Баланың психикасының дамуы


МАЗМҰНЫ.
Кіріспе . . . 3
І. БАЛАНЫҢ ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.
1. 1. Бала психикасының дамуының негізгі заңдылықтарының теориялық негіздемесі . . . 5-8
1. 2. Баланың оқу іс - әрекеттері және оның оқу барысында қалыптасып жетілуі . . . 8-11
1. 3. Бала психикасын қалыптастыруда шешуші рөль атқаратын әрекеттің бірі-еңбек іс - әрекеттері . . . 11-13
ІІ. БАЛАНЫҢ ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ.
2. 1 Мектеп жасына дейінгі жасындағы баланың іс - әрекетінің дамуының жолдары . . . 14-16
2. 2. Мектепке дейінгі баланың оқу әрекеттерін зерттеу . . . 17-18
2. 3 Психологиялық әдістер арқылы баланың іс - әрекетін және психикасын зерттеу әдістері . . . 9-26
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27-28
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29
V. ҚОСЫМША.
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі : Баланың психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болуы, бала өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығаруы, мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. "Әрекетіміз дұрыс болу үшін, - дейді Әл-Фараби, - біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз". Баланы іс-әрекетке итермелейтін оның түрлі қажеттері екені өткен тарауда айтылды. Бала іс-әрекеті - күрделі процесс екендігі, оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесінің кіруі, іс-әрекет (деятельность) ұғымынан әрекет (действие) ұғымын ажырату қажеттігі, өйткені мұның біріншісінің ауқымы аса кең, ал әрекеттің сипаты шағындығы, әрекет іс-әрекеттің шағын бөлігі, единицасы екндігі, ол жеке мақсатты орындауға бағытталуы, әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталуы, бала іс-әрекеттің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отыруы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зерттеудің міндеті : Бала үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару- оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Баланың сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Бала психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп сана мен іс-әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Бала әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отыруы, бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы, сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігі осы жұмыстың басты міндеті болып табылады.
Зерттеудің әдістері : Іс - әрекеттің жас кезеңдеріне байланысты дамуын зерттеуде психологиялық әдістер әңгіме әдісі, тест әдісі байқау әдістерін қолдану.
Теориялық қолданылымы : Мектеп жасына дейінгі баланың психикасын іс-әрекет арқылы дамытуда және ұйымдастыруды әдістер арқылы жүзеге асыру.
Практикалық қолданылымы : Зерттеу жұмысының нәтижелері жалпы білім беретін мектептердің бастауыш кластарды оқыту процесінде енгізілген жағдайда, оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға кең мүмкіндік жасайды.
І. БАЛАНЫҢ ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.
1. 1. Бала психикасының дамуының негізгі заңдылықтарының теориялық негіздемесі.
Балалардың психикалық дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Міне біздің алдымызда бес жасар бала тұр. Ол түсініксіздеу етіп бірнеше сөздерді ғана айта біледі, қолына берген қуыршақты аузына апарады, қарындашпен қағаз бнтіне әлдене шатпақтар сызады. Мұның себебі неде? Мүмкін бала миынан мықтап ауырған шығар? Осы болжамдардың қай-қайсысы да рас болуы ғажап емес. Және де осылардың қай-қайсысы да біздің психикалық даму шарттары жөніндегі білімімізге негізделеді. Осы шарттарды анықтау - бала психологиясының маңызды міндеті. Бала психологиясы психикалық дамуға әсер ететін барлық жағдайларды тауып, санап шығаруға ұмтылып қана қоймай, сонымен бірге олардың әсері неде екенін, осы жағдайлардың әрекетімен бала дамудың бір кезеңінен екіншісіне қалай өтетінін анықтайды.
Дамуы күрт бұзылған балалар, әрине ерекшелік сияқты. Ал психологияны алдымен ережелер қызықтырады. Онысыз ерекшеліктердітүсіну мүмкін емес. Сондықтанда ғылымның басты міндеттерінің бірі жекелеген оқиғаларға байланысты пайда болатын дамудың ерекше жағдайларын емес, нәтижесінде кез-келген бала адам болып қалыптасатын және онсыз қалыпты даму мүмкін болмайтын жалпы шарттарының маңызын бөліп көрсету болып табылады.
Бала организмінің құрылымы мен атқаратын қызметін өзінің ата-бабасынан мұраланады. Туғаннан-ақ оның адамға тән күрделі психикалық іс-әрекет органы болуға қабілетті миы, адамзаттық нерв жүйесі болады.
Адамзат миы болмаса, адам болуы мүмкінбе?
Хайуанаттар әлемінде біздің ең жақын туысымыз - адам тәріздес маймылдар және олардың ішіндегі неғұрлым көнбісі мен ұғымталы - шимпанзе. Олардың қимылы, ымдауы, мінез-құлқы, кейде адамға ұқсастығымен таң қалдырады. Шимпанзенің миы да өзінің құрылымы мен жеке бөліктерінің арақатынасы жағынан басқа хайуанаттарға қарағанда адамзатқа жақын, әрине одан салмағы да жеңіл, көлемі де кіші.
Кішкене екі сәбиді бақылағанда ойын және сезім белгілерінде ұқсастықтың мол екені байқалады. Сонымен бірге принципті өзгешеліктер де көзге түсті. Шимпанзенің аяғынан тік басып жүре алмайтындығы және қолын жерден босата алмайтындығы анықталды. Ол көп жағдайда адамның іс-әрекетіне еліктегенімен, бұл еліктеу тұтыну құрал-жабдықтарын пайдалануға байланысты дағдыларды дұрыс үйренуге және жетілдіруге апармайды. Көбіне қимылдың сырт белгілерін ұстап қалады да маңызын түсінбейді. Мәселен, Иони балғамен шеге қағуға әуестенді. Бірақ ол не қажетті күш жұмсамады, не шегені дұрыс ұстамады, немесе балғасын шегеге дәл тигізе алмады. Нәтижесінде, тәжірибиесінің молдығына қарамастан Иони бірде-бір шегені қаға алмай-ақ қойды. Маймылдың балаларының творчестволық конструкторлық сипаттағы ойындарға да ақылы жете бермейді. Ақырында қаншалықты арнаулы жаттықтырудан өткенімен, оның дыбысқа, сөздерді ұғып алуға еліктеуге еш икемі жоқ.
Маймылдың баласын асыраған американдық ерлі-зайыпты Келлогтар да шамамен осындай нәтежеге жеткен.
Демек, адамзат болмаса адамның психикалық қасиеттерінің де пайда болуы мүмкін емес.
Ерекше икемділік, үйренгіштік - адам миын хайуанаттар миынан ажырататын аса маңызды айрықша белгілердің бірі. Хайуанаттарда мидың көпшілік бөлігі туғанға дейін-ақ бос емес, онда инстинкттер механизмдері, яғни тұқым қуалайтын мінез-құлық формасы бекіген. Ал, балада өмір мен тәрбие беретіннің бәрін қабылдауға және бекіндіру үшін мидың көпшілік бөлігі таза болады екен. Оған қоса, ғалымдар хайуанаттар миының қалыптасу процесі негізінен туған кезге дейін аяқталадынын, ал адамда туғаннан кейін жалғасып, бала дамуының жағдайына байланысты болатынын дәлелдеді. Демек бұл жағдайлар мидың таза жерін толтырып қана қоймай, сонымен бірге оның құрылысына да әсер етеді.
Француз этнографы Виллар Парагвайдың гуайкилдер тайпасы тұратын, қатынасы қиын ауданына экспедиция жасаған. Бұл тайпа туралы бұрын жөнді ештеңе білмейтін едік, тек олардың негізгі тамағы - жабайы араның балын іздеп бір жерден екінші жерге жиі ауысып көшпелі өмір кешетіні, тілінің анайылығы, басқа адамдармен байланыс жасамайтыны белгілі болатын. Мұның алдындағы көптеген экспедицияға қатысушылар сияқты Виллар да гуайкилдермен танысу қуанышы экспедицияның жақындағанын сезіп, асығыс тайып тұрыпты. Бірақ олар қалдырып кеткен тұрақтардың бірінде, сірә асығыстықпен ұмытып кетсе керек, екі жасар қыз бала табылды. Виллар оны Францияға алып келіп, өзінің шешесінің тәрбиесіне берді. Жиырма жылдан соң осы бір жас әйел үш тілді меңгерген ғалым-этнограф болып шықты.
Демек, баланың табиғи қасиеті, психикалық қасиеттер тудырмай-ақ оның жасалуына қажетті шарттар құрайды. Бұл қасиеттер өздері әлеуметтік мұраның арқасында пайда болады.
Балада туған бойда ересек адамға тән мінез-құлық түрі болмайды. Дегенмен, мінез-құлықтың кейбір қарапайым формалары-шартсыз рефлекстер-оған туа бітеді де, олар баланың аман өсіп жетілуі, онан әрі психикплық дамуы үшін де өте-мөте қажет. Бала органикалық қажеттіліктер жинағымен- оттекке қоршаған ауаның белгілі температурада болуына, тағамға т. б. деген қажеттіліктермен және осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған рефлекторлық механизмдермен туады. Қоршаған ортаның әр түрлі әсер етуінен балада қорғану және бейімделу рефлексі пайда болады. Соңғысы оның онан әрі психикалық даму үшін әсіресе маңызды, өйткені ол сыртқы әсерді қабылдап, өзінше қорытудың табиғи негізін құрайды.
Шартсыз рефлекстер негізінде балада ерте кезден-ақ сыртқы әсер мен олардың күрделіленуіне, реакцияның ұлғаюына апаратын шартты рефлекстер қалыптаса бастайды. Қарапайым шартсыз және шартты рефлекторлық механизмдер баланың сыртқы дүниемен тұңғыш байланысын қамтамасыз етеді және үлкендермен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық тәжірибиенің әр түрлі формаларын игеру сатысына өтуге жағдай жасайды. Соның әсерімен, ақырында баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының белгілері қалыптасады.
Балалық шақта балдырған организмі, атап айтқанда, оның нерв жүйесі мен миы шұғыл жетіледі. Өмірінің алғашқы жеті жылы бойына ми массасы шамамен үш жарым есе өседі, оның құрылысы өзгереді, қызметі жетіледі. Психикалықдаму үшін мидың жетілуінің маңызы зор, өйткені осыған байланысты түрлі іс-әрекетті игеру мүмкіндігі артады, баланың еңбекке қабілеттілігі көтеріледі, неғұрлым жүйелі де мақсатты бағытталған оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруға жағдай жасалады.
Баланың жетіліп келе жатқан миы ұзақ уақыт бойы бір тектес іс-әрекеттен туатын ауыртпалықтарды ерекше сезінгіш келеді. Осыған байланысты тәрбиелік әсер ету және оның сан алуандылығын белгілі мөлшермен жүргізу деген маңызды міндет туады. Мынандай өкінішті жағдай болғаны белгілі: жас ата-ана баласымен айналысуға уақыты болмағандықтан, әрдайым оның өзін жалғыз тастап кетуді және радионықосып қоюды әдетке айналдырған. Сәби миының есту саласында тұрақты тежелу пайда болған. Сөйтіп, ол саңырау болып қалған.
Жетіліп келе жатқан организм тәрбиеге неғұрлым көнгіш келеді. Психикалық қасиеттерді дамытуға балалық шақта жүргізілген оқыту жұмыстары үлкен адамды үйреткеннен гөрі әлдеқайда зор ықпал жасайды.
Сонымен, баланың психикалық дамуындағы әр түрлі шарттардың осы процесте атқаратын рөлі бірдей емес. Табиғи шарттар организмнің құрылысы, оның қызметі, оның жетілуі - психикалық даму үшін қажетті, онысыз даму мүмкін емес, бірақ олар баланың бойында қандай психикалық қасиеттердің пайда болатынын анықтамайды. Ол өмірдің жағдайы мен тәрбиеге байланысты. Солардың ықпалымен бала қоғамдық тәжірибені бойына сіңіреді.
Қоғамдық тәжірибе психикалық дамудың қайнар көзі болып табылады, бала ересектердің араласуымен одан психикалық сапалары мен жеке бастың қасиеттерін қалыптастыру үшін материал алады. [1]
Адам болу дегеніміз айналадағы адамдар мен заттарға адамша қарауға, іс-әрекет жасауға үйрену деген сөз. Біз бала ересек адамдардың басшылығымен қоғамдық тәжірибені, адамзат мәдениетінің жетістіктерін игергені туралы айтқанымызда, олардың адам жасалған заттарды дұрыс қолдана білетінін, қоғамдық мораль ережелеріне сай іс-әрекет жасайтынын, тілдің көмегі арқылы басқа адамдармен қарым-қатынаста болатынын ғана емес, есте сақтау, ойлау әдістерін де ескереміз. Бала қажетті психикалық сапалар мен өзіндік қасиеттерді адамның іс-әрекетін және мінез-құлқын меңгеру процесінде ғана игереді.
Тәрбие процесінде бала іс-әрекеттің сан алуан түрін игереді. Ол орамалмен сүртінуді, қасықпен тамақ ішуді, шыны аяқпен ішуді, аяғына шұлық киюді, қарындашпен сурет салуды, текшелерден үй тұрғызуды үйренеді. Осының бәрі белгілі бір сыртқы нәтижеге бастайтын практикалық іс-әрекет. Сонымен бірге баланың ішкі іс-әрекетіде қалыптасады, оның көмегімен сәби заттарды қарайды, оның қасиеттерін анықтайды, олардың бірімен-бірі қалай байланысып тұрғанын ашады, ойынның, суреттің, әлде не тұрғызудың түпкі ойын табады, картиналарды есінде сақтайды т. б. Осындай ішкі іс-әрекеттің қалыптасуы баланың психикалық дамуының негізгі мазмұнын құрайды. Бұлар қабылдау, ойлану, елестету, есте сақтау яғни психикалық іс-әрекеттер. Олар баланың өзін қоршаған дүниені бағдарлауын, практикалық іс-әрекет жасалатын жағдайлармен танысуын қамтамасыз етеді, сондықтан да бағдарлаушы іс-әрекеттер деп аталады.
Бағдарлаушы іс-әрекеттер әдетте практикалық іс-әрекеттен бұрын орындалады, оларды әзірлейді. Қарапайым мысал келтірейікші. Баланың арықтан секіріп өткісі келді делік. Секірмес бұрын ол алдымен арықты мөлшерлеп көреді. Бұл мөлшерлеуге арықтың енін анықтау, оны өзінің секіру мүмкіндігімен салыстыру және ақырында секіруге әзірлік түріне еніп, бүкіл қажетті бұлшық еттер топтарын тиісті дәрежеде ширықтыру кіреді. Осының бәрі секірудің бағдарлаушы, әзерлену фазасын құрайды, осы кезеңде атқарылған іс-әрекет бағыттаушы болып табылады.
Бала өзіне жаңа бағыттаушы іс-әрекетті игере бастағанда, ол ішкі емес, сыртқы формамен орындалады- байқау қимылдары, затты бір-бірімен салыстыру, олардың орнын ауыстыру т. б. арқылы нәтижеге қол жеткізеді. Мәселен, екі жасар балаға біреуінде төрт бұрышты, екіншісінде дөңгелек ойығы бар тақтай, сол ойықтарға сай келетін фигуралармен ойықтарды тығындап көрсетсе, ол кез-келген ойыққа апарып кіргізуге тырысады. Егер бала қателессе, фигураның кірмейтінін байқаса, оны екінші ойыққа апарып сұғады. Ал, үш жасар бала басқаша әрекеттенеді: ол алдымен ойық пен фигураны қарап алады да, сонан соң бірден дұрыс орналастырады. Міндет сырттай байқау арқылы емес, ақылмен орындалған іс-әрекеттің көмегімен шешіледі. Алайда енді сол балаға бұдан гөрі күрделірек басқа жұмыс тапсырып көрейік. Оның алдына шегеге ілінген сызғыш- тұтқа қоямыз да, оның бір ұшы балаға жақын, ал нысана бекітілген екінші ұшын қол жетпейтіндей қашыққа орналастырамыз. Мұндай жағдайда үш жасар бала жоғарыдағы екі жасар сәби секілді байқап қарау жолымен іс-әрекет жасайды екен. Мектеп жасына дейінгі ересек бала басқаша қимылдайды. Ол алдымен міндетті ойша шешіп алып, іске сосын, ешбір байқап қарамай-ақ бірден кіріседі: тұтқаның өзіне жақын тұрған ұшын әрі итеріп, екінші алыс ұшын өзіне жақындатады. Бұдан мектеп жасына дейінгі ересек бала кез-келген міндетті оймен шеше алады дей аламыз ба? Жоқ. Алғашқы арифметикалық амалдарды шешу қалай жүзеге асырылатынына көңіл аударайықшы. Баланың алдына таяқшалар қоямыз. Ол 2 мен 3 қосатын есепті шешуі тиіс. Бала әуелі екі, содан соң үш таяқшаны бөлек санап шығарады. Содан соң бұларды қосып жібереді де қайта санайды.
Сөйтіп сыртқы іс-әрекет ішкі іс-әрекетпен ауысады да бала нақты заттарды қайта-қайта қозғамай-ақ жауап беруі үшін біраз уақыт өтеді. Сыртқы іс-әрекеттің осылайша ішке ауысу процесін психологияда интериоризация деп атайды.
Интериозация процесі арқасында үлкендердің басшылығымен өтетін сыртқы бойға сіңіру ішкі психикалық іс-әрекеттердің пайда болуына және жетілуіне, психикалық дамудағы ілгері басуына жеткізеді.
Әр түрлі іс-әрекеттерді игеру үйрету мен тәрбиенің әсері арқылы өте тұрса да, ол тек ересектердің қалауына ғана байланысты нәрсе емес: бала кез-келген іс-әрекеттерді кез-келген күйінде игере бермейді. Бұл екі себеппен анықталады. Біріншіден, әуелі неғұрлым қарапайым, содан соң мейлінше күрделі қимылдар үйретіледі және баланың қабылдауына мүмкіндігі бар. Екіншіден, бала жаңа іс-әрекетке үйрену үшін, ол балдырғанның қажетіне және мүддесіне сай келу, оны қызықтыратын болуы тиіс. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала жаңа іс-әрекетті, егер олар ойын түрінде көрсетілсе және ойын үстінде пайдаланылса, басқа жағдайларғыдан гөрі едәуір жақсы және жеңіл игереді. Бір зерттеу кезінде мектеп дейінгі балаларға олар үшін қиын тапсырма- ұзақ уақыт өздерін бір қалыпта ұстау ұсынылған. Төрт жастағы балалар тапсырманы дұрыс түсініп және оны бұлжытпай орындауға тырысып баққанымен, айтқан жерден шыға алмаған. Бірақ, дәл осы тапсырма ойын түрінде берілгенде жаңағы төрт жасар балалар ойдағыдай орындай бастаған.
Өмірінің алғашқы жеті жыл ішінде бала жүйелі түрде іс-әрекеттің бірнеше түрін игерді. Олардың ішінде іс-әрекеттің үш негізгі, жетекші түрін: қарым-қатынас, заттық іс-әрекет және ойынды бөліп алады.
Баланың ересектермен эмоциялы қарым-қатынас жасауы оның заттармен қарапайым іс-әрекеттер жасауынан бұрын пайда болады. Сәби әлі сөзді, үлкендердің мінез-құлқын түсінбейді, бірақ осының бәріне қуанады, ересектерге ұзақ уақыт бойы қарап отыруға, өзіне арналған сөзге үн қатуға, үлкендердің әсер етуі аударады.
Сәбилік шақта баланың үлкендерге көңіл бөлуі заттарға ауысып, ол заттық іс-әрекетке көшеді. Заттарды қолдануды игере отырып, бала неғұрлым тәуелсіз болады, үлкендердің іс-қимылына еліктеуге, солармен бірге әрекеттенуге, өзінің кейбір іс-әрекеттері жайлы белгілі көзқарас білдіруді талап етуге мүмкіндік алады.
Келесі қадам- рөльді ойынға көшу. Бала дербестік көрсете бастайды, ол өзінше үлкен болуға, оның рөлін орындауға, заттар мен оқиғаларға ересектерше билік жүргізугек тырысады. Әрине, әзірге олар мұның бәрін жорта, шынайы бұйымдарды ойыншықтармен, нағыз іс-әрекеттерді елеспен алмастырып қана орындай алады.
Сонымен, балалардың қажеті мен құштарлығы үнемі үлкендермен байланысты. Баланың мүмкіндігі артқан сайын бұл байланыс жаңа формаға ие болады. Жетекші іс-әрекеттің жаңа түрлерінің пайда болуына негіз болып табылатын тың қажеттіліктер дүниеге келеді.
Жаңа жетекші іс-әрекетке ауысу оларға үлкендердің үйреткеніне ғана емес, сонымен бірге баланың қоғамдағы өмір жағдайының бүкіл жүйесіне байланысты. Іс-әрекеттің жетекші түрінде баланың басты қажеттіліктері мен құштарлықтары көзге түседі; іс-әрекеттің осы түрінде әр жас мөлшеріне лайық неғұрлым маңызды қимылдың, психикалық сапаның және жеке бастың қасиеттерінің қалыптасуы жүзеге асады. Бірақ баланың іс-әрекеті жетекші түрлерімен шектелмейді. Бұлармен қатар іс-әрекеттің басқа түрлері де пайда болып, өркендейді және олардың әрқайсысы баланың психикалық дамуына өз үлесін қосады.
Бала үш пен жеті жас аралығында ойынмен бірге іс-әрекеттің жемісті деп аталатын түрлерін - сурет салуды өрнектеп құрақ құрауды, жапсыруды, құрастыруды игереді. Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу мен еңбек әрекетінің дербес түрі ретінде оқу мен еңбек болмаса да олар кейінірек қалыптасады, түрлі оқу мен еңбек тапсырмаларын да орындай бастайды. Сурет салу мен құрастырудың орны бөлек. Бір нәрсенің суретін аудармай салу немесе күрделі үлгіні құрастыру тек олардың ерекшеліктерімен толық әрі дәл танысу арқасында мүмкін болады. Сондықтан сурет салу және құрастыру баланың қабылдауын дамыту үшін пайдалануы тиіс. [1], (30-34)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz