Экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы


Мазмұны
Кіріспе . . .
1 Экологиялық тәрбие берудің сипаты мен маңызы . . .
1. 1 Экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы . . .
1. 2 Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаттары . . .
2 Мектепте экологиялық тәрбие беру мен оқыту жүйесі . . .
2. 1 Сыныптан және мектептен тыс экологиялық тәрбие жүйесіндегі қызмет . . .
2. 2 Экологиялық білім мен тәрбие берудің негізгі мәселелері . . .
3 Дипломдық жұмыс материалдарын география курсын оқыту барысында факультатив сабақтарында пайдалану . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
КІРІСПЕ
Табиғат - адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, кең дала барлығы да адам баласына ой салып, денесіне қуат, бойына күш, көңіліне шабыт береді. Жастарды экологиялық білім мен қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу, жалпы тұлғаның ой-өрісін дамытудағы педагогикалық бағыттардың бірі болып саналады.
Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама-қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, табиғи жүйенің өзін-өзі реттеп отыру ырқынынан шығып кетті.
Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ордасы. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сол себепті табиғатпен қоғам арасындағы қарым-қатыстың үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп-жетілуіне, ауадай қажет екендігіне жас ұрпақтың көзін жеткізу бүгінгі таңдағы мәселелердің бірі болып отыр.
Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ал, сол қоғам дамуына себепші - адам. Осы адам мен табиғат арасындағы жақындық болмай, еш даму, еш болашақ болмайды. Сондықтан, болашақ ел тізгінін ұстар, еліміздің ертеңгі иелеріне бүгінгі күннен бастап табиғат пен оның ерекшелігін, маңызын жанында қалыптастыру, яғни экологиялық тәрбие беру өте маңызды мәселе.
Экология - жас ғылым. Ол 200 жылдан аса ғана пайда болды. Экология «ойкос» деген грек сөзі, «үй, баспана» ұғымын білдіреді.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық және әдістемелік аспектілерін ашып көрсетуге арналған ғылыми жұмыстармен танымал ғалымдар А. С. Бейсенова, Я. И. Габев, А. Н. Захлебный, М. Ә. Құдайқұлов т. б айналысқан. Ал психологтар Л. С. Выготский, С. А. Рубинштейн, И. С. Кан, Е. М. Кудрявцева, Қ. Жарықбаев өз еңбектерінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы, қоршаған ортамен қарым-қатынаста психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады деген тұжырым айтады. Табиғат арқылы экологиялық тәрбие берудің негізі, жас ұрпақ үшін маңыздылығы, табиғат сұлулығына қатысты. Эстетикалық қатынас, экологиялық аспектідегі адамгершілік қатынас қалыптасады.
Экологиялық тәрбиелілік ұғымы біздің қоғамымыздың, оның әрбір мүшесінің рухани және материалдық өмірінің барлық салаларын қамтып, қоршаған табиғи ортаны қорғау мен көркейту секілді адам өміріне, оның жан-жақты дамып жетілуіне қолайлы жағдай туғызатын ғылыми және практикалық іс-әрекеттер арқылы көрінісін табады. Өскелең ұрпақтың экологиялық тәрбиелілігін қалыптастыру білім беру жүйесінің тұрақты бөлігіне айналып, мектептің білім беру мазмұнына қоғам мен табиғат өзара әрекеті жайлы білімдер жүйесі, экологиялық құндылық бағдарлар, табиғатпен қатынастығы ережелер мен шектеулер жүйесі, табиғатты қорғауға қатысты дағдылар мен біліктілік секілді белді элементтер ендірілген жағдайда ғана жүзеге асады.
Зерттеу проблемасының өзектілігі:
Оқушыларға географиядан экологиялық білім мен тәрбие берудің аса маңыздылығы бұл қоғамдық талаптардан туындап отырған мәселе. Өзге емес, дәл қазіргі жағдайда еліміз экологиялық аса қауіпті аймақтармен әлем назарына ілігіп отыр.
Пән ретінде географияны оқытудың бағдарламасы адам өмірінің барлық салаларын қамтитын мәтіндерден тұрса, экологиялық мәселелердің адам өмірінің барлық жағына әсер етуі, бұл пән арқылы жеке басты жан-жақты дамыту мақсатын шешудің бір қыры ретінде қарастырылатын экологиялық тәрбие беру мақсатын, пәннің мазмұнын пайдалана отырып экологиялық мәселелерді кеңінен талқылайтын практикалық мақсаттар арқылы шешуге мол мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие беруде басшылыққа алынуы тиісті принципттер, география пәнін оқытудың дидактикалық принциптеріне қайшы келмей, керісінше өзара байланыстылығымен, бірін-бірі толықтырып отыруымен сипатталады. Осы пән арқылы мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие беріп, олардың табиғат қорғауға бейімділігін шыңдауда көп жетістіктерге қол жеткізіп жас жеткіншектерге берілетін оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды ілгерілетуге өз үлесін қосады. Экологиялық жағдайдың күн өткен сайын күрделене түсуі азаматтардың сауатсыздығынан. Бүкіл дүниежүзілік мәселеге айналып отырған қоршаған ортаның тазалығы мен оны қорғаудың бірден-бір жолы - жас ұрпаққа мектеп қабырғасынан бастап экологиялық білім, тәрбие беру. Экологиялық зерттеу XV ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ал соңғы 10-15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеу адамның табиғатқа көзқарасының тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Жер бетінде өсімдіктер, жануарлар, өзен-көлдер, адамның жабайы, рақымсыз іс-әрекетінің нәтижесінде өздерінің бұрынғы табиғи тазалығын, сапасын жойып апатқа ұшырауда. Сондықтан қазіргі кезде табиғат атаулының түрлі жағдайларға ұшырауына байланысты, адамзат алдында ең күрделі мәселе етіп өзімізді қоршаған тіршілік ортасын жас ұрпаққа ластамай, көркейтіп, өркендетіп жеткізу болып отыр.
Мынау жарық дүниедегі түрлі өсімдіктер мен қыруар қызықтар, рухани рақаттар, таңғажайып тамашалар жер-ананың жүзінде өтіп жатады. Қасиетті Жер-ана алып Күнді айналып жүретін жеті ғаламшардың ең құдіреттісі. Өйткені өрнекті жер жүзінде тыныстайтын ауа, сусындайтын су, сәулеттендіретін сәуле, қайнаған өмір бар. Жер-ана бүкіл адамзатқа ортақ мерекелі мекен.
Аялы туған жеріміздегі жайнаған гүлдер, жайқалған шалғындар, теңіздей телегей ормандар, сылдыраған бұлақтар, керіліп жатқан кең дала аспанмен тірескен ақ басты таулар, жарық ай, жарқыраған жұлдыздар, көк мөлдір аспан, күлімдеген Күн-ана өміріміздің тірегі, қызығы, рахаты. Туған жердің әрбір тасына дейін қасиетті, киелі, әулие. Сондықтан сол құдіретті мекенімізді сүйе білмесек, адамдығымызға сын.
Сыныпта гүл өсіру, табиғат мүйісін ұйымдастырып, еңбектеніп, қызығын көру әрбір жастың ықыласты іс-әрекеті басын қалыптастыруға тиіс. Мектептегі табиғатты қорғаушылар клубтары мен үйірмелері жер-ана жүзіндегі жеткілікті қызықтардың рахатын көруге әрбір оқушыны бейімдей білетіндей болуы қажет. Ата-бабамыздың аялап келген, кереметтерге толы туған жердің топырағын тыңайтып, суын тұнықтап, өсімдігін өркендету - әрбір адамның қастерлі борышы.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Оқушыларға географиядан экологиялық тәрбие беру жолдары.
Зерттеу жұмысының мақсаты: мектепте географияны оқыту арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беруді ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеп, география пәнінен ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесінде экологиялық тәрбие берудің мазмұнын және әдістемесін ұсыну.
Зерттеудің нысанасы: мектептердегі экологиялық тәрбие беру үрдісі.
Зерттеудің заты: мектепте география сабақтарында, сабақтан және мектептен тыс жұмыстар барысында экологиялық тәрбие берудің мазмұны және әдістемесі.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Өмірде және нақты еңбек іс - әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу міндеттерін айқындау.
- Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу жолдарын зерттеу.
- Әрбір мектепке экологиялық білім мен тәрбие қоғамын ұйымдастыру, аймақтық табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу шарттарын көрсету.
Зерттеудің тәжірибелі маңыздылығы: балалардың табиғаттың біртұтастығы туралы түсінігін кеңейту, дүниетанымының ғылыми көзқарасының қалыптасуына жағдай жасау, баланың жан дүниесіне білімқұмарлықтың, талаптылықтың нәрін себу, табиғатқа деген тұрақты қызығушылығын, табиғат құбылыстарын зерттей білуге ынтасын қалыптастыру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тарау, төрт бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Экологиялық тәрбие берудің сипаты мен маңызы
1. 1 Экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы
Экологиялық тәрбие деп адамның қоршаған табиғи ортаға саналы, табиғатқа ұқыпты түрде қарап, оның байлықтарын үлкен парасаттылықпен пайдаланатын, табиғи ресурстарды байыта түсудің қажетігін түсінетін, табиғатты қорғауға белсене қатысатын көзқарасты қалыптастыруды айтамыз.
Экологиялық тәрбие беру мәселесі барынша күрделі, сан қырлы және өте маңызды болғандықтан, соңғы кездері философтардың, педагогтардың және психологтардың назарын аударып отыр.
Адам мен табиғаттың өзара қатынасындағы пайда болған қарама-қайшылықты жою қажеттігі қазіргі кезде бүкіл адамзатты байыпты ойлануға мәжбүр етуде.
Бүкіл әлемдік экологиялық мәселені шешуге үлес қосу ғылым мен техниканың міндеттері ғана болып қоймай, сонымен бірге педагогика мен мектептің де басты және игілікті борышына айналуда.
Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің басты міндеттері мен өрісін белгілеуде академик И. Д. Зверев еңбектерінің орны ерекше. Ол: «Экологиялық тәрбиенің мақсаты ғылыми білім жүйелерін, көзқарас пен сенімдерді, адамгершілік нормаларына сәйкес қоршаған ортаның хал-жағдайына азаматтық белсенді қатынастарды қамтамасыз ету болып табылады», - дей отырып, оның педагогика теориясы мен практикасындағы жаңа сала екендігіне баса назар аударды.
Ғалымдардың негізгі бөлігі экологиялық тәрбие берудің нәтижесін жеке адамның іс-әрекетінде байқалатын, қоршаған ортаның жай-күйіне деген моральдық жауапкершіліктің белгілі деңгейінің қалыптасуы, экологиялық сенімі мен мәдениетінің болуы, табиғатқа қарым-қатынасындағы мұраты мен этикасының қалануы деп атайды.
Профессор А. Н. Захлебный жалпы білім беретін орта мектепте экологиялық тәрбие жұмысында екі әлеуметтік мақсатқа жетуді ұсынды.
- Оқушылардың жеке мінез-құлқында және әртүрлі іс-әрекетінде табиғи ортаға жауапкершілік қатынас нормаларын сақтау қажеттігін тәрбиелеу.
- Қоршаған ортаны жақсарту мен қорғауда оны оқушылардың ұқыптылықпен пайдалану дағдысын, сонымен бірге табиғатқа ысырапшылдық сипаттағы барлық көрініске төзе алмайтындай қарым-қатынаста тәрбиелеу.
А. Н. Захлебныйдың болжаған мақсаттарына жету әр мектептің тәрбие жұмыстарының нәтижесі болуына септігін тигізеді. Оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беруді мемлекетаралық деңгейде қарастыру бүгінгі күні қарқынды дамуда.
Алғаш рет 1977 жылы Тбилиси қаласында ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары өткізген қоршаған ортаны қорғау проблемасына арналған үкіметаралық конференция орта және жоғары мектептерде барлық пәндер негізінде табиғат қорғау мәселелерін оқытуды ұсынды.
ЮНЕСКО-ның халықаралық деңгейдегі экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытып, жетілдірудегі алға қойған басты мақсаты - біртұтас білім беру жүйесінің негізінде адамзат денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп отырған ғаламдық экологиялық проблемалармен жас жеткіншектерді таныстыру, адам, қоғам және табиғат арасындағы өзара байланыс түсінігін қалыптастырудың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
Ал 1980 жылы Таллин қаласында өткізілген «Орта мектепте экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері» деген тақырыптағы Бүкілодақтық конференция орта мектепте қолданылып жүрген оқу бағдарламалары мен оқу құралдарының экологиялық білім мен тәрбие беру талаптарына сай емес екендігін атап көрсетті.
1980 жылдардың басында табиғат қорғауды оқыту мәселесімен айналасып жүрген ғалымдар экологиялық білім және тәрбие терминін ұсынып, оны ғылыми теориялық жағынан негіздеді. [20]
Қазақстан Республикасы географиялық жағынан Еуразияның орталағында орналасқан. Еліміздің Жер ресурстары экожүйесінің ауқымды көлемін далалы, шөл және шөлейтті жерлер құрайды. Ал, олардың табиғи-тарихи жағдайлары және қазіргі кездегі қалыптасып отырған экологиялық күйлері жұртшылықты ойландыруда.
Жердің ресурстық-шикізаттық жүйесін өндіруші және пайдаланушы кәсіпорындардың барынша ала берсем деген ниеті, халық шаруашылығы кешеніндегі өнеркәсіп аймақтарында қоршаған ортаға немқұрайлы қараушылық, әскери объектілердің экологиялық талаптарды сақтамауы т. б табиғат жүйелеріне және ол жерлерде тұратын халыққа тигізетін техногендік салмағы төтенше ауыр болып отыр.
Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері - аймақтық техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың селдіреуі, биологиялық әралуандықтың азаюы, тірі организмдердің генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттары белең алып айнала қоршаған ортаға зиянын тигізуде.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» - делінген.
Ата Заңымызда көрсетілген талаптарды іс жүзіне асыру мектептерде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесін дұрыс ұйымдастыруға байланысты екендгі баршамызға аян.
1991 жылы тамыз айынан бастап Республикамызда табиғат қорғау туралы жаңа Заң қабылданып күшіне енді.
Заң әр адамның өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы ортаның барынша қолайлы болуын қамтамасыз етіп, табиғатты қорғаудың әлеуметтік-экономикалық және теориялық негіздерін белгілеп берді. Ол мынандай тармақтардан тұрады:
- республикада халыққа экологиялық білім беру орындары табиғат қорғау жөнінен халықтың барлық топтарын қамтитын экологиялық мәдениет, тәрбие мен білім беру жүйесін жүзеге асыру;
- жалпыға бірдей үздіксіз экологиялық тәрбие мен білім берудің жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарында экологиялық жұмысты басқаратын маман кадрларды кәсіптік жағынан даярлау, олардың біліктігін арттырудың барлық мүмкіндіктерін жасау;
- жоғарғы оқу орындарында міндетті түрде экологиялық білім беру азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы қажетті экологиялық білім мазмұнын айқындау және оқу орындарының ұстаған бағдарына қарамастан, барлық жоғарғы және арнаулы оқу мекемелерінде экологиялық білім негіздерін міндетті түрде оқыту;
- арнаулы оқу орындарының бағытына сәйкес айналадағы ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөнінде арнайы курстар оқыту көзделеді.
Қазіргі кездегі мектептердің алдында тұрған міндеттерінің бірі - жас ұрпақтың экологиялық білім мен көзқарасын қалыптастыру, олардың табиғатты қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану және өмір сүрген ортасы мен еңбектенетін жерінде жоғары, саналы, экологиялық білімді пайдалана білетін білікті азамат ретінде тәрбиелеу. Нәтижесінде әрбір адамның экологиялық білім дәрежесі мен тәрбиесі орта мектепте қалыптасып, келешектегі өмірге деген көзқарасын анықтайды.
Соңғы кезде экологияны жеке ғылым ретінде емес, ғылымдардың жиынтығы тұрғысынан қарастырып жүр.
Шын мәнінде экологиялық мәселелерді жаратылыстану ғылымына енетін пәндердің барлығы қамтиды, бірақ олардың әрқайсысы өз ілімі саласынан зерттеп қарастырады.
Мысалы, биологиялық пәндер бойынша тірі организм және табиғат ортасы, биосфера туралы ілім, экожүйе, биоэкология қоршаған ортаның экологиялық дағдарысы туралы зерттейді.
Ал химия сабағында заттың атмосферадағы, табиғи су көздеріне әр түрлі минералды тыңайтқыштардың ықпалы, олардың ауылшаруашылығында қолдану нәтижесінде өнеркәсіп объектілерінің қалдықтары тазартылмай табиғи су көздеріне жіберілетінін қарастырса, физика сабағында радиоактивті заттар туралы мәлімет алады.
География сабағында географиялық қабатты тиімді пайдалану мен қорғау, географиялық орта мен геосистема, табиғи кешенде адамдардың шаруашылық қызметіне тигізетін әсерін зерттейді.
Табиғат қорғау Заңына байланысты елімізде жалпы білім беретін мектептердің мазмұндары тұжырымдамасында: «Жаратылыстану және техникалық пәндер мазмұнын экологиялық және әлеуметтік маңызы бар фактілермен толықтыру арқылы жас ұрпақтарға экологиялық тәрбие беру процесін жетілдіріп жүзеге асыру» - деп көрсетеді.
Осыған байланысты республикамыздың үздіксіз білім беру жүйесінде, яғни бала-бақшалардан бастап жоғары оқу орындарына дейін жан-жақты экологиялық білім беруді саналылықпен мақсатты түрде ұйымдастыруды міндеттейді.
Адам мен табиғаттың өзара қатынасындағы пайда болған экологиялық қарама-қайшылықты шешу қажеттілігі қазіргі кезде бүкіл прогресшіл адамзатты байыпты ойлануға итермелейді.
Бұл әлемдік проблеманы шешуге үлес қосу ғылым мен мектептердің де басты және игілікті борышына айналуда.
Ғасырлар бойы өзін табиғаттың қожасы, әміршісі ретінде сезініп келген адам бойындағы оған деген тұтынушылық, пайдакүнемдік қатынасын психологиялық тұрғыдан қайта құру қажеттігі туып отыр.
Бұл проблеманы алдын-алудың бір жолы-халыққа экологиялық білім беру. Өйткені, қоғам мен табиғаттың өзара біріне-бірі әсер ететіндігі туралы көпшілікке білім беру, адамның практикалық іс-әрекетінде басшылыққа алатын табиғат қорғау дағдыларын қалыптастырады.
Жас ұрпаққа экологиялық білім беруде мектептің алатын орны өзгеше. Экологиялық тәрбие жалпы білім берудің бір компоненті ретінде шәкіртті жан-жақты дамытуға, оның азамат ретінде қалыптасуына бағыт алған.
Қазіргі уақытта «экология» деген ұғым үлкен теориялық және практикалық маңызы бар барлық ғылымның комплексті негізінде тез дами бастаған саласына айналды.
Былайша айтқанда, экология дегеніміз - табиғатты пайдаланудың ғылыми-теориялық негізі. Ол жастарға білім мен тәрбие беру ісін жаңа жолға салғанда ғана өз міндетін атқара алады. Осы жағдайда жастардың қоршаған ортаға деген көзқарасы жаңаша қалыптасып отыр.
Экологиялық білімді тереңдету, экологиялық тәрбие беру, ол үшін арнайы мамандар дайындау жалпы білім бері жүйесінің алдыңғы шарты болып табылады. [30]
Жас ұрпақта өмір тәжірибесі, мейірмандық, жауапкершілік, табандылық осы табиғаттың сұлулығы, пәктігі арқылы қалыптасуы шарт.
Сондықтан да ата-бабаларымыз өз ұрпақтарына халқымыздың салт-дәстүрін, өмірге қажетті біліктер мен дағдыларын мұра етіп қалдырғанда, олардың бойында туған жерге, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімді тәрбиелеу мұратын көздеген.
Демек, табиғатқа жанашыр болу - адамзаттың өз келешегіне, болашағына жанашырлық жасауы.
Тіршілік етіп отырған табиғатты қорғау, оның сан алуан байлығын барынша игілікті дәл ұқыпты пайдалану бүкіл адамзат алдында тұрған келелі де күрделі мәселе. Бұл мәселенің аса мәнділігін әлемдік, халықаралық көлемде өтіп жатқан шаралар мен саяси экономикалық, әлеуметтік бағдарда қабылданып жатқан маңызды құжаттар айғақтайды.
Мәселен, Қазақстан Республикасының Ата Заңында қоршаған ортаны қорғау - әрбір қазақстандық азаматтың төл міндеті екендігі аталса, Президент Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» жолдауында аса пәрменді шаралардың бірі - қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және экологиялық ахуал екендігі атап көрсетілген.
Сонымен қатар мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан түрлі саладағы заңдар аясында экологиялық, бағыт-бағдар көрсетілмейтін тармақтар жоқтың қасы.
Қоғамымыздың бүгінгі өтпелі дәуірінде, жаңа нарықтық қатынас пен жалпы шаруашылықтың жаңару кезінде бұл мәселенің өткір қойылуы заңды. Әрбір адамның «экологиялық сауаттылығының» қажеттілігі қоршаған ортаның, ауаның бұзылып, табиғаттың ластанып, орманды алқаптардың, айналадағы көк желектердің, аң-құстардың сиреп бара жатқан қазіргідей сәтінде ерекше сезіле түсуде.
Сондықтан біраз ауқымды мәселелер атқарылып, көптеген жоғары, арнаулы оқу орындарында «Табиғатты қорғау», «Экология» пәндері бойынша дәрістік курстар енгізілді. Орта мектептерде бұл пән бойынша алғашқы танымдық білім беріле бастады.
Демек, экологиялық тәрбие беру - бүкіл адамзат баласының әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс-тіршілігіне қоян-қолтық араласатын жаңа ғылым саласы.
Осыған орай «Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептердің білім мазмұнының тұжырымдамасында» берілген пәндер мазмұнын экологиялық және әлеуметтік маңызы бар факторлармен толықтыру арқылы осы үрдісті жүзеге асыру керек деп айтылған.
Бала қоғамда тәрбиеленеді, бірақ ол өздігінен рухани өмірін байытып, дене күшін арттырып, жан-жақты білім ала алмайды, сондықтан баланы тәрбиелейтін тәрбиеші міндетті түрде керек.
Тәрбиеші көмекші, қорғаушы, кеңесші, қалыптастырушы мүсінші емес. Оның міндеті - баланың саналы, тәрбиелі болып қалыптасуына жағдай жасау. Бала да өсіп келе жатқан гүл сияқты, оған күтім керек. Оның ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау керек. Сонда ғана бала жан-жақты болып өседі.
Бұл туралы ХХ ғасырдың 30 жылдары Л. С. Выготский: «Тек қана ғылыми көзқарастарды түсіндірумен біреудің екінші біреуді тәрбиелеуі мүмкін емес» - деп жазған. Мектепте жүргізілетін тәрбие процесі педагогтар мен оқушылардың оқу-тәрбие іс-әрекетіне енетін педагогикалық процестің негізгі бөлімі. А. С. Макаренко: «Тәрбие логикасы, оқу логикасын қайталамайды, тәрбиенің өзіндік мазмұны, принциптері, әдістері бар», - деді.
Тәрбие - қоғамдық құбылыс, өйткені қоғамның материалдық жағдайының өсуі, идеологияның өзгеруімен байланысты. Тәрбиенің мақсат-міндеттері, мазмұны мен оны ұйымдастыру тәсілдері толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz