Бюджеттік құқық: ұғымы, пәні, әдістері, жүйесі және қайнар көздері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

БЮДЖЕТТІК ҚҰҚЫҚ: ҰҒЫМЫ, ПӘНІ, ӘДІСТЕРІ, ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ

Қазақстан Республикасының және оның әкімшілік-аумактык құрылыстарының бюджетгік қызметі барысында туындайтын материалдық және ұйымдастырушы сипаттағы қоғамдық қатынастарды толығымен реттеуге ат салысатын бірден-бір құқықтық кұралым бюджеттік құқық Қазақстан Республикасы қаржылық кұкығының басты әрі негізгі бөлімі болып табылады.

Бюджеттік құқыктың аса зор қоғамдық-мемлекеттік маңызы бар қаржылык құкыктық институт ретінде объективті-субъективті көрініс табуына оның экономикалық-қаржылық институты республикалық бюджеттің қоғам өмірінін әлеуметтік-экономикалық, мәдени және әкімшілік-саяси аяларында атқаратын рөлі мен Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталык буыны сипатында алатын орны негіз болып отыр.

Демек, республикалық бюджет (орталық мемлекеттік бюд-жет) экономикалық-каржылық институт сипатында өз ауқымындағы (мемлекеттік шаруашылық жүргізу аясындағы) барлық экономикалық қатынастардың жиынтығын білдіреді, ал бюджеттік құкық қаржылық құкықтық институт ретінде аталған аяда қалыптасып, дамып жаткан барлық экономикалык қатынастарды өзінің бюджеттік құқықтык реттеу әлеуетімен камтиды.

Республикалық және жергілікті бюджеттер мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорлары ретінде Қазакстан Республи-касы бюджеттік жүйесінін материалдык негізін экономикалық қаржылық базисін кұрайды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының бюджетгік жүйесі өз кезегінде, елдегі бюджеттік кұрылыстың ең басты белігін (ірге тасын) қалыптастыратындықтан бюджеттік кұқык оның тиімді әрі тұракты жұмыс істеуіне жағдай жасайды, сондай-ақ оның белгілі бір кұкыктык нормаларының ауқымы бюджеттік жүйенің ұйымдастырылу кұрылысын белгілейді.

Осы орайда, бюджеттік құқық республикалық және жергілікті бюджеттерді (олардың кірісін) калыптастыру және оларды (кірісі калыптастырған қаржы-қаражаттарды) бюджет шығысы (өтпелі кезендегі қоғамдық-мемлекеттік дамудың басымды бағыттарына тікелей катысты шығындар) бойынша қайта белу, бөлінген ақша қаражаттарын пайдалануды (жұмсауды) ұйымдастыру, сондай-ақ бюджеттік жүйенің негізінде Қазакстан Республикасының бюджеттік құрылысын мемлекет құрылысына сәйкес қалыптастырып, құруды ұйымдастыру, оның жұмыс істеу принциптерін белгілеу және оны дамыту барысында туындайтын бюджеттік қатынастарды реттейтін қаржылық құқықтың (Ерекше бөлімінің) аса маңызды әрі негізгі бөлімін білдіреді.

Бюджеттік құқық бүгінде мынадай бюджегтік қатынастардың құкықтық негіздерін құрауымен қатар:

  1. республикалық бюджеггің салықтық кірісін қалыптастыруға;
  2. жергілікті бюджеттердің салықтық кірістерін қалыптастыруға;
  3. республикалық бюджет кірісіне түсетін салыктық емес түсімдерге;
  4. жергілікті бюджеттер кірісіне түсетін салыктық емес түсімдерге;
  5. республикалық бюджет кірісіне негізгі капиталды сатудан түскен түсімдерге;
  6. жергілікті бюджеттер кірісіне түсетін негізгі капиталды сатудан алынған түсімдерге;
  7. республикалық бюджет кірісіне түсетін ресми трансферттерге;
  8. жергілікті бюджеттер кірісіне ресми трансферттер ретінде түсетін түсімдерге;
  9. заң шығарушы және өкілді мемлекеттік билік органдарын қаржыландыру процесіндегі шығыстарға;
  1. орталық атқарушы мемлекеттік билік органдарын ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
  2. қаржы және салық органдарының кызметін қаржылан-дыру процесіндегі шығыстарға;
  3. жергілікті мемлекетгік басқару органдарының жұмысістеуіне каражатгар бөлу барысындағы шығыстарға байланысты;
  4. республикалық және коммуналдык меншікті қалыптастыруға әрі басқаруға жұмсалатын шығыстарға;
  5. темір жол, әуе, теңіз көліктерін және атом энергетика-сын мемлекеттік қолдауға кететін шығыстарға;
  6. әкімшілік-аумақтық құрылыстарға қаржылык қолдау көрсетуге кететін шығыстарға;
  7. қаржы рыногының және рыноктық инфрақұрылымдардын, дамуына жұмсалатын шығыстарға;
  8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышына қызмет көрсетуге және өтеуге кететін шығыстарға;
  9. сот билігін, құқық; қорғау органдарын және прокурату-ра ұстауға кететін шығыстарға;
  10. сайлау және референдумдар өткізуге, бұкаралық ақпарат құраддарын ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
  11. саяси қызметке жұмсалатын қаражаттарға шығыстар мемлекетгік аппарат пен арнаулы бөлімдердін қызметкерлерін әлеуметтік қорғауға каражаттар жұмсау кезіндегі шығыстарға;
  1. білім беруге, кәсіби маман кадрларды даярлауға, ғылымға, денсаулық сақтауға, мәдениет пен өнерге, дене шынықтыруға, спортқа және баска әлеуметтік бағдарламаларға қаражат тар жұмсау процесіндегі шығыстарға;
  2. сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру процесіндегі шығыстарға;
  3. экономиканың мемлекеттік секторын ұстауға, ұлғайтуғажәне оны колдауға қаржы-каражаттар жұмсау барысындағы шығыстарға;
  4. қоғамдык инфракұрылымдар жүйесіне бюджеттік инвестицияларды жұмсау кезінде туындаған шығыстарға;
  5. республикалық бюджеттің кірісі мен шығысын заң жүзінде регламенттеуге;
  6. бюджеттік жүйедегі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын калыптастыруға және пайдалануға;
  7. республикалық бюджет саласындағы бюджеттік кредиттеуге;
  8. Қазакстан Республикасының бюджеттік кұрылысын қалыптастыруға, оның ұйымдастырылу негізіндегі принциптерді белгілеуге және бюджеттік жүйені жетілдіруге;
  9. Республикалық және жергілікті бюджеттер саласындағы мемлекеттік басқаруға;
  10. Республикалық және жергілікті бюджеттерді, бюджеттік инвестицияларды жоспарлауға;
  11. Экономиканың мемлекеттік және кәсіпкерлік секторын мемлекетгік бюджеттік реттеуге;
  12. Мемлекеттік бюджеттік (каржылык) бақылауды жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттеуге ат салысады.

Мемлекеттің бюджетгік қызметінің барысында және бюджеттік құқықтық реттеу аясында туындайтын осындай қоғамдык қатынастар материаддық және ұйымдастыру бюджеттік қатынастары бюджеттік құқықтын пәні ретінде көрініс табады.

Жалпы алғанда мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымды бағыттарындағы бюджетгік катынастардың өздеріне тән мынадай ерекшеліктері болады:

1) олар Қазақстан Республикасының және оның жергілікті мемлекеттік басқару органдарының бюджеттік қызметінің нәтижесінде тек мемлекеттік шаруашылык жүргізу (мемлекеттік бюджет) аясында туындайды;

  1. олар материалдык бюджеттік катынастардың туындауын, тиісінше қалыптасып дамуын камтамасыз етуді көздейтін ұйымдастыру бюджеттік катынастары нысанында пайда болады;
  2. материалдык бюджеттік катынастардың міндетті, тұракты әрі тікелей субъектісі мемлекеттін біртұтас өзі (Қазақстан Республикасы) және оның әкімшілік-аумақтық кұрылыстары (олардың жергілікті мемлекеттік баскару органдары Мәслихаттары мен Әкімдіктері) болып табылады;
  3. олар мемлекеттің материалдық мыкты іргетасын қалауға және онын экономикалык жай-күйін қамтамасыз етуге байланысты жалпы ұлттык өнімді (акшалай нысандағы кұнды сипаттайтын таза ұлттык табысты) құру, бөлу және қайта бөлу аясын- да қалыптасады;
  4. олар Қазакстан Республикасынын бюджеттік құрылысын ұйымдастыру, қалыптастыру және оның тиімді әрі тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, әр деңгейдегі билік органдарының бюджеттік құқықтары мен жауапкершіліктерін заңнама жүзінде бекіту, республикалық және жергілікті бюджеттердіжоспарлау барысында туындайды;
  5. олар экономикалық катынастар (акшалай нысандағыөндірістік катынастар) ретінде республикалық немесе (және) жергілікті орталыктандырылған ақша кқрларында материалдық көрініс табады және Қазақстан Республикасы бюджеттік жүйесінің базисін калыптастырады;
  6. олар Қазақстан Республикасының Ұлттык қорын калыптастыру және пайдалану барысында туындайтын қоғамдык-мемлекеттік маңызы бар трансферттік қаржылык қатынастарды, сондай-ак Ұлттык қорды мемлекеттік басқаруға байланысты ұйымдастыру бюджеттік қатынастарын білдіреді;
  7. олардың материалдык, объектісіне мемлекеттің, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірліктердің міндетгері мен функцияларын қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында республи-калық немесе жергілікті бюджетгердің қаражаттарын жинактауға және бөлуге байланысты ақшалай катынастардың жиынтығы не ақшалай міндеттемелер жатады;
  8. олар мемлекеттің өз қаржылық функцияларын әлеуметтік-экономикалық дайу ауқымында іске асыруына байла-нысты туындайды, сондай-ақ әрдайым қайта бөлу, трансферттеу және материалдық қамтамасыз ету сипатында болады;

10) олар тек құқықтық нысанда, бюджетгік құқықтық қатынастар түрінде көрініс табады және қаржылық-бөлуші процестің әр түрлі бағыттарын білдіруіне орай мемлекетгік шаруашылық жүргізу аясын толығымен, ал корпорациялық және жеке кәсіпкерлік аясын тиісті заңнамада белгіленген ауқымда қамтитын жан-жақты мемлекетгік қаржылық қатынастар ретінде сипатталады.

Сонымен, Қазақстан Республикасы бюджеттік құрылысынын тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражат-қаржы ресурстарын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын бюджеттік қатынастар материаддық және ұйымдастыру сипатында болады, сондай-ақ олар бюджетгік құқық нормаларымен регламенттеледі әрі реттеледі.

Бюджеттік құқық пәнінің мән-жайын нақтьшандыру және ашып көрсету оның кұкықтык ретгеу әдістерін әр түрлі бюджетгік қатынастарға қатысты дұрыс және зандык негізде колдануға үлкен септігін тигізеді.

Демек, бюджеттік кұқықтың нормалары материалдық және ұйымдастыру бюджеттік қатынастарын реттеу ерекшеліктері мен айрықша негіз белгілеріне карай біріктірілуі мүмкін.

Бюджеттік құқықтық пәніне Қазақстан Республикасының бюджеттік құрылысын ұйымдастыру және оның тиісінше жұмыс істеуін каржылық әрі құкықтық негіздеу, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттерді кұру - қалыптастыру, бөлу -кайта белу, пайдалануды (жұмсауды) ұйымдастыру барысында туындайтын коғамдық қатынастар ұйымдастыру және материалдык бюджеттік қатынастары жатады.

Бюджеттік-құқықтық реттеу аясындағы бюджеттік (каржылық) қатынастар:

  • республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің кірісі мен шығысын қалыптастыруға байланысты жүзеге асырылатын мемлекеттің бюджетгік қызметінің барысында туындайды;
  • әркашанда бөлу және қайта бөлу сипатында көрініс табатын ақшалай қатынастар болып саналады;
  • әрдайым республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің, сондай-ак Қазақстан Республикасының Ұлттық корының кірісіне түсетін ақша сипатындағы құнның және аталған бюджетгер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығысынан бөлінетін ақша қаражаттарының біржақты қозғалысын білдіреді;

- мемлекеттін орталыктандырылған ақша қоры және жергілікті әкімшілік-аумақгық кұрылыстар көлемінде орталықтандырылған ақша қорлары арқылы калыптастырылатын және бөлінетін бюджеттік ресурстар нысанындағы ақша қаражаттарынын ағымын көрсететін базистік катынастарға жатады;

әрдайым Қазақстан Республикасының және оның әкімшілік-аумактык бірліктерінің негізгі кіріс және шығыс баланстарының заңы нысанда болуына байланысты бюджеттік-кұкықтық қатынастар сипатында көрініс табады.

Бюджеттік құқыктың мемлекеттің бюджеттік кызметі, республикалық және жергілікті бюджеттер, соңдай-ақ бюджеттік қатынастар жөнінде баяндалған экономикалық және заңи мән-жайларға орай қоғамдық-мемлекеттік манызы зор негізгі құкыктык құралым ретінде каржылық құқық жүйесінен орталық орын алуы:

  1. Қазақстан Республикасының бюджеттік кұрылысының негізін құрайтын бюджеттік жүйенің айрықша маңызымен шартгалған материалдық және ұйымдастыру бюджеттік қатынастарын дербес құкықтық реттеу жөніндегі қоғамдық-мемлекеттік, сондай-ақ жалпы мемлекеттік кажеггіліктің болуына;
  2. бюджеттік құқық нормаларымен реттелетін коғамдык катынастардың және бюджеттік құқықтық реттеу әдістерінің өздеріне тән ерекшелігін нактыландыру арқылы шартталған дербес құкықтык реттеу пәнінің болуына;
  3. негізгі ұғымдар мен категориялардың айрыкша жүйесінің, сондай-ақ бюджеттік жүйе мен бюджеттік құқыктың заңнама жүзінде бекітілген принциптерінің болуына;
  4. бюджеттік құқықтың арнайы қайнар көздері жүйесінің болуына карай айқындалып, негізделеді.

Бюджеттік кұқықтық нормалар өздеріне тән мынадай белгілермен ерекшеленеді:

  1. олар бюджеттік заңнамалық актілер қабылдау жолымен белгіленеді;
  2. олар уәкілетгі (бюджеттік құзыретке ие) мемлекеттік органдар тарапынан белгіленеді және мемлекеттік биліктік (императивтік) сипатта болады;
  3. олар реттелінетін бюджеттік қатынастар ауқымында заңдық режимін және бюджетгік (қаржылық) құқықтық тәртіпті белгілейді және қамтамасыз етеді;
  4. олар республикалық және жергілікті бюджеттерді аткару мән-жайларына қатысты және бұлжытпай орыңдалу мақсатында мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі;
  5. олар мемлекеттің бюджеттік кызметінің (мемлекеттік шаруашылық жүргізу) аясындағы қоғамдық-мемлекеттік құқықтык мүдделерді көрсетеді және нысаналайды;
  1. олар тек материалдык және ұйымдастыру бюджеттік қатынастарына қатысушылардың іс-әрекеттері мен қызметін әрі мінез-кұлықтарын реттейді;
  2. олар Қазақстан Республикасының құқық жүйесіндегі бас-қа құқықтык нормаларға қарағанда өздерінің тікелей әлеуметтік-экономикалык басымды бағыттарымен, өздерінің жүйесіндегі императивтік және құзыреттік, сондай-ақ есептеу нормаларының болуымен өзгешеленеді;
  3. олар республикалык және жергілікті бюджеттердің кірісі мен шығысынын тиісінше қалыптастырылуына ұдайы әрі жан-жақты ат салысады;
  4. олар материалдық бюджетгік қатынастардың тиісті субъектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ мемлекет аддындағы қаржылық міндеттемелерін туындатады;

10) материалдык бюджеттік кұқыктық нормалар көбінесе тиісті қаржылық заңнаманың белгіленген уақыт бөлігінде, адамдардың (тұлғалардың) айкындалған шеңбері бойынша және кеңістік ауқымында жүмыс істеуіне байланысты тек қаржы жылының көлемінде ғана зандык күшінде әрі қолданыста болады.

Демек, Қазақстан Республикасының Бюджеттік құқығы :

  1. Қазакстан Республикасы бюджеттік кұрылысының ірге тасын және толығымен алғанда экономикалык-каржылық сәулетін қалыптастыратын бюджеттік жүйенің әлеуетін, сон-дай-ақ заң режимдерін айқындауға;
  2. Республикалық деңгейде және жергілікті аукымдарда бюджеттік жоспарлау процесін ұйымдастыруға, оны жүзеге асыру тәртібін белгілеуге және стадияларын регламенттеуге;
  3. Республикалық бюджетгің салықтық түсімдері мен салыққа жатпайтын өзге де түсімдерінің құрамын айкындауға;
  4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының салыктык және өзге де түсімдерінің кұрамын айқындауға;
  5. Жергілікті бюджетгердің салықтық түсімдері мен салыққа жатпайтын өзге де түсімдерінің құрамын айқындауға;
  6. Республикалык бюджет пен жергілікті бюджеттер шығысының нақтылы жұмсалу бағыттарын (құрамын) айқындауға;
  7. Қазақстан Республикасының Ұлттық қкоры шығысының басымды бағыттарын айқындауға;
  1. Қазақстан Республикасының бюджеттік құзыретін айқындауға әрі белгілеуге;
  2. Казақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық кұрылыстарының бюджеттік құзыретін айқындауға әрі белгілеуге;

10) Казакстан Республикасы бюджеттік жүйесінің ауқымында жүзеге асырылатын бюджетгік реттеу тәсілдері мен принципгерін белгілеуге кызу ат салысады.

Бюджетгік құкықтын кұрамында өзара тығыз қарым-катынаста болатын қаржылык (бюджеттік) кұкықтык нормалардың жиынтығына қоса өзара тығыз байланысқан кұқықтык идеялар нақтылы институттар және тек бюджеттік құкыққа тән принциптер жүйесі көрініс табады.

Бюджетгік кұкықтың нормалары көбінесе бюджеттік кұрылыс пен бюджеттік жүйе ауқымындағы, бюджеттік жоспарлау процесіндегі, сондай-ақ республикалық (орталыктандырылған ақша корын) бюджетті және жергілікті (орталықтандырылған акша корларын) бюджеттерді қалыптастыру, оларды кірісі мен шығысы бойынша аткару аясындағы көптеген ұйымдастыру әрі материалдық мазмұнды бюджеттік катынастарды реттеулеріне қарай материалдық және ұйымдастыру бюджеттік құқықтық нормалары болып бөлінеді.

Сонымен, Бюджеттік құқық ұғымын Қазақстан Республикасының бюджеттік кұрылысын (бюджеттік жүйе мен мемлекеттің құрылысы негізінде) ұйымдастыру және онын тиісінше жұмыс істеуін камтамасыз ету, Қазақстан Республикасында жыл сайынғы бюджетгік жоспарлауды (процесті) жүзеге асыру, сон-дай-ақ Қазақстан Республикасы мен оның әкімшілік-аумактық бірліктерінің бюджеттік кызметі процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды (мемлекеттік қаржылық катынастарды) реттейтін Қазакстан Республикасы қаржылық құкығының негізгі (орталык) бөлімі деп айқындауға болады.

Бюджеттік құқық республикалық және жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының балансты болуын; бюджетгік жүйенің балансты болуын және оның тиімді жұмыс істеуін; бюджеттік инвестициялық жобалар негізінде жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялаудың дамытылуын; қабылданатын бюджетгердің түсінікті, шынайы және айқын болуын; республикалық және жергілікті бюджеттер шығыстарының (шығындарының) ұтымыландырылуын, соңдай-ақ олардың басымды бағыттар бойынша ықшамдалуын; республикалық және коммуналдық ауқымдардағы бағаларды бюджеттік реттеу арқылы олардың тұрақтылығын қамтамасыз етуді; бюджетгік саясат пен салыктық, акре-кредиттік саясатгың бірыңғайлығын қамтамасыз етуді ешқашан да назардан тыс қалдырмайды әрі өзінін реттеуші әлеуетімен оларды өркениетті қамтуға ат салысады.

Бюджеттік құқық өзіне тән реттеуші функцияны жүзеге асыру барысында бюджетгік қатынастарға және оларға қатысушылардың мінез-құлықтары мен іс-қимылдарына реттеуші ықпалын тигізетін құқықтық құралдардың немесе тәсілдердің жиынтығын пайдаланады.

Аталған құкықтык құралдар (әдістер) негізінен қатысушы бір тараптың заңи ерік-ықтиярының катысушы екінші тараптың заңи ерік-ықтиярына карағанда белгілі бір көлемде (дәрежеде) басымды болуына негізделетін бюджетгік қатынастарды реттеуге арналады.

Мемлекеттің бюджеттік қызметінің және бюджеттік құқық пәнінің ауқымындағы мән-жайларға сай айкындалатын бюджеттік кұқық әдістерінің шынайы әлеуеті:

  1. реттелінетін коғамдык қатынастың міндетті катысушысы тарапынан білдірілетін мемлекеттік билік ерік-ықтиярының бір жақтылығын көздейді және ол мемлекетгің биліктік нұсқамаларында анық көрініс табады.
  2. өзінің биліктік ерік-ықтиярына және бір жактылығына қарамастан, диспозитивтік негізде, бірақ міндетгі түрде бюджеттік құкық нормасыңца көзделген жағдайлар шеңберінде билік жүргізуші не тәуелді (бағынышты) тарапқа нактылы іс-қимылдар бойынша тандау мүмкіндігін беруге байланысты анықгалады.

Бюджеттік құқықтық реттеудің (биліктік өктем) императивтік әдісі:

  1. мемлекет бюджеттік қатынастың нақтылы субъектілерінің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін бюджеттік (қаржьшық) заңнамалық актілерде көрініс тапқан біржақты биліктік нұсқамаларды пайдалану жолымен мұқият айқындайды;
  2. мемлекеттің бюджеттік құрылысы саласындағы биліктік әрі міндетті нұсқамаларын тиісінше орындау мемлекеттік мәжбүрлеу механизмімен камтамасыз етілген;
  3. мемлекеттің бюджеттік жүйесіндегі тараптардың уәкілетті мемлекетгік органдар мен заңи міндеттерін орындаушы бағынышты тұлғалардың биліктік, бір жақты әрі міндетті мемлекеттік нұсқамаларды орындаудан бас тартуға хақылары жоқ;

4) Қазақстан Республикасы бюджетгік кұрылысының мән-жайларына, республикалык және жергілікті бюджеттерді кірісі мен шығысы бойынша атқаруға тікелей қатысы бар мемлекетгің биліктік нұскамасын орындамау кінәлі тұлғаларды және лауазымды адамды заң жауапкершілікке тартуға әкеп соктырады.

Ал бюджеттік құкықтык ретгеудін диспозитивтік (келісімді шарттық) әдісі мынадай ерекше белгілерімен сипатталады:

  1. каржылық құкықтык шарт (келісім) бюджеттік қатынастардың заңи нысаны ретінде көрініс табады;
  2. каржылық құкықтық шартты (келісімді) жасасқан тараптарға мемлекет және тиісті бюджетгік қатынас бойынша оның контрагенті жатады;
  3. бюджеттік қатынастағы тараптардың құқықтары мен міндеттері қаржылық кұқыктык шарттың негізіндегі екі жақтың келісімінің мәніне қарай мүмкіндігінше теңестірілген;
  4. мемлекет пен нақтылы бюджетгік катынас бойынша оның контрагентінің арасындағы қаржылық құкықтық шарт тек бюджеттік (каржылық) заннамалық актілерде тікелей көзделген мәселелерге байланысты жасалады;
  5. бюджеттік катынас субъектілерінің екі жақты актілерініңнегізінде шарттык нысандағы бюджеттік катынас туындайды.

Қазакстан Республикасының нарық жағдайындағы бюджеттік кұрылысы бюджеттік құқықтык реттеу әдістерінің аукымында жұмыс істейтін бюджеттік жүйенің ұйымдастырылу принциптері мен механизмін бюджеттік қатынастардың барлык субъектілерінің экономикалык-қаржылық мүдделері тұрғысынан кұруға ат салысады.

Мемлекетгің бюджеттік жүйесінің тиімді әрі тұрақты жұмыс істеуі Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы даму ерекшеліктері мен халықаралық стандарттар талаптарға сай қоғамдық-мемлекеттік және корпоративтік (және жекеменшік) мүдделердің балансын нысаналайтын ұтымды құқықтық механизмге, б. а. бюджеттік құқыктық реттеу әдістерінің тиімділігіне тікелей байланысты болады.

Сонымен, мемлекеттің бюджеттік қызметінің аясындағы негізінен материалдық және тиісті көдемдегі ұйымдастырылу бюджеттік қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы бюджеттік құқықты біртұтас құқықтық құралым ретінде қалыптастырады.

Бюджеттік құқыктың институттары негізінде бюджеттік құқықтың пәні ретінде көрініс табатын материалдық және ұйым-дастырылу бюджетгік катынастарының топтары жатады. Демек, бюджетгік кұқықтың тиісті институттарын кұрайтын қаржылык құқықтык нормалар материалдық немесе ұйымдастырылу бюджеттік қатынастарын реттеу белгілеріне байланысты біріктіріледі, сондай-ак олар бюджетгік құқықтың материалдық және ұйымдастырылу кұқықтык нормалары сияқты өзара тығыз байланысқан аса ірі топтарын кұрайды.

Бір-бірімен аса тығыз байланыста бола отырып, өздері реттейтін материалдық және ұйымдастырылу бюджеттік қатынастарына қарай жүйеленген т үрде, сондай-ақ белгіленген тәртіп негізінде жалпы және ерекше бөлімдерде орналасқан бюджеттік құқықтық нормалар арқылы көрініс табатын бюджеттік құқықтың ішкі құрылысы бюджеттік құкықтың жүйесін білдіреді.

Құқықтық құралым ретіндегі Бюджеттік құқыктың Жалпы бөлімі:

1. Қазақстан Республикасы бюджеттік құрылысының құкыктық негіздері;

  1. Республикалық бюджет саласындағы мемлекеттік басқару;
  2. Жергілікті бюджеттер саласындағы мемлекеттік басқару;
  3. Қазақстан Республикасының Ұлттык қорын мемлекеттік баскару;
  4. Бюджетаралық катынастардың құқыктык негіздері;
  5. Республикалық бюджетті жоспарлаудың кұкықтық негіздері;
  6. Жергілікті бюджеттерді жоспарлаудың құқықтык негіздері;
  7. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлаудың құқықтық негіздері;
  1. Бюджетгік есептіліктің құкықтық негіздері;
  2. Мемлекеттік бюджеттік бақылаудың құқықтық негіздері тәрізді институттардан кұрылады.

Бюджеттік құқықтың жалпы бөлімінің нормалары мемлекеттің бюджеттік жүйесінің ауқымын толығымен қамти отырып, негізінен ұйымдастырылу бюджеттік қатынастарын құкықтық реттеуге ат салысады, сондай-ақ олар нрекше бөлімнің тиісті құкықтық институттарында нақтыландырылады.

Ал бюджеттік құқықтың Ерекше бөлімінің құрылымында:

  1. Республикалық бюджеттің кірісін құкықтық реттеу;
  2. Жергілікті бюджеттердің кірісін құкыктық реттеу;
  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірісін кұкықтық реттеу;
  1. Республикалық бюджеттің шығысын құкықтык реттеу;
  2. Жергілікті бюджеттердің шығысын кұкыктык реттеу;
  1. Казақстан Республикасы Ұлттык қорынын шығысын кұқыктық реттеу;
  2. Мемлекеттік қарыз алуды және мемлекеттік борышты құкықтық реттеу;
  3. Бюджеттік кредиттеуді, бюджеттік инвестицияларды, гранттарды кұкыктык реттеу сиякты негізінен материалдык бюджеттік катынастарды реттейтін институттар орын алған.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттік құқықтың қаржылық құқықта алатын орны
Мемлекеттік қаржы қызмет
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Қаржы құқығы пәнінен оқу - әдістемелік кешені
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Мемлекеттің қаржылық қызметі
Қоғамның құқықтық жүйесін талдау
Құқық негіздері Оқу құралы
Компанияның қаржылық стратегиясылар
Аграрлық қатынастарды экономикалық реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz