Интеллект



1 Ақыл немесе интеллект
2 Интеллект және тұлға
Интеллект(лат. іntellectus – таным, ұғыну, аңдау) – жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Интеллект— қазақша акңл-ой деген мағынаны білдіреді. Интеллект (парасат, зият, ақыл) - индивидтің ақыл-ой қабілеттерінің біршама орнықты құрылымы. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді.
Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақааратты максатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қәбілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект функциялары:
оқуға деген қәбілеттілік;
қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік.
Бірқатар психологиялық түжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңестірледі.
Теориялық және практикалық Интеллект жеке адамның эмоциялық- еріктік ерекшеліктерімен байланысты. Интеллект түрлері:
абстрактылы интеллект,
ересектер зияты,
нақты интеллект,
кристалданғая интеллект,
қарапайым интеллект,
жануарлардың зияты,
жасанды интеллект.
Интеллектті диагностикалау интеллект коэффициентімен жүргізіледі
1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 б.
2. Қазақ телевизиясы. Энциклопедия.–Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. – 640 б.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Интеллект
Интеллект(лат. іntellectus – таным, ұғыну, аңдау) – жеке тұлғаның ақыл-
ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Интеллект— қазақша акңл-ой деген мағынаны білдіреді. Интеллект
(парасат, зият, ақыл) - индивидтің ақыл-ой қабілеттерінің біршама орнықты
құрылымы. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын
белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді.
Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект -
ақааратты максатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қәбілеттіліктің
күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект функциялары:
оқуға деген қәбілеттілік;
қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік.
Бірқатар психологиялық түжырымдамаларда интеллект ақыл-ой
операцияларының жүйесімен теңестірледі.
Теориялық және практикалық Интеллект жеке адамның эмоциялық- еріктік
ерекшеліктерімен байланысты. Интеллект түрлері:
абстрактылы интеллект,
ересектер зияты,
нақты интеллект,
кристалданғая интеллект,
қарапайым интеллект,
жануарлардың зияты,
жасанды интеллект.
Интеллектті диагностикалау интеллект коэффициентімен жүргізіледі.
Ақыл немесе интеллект
Ақыл немесе интеллект (лат. intellectus түсіну, ұғыну, танып білу,
ақыл-ой) - жоғары дамыған және күрделі миы бар организмдердің психикалық
қызметінің айрықша функциясы; ақпар алуға, оны сақтауға, өңдеуге және
беруге, жаңа білімдер қорытып шығаруға, жеткілікті негізделген шешімдер
қабылдауға, алға қойылатын мақсаттарды тұжырымдап, соларға жетуге
бағытталған іс-әрекеттерді қадағалауға, қоршаған ортада болатын хал-
ахуалдарды дұрыс бағалауға қабілеттілік.
Ақыл-ой өңдейтін хабардың аса маңызды қайнар көзі және ол қорытып
шығаратын білімдерді, шешімдер мен мақсаттарды қолданудың объектісі
объективтік дүние. Осы тұрғысында адамның ақыл-ой немесе интеллектілік
қызметі объективті шындықты өзгертуге бағытталған қызметтің негізінде
бейнелендіру болып табылады.
Еуропа философиясының дәстүрінде ақыл-ой қызметінің негізгі деңгейлері
ретінде ақыл-парасат пен пайымдауды бір-бірінен ажыратып көрсетеді.
Пайымдау әлеуметтік-тарихи және мәдени даму үрдісінде және жеке адам
қызметінің барысында қалыптасқан нормалар мен қалыптар шеңберінен шықпайтын
ақыл-ой қызметі ретінде қарастырылса, ақыл-парасат ақылдың мүлдем жаңа
білімдер қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын
жоғары жасампаздық қабілет ретін де қарастырылады.
Метафизика және жаратылыстану ғылым материализм ақылды мидың
нейрофизиология қызметі деп қана түсіндіреді. Диалект, материализм ақылды
және бүкіл психикалық қызметті мидың функциясы деп біледі, бірақ оны
бүтіндей нейтрофизиология үрдістерге жатқызуға болмайды, өйткені ол хабар
беретін белгілерді қолданады және өзгермелі әлеуметтік-тарихи тәжірибенің
негізінде, адамзаттың қоғамдық және мәдени даму үрдісінде қалыптасып
дамиды.
Қазіргі уақытта компьютерлердің кеңінен қолданылуына және "жасанды
интеллекттің", яғни ЭЕМ-де бірқатар ақыл-ой жұмыстары мен операцияларын
(логикалық қорытынды жасауды, диагностикаға эксперттік баға беруді,
математика есептеулерді, мәтінді оқуды, бейнелерді тануды, т.б.) орындай
алатын күрделі бағдарламалар жүйесінің жасалуына байланысты ақыл-ой
қабілеттерін зерттеудің маңызы ерекше артып отыр.
Ақыл-ой шабуылы бір проблема жайында мамандар мен жетекшілердің арнайы
ұйымдастырылған пікірлесуі; жоба туралы толық, ашық, еркін әнгімелесу.
Интеллект және тұлға
С.Л.Дубинштейн (1960, 8.б) қабілеттіліктің дамуы жайлы мұндай пікірге
қарсы: “Адам қабілетттерінің дамуы адамдық қызметтің тарихи дамуындағы
өнімдерді жасау мен меңгеру үдерісінде қалыптасады, бірақ қабілеттердің
дамуы оларды меңгеру емес, дайын өнімдерді меңгеру; қабілеттер адамға
заттан ауыспайды, нақты мүлік заттармен тарихи даму өнімдерін пайдаланудан
өзара қатынас үдерісінде адам бойында дамиды”.
Қабілеттер жайындағы дискуссиядан отандық психологияда психикалық
әлеуметтік детерминациясы жайындағы мәселені шешуде түрлі көзқарастарды
тудырады.
Психикалық қабылдамаудың дамуы негізінде қабілеттер “сырттан әкеліп
қондырылмайды... жеке тұлға бойында ішкі шарттар болуы керек” (Рубинштейн,
1960, с.7). Қабілеттердің дамуы адамзаттың тарихи қоғамдық тәжірибесін
меңгерумен байланысты, бірақ бұл жеке тұлға бойында қабілеттер түрлі
дамуына себептер жоқ дегенді білдірмейді.
Қабілеттер сырттай берілмейді. Не нәрсеге үйрет болатыны олардың
қалыптасуының соншалықты маңызды еместігі сияқты, олар дамудың ішкі
шарттарын, жас және жеке өзіндік ерекшеліктерді қарастырады, ол бұл ішкі
шарттардың өзіндік табиғи дайындықтары бар (Іейтес, 1985, 9.б).
Интеллектінің тұқым қуалауы туралы көзқарастың негізінде көзге көрнекті
ерекшеліктерді қабылдайтын (ақылымен қоса)тұқым қуалаушылық туралы көзқарас
жатыр. Генетикалық, туа берілетін факторлар интеллекті дамуының алғы
шарттары ретінде түсінілуі керек.
Интеллектінің тұқым қуалауы арқылы берілуін айтқанда, ол бізге басында
жоғарғы не төмен деңгейде берілмейтінін есте ұстауымыз керек.
Психологиялық зерттеулердегі интеллект проблемасын талқылай оның
анықтамасын беруге мүмкіндік береді:
Интеллект және тұлға
Көптеген зерттеушілер тұлғалық және интеллектуалдық факторлардың өзара
бацланысын атап көрсеткен болатын. Алғашқылардың бірі Бине болатын.
Интеллектінізерттеу белгілі деңгейде тұлғаны зерттеу боып табылады. Және
интеллект адам мінезінің барлық жадайында көрініс береді. Ол осындай
пікірде болды. Біраз кейін Спирмен еңбектерінде интеллектіні анықтайтын
факторлар бөлініп көрсетіледі. Өз қызметінің соңғы жылдарында ол
интеллектінің топтық факторларымен қатар төзімділік (р), сенімсіздік (о)
және ерік (w) тәрізді факторларды да қарастырды.
Интеллектіні Білімді меңгеру және түрлі жағдайда қолдана білу
қабілеті деп анықтауға болады. Интеллектінің арқасында адам стандартты
емес жағдайларда жол тауып, сезім мүшелері арқылы келіп түскен ақпаратты
қорытып, интеллектуалдық тұрғыда байып отырады. Жеке тұғланың инттеллект
коэффициентін анықтау біздің қоғамда айтарлық кең тарай қоймағанымен, батыс
елдерінде IQ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік интеллект құрылымы
Интеллект карта құрудың алгоритмі
Интеллектіні психогенетикалық зерттеу жайлы ақпарат
Эмоционалды интеллект басқа интеллект түрлерінің жүйесінде
Интеллектті бағалау
Эмоцияларды басқару
Жасөспірімдердің жеке басының психологиялық-педагогикалық диагностикасы
Эмоцияналды интелект, салыстырмалы талдау
Эмоция және эмоциялық интеллект туралы теорияларды салыстыру нәтижесінде заманауи тұлғаның жетістікке жету индикаторын жасау
Жеке және тұлғалық ерекшеліктерді талдау мен өзіңді және басқаларды түсіну арқылы басқару
Пәндер