Қазақстандағы жекешелендіру бағдармаламысының теориялық мәселелері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . 4
1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ БАҒДАРМАЛАМЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Өтпелі кезеңде жаңа тәуелсіз мемлекеттерде меншік қатынастарын түбегейлі жаңартудың теориялық негіздері . ……. 7
- Қазақстандағы жекешелендіру процесінің іс-тәжірибелік манызы . . . 21
- Салықтар - экономиканы мемлекеттік реттеу құралы . . . 29
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕКШЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУҚазақстан Ресупбликасының экономикасының қазіргі дамуындағы жекешелендірудің іс - тәжирибесін талдау . 34Оңтүстік Қазақстан Облысында жекешелендіру процесін қаржылық тұрғыдан талдау . 43Жер салығының мемлекеттік бюджетке түсуін талдау . 46Мүлік салығы бойынша талдау жасау . 54
3. НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫН ДАМУ КЕЗІҢДЕГІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
- Жекешелендіру процесін қаржылық реттеуді жетілдіру бағыттары. 59
- Жекешелендіру процесті бақылауды жетілдіру . 65
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 69
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . 72
КІРІСПЕ
Біздің ел экономикалық өзгерістер жолында белгілі бір шепке жеткен сияқты көрінгенімен өткенге көз жіберіп, соның негізінде алдағы даму кезеңінің міндеттерін анықтау қажет. Мұның өзі Қазақстан Республикасының 1996-2010-ші жылдағы экономикалық стратегиясын және соған сәйкес индикативті жоспар жасау қарсаңында аса өзекті мәселе.
Жекешелендіру процесі нарыққа бет алған шаруашылық құрылымдардың дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортасын жасауды қамтамасыз етуге тиіс. Жекешелендірудің әр түрлі бағыты келемінде халықтың меншікке деген құқығы (жаппай жекешелендіру), инвестиция тарту, оның ішінде шет елдік инвестицияларды (жеке жобалар бойынша жекешелендіру), шағын және орта бизнестің пайда болып даму (шағын жекешелендіру) мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалады. 1995 жылдың басында 10 мыңнан астам кәсіпорын мемлекет иелігінен алынды және жекешелендірілді. Халыққа 2 миллиардтай (1846 миллион) инвестициялық жекешелендіру купоны тапсырылды. 1994 жылы мемлекеттік емес сектордың өндірген өнімінің үлес салмағы өнеркәсіпте 17, 2 процентке, ауыл шаруашылығында - 46, сауда және қоғамдык, тамақтандыруда - 50, тұрмыстық қызмет көрсету саласында - 51 процентке жетті.
Қазіргі кезде нарықтық экономиканың қызмет етуіне қажет институттар құрылуы аяқталуда, олардың құрамында тарамдалған банк жүйесі, қамсыздандыру компаниялары, тауар биржалары, брокерлік конторлар, аудиторлық фирмалар және басқадай инфрақұрылымдық объектілер бар, олар шаруашылық субъектілеріне қызмет етеді, өндірілген өнімдерді сатуға, шикізат алуға, кәсіпорындардың тиімді, сенімді жұмыс істеуіне көмектеседі.
Тауар, еңбек және капитал нарықтарындағы қатынастарды реттейтін заңдар ауқымы кеңіп, олар жетіле түсуде.
Жекешендіру процесі саяси- экономикалық үрдіс ретінде үш негізгі аспектілерден құрылады:
1) тиімділік;
2) бөлу;
3) тұрақтылық.
Тиімділік дегеніміз жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті тиімді пайдаланудыюілдіреді. Бөлу- жекешендірудің жалпы табыстарды және қоғамдық байлықты бөлуіне әсерін бағалайды. Тұрақтылық -макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсерін бағалау (мысалы, инфляцияға, жұмыссыздыққа) .
Жекешелендіру(приватизация) дегеніміз - мемлекеттен азаматтар мен заңды тұлғаларының мемлекеттік меншік нысандарын сатып алуы және мемлекеттік акционерлік қоғамдарының акцияларына ие болуы.
Негізінен алғанда жекешелендірудің екі түрі бар: «батыстық» және «постсоциалистік». Батыстағы жекешелендіру жеке меншік секторының даму және рыноктық жүйенің қызмет ету кезінде қалыптасты, ал социалистік елдерінде (оның ішінде Қазақстанда) жекешелендіру - бұл жеке меншік секторының және рыноктық жүйеінің қалыптасуының негізгі шарты болып табылады.
1991 ж. дейін Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикасында экономика тек мемлекеттік меншікке негізделген еді. Бірақ бұл жерде көп қателіктер болған. Мысалы, жалпы халықтық меншік деген түсінік нақты өмірде әкімшілік- шаруашылық органдарының меншігі болды.
Қазақстан тәуелсіздік алуымен бірге қоғамда жаңа меншік нысандары пайда болды. Ал жекешелендіру процесі үш кезеңден құрылды. Әр бір кезеңде өзіне тән мәселлер қойылған еді.
Негізінен алғанда жекешелендіру процесімен Қазақстан Республикасының экономикасындағы түбегейлі өзгерістер байланысты. Жекешелендіру процесінің жүруі аса ірі көлемде қаражаттарды талап етті.
Уақыт өткен сайын сол кезде қабылданған шешімдердің дұрыстығы көрінуде. Жерді және мүлікті жекешелендіру процесі нәтижесінде экономикада макроэкономикалық көрсеткіштер жоғары деңгейге жетті.
Жерді және мүлікті жекешелендіру процесі нәтижесінде мемлекеттік бюджетке үлкен көлемде ақшалай қаражаттар түсті.
Дипломдық жұмыста орындауда келесі құрделі проблемалар қойылған:
- жекешелендірудің теориялық негізін зерттеу;
- ҚР жекешелендіру процесінің қалыптасуы;
- ҚР жекешелендіру процесінің өзгешілігі;
- Экономиканы мемлекеттік реттеудегі салықтардың рөлін ашып көрсету;
- Жер және мүлік салығының салық жүйесіндегі орнын анықтау;
- Жекешелендіру процесіне салықтық реттеудің рөлін белгілеу.
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құрастырылған.
1. Қазақстандағы жекешелендіру бағдарламасының теориялық мәселелері
1. 1. Өтпелі кезеңде жаңа тәуелсіз мемлекеттерде меншік қатынастарын түбегейлі жаңартудың теориялық негіздері
Мемлекеттік меншікті түбірінен жаңарту өтпелі кезеңдегі маңызды міндет ретінде теориялық, методологиялық зерделеуді талап етеді. Мемлекеттік меншіктін екі жүйедегі іс-әрекет ету механизмі ерекшеліктерін талдау негізінде жекешелендіру модельдерін қалыптастыру ғылыми шеністердің негізгі бағыты.
Талдаудың салыстырма пункті - мемлекеттік меншік буржуазиялық коғамнын даму кезеңдерінде өз мән-мағынасын түбірінен өзгерте ала ма деген сауалға жауап іздеу арқылы мемлекеттік меншік қатынастарын түбірінен жаңарту үшін жүргізіліп жатқан әлеуметтік реформалардың бағыт-бағдарын айқындай алатын кайшылықтарды шешу тетіктерін, әдістерін анықтау мәселесі.
Меншік қатынастарын түбірінен қайта құру дегеніміз, тек қана, жеке меншік немесе мемлекеттік меншік ұғымдарымен күресу ғана емес. Мәселе өте терек қатынастардың мәнін саналы түрде әлеуметтік прогресс жолымен дамытып, айқын жолға бағыттау. Аты өзгергенімен кұбылыстың мәні бірден өзгере қоймайды. Бізге керегі сындарлы, ғылыми концепциялар арқылы өйтпелі кезең зандылықтарын зерделеу.
Экономикалық әдебиеттерде буржуазиялық қоғамдағы мемлекеттік меншіктің әлеуметтік сипаты, іс-әрекет салдарлары жеткілікті зерттелген деп айта аламыз [1] . Жеке капиталдан акционерлік капиталға, акционерлік капиталдан әр түрлі корпорациялық /финанс олигархиясы/ меншікке өту процесі мемлекеттік меншік жүйесінің қалыптасуымен катар жүреді. Мемлекеттік капитализм еңбек пен капитал арасындағы қайшылықты бірлікті жаңа деңгейде, жаңа сапалық дәрежеде шеше алды. Оның мәні еңбек пен капитал арасындағы кайшылық әлеуметтік-саяси формаға ие болып, тап күресінің шешілу аренасы, енді, жалдама еңбек иелері мен мемлекеттік капитал құрылымы арасындағы күреске айналуыда. Саяси, әлеуметтік дағдарыстарды шешудің қалыптасқан екі жолы бар, бірі - меншікті ұлттық игіліктен алып, жеке топтарға сату арқылы еңбек пен капитал арасындағы төрешіге айналуы, яғни кәсіпкерлік ассоциациясы және жалдама еңбек иелері ұйымдары қатынасына мемлекеттік реттеу жүйесін енгізу; Екіншісі -жалдама орта тапты құрудың жолдарын калыптастыру /Американ тәжірибесі, Жапон ЖүйесІ, Германия іс-әрекеті/ [2] . Бұл постиндустриялдық қоғамның болашақта толық шешуі тиіс әлеуметтік мәселелерінің негізі - мемлекеттік меншікті жекешелендіру бағдарламаларына ұқсас коғамдық шаралар (денационализаииялау, акционерлеу) әр түрлі атаулармен XX ғ. бас кезінен бастап-ақ пайда бола басталы. Антитрестіқ монополияға қарсы заңдардың АҚШ және т. б. елдерде қабылдануы осы құбылыстың бастамасы.
Өндірістің қоғамдық сипаты мен иемденудің жекелік сипаты арасындағы қайшылықтардың даму дәрежесі және де оны шешудің әр түрлі әдістері меншіктің қоғамдастырылуы және жекешелендіруі (оқшалануы) құбылыстарының кат-кабат жүретінін көрсетеді. Бәсеке күресінін дамуына сәйкес өндірістік монополиялардың пайда болуы, олардың, үздікеіз түр өзгерістері көп жағдайларда меншіктің жекеліқ акционерліқ монополиялық корпорациялық түрлерінің әр қилы комбинациясымен ұласады. Негізгі даму бағыт-бағдары - өндіріс тиімділігін арттыру. Стихиялы даму процесінің әлеуметтік қайшылықтарының терендеуі көп жағдайларда мемлекеттік реттеу шараларымен қатар, мемлекеттік меңшіктің пайда болып, кайшылықтыдамуымен ұласады. Әңгіме бұл жерде, мемлекеттік меншік дамуы және мемлекеттік шаруашылық жүргізу құбылыстарының кірігу процесі туралы болып отыр. ҒТП және ҒТР дамуы, бәсекенін халықаралық сипат алуы, мемлекеттік-монополиялық капитализм, неолибералдық бағдар кезеңдері мемлекеттік меншікке байланысты коғамдық шаралардың әр бқилы бағьпта дамуын туғызады.
Қалыпты нарықтық реттеу механизмі әр уақытта бәсеке мен монополия құбылыстарының органикалық синтезін талап етеді. Яғни нарықтық кеңестіктің серпінлі козғалысы үшін объективті турде меншік қоғамдастырылуы және еңбек, өндіріс коғамдастырылуының әрқилы даму бағьтттарын сәйкестенділіру қажеттігі жузеге асуы тиіс болды.
Монополиялық бірлестіктердің акционерлік меншікке сай тур-өзгерістері, мемлекеттік меншіктің кәсіпкерлік топтарға берілуі /аукцион, акционерлік коғам арқылы/ - жекешелендірінудің, ерекше көрініс сатылары ғана. Осы заманғы жекешелендіру процесінін классикалық ұлгісі ағылшын тәжірибесі болып табылады. Классикалық дегеңде. біз мақсатты әрекеттерді, оны жүзеге асыру құралдары т. б. кешенді модельдік ерекшелігі жағын айтып отырмыз. Экономикалық теориада приватизаиия ұғымы М. Тэтчер үкметінің саясатымен кең тарала бастады. Британ экономикасының тиімділігін көтеру үшін "Тэтчеризм" саясаты әлеуметтік өзгерістерлің ен негізгі бағыты ретінде мемлекеттік сектордың қолданды. Приватизация ұғымы ресми тілде- мемлекеттік меншікті жаңарту, өзгерту құбылысының , мәні - жекешелендіру ұғымы. Ол меншік иесін табу, меншіктеу ұғымдарынан мағанасы төмен, шектеулі ұғым , тек жекеге беру, мемлекет иелігінен алу дегенге саяды. Ортак нәрсені жіктеуді, бөлуді көрсетеді. Термин қалыптасып, кең қолдануына байланысты біз де жекешелендіру ұғымын екі мағынада пайдалаңамыз.
Жекешелендіру /меншіктеу/ уғымы арқылы меншік құқығының жіктелу құбылысын айкындап алу қажеттігі туындайды. Иелену, билеу /өкім ету/ және пайдалану негіздерін әзіргі буржуазиилық құқық элементтері аукымында айқындау арқылы мемлекеттік меншік жүйесінің іс-әрекет ету механизміндегі қайшылықтардың көзін табуға болады [3] . Шаруашылық тұлғалардың көп түрлілігіне, территориялық буындардың кызметіқ саяси-партиялық жұйенің жетекшірелін ескере отырып, мемлекеттік меншікті жүзеге асырудың үйымдық -басқару механизміндегі қайшылықтарды шешу қажеттігі жүзеғе асуы тиіс.
Өтпелі кезең түбегейлі институционалдық, ең алдымен, меншік жүйесі өзгерістерімен сипатталады. Приватизация дүние жүзілік экономикада жаңалық емес, ал оның ЖТМ о. і. Қазақстанда жүйе дағдарысы және кең көлемде, өте қаркынды жүргізілуі сипаттары ғана ерекше құбылыс. Мәселен, Англиада 1979 ж. бастап он жылда мемлекеттік сектордың 2/3-і (6 негізгі бизнсс бағыттары) жекешелендірілді, оның ішінде транспорт, байланыс, көмір, газ өндірісі мен өндеу салалары, электро-энергетика бар. Бұл тәжірибе біздің отандық жағдайдан ерекше болғанымең өзінің негізгі методологиялық алғы шарттарымен біз үшін маңызды. Мысалы, ағылшын мамандары жекешелендіру саясатын жүргізуде мынадай кешенді сатыларды айкындағаң [4] .
- үкіметтің стратегиялық саясатын айкындау,
- салалар мен компаниялардың кұрылымын өзгерту мүмкіндігі /реструктуризация/,
-жекешелендірудің негізгі міндеттерін анықтау,
- ұзақ мерзімдік жекешелендіру бағдарламасын жасау,
- жекешеленлірудің алғы шарттарын қалыптастырып, дамыту кезеңдерін белгілеу,
- жекешелендіру стратегиясын іс-тәжірибемен үздікеіз жетілдіру, түзету /корректировка/ жасау.
Бұл кешенді шаралар меншік иесін табудың манызды негіздерін жұйелейді. Джон Симмонс, Уильям Мэрс Россиядағы 1989 ж. екі күндік семинарға байланысты былай дейді "Ол /бір директор/ семинардың сонына карай, американ менеджерлері әкімшілік әдістермен басқармайтынына көзі жетті . . . яғни, шындығыңда олар басқарудың стиліне және келісімге негізделген әдістерін пайдаланады. Олар өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесін, өндірісті үздікеіз жетілдіру әдістерін және де ынталандырудың екі негізгі принципін /қағидасын/ -кызметкерлердің пайданы бөлуге және меншікті иеленуге қатысуын пайдаланады. Кызметкер-меншік иесі ретінде шешім қабылдауға қатысу құқығын і алады, мемлекет кәсіпорын жұмысына араласпайды".
Дамыған елдерде мемлекеттік меншікті жекешелеңдіру, жеке меншік институтын дамыту негізгі қайшылықты - еңбек пен капитал қайшылығын жаңа негізде шешуге бағытталып отыр. Бұл олар арманлаган постиндустриялдық қоғамның әлеуметтік негізі.
Қатысу жүесі меншік қатынастарын түбірінен жаңарту арқылы жұмысшы-кызметкерлердің еңбекке ынта-жігерін арттыруға бағытталған. Меншіктің жүзеге асу механизмінің барлық буындарына, әсіресе, басқару жүйесіне араласуы кең жайыла бастады. "Егерде қызметкер компания акцияларын иеленіп, дауыс беру құкығына ие болмаса, - олар оның иесі емес" деп тұжырымдайды [6] .
Негізгі мәселе, - жекешелендіру процесі арқылы меншіктің көп түрлілігін камтамасыз ету ғана емес, өндіріс-құрал жабдықтарын өндіріс нәтижесін иемдену мен бөтенсудің дәрежесі ғана емес, -жалпы өндіріс нәтижесінде адамдардың, шаруашылық тұлғаларының жауапкершілік деңгейі. "Іс-тәжірибеде, меншіктен бөтенсу құбылысынан да аса маңызды мәселе еңбек нәіижесінен бөтенсуі /шеттетілу/, еңбек ынтасына шек кою мәселесі" [7] . Меншікті жаңартудың кілті, сонымен, оның жүзеге асу кезеңінің сатыларымси сәйкес келеді .
Өтпелі кезеңде, Казақстанда жекешелендіру (экономикадағы мемлекеттік шаруашылықты шектеу) арқылы рационалды нарықтық қатынастарды қалыптастару арқылы серпіңді әлеуметтік енбек бөлінісі және шаруашылық тұлғалардың жіктелу құбылысын дамыту, көп жағдайларда, номенкулатуралық жекешелендіру мен салалық ерекше монополиялық табысты бөлу механизмінен анағүрлым маңызды мәселе. Бұл жерде, әңгіме мәні - әлеуметтік реформалардың пәрменділігіне кайшы келетін әкімшілік жүйесінің қайта жаңғыруы мемлекеттік меншікті жекешелендірудің теріс сипатын анықтайтынын баса көрсеткен жән.
Өте қызықты мысал, Германия (тіптен 1 дүниежүзптік соғыс қарсанында да) дүниежүзілік соғыс арасында мемлекеттендірілген жеке меншікке негізделген өндіріс жүйесі қалыптасады. Ал, КЕРО-да мемлекеттік меншік негізделген бір орталықтан басқарылатын мемдекеттендірілген экономика қалыптасып үлгерді. Өзінін әлеуметтік салдары жағынан оларды экономикалық ұқсас типке айналдырған бір орталықтан басқарылатын шаруашылық жүйесі. Саяси тоталитаризм, әлеуметтік нигилизм, экономикалық теңгермешілік негізінде еңбек күштеуге, зорлыққа негізделген жалдамалы сипаттағы мемлекеітік дәрежеге көтерілді.
1-ші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда жүзеге асқан "денационализациялау" / ұлттық меншігінен алу/ саясаты "Дауэс" бағдарламасы бойынша сол кездегі валюта есебімен 16 млрд. марок жұмсалды, яғни Бисмарктан қалған мемлекеттік сектор "жекеше-лендірілді". Сонымен қатар, аса ірі монополиялық бірлестіктер жеке кәсітюрындарға таратылды [8] .
Сол сиякты, П-ші Дүниежүзілік соғыстан кейін де, 1946 ж, бастап "Маршалл жоспары" бойынша Герман өнеркәсібі мемлекеттік орталықтан басқарудан босатылды. Тағы да "денационализациялау" саясаты жүргізілді. Ескеретін жағдай, 1960 ж. кейін үшінші дүние елдері мемлекетік меншікті дамыту және оны "белшектсу" саясатан кат-қабат жүргізіп келе жатқаны белгілі құбылыс.
Шульц З. "Эрхард реформалары" мақаласында орталықтандырылған бөліс экономикалық механизмі /ЦРЭМ/ Германияда 1933 ж. 1948 жылдың шілдесіне дейін өмір сүргенін айтады. Оның ерекшелігі: жоғары дамыған жеке меншік жүйесінде экоиомиканын бір орталықтан басқарылуы еді. Ол В. Ойкеннің пікіріне сұйене отырып, ортадықтандырылған бөліс экономикалық механизм жүйесі жеке меншікке де, мемлекеттік меншік түріне де тәуелсіз екенін тұжырымдайды. В. Ойкеннің пікірі бойынша меншік түрі экономикалық заңдардың айқындаушы элементі, бірақ бірден-бір, шешуші факторы емес. Бұл зандар "жүйе құраушы және айкындаушы кешенді факторлардың жиынтығы ретіңде "экономикалық іс-әрекет ету механизмін" сипаттайттын ұғымды құрайды [9] . Шаруашылық жүргізу тәсілдері мен әдістері, яғни шаруашылық /рыноктік/ механизмі меншіктін жүзеге асырылуының нактылы бай мазмұнына ие боладьг.
Э. Шульц көленкелі экономиканың пайда болу түбірін талдауда КЕРО-дағы жоспарлаудың натуралды және құндық , көрсеткіштерінің қайшылықты бірлігін көрсетіп, В. Ойкеннің "қара базары" өзінің заңдығына қарамастан "заңды жоспарды орындауға көмектеседі деген ойын алға тартады [10] . Германияның 1933-1948 жж. даму тарихы орталықтандырылған бөліс экономикалық механизмнің жағдайында жеке меншік формасының шаруашылық жүйесінде белгілі дәрежелегі бейтараптығын көрсетеді. Л. Эрхардтың негізгі міндеті де осы механизмді кайта құру болды. Ал, саяси-құқыктық реформаларды жүзеге асыру канцлер Аденауэрдың құзырында боллы.
Бұл экономиканы мемлекет иелігінен алу және орталықсыздаңдыру (денационалзациялау) арқылы акшамен реттелетін экономикаға өту бағдарламасы еді. Маршалл жоспары бойынша алынған шетел несиесін пайдалана отырып, Германия 1958 ж. нарықтық экономикаға өту жобасын толық жүзеге асырғанын жариялалы. Бағдарламаның негізі - орталықтанлырылған жеке меншік формасын дербес шаруашылық жүргізу механизміміне көшіру, яғни Орталық Экономика Министрлігін билеу, өкім ету қүқығынан айыру екенін көреміз.
Жалпы әлемдік "жекешелендіру" саясаты мен іс-тәжірибесін зерделесеқ негізінен үш түрлі әдіс-тәсілді байқаймыз [11] .
I. Ішкі жекешелендіру - негізгі қорларды үлестік әдіспен, не акция түріңде кәсіпорын кызметкерлеріне беру, сату. Бұл еңбек пен капитал арасындағы кайшылықты жоюға бағытталған, "семьялық фирма", "меншік пен басқаруға қатысу" жуйесіне ұқсас процестердің өзекті мәні. Бұған біршама жуық келетін "пайданы бөлуге қатысу" жүйесі. Кәсіпорын, фирма қыметкерлері еңбек функциясына сәйкес алатын жалақысымен қатар, басқару және пайданы бөлісуге мүмкіндік беретін меншікті иелену құқығын алады. Кооперативтіқ акционерлік кәсіпорындар түрінде шаруашылық жуйесіне кірігіп, өндіріс нәтижесіне мүдделікті арттыру бағытында кызмет етеді. Акция немесе үлесіне қарай дауыс берудің әр түрлі жүйесі қалыптасады. -
2. Кәсіпорындарды сату немесе акция түрінде жеке азаматтарға еркін сату әдісі - сыртқы жекешелендіру /кәсіпорын тарапынан/. Бұл , негізінен жеке немесе мемлекеттік кәсіпорындарды арнаулы мақсаттарға сәйкес қайта -құрудың жолы. Өндіріс тиімділігін арттыру, косымша қаржы тарту немесе құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру үшін меншік иесін алмастырудың тиісті әдісі. Шетел тәжірибесіне карағанда бұл процесс дамыған нарықтык құылымдар қалыптасқан экономикада елеулі роль атқарады.
Артық жеке капиталдың және бағалы кағаздар рыногінің болуы, белгілі - бір стратегиялық шешімдерді жүзеге асыруды мемлекет меншігінің жеке кәсіпкерлерге сатылуы арнаулы конкурстык аукциондарды елестететін, мән-мазмұны ұқсас процестің жүргізілуін көрсетеді. Мысалы, Фордтың кәсіпорындарын акционерлеу, немесе француз "Рено" автомобиль корпорациясын акционерлеу, Тетчер үкіметі жүргізіен көмір өндірісін жекешелендіру, калыптасқан нарықтық, ортала меншік титулын ауыстырудың ерекше жолы, бағыты. Бұл кәсіпорындар кенестен өндіріс бағдарын өзгерте алмайды, тек өндірісті ұйымдастырудың не жаңа технологияны енгізудің тыс жолдарын іздестіре бастайды. Қалыпты жағдайда, біздер үшін, әлеуметтік мәселелерден жорамал түрде бас тартқан жағлдйда, үкімет қаржы көздерін қамтамасыз ете алса, ондай өмірлік маңызы бар кәсіпорындарды кайта жарақтандыру анағүрлым тиімді болар еді. Бюджет тапшылығын және әлеуметтік қайшылықтарды жою, монополияға карсы күрес, яғни өндірістік бәсекелестікті арттыру арқылы ҒТП жеделдету мәселелері мемлекеттік меншікті жекешелендірудің маңызды бағдарларын көрсетеді.
... жалғасы3. Арнайы- жекешелендіру - мемлекеттік кәсіпорындарды шетел азаматтарына концессияға беру, немесе тікелей сату және бакылау пакеті акцияларын беру жолы. Бұл жерде, ерекше мақсат - басқару және технология, әлеуметтік қатынастарды шетел капиталын іске тарту арқылы жоғары деңгейге көтеру мәсслесі шешілуі тиіс. Еркін экономикалық аймақтар құру, бірлескен кәсіпорындар салу және аса маңызды өндістік мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру, т. с. с. міндеттерді шешу үшін халықаралық құқытық негіздерге сүйенген заң актілерін қабылдау кажеттігі туады.
Жекешелендірудің кандай болмасын моделін таңдап алу мәселесі постсоциалистік елдерде әркилы шешіліп отыр. Мысалы, Польша үш түрін колданып отырса, Венгрияда үшінші түрі көбіреқ ал Югославияда, /бүрынғы/ ішкі жекешелендіру көп үлес алады. Үшінші дүние елдерінде де жекешелендірудің үш молельдері де тиянакты қолданыла бастады.
Жалпы жекешелендіру құбылысының мән-мағынасына жете тусіну үшін мына жағдайға назар аударайык: "Еегер капиталистік кәсіпкер - меншік иесіне . . . мемлекет тарапынан қанша, калай қаржы жұмсауын, жалпы экономикалық жоспар қандай орын алуын, өндірістік бағдарламасының қалай болуын міндеттесек: егер әрі карай, салық зандары арқылы пайданы, мүлік қорлануын, мұрагерлік тәртібін шектеуге алсақ, және де жұмысшылар мен кызметкерлердің өнімдегі үлесі әлеуметтік -саяси міндеттемелермен реттелетін болса - онда меншіктен шын мәнінде, тек титул ғана және пайданыңаз бөлігіне ынта калар еді. Онда мұңдай меншік ұғымы кұрғақ сөзге айналған болар еді. Қай қоғамда, қашан осындай шектелген меншік құқығы б олды екен [12] ? Жауабьгмьгз бұрынғы социалистік елдерде әлІ де жалғасуда.
Жекешелендіру концепцияларынын негізінде біз сынап келген, баскаруға, пайданы бөлісуге қатысу жүйелері, "сапа үйірмелері", "семьялық фирма", "халықтык акциялар", "қаржыландыру, камсыздандыру қорлары", , т. б. буржуазиялық елдерде жүзеге асқан жүйелер көрініс береді. Еркін кәсіпкерлік жүйесінің ерекше мақсаты -жалдамалы жұмысшы мен баскарушы, меншік иелерінің мүдделерін ұштастыру міндеті [13] .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz