Инновациялық педагогикалық технологиялардың мәні



1 «Инновация» ұғымы
2 Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ...оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген [1].
Инновация (латын сөзі “in-в, novis - жаңа) – «жаңа», «жаңалау» - бір нәрседен жаңа пайда болу; «жаңалық енгізу» деген мағынаны береді.
«Инновация» ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.
«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әр түрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея» десе, ал Майлс «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» деген.
«Инновация» - бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген «жаңалық» - деп С.И.Ожегов сөздігінде айтылған.
«Инновация» ұғымы орыс ғалымдары В.И.Загвязинский, В.И.Днепрова, В.С.Лазерованың еңбектерінде 90-жылдардың бас кезінде пайда бола бастады. Олар: «инновация» ұғымын «Білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті» деп сипаттады.
Т.И.Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбектерінде «Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды. Ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» - делінген.
Э.Брансуик педагогикалық жаңалықты 3 түрге бөледі.
Бірінші түрі – білім саласындағы бұрын соңды болмаған жаңалық. Автордың айтуы бойынша бұндай жаңа ой бұрын зерттелмеген түп нұсқа, өте сирек кездеседі. Бұндай жаңалықтар білім мазмұнына революциялық өзгерістер әкеледі және ғылыми түрде эксперимент жасауды қажет етеді.
Екінші түрі – білім мазмұнында кең таралған бұрын қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің заман ағымына сай өзгертіліп, оқыту жүйесінде сапалы білімді көздейтін жаңару үрдісі.
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2000.
2. Сайт: www.tarmpi.kz

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МӘНІ

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің
басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ...оқытудың
жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу делінген [1].
Инновация (латын сөзі “in-в, novis - жаңа) – жаңа, жаңалау - бір
нәрседен жаңа пайда болу; жаңалық енгізу деген мағынаны береді.
Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың
зерттеуінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне
енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін
сақталған.
Инновация ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әр түрлі
анықтамалар берген. Мысалы, Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді:
Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея десе, ал Майлс
Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге
асуын, шешімдерін күтеміз деген.
Инновация - бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған,
бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген
жаңалық - деп С.И.Ожегов сөздігінде айтылған.
Инновация ұғымы орыс ғалымдары В.И.Загвязинский, В.И.Днепрова,
В.С.Лазерованың еңбектерінде 90-жылдардың бас кезінде пайда бола бастады.
Олар: инновация ұғымын Білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару,
игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деп сипаттады.
Т.И.Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбектерінде Инновация дегеніміз –
жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық
енгізу, ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды. Ал жаңаша деп жаңаның
мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты
түсінеміз - делінген.
Э.Брансуик педагогикалық жаңалықты 3 түрге бөледі.
Бірінші түрі – білім саласындағы бұрын соңды болмаған жаңалық. Автордың
айтуы бойынша бұндай жаңа ой бұрын зерттелмеген түп нұсқа, өте сирек
кездеседі. Бұндай жаңалықтар білім мазмұнына революциялық өзгерістер
әкеледі және ғылыми түрде эксперимент жасауды қажет етеді.
Екінші түрі – білім мазмұнында кең таралған бұрын қолданып жүрген әдіс-
тәсілдердің заман ағымына сай өзгертіліп, оқыту жүйесінде сапалы білімді
көздейтін жаңару үрдісі.
Үшінші түрі – білім мазмұнында оқыту мақсаты мен жағдайын өзгертуде
бұрын көңіл бөлінбеген іс-әрекеттер жаңа қалыпқа ие болып, үлкен жетістктер
әкеледі.
Инновациялық іс-әрекет бұрынғы білім беру мазмұны мен әдістердің
өзгерісі, түрленуі. Бұндағы, жаңалық бұрынғы оқыту үрдісінен тіпті өзгеше
де, жаңа да емес, керісінше білім мазмұнының жаңарған әдіс-тәсілдерінің
жетілдірілген түрі [2].
Қазақстанда инновация ұғымын пайдалануды қазақ тілінде анықтаған ғалым
профессор Немеребай Нұрахметов. Ол: Инновация, инновациялық үрдіс деп
отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықты жасау, меңгеру, қолдану
және таратуға байланысты бір бөлек қызметі деген анықтаманы ұсынды. Ал
инновацияның негізін құраушы ұғымдардың – инновация, нововведение,
новшество, новое т.б. қазақша аудармаларын жасаған Ы.Алтынсарин
атындағы білім проблемаларын зерттеу институтының әдіскері К.Құдайбергенова
болып табылады. Өз еңбектерінде инновацияны - нақты қойылған мақсатқа сай
алынған жаңа нәтиже деп есептеген.
Жоғарыдағы ғалым-педагогтарымыздың инновация ұғымына берген
анықтамаларын бір жүйеге келтірсек, яғни инновацияны жаңалық, жаңа
әдіс, өзгеріс, әдістеме, жаңашылдық деп ұғатын боламыз.
Технология латынның техне - өнер, шеберлік, қолөнер және логос
- ғылым деген сөзінен шыққан. 1960-1970 жылдардан бастап педагогика
ғылымында педагогикалық технология деп аталатын жаңа ұғым пайда болды. Оның
мағынасын ғалымдар түрліше анықтайды.
С.Сполдингтің анықтамасы бойынша Педагогикалық технология – мақсаттар
қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың,
педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың және ол жүйелердің тиімділігі
жөнінде жаңа ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсаттар қоюдың тұтас
үрдісі. Ал В.П.Беспалько Педагогикалық технология – тәжірибеде жүзеге
асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық технологиялардың көмегімен бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы эксперименттің нәтижесі
Оқыту мен білім берудегі инновациялық технологиялардың қолдану мүмкіндіктері
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын жетілдіру
Дәстүрлі технологиялар мен инновациялық технологиялардың аражігі
Инновациялық-компьютерлік технологияны қолдану арқылы экономикалық білім берудің педагогикалық алғышарттары
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Кәсіптік мамандарын даярлаудағы педагогикалық технологиялар
Кіші жастағы оқушыларға математика сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану
Қазіргі педагогикалық технология. Дәрістер
Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар
Пәндер