Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға дизайнерлік іскерліктерді үйрету жолдары



КІРІСПЕ ... ... ... ... 3
1 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ДИЗАЙНЕРЛІК ІСКЕРЛІКТЕРДІ ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Қазақстанда бейнелеу өнерінің дамуы ... ... ... .6
1. Мектепте бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дидактикалық принциптері ... ... ... ... ... ... . 19
1.3 Қазақстан суретшілердің шығармашылығы ... ... .25

2 МЕКТЕПТЕГІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Бейнелеу өнерін оқытудың мазмұны ... ... ... ... .37
2.2 Оқушыларға көркемдік білім берудің әдістер мен формалары ... ... ... ... ... ...42

2.4 «Менің университетім» атты шығармашылық жұмыстың композициялық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... 53

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... .57
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
Қазақстандагы көркемдік білім берудің дамуы мен қалыптасуын сөз еткенде, біздің өткен тарихымызға көз салмай кете алмаймыз. Өнер халықпен бірге жасап, бірге өмір сүреді. Өнердің дамуы, халықтың тарихымен, қоғамдағы өзгерістерімен тығыз байланысты.
Қазақстанның XXI ғасырда өркениетті әлемнен орын алып, дамыған елдер деңгейіне жетуіне ықпал етер бірден-бір құдірет - білімді ұрпақ болмақ. Қазіргі кезде Қазақстан сияқты көп ұлтты мемлекет алдында, біріншіден, біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру міндеті тұрса, екіншіден, ұлттың этнопедагогика мен этнопсихологиялық озық дәстүрлеріне сүйене отырып, жеткіншектер санасына туған халқын қадірлеуде ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрін меңгеру, тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеу тарихи қажеттілік болып отыр [1].
Өркениетті дамушы елдер қатарына ену мақсатында жүргізілген іс-шараларға қатысты алғаш күннен бастап ұлттық мәдениеттің қайта өркендеуіне кеңінен жол ашылды. Оған, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашагы қогамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді. ...Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр» - деген сөзі осының айғағы ретінде баяндалған. Елбасы сөзінде «Еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесіне байланыстылығын қоғамдық тарихи кезеңдер айқындап берді, сондықтан да, бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады» деп түсіндіреді [2].
Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнерін оқыту бірнеше мақсаттарды көздейді. Оларға тоқталар болсақ, бірінші қогамның жан-жақты дамыған белсенді мүшесін дайындау. Орта мектепте бейнелеу өнерін оқытуда жалпы білім беру мақсатын көздейді. Орта және жогары білім беретін оқу орындарында математиктер, дизайнерлер, композиторлар дайындау сияқты суретшілерді де дайындайды. Соған дейін мектептегі әрбір пән бірлесе отырып, оқушыларды жан-жақты гармониялық дамуын қамтамасыз етеді. Адам бейнелеу сауаттылығының негізін меңгермесе, өнерді бағалауға да түсінуге де үйрене алмайды. Екінші оқушылардың дүние танымын қалыптастыру негізінде эстетика және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы, өнердегі, табиғаттағы әсемдік қабілетін толық қабылдау, тәрбиелеу болып табылады. Эстетикалық тәрбиенің мәні әрбір адамның әсем өмір сүруіне, әсемдікті жан-жақты қырынан көре білуге, эстетикалық тәрбие беру үдерісінде адамдардың сезімін, талғамын, көзқарасы мен идеясын қалыптастыру. Мектептің міндеті эсетикалық тәрбиенің әр түрлі әдістері арқылы бала жүрегі мен сезіміне әсер ету белсенділігі болып табылады [3].
1. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. Жоғ. оқу орынд. арн. Оқу құралы. –Алматы: Білім, 1995. -232 б.
2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» Қазақстан халқына жолдауы. Егеменді Қазақстан №33-35 30.01.2010. 2б.
3. Шорохов Е.В. Методика преподавания композиции на уроках изобразительного искусства в школе. - Москва: «Просвещение», 1977 - с.112 с ил.
4. Ы.Алтынсарин. Өнер – білім бар жұрттар: өлеңдер, әңгімелер, очерктер, хаттар мен естеліктер. Құраст. С.Мақпыров -Алматы: Жалын, 1991. -240 б.
5. Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т1: Өлеңдер мен аудармалар. –Алматы: Жазушы. -2005. -296 б.
6. Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. /Құраст. Шәріпов Ә., Дәуітов С. – Алматы, Жазушы, 1989. – 117 б.
7. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. –Қызылорда, 1924.-105б.
8. Жұмабаев М. Таңд. Шығарм. Алматы: «Жазушы», 1990. -295 б.
9. Ералин Қ. Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері. –Түркістан, 2005.-92б.
10. Дьюи Дж. Психология и педагогика мышления. Пер. с англ./Под ред. Н.Д.Виноградова. М., 1997.
11. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Оқулық. – Алматы, Нұр-кітап, 2002. -388 бет.
12. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учеб. пособие для студ.пед. вузов и системы повыш. Квалиф.пед.кадров /Е.С.Полат, М.Ю.Бухаркина, М.В.Моисеева, А.Е.Петров; Под.ред. Е.С.Полат. – М.: Издательский центр «Академия», 2000. -272 с.
13. Сухомлинский В.А.Сердце отдаю детям. – Киев: Ряданська школа, 1973.
14. Изобразительное искусство в начальных классах /Б.П.Юсов, М.Н.Семенова, Г.С.Лепский и др.; Под.ред. Б.П.Юсова, Н.Д.Минц. – Мн.: Нар.асвета, 1986. – 167 с.: ил.
15. Полонский В.М. Словарь по образованию и педагогике /В.М. Полонский. – М.: Высшая школа, 2004.
16. Педагогический энциклопедический словарь /Гл. ред. Б.М.Бим-Бад. - М.: Большая Российская энциклопедия, - 2003.С349
17. Философский словарь /Под ред. И.Т. Фролова. – М.: Политиздат, 1991.
18. Аккерман С.И. О принципах и правилах советской дидактики //Советская педагогика, 1950. - № 8.С94-98
19. «Искусства Казахстана». Алматы. 1986, С -96
20. Виппер Б.Р. «Введение в историческое изучение искусства». –Москва: «Изобразительное искусство», 1985
21. «Искусства Казахстана». Алматы. 1992, С -75
22. Ералин Қ., Займоғлы Ө. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі.-Түркістан: «Тұран», 2008.-220 б.
23. Шипанов А.С. «Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілер». –Алматы: «Мектеп», 1989. -170 б.
24. Вандравская Е.Б. «Абылхан Қастеев». –Москва: «Советский художник», 1955
25. «Мастера изобразительных искусств Казахстана». А.Қастеев –Алматы: «Өнер», 1986. -115 б.
26. Барманкулова Б.К. «Павел Зальцман». Каталог. Караганда. 1983. С 58
27. «Қазақ портретіне 100-жыл». Алматы, 2002. -38 б.
28. Ералин Қ., Бейсенбеков Ж., Ералина Ғ. Мамандыққа кіріспе. Оқу құралы. ХҚТУ «Тұран», Түркістан. 2009.-178 б.
29. Жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптарына арналған «Бейнелеу өнері» оқу бағдарламасы .– Астана, 2010. – 17 б.
35.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы //Егемен Қазақстан, 1999. - 7 маусым
36. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения /В.П Беспалько. – М.: Изд-во ИРПО, 1995. – 380с.
37. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан жоғары мектебі, №1, 2004.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Дарханова Нурила Дарханқызы

бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға дизайнерлік іскерліктерді үйрету
жолдары
менің университетім. 100-80 см., майлы бояу, кенеп

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу мамандығы

Түркістан 2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК

УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді
Бейнелеу өнері кафедрасының
меңгерушісі п.ғ.к., доцент м.а.
_________________ Е.Әуелбеков
_____ ______________ 2015 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ДИЗАЙНЕРЛІК
ІСКЕРЛІКТЕРДІ ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ МЕНІҢ УНИВЕРСИТЕТІМ. 100-80 см., МАЙЛЫ
БОЯУ, КЕНЕП

5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу мамандығы

Орындаған

СБС-015 тобы студенті
Дарханова Н.

Ғылыми жетекшісі
п.ғ.к., доцент м.а.
Әуелбеков Е.

Түркістан 2015

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ДИЗАЙНЕРЛІК ІСКЕРЛІКТЕРДІ ҮЙРЕТУ
ЖОЛДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Қазақстанда бейнелеу өнерінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..6
1. Мектепте бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің дидактикалық
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 19
1.3 Қазақстан суретшілердің
шығармашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

2 МЕКТЕПТЕГІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Бейнелеу өнерін оқытудың
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
2.2 Оқушыларға көркемдік білім берудің әдістер мен
формалары ... ... ... ... ... ...42
2.4 Менің университетім атты шығармашылық жұмыстың
композициялық
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..53

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 5
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .57
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59

КІРІСПЕ

Қазақстандагы көркемдік білім берудің дамуы мен қалыптасуын сөз
еткенде, біздің өткен тарихымызға көз салмай кете алмаймыз. Өнер халықпен
бірге жасап, бірге өмір сүреді. Өнердің дамуы, халықтың тарихымен,
қоғамдағы өзгерістерімен тығыз байланысты.
Қазақстанның XXI ғасырда өркениетті әлемнен орын алып, дамыған елдер
деңгейіне жетуіне ықпал етер бірден-бір құдірет - білімді ұрпақ болмақ.
Қазіргі кезде Қазақстан сияқты көп ұлтты мемлекет алдында, біріншіден,
біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру міндеті тұрса, екіншіден, ұлттың
этнопедагогика мен этнопсихологиялық озық дәстүрлеріне сүйене отырып,
жеткіншектер санасына туған халқын қадірлеуде ұлттық рухты сіңіру, сондай-
ақ ұлттық салт-дәстүрін меңгеру, тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін
қастерлеу тарихи қажеттілік болып отыр [1].
Өркениетті дамушы елдер қатарына ену мақсатында жүргізілген іс-
шараларға қатысты алғаш күннен бастап ұлттық мәдениеттің қайта өркендеуіне
кеңінен жол ашылды. Оған, Қазақстан Республикасының президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның болашагы қогамның идеялық бірлігінде атты
еңбегінде: Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі
болып келді. ...Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша
қолдау жасалып отыр - деген сөзі осының айғағы ретінде баяндалған. Елбасы
сөзінде Еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесіне байланыстылығын қоғамдық
тарихи кезеңдер айқындап берді, сондықтан да, бүгінгі таңда жастарға
әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның
рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру,
сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігін, іскерлігін арттыру әділетті
қоғамның міндеті болып табылады деп түсіндіреді [2].
Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнерін
оқыту бірнеше мақсаттарды көздейді. Оларға тоқталар болсақ, бірінші
қогамның жан-жақты дамыған белсенді мүшесін дайындау. Орта мектепте
бейнелеу өнерін оқытуда жалпы білім беру мақсатын көздейді. Орта және
жогары білім беретін оқу орындарында математиктер, дизайнерлер,
композиторлар дайындау сияқты суретшілерді де дайындайды. Соған дейін
мектептегі әрбір пән бірлесе отырып, оқушыларды жан-жақты гармониялық
дамуын қамтамасыз етеді. Адам бейнелеу сауаттылығының негізін меңгермесе,
өнерді бағалауға да түсінуге де үйрене алмайды. Екінші оқушылардың дүние
танымын қалыптастыру негізінде эстетика және көркемдік тәрбие беру.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы, өнердегі,
табиғаттағы әсемдік қабілетін толық қабылдау, тәрбиелеу болып табылады.
Эстетикалық тәрбиенің мәні әрбір адамның әсем өмір сүруіне, әсемдікті жан-
жақты қырынан көре білуге, эстетикалық тәрбие беру үдерісінде адамдардың
сезімін, талғамын, көзқарасы мен идеясын қалыптастыру. Мектептің міндеті
эсетикалық тәрбиенің әр түрлі әдістері арқылы бала жүрегі мен сезіміне әсер
ету белсенділігі болып табылады [3].
Бейнелеу өнерінде мектеп оқушылары қажетті білім, білік, дагдыларды
меңгерумен қатар, кейбір ерекше қасиеттерді қалыптастыруды тиіс, оларга ең
алдымен нақты өмір құбылыстарын бақылауда көре білу, қырагы көзге ие
болу, оларга белсене және қызыга жауап қату жатады. Бейнелеу өнері
шыгармалары тек бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге олар белгілі бір
мазмұндық ойды, түрлі сезімді, дүниетанымды білдіреді. Бейнелеу өнерінде не
бейнеленгені гана маңызды болып қоймайды, мұның қалай, қандай көркемдік
құралдармен бейнеленгені де маңызды мәнге ие.
Бейнелеу өнерінің оқытудагы педагогикалық ұстаным – жас ұрпақты өз
елiнiң мәдениетi мен өнерiнен бастау алатын жалпыадамзаттық көркем
мәдениетке қарай жетелеу.
Ұлттық мәдениетiмiздi танып бiлуге, оны бағалауға Ы.Алтынсарин [4],
А.Құнанбаев [5], А.Байтұрсынов [6], Ж.Аймауытов [7], М.Жұмабаев [8]
пiкiрлерi тұжырымдамалық негiз болып табылады.
Өнер мектеп өмiрiнiң алғашқы күнiнен бастап-ақ баланың әлемге
көзқарасын қалыптастыру құралы ретiнде, әлемдi бiртұтас эстетикалық жағымды
мәнiмен қабылдауға, бағалауға және ассоциациялауға, яғни оймен
байланыстыруга, бейнелi ойлауға үйретiп, көркемдік білім, біліктілігін
дамытады. Әсемдікке баулып, өнер шығармаларын әсерлі сезініп, түсінуін және
оны толқыныспен қабылдауын қалыптастырады. Аңдау, аңғару түріндегі ойлау
машығына жақындау көркемдік таным әрекетінің өзіндік бір ерекшелігі өрісі
ашылмай-ақ жедел қабылдау нәтежиесі ғана көрінетін ой қисынымен кәдімгі
сыршылдық сезім бірлігін іздеу керек. Логикалық тыныс, сезімдік сипат
қашанда жаратылыс құбылысын суреткер санасы байыта қорытып, келісті
мүсіндеген бейне бойында біте қайнасып жатады. Әрине логикалық жүйеге өз
алдына жеке бөлініп ап-айқын, бадырайып тұрмайды, ол тек сезім арқылы
өріліп жетеді. Өйткені, сұлулық игілігін сомдау жолында жас жеткіншек
қашанда ойлана отырып, тіршілік жарасымын бұрмаламай, өз әл қадірінше дүние
құбылысын бар болмысымен мейлінше қаз қалпында, дәлелді бейнелеуге тырысады
[9].
Бейнелеу өнерін оқыту ғалымдар Қ.Ералин, С.Аманжолов, Б.Әлмұханбетов,
А.Қамақов, Д.А.Кемешов, Б.Оспанов, М.Абдрасилов еңбектерінде негізделген.
Бейнелеу өнері шығармаларын сыныпта және сыныптан тыс жұмыстарда
эстетикалық тәрбие беру жұмыстарында қолдану мәселелері Ж.Балкеновтың,
И.Смановтың, Р.Мизамбаевтың және т.б. гылыми еңбектерінде қарастырылган.
Мектеп түлектері нарық қатынастары жагдайында бәсекелестікке қабілетті
өздігінен және одан әрі білім алуына дайындықты қалыптастыратын сапалы
білім алулары керек. Ойымызды нақтылай келе, мектеп алындағы басты міндет –
оқушыларды халқымыздың ұлттық игіліктері мен адамзат мәдени мұралардың
сабақтастығын сақтай отырып көркемдік білім беру негізінде және жас
жеткіншектің дүниетанымының қалыптасуына жан – жақты мүмкіндік жасау
мақсатында зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: Бейнелеу өнері сабақтарында
оқушыларға дизайнерлік іскерліктерді үйрету жолдары деп алдық.
Зерттеу мақсаты: мектепте бейнелеу өнерін оқытуда көркем білім берудің
әдістерін сипаттау.
Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін мектеп оқушыларының бейнелеу
өнері сабақтарында оқушыларға дизайнерлік іскерліктерді үйрету жолдарын
оқыту үдерісі
Зерттеу пәні: Бейнелеу өнері пәнінде сурет салуға баулу
Зерттеу міндеттері:
- тақырыпқа байланысты арнайы, психологиялық, педагогикалық
әдебиеттерге талдаулар жасау;
- бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға дизайнерлік іскерліктерді
үйрету жолдарын мазмұндау;
- мектепте бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға дизайнерлік
іскерліктерді үйретуде оқытудың әдістері мен формаларын сипаттап,

сабақ үлгісін жасау;
- Менің университетім атты шыгармашылық жұмыстың
композициялық құрылымын мазмұндау.
Зерттеу әдістері: озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және
талдау, салыстыру; тақырыпқа байланысты арнайы, психологиялық,
педагогикалық әдебиеттерге талдаулар жасау; шыгармашылық іс-әрекеттерді
бақылау, сараптау т.б.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды,
әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

1 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ДИЗАЙНЕРЛІК ІСКЕРЛІКТЕРДІ ҮЙРЕТУ
ЖОЛДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Қазақстанда бейнелеу өнерінің дамуы
Қазақ елінде қоғамдық құрылыстар дамуы Қазақстан бейнелеу өнеріне
ықпал етеді. Қазақ бейнелеу өнерінің дамуы қазақ өмірінің салт-дәстүрі мен
тұрмысы, әдет ғұрпы мен шаруашылықгына байланысты. Қазақстан бейнелеу өнері
тарихынан ертедегі жартастағы бейнелер ерекше орын алады. Қазақ халқы
бұрыннан мал шаруашылығымен айналысқан. Халық шеберлері сәндік өнерге
қажетті жүн, тері, шикізаттарды мал өнімдерінен алып отырган. Сондықтан
қазақ халқының өнері оған қажетті материалдар, халықтың тұрмысы мен
шаруалығына  тығыз байланысты. Ертедегі қазақ халқының өмірін қазақ жерінде
болган орыс және басқа шетел суретшілердің картиналарынан көруге болады.
Қазақ халқының өнері ертедегі Қазақстан территориясын мекендеген сақ,
үйсін, ғұн тайпаларының өнерімен тыгыз байланысты. Олар мал шаруашылыгымен
айналысып, көшпелі өмір сүрген.
Ат адамның қанаты демекші көшпелілер өмірінде ат қасиеті ерекше
багаланады. Тұлпардың тұяғы жартасқа бейнеленген сурет қазірге дейін
Маңгыстау мен Қаратауда кездеседі. Бұл суретте қазақтар Тұлпар тас деп
атаган. Қазақта жылқы малына байланысты көптеген мақал-мәтелдері бар.
Мысалы: Жақсы ат, ердің қанаты, қасқыр малдың жауы болса, жүйрік оны
қоргаушысы болып көрінеді. Осыган байланысты ат спорт ойынын Көкбөрі деп
атаган. Кейін ол Көкпар болып аталған. Осы сияқты қазақта, қыз бөрі, қыз
қуу сияқты әртүрлі ойындар болган. Ежелгі түрік қағанатының туында – ат
бейнеленген. Мұндай суреттер қазірге дейін жартастарда сақталган. Түрік
тектес халықтар ертеде бұгы, аққу, өгіз тектес жануарларды, құстарды қасиет
тұтқан. Өгіз күш пен бейнеттің символдық белгісі ретінде қабылданган. Бұгы
бағыт пен жол көрсетеді деген ниетте болган. Сондықтан ертедегі шеберлер
жасаган бұйымдарда бұғы бейнесі жиі кездеседі. Бұғы мен қошқар мүйіз ою —
өрнектегі негізгі халық өнеріндегі мотивтің бірі болып табылады. Қазақстан
териториясынан сақ дәуірде табылған ескерткіштер аң стиліне жатады. Сақ
дәуірі алгашқы кезеңінде аңдар образы реалдық шындыққа жақын берілсе соңгы
кездерде стильдеу, ықшамдау басым болды. Аңдар бейнесі біртіндеп ою - өрнек
мотивіне айналды.
Тау ешкісі арқарды, бұғыны, жыртқыш аңдарды қозгалыссыз қалпында
бейнелеу сақ өнерінің архаикалық кезеңіне тән құблыс. Бұлар Қарқаралы
ауданының Мырза Шоқы қорганының, Қайранкөл көлінің маңынан табылған
минатюралық разеткеден көруге болады. Аңдорновтың стилінің жарқын
ескерткіштерінің бірі Алматы түбіндегі Ыссық қорғанынан табылған алтын
киімді адам. Бұл адамның бас киімінен бастап барлық киімі түгелдей алтыннан
жасалған. Бас киімі, жаға кеуде, белбеу киімдерінің бөлшектерінде құс
қанаты жолбарыс, қанатты тұлпар бейнесі бейнеленген. Бұл Ыссық ескерткіші
б.э.д. IX- гасырга жатады. Ыссықтан табылған өнердің ерекше бір түрі
төртбұрышты жиегі 34 см биіктігі 36 см төрт аяқты оюлармен көмкерілген
стол. Мұндай заттар қазақ жерінен көптеп табылган. Жолбарыстар мен
түйелердің ұрыс көріністері бейнеленген қапсырмалар, Атырау, Орталық
Қазақстан, Ақтөбе облыстарының жерлерінде көп кездескен. Аңдар бейнесі
салынган кілемді, қазақ кілемдері ішінде болганы жайлы зерттеуші С.М. Дубин
өз еңбектерінде атап көрсетеді. Аң стилінде, негізгі образдар қой, жылқы,
қасқыр, бүркіт көріністері, көп фигуралы композиция түрінде немесе осы
жануарлар мен аңдардың бас көрінісі түрінде беріледі.
Аң стилі кезеңінің соңында бұл көріністері ою-өрнектері түріне
ауыстырылады. Осыған байланысты ат құлақ, бөрі бас, қошқар мүйіз ою-
өрнектері пайда болды. Ертедегі өзіндік ерекшелігі бар қазақ өнерінің бір
түрі, тастан ойып жасалган қойдың бейнесі. Бұлар Маңғыстау, Орталық
Қазақстан және Тарбағатай тауларында кездеседі. Қойдың бейнесі ертеде
байлықтың, сәтті істің символы ретінде қабылданган.
Түрік қағанаты кезінде тастан өрнекті қашау, ою-өнері дамудың жогаргы
дәрежесіне көтерілГен. Мұндай тас ою-өнері екі түрге бөлінеді. Бірінші –
тас бетіне сызық түрінде ою арқылы бейнелер салынса, екіншісі – көлемді
мүсін түрінде кездеседі. Мысалы Орталық Қазақстанда егіз қайтөс маңындагы
құдаргы жерінен табылган тас бетіне балалы әйел және үш адам бейнеленГен.
Бұл суреттің сюжеті ата қабіріне тагзым ету деген магынаны білдіреді. Осы
кезеңдеГі бейнелі ескерткіштердің бір түрі ердің алдыңгы жақтарга салынган
сурет, бұл суретте аң аулау көрінісі  мен жануарлар бейнеленген.
Түрік қағанаты ұрпақтарының мәдени дәстүрін қыпшақ қаңлы тайпаларының
ұрпақтары жалғастырды (VII – XV г), бұлардың мәдениеті әсіресе X – XII г.
жоғары дәрежеге көтерілді. Қыпшақ пен қарлықтардың осы кезде ерекше көлемді
ескерткіші табылады. Бұлар тастан жасалган адам мүсіндері. Бұл мүсіндер
қыпшақтардың сол кездегі мекені болган Орталық Қазақстанда және қарлықтар
өмір сүрген Жетісу өңірінде сақталган. Аталган мүсіндер осы дәуірдің (VIII
– XIV г) алгашқы кезеңінде жазықтық түрінде болып келсе соңғы кезеңінде
мүсінге жақындай түседі. Бұл мүсіннен әскери адамдар, малшылар, ел
басшылар, әйелдер бейнелерін көруГе болады. Мүсіндер бойында киімдердің
бөлшектері, қару жарақтар, бас киім, белдік, әйелдердің безендіру (сырга,
білезік т.б.) сондай-ақ музыка аспаптары айқын сомдалган.
Кейбір тас мүсіндерде ою-өрнектер салынып құстар мен адамдардың
бейнесі бір қырынан бейнеленген. Тас мүсіндерден басқа Ұлытау тауларында
сары немесе қызгыш түсті қолдан жасалган саукеле ұқсас бас киімі бар
статуеткалар табылған. Бұл статуеткалар Жезқазған қаласының тарихи өлке
тану музейінде сақталған. Қорыта айтқанда Қазақстанның жерінде дамыған
Қыпшақ, Қарлық, Оғыз тайпаларының өнері, қазақ халқының көркем мәдениетінің
бастауы болып табылатындыгы туралы мәліметтер бейнелеу өнері сабақтарында
берілетін білім мазмұнының бір саласы болып табылады.
Қазақ бейнелеу өнерінде Шоқан Уәлихановтың шыгармашылығы ерекше орын
алады. Ш.Уалиханов қазақ халқының тұңғыш ғалым ағартушысы болумен қатар
сурет өнерімен де айналысқан. Бейнелеу өнерінен білімді Шоқан кадет
корпусында оқыған кезде сурет пәнінің мұгалімі И.Пономоревтан алған.
Ш.Уәлихановтың бейнелеу шығармашылығы өзінің ғылыми зерттеу жұмыстарымен
шығыс еліне жасаған саяхаттарымен тығыз байланысты. Ол
өзінің саяхат жасаған жерлерде адамдарды, жан-жануарларды реалистік
тұрғыдан бейнелеген. Шоқан еңбектері бейнелеу, пейзаж, портрет және
анималистік жануарларды қамтиды. Шоқанның суреттерін негізінен мынадай
кезеңдерге бөлуге
болады:                                                           
1.Шоқанның жас кезінде Құсмұрында салған суреттері;
2. Кадет корпусында салған суреттері;
3. Жоңғар Алатауына саяхат кезіндегі суреттері;
4. Қытайға барған сапарындағы суреттері.
Шоқанның бейнелеу өнеріне аса көңіл бөлген тақырыптары пейзаж бен
портрет. Олар Боранбай, Қашқар қызы, Тезек төре, Қытай делегациясын
қабылдау, Автопортрет шығармалары. Шоқанның  салған суреттерінің пейзаж
жанрына кіретіндері Ақ шамшы, Жатақ, Құранды, Таспа тауының
көрінісі, Құс мұрын, Сырымбет, Жоңғар алатауы деген шығармалары.
Шоқан бұлардан басқа Еліктің лагы, Жайрандар деГен аналистік шыгармалар
жазып, Омбыдагы Генерал Губернатордың үйі, Айғаным усадьбасы, Торанғыл
түбіндегі үй суреттерін салып, сонымен қатар архитектуралық құрылыстар
бейнелерін жасаған. Шоқан Уәлиханов сурет салумен қатар өзінің саяхат
жасаған жерлердің Географиялық картасын түсірумен айналысқан. Шоқанның 19
ғасырдың 2-ші жартысында салған суреті сол кездегі Россияда шығатын
Воскресный досуг және Нива журналында жарық көрген.
Қазақ бейнелеу өнерінен суретші В.Верешегин мен Т.Шевченко шыгармалары
ерекше орын алады. XIX гасырдың екінші жартысында орыстың белгілі суретшісі
Верешагин Орта Азия мен Қазақстан жеріне саяхат жасай халық пен ел тұрмысын
мәдени-дәстүрін зерттеумен айналысқан. Ол өзінің шыгармаларында кейіпкердің
көркем образын шыгарумен қатар, халықтың антропологиялық ерекшелігіне аса
назар салып отырган. В.Верешагиннің қазақ жерінде болган сапарында Шу
өзенінің жагасындагы Қазақтың киіз үйі, Лепсі даласын қоршаган тау,
Алатауда, Аңшы қазақ, Райым молда мен Кәрім молда қонақта, Мешіт
есігінің алдында, Согыстың қасіретті ізі, сияқты картиналарын жазған.
Суретші Аңшы қазақ, Райым молда мен Кәрім молда қонақта, Мешіт
есігінің алдында картинасында адамдардың ұлттық киімі үлгісімен оның ою-
өрнектерін, қоршаған ортаның ұлттық сипатын айқын бейнелеуге көңіл бөлген.
Суретші В.Верешагин Шу өзені жағасындағы қазақтың Киіз үйі, Лепсі
даласын қоршаған тау, Алатауда деп аталатын картиналарында қазақтың
тұрмысын, жерінің табиги сұлулығын, өзіндік көркемдік бейнеленген бұл
картиналары қазіргі кезде Москвадагы Третьяков галериясында, Санк-
Петербургтегі Эрмитажда, Ташкент, Алматы және Бішкек қалаларындагы өнер
музейінде сақтаулы.
XIX ғасырдың екінші жартысында (1847-1857 ж) қазақ жерінде болған
суретшілердің бірі Украин халқының ұлы ақыны Тарас Шевченко. Суретші
Т.Г.Шевченко қазақ жерінде он жыл айдауда болды. Суретшіні патша үкіметі
Украин жерін қазақ жеріне жер аударған болатын. Бұл кезде қазақтардың
тұрмысын, салт-дәстүрін, балалардың өмірін, табигат көріністерін
бейнелейтін суреттерін Маңгыстау мен Арал өңірінде болған жылдарында салды.
Суретшінің Автопортрет, Жетім балалар, Қазақтар киіз үйде деп
аталатын картиналары қазақ даласының сол кездегі өмірінен хабар беретін
шыгармалар.
Қазақ  бейнелеу өнері, ұлттық көркем мәдениеттің бір бөлігі. Ал
Қазақстан бейнелеу өнері осы өлкедегі бейнелеу өнері шеберлерінің
шыгармашылыгы олардың  шыгармаларынан  құралады. Қазақ суретшілері  График,
кескіндеме шебері, сәндік қолданбалы өнермен айналысатын суретшілер,
мүсінші және дизайн туындыларын жасайтын суретшілер болып бірнеше топқа
бөлінеді.
Қазақ бейнелеу өнерінің қайсы түрі болмасын тарихи, тұрмыстық, әскери,
анималистік және т.б. жанрларға бөлінеді. Сонымен қатар графика, кескіндеме
шыгармаларының кейбірі натюрморт, пейзаж жанрларына жатады.
Қазақстан бейнелеу өнері шыгармаларының тақырыптары сан алуан. Олар:
Ежелгі қазақ елінің салт дәстүрі, Ұлттық ойындар, Айтыс өнері,
Ұлттық киім, Үй жиһаздары, Азамат согысы, Қазан төңкерісі, Ұлы
Отан соғысы, Ана образы, Тарихи тұлгалар бейнелері, Қазіргі еңбек,
өнер, әдебиет, музыка, гылым, қогам қайраткерлерінің образы деГен ауқымды
мазмұнды қамтиды.
Қазақстан бейнелеу өнері шеберлерінің шығармалары республикалық шет
елдер мен халықаралық көрмелерге қатынасқан. Көптеген шыгармалар Ә. Қастеев
атындағы Мемлекеттік көркемсурет музейінде, Қазақстан Суретшілер одагының,
Қазақстан дизайнерлер одағының, Қазақстан Мәдениет Министрлігінің
қорларында, суретшілердің жеке қорларында сақтаулы.
Қазақстан бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылығы туралы жеке
кітаптар, монографиялар шыгып, кезеңдік басылымдарда бірнеше жүздеГен
мақалалар жарияланган.
Қазақ бейнелеу өнері басқа ұлт өнері сияқты графика, кескіндеме,
сәндік қолданбалы өнер, мүсін түрлері кіретін жеке ұлттық өнер. Қазақ
бейнелеу өнерінің қайсы саласы болса да мейлінше кең дамыган. Оқушыларды
бұл өнердің Графика, кескіндеме, сәндік қолданбалы өнер, мүсін түрлері,
тұрмыстық, тарихи, анималистік, портрет, пейзаж жанрларымен сабақта және
 сабақтан тыс таныстыруга мүмкіндік мол.
Қазақстан бейнелеу өнерінің негізін қалаган көптеген суретшілеріне
республикадагы сіңірген еңбегіне қарай Қазақстан Республикасының Халық
суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері атақтары
берілген.
Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаган, көптеген өнер шеберлері
Ә.Қастеевке (1944), Қ.Телжановқа (1963), Х.Наурызбаевқа (1969),
Н.Нұрмұхаммедовке (1975), С.Мамбеевке (1979), Е.Сидоркинге (1980), Н.Гаевке
(1980), С.Романовке (1981), М.Кенбаевке (1985), Ә. Ысмайловқа (1985)
Қазақстанның халық суретшісі құрметті атагы берілді.
Бейнелеу өнері саласында Қазақстан республикасына еңбек сіңірген өнер
қайраткері құрметті атақтары мына суретшілерге берілген: Ә.Қастеев (1942),
Н.В.Цивчинский (1951), А.Ненешов (1954), Х.Наурызбаев (1960),     
Ә.Ысмайлов (1960), А.Ғалымбаева (1961), П.Зальцман (1962), Н.Гаев,
М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Н.Нұрмұхаммедов (1963), В.Онтоншенко-Оленов,
Е.Сидоркин, К.Шаяхметов, Г.Исмайлова (1965), Е.Говорова, К.Қожықов,
М.Лизочуб (1966),  В.Крылов (1970), К.Баранов, А.Бортников (1971),
С.Қожықов (1972), Ә.Хайдаров (1974), С.Романов, А.Степанов, Б.Толеков
(1976), Т.Досмаганбетов (1980), А.Дячкин, Е.МерГенов, Ш.Ниязбеков,
У.Рахманов, Ж.Шарденов, А.Школьный, У.Әжиев, А.Дроздов (1985), С.Айтбаев,
А.Гурьев, Қ.Закіров, И.Исабаев, Б.Табиев (1988), М.Қалымов, Б.Пак,
Т.Тоғысбаев (1989).
Қазақстан суретшілерінің ішінде көптеген өнер шеберлеріне Қазақстанның
мемлекеттік сыйлықтары берілген. Суретші Ә.Қастеевке Қазақстан жерінде
атты акварельдер сериясы үшін 1966 жылы К.Телжановка Еңбек адамдары
суреттер сериясы үшін 1967 жылы, Х.Наурызбаевқа Ш.Уәлиханов ескерткіші
үшін, Е.Сидоркинге Ақсақалдар Графикалық сериясы үшін 1970 жылы,
А.Ғалымбаеваға Біз дәуірімізді мақтан етеміз, Қуанышты күн, Студент
қыздар, Қостанай пирамидалары атты суреттер тобы үшін 1972 жылы,
Т.Досмаанбетовке  Ә.Жангелдин ескерткіші үшін 1976 жылы,
Н.Нұрмұхаммедовке Еңбек даңқының адамдары кескіндеме шыгармалар сериясы
мен өнертанудагы еңбектер циклдары үшін 1978 жылы, У.Әжиевке Тың
игерушілер, Тың түлектері акварельдер сериясы үшін, Б.Зауырбекова,
Қ.Тыныбеков, Е.Николаева, И.Яремаларға Қазақстан үшін 1980 жылы,
Е.Сергебаевқа М.Әуезов мүсіні үшін 1982 жылы мемлекеттік сыйлықтың иегері
атанды. Мұнымен қатар суретші К.Моллашев Қазақстан сериялық суреттері
үшін бүкілодақтық сыйлыққа 1981 жылы ие болды.
Көптеген жас суретшілеркезінде Қазақстан жастар сыйлықтарын алды: 1964
жылы П.Усачевке Мұхтардың жастық шағы және Студент қыз мүсіні үшін,
1965 жылы С.Айтбаевқа Менің Отаным атты бір топ бейнелеу жұмыстары үшін,
1972 жылы М.Қисамединовке Графикалық жұмыстар сериясы мен кітаптарга
жасаған иллюсиряциясы үшін 1978 жылы Ж.Дөненовке мультификациялық фильмдері
үшін, 1980 жылы Б.Әбішевке Т.Бокин ескерткіші үшін, К.Молдағалиевке Ұлы
Отан согысында қаза тапқан Қарагандылық жауынгерлерге арналган мемориалдық
комплекс үшін берілді.
1982 жылы бір топ қолданбалы өнер туындылары үшін Д.Шоқпаровқа, Туган
өлкенің бейбіт тынысы атта суреттер тобы үшін Ә.Нақысбековке,
монументалдық туындылары үшін М.Ізбасқановқа, 1984 жылы Асыққан жастық
шақ, Жастық-1, Жастық-2, Маңгыстаудың күнделікті тіршілігі секілді
жастарға арналган суреттері үшін, Е.Төлепбаев, Б.Тулкеевтер 1986 жылы
фольклорды көркемдеген иллюстрациялар үшін М.Әлинге Қазақстан жастарының
сыйлыгы берілді.
Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихында суретшілер шыгармашылыгына
байланыста мынадай кезеңдерді көруге болады. Бірінші кезең өнерін
оқушыларга таныстыру барысында – қазақ топырағындағы алғашқы бейнелерді
қамтиды. Бұл қазан төңкерісіне дейінгі Шоқан Уәлиханов пен Мақы Уәлиханов
шығармашылығына қатысты. Сонымен қатар бұл кезең өнері туралы сөз
қозгаганда Т.Шевченко, В.Залецкий, В.Верешегин шыгармашылыгы айтылады.
Екінші кезең өнерін оқушыларга таныстырганда – Қазан төңкерісінен Ұлы
Отан согысынан кейінГі жылдар арасы. Бұл кезеңнің өнеріне байланысты
Н.Хлудов, Ә.Қастеев, К.Баранов, А.Бортников, Н.Крутильников, М.Лизочуб,
А.Черкасский, А.Исмайлов, К.Ходжиков сияқты алгашқы суретшілердің
шыгармашылық еңбектері қамтылады.
Үшінші кезеңге өнерін оқушыларға таныстыру барысында – 1950 жылдардан
басталатын қазіргі халық халық суретшілері А.Ғалымбаева, Г.Исмайлова,
Қ.Телжанов, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Н.Нұрмұхаммедов, С.Романов, Х.Наурызбаев,
К.Шаяхметов, Е.Сидоркин, В.Крылов, Н.Гаев, У.Әжиев, Г.Иляев, А.Хайдаров,
А.Степановтардың шыгармашылығы талданады.
Төртінші кезеңдегі қазақ өнерін оқушыларға таныстыруда – 60 жылдардан
басталатын Қазақстан мен Ресейде көркемдік білім алган суретшілер
С.Айтбаев, О.Нұржұмаев, Т.Тоғысбаев, А.Сыдыханов, Ж.Шарденов,
М.Кисамадинов, А.Молдашев, Д.Шоқпаров, Т.Досмағанбетов, Е.Мергенов,
Б.Төлеков, Т.Абуов, А.Исаев, Ю.Мингазитдинов шыгармашылыгындагы өмір
құбылыстары, ел өмірі сөз болады.
Бесінші кезең – 70 жылдардан бері көркемдік ортада таныла бастаған
Қ.Тыныбеков, М.Аманжолов, А.Ақанаев, К.Дүйсенбеков, Г.Жалмұханов,
С.Бөлтірікова, Б.Зауырбекова, М.Қалқабаев шыгармашылығы туралы әңгіме
қозғалады.
Алтыншы кезең туралы әңгіме барысында мұғалім – 80 жылдардан
басталатын жас суретшілер А.Нақысбеков, Б.Тулкеев, Е.Төленбаев,
Т.Ордабеков, Н.Нұрмұханбетов, В.Халатов, А.Тұрсынов, Б.Талқанбаев,
М.Әлімбаев, С.Иляев, З.Қожамқұлов, Н.Шилібаев, А.Оспанов, Б.Байменовтердің
шығармашылық жұмыстары туралы талдаулар жасап көрсетеді.
Графика саласында Н.Гаев, Б.Табиев, Е.Говорова, А.Исмайлов,
Е.Сидоркин, К.Хожықов, Н.Исабеков, П.Зальцман, А.Хайдаров, А.Дячкин,
Б.Чекалин, А.Бортников, И.Андреев, А,Гурьев, Б.Пак, К.Баранов,
М.Кисамединов, Ю.Мингазидинов, Т.Ордабеков. А.Оспанов, Б.Байменов,
Н.Нұрмаханбетов өнімді шығармашылық еңбек етіп келе жатқандығы айтылады.
Бұған М.Қисамединовтың Махамбет, И.Исабаевтың Мұхтар Әуезов,
Е.Сидоркиннің Абай, Ә.Қастеевтің Турксиб, Б.Пактің Бақыт,
Е.Сидоркиннің Абай жолы, Қазақ эпосы, П.Зальцманның О.Сулейменов
өлеңдерін оқыганда, С.Романовтың Даладагы жәрмеңке, К.Барановтың
Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, А.Гурьевтің Еске алу: Қазақ
жауынГерлерінің әні, Ш.Кенжебаевтың Жолдагы әңгіме, С.Рахмановтың
Бұгаудан босану, А.Нақысбековтың Менің жастыгымның теректері,
Т.Ордабековтың Бұхар жырау шыгармалары мысал бола алады.
Қазақ бейнелеу өнерінің кескіндеме саласында халық суретшілері
Ә.Қастеевтің, Қ.Телжановтың, А.Ғалымбаевтың, Г.Исмайлованың, М.Кенбаевтың,
С.Мамбеевтің, Н.Нұрмұхаммедовтың, С.Романовтың есімі оқушыларга
таныстырылады. Ә.Қастеевтің Түркісиб, Қ.Телжановтың Жамал, Көкпар,
А.Галымбаевтың Дастархан, Г.Исмайлованың Қымыз, М.Кенбаевтың Қашаганды
қуу, Шопан әні, Сары арқа, С.Мәмбеевтің Жайлауда, Н.Нұрмұхаммедовтың
Папам келе жатыр, С.Романовтың Жер туралы декрет, С.Айтбаевтың Бақыт,
Т.Тоғысбаевтың Дала туралы балада, Ә.Жусиповтың Менің Отанымның
әйелдеру, А.Степановтың Жер планетасынан келГен адам, А.Молдашевтің
Жер, космос, Қазақстан, О.Нұржұмаевтың Әке қабыры басында,
Е.Толепбаевтың Көкпар, Б.Тулкевтің Әке портреті, 41 жыл,
А.Нақысбековтың Р.Қошқарбаевтың портреті мазмұнымен де көркемдік
деңгейінен де жогары, көпке танымал шыгармалар екендігі көрсетіңлді.
Қазақ бейнелеу өнерінің мүсін саласында даңқты мүсіншілер
Х.Наурызбаев, Т.Досмаганбетов, Е.Мергенов, Б.Төлеков, Е.Сергебаев,
Р.Ахметов есімдері құрметпен аталады. Мүсінші Х.Наурызбаевтың жасаган Абай
ескерткіші, Т.Досмағанбетовтың  Ә.Жангелдин ескерткіші, З.Сергебаевтің
құйган М.Әуезов ескерткіші, Б.Төленовтың, Ж.Қуанышбаев портреті,
Е.Мергеновтың Әке портреті, Р.Ахметовтың Ашаршылық шыгармаларын өнер
сүйер қауымга кеңінен танымалы, шығармалары екендігі әңгіме сабақтың арқауы
болаы.
Бейнелеу өнері сабақтарында сәндік қолдандалы өнер саласында
суретшілер Г.Иляев, Қ.Тыныбеков, М.Қалқабаев, Д.Шоқпаров, Б.Зауырбекова,
С.Бөлтірікова, С.Иляев, Г.Жалмұханов, М.Әлімбаев, С.Төленбаев, Ж.Барымбетов
шыгармашылыгысы Қазақстан өнері тарихынан құрметті орын алатындыгы
айтылады.
Қазақ бейнелеу өнеріндегі соңғы кезеңдегі жаңа бағыт абстракция
багыты. Бұл бағыттағы суретшілер шығармаларының мазмұнының кеңдігі, бір
гана туынды шеңберінде терең магыналы ойды білдіретін, ауқымды тақырыптарга
құрылган сюжетті картиналар мен графикалық туындылар беруде. Бұлардың
қатарында кескіндеме шеберлері А.Ниязбеков, М.Қасымбеков, А.Губашев
А.Мыңлыбаева, Р.Абдулов, Р.Аспандиярова, С.Сулейменова, А.Есдаулетовтар
бар. Бұлардың ішінде М.Қасымбековтың Көкпар, А.Губашевтың Арал
қасіреті, Р.Абдуловтың кескіндеме туындыларын ерекше атауга болады.
Қазақ бейнелеу өнерінде ұлттық салт, дәстүрді, тұрмыс тірлігін жан-
жақты бейнелеген шығармалар көптеп саналады. Бұл бағытта Ш.Уалиханов,
Ә.Қастеев, Е.Сидоркин, М.Қисамединов, Қ.Телжанов, Е.Төлепбаев, Е.Кенжебаев,
В.Флорова, А.Ғалымбаев, Қ.Тыныбеков, М.Кенбаев сияқты суретшілер
шыгармашылық еңбектер жазғандығы туралы сабақта мәліметтер беру орынды.
Қазіргі жаңа дәуірдегі адам, қоғам болмысының техникалануына сай рухани
және моральдық құндылықтарға философиялық ой-тұжырым тұрғысынан қарап,
өмірлік мәнділікке жүгінуіне жол ашып, көркем педагогикалық білімдер
жүйесінде оң шешім табуы тиіс. Жалпы тұтас педагогикалық процесте оқушымен
мұғалім қызметі сана және сезім қатынасы өлшемімен өрнектелуі заңды. Сөйтіп
оқушы – мұғалім қызметінде білім мазмұны мен тәрбие көзі ой бейнесі арқылы
мағыналы мәндік үрдіске айналады. Сондықтан ой бейнесі шығармашыл асқақ
сезіммен қиялды туындатып, білім мен тәрбие сапасын арттырады. Саналы ой
бейнесі оқушы шығармашылық қызметі процесінде әсерлі сезіммен қиялды
туындата отырып оның көңіл күйін шарықтатып, көркем образ сомдауға
мүмкіндік береді.
Табиғат әлемі, мәдени мұралар мен өнер түрлері барлығы адамның рухани
дүниесін байытып, ой бейнесін тудырып оның көңіл күйін, сезімін оятып,
көркемдік талғамы мен танымдық көзқарасын дамытып, қоршаған орта өміріне
бейімдейді. Сөйтіп мәдениет астары көркем педагогикалық білім, тәрбие
тәсілдерін жүйелеуге мүмкіндік береді. Сондықтан өнерде логикалық
құрылымдар емес саналы-сезімдік, көркем-образдық бейне түзілімдері негізгі
танымдық өріс болып табиғи тұрғыда қалыптасады. Ал мұндай әдіснама өнер мен
білімге деген шынайы ықылас пен құлшынысты туындатады. Өнер мен білімге
деген сүйіспеншілік өмірге бейімдеп, адамның өмір сүру салтының мәнін, оның
рухани мүмкіндіктері арқылы толықтырып отырады. Адам өз бойына біткен
құдіретті сананың күшімен әлемнің сырлы бейнесін ой бейнесіне ендіріп, өмір
мәнін түсінуге ұғынуға талпынады. Дж.Дьюи философиясындағы адамның қоршаған
ортамен үзіліссіз өзара әрекет тәжірибесі туралы өмірлік идеясы, осы
көрсетілген тұжырымдар мәнін анықтауға көмектеседі.
Оның философиялық зерттеулері педагогиканы одан әрі дамытуда маңызды
болған, ойлау актісі мен оқыту процесінің сәйкестігі туралы ойын
тұжырымдау мен негіздеуге мүмкіндік береді [10].
Бейнелеу өнерін оқытуда оқушының шығармашылық жұмыс орындау
творчестволық процесі мен оқытудағы оқушы мен мұғалім арасындағы
педагогикалық процесс кезеңдерінің сәйкестігі ұтымды нәтижеге жеткізеді.
Мысалы мұғалімнің тақырыпты әсерлі бейнелеп түсіндіруі мен оқушының осы
тақырыпты әсерлі мазмұнда көркем қабылдау сәйкестігі. Немесе мұғалімнің
орындау әдіс-тәсілдерін көрсетуі мен оқушының бейнені орындауға қажетті
тәсілдерді бейне формасына сәйкес елестетіп қолдана отырып жұмыс орындауы
т.б.
Бейнелеу өнерінің дамытушы күші сананың бейнелеушілік қабілетіне, яғни
адамның өмірді түр, түс, пішін, көлем, кеңістік, уақыт арқылы сезімді-
бейнелік қабылдау мүмкіндігінде екендігін адамзат пайда болып даму
эволюциясы көрсетіп отыр.
Адам өмірді бейнелі пішінде қабылдайды. Бұл адамның генетикалық өрісінен
де белгілі. Адамның танымдық табиғатының негізінде бейнелік қабылдау мен іс-
әрекет жатыр.
Ойлау актісі мен оқыту процесінің сәйкестігі туралы Дж.Дьюй
философиялық іліміне қатысты таным және шығармашылық қызмет түрлі ақиқатты
құмарлықпен  ізденуді, оған талпыну мен ынтаны сипаттап тек-тамырында,
түбінде бір тұтастық процестер жүйесін құрайды. Ойлау биологиялық және
әлеуметтік дамудың жемісі.
Осы қасиеттер ортақтығы да тәрбие мен шығармашылық – жаратымпаздық
процесстер сәйкестігін, және осыған байланысты осы тұрғыдағы ойлау актісі
мен оқыту процестерінің сәйкестілік жүйесін құрайды. Бұл әрине білім мен
тәрбие беруде оқушы белсенділігін, оның рухани жан дүниесін байытып, оқыту
сапасын арттырады. Сана адамның қоршаған дүниені танып білу, бейнелеу
қабілеті ретінде оның өмірді суреткерлік бейнелеушілік байланыстарын
Д.Кішібеков Қоғамдық сананың тағы бір көне формасы - өнер. Ол объективті
ақиқатты бейнелеп көрсетеді. Көркемдік бейне-құбылыстарды нақты сезімталдық
түрде барынша ерекше, типтік тұрғыдан бейнелейді. Былайша айтқанда, ол
жалпылық пен жекенің, объективтік пен субъективтік, материалдық пен
идеялықтың, диалектикалық ерекшеліктерінің бірлігі. Көркем бейне негізінде
дараланған, нақтыланған сын-сипат жатады, сонымен қатар ол дара, жеке,
нақты адам бейнесі арқылы көпшілікке белгілі, түсінікті типтерді,
құбылыстарды сомдап, бейнелейді, жаманнан жирентеді, жақсыға ынталандырады
- деп көрсетеді  [11].
Сана рухани құбылыс, ол бір жағынан білім жүйесі, екінші жағынан таным
процесі. Сана белгілі бір қатынастағы бейнелеу. Сана дегеніміз – объективті
дүниенің адам миында пайда болатын субъективтік бейнесі, сәулесі. Ол жай
бейне емес, шығармашылық бейне.
Жас ұрпақтың ойын тереңдетіп, қиялын өрістететін әдістемелер білім
философиясының категорияларымен анықталады. Мысалы ұлттық рухта, қазақы
менталитетті қалыптастыратын көркем өнер түрлерінің туындылары қол өнері
бұйымдарын, бейнелеу өнерін, музыканы, поэзияны, көркем әдебиетті, кино,
театр өнерін т.б. өнер түрлерін, мақал-мәтелдерді, даналық сөздерді әсерлі
сезініп, саналы қабылдау тәсілдері білім философиясының рухани мәнділік
тәсілдеріне жүгінеді. Бұл тәсілдер отан сүйгіштікке, адамгершілікке,
инабаттылық пен имандылыққа баулиды.
 Көпшілік жағдайда терең де сапалы, жаңа дәуірге бағыттылығын тұтас
көркем педагогикалық процесс мәселелерінің бәрі материялар әлемімен идеялар
әлемінің ара қатынасы арқылы шешілуі тиіс.
Оқыту мен тәрбие адамды педагогикалық ұйымдастырылған іс-әрекет жүйесіне
енгізу, қатыстыру процессі болғандықтан ол шығармашылық ізденісті талап
етеді. Шығармашылықтың жалпыға ортақ қызмет өрісі мен функциясы адамның
барлық рухани –танымдық, практикалық қабілеттері мен қасиеттерін
дамыту Бала білім-білігін рухани, мәдени құндылықтарға бағдарлау: рухани-
адамгершілік, ізгілік, имандылық; интеллектуалдық – білім танымдық,
қабілеттілік; коммуникативтік және мәдени-әлеуметтік, біліктілік бағыттарын
көрсетеді. Білім беру жүйесін философиялық тұрғыда әлеуметтендіру, қоғамдық
өзгерістерге бағдарлау жеке тұлғаның адами, танымдық,
жауапкершілік,  ұстамдылық, белсенділік, жанашырлық, талапкершіл қарым-
қатынас тәртібін, мінез-құлқын, мәдени-әлеуметтік іс-әрекетін қалыптастырып
қоғамға, қоршаған орта әлеміне енуіне мүмкіндік туғызады. Көрсетілген
тұжырым оқушының жеке тұлғалық-бағдарлы және әлеуметтік даму мақсатын
анықтайды.
Бұл мәселелерді шешудегі басты талап - оқушының осы білім мазмұны мен
талаптарын қажетсінуі, талабы, құлшыныс-қызығушылықтары, осы білім-білікті
игеруде және мәдени әлеуметтік, жеке тұлғалық құндылықтарға қанағаттануы
мен қанағаттанбауына қарай білім-білік, тәрбие беру арқылы қажеттілік
туғызу.
Жаңа білім беру жүйесіне көшу негізінен оқушылар жеке дара
ерекшеліктеріне мейлінше мән беріп, оқушылардың алған білімдерін өмірде
қолдана алатындай өмірге бейімдеу және мамандыққа бағыттау негіздерін
қарастырады.
Мұндағы мотивациялық компонент бұл, оқушылардың жеке бас ерекшелігі –
баланың оқу әрекетіне, сыныптастарына, мұғалімге, өзіне деген қарым-
қатынасы, ойымен әрекеттестігі, әлеуметтік көзқарасы. Оқушының ынта –
жігері, қызығушылығы, қанағаттануы, әсерленуі, сүйсінуі, т.б. анықтап
осыған оңтайлы жағдайлар туғызу. Ол бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға
түрлі мазмұндағы шығармашылық сурет тапсырмаларын орындатып оларды талдау,
арқылы анықталады. Көркем образдық бейнелеуде бала өз мінез-құлқы мен
танымдық іс-әрекетін, өз сезімі мен ойын бейнелейді.
Ал мазмұндық компонентте, оқушы интеллектуалдық
деңгейін,  мүмкіндіктерін еске алу – баланың алдыңғы білім қорының,
дүниетанымының негізінде - сана-сезімі, түсінігі, ой жүйесі қамтылатын
көркем бейнелік әдістемелер қолдану арқылы оқушының жеке дара ерекшеліктері
дамытылады. Оқушыға не таныс, содан бастау керек, және олардың алдында
неғұрлым күрделі құбылыстарды оқушының өзіндік белсенділігіне сүйене отырып
біртіндеп ашу қажет [12].
Бұл оқушылардың көркем туындыларды, бейне суреттерді қабылдауы
процесінде оларды композициялық, көркем образдық талдап түсінуі, өз
мүмкіндіктерінше көркем образдық бейне орындауы арқылы анықталады. Мұнда
оқушы өзінің көркемдік талғамы мен мәдениетін көрсетеді.
Келесі компонент оқушылардың мәдени-әлеуметтік, психологиялық деңгейлері
мен мүмкіндіктерін еске алу – бұл баланың өзін қоршаған ортаға
бейімделуіне, қарым-қатынасымен оған жауабына, басқа дос-жарандарымен,
сыныптастарымен, мұғалімдермен, ата-анамен қарым-қатынасының ерекшеліктері,
тәртібі мен мәдени-салауаттылығы, әдептілігі, әсерленушілігі,
құмартушылығы, әуесқойлығы, қанағаттылығы, рахымдылығы, талап тілегі,
көркемдік, сұлулық, әсемдік талғамдары жеке дара тұлғаны қалыптастыру
әдістерін айқындайтын негізгі компоненттер болып табылады. Жаңа
адамды,  жеке дара тұлғаны қалыптастырып дамыту - әлемдік білім
кеңістігіндегі оқытумен тәрбиенің озық жаңа технологияларын қамтып жаңа
білім мазмұнын анықтайды. Ақыл-ой әлеуетін барынша дамытуға жол ашады.
Қазіргі білім беру парадигмасы, қағидасы – жеке дара шығармашыл тұлғаны
қалыптастыру, дамыту, республикамыздың білім беру басымдығында көрсетілген
жалпыға білім беру моделінен әр адамға білім беру моделіне көшу
талаптарын айқындайды. Жаңа мазмұндағы білім жүйесі білім және тәрбие
алудың, оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық процестегі біртұтастығы мен
бірізділігін  басшылыққа алуы тиіс.
Білім мазмұнының жаңа бағытта өзгеруі, оқытудың әр адамға білім беру
моделі жеке дара шығармашыл тұлға қалыптастыруды көздеп, интеграциялы,
профильді мақсаттарды алға қойып, инновациялық процестер мен жаңа
технологияларды  меңгеру мен қолдануды мектеп мұғалімдеріне
жауапкершілікпен  жүктейді.
Бұл қағиданы терең философиялық антропософиялық және экзистенциалдық
тұрғыдан қарап өнер циклы пәндерін оқытуда білім - тәрбие моделі ретінде
пайымдауға, Абай тану ілімінің көркем танымдық мазмұны зор мүмкіндік
береді. Мұндағы терең логикалық-поэзиялық сарында сомдалған ой-тұжырымдар
қазіргі жаңа қоғам өзгерістеріне сай жаңа таным, жаңа ой, жаңа сезім
туындатып әрбір жеке тұлғаға арналып ұлттық тәрбие тәжірибесіне негізделіп
әрқашан жаңа құнды мазмұнға ие болып отырады. Ғылыми ой-таным мен ұлттық
көркемдік сана-сезім тоғысында  субъективті қызығушылық, құлшыныс,
серпінділік мәні тиянақталып жаңа дәуірге оңтайлы бағыт-бағдар ұсынады,
оның тәлім-тәрбиелік мәні мен тәсілдерін анықтайды.
Негізгі мәселе – оқушының оқу қызметін белсендіру, әрекетті тұлға
ретіндегі оның мұғаліммен қатынасын қызметтес серіктестік түрінде
жандандыру, білім-тәрбие процесінде оқушы мен мұғалім қатынасын
демократияландыру және ізгілендіру.
Жаңа педагогикалық технологиялар тек білім, білік беру жолдарын көздеп
қана қоймай, оқушылар шығармашылық қабілетін дамытып жеке дарыны мен білім-
білігін ұштауы тиіс. Түп өзегі шығармашылық қызметтен бастау алатын
бейнелеу өнері пәні оқушы дүниетанымын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін
дамытып оның оқыту, білім-тәрбие нәтижелері қазіргі жаһандану үрдісінде
мемлекетіміздің білім саясатының бағыттарымен ұштасуын қамтамасыз етеді.
Сондықтан бейнелеу өнерін оқыту үрдісін белсендіру жаңа педагогикалық
технологияларды қолдану арқылы жүзеге асатындығын мектеп оқыту тәжірибесі
көрсетіп отыр. Бейнелеу өнері пәнінің өзіндік болмысына тән білім-тәрбие
қызметі, іс-әрекеті мазмұны мен тапсырма мәні де, танымдық және
шығармашылық сипатта болуы оқыту технологияларын оқушылардың жас және жеке
дара танымдық ерекшеліктеріне сәйкес интеграциялы қолдану мүмкіндігін
қарастырады. Мұндай оқыту бағыты оқушыларды саналылыққа тәрбиелеп, сыртқы
көркем мәдениетінің және ішкі рухани жан-дүниесінің үйлесімді жетілуіне
ықпал етеді. Оқушы оқу-білім процесінде белсенді іс-әрекет етіп өмірге
қажетті білім мазмұнын шығармашылық деңгейде игереді. Бейнелеу өнері
пәнінің мазмұны мен негізгі қасиеті шығармашылық болғандықтан оқушының жеке
тұлғалық қабілетін анықтап оны өз білімін өмірде саналы қолдануға бейімдеу
шарт.
В.А.Сухомлинский Балалар шығармашылығы – бұл олардың рухани өмірінің
өзіндік ерекше терең сферасы, әр баланың өзіндік жеке даралық қасиеттері
айқын көрініс табатын, өзін көрсете білуі мен өзін айғақтауы. Мұндай
өзіндік ерешелікті қандай да біріңғай және бұқараға міндетті
ерекшеліктермен қамту мүмкін емес [13].
Бұл оқушы белсенділігін, ынтасын арттырып жігерлендіреді, өмірде пайдалы
іс-әрекеттік мақсаттар қоюға оны орындап іске асыруға итермелейді. Бала іс-
әрекеттік белсенділігі артады. Істеген шығармашылық еңбек нәтижесінің
қажеттілігіне, оның рухани – заттық мәдени мәні бар екендігіне иландырып,
баланы жаңа жетістіктерге ұмтылдырып оқу-білім алудың ықтималдық жағдайын,
серпілісін туғызады.
Мұғалімнің – оқушымен сыбайлас көркем шығармашылық қызметі, қызметтестік
ізгілік әрекет қалыптастырып баланы еңбекке, өмірге, айналасындағы
адамдармен жарасымды қатынасқа бейімдейді. Оқу-білім процесінде өмір
шындығын танып, оны игеруде өнер туындысын сомдап, оны қабылдауда оқушы мен
мұғалім шығармашылық бірлікте қызмет етуі оқыту әдістемесінің негізгі
қағидасы. Мәселен, табиғат құбылыстарын – мұғалім мен оқушы оны бірге
тамашалап, оның әсерін, мотивін әңгімелеп талдап сезіне отырып бейнелеу
тәсілдерін бірлесе шешіп орындауы. Сабақ және көркем  жұмыс мақсатына
жетуге бірге тырысуы т.б.
Оқытудың жаңа инновациялық технологиялары өмір ұсынған мәселелердің,
уақыт туғызған жаңа ой-пікірлердің, әлем тану үрдістерінің  бала санасында
тұрақты, жан-жақты дамуына ықпал етеді. Жаңа оқу технологиялары оқушылардың
қоршаған ортаны тануына, одан әсер алып дамуына  мұғалім қолдауы арқылы екі
тараптың, оқушы мен мұғалімнің бірлесе отырып белсенді қызметі арқылы
мүмкіндік береді. Мұғалім мен оқушы бір-бірінің пікірлерін, қонымды ұсыныс-
тілектерін бірлесе отырып, танымдық және көркемдік рухани мұқтаждықтарымен
сұраныстарын қанағаттандыруға мейлінше бейімділікпен бірге бағдарлап отыруы
қажет. Мұғалім оқушының көркем-әдістемелік және мәдени мұқтаждықтарын,
сұраныстарын қанағаттандыруға, білімді игеруі мен шығармашылық қызметіне
мейлінше ұтымды жағдай жасап отырады.
Мұғалім мен оқушы тараптардың арасында тығыз байланыс, шынайы
шығармашылық қарым-қатынас орнауы бейнелеу өнері пәнінің бейнелік көркем-
образдық оқыту әдістемесі мазмұнында іске асады. Жалпы, оқушыларды түрлі
ынталандыру, марапаттау, тәсілдері мен көркем танымдық, сана-сезімдік
әдістер шығармашылықта жүлделі болуға итермелейді. Олардың өнерге деген
белсенділігін арттырады. Бұл мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне тікелей
байланысты. Ал мұғалім шеберлігі жаңа педагогикалық технологияларды дұрыс
меңгеруіне тәуелді. Сондай-ақ мұнда үлкен диалектикалық дүниетанымдық
байланыс бар. Ол ең алғаш  бейнелеу өнері пәнінің шығармашылық, өнер
тәнділік мазмұнында яғни, мұғалімнің көркем педагогикалық шеберлігі де,
оқушы іс-әрекеті де өнер шығармашылығындағы әдіс-тәсілдердің бірлігінде.
Педагогикалық шеберлікте, оқушы іс-әрекеті де өнер тәсілдеріне бағынышты,
тәуелді. Осы негізде біз бейнелеу өнері пәні ерекшелігіне тән, оны
оқытудағы жаңа педагогикалық технология ретінде бейнелік көркем образдық
өнер үштігі әдістемесін қарастырамыз. Бұл олардың өнер тәнділік
байланысында. Олардың терең тізбектік құрылымындағы жүйелі бір тұтастық:
ол, оқушы бойындағы жеке бастапқы және меңгерілетін таным, білім-білігі;
өнер және сабақ түрлерімен әдіс-тәсілдері; мұғалім көркем  педагогикалық
шеберлігі.
Оқушы-оқу, білім-білік, - өнер – құралдар, әдіс-тәсілдер, түр,
пішін, - мұғалім – оқыту-әдістемелері, педагогикалық шеберлік, бұл
бірлік өнердің көркем образдық әдіс-тәсілдері арқылы тұтастық жүйеде қызмет
етеді. Мұндағы ортақ қасиет дүниені көркем қабылдап тану, игеру, оны көркем
образдық тұрғыда сомдауда өнер тәсілдеріне жүгіну арқылы көркем
шығармашылық қызмет. Бұл дүниетанымдық қалып – форма және процесс - оны
игерушілік, оның пішіндік бейнеленуі, оны таныту, игерту, оқыту және оны
өмірде, өз қызыметінде пайдаланушылық әдіс-тәсілдер тұтастығы. Осылайша
өмір құбылыстарын және адам танымын игерудің жүйелі бір тұтас шығармашылық
процестері қалыптасады. Мұндағы басты мәселелер оқушы – таным – білімі және
педагог оқыту, тәрбиелеу қызметтері, өнер және шығармашылық процестер.
Ал негізгі нысандар ол, қоршаған орта әлемі - өнер, сабақ түрлері –
шығармашылық қызмет. Дидактикалық диалектика тұрғысынан бұл бейнелеу өнерін
оқытудың өзіндік шығармашылық, өнер тәнділік оқыту технологиясы,әдістемесі
болып қалыптасады.
Қоршаған орта, өнер, шығармашылық, білім мен тәрбие заңдылықтары мен
процестерінің  оқушы – білімді игеру әдіс-тәсілдерінің, өнер – орындалу
әдіс-тәсілдерінің, мұғалім - оқыту, тәрбиелеу әдіс-тәсілдерінің,
құралдарының жүйелі біртұтас бірлігі, бір-бірімен тығыз байланыста қызмет,
іс-әрекетте нақты нәтиже көрсетеді. Оқушы танымдық іс-әрекеті, қызметі,
өнердегі көркем образ әсері, мұғалім педагогикалық іс-әрекеті, қызметі бір-
бірімен тікелей шығармашылық байланыстағы әдістемелер жүйесінің бір тұтас
нәтижесі жан-жақты гармониялық жеке бас, шығармашыл тұлға дамуының заңды
көрінісі.
Мұнда сабақ процесі мен оқушылар көркем қызмет процессі жүйелі бірлікте
бір тұтастыққа енеді. Бейнелеу өнері пәніндегі бұл жүйе мұғалім оқыту
қызметі мен оқушы оқу, білім алу қызметінің көркем образдық шығармашылық
тәсілмен ұштасуына себепші болып, біртұтастықта өрбіп осы ортақ қызметтің
өнімділігі мен сапалылығын әрі нәтижелілігін арттырады. Ғалымдар Б.П.Юсов,
М.Н.Семенова, Г.С.Лепский, Н.Д.Минц Бейнелеу өнерін оқыту негізі белгілі
бір дағдылар мен білімдерді меңгеру барысында шығармашылық проблема
мазмұнына еніп, осы сабақта өз шешімін табатын оқу және шығармашылық
міндеттердің органикалық бірлігі болып табылады деп көрсетеді [14]. Сөйтіп
сабақ құрылымының өзі оқу-оқыту қызметі құрылымдарының жүйелі бірлігін
орнатады.
 
 1.2 Мектепте бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің негізгі дидактикалық
принциптері

Бейнелеу өнері пәнін оқытудың мақсаты мен мазмұны қоғамның оқушының
білім алу деңгейіне деген талабына байланыстылығы жалпы заңдылық. Бейнелеу
өнерін оқытудың нәтижелілігі оқушының саналы түрдегі шығармашылық іс-
әрекетіне байланысты. Оқу үдерісінің тиімділігі мектептің материалды-
техникалық жағдайынада байланысты, бұл сыртқы заңдылық. Бейнелеу өнері
бойынша оқу материалын меңгеру тереңдігі мен беріктігі оқушының
белсенділігі мен дербестігіне байланысты, бұл ішкі заңдылықтың мысалы.
Оқыту қорытындылары оқушылардың көркем білім берудің мақсатын түсінуі
мен қабылдауына тура пропорционалды деңгейде болса, бұл дидактикалық
заңдылық. Оқушылардың оқу материалын табысты меңгеруі көркемдік білім
берудің проблемалық деңгейіне байланысты болуы, бұл оқу-танымдық заңдылық
болып табылады. Көркемдік білім беруде оқушылардың іс-әрекеті басқа
адамдармен байланысты болса, бұл - әлеуметтік-психологиялық заңдылық.
Ұйымдастырушылық заңдылық бұл мұғалімнің оқытуды тиімді ұйымдастыруына және
басқаруына байланысты көрініс табады.
Сондықтан да, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі оқушылармен бірігіп
істеген іс-әрекеттің нәтижесі заңдылықтардың әр түрлі типтеріне байланысты
екенін анық түсінген жөн. Осы аталған заңдылықтар бейнелеу өнері пәнін
оқыту принциптерін анықтайды.
Принциптер – оқыту үдерісін ұйымдастыру мен өткізуге жетекшілік
жасайтын нормативтік талаптар [15].
  Бейнелеу өнеріне оқыту әдістемесінің мазмұны педагогика ғылымына
негізделіп құрылады. Соның ішінде бейнелеу өнерін оқытуда педагогика ғылымы
зерттеп, көрсетіп берген дидактикалық принциптерді басшылыққа ала отырып,
жұмысты ұйымдастыру үлкен нәтиже береді, оқыту мен тәрбие беру процесін
ғылыми тұрғыда жүйелендіреді. 
  Ал енді оқыту мен тәрбие берудегі дидактикалық принциптерге келетін
болсақ, ол оқытуға қойылатын талаптардың белгілі жүйесі. Оқыту жүйесінің
заңдылықтары оның принциптерінде бейнеленеді. Принцип - латын сөзі,
"негізгі", "бастапқы" деген ұғымды білдіреді [16].
Сонымен, мұғалім өзінің педагогикалық тәжірибесінде мынадай
дидактикалық принциптерді ұстанады.
  Оқу барысында игерілетін әр тақырып, әр мәселе ғылыми дәлелдерге
негізделіп берілуі керек, ол оқушылардың қоршаған ортадағы заттар мен
құбылыстар туралы шынайы көзқарасының, дүниетанымдың және адамгершілік
қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан да оқыту әдістемесінің
негізінде ғылымилық принцип орын алуы тиіс.
 Бейнелеу өнері мұғалімінің міндеті - бейнеленуші табиғат көрінісінің
немесе нәрсе құрылысының заңдылықтарын және оларды жазықтық бетінде
бейнелеу заңдылықтарын түсіндіріп көрсету арқылы оқушылардың сурет салу
барысында ойлану дағдысын қалыптастыру. Ол оқушылардың бейнелеу өнері пәнін
басқада математика, дүниетану сияқты адамның жан-жақты дамуына әсер ететін
ғылыми танымдық пән ретінде тануына мүмкіндік жасайды.  Суретті тұрғызудағы
перспектива заңдылықтарын әңгімелей отырып, оқушылардың жұмыс барысында
сызықтық, кеңістіктік перспективалардың сақталуын қадағалап, талап етеді.
Заттардың құрылысына талдау жасап, оқушылардың оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте Дизайн өнерін оқыту
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлау
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Бастауыш сыныптарда оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері
Көркемдік өлшемінің бір бағыты - композициялық өлшем бірліктері
Сызуды оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыру
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ГОБИЛЕН ТОҚУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Шығармашылықты дамыту мақсатында бағдарламада
Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың педагогикалық шарттары
Пәндер