Адам құқығы мен бостандығы



Кіріспе 1
Адам құқығы мен бостандығы 3
Адамның және азаматтың құқықтық мәртебесінің принциптері 5
Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары 7
Азаматтардың азаматтық (жеке) құқықтары мен бостандықтары 10
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі 15
Адам құқығы - конституциялық құқықтың маңызды институты. Мемлекет ішіндегі құқық, сондай-ақ халықаралық құқық саласында ол ХХ-ғасырдың ІІ жартысында ерекше дамып, бұл адамзат құқығының дамуындағы елеулі қорытындыларының бірі болып табылды. Қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға мемлекетттің саяси және құқықтық жүйесінің сәйкес екендігінің көрсеткіші ретінде ол қазіргі қоғамның күрделі жағдайында адамның лайықты және қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз етуге арналған.
Адам құқығының мәселесі – қазіргі заманның маңызды және өзекті мәселелерінің бірі. Оның ұлттық және ғаламдық сипаты бар.
Адам құқығы мәселелерінің қазіргі заманда алдыңғы қатарға шығуы – рухани байлық пен адамгершіліктің қайта түлеуінің жарқын куәсі деуімізге болады. Адам құқығы оның мемлекет ішіндегі, сондай-ақ ғаламдық көлемдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени мәселелерге нақты қатысуын қамтамасыз етуге арналған.
Адам құқығы мен бостандығын тану және оны сақтау жеке елдерде, сондай-ақ бүкіл әлемде қауіпсіздікті нығайтып, қарым-қатынастардың тұрақтылығын арттырады.
Халықаралық құқық мойындаған адам құқығына кепілдік беретін нормалар ұлттық заңдарда негізгі ретінде конституциялық деңгейге жатады.
1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы
2. Права человека. М., «Норма», 2000г.
3. Права человека; Алматы, «Данекер», 1999г.
4. Сапаргалиев Г. «Конституционное право Республики Казахстан»; Алматы, «Жетi Жарғы», 1998г.
5. Конституция РК: Научно-правовой комментарий; Алматы, 1998г.
6. Журсимбаев С. «Права человека в международно-правовых актах и Конституции РК»; Астана, 1998г.
7. Абельдинов А. «Конституционно-правовой статус человека и гражданина»; журнал «Политика», 1996г. №7
8. Права человека и судопроизводство. Собрание международных документов; Вена, 1995г.
9. Права человека: проблемы и перспективы; М., 1990г.
10. Конституционный статус личности в СССР; М., «Юр. лит.», 1980г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 1
Адам құқығы мен бостандығы 3
Адамның және азаматтың құқықтық мәртебесінің принциптері 5
Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары 7
Азаматтардың азаматтық (жеке) құқықтары мен бостандықтары 10
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі 15

Кіріспе

Адам құқығы - конституциялық құқықтың маңызды институты. Мемлекет
ішіндегі құқық, сондай-ақ халықаралық құқық саласында ол ХХ-ғасырдың ІІ
жартысында ерекше дамып, бұл адамзат құқығының дамуындағы елеулі
қорытындыларының бірі болып табылды. Қазіргі заманғы халықаралық
стандарттарға мемлекетттің саяси және құқықтық жүйесінің сәйкес екендігінің
көрсеткіші ретінде ол қазіргі қоғамның күрделі жағдайында адамның лайықты
және қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз етуге арналған.
Адам құқығының мәселесі – қазіргі заманның маңызды және өзекті
мәселелерінің бірі. Оның ұлттық және ғаламдық сипаты бар.
Адам құқығы мәселелерінің қазіргі заманда алдыңғы қатарға шығуы –
рухани байлық пен адамгершіліктің қайта түлеуінің жарқын куәсі деуімізге
болады. Адам құқығы оның мемлекет ішіндегі, сондай-ақ ғаламдық көлемдегі
саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени мәселелерге нақты қатысуын
қамтамасыз етуге арналған.
Адам құқығы мен бостандығын тану және оны сақтау жеке елдерде, сондай-
ақ бүкіл әлемде қауіпсіздікті нығайтып, қарым-қатынастардың тұрақтылығын
арттырады.
халықаралық құқық мойындаған адам құқығына кепілдік беретін нормалар
ұлттық заңдарда негізгі ретінде конституциялық деңгейге жатады.
1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдаудың
алдында қоғамдық құрылыс жаңарып, экономика нарықтық жүйеге көше бастап,
әртүрлі меншік нысандарына рұқсат берілді, плюрализм дамып, халық билігінің
тікелей жүзеге аса бастады, әлемдік қоғамдастық пен ынтымақтасу және
қауіпсіздік кеңейе түсті; ғылымда марксистік тұғырнамадан жалпы адамзаттық
адам құқығы тұғырнамасына көшуі орын алды. 1995 жылғы Конституция - біздің
қоғамымыздың даму бағыты бекітілген түбегейлі жаңа құжат. Мұнда адамға және
жалпы адамзаттық құндылықтарға басымдық берілген. Бұл қасиеті мемлекеттік
мүдделердің адам мүдделерінен басым болған социалистік теорияға тән
тұғырнамадан бас тартып, жаңа адам құқығының тұғырнамасына көшкенін
көрсетеді.

Адам құқығы мен бостандығы

Халықаралық құжатарда және қазақстандық заңдарда мынадай екі ұғым
қолданылады: адам құқығы және адам бостандығы. Заң тұрғысынан адам
құқығы мен адам бостандығының бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Дегенмен,
белгілі бір өзгешеліктері бар. Мұны осы екі ұғымның анықтамаларын салыстыра
отырып байқауға болады.
Адам бостандығы - бұл мемлекеттің араласуы тиіс емес қызмет салалары.
Ол тек құқықтық нормалар арқылы солардың шеңберінде адамның өз қалауы
бойынша іс-әрекет етуін белгілейді. Мұндайда мемлекет нақты адамның
бостандығына араласпауы тиіс, сондай-ақ мемлекет бұл бостандықтардың басқа
тұлғалардың араласуынан қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.
Адам құқығы – заңда көрсетілген саладағы мемлекет белгілеген және
кепілдік беретін адамның мүмкіндіктері мен өкілеттіктері. Адам
бостандығына қарағанда адам құқығы терминінің аясында адам қызметінің
нақты бағыты бекітіледі. Мемлекет заңда көрсетілген салада адамның іс-
әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етуге және қорғауға міндеттеме
қабылдайды.
Адам құқығы және бостандығы адамның құқықтық мәртебесін белгілейтін,
оның жағдайын бекітетін, жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынасты,
адамның және мемлекеттің қатынастарын бекітетін халықаралық және ұлттық
нормаларының жүйесін білдіреді. Адам құқығының және бостандығының
объективті түрдегі анықтамасы осындай. Субъективті түрде адам құқығы және
бостандығы нақты тұлғаға тиесілі құқықтық нормалар мен көзделген
мүмкіншілігі (өкілеттігі) және мемлекет қорғайтын іс-әрекеті ретінде
анықталады.
Адам құқығы табиғи қасиетке ие және жеке адамнан ажырамайды, олар
аумақтық немесе ұлттық шеңбермен шектелмейді, халықаралық құқықтық реттеу
және қорғау объектісі болып табылып, мемлекеттің заң актілерінде
бекітілгенге қарамастан тәуелсіз болып табылады. Олар адамды сипаттап және
оның қалыпты өмір сүруіне қажетті жалпы әрі негізгі өкілеттіктері болады.
Адам құқығы мемлекеттің нақты заң актілерінде белгіленген жағдайда олар осы
мемлекет азаматының құқықтары болып табылады.
Азаматтық құқық қоғамның және мемлекеттің даму барысында жасалған
және пайда болған табиғи өкілеттіктерінің мемлекеттік нормативтік құқықтық
актілерде көрініс табуы болып табылады. Азаматтық құқық міндетті түрде
конституциялар мен басқа заң актілерінде белгіленеді және мемлекет оны
жария етіп әрі олардың қорғалуын қамтамасыз етеді. Олар адамды мемлекеттік
ұйымдасқан қоғамдастықтың мүшесі екендігін білдіреді.
Бұл екі құқық санаты әдетте бір тұрғыдан еске алынады, дегенмен
олардың мазмұны бірдей емес. Адам құқығы негізгі болып табылады, қай жерде
туғанына, қай елдің азаматы екендігіне, сол елде тұратындығына немесе
тұрмайтындығына қарамастан олар барлық адамдарға тән, ал азаматтық құқық
белгілі мемлекеттегі адамның сол мемлекетте тұрғандығына байланысты
бекітілген құқықтарын кіргізеді. әрбір азаматқандай-да болмасын мемлекетте
жалпыға бірдей адам құқықтарына және осы мемлекет мойындаған азаматтық
барлық құқықтардың жиынына ие. Сондықтан құқықтар мен бостандықтардың екі
тобын біріктіретін азаматтық құқықтар және бостандықтар термині заңды
болып табылады. Бұл құқықтар мен бостандықтар адамның негізгі құқықтық
мәртебесін білдіреді. Олардың көпшілігі абсолюттік сипатта, яғни тек қана
ажыратқысыз болып табылмайды, сонымен қатар олар шектелуге жатпайды.

Адамның және азаматтың құқықтық мәртебесінің принциптері

Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның және азаматтың
құқықтарының негізіне олардың құқықтық мәртебесін бекітеді және оларды
жүзеге асыруға жағдай туғызады. Бұл принциптерге мыналарды жатқызуға
болады.
1. Адам құқықтары мен бостандықтарының шеттендірілмеуі. Табиғи деп
танылған құқықты мемлекет сыйламайды. Ол тек қана таниды, белгілейді және
оларды жүзеге асыруға және сақтауға кепілдік береді. Мемлекет те, оның
органдары да, лауазымды тұлға да заңда тікелей көзделген жағдайларды
қоспағанда, басқа жағдайларда оларды шеттетуге, шектеуге құқығы жоқ.
2. Конституция құқықтарды, бостандықтарды теріс мақсатта пайдалануға
тыйым салады. Конституцияда азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге
асыру басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауы,
конституциялық құрылым мен қоғамдық адамгершілікке қол сұқпауы тікелей
көрсетілген. Әрбір азаматтың кең ауқымды құқықтар мен бостандықтарға ие
болуы дегеніміз олардың барлығы сондай құқықтарға ие екендігін білдіреді.
Адам құқығы, бостандықтары бұзылған жағдайда заңды, құқықты, бостандықты
сақтау, басқа адамның абыройы мен ар-ожданын құрметтеу міндеттерінің
бұзылғандығына қарай заң кепілдігі күшіне енеді.
3. Конституциялық құқықтар мен бостандықты заңсыз шектеуге жол
берілмейді. Мұндайда Конституция шектеудің шегін және негізін көрсетеді.
Біріншіден, құқықтар мен бостандықтар тек заңмен ғана шектелуі мүмкін.
Екіншіден, құқықтар мен бостандықтар конституциялық құрылысты қоғамдық
тәртіпті қорғау, адам құқықтарын және бостандығын, халықтың денсаулығын
және құлықтылылығын қорғау мақсатында қажетті шеңберде ғана шектелуі
мүмкін. Үшіншіден, азамат ешқандай шектеусіз саяси құқықтар мен
бостандықтарды толығымен пайдалана алады. Конституция ешқандай нысанда
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына саяси негіз бойынша шектеуге жол
бермейтіндігін анық көрсетеді.
4. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының тікелей іс-
әрекеті олардың өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалану мүмкіншілігін
және нақтылығын білдіреді.
5. Адамның және азаматтың құқықтық мәртебесінің маңызды принципі
олардың тең құқықтығы болып табылады. Конституцияда осы принцип адамның
және азаматтың өмірінің барлық салаларына қолданылатыны бекітілген.
6. Заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылу
принципі. Бұл конституцияда жарияланған адам құқығы мен бостандығын
білдіреді. Олар осы құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру жағдайын және
тәртібін белгілейтін заңдарды және нормативтік құқықтық актілерді дайындау
және қабылдау кезінде негізгі болып табылатындығын білдіреді.
7. Адамның және азаматтың құқықтық мәртебесінің маңызды принципі
құқықтардың, бостандықтардың және міндеттердің біртұтастығы және
ажырамастығы болып табылады. Әр адам конституцияны және Қазақстан
Республикасының заңдарын сақтауға міндетті. Әрбір адам және азамат адамдар
қауымдастығында өмір сүреді. Адамдар тек бірдей құқықтар мен бостандықтарға
ғана ие емес, сондай-ақ бір біріне, қоғамға, мемлекетке қатысы бойынша бәрі
бірдей міндетті болады.

Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары

Жалпыға бірдей адам құқығын мойындау олардың конституциялық құқықтар
мен арақатынасын, құқықтардың түбегейлі, негізгі және туынды болып бөліну
мәселелерін тудырады. Түбегейлі құқықтарға туа біткен ажырағысыз,
абсолюттік, халықаралық мойындалған жалпыға бірдей құқықтар жатады. Туынды
құқықтарға конституциялық түрде мойындалған және қоғамның өркениеттілігі
дәрежесіне байланысты нақтыланатын, түзетілетін құқықтар жатады.
Конституциялық құқықтар мен бостандықтар - Қазақстан Республикасының
қолданылып жүрген Конституциясының екінші бөлімінде бекітілген құқықтар мен
бостандықтар. Конституциялық құқықтардың барлығы негізгі болып табылады деп
айтуға болады. Отандық қоғамтанушылар негізінен конституциялық және негізгі
құқықтардың бірдей екендігін мойындайды. Олар негізгі деп тек мемлекеттің
Негізгі заңында белгіленгендіктен ғана емес, сонымен қатар адам мен
қоғамның, азамат пен мемлекеттің араларындағы елеулі байланыстар мен қарым-
қатынастарды бекітетіне байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық және жеке тұлға туралы
Құқықтық мәртебенің негізгі түрлері
Адамдар құқықты қалай талап етсе, олар сол дәрежеде міндеттерді орындауы кджет
Адам құқығының тарихы
Адам құқығы туралы
Еңбек саласындағы конституциялық құқықтар мен қағидаларды сот арқылы қорғаудың ерекшеліктері
Азаматтардың саяси қүкықтары
Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы
ҚР адам мен азаматтың азаматтық құқықтық жағдайы
Адам құқығын қорғау
Пәндер