Жас ұрпақтың тәрбиесiне терең үңiлетiн уақыт келдi



1 Жас ұрпақ тәрбиесi
2 Жастар арасындағы суицид
Оңтүстiк Қазақсан облысының әкiмi Асқар Мырзахметовтың бастамасымен халыққа орнықты ой айтып, бiрлiк пен берекенi бекемдей түсудi басты бағдар еткен "Ырыс алды – Ынтымақ" дәстүрлi басқосуы жалғасын тауып келедi. Бұған дейiн ол Түркiстан қаласы мен Ордабасы, Қазығұрт, Мақтаарал аудандарында ұйымдастырылып, онда қоғамдағы ең өзектi мәселелер ортаға салынған болатын. Жуырда облыстағы зиялы қауым өкiлдерi мен ақсақалдардың басын қосқан кезектi алқалы жиын, келелi кеңес Төлеби ауданында өттi. Бұл жолғы жиын толығымен жас ұрпақтың тәрбиесiне, оның iшiнде жасөспiрiмдер арасындағы қылмыс, жұмсыссыздық, дiни ахуалға арналды.
– Қазығұртта өткен кеңесiмiзде жастар тәрбиесi жөнiнде ой қозғап, атқарар iстерiмiздi айтқан болатынбыз. Арада бiршама уақыт өтсе де жастар ортасындағы проблемалар азайған жоқ. Әрине, ұрпақ тәрбиесiнiң жемiсi бiр күнде немесе бiр жылда бермейтiнi белгiлi. Сонда да, тың бетбұрыс, iшiнара қозғалыс басталып, үмiтiмiздi үкiлей түсуi керек едi. Өкiнiшке орай жастар саясатында әлi де серпiлiс аздау, көңiлге қаяу түсiретiн мәселелер жетерлiк,– дедi жиналғандардың алдында сөз алған облыс әкiмi. Өңiрдегi жас ұрпақтың тәрбиесiне қатысты бар проблеманы ашып көрсетiп, оны көп болып жұмылып шешуге шақырған облыс басшысының сөзiн оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi: ЖАС ҰРПАҚТЫҢ
ТӘРБИЕСIНЕ ТЕРЕҢ ҮҢIЛЕТIН УАҚЫТ КЕЛДI
Оңтүстiк Қазақсан облысының әкiмi Асқар Мырзахметовтың бастамасымен халыққа
орнықты ой айтып, бiрлiк пен берекенi бекемдей түсудi басты бағдар еткен
"Ырыс алды – Ынтымақ" дәстүрлi басқосуы жалғасын тауып келедi. Бұған дейiн
ол Түркiстан қаласы мен Ордабасы, Қазығұрт, Мақтаарал аудандарында
ұйымдастырылып, онда қоғамдағы ең өзектi мәселелер ортаға салынған болатын.
Жуырда облыстағы зиялы қауым өкiлдерi мен ақсақалдардың басын қосқан
кезектi алқалы жиын, келелi кеңес Төлеби ауданында өттi. Бұл жолғы жиын
толығымен жас ұрпақтың тәрбиесiне, оның iшiнде жасөспiрiмдер арасындағы
қылмыс, жұмсыссыздық, дiни ахуалға арналды.
– Қазығұртта өткен кеңесiмiзде жастар тәрбиесi жөнiнде ой қозғап, атқарар
iстерiмiздi айтқан болатынбыз. Арада бiршама уақыт өтсе де жастар
ортасындағы проблемалар азайған жоқ. Әрине, ұрпақ тәрбиесiнiң жемiсi бiр
күнде немесе бiр жылда бермейтiнi белгiлi. Сонда да, тың бетбұрыс, iшiнара
қозғалыс басталып, үмiтiмiздi үкiлей түсуi керек едi. Өкiнiшке орай жастар
саясатында әлi де серпiлiс аздау, көңiлге қаяу түсiретiн мәселелер
жетерлiк,– дедi жиналғандардың алдында сөз алған облыс әкiмi. Өңiрдегi жас
ұрпақтың тәрбиесiне қатысты бар проблеманы ашып көрсетiп, оны көп болып
жұмылып шешуге шақырған облыс басшысының сөзiн оқырман назарына ұсынып
отырмыз.

Оңтүстiк Қазақстан облысындағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастар 773 мыңнан
асып, өңiр халқының үштен бiрiн құрайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы
Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жастардың жайына ерекше ден қойып,
бiрқатар ауқымды бағдарламалардың бастамашысы болып келедi. Сол саясаттың
аясында облысымызда да бiршама жұмыстар атқарылуда. Осының бiр айғағы
үстiмiздегi жылы тек бiлiм саласын дамытуға бөлiнген қаржы 119 млрд. 308
млн. теңгенi құрап, өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға артты. Бюджет
есебiнен 54 мектептiң, 18 балабақшаның, сондай-ақ 8 мектепке қосымша
құрылыс жұмыстары жүргiзiлуде. Оның 58-i биыл берiлетiн болса, 1 қыркүйек
күнi 25 бiлiм нысандары ашылды. (Бiр жағынан, бұл, тәуелсiздiгiмiздiң үлкен
жетiстiгiнiң бiрi екендiгiн көрсетедi).
Өткен жиындарда "Жастар орталығын" ашу керектiгi айтылса, бүгiнде талапқа
сай облыстық "Жастар орталығы", оған қосымша аудандарда да осындай
орталықтар ашылды. Бұдан бөлек басқа да кешендер, спорттық клубтар ашылуда.
Яғни, мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлiнiп, аз жұмыс жасалынып жатқан
жоқ. Ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрiмiз, әдет-ғұрпымыз түгелдей
дерлiк, инабатты ұрпақ өсiру, патриоттық рухы биiк, отаншылдық сезiмi
жоғары азамат қалыптастыруға негiзделген. Әйтсе де, кейiнгi жылдары ескiнiң
бәрiне ежiрейе қарап, жөн-жосықсыз жаңашылдыққа жаппай ұмтылудың салдарынан
дәстүрден бiраз жаңылдық, ұрпақ тәрбиелеуде ұтылдық. Базбiр қиын-қыстау
жылдарда басты байлыққа баланы емес, басқаны қоюымыздың салдарынан, жас
буынның бойында көптi түңiлдiрер жағымсыз қасиеттер қалыптасты. Жастарды
айтпағанның өзiнде кәмелетке толмаған мектеп жасындағы балалардың қолымен
жасалған қылмыстар өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 33 пайызға өсiп
отыр. Соның iшiнде аса ауыр қылмыстар 75 пайызға (8-ден 14-ке), ауыр қылмыс
9 пайызға (66-дан 72-ге) артқан. Егер 2010 жылы оқушылар 331 қылмысқа бой
ұрса, биылғы 6 айдағы қылмыстың саны 231-ге жеттi. Бiз сонда кiмдердi
тәрбиелеп жатырмыз?
Әсiресе, жергiлiктi баспасөз беттерiнде жиi сыналғандай Түркiстан
қаласындағы жасөспiрiмдер қылмысы шектен шығып барады.
Өткен жылы қасиеттi қалада жеткiншектердiң қатысуымен 29 қылмыс тiркелсе,
үстiмiздегi жарты жылдың өзiнде 34 қылмыстық оқиға орын алып үлгердi. Бұл –
қаладағы бүкiл құқық қорғау, бiлiм, әкiмшiлiк органдарымен қатар
ақсақалдар, зиялы қауым, соның iшiнде Түркiстандағы "Ырыс алды – ынтымақ"
қоғамдық форумының филиалы, ата-аналар комитетi әрбiр отбасы үшiн дабыл
қағарлық жағдай.
Қазығұрт, Ордабасы, Сарыағаш, Шымкент сынды аудан, қалалардағы
жасөспiрiмдер қылмысының артуы да бiздi алаңдатады. Әлi оң-солын танып
үлгермеген балалардың қолымен биылғы жарты жылдың көлемiнде 7 адам қасақана
өлтiрiлген. Жасөспiрiмдердiң топтасып, жанжалдасуы көбейiп, суық қару
қолдануы жиiлеп барады. Таяуда ғана мұндай оқиғалар Шымкент қаласында орын
алып, мектеп бiтiрер ұлынан үмiт күтiп жүрген отбасыларды қара жамылдырып
кеттi. Өмiрде әлi өкiнiш пен қуаныштың дәмiн татып үлгермеген бозбалалардың
арасында бiр-бiрiн өлiмге қиятындай өшпендiлiк, қатыгездiлiк қайдан
туындаған?! Мұның жауапкершiлiгi кiмде? Ата-ана мектеп ұжымына, ұстаздар
полицияға немесе отбасылардың өздерiне сiлтеп әуре. Ал шындығында ұрпақ
тәрбиесiндегi берекесiздiк осы үшжақты үйлесiмiнiң болмауынан,
жауапкершiлiктi бiр-бiрiне сiлтеуiнен туындап отырғаны түсiнiктi емес пе?!
Қазiргi бiлiм ұяларында ұстазына сәлем бермейтiн оқушылардың көбейгенi де
шындық. Тiптен мұғалiмдi келемежге айналдыратындар да жоқ емес. Өз
кезегiнде оларға педагогтар шара көре бастаса, арашаға ата-ана түседi. Сес
көрсетедi, қоқан-лоққы жасайды, тиiстi орындарға арыз түсiредi, сотқа
бередi, дауға ұластырады. Не отбасында, не мектебiнде тыйым көрмеген
баладан тiл алатын ұл-қыздың өсуi екiталай емес пе?
Атамыз қазақ "қызым үйде, қылығы түзде" дегендей, соңғы кездерi мектептегi
қыз балалары да қылмысқа араласа бастады. Өткен жылды айтпағанда ағымдағы
алты айда 29 қылмыс оқушы қыздардың тiкелей араласуымен жасалған. Олардың
жанжал ұйымдастырып, жаға жыртысып, өзгелерге әлiмжеттiк жасап, тонау,
тартып алу, күш көрсету сынды әдепсiздiктерi туралы не айтуға болады?
Нашақорлық, темекi шегушiлiк пен iшiмдiкке әуестiк артуда, 2011 жылдың 7
айында оған құмар 315 бала есепке қойылған. Олардың 50 пайызы қыз, ал 75-i
мүлде мектеп бетiн көрмеген жеткiншектер. Бұл балалар қайдан шықты деген
заңды сауал туындайды. Әрине, отбасыдағы және бiлiм ұясындағы бақылау мен
тәрбиенiң осалдығынан. Мәселен ағымдағы 6 айда құқық қорғау органдары 325
берекесiз отбасыны есепке алып, олардың 18-iн ата-аналық құқығынан айырған.
Құқық бұзушылық жасаған жасөспiрiмдердiң барлығы бiрдей берекесiз отбасыдан
деудiң өзi қате. Арасында тұрмысы жақсы, ата-анасы қызметтегi балалар да
жоқ емес.
Ресми дерекке қарасақ, облыста 2008 жылы 17 жасқа толмаған, мектеп
жасындағы 100-ден астам қыз баласының аяғы ауырлаған. Ал 2009 жылы бұлардың
қатары 250-ге, 2010 жылы 352-ге жеткен. 2011 жылдың 7 айында 228-ге жетiп,
олардың қатарында 14 жастағы яғни 8-сыныпта оқитын қыз баласының болуы арға
таңба түсiретiн жағдай.
Бiршама уақыттан берi басталған бұл өте жағымсыз үрдiстi тиiстi орындар
жауып-жасырып келген. Оң босағада отырған қызының сүйекке таңба түсiрер
қылығына бармағын тiстеген ата-аналар да үнсiз қалып, iштен тынған. Бiрақ
үндемегенiмiзбен "үйдей мәселеден" құтылмасымыз анық қой. Салт-дәстүрiне
сергек қарайтын қаймағы бұзылмаған қазақы өңiрдегi мұндай опық жегiзер
олқылыққа бiрiншi, отбасы, екiншi, сала басшылары бiрлескен түрде тосқауыл
қоймаса ұлттығымызға ұят (Бұлай кете беретiн болса, "қаймағы бұзылмаған
қазақы өңiрдi" айтудың өзi екi талай).
Облыстағы 1021 мектептiң 144-де полиция қызметкерлерi жұмыс жасауда. Соңғы
жылдары қолданысқа енгiзiлген бұл тәсiл де тиiмдiлiгiн көрсете алмай отыр.
Әр оқушыға бiр-бiр полиция қызметкерiн бекiту де мүмкiн емес. Дегенмен де,
бұл мәселенiң маңыздылығын ескерiп, облыста әлi шешiмiн күткен әлеуметтiк
мәселелердiң жеткiлiктiлiгiне қарамастан биыл штатты қосымша 195
инспекторға көбейтiп ұстауға облыстық бюджеттен қаржы қаралды. Бiрақ, басты
мәселе отбасыда жатқан жоқ па?
Жастар арасындағы суицид баршамызды ойландыруы қажет. Әзiрге емi табыла
қоймаған тылсым кеселге 2010 жылдың көлемiнде 294 оқушы ұшырап, оның 62-i
көз жұмды. Ал ағымдағы 6 айда 34-iн өлiмнен арашалау мүмкiн болмады.
Деректерден аңғарғандарыңыздай, үстiмiздегi жылы дертке ұшырағандардың
арасында ажал құшқандар өткен жылдың кезеңiмен салыстырғанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтендіру — ортаның дара түрге (индивид) ықпалы
Әлеуметтендіру педагогикасындағы ата-ананың тарихи орны
Имандылықтың сыры
Совет хан ғаббасов
Қазақ-салт дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу туралы ақпарат
Оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда мектеп пен ата - ананың рөлі
«Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері»
Абай мұраларындағы «Толық адам» идеясын оқу-тәрбие процесінде пайдалану
Халықтық педагогикасының бала тәрбиесінде алатын орны
Абай мұраларындағы «Толық адам» идеясын оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдары
Пәндер