы жер - нулы жер (факультатив сабақ) . . . 62
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 67
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Жалпы білім беретін және кәсіби мектептердің реформалары олардың оқу - тәрбиелеу жұмыстарының сапасын көтеруге арналған. Осыған байланысты географиядан сыныптан тыс жұмыстардың да сапасын үнемі арттырып отыру қажет. Оның ішінде өлкетану материалдарының сыныптан тыс жұмыстарда қолданылуының маңызы зор. Қазіргі талап деңгейіне сай мектептерде оқу-тәрбие үрдісі арқылы оқушыларға терең білім берумен қатар, өлкетанулық мәдениетті қалыптастыру мақсат. Мектептегі өлкетану жұмысының түрлері жан - жақты өркендеп келеді. Мәселен, оған фенологиялық, метеорологиялық бақылаулар, туған өлкенің, ауданның, кәсіпорынның тарихын білу, этнографиялық әрі фольклорлық материалдарды жинастыру, өсімдік, жануарлар дүниесі мен пайдалы қазбаларды оқып үйрену, зерттеу, өлкетану музейлерін ұйымдастыру, т. б. көптеген жұмыстар жатады. Өлкетану жұмысының педагогикалық әрі практикалық маңызы зор. Өлкенің өткендегісі мен қазіргі дамуын салыстыра келе оқушылар оның бұл кездегі бейнесін жан-жақты сипаттай отырып, халқымыздың еңбегіне сүйсінеді. Өлкетану - жергілікті бар күштермен белгілі бір шектелген территорияны (аудан, облыс, өлке) оқып үйрену. Оған сол жердің жергілікті табиғатын, шикізат ресурстарын, шаруашылығын, тарихын, халқын, тұрмысы мен мәдениетін зерттеу де кіреді. Ол негізінен қоғамдық бастама ретінде өлке сүюшілердің жәрдемімен жүргізіледі. Әсіресе, мектептегі өлкетану жұмысының көпшілік сипаты бар. Сабақ барысында ғылым негіздерін оқыту кезінде мұғалімдер өлкетану материалдарын жергілікті жерден, өндірістік және қоғамдық практикадан таңдап алып, оларды бағдарлама материалына сай ғылыми тұрғыдан түсіндіріп береді. Оқушылар өз өлкесі жөніндегі білім қорын меңгеруді алғаш рет мектеп табалдырығын аттаудан бастайды. Сондықтан өлкетану материалдарын мектепте оқытудың маңызы зор.
Дипломдық жұмыстың мақсаты : Жалпы білім беретін мектептерде өлкетану материалдарының географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардағы ғылыми - педагогикалық негіздерін айқындап, іс - тәжірибеде тиімді пайдаланып, іске асыру, сабақ сапасын көтеру түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, іздену, таным деңгейін көтеру негізінде сабақта өлкетану материалдарын кеңінен қолдана отырып білім беру.
Дипломдық жұмыстың міндеттері :
- Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың ерекшелігін анықтау;
- Өлкетану материалдарының қазіргі мектептерде қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру;
- Өлкетану материалдарын географиялық факультативтерде және географиялық викториналар мен ойындарда қолдануын анықтау;
- География апталығындағы өлкетану материалдарын қолдану ерекшеліктерімен танысу;
- Географиялық кештер және географиялық экскурсиялардағы өлкетану материалдарымен танысу;
- Географиялық соқпақтар мен жорықтарда қолданылатын өлкетану материалдарына сипаттама беру;
- Географиялық үйірмелердегі өлкетанулық материалдардың қолданылуының ерекшеліктерін анықтау.
Ғылыми жаңалығы: Өлкетану материалдарын сыныптан тыс жұмыстарда қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Жұмыстың теориялық негізі: Тақырыптың мазмұнын ашу үшін бірнеше авторлық ғылыми жұмыстар, баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалар, сонымен қатар интернет желілеріндегі берілген материалдар, статистикалық мәліметтер қолданылды. Атап айтқанда, және т. б. ғалымдардың еңбектері зор үлестерін қосты. Сонымен қатар «География және табиғат», «Қазақстан мектебі», «География және экология», «География в школе» журналдарынан мақалалар, интернет желісіндегі http://www. google. kz/ сайттары қолданылды.
Зерттеу әдісі: Тарихи, топтау, жүйелеу және салыстырмалы әдіс.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс үш тараудан,
11 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың ерекшелігі
1. 1 Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың мазмұны және оларға қойылатын талаптар
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың сұраныстары мен жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылады, өткізіледі. Ол мектеп оқушыларына өзінің белсенділігін және өз бетімен жұмыс істеуге, ал мұғалімдерге оқушылар қызығушылықтарын қоғамдық пайдалы жұмыстарға бағыттауға мүмкіндік береді.
Жалпы білім беретін және кәсіби мектептердің реформалары олардың оқу - тәрбиелеу жұмыстарының сапасын көтеруге арналған. Осыған байланысты географиядан сыныптан тыс жұмыстардың да сапасын үнемі арттырып отыру қажет.
Сабақтағы географиядан оқу жұмыстары, оны толық және жеке бөлімдері мен курстары бойынша, оқушылардың пәнді зерттеудегі танымдық қызығушылығын толықтай қанағаттандырмайды. Пәнді зерттеуде уақыттың шектелуіне байланысты география сабақтарында мектеп оқушылары география ғылымдарының кең шеңберінен тек негізгі білімдерді ғана алады.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыра, география білімінің бағдарламасын нақтылай және тереңдете отырып, мұғалім оларды географиядан сыныптан тыс жұмыстарға қатысуға тартады.
Оқушылардың қазіргі заманға сай географиялық зерттеулер әдістері және географияға кіретін ғылым әдістерімен танысу, әр түрлі құралдар - жабдықтармен жұмыс істей алуы олардың ізденушілік және зерттеушілік жұмыстарға қызығушылығын арттырады.
Оқушыларды тәрбиелеу және оқыту тиімділігін көтерудің күрделі де көпқырлы үрдісінде оқу мен сыныптан тыс жұмыстардың органикалық бірлігі мен тығыз әрекеттестігі маңызды роль атқарады.
География пәнінің мұғалімдері қашанда өз пәнінен міндетті білімдер шеңберін сыныптан тыс жұмыстар арқылы кеңейту ұмтылысымен ерекшеленетін.
Сыныптан тыс жұмыстардың ең негізгі мақсаты - оқушылардың жан - жақты және үйлесімді дамуын қамтамасыз ету. Бұл талап тәрбиелеудің негізгі идеясына, яғни өзінде діни байлық, иманды тазалық және физикалық мүлтіксіздікті үйлесімді байланыстыратын адамды тәрбиелеу. Сонымен қатар, географиядан сыныптан тыс жұмыстар мынадай мақсаттарды көздейді:
- әрбір оқушы өзін табиғи және әлеуметтік ортада ұстай алуына, үздіксіз білім алуына, өзінің қабілеттерін барынша көрсетуге жағдай жасау;
- оқушыларды табиғатты түсінуге, оны қорғауға, мәпелеуге баулу;
- өзінің өлкесі: оның табиғаты, шаруашылығы, экономикасы, мәдениеті туралы білімдерін тереңдету;
- оқушылардың қоршаған орта және ел шаруашылығының орналасуы туралы ойын дамыту;
- географияны оқуға қызығушылығын қалыптастыру.
Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың білімдік және тәрбиелік міндеттері пәнді оқытудың жалпы мақсат - міндеттерімен анықталады. [1]
Географиядан сыныптан тыс жұмыстардың ең маңызды міндеті болып, оқушыларда өзара түсіністік, достық, ұжыммен жұмыс істеу сияқты жеке тұлғалық қылықтар қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар мынадай міндеттерді орындайды:
- оқушыларды қоғам мен табиғаттың әр қырын көрсететін қызықты жаңа фактілермен, түсініктердің бай түрімен қамтамасыз ету;
- оқушылардың географиялық ойын қалыптастыру;
- әрбір адам мәдениетінің маңызды құрамы - географиялық, картографиялық, геоэкологиялық және әлеуметтік - экономикалық сауаттылығын қалыптастыру;
- оқушылардың географиялық білімдерін дамытып, оқу іс - әрекетінде белсенділіктерін арттыру, яғни бағдарлама бойынша берілген материалдарды тез меңгеруіне көмектесуі;
- сыныптан тыс жұмыстарды өткізу және оған дайындық барысында оқушылардың бақылау жүргізуіне, қарапайым тәжірибелер қоя білуіне мүмкіндік беруі;
- география мазмұнын тереңдету және кеңейту;
- мектептегі географияны өмірмен байланыстыру;
- оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту;
- әрбір оқушыға дифференциалды жол табу;
- оқушыларды кәсіби бағдарлау;
- географиялық мәліметтер алынатын көздерді дұрыс пайдалана білу дағдысын дамыту;
- сыныптан тыс жұмыстар сарамандық үрдісте оқушылардың іскерлігін арттыру бағытында жүргізілетіндіктен, географиялық білім мен тәрбие
беруде оларды табиғатты аялауға, қорғауға, имандылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Географиядан сыныптан тыс жұмыстар білім берудің ең маңызды мәселелердің бірі - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ынталандырылуына педагогикалық жағдайлар жасау мәселесін шешеді. Сонымен қатар, пәннен жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстардың міндеті - оқушылардың география ғылымына қызығушылығын арттыру. Географияға танымдық қызығушылықты дамыту сыныптан тыс жұмыстар негізінде тартымды әдістер қатыстыру, ғылымның маңызды жетістіктерімен таныстыру, табиғатқа және өндіріске экскурсиялар ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі. [2]
Туған өлке, оның табиғаты және экономикасы туралы білімін тереңдетуге арналған географиядан тыс жұмыстардың да мүмкіндіктері де өте үлкен. Бұл оқушылардың ұлтжандық сезімдерін дамыту, шаруашылықта өзіңнің туған өлкеңнің байлығын үнемді қолдана алу маңыздылығын түсіндіру, оның табиғи ескерткіштерін, тарихын және мәдениетін қорғауға үйретеді.
Табиғаттың сұлулығын бақылай отырып, оқушыларда эстетикалық қөзқарастар, табиғатқа деген адамгершілік қарым - қатынасы, табиғатпен бірлікте өмір сүру қалауы оянады.
Жергілікті құжаттарды, географиялық білім көздерін зерттей отырып, оқушыларда өзінің Отаны үшін намысы оянып, ұлтжандылық сезім қалыптасады.
Сыныптан тыс жұмыстар мектеп пен өмірдің, теориялық мәліметтердің практикамен байланысын жүзеге асыруға себеп болады. Ол мектеп оқушыларының кәсіби және еңбекке дайындығын жүзеге асыруға көмектеседі. Бұл үйірмеге қатысушылардың ғылыми зерттеулер, маңызды практикалық мерекелер мен іс - шаралар өткізу, тәжірибелер мен эксперименттер қою, яғни қоршаған орта табиғатын көріктендіру, қорғау, зерттеулерінде үйірме мүшелерінің теориялық және практикалық жетістіктерге жетуі сияқты жолдармен жүзеге асады.
Географиядан білімдерін тереңдетуге және бірқатар біліктерді игеруге бағытталған бұл жұмыстар сонымен қатар, оқушылардың ой - өрісін дамытып, олардың мәдени деңгейін көтеріп, өзіне ұнайтын жұмысты анықтауға мүмкіндіктерді кеңейтеді.
Географиядан сыныптан тыс жұмыстар сабақпен өте тығыз байланысты болады. Педагогтардың зерттеулері бойынша, оқу шығармашылығына қызығушылық оқушылардың берілген пәннен жаңаны тереңінен тану ұмтылысымен сипатталатын танымдық қызығушылығын арттырады.
Географиядан сыныптан тыс жұмыстар белгілі бір ұжым шығармашылығымен байланысты. Бірлескен жұмыс, бірлескен еңбек және өзіңнің достарыңның еңбегінің құндылығын тану оқушыларда тәртіп, достық, өзара көмек көрсету сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Сондықтан географиядан сыныптан тыс жұмыстардың маңызы мектеп оқушыларының ой - өрісін дамыту, пәннен білімдерін тереңдету және оларды болашақ кәсіби жұмыстарға дайындаумен ғана шектелмей, өз бетімен жұмыс жасау, нысаналы, мақсатты болу, өзінің шығармашылығын, болашағын дұрыс ұйымдастыра алу сияқты жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуында үлкен роль атқарады.
Географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар сабақта алған географиялық білім мен дағдыларды тереңдететін болғандықтан, оқу жұмыстарымен өте тығыз байланысты. Географиядан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстарға сабаққа қарағанда, тек география пәніне қызығушылығын білдіретін оқушылар ғана қатысады. Сыныптан тыс жұмыстар мектептен тыс жұмыстармен де тығыз байланысты. Бұл байланыс берілген іс - шараның өткізу формасы, мазмұны, әдістері арқылы жүзеге асырылады. Мектептен тыс жұмыстардың сыныптан тыс жұмыстардан айырмашылығы, ең алдымен, мектептен тыс ұйымдардың: шығармашылық үйлер және жас туристтер станциялар және тағы басқалардың күшімен ұйымдастырылуында. Сонымен қатар, бұл жұмыстарға әр мектептен әр түрлі жастағы оқушылар қатысады. Бүкіл сыныптан тыс жұмыстар белгілі мектеп оқушыларының қызығушылығын ескерген мұғалім ынтасымен құрылады. Ал мектептен тыс мекемелер өздерінің үйірме, секция, клуб, қоғамдарын ағарту министірлігі бекіткен бағдарлама негізінде жасайды. Бұл бағдарламалар сыныптан тыс жұмыстарды да пайдаланылуы мүмкін.
Жалпы білім беретін мектептердің оқу - тәрбиелеу үрдісінде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы үздіксіз өсуде. Себебі, ол теориялық білімнің өмірмен, практикамен тығыз байланысуына, ұштасуына себеп болып, оқушылардың кәсіби қызығушылықтарын қалыптастырады. Ғылымды зерттеуде сыныптан тыс жұмыстардың әр түрлі формалары арқылы тереңдетілген ұмтылысты жүзеге асыру, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімін толықтыруға тұрақты қызығушылықты өндіру, жұмыс істеуге, географиялық мәліметтердің әркелкі көздерімен өз бетімен жұмыс істеуге үйретуге мүмкіндік береді. [3]
Сыныптан тыс жұмыстар көбінесе берілген пән бағдарламасы мазмұнымен анықталады.
Сыныптан тыс жұмыстарда негізгі екі бағытты бөліп қарастыруға болады:
- оқушылардың үлкен қызығушылығын тудыратын, оқу - тәрбиелік маңызы бар, мектеп курсы мазмұнының негізгі сұрақтарын тереңдету;
- сыныпта жүргізілетін мәліметтердің әр түрлі көздерімен жұмыс істеу, құралдарды қолдану, жергілікті жерде практикалық жұмыс өткізу барысында зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.
Осы екі бағытта да кеңінен өлкетану мәліметтер қолданылатынын айта кеткен жөн. Мұнда оқушылардың өз бетімен білім алып, оларды практикада қолдана алуға дағдысы дамиды. Географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың ерекшелігі - оның әр түрлі мектеп пәндерімен: биология, тарих, химия, әдебиет тағы басқаларымен байланысы болып табылады. Сыныптан тыс жұмыстарда пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру - тұлғаның жан - жақты дамыту мақсатындағы жалпылықты айқындайтын мазмұны мен ұйымдастырушылық формаларының байланысына, тұтастылығына, кешенділігіне алып келеді. Бірнеше тәрбиелік міндеттерді шешетін ірі іс - шаралар базасында сыныптан тыс жұмыстар формалары мен әдістердің байланысы оқушыларда бірегей дүниетанымдық идеяларды қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар, шығармашылық деңгейде пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру жалпы білімдік дағдыларды қалыптастыру, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін көтеретін, іс - әрекеттердің әдістерімен оқушыларды қаруландыру міндетін шешеді.
Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстардағы өз бетімен жұмыс жасау үлесі едәуір болуы керек, бірақ сыныптан тыс жұмыстарды сабақтың жалғасына айналдырмау үшін, ұйымдастыру әдістері мен формаларының алуан түрлілігімен қамтамасыз ету қажет. [4]
Сыныптан тыс жұмыстар педагогтармен оқушылар үшін міндетті емес, олардың қызығушылықтары мен шығармашылықтары негізінде сабақтан тыс уақытында құрылатын әрекет ретінде анықталады.
Сыныптан тыс жұмыстар құралатын ұстанымдарды: мектеп оқушылары және олардың жетекшісінде қызығушылықтың болуы, өз бетімен жұмыс істеу, бастама, оқушылардың шығармашылық белсенділігін айқындауға болады. Сондықтан сыныптан тыс жұмыстарда мынадай талаптар басшылыққа алынады.
Сыныптан тыс жұмыстар мектепте өткізілетін теориялық білімдер, практикалық жұмыстар және қызықты іс - шаралардың үйлесімді болуы көп нәтиже береді.
Географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарда келесі педагогикалық талаптарды қадағалау маңызды:
- сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне қарай оқушыларды қатыстыру тек қана ерікті болуы тиіс;
- сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлерін анықтағанда оқушылардың ынта - ықыласына, талабына, бейім - қабілеттері мен құштарлығына сүйенген жөн;
- қоғамдық пайдалы жұмыстарға бағытталуы;
- кәсіби бағыттылық;
- экологиялық бағыттылық;
- өлкетану бағыты;
- сыныптан тыс жұмыстардың формалары мен мазмұнының қазіргі заманға сай болуы;
- оқушылардың қызығушылықтарын, жастық және жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескерілуі;
- сыныптан тыс жұмыстардың үздіксіз дамуы, жүйелілігі;
Бұл жұмыстар нәтижелі болуы үшін нақтылы белгіленген күні, мерзімі және айқын белгіленген кестесі болуы қажет. [5]
Географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың қоғамдық пайдалы жұмыстар бағыты мұғалімнен ырғақтылықты, яғни оқушылар бейімділіктері және жеке қызығушылықтарының қанағаттануын қамтамасыз ететін, балалардың өзін - өзі басқаруы мен мұғалімнің жетекшілігін үйлестіруін талап етеді. Қоғамдық пайдалы жұмыстар оқушылардың ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер өткізу, нақты бір ғылыми объектіні қорғау жұмыстарын жүргізу сияқты жолдармен жүзеге асады.
Оқушылардың кәсіби бағыттылығы географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың ең маңызды бөлігі болып табылады. Оқушылардың кәсіби бағдары - ең алдымен, тұлғаның қабілеттері мен талаптарының қоғам қызығушылықтарымен үйлесімді болуы.
Оқушыларды кәсіби бағдарлауда географиялық үйірмелер мен факультативтердің маңызы зор. Олардың кәсіби бағдарлау мақсатындағы жұмыстары қоғамдық пайдалы сипаттағы тапсырмалармен сүйемелденіп, зерттеушілік бағытта болуы керек.
Географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың ең тиімді формалары деп әр түрлі мамандықтарға арналған конференциялар өткізу, тақырыптық лекциялар ұйымдастыру болып табылады.
Кәсіби бағдарлау мақсатында география кабинеттерінде географиямен байланысты кәсіптер және география білімдері мен дағдылары қажет арнайы бұрыштар мен витриналар ұйымдастырады.
Қазіргі заманғы география мазмұнының ерекшеліктеріне сай сыныптан тыс жұмыстарына өлкетанулық бағыттылық сияқты талап анықталады. Бұл табиғат тұтастылығы, табиғат компоненттерінің өзара тәуелді, өзара байланысты болуы, табиғатта өзін ұстаудың қарапайым дағдыларын қалыптасыру, адам әрекетінің қоршаған ортаға деген әсерінің нәтижелерін бағалауға үйрету туралы білім негіздерінен құралған, оқушылардың табиғатқа жауапты іс - әрекетін қалыптастырумен байланысты. Табиғат пен адамның байланысын географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарда ашу жаһанды, аймақтық және жергілікті ( локальді ) деңгейлерінде қарастырылады.
Географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарға ең маңызды талап, оның формалары мен мазмұнының қазіргі заманға сай келуі болып табылады. Пәннен сыныптан тыс жұмыстар барлық жаңашылдықты: туған өлкенің өндірісте жеткен нәтижелері және экономиканы дамытудағы жаңа бағыттарды бейнелеп, көрсетуі қажет.
Сыныптан тыс жұмыстардың табыстылығында мұғалім қызығушылықтары мен ой санасы маңызды роль атқарады. Сыныптан тыс жұмыстарда пікірталас, конференциялар, іскер ойындар сияқты белсенді әдістер мен формаларды қолдану қажет. Өйткені, тек осы ойындар ғана пікірмен белсенді алмасуды ұйымдастырып, пікірді бағалау, өз көзқарасын қорғай алуды қалыптастыруға себеп болып, оны дамытуға мүмкіндік береді. Белсенді формаларды таңдау оқушылардың психологиялық, жастық және физиологиялық мүмкіндіктерімен байланысты.
Оқушылардың жеке қызығушылықтары мен жастық ерекшеліктерін ескерудегі талапты қадағалауда ең маңызды сәт - ойын формаларын кеңінен таңдау болып есептеледі. Белгілі психолог Б. Г. Ананьевтің зерттеулеріне сүйенсек, ойынды « бала психологиясы облысындағы көп мамандар, өмірінің бірінші жылынан жүйелі білім алу жасына дейінгі бала үшін ғана ерекше жастық формасына айналдырған. Сонымен қатар, ойында, іс - әрекеттің ерекше формасы ретінде, адам өмірінің барлық кезеңдерін қамтитын өзінің даму тарихы бар. Оның жас өспірімдік, бозбалалық, жастық және ересек, тіпті, егде жастарда әр түрлі көріністері бар». Ойын айқын белгіленген шынайы жағдайларда нақты қимылдау дағдыларын қалыптастыру мен толықтыруға мүмкіндік береді. Ойынның негізінде оқушылардың білімдері, дағдылары қалыптасады. [6]
Географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарға қойылатын келесі талап - педагогикалық жетекшіліктің баланың өз бетімен жұмыс істеуі және қалауымен ұштасуы. Бұл талап әр оқушыға жеке жол табу географиядан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың қоғамдық пайдалы бағыттылығымен байланысты болып, осылардан жасалған болады.
Географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарға оқушылардың тартылып, шақырылуының негізі, тек эпизодтық қызығушылық емес, оқушылардың танымдық ұмтылыстары болғаны қажет. Сондықтан, сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың танымдылығын қанағаттандырып, оқушылардың қызығушылықтарын ескеріп, олардың еріктік қасиеттерінің көрінуін талап ететіндей ұйымдастырып, өткізу керек. Бұл оқушылардың географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарға өз бетімен қатысуға алып келеді.
Географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда қойылатын талаптардың бірі - жүйелілік болып табылады. Жүйелілік ұйымдастыру әдістері мен мазмұнының формасы мектеп әдеттеріне сай географиядан сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлаумен қамтамасыз етеді.
Географиядан сыныптан тыс жұмыстарды өткізу географиядан сыныптан тыс жұмыстардың үздіксіз даму талабын ескеру қажет. Мысалы, кіші сынып оқушыларының үйірмелік шығармашылық әрекеті жоғары сынып оқушыларының факультативтік сабақтар мен клубтық жұмыстарға айналады.
Географиядан сыныптан жұмыстардың дамуы мұғалімнен тұрақты шығармашылық пен сабақтардың қарапайым түрлерінен күрделіге өтуді талап етеді. Сыныптан тыс жұмыстардың дамуы мен жүйелілігінің негізінде мұғалімнің оқушыларды білуі, әрбір нақты ұжымның қолынан келетін тапсырмаларды таңдау, мектеп оқушыларының жастық, жеке тұлғалық ерекшеліктері, қызығушылықтары мен бейімділіктерін ескере білуі жатады. [7]
Сыныптан тыс жұмыстардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне қойылатын жоғарыда аталған талаптардың барлығын қадағалау келесі деңгейлермен сипатталатын сыныптан тыс жұмыстардың жүйесінің құрылуына себеп болды:
I деңгей: Сыныптан тыс жұмыстарды географиядан алған білімдер мен дағдылардан кей кемшіліктерді жою үшін пайдалану. Бұл деңгейде сыныптан тыс жұмыстардың формалары негізінен мұғалімнің бастамасымен құрылып, өткізіледі. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауын ұйымдастыру репродуктивті деңгейде болады. Бұл берілген кезеңде сыныптан тыс жұмыс жүйесіз, эпизодты түрде жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz