Желтоқсан ызғары



1 Алматыда өткен ереуіл
2 Кеңес өкіметінің ұлт саясаты
Кеңес империясының, ыдырауы мен Орталық Азия республикаларының тәуелсіздікке қол жеткізуі сөз болғанда, Батыс ғалымдары мен аралшылары 1986 жылдың желтоқсан айында Қазақстанның біраз қалаларында орын алған оқиғаларға соқпай өтпейді.
Қазақ жастарының Кеңес Одағы халықтарының "ар-ожданы" саналатын Компартиясы орталық Комитетінің шешіміне қарсы тұрып, дербестік ұранын көтеруін ешкім де күтпегенді.
Кеңес Одағының ерте ме, кеш пе тарих сахнасынан кететіндігіне сеніп келген шетел алымдарының өздері де Желтоқсан көтерілісін ашық күндегі найзағайдай қабылдайды.
Көтеріліс жөнінде ешбір хабардың таралып етпеуіне империя құрылымдарының бар күш жігерін жұмылдьруына қарамастан. Германияның «Ди Вельт», Ұлыбританияның Тардиан. Америка құрама Штаттарының "Нью-Йорк таймс" т.б. елдердің беделді басылымдарында материалдар жарияланады. Көтерілістің себептері мен оның алдағы уақытта Кеңес Одағының тағдырына тигізер салдарын талдауға арналған Оксфордтағы Орталық Азияны зерттеу орталығыньң директоры С. Эндерс Уимбуштың Алматыдағы көтеріліс", жапон профессары Т Куционың "Қазақстандағы ұлттық көтерілістер". "Остойропа" журналының шолушысы Роланд Шарфтың осы аттас мақалалары жарық көреді Неміс тарихшысы Катрин Векнер Қазақстан халықтарының өзара қарым-қатынасы жөнінде зерттеу жүргізіп, 1996 жылы Гаыбургте жарық көрген кітабында көтеріліс тарихына арнайы тоқталады.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ
Кеңес империясының, ыдырауы мен Орталық Азия республикаларының
тәуелсіздікке қол жеткізуі сөз болғанда, Батыс ғалымдары мен аралшылары
1986 жылдың желтоқсан айында Қазақстанның біраз қалаларында орын алған
оқиғаларға соқпай өтпейді.
Қазақ жастарының Кеңес Одағы халықтарының "ар-ожданы" саналатын
Компартиясы орталық Комитетінің шешіміне қарсы тұрып, дербестік ұранын
көтеруін ешкім де күтпегенді.
Кеңес Одағының ерте ме, кеш пе тарих сахнасынан кететіндігіне сеніп
келген шетел алымдарының өздері де Желтоқсан көтерілісін ашық күндегі
найзағайдай қабылдайды.
Көтеріліс жөнінде ешбір хабардың таралып етпеуіне империя
құрылымдарының бар күш жігерін жұмылдьруына қарамастан. Германияның Ди
Вельт, Ұлыбританияның Тардиан. Америка құрама Штаттарының "Нью-Йорк таймс"
т.б. елдердің беделді басылымдарында материалдар жарияланады. Көтерілістің
себептері мен оның алдағы уақытта Кеңес Одағының тағдырына тигізер
салдарын талдауға арналған Оксфордтағы Орталық Азияны зерттеу орталығыньң
директоры С. Эндерс Уимбуштың Алматыдағы көтеріліс", жапон профессары Т
Куционың "Қазақстандағы ұлттық көтерілістер". "Остойропа" журналының
шолушысы Роланд Шарфтың осы аттас мақалалары жарық көреді Неміс тарихшысы
Катрин Векнер Қазақстан халықтарының өзара қарым-қатынасы жөнінде зерттеу
жүргізіп, 1996 жылы Гаыбургте жарық көрген кітабында көтеріліс тарихына
арнайы тоқталады.
Мағлұматтардың талшылығына байланысты Батыс сарапшылары алғашқы кезде
кеңес баспасөзіндегі біржақты материалдарға шолу жасаумен ғана шектеледі.
Осы себетті, шындыққа сәйкес келе бермейтін, жорамалға негізделген
басылымдарға да жол беріледі Оның бір мысалы ретінде "Орталық Азия
хабаршысы" журналында "Алматы көтерілісіне кеңес баспасөзінің көзқарасы"
деген мақаланы келтіруге болар еді. Мақала түйіні: "Алматыда өткен ереуіл -
этникалық қайшылықтар мен екі жақтан да, қазақтар мен орыстар тарапынан
білдірілген наразылық көрінісі дегенге ғана саяды.
Оқиғаның түп төркінін ұлтаралық қатынастардан іздестіру негізінен
баспасөз шолуларында көбірек ұшырасады. Лондондық Экономист журналында
көтеріліс Қазақстанды мекендеген халықтар мүдделерінің "қақтығысы" деп
сипатталынса, немістің "Шпигель" (1987, №11) журналыңда оқиғаның түп тамыры
ұлттық рухтың имманенттік қасиеттерінен бастау алатын сананың спонтанды
бұлқынысы делінеді. "Ньюсуик' (1991, 8 шілде) журналында қазақтардың ашу-
ызасын туғызған Кремльдің Қазақстан Компартиясының басшылығына "онша
танымал емес орысты тағайындауы еді" деп шамаланады.
Жалпы алғанда көтерілістің шығу себептері Батыс советологиясында берік
орын алған ұлтшылдық концепциясы" шеңберінде қарастырылады. Француз
профессоры А. Беннигсен және басқа да тарихшылар "Ұлттық мәселе - кеңес
жүйесінің ең әлсіз жақтарының бірі, мүмкін, Кеңес Одағын ыдырауға
ұшырататын ең қауіпті фактор" деген пікір білдіреді.
Неміс тарихшысы Г. Брэкердің "Шығыс мәселесі Мәскеу саясатында" деген
көлемді мақаласында Желтоқсан көтерілісін "Ұлттық сана-сезімнің - өсуінің
белгісі" дейді. Бірақ автор бұл процестің "Этникалық және діни сезімнің.
Кеңес мемлекеті саясатының жиынтық туындысы екендігі жөнінде айта отырып,
Орталық Азия республикаларында ислам дінінің ықпалының артуына көбірек мән
береді Батыс советологиясында мұсылман республикаларындағы қандай да болсын
саяси-әлеуметтік мәселелерді "ислам факторы" арқылы түсіндірудің шындықтан
біршама алшақ жатқанын айта кеткен жөн.
Дат ғалымы А. Йоргенсен исламның оянуына байланысты кеңес үкіметі
басшыларының саясатындағы кейбір іс-шараларды ескеру қажеттігін, дегенмен
Орталық Азиядағы жанжалдар мен шиеленістерді діни және этникалық факторлар
арқылы түсіндірумен шектеуге болмайтындығын ескертеді. Ал, Сазиз-аль Ахсан
"Ұлтшылдықты зерттеу жөніндегі канадалык шолу" деген журналда жарияланған
"Орталық Азиядағы ұлттық құрылыс" деген мақаласында модернизацияның Кеңес
Одағындағы ұлтаралық қатынастарға тигізген ықпалын зерттеген ғалымдар
еңбектеріне баға бере келіп көптеген шиеленісті мәселелердің Орталық Азия
халықтарының "түрікшілдік және діни" бірлігін жойып, жаңа кеңес ұлтын құру,
қазақтарды "орыстандыру" саясатынан туындап отырғанына назар аударады.
"Кеңес құрылысы тілі мен ділі бөлек халықтар арасында зорлық,-зомбылық,
ұлттық құндылықтарды түбірлі өзгерту арқылы жүзеге асырылды" дейді ол.
Батыс авторларының "ұлтшылдық феноменн" асыра көрсетуіне М.Горбачев пен
оның жақтастарының ұлт мәселесіндегі бұрмалаушылықтарды жасырып көтеріліс
жауапкершілігін қазақ халқына жүктеуге тырысуының да әсер еткені белгілі.
Ол жөнінде Орталық Азия шолуы" журналында да атап көрсетілді
Кеңес өкіметінің ұлт саясаты өзінің мән-мағынасы жөнінен қазан, және
орыстан өзге басқа да халықтардың мүдделерін қанағаттандыруы мүмкін емес
себебі ол пролетарлық төңкеріс пен тарихи прогресс үшін қандай да болсын
құрбандықты ақтайтын ұлттар мен ұлттық қатынастардың маркстік теориясына
негізделген еді.
Халық тәуелсіздігі мен бостандығы жөніндегі уран маркстік-лекиндік
ілімде табиғи құқық пен тарихи әділеттіліктен емес утилитарлық пайымдаудан
туындайды.
Халықтардың өз алдына дербес өмір сүру құқын Маркс те, оның ізбасарлары
- орыс большевиктері де бұл талаптың өзіндік құндылығын есепке алудан емес
пролетариаттың таптық күресіне пайдалылығы тұрғысынан ұғынады. Төңкерісті
"тарих локомотивіне" теңей отырып, олар қоғамды күшпен қайта құру
мақсатында, жеке әлеуметтік топтар мен таптардың керек болса бүтін халықтың
жоқ болып кетуін де жақтайды. Тиісінше, Гегельден кейін Маркс те халықтарды
Чарихи" және 'тарихи емес" деп екіге бөледі. Маркстің бұл жіктеуінің сол
баяғы "еуропаға табынушылық' концепциясынан туындайтындығы, ол бойынша
тарихи процестің субьектісі еуропалықтар ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желтоқсан оқиғасы қарсаңындағы көтерлістің қозғаушы күші
«Желтоқсан ызғары әлі күнге жүрегімді жылатып, санамды сыздатады»
1986 жыл. 16 желтоқсан
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қазақ жастарының қатысуы және оның тарихи маңызы
Лаула, лаула Желтоқсанның мұзда жанған алауы
«Желтоқсан ызғары» ұрған бәйшешектер
Желтоқсан көтерілісі
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жыл
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні туралы
Тәуелсіздік - баянды бақытымыз
Пәндер