Патриотизм- қасиетті ұғым


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Интернационалдық париоттық рух

Қоғам дамуында кез-келген мемлекеттің тұтастығы, тәуелсіздігі, мемлекет дербестігі халықтардың отанға деген сезімімен, патриотизмінің денгейімен тікелей байланысты. Қазақстанда патриотизм идеясы ұлттық стратегиясының құрамдас бөлігі ретінде саналады. Ел басының Жолдауында былай деп көрсетілген: «…біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз». Қоғамыздағы өзгерістер ықпалымен адамдардың қарым-қатынастарымен бірге мемлекеттік-ұжымдық дүниетанымның жекешіл дербес дүниетаныммен алмасуы жүріп жатыр. Міне сондықтан да «отаншылдық», «ұлттық біртұтастық», «ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау», «ұлттық мүдделер», «қоғамымыздың топтасуы», «біртұтас отбасымыз» деп сезіну сияқты қасиеттер еліміздің жаңа қадамының тірегі болмақ.

Патриотизм-тарихи және әлеументтік мазмұндағы табиғатты бар ұғым. Ол әрбір азаматтың бойындағы туа біткен сезім емес. Патриотизм-ол Отанына деген сүйіспеншілік, өз халқына берілгендік оның мүддесі үшін кез-келген құрбандық пен ерлік жасауға дайын тұрушылық. Соған орай патриоттық сезімнің басты қамқорлығы Отанына арналады. Сондықтан туған жер, ел байлығы мен табиғаты, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер және т. б. ұлттық құндылықтар патриоттық сезімнен тыс қалмайды. Олар әрбір азаматтың ішкі дүниесінде жанашырлық, жақындық туыстық пен сүйіспеншілік, мақтаныш қалыптастырады.

Патриотизм- қасиетті ұғым. Отаншылдық идеясы өмірге ұзақ тарихи-әлеуметтік дамудың нәтижесінде келген. Адам қауымдасып өмір сүргеннен бастап, өз қағамын, өлкесін, табиғатын сүйген. Соларға деген ерекше сезім, ұнатымы қалыптасқан. Қоғам дамуының кезеңдері мен түрлі әлеуметтік арнасы отаншылдық сезімді саяси мазмұнға айналдырған.

Қазақстандық патриотизм болса, ол тек қазақтардың ғана өз отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыстардың бәріне қатысты нәрсе. Дегенмен ешкімді елін, Отанын зорлап, күштеп немесе алдап-арбап шын сүйгізу мүмкін емес. Елін сүю әрбір адамның рухани қасиетінің ішкі көрінісі мен мазмұны. Оны өзі анықтайды.

Жалпы адамның дамуы процесі бұл қасиетті туғаннан бастап бойына сіңіреді. Отбасындағы тәрбие, оқу мен еңбек ұжымы, өмірдің өнегелілік тәрбиесі, партиялық және түрлі қоғамдық ұйымдар, діни орталықтар отан сүйгіштік сезімге ықпал етеді. Биологиялық емес бірте-бірте сіңісетін қасиет, яғни, рухани - психологиялық және саяси-әлеуметтік құбылыс.

Патриотизмнің діттегені -Отан үшін біріктіру, оны қастерлеу мен ардақтауға тәрбиелеу. Өз халқының мүдде мақсатын қорғау болып табылады. Ал бұл ойымызды көп ұлтты Қазақстанға арнап айтсақ, онда ортақ Отанымыздың тағдырына арналған сүйіспеншілік сезімін ерекше бағалаймыз. Әрине патриотизмді әрбір азамат өзінше бағалайды. Біреулер өз ұлтының жауларын іздеп әуре болады, ал бәз біреулер халқын кім жақсы көреді немесе ұнатпайды деген пікірлермен әуестенеді. Өмірде мұның бәрі бекершілік. Сондықтан осы проблеманың белгілі маманы профессор Ә. Қалмырзаевтың патриоттық тынысы халықтарды жақындастыруға ұмтылудан басталуы керек деуі өте орынды пікір.

Қазіргі демократиялық реформалар жағдайында жаңа идеялар мен құндылықтарды қалыптастырудың қажетті шарттарының бірі-саяси тұрақтылық. Ел басшысы Н. Ә. Назарбаевтың бүкіл күш-жігері елде саяси тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты сақтай отырып, әлеументтік-саяси мәселелерді байыппен шешуге бағытталған. Мұның көптеген нәтижелерін көріп те отырмыз. Елімізде жаңа тұрпатты мемлекеттік басқару жүйесі,

әлеуметтік құрылымдар қалыптасуда. Олардың бәрінің қызметі жаңа қоғамдық сананы жаңа идеологияны қалыптастыруға бағытталып отыр.

Қоғамымыздың моральдық-рухани бейнесі баяу де болса өзгеріп келеді, жаңа идеологияның ықпалы байқалуда. Жалпы ғылыми әдебиеттерде идеология саяси, экономикалық гуманитарлық және мәдени

идеология болып кездеседі. Біздің арқа сүйер идеологиямыз осы көрсетілгендерді қолдана отырып ел экономикасы мен әл-ауқатын жақсартуға жету үшін әлеуметтік тұрақтылық пен азаматтық бірлікті қамтамасыз ететін жалпы ұлттық және жалпы қазақстандық идеологияны қалыптастыру болып табылады. Осы мәселеде: «…біз идеологияға табынған қоғамды ұзақ уақыт бастан кешіп қалдық, демек бізге мақсат ретіндегі идеология қажет емес, әлеументтік-техналогияларды тұрақтандыруға бағытталған шаралардың бөлшегі ретіндегі идеология, әлеуметтік экономикалық жаңарту және ашық түрдегі нарық экономикасына көшу процесіндегі ерекше міндеттерді шешуге қоғамды ұйымдастыратын нақты күш ретіндегі идеология керек» деген авторлардың тұжырымын қолдау қажет.

Патриотизм-тәрбиенің жемісі. Ол тарихи ұлттық дәстүрлерге тығыз байланысты. Ұлттық сезімдерді патриоизм арнасына, ортақ отанға оған сүйіспеншілік рухына дұрыс бағыттау үшін бұл ерекшеліктерді жақсы білу және олармен міндетті түрде санасу керек.

Біздің пікірімізше, біріншіден, патриотизм тарихи қалыптасатын,

ұлттың өмір сүру ізімен жалғасқан дәстүрлі қасиет болғандықтан ұлттан тыс бола алмайды . Екіншіден, кез-келген ұлтқа еңбек сіңірген өзге ұлт өкілдері туралы жекелеген мысалдар сол ұлтқа бүтіндей мінездеме бере алмайды. Үшіншіден, париоттық сезімді тек биологиялық деп бағалау ғылымға жат нәрсе, оны жануардың инстинктімен шатастыруға әсте болмайды. Ұлттың патриоттық қасиеті биологиялық емес, ол-әлеуметтік, идеологиялық дәстүрлі күрделі құрылым.

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында бір партиялық және жеке дара таптың идеологиясы жоқ екені белгілі. Оның орнына мемлекет Конституциясы мен заңдар рұқсат еткен ауқымда партиялар мен қозғалыстар, ұйымдар саяси пікірталас, сындық ойлар идеяларды жүгізе алады. Алайда, пікір алуандығы жағдайында да бәрінің ортақ мақсат-мүддесі, мемлекет келешегі, ұлттардың татулығы болуы тиіс. Осы орайда кейбір зерттеушілер азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді нығайтудың жалпыұлттық идеяларын жүзеге асыру үшін еліміздегі партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың іс-әрекетін былайша анықтайды:

1) азаматтық және ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында күш қосу;

2) өтпелі кезендегі экономикалық дағдарыс салдарын күйзелген республика халқын әлеументтік жағынан қорғау жөнінде қимыл бірктіру;

3) ұлттық, саяси және діни негіздегі шиеленіс пен кернеулерге жол бермеу;

4) түрлі әлеуметтік және ұлттық топтардың талап-тілектерін зерттеу мен саралау, пісіп жетілген мәселелер бойынша айқын аппарат тарату;

5) республика халқының түбегейлі мүдделерін қозғайтын жобаларды, заңдарды, тұғырнамаларды бұқара алдында кеңінен талқылауға белсене қатысу;

6) саяси, экономикалық, мәдени және идеологиялық өзгерістерді терең ғылыми негізде жүзеге асыруға қатысу.

Патриотизмінің құрамдас бөлігі Отанымыздың қорғанысы. Оның мазмұны ел Конституциясының 36-бабында былайша көрсетілген:

1) Қазақстан Республикасының құқығын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы.

2) Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады

Дегенмен тап қазіргі әлеуметіміз бұл міндеттер өз денгейінде емес. Себебі материалдық жағдайы көтеретін отбасылардың балалары есебін тауып жоғары оқу орындарына түсумен байланысты бұл міндеттен босап тұр. Тарихтан мынадай үлгілі мысал белгілі. 1812 жылы генерал Раевский Бородино шайқасында өзінің барлық балаларын алып шайқасқан өзінің барлық балаларын алып шыққанда ең кіші 14 жаста ғана болыпты. Осындай отаншыл сезімнің ізгі қажетке айналуы патриоттық міндетіміз.

Қазіргі кезеңде елімізде жастардың әскерден бой тасалу сияқты келеңсіз құбылыстың алдын алудың бір шарты- оларды бала жастан әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу, халқымыздың даңқты батырлық дәстүрлерін санаға сіңіру жасөспірімге ел мен жердің қасиетін, қадірін ерте бастан ұғындыру болып табылады. Ол үшін әскери ұйымдар, ішкі істер мекемелері және т. б. сан-салалы жұмыстар атқарылу керек.

Әлемдік мәдениеттің қазынасына байлық халықтар үлес етіп өз құндылықтарын қосуда. Ұлттық тәрбиенің идеялық көздерін Шығыстың екінші ұстазы Әл-Фараби еңбектерінен табамыз. Ол адамның адамгершілік санасы қайырымдылық пен ақиқатқа арналған деп өсиеттеді. Әрбір адам мен халықтарды бақытқа жету үшін бірігуге шақырады. Оның түсінігінше бақыт-жер бетіндегі бейбітшілік, адамдар мен халықтар достығы, олардың бір-біріне көмегі.

Ұлттық тәрбиенің маңызды бөлігі-өз халқыңның тарихи мен мәдени ескерткіштері болып табылады. Руың мен отбасының да өткенін есте сақтау пайдалы. Мешіттер мен шіркеулер де адамгершілік бағытында көп жұмыстар жүргізе алады.

Тарихи салт-сана, ұлттық зерде-мәдениетті азаматтық иек артар рухани қазынасы. Өзінің тегін білу ұлттық ерекшелік негізіне арқа сүйеуі тиіс. Оның адамгершілік пен тәрбиелік байқауы қазіргі дәуірдің-жалпықазақстандық шаңырақтың мұраттарына сәйкестенуі қажет. Осы тұрғыда Н. Назарбаев былай деп ерекше көрсеткен: «Тарихи тек-тамырыңның тереңнен бастау алғанын танып-түсіну, ата-бабаның шапағатын мол шабыты істерін заңды мақтаныш ету, тоталитарлы кезеңнің зардаптарынан айырылу, сөйтіп тарихи сананы уақыт талабына сай қалпына келтіру ұлттық тұтастануға тегеурінді серпін беруге тиіс».

Қазақстан Республикасының саясаты еліміздің прогресі мен гүлденуінің маңызды шарты ретінде этикалық-мәдени келісімді қамтамасыз ету интернационалдық мәдениеттің аса маңызды құндылықтары: бірігу мен ұлтаралықтың, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының және т. б. практикаға енуін басты мүдде санайды. Осыған орай «Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім тұжырымдамасы» саяси-әлеументтік және экономикалық ілгерілеуіміз бен демократиялық реформаларымызды қамтамасыз етудің қажеттіліктерін міндеттеп отыр. Бұл ресми құжат этникалық-мәдени білім стратегиясы өзара байланысты екі мақсаты: этникалық -мәдени сәйкестендіру иен интеграцияны жүзеге асыруға бағытталып, ұлттық сананы қалыптастырудың, мәдени-тілдік мүдделерді жүзеге асыруың құралы ретінде таратушылық, дамытушылық, саралаушылы ынтымақтастырушы-лық сияқты функцияларды атқаруға тиіс. Этникалық-мәдени білім идеясын жүзеге асырудың негізгі шарттары мен принциптері бар. Ал, этникалық-мәдени білім берудің негізгі міндеттері тұрғысында мыналар ұсынылады.

1. жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу, тұлғаның өзінің төл мәдениетіне сай болуына және өзге мәдениеттерді игеруіне жағдай жасау. Мәдениеттер алмасуына, олардың бірін-бірі байытуына бағдар ұстау;

2. көптілді жеке адамды қалыптастыру: ана тілінде, мемлекеттік және орыс тілдерінде еркін ұғынысуға қабілеті азаматтарды даярлау. Сол арқылы өзі этникалық тобына қатысты да, мемлекетіне қатысты да «бірдей адалдық» үлгісін іске асыру

Қазақстанда мұндай білім жүйесін қалыптастыруға қажетті алғы шарт этникалық- мәдени білім кеңістігін құру болып табылады. Өз мәдениеті арқылы өзге мәдениеттерге бағыт ұстаған адам жан-жақты мәдениетті тұлға деп ұғынылады.

Жан-жакты мәдениеті тұлға, ең алдымен тұтас дүние танымға ие болуы қажет. Сонымен жан-жақты мәдениетті тұлға -кемел лингвистикалық сана, бедерлі тарихи сана, діни сана, айқын географикалық сана және т. б. саналарды иеленуі керек. Сонымен әрбір азаматтың жан-жақты мәдениеті осы бағдарламалық талаптарды бойына сіңіре Қазақстанды ортақ отан есебінде жақсы көру, ортақ үй мен ел тағдырына оның табиғатына деген жауапкершілік сезімі нығая түспек.

Сонымен жаңа әлеуметке ұмтылыс кезеңіндегі демократиялық реформалар жаңа мінез-құлық қасиеттері мен өмір салтын тудырады. Өз қоғамына сай рухани-психологияны талап етеді. Өнегелі өрісті жандар патриоттық шешімдерге, қызметпен іс-қимылдарға бейім тұрады. Патриоттық рухты қоғамдық қүшке, әр отандастың қуатына айналдыру-ортақ мәселе-міндет.

Бұл проблемалар көп болып түпкілікті бет бұруді көздейді. Соған орай: нарық өзгерістері мен қоғамдық демократиялық процестерді тереңдетудің әлеуметтік негізін нығайту; Қазақстан халқының барлық әлеуметтік және ұлттық, діни топтарын елімізде жүргізіліп жатқан реформалар идеяларының төңірегіне жұмылдыру; жаңа саяси, этникалық, кәсіпкерлік іс-әрекет мәдениетін қалыптастыруда түрлі саяси партиялар, қозғалыстар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара үйлесімді қарым-қатынастарға қол жеткізу; бірлік, ізгілік, әділет қағидаларын әлеуметтік мейірбандылық және ұрпақтар сабақтастығымен ажырамас тұтастықта қарастыруға жетуге бағытталған шаралар күн тәртібіне қойылды.

Қазақстанды өз Отаным деп қабылдау ұлтын ұмыту немесе ұлтсыздық тұтастық емес. Ол дегеніміз-әрбір ұлт өкілінің қазақ елін оның мүдде-мақсатын қолдап ортақ игілік болашағына айналдыру. Бұл процесте сан ұлт өкілдерінің ынтымағы, бірлігі мен тұтастығы басты қажеттілік. Шынайы достық сезімі мен отансүйгіштік қажет еткен жаңа әлеуметіміздің іргесін орнақтырудың кепілі.

Бекзат Саттарханов атындағы Намыс жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Профессор Талжан Райымбердиев

Қазан 17-де Түркістанда “Б. Саттарханов атындағы

“Намыс” жастар қоғамдық бірлестігінің I-ші құрылтайы өтті.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін аясында рухани-психологиялық қасиеттерді жаңғырту, нарықтық мінез-құлықты қалыптастыру бағытындағы күрделі тәрбиелік бағдарламалардың бір саласы көп ұлтты елімізде ортақ дәстүр, отанға деген сүйіспеншілік арқылы әлеуметтік рухани - қазақстандық патриотизм қажеттіліктерін қалыптастыру мен жетілдіру болып табылады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі жағдайында барлық ұлттардың сана-сезімін қалтқысыз қамтитын жалпы ұлттық патриотизм, ел бірлігі, ана тілін құрметтеу идеясы қалыптасуы қажет. Оның темірқазығы - Қазақстанда барлық ұлттардың Отанды сезінуі.

Көп ұлтты мемлекетіміздің мызғымас бірлігі, татулығы, тілін, дінін, әдет-ғұрыптарын сақтай отырып өмір сүруі өзіндік патриотизммен құнарланғанының белгісі.

Бұл еліміздің негізгі заңында бекітілген.

Киелі Түркістанның топырағында дүниеге келген, бүкіл әлемді 20 жасында дүр сілкіндірген Бекзат Саттархановтың «ұлт намысы - менің намысым» деген зор жалынды сөзінің жүректен жүрекке жеткенінің куәсі дүниеге «Б. Саттарханов атындағы «НАМЫС» жастар қоғамдық бірлестігінің дүниеге келуі шілде айында тек ынталы топтың ғана арманы болса, қыркүйектің 21 күні Қазақстан Республикасының әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің тіркеуінен өтіп N24169-1958-Қ. Б. куәлігі берілді.

Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дің вице-президенті, т. ғ. д., профессор Т. П. Раимбердиев төрағалық жасаған бұл қоғамдық бірлестіктің жарғысы бекітілген. Оның міндеттері мен мақсаттары мынадай:

1. Бірлестік қызметінің негізгі мақсаты:

Жастарды отан сүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеу, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде кең көлемде дамуына, ана тілімізді арындай сақтауға, ел бірлігін нығайтуға атсалысу.

2 Бірлестік мақсатына жету үшін жастарға және жастар ұйымдарына ашық болуымен қатар әлеуметтік, ұлттық, идеялық, гуманизм, демократия, адамзаттың ортақ құндылықтары, жастардың адами қалаулары, еріктілік, теңдік, өзін-өзі басқару, жолдастарына қамқор, отансүйгіш патриот, өз ортасын, ана-тілін құрметтеу негізінде қызмет атқарады және алдына төмендегідей міндеттер қояды:

1) Мемлекеттік тіл-қазақ тілінің Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуінің бірден-бір кепілі екендігін ескеріп, жастарға ана тілімізді арындай сақтауды және оның кең өріс алуына атсалысуды. 2) Салыстырмалы түрде қарағанда егемендігімізді алғаннан бері көп уақыт өте қоймаса да, демократиялық өсіміміздің сол уақыт өлшемімен салыстырғанда көп алға кеткендігін ескере отырып, мойындауды.

3) Салауатты дене тәрбиесіне тиісті дәрежеде белсенділік таныта отырып, рухани-этникалық құндылықтарымызды насихаттау негізінде жастарды “Батыстың рухани интервенциясының” теріс ықпалынан арашалауды.

4) Діннің-мемлекет қауіпсіздігіне ықпалды күш екендігін ескере отырып, жастарды ислам дінінің экстремистік ағымдарының қоғамдағы теріс әрекеттерін жастар арасында түсіндіріп, “демократия” желімен Қазақстанға аяқ тіреген түрлі секталардың іс- әрекеттерінен жастарды сақтандыруды.

5) Бірлестік мүшелерінің мүдделерін үкімет орындары мен басқа да ұйымдарға жеткізу өкілдігін атқару;

7) Қоғамдық өмірдегі кез келген мәселелердің оң шешімін іздеуге жастарды тәрбиелеу;

8) Бірлестіктің мақсаттары мен міндеттерін қоғам ішінде насихаттау және түсіндіру;

9) Қоғамдық өмірде орын алған түрлі жағдайларға деген жастардың көзқарасын анықтап, дұрыс бағыт беру.

10) Олимпиада чемпионы Б. Саттархановтың отанына, халқына деген патриоттық сезімін дәріптей отырып, қазақ жастарының бойында ұлттық рух пен намысшылдықты тәрбиелеу, “ ұлт- намысы, менің намысым” атты Бекзаттың пікірін ұран етуді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдер спортын ұйымдастыруда отансүйгіштікке тәрбиелеудің рөлі
Қазақстандық патриотизмнің қалыптасу тарихы мен даму жолдары
Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру
ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Электронды БАҚ-тағы әскери-патриоттық тәрбие
Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері
Интернационалдық париоттық рух
Қазақстандық патриотизм: мұраты, қалыптасу проблемалары
Бастауыш сынып оқушыларын интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz