Еркін жүріп-тұру құқығы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Еркін жүріп-тұру құқығы және көші-қон процестері барысындағы заңдылық пен адам құқықтарының сақталуы мәселелері

Біз көші-қон (миграция, migration - қоныс аудару, орын ауыстыру) туралы айтқанымызда адамдардың үлкен тобының ел ішіндегі (әртүрлі ішкі көші-қон) немесе елдің шекарасын қиып өткен (елге уақытша кіру немесе шығу, көшіп кету, көшіп келу, еңбек көші-қоны, қудалаудан паналау, босқындар) орын ауыстыруларын ұғынамыз.

Адам құқықтарына қолданғанда оның барлық орын ауыстыру процестері, соның ішінде көші-қондары оның еркін жүріп-тұру құқығына (freedom of movement) негізделген, оның үш құраушы бөлігі бар:

а) елдің ішінде еркін жүріп-тұру және тұрғылықты мекенді таңдап алу құқығы;

б) кез келген елден еркін шығып кету құқығы;

в) өз еліне еркін кіру құқығы.

Еркін жүріп-тұрудың халықаралық стандарттары мынадай негізгі принциптерге негізделген:

- елдің ішінде еркін жүріп-тұру оның аумағында заңды түрде жүрген әрбір адамның биліктен ерекше рұқсат сұрау қажетінсіз еркін жүріп-тұру және тұрғылық мекенді таңдап алу құқығын көздейді. Бұл құқық елдің азаматтарына, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, босқындар мен заңды көшіп келушілерге бірдей қатысты;

- өз елінен кету құқығы және өз еліне қайтып кіру құқығы адамның жеке құқықтары болып табылады және заңмен кепілдік берілуге тиіс;

- кіруге-кетуге, сондай-ақ елдің ішінде еркін жүріп-тұруға шектеу қоюды ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, денсаулықты, имандылық пен адамгершілікті қорғау, басқа да адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мүддесі үшін тек заңмен енгізуге болады. Бұл шектеулер өзге халықаралық деңгейде танылған құқықтар мен бостандықтарға сәйкес келуі, айқын мақсатқа қызмет етуі және парасатты болуы, қажет және жеткілікті болуы тиіс;

- босқындарға немесе пана іздеген адамдарға қатысты негізгі принцип елден шығарып жібермеу принципі, яғни мемлекеттердің елден шығармау және нәсілдік, діни, әлеуметтік тегі, азаматтығы немесе саяси көзқарастары себепті олардың өміріне немесе бостандығына қатер төнетін елдің шекарасына қайтармау міндеттемесі болып табылады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы көші-қон заңнамасы КСРО тарағаннан кейін қалыптаса бастады. Осы саладағы негізгі заңнамалық актілер нақ 90-шы жылдардың басында-ортасында қабылданды. 1991 жылғы желтоқсанда «ҚР азаматтығы туралы» ҚР Заңы, 1995 жылғы маусымда «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығы қабылданды. Көші-қон заңнамасының негізін 1995 жылғы тамызда қабылданған ҚР Конституциясы құрап, 21-бабында еркін жүріп-тұру және тұрғылықты мекенді таңдау құқығын, ал 12-баптың 4 тармағында «Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе» шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтарының және бостандықтарының Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежелілігін бекітті. 1997 жылғы желтоқсанда «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Алайда көші-қон мәселелерінің ауқымды бөлігі қабылданған заңнамаларда қамтылмай қалған. ҚР-на кіру, болу, ҚР-нан шығу, республикада уақытша және тұрақты болу және басқа көптеген мәселелер Үкімет қаулыларымен, Ішкі істер министрлігінің бұйрықтарымен, түрлі министрліктер мен ведомстволардың нұсқаулықтарымен реттеледі. Солардың ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы «Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жеке мәселелері» атты қаулысы; «Шетелдік азаматтардың ҚР аумағына кіруі және болуы, сондай-ақ олардың ҚР-нан кетуі ережелерін қолдану тәртібі туралы» нұсқаулық, «Ішкі істер органдарының ҚР-нан тыс жерге тұрғылықты мекенге көшіп кетуге рұқсат беруі туралы» нұсқаулық және басқа да көптеген құжаттар. Ең жуық есептеулер бойынша көші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін заңға тәуелді құжаттардың саны 200-ден асады. Кейбір заңға тәуелді актілерде шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағындағы құқықтары мен бостандықтарына шектеулер бар, бұл ҚР Конституциясының 39-бабын бұзу болып табылады: «Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін».

Қазақстандағы қазіргі кеңестік төлқұжаттық жүйеден және тіркеу режимінен мұраға қалған тұрғылықты мекенінде міндетті түрде тіркелу институты Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұру құқығын шектеу болып қалуда. Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері, сайлау құқықтарын жүзеге асыру, Қазақстаннан кету құқықтары және басқа мәселелер тіркеу институтына тәуелді екенін атап өткен маңызды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР адам мен азаматтың азаматтық құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі құқықтары мен бостандықтары.
Бала құқықтары. Өмір сүру және жеке басына қол сұғылмау құқығы Ар-ождан және дін бостандығы құқығы. Сөз, наным және оларды еркін білдіру құқығы
Шетелдік түсінігін бірнеше мемлекеттің халықаралық - құқықтық басқаруы үлгісінде талдау
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы туралы
ҚР шетел азаматтарының меншік құқығы
Адам және азаматтардың құқықтарының негіздері, оларды қорғау
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Азаматтық әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz