Инвестиция


ЖОСПАР

КІРІСПЕ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ . ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ ... ... ... ... 5
1.1 Инвестиция тартудың теоиялық негіздері.. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Экономиканы құрылымдық түрлендіру кезеңінде шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
15

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ 24
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
24
2.2 Мемлекеттің инвестициялық әрекетін реттейтін нормативтік.құқықтық база ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
42

3 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
50
3.1 Шетел инвестициясын тартуды және оны тиімді пайдалануды іске асырудағы мемлекеттік реттеу сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
50
3.2 Қазақстанда инвестициялық жобаларды бағалаудағы әлемдік тәжірибені қолдану ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
57

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 66
КІРІСПЕ

Жұмыс тақырыбының өзектілігі. 1998ж.бастап Қазақстан экономикасында қалыпты экономикалық өсу көрініс алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс табуына жоспарлық - әкімшілдік жүйенінің түрленуі, экономикаға келесі нарықтық механизмдердің енуі: еркін бағалар, меншікті мемлекет иелігінен алу, экономиканы демонополияландыру, бәсекелестіктің дамуы, сыртқы экономикалық әрекеттің ырықтануы, банктік – қаржылық жүйенің реформалануы, қор нарығының пайда болуы және инвестициялық әрекеттің жоғарылауы күшті әсерін тигізді.
Тәуелсіздіктің бірінші кезеңінен бастап шетелдік инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар туғызылады. 1993-2006 ж.ж. аралығында ел экономикасына шетел инвестицияларының 46 млрд. долл. астам көлемі тартылған. Жан басына шаққандағы ТШИ көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде жоғарғы орындарға ие.
Дегемен, шетел инвестицияларын экономикаға тарту мәселесі әлі де өзекті. Бұған себепші келесі факторлар: Біріншіден, экономикалық жүйені реформалау кезеңінде ішкі қаржылық ресурстар азайып кетіп, экономика салалары өзінің өндірістік аппаратын жаңарта алмады. Екіншіден, өңдеуші саладағы инвестиция көлемі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға жеткіліксіз.
Инвесторлардың көзқарастары экономиканың нақты қажеттеріне сай еместігінен инвестициялардың жеткіліксіздігі орын алып отыр. Өнеркәсіптің еркін қаржылары күнделікті қажеттіліктерге жұмсалып отыр. Сонымен қатар, коммерциялық банктер әлі де экономиканың нақты секторын қаржыландыру көзі болмай отыр.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономикалық өсу шетел капиталының әсерінен болады. Бірақ, шетел инвесторлары үшін шикізат өндіруші салалар, әсіресе, мұнай-газ салалары басымды болып отыр. Осындай жағдайда экономиканың қалыпты және қарқынды дамуы қолайлы инвестициялық саясатқа тәуелді. Экономикалық дамудың, құрылымдық қайта құруды ұтымды жүзеге асырудың, әлемдік нарықта бәсекелестік позицияларды бекітудің қажетті шарты болып инвестициялық ресурстар табылады. Оңтүстік-Шығыс Азияның “жаңа индустриалды елдері” экономикалық феноменінің пайда болуы, қазіргі заманғы ғылыми негіздегі салалардың кең бағытта дамуға көшуі бұл елдер экономикасындағы инвестицияның қарқындап өсуінің арқасында мүмкін болды.
Сондықтан мемлекет шетел инвестицияларын тартудың бағыттарының басымдылығын белгілеу керек. Шетел инвестициялары Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігін жоғарылататын факторға айналуы қажет. Шетелдік инвестицияларды мемлекеттік реттеу күшейген сайын Қазақстан шын мәнінде әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіреді. Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның ішкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге, басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс.
Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тартудың қазіргі беталысы мен заңдылықтары отандық өндірістің мақсаттары мен міндеттеріне сай емес және оның күшті бәсекелестік ортада қарқынды дамуына әкеліп соқпайды. Экономиканы инвестицияландыру теориясының тәсілдері, ішкі инвестициялық қорларды пайдалануды жандандыру мәселелері, инвестицияландырудың басымды бағыттарын анықтау әлі де толықтай зерттелмеген. Сонымен, мәселенің өзектілігі, зерттеудің теориялық, тәжірибелік маңызы және бұл бағыттың толықтай зерттелмегендігі дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға себебші болды. Осыған байланысты жұмыстың келесі мақсаты мен міндеттері анықталды.

Диплом жұмысының мақсаты: Қазақстан республикасының экономикасына тартылған инвестицияларды талдау және шетел капиталы экономиканың бәсекелестігін арттырудың басты факторы болатындығын айқындау.
Диплом жұмысының міндеттері:
-шетел инвестицияларын тартудың қажеттілігін анықтау;
-«инвестиция» терминінің мәні мен қызметін талдау;
-шет елдерінің инвестициялық саясатын зерттеу;
-инвестициялық жобаны бағалау тәсілдерін талдау;
-шетел инвестицияларын тарту мақсатына арналған мемлекеттік шараларды сұрыптау.
Зерттеу негізі ретінде елдің экономикасына шетел инвестицияларын тарту кезінде пайда болатын экономикалық қатынастар алынған.
Зерттеу зерзаты болып Қазақстанның ұлттық экономикасын түрлендіру жағдайындағы өнеркәсіптердің инвестициялық әрекеті табылады.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. «Инвестиция туралы» ҚР Заңы 08.01.2003ж.
2.Назарбаев Н.А. Новое время - новая экономика // Казахстан и современный мир.-2005.-№ 1.- с. 234-259
3. Назарбаев Н.А. Новое время - новая экономика// Мысль.-2005.-№ 1.- с. 2-21
4.Назарбаев Н.А. Стратегия вхождения Казахстана в число 50 наиболее конкурентоспособных стран мира: Послание Президента народу Казахстана от 1 марта 2006г. // Страна и мир.-2006.-5 марта
5.Назарбаев Н.А. Казахстан -2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев: Послание Президента страны народу Казахстана.
6.Назарбаев Н.А. К конкурентоспособному Казахстану, конкурентоспособной экономике, конкурентоспособной нации! Послание Президента народу Казахстана от 19 марта 2004г.// Казахстанская правда.- 2004.-2 марта.
7.Арыстанбаева А.А. Анализ эффективности привлечения иностранных инвестиций в Республике Казахстан // Банки Казахстана.- 2005.- № 9.- с. 27-31
8.Арыстанбеков К. Экономическая политика Казахстана в условиях высокого уровня иностранных инвестиций// Вопросы экономики.- 2004.-№ 8.- с. 110-119
9.Абсалямова Н. Инвестиционный рычаг экономики будущего // Казахстанская правда.- 2005.- 13 мая, с. 13
10.Акбаев В.Т. Необходимость государственного управления инвестициями в условиях рыночных отношений // Вестник КазГУ. Серия экономика.- 2003.- № 6.- с. 9-15
11.Абдрахманова Г. Инвестиционные риски // высшая школа Казахстана .- 2004.- № 3.- с. 231-238
12.Аринова Д.Ш. «Оценка инвестиционной деятельности
в минерально-сырьевом комплексе РК», Современность, информационный мир и молодежь: тезисы докладов в международной научно-практической конференции. Часть.1-Караганда 2001г.
13.Арыстанбеков К. Экономическая политика Казахстана в условиях высокого уровня иностранных инвестиций // Аль- Пари.- 2004.-№ 4.- с. 17-28
14.Альжанова Ф.Г. Организация и регулирование инвестиционной деятельности в условиях формирования рыночных отношений // Автореферат диссертации на соискание кандидата экономических наук - Алматы, 1999.- 27 с.
15.Альмереков Н.А. Налогообложение иностранного капитала в Казахстане : теория и практика // Автореферат диссертации на соискание кандидата экономических наук .- Алматы, 2004 .- 26 с.
16. Бочаров Р.В. Финансов - кредитные методы регулирования рынка инвестиций.- М.: Финансы и статистика. 1999.- с. 7.
17.Бурцев В.В. Факторы финансовой безопасности России// Менеджмент в России и за рубежом. 2001. № 1,с. 23.
18.Брандт Б.Ф. Иностранные капиталы. Их влияние на экономическое развитие страны. Ч.1.СПб.:Тип. Киршбаума, 1998.С.87-88.
19.Бабаева Б. эффективность привлечения инвестиций как основная задача инвестиционной политики государства // Саясат .- 2004.- № 8.- с. 34-36
20.Бижанова Д. Прямые иностранные инвестиции в республике Казахстан: вопросы эффективности // Саясат - . 2004.- № 5.- СС. 27-30
21.Бижанова Д. Современные тенденции и перспективы развития инвестиционного процесса в Республике Казахстан// Саясат.- 2003.- № 12.- с. 4-9
22.Ви А. Международный рынок инвестиций // Труд в Казахстане .- 20055.- № 12.- с. 36-37
23.В Казахстане создана благоприятная среда для местных и международных инвесторов // Вестник налоговой службы Республики Казахстан.-2005.- № 7.- с. 2-5
24.Губайдулина Ф. Прямые иностранные инвестиции: деятельность ТНК и глобализация // Мировая экономика и международные отношения.- 2003.- № 1.- с. 50-56
25.Донских А. Русла для иностранных инвестиций // Казахстанская правда .- 2004.- 10 марта.- с. 2
26.Джумахметова А. Правовое понятие инвестиций, его виды и состав // Экономика и право Казахстана .- 2005.- № 14.- с. 52-54
27.Донских А. Настроенные на успех и прибыль // Казахстанская правда .- 2004.- 27 января.- с. 2
28.Елемисов С. Современное состояние иностранных инвестиций в экономике Казахстана// Финансы и кредиты.- 2003.- № 1.-с. 50-56
29. Ерғалиев Ж. «Қазақстан экономикалық , әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында»// Жас Алаш-2004 жылы, қыркүйек-3 бет.
30.Жарилкаганова М.У. экономическая природа инвестиций как объекта управления // Билим.- 2006.- № 1.- с. 128-132
31. Жангереев Б. Шетелдік кәсіпорындар еңбек заңын орындап жатыр ма ?» //Жас Алаш – 2003 жылы, қазан- 1 бет.
32.Зарубина В.Р. Финансовая оуенка предприятия в инвестиционном анализе // Аль- Пари.- 2003.- № 3-4.-с. 119-123
33.Иганина Л.Л. Инвестиции: учебное пособие- М.: Экономист , 2003.- 478 с.
34.Искаков Н.А. К вопросу о политике привлечения иностранного капитала в социальную сферу// Казахстан- Спектр. 2002.№ 4. с. 49]
35Ибраев А. «Инвестиции в Казахстане, анализ динамики и структуры капитальных вложений в отечественную экономику», Деловой мир №2 (32) 2004.
36.Кокеева С.Е. «Проблема эффективного использования иностранных инвестиций в нефтегазовом строительстве Западного Казахстана", Материалы международной научной конференции, посвященной 10-летию университета Туран, 27 Сентября 2002.насть 1-Алматы,ун-т Туран, 2002
37.Кэмпбелл Р.Макконел. Стэнди Л.Брю. Эконимикс.Т.2.- М.: Республика. 1992.-с. 388.
38. Кошечкин С. Концепция риска инвестиционного проекта // Финансы и кредиты.-2005.-№ 7.- с.14-20
39.Куроенкеева Г.Т. теоретические аспекты национальной политики привлечения иностранных инвестиций // Вестник КазНУ. Серия экономика.- 2002.- № 5.- с. 23-27
40.Кучукова Н. Инвестиции для будущего // Казахстанская правда .- 2004.- 6 января.- с. 2.
41.Ливенцев Н.Н. и др. Международное движение капитала (инвестиционная политика зарубежных стран): Учебник.- М.: Экономист, 2004-с. 368
42.Макинтайр Р.Дж. Прямые иностранные инвестиции и малое предпринимательство в рамках экономической политики// Проблемы теории и практики управления .- 2004.-№ 4.- с. 71-75
43.Молдабекова А. Инвестиции и пути повышения их эффективности // Финансы и кредиты.- 2006.- № 2.- с. 19-22
44.Муфтигалиева А. Инвестиционная активность как главный индикатор состояния реальной экономики // Евразийское сообщество .- 2004.- № 1.- с. 103-108
45.Муфтиганиева А.А. Государственное регулирование как фактор оживления инвестиционной активности предприятия // Аль- пари.- 2005.-№ 3 .-с.80-85
46.Орлова Е.Р. Инвестиции: курс лекций: М.: Омега-Л, 2006.-с.207
47.Отчет о научно-исследовательской работе по теме «Анализ и оценка эффективности привлечения и государственной поддержки прямых инвестиций в приоритетных секторах экономики в 1997-2002 годах«
48.Панзабекова А. Государственное регулирование иностранного капитала: мировой опыт и Казахстан// Евразийское сообщество .- 2004.-№ 3 .- с. 40-44
49.Самуэльсон П.Т.1.-М.:НПО, «Алюл» ВНИНСИ,1992,с. 204.).
50. Сәдуақасов А. «Экономикалық дамудың кепілі - инвестициясы» //Заң газеті-2003 жылы, ақпан -2 бет.
51. Сүлейменов Б. «Қазақстанның мұнай –газ саласындағы шетел инвесторлары »//Заң газеті-2004 жылы, қаңтар-5 бет.
52.Сембеков Е. Об отдельных вопросах совершенствования инвестиционного проектирования в Казахстане // Финансы и кредиты .- 2004.- № 2.- с. 37-40
53.Сулейменов Д. Вопросы регулирования инвестиционного процесса // Транзитная экономика .- 2004.-№ 6.- с. 22-26

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Көлемі: 63 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 900 теңге




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Инвестиция

Дипломдық жұмыс

орындаған:
тексерген:

Жоспар

Кіріспе... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 Инвестицияның теориялық - әдістемелік негізі ... ... ... ... 5
1.1 Инвестиция тартудың теоиялық негіздері.. ... ... ... 5
... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Экономиканы құрылымдық түрлендіру кезеңінде шетелдік
инвестицияларды тартудың 15
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2 Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты 24
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік
инвестициялар ... ... 24
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..
2.2 Мемлекеттің инвестициялық әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық
база ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
... ... ... ... ... ... ... ...

3 Қазақстан экономикасындағы шетел инвестицияларын талдау және оларды
бағалау әдістері
50
3.1 Шетел инвестициясын тартуды және оны тиімді пайдалануды іске
асырудағы мемлекеттік реттеу 50
сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Қазақстанда инвестициялық жобаларды бағалаудағы әлемдік тәжірибені
қолдану 57
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 66
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Жұмыс тақырыбының өзектілігі. 1998ж.бастап Қазақстан экономикасында
қалыпты экономикалық өсу көрініс алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс
табуына жоспарлық - әкімшілдік жүйенінің түрленуі, экономикаға келесі
нарықтық механизмдердің енуі: еркін бағалар, меншікті мемлекет иелігінен
алу, экономиканы демонополияландыру, бәсекелестіктің дамуы, сыртқы
экономикалық әрекеттің ырықтануы, банктік – қаржылық жүйенің реформалануы,
қор нарығының пайда болуы және инвестициялық әрекеттің жоғарылауы күшті
әсерін тигізді.
Тәуелсіздіктің бірінші кезеңінен бастап шетелдік инвестицияларды
тартуға қолайлы жағдайлар туғызылады. 1993-2006 ж.ж. аралығында ел
экономикасына шетел инвестицияларының 46 млрд. долл. астам көлемі
тартылған. Жан басына шаққандағы ТШИ көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің
ішінде жоғарғы орындарға ие.
Дегемен, шетел инвестицияларын экономикаға тарту мәселесі әлі де
өзекті. Бұған себепші келесі факторлар: Біріншіден, экономикалық жүйені
реформалау кезеңінде ішкі қаржылық ресурстар азайып кетіп, экономика
салалары өзінің өндірістік аппаратын жаңарта алмады. Екіншіден, өңдеуші
саладағы инвестиция көлемі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға
жеткіліксіз.
Инвесторлардың көзқарастары экономиканың нақты қажеттеріне сай
еместігінен инвестициялардың жеткіліксіздігі орын алып отыр. Өнеркәсіптің
еркін қаржылары күнделікті қажеттіліктерге жұмсалып отыр. Сонымен қатар,
коммерциялық банктер әлі де экономиканың нақты секторын қаржыландыру көзі
болмай отыр.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономикалық өсу шетел капиталының
әсерінен болады. Бірақ, шетел инвесторлары үшін шикізат өндіруші салалар,
әсіресе, мұнай-газ салалары басымды болып отыр. Осындай жағдайда
экономиканың қалыпты және қарқынды дамуы қолайлы инвестициялық саясатқа
тәуелді. Экономикалық дамудың, құрылымдық қайта құруды ұтымды жүзеге
асырудың, әлемдік нарықта бәсекелестік позицияларды бекітудің қажетті шарты
болып инвестициялық ресурстар табылады. Оңтүстік-Шығыс Азияның “жаңа
индустриалды елдері” экономикалық феноменінің пайда болуы, қазіргі заманғы
ғылыми негіздегі салалардың кең бағытта дамуға көшуі бұл елдер
экономикасындағы инвестицияның қарқындап өсуінің арқасында мүмкін болды.
Сондықтан мемлекет шетел инвестицияларын тартудың бағыттарының
басымдылығын белгілеу керек. Шетел инвестициялары Қазақстан экономикасының
бәсеке қабілеттілігін жоғарылататын факторға айналуы қажет. Шетелдік
инвестицияларды мемлекеттік реттеу күшейген сайын Қазақстан шын мәнінде
әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіреді. Оған дәлел 2005
жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден
басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның ішкі өнімінің екі есе ұлғаюына,
нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды.
Жолдауда Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел
инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді
әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді деп айтылуы инвесторлармен
қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз
қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз табыс
табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге
қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге, басқаша
айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс.
Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тартудың қазіргі
беталысы мен заңдылықтары отандық өндірістің мақсаттары мен міндеттеріне
сай емес және оның күшті бәсекелестік ортада қарқынды дамуына әкеліп
соқпайды. Экономиканы инвестицияландыру теориясының тәсілдері, ішкі
инвестициялық қорларды пайдалануды жандандыру мәселелері,
инвестицияландырудың басымды бағыттарын анықтау әлі де толықтай
зерттелмеген. Сонымен, мәселенің өзектілігі, зерттеудің теориялық,
тәжірибелік маңызы және бұл бағыттың толықтай зерттелмегендігі дипломдық
жұмыс тақырыбын таңдауға себебші болды. Осыған байланысты жұмыстың келесі
мақсаты мен міндеттері анықталды.

Диплом жұмысының мақсаты: Қазақстан республикасының экономикасына
тартылған инвестицияларды талдау және шетел капиталы экономиканың
бәсекелестігін арттырудың басты факторы болатындығын айқындау.
Диплом жұмысының міндеттері:
-шетел инвестицияларын тартудың қажеттілігін анықтау;
-инвестиция терминінің мәні мен қызметін талдау;
-шет елдерінің инвестициялық саясатын зерттеу;
-инвестициялық жобаны бағалау тәсілдерін талдау;
-шетел инвестицияларын тарту мақсатына арналған мемлекеттік шараларды
сұрыптау.
Зерттеу негізі ретінде елдің экономикасына шетел инвестицияларын тарту
кезінде пайда болатын экономикалық қатынастар алынған.
Зерттеу зерзаты болып Қазақстанның ұлттық экономикасын түрлендіру
жағдайындағы өнеркәсіптердің инвестициялық әрекеті табылады.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Инвестицияның теориялық - әдістемелік негізі

1.1 Инвестицияны тартудың теориялық негіздері

Шетелдік капиталды тартудың тенденцияларын анықтау үшін, олардың
ұлттық экономиканың дамуына әсер ететін басты фактор екеніне көз жеткізу
үшін, оларды қолданудың нәтижелілігін анықтау үшін “инвестиция” ұғымының
әлеуметтік-экономикалық мазмұнын нақтылау қажет.
Инвестицияның материалды құндылықтар мен тауарлар өндірісі процесін
анықтайтыны жөнінде айтқанда “инвестиция” категориясының экономикалық және
құқықтық болатындығын естен шығармау қажет. Мемлекет ретінде тек қана бір
тұлға – мемлекеттің бой көрсетуі жағдайында “инвестиция” ұғымы жеткілікті
дәрежеде тар болатын. Ол негізінен капиталдық салымдар мақсатында
қолданылатын ақша құралдарын ғана қамтыған. 1991 жылға дейін инвестиция
ұғымының тапсырыс берушілердің (инвесторлар) негізінен құрылыс жұмыстарын
қаржыландыруға бағытталған әрекетін сипаттайтын “капиталдық салымдар”
терминімен ауыстырылғандығы кездейсоқтық емес. Бүгінде реттеулі нарықтық
қатынасқа өту кезеңінде жеке мүліктік қатынастағы сапалық өзгерістерге
байланысты инвесторлар ретінде көрінетін топтық тұлғаларға
бағытталушылықта “инвестиция” ұғымы жоғарыда көрсетілген стереотиптерден
арылды.
Экономикалық әдебиеттерде жеткілікті дәрежеде көптеген анықтамалар
берілген, бірақ әртүрлі авторлар ұсынған ол анықтамалардың барлығы
құбылысты күрделі және көп аспектілікке әкеліп соқтырады. Инвестицияның кең
тараған анықтамасы – бұл инвесторлардың өз кәсіпкерлік әрекетінің
объектісіне салған мүліктік және интеллектуалды құндылықтарының барлық
түрлері. Экономикалық мәнінде инвестиция “өндірістік күшті қалыптастыруда
өндіріс процесінде жеке еңбектің тұтынуға қарағанда жоғары құнды
қалыптастыруы арқасында болатын жеке еңбек пен қоғамдық еңбекті салу
процесі” ретінде анықталады.
Экономикалық әдебиеттердің анализі көрсеткендей, “капитал салымдары”
термині – ол негізгі қорлар өндірісіне кеткен қаржылық шығындар. Мысалы,
Г.И.Хачатуров капитал салымдары астарында негізгі қорлар өндірісіне кеткен
шығындарды, олардың көбеюі мен жүзеге асырылуын түсінуді ұсынады.
М.И.Кулагин экономикалық мәнде инвестицияны өндіріске, көлік, ауыл
шаруашылығы және табысқа ие болу мақсатындағы ұлттық экономиканың өзге де
салаларына құралдардың ұзақ мерзімді салымын түсінуді ұсынады(58).
Бұдан да кең анықтамаларды шетелдік экономистер береді. Соның ішінде,
Кейнс инвестиция болып “белгілі бір кезеңдегі өндірістік әрекет нәтижесінде
капитал мүлігі құндылығының аралық өсімі” немесе “сол кезең ішінде иелікке
алынуда қолданылмаған табыстың бөлігі” табылады деп санайды.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы “Инвестициялар
туралы” 373-ІІ заңы да “инвестиция” ұғымына анықтама береді. Дегенмен, бұл
заң Қазақстан Республикасы экономикасына шетелдік инвестицияларды тартудың
негізгі экономикалық және құқықтық негіздерін анықтайды, шетелдік
инвестициялар қауіпсіздігінің мемлекеттік кепілдемелерін, олардың жүзеге
асырылуының ұйымдастырушылық формаларын, шетелдік инвесторлармен болатын
тартыстардың шешілу тәтібін бекіткен. Қазақстан Республикасының ұлттық
заңдылығында инвестиция ұғымы тек осы заңда анықталады.(1)
Бұл заң бойынша, “инвестиция” – табысқа ие болу мақсатындағы
кәсіпкерлік әрекет объектісіне салынған мүліктік және интеллектуалдық
құндылықтардың барлық түрі. Заңда көрсетілген бұл мүліктік құқықтардың
тізімі жеткілікті дәрежеде кең, мысалы, лицензияға негізделген немесе өзге
формада мемлекеттік органмен ұсынылған әрекеттің жүзеге асырылуына қатысты
кез-келген құқықты, сонымен бірге Қазақстан Республикасы территориясында
инвестицияланған және алынған табысты инвестицияға жатқызады.
Инвестицияларға жылжымалы және жылжымайтын мүлік пен мүліктік құқық,
иелік ету құқығы, облигация мен өзге де борыштық міндеттер, акциялар,
сонымен бірге комерциялық ұйымдарға қатысудың және инвестициямен байланысты
шарт бойынша орындалатын қызметтер, тауарлар, ақшалай сомаларды талап
етудің өзге де формалары жатқызылады. Бұдан өзге бұл тізімге
интеллектуалды әрекеттің нәтижесіне құқылық, оның ішінде авторлық құқық,
патенттер, тауарлы белгілер, өндірістік үлгілер, технологиялық процестер,
ноу-хау, нормативті-техникалық, архитектуралық, құрылымдық және
технологиялық жобалы құжаттамалар қосылған.
Экономикалық әдебиеттердегі жоғарыда көрсетілген анықтамалардағы және
Қазақстан Республикасының “Инвестициялар туралы” заңындағы заң саласы
бойынша берілген анықтама тұрғысынан қарағанда “инвестиция” ұғымының
өзіндік белгісі болып “табыс алу” белгісінің болуы табылады.
Инвестицияны молайту және қорғау туралы Қазақстан Республикасының екі
жақты келісіміндегі халықаралық-құқықтық дәрежеде құқықтық реттеудің
жүзеге асырылуында “инвестиция” ұғымы:
- жылжымалы мүлік пен жылжымайтын мүлік түріндегі иелік;
- үлесті қатысымға және компаниялардағы қатысудың өзге де формаларына
құқығы;
- экономикалық құндылықты немесе инвестициялармен байланысты және
экономикалық құндылықтарға ие қызметтерді құруда қолданылатын ақша
құралдары бойынша талап ету құқықтары;
- технология, өндірістік үлгілер мен тауар белгілерін ойлап табу сияқты
интеллектуалды иеліктерге құқығы;
- өзі жүзеге асырылатын территориядағы елдің заңдылықтарына сәйкес
инвестиция деп танылған мүліктік құндылықтар мен өзге де құқықтар.
Жоғарыда көрсетілгендерден Қазақстан Республикасында өзара инвестицияны
молайту және қорғау туралы шартты келісімі бойынша “инвестиция”
анықтамасында “табыс алу мақсаты” белгісі жоқ.
Халықаралық құқықта “инвестиция” категориясының құқықтық түсінігі тұрақты
емес және заңдылықтың алдына қойған талаптарына әрдайым тәуелді болып
отыратындығы көрсетілген. Шетелдік инвестицияларға қатысты көп қабатты
халықаралық конвенциялар “инвестиция” ұғымы анықтамасына ие емес. Көп
қабатты конвенцияларды қалыптастырушылардың мұндай анықтаманы ұлттық
заңдылықтың конвенция әрекетінде кездесетін қатынас шеңберін өзі таңдауына
кедергі келтірмеу үшін конвенция мәтініне саналы түрде қоспағандығы туралы
пікірлер кездеседі. Дегенмен, мұндай анықтамалардың әртүрлі нұсқалары тек
ұлттық заңдылықтарда ғана бар емес, өзара инвестицияны молайту және қорғау
туралы екі жақты келісімдерде де бар және жоғарыда айтылғандай, бұл екі
топ анықтамалар аралығында екі жақты келісімдегі анықтамадағы “табыс алу
мақсаты” белгісінің жоқтығынан туған маңызды айырмашылық бар.
“Инвестиция” ұғымына жасалған талдаудан инвестициялардың мүліктік және
мүліксіз сипатқа ие екендігін айтуға болады. Кең аспектіде мүліксіз
инвестициялар астарында әдеби және шығармашылық туындыларға құқық, ойлап
тапқан жаңалыққа құқық, өндірістік үлгілер, интегралды кестелер
типологиясын түсіну керек; сонымен бірге өзіндік ерекшелікке ие
технологиялық мәліметтер, өндіріс құпиялары, конфиденциалды коммерциялық
ақпараттар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулар,
яғни интеллектуалдық мүлік, иелік ұғымына кіретіндердің барлығы қамтылады.
Инвестицияның бұдан өзге категориялары мүліктік инвестицияларға
жатқызылады. Олардың өзіндік белгісі болып материалдылық көрінеді: қаржы,
материалды құндылықтар, заттық құқықтар.
Сонымен, инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына
және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей,
заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол
шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың
жиынтығын айтады.
Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа
да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап,
сол арқылы келешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай
үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді.
Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция
экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай
жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы
және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс
жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып
саналады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның , яғни таза
табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Инвестиция көзі
дегеніміз – жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі
болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны
өзінің таза табысының есебінен , өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін
сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша
инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір
материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс)
өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет
шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға
банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға
жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып
табылады.
Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы.
Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен
өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни
қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін
жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа
бөлінеді:
- жеке инвесторлар (жеке адамдар).
- институттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар,
зейнетақы қорлары , тағы басқалары).
Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі
салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты.
Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға
шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің
жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық
саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың
мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды
өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс
пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа
өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта
жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған
күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға
көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға
тиіс.
Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел
территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар
арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін
жүргізеді.
Ал , капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала
бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде
тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің
қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз
жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар
өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді.
Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар :
1. Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;
2. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға
сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы;
3. Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;
4. Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің
болуы;
5. Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал;
Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:
- өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей инвестициялар ;
- портфельдік инвестициялар (шетелдік облигацияларды, акцияларды
және басқа да құды қағаздарға алу үшін);
Ішкі инвестициялық ресурстар өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда
экономиканы тұрақтандыруға , реформаларды тереңдету және құрылымдық
өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес.
Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел
мемлекеттері , халықаралық ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар
Қазақстан Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін
жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде
тіркелген жағдайда.
Шетелдік инвестиция дегеніміз-қабылдаушы елдегі компанияның қызметін
бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді.
Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі
кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді.
Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң
нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан Эксимбанкі, сырттан
қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді
органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал
қалыптасты.
Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз
ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай –
химия салалары, электр энергетикасы, металлургия, коммуникация және де
Қазақстан дәнді-дақылдар, жүн, мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті,
агроөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ
өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ
құбырларын салуға жұмсалады.
1995 жылдың шетелдік инвестициялардың көлемі 235 млрд. $-ға артып, 2.6
трлн $ деңгейін жетті. Шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды көзі-
потрфель инвестициялары . Олар ірі корпорациялардың , мемлекеттік және
жекеменшік банктердің облигациялық қарыздарын қаржыландырады.
Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар мынадай элементтерді:
негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды , материалдық айналым қаражаты
қорын толтыруға жұмсалған инвестицияларды , өндірілмеген және материалдық
емес активтерге жұмсалған инвестицияларды, басқа да қаржы емес активтерге
жұмсалған инвестицияларды өзіне қосады.
2006 жылғы қаңтарда қаржы емес активтерге инвестициялардың бағалау
көлемі (материалдық айналым қаражатының қорларын толтыратын
инвестицияларсыз ) 57.6 млрд. Теңгені құрады, оның 56.9 млрд теңгесі
(98.7%) негізгі капиталға инвестицияларға келеді.
2006 жылғы қаңтарда негізгі капиталға инвестициялар 56.9 млрд. теңге
болды, бұл 2003 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 17.2%көп.
2006 жылғы қаңтарда инвестицияның өсуі республиканың 12 өңірінде
байқалды. Ең көп өсу Жамбыл (4.8 есе), Павлодар (2.2 есе), Оңтүстік
Қазақстан (1.6 есе), Қостанай , Атырау, Қарағанды (1.4 есе) облыстары мен
Астана қаласында да (1.9есе ) байқалды. Өсім сондай-ақ Шығыс Қазақстан ,
Ақмола, Қызылорда, Алматы облыстарында мен Алматы қаласында да
(4-13%) байқалды.
Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда инвестиция көлемінің төмендеуі
Ақтөбе (45%), Батыс Қазақстан (44%), Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау
(6%)облыстары байқалды.
Мұнай өндіру және табиғи газ (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы
көлемінен (61%) , жылжымайтын мүлікпен операция (12%), өңдеу өнеркәсібі
(8%), көлік және байланыс (4%)) басым салалар болып табылады.
Шетел инвестицияларының жалпы республикалық көлемінің ең көп үлесі
Атырау (46%) және Батыс Қазақстан (33%) облыстарында игерілді.
Инвестициялық қызмет дегеніміз – шаруашылық жүргізуші субъектілер
жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы
қаражат жұмсалымы.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар – сатып алуға, құруға,
негізгі құралдарды қайта өндіруге және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың
жиынтығы болып табылады.
2006 жылы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің нәтижесі-
қаржы емес активтерге жұмсалған 1307.2 млрд. теңге инвестицияны игеру
болды, мұның 1100 млрд. теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған.
Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі
капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84.2% құрады. Негізгі капиталға
жұмсалған инвестициялар көлемі 2005 жылғымен салыстырғанда 10.6 %-ға (2006
жылы-44.7%-ға; 2005 жылы – 48.5%-ға ; 2004 жылы – 33.0%ға ) өсті.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындар
дың үлесі – 47.0%, орташаларынікі -27.9%, шағындарынікі – 23.9% , халық
үлесі – 1.2% құрады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес
тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45.0% құрады,
бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 9.6пайыздық пунктке артық. Тұрғын үйлерге
салынған салымның үлесі 0.6 пайыздық пунктке өсіп, 4.8% құрады.[26;5]
Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек-жарақтарға кеткен
шығындардың үлесі 1.6 пайыздық пунктке төмендеді.
Негізгі капиталға жұмасалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады,
оның 89.1% геологиялық барлауға жұмсалған.
Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне
ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4%тиеді.
Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың
елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42.3%) әуе көлігіне (15.4%) және
электр байланысқа (19.8%) келеді.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашы-
лығында бұрынғысынша мардымсыз (1.3%).
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау
шараларына мардымсыз болды.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде үйлер мен
ғимараттарды күрделі жөндеуге кеткен шығындар үлесі 13.3%құрады,бұл 2001
жылғы көрсеткіштен 4.2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен
шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға – 52.3%, машиналар мен
жабдықтарға кеткен шығындар 47.7% құрады.[20;11]

1-сурет. 2007 жылғы көрсеткіш бойынша негізгі капиталға жұмсалған
ішкі және шетелдік инвестициялардың құрылымы .
Кесте-1

Инвестиция классификациясының өзге негізі ретінде инвестициялау
объектісін басқаруда инвестордың қатысуы мен қатыспауын санауға болады.
Сондықтан, инвестиция негіздемесін қоржынды инвестициялар деп аталатын
тікелей және жанама инвестицияларға бөлуге болады. Тікелей инвестициялар
шетелдік, болмаса отандық болып табылатын жүз пайыз инвесторға тәуелді
біріккен кәсіпорындар мен кәсіпорындар құруда жүзеге асырылады.
Инвестицициялаудың мұндай формасында инвесторлар кәсіпорынды (компанияны)
басқаруға тікелей қатысады.
Тікелей шетелдік инвестициялар (foriegn direct investment) – бір елдің
кәсіпорын-резидентінде (тікелей инвестицияларға ие кәсіпорындар) өзге елдің
резиденттік қызығушылығына ұзақ мерзімді ие болуы (тікелей инвестор
ретінде).
Жоғарыда көрсетілген ХВҚ және БҰҰ-ның ұлттық есебі жүйесінде қабылданған
анықтамаларға сәйкес тікелей шетелдік инвестицияларға инвестордың өз
иелігін шетелден бастапқы алуы сияқты инвесторлар мен кәсіпорындар
аралығындағы олардың капиталы салынған келесі мәмілелердің барлығы да
қатысты. Тікелей инвестиция құрамына мыналар кіреді:
- компаниялардың өз капиталдарын шетелге салуы - қауымдасқан және
еншілес компаниялардағы акциялар үлесі мен филиалдар капиталы;
- табысты қайта инвестициялау - девиденд ретінде жіктелмеген және
тікелей инвесторға аударылмаған, шетелдік инвестициялармен бірлескен
өнеркәсіп табысындағы тікелей инвестордың үлесі;
- тікелей инвесторлар аралығында заемдар мен несиелер формасында
капиталдың корпарация ішілік аударымдары, бір жағынан еншілес
компаниялармен, қауымдасқан компаниялар және филиалдармен – екінші
жағынан.
Дегенмен, кез-келген ел тікелей инвестицияларын өз статистикасында
жоғарыда көрсетілген анықтамаға сәйкестендіре бермейді. Мысалы, Жапония
қайта инвестицияланған табысты тікелей инвестиция ретінде қарастырмайды.
Тікелей шетелдік инвестиция белгісі болып олардың негізінде қалыптасатын
кәсіпорындар аралығында ұзақ мерзімді іскери байланыстар табылады, инвестор
өз құралдары салынған кәсіпорындардың қабылдаған шешімдеріне жеткілікті
дәрежеде ықпал ету мүмкіндігіне ие бола алады.
Шетелдік инвестициялар негізіндегі кәсіпорындар (direct investment
enter prise) - өзге елдің инвестор-резидентіне әдеттегі акцияның және
дауыстардың (акционерлік кәсіпорындарда) немесе теңдеуішінің (акционерлік
емес кәсіпорындарда)10%-ынан көп бөлігі тікелей тәуелді акционерлік немесе
акционерлік емес кәсіпорын.
Шетелдік инвесторға тәуелді капиталдың 10% бойынша шетелдік
инвестициялар негізіндегі кәсіпорындарға шек халықаралық ұйымдармен тікелей
инвестициялар қозғалысының салғастырмалы есебін қамтамасыз ету мақсатында
қалыптастырылған.
Қоржынды инвестициялар кәсіпорынды басқаруға тікелей қатысуды
көздемейді, шетелдік инвесторлар арқылы акция мен құнды қағаздарға, яғни
бұл кәсіпорындарға ақшалай салынған капиталға девидендтер алуды болжайды.
Қоржынды инвестициялар – бұл шетелдік кәсіпорын әрекетіне тікелей бақылау
мүмкіндігін бермейтін капитал салымының акция, облигация сияқты өзге
формалары. Инвесторлар тек құнды қағаздар жөніндегі бекітілген ережелерге
сәйкес табыс ала алады.
Қоржынды инвестициялар – ірі корпорациялар, орталық (мемлекеттік) және
жеке меншік банктер шығаратын облигациялық заемдарды қаржыландыруға
арналған шетелдік капиталды тартудың маңызды көзі. Шетелдік қоржынды
инвестицияның жүзеге асырылуында делдал ретінде, әдеттегідей, ірі
инвестициялық банктер бой көрсетеді.
Қоржынды инвестициялардың қозғалысына жекелеген елдерде төленетін
пайыздық мөлшерлеме нормасындағы айырмашылық мәнді әсерін тигізеді.
Тікелей инвестициялаудың қоржынды инвестициялаудан фундаменталды
айырмашылығы қоржынды инвестордың өзі инвестициялайтын кәсіпорын
басқармасына ие болуға ұмтылмауында жатыр. Халықаралық компаниялардың
бірқатар жарғылары бойынша, оларға көбінесе басқаруға қатысуға және
құралдары салынған компаниялар кеңесінде таңдалынуға да тиым салынады. Бұл
инвестицияланған компаниялар басшылығы мен басқаруына қатысу мамандардың
жаңа штатын қажет ететіндігімен түсіндіріледі, ерекше көңіл аударушылық
бас компанияның инвестициялық саясатының жүзеге асырылуындағы икемділікті
де азайтар еді.
1950-1960 жылдары өндірістік дамыған елдерде экономикалық даму қарқынының
өсуі болды. Бұл жағдай капиталға деген ұсынысқа кері әсерін тигізді. Бір
жағынан, өндірістік дамыған елдерде капитал салудың жаңа аялары ашылды.
Артық капиталдардың мәнді бөлігі әскери салаларды қамти бастады, ал өзге
бөліктері инфрақұрылымды кеңейтуге, қызмет көрсету, ғылым, денсаулық сақтау
және білім беру аяларының дамуына бағытталды. Екінші жағынан, экономикалық
даму темпінің өсуі өндірістік корпорациялар капиталдарының ірі шоғырлануын
және капитал ұсынысын кеңейтуде қосымша стимулдардың қалыптасуына ықпал
еткен банктік ресурстардың орталықтануын қамтамасыз етті.
Экономикалық жағдайдың өзгеруі капитал ұсынысында жаңа құбылыстардың
қалыптасуына негіз болды. Егер бұрын шетел экономикасына кәсіпкерлік
капиталын инвестициялау жеке меншік фирма қалыптастыру формасында немесе
қабылдаушы елдің ұлттық акционерлік қоғамдарына құралдар салу жолымен
жүзеге асырылса, бүгінде инвестициялаудың жаңа формалары пайда болды.
Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- бірлескен кәсіпорындар құру;
- кәсіпорындарды “кілт астарында” қамту;
- шетелдік фирманың қамтылатын объектіге жергілікті мамандарды
дайындауды қарастыратын “өнім - қолға” типіндегі шарты кәсіпорындарды
“кілт астарында” қамтудан айырмашылығы болып табылады;
- өнім бөлу туралы келісім;
- мұнай табысы әзірлемесі аясына тән “қатерлі жобалар” туралы шарттар;
- лицензиялы келісімдер, оның ішінде сатып алушыға басқару аясында
қосымша қызметтерде “жеткізіп беруші компанияның кейбір ережелерін
құрметтеу” міндетіне айырбаста лицензиямен қамтамасыз ететін
франчайзинг.
Капиталды инвестициялаудың өзіне тән формасы технология экспорты болды.
Бұл форманың жүзеге асырылуында жеткізіп беруші компания марапаттама
ретінде технология элементтерін (патенттер, лицензиялар, сауда маркалары,
басқару тәжірибесі және т.б.), қабылдаушы кәсіпорынның табысының бөлігін
алады. Бұл жерде технология экспорты сату мен қарыз (ссуда) белгілеріне ие:
ғылыми-техникалық жетістіктер белгілі бір мерзімге сатылады, бірақ олардың
иегері ретінде сатушы қалады. Сонымен бірге, технология экспорты кейде оны
иеленген фирма акциясының бөлігін алумен шарттасады. Көріп отырғанымыздай,
технология экспорты спецификалық тауар ұсынысымен ғана емес, капитал
ұсынысына қатысты экономикалық қатынаспен де сипатталады.
Жаңа формалар дәстүрлі тікелей инвестицияларды алмастыра алмағанымен
кеңірек даму жолына ие болады. Олар экспортта жұмыс істейтін салаларда ғана
емес, қабылдаушы озық емес, жетілген технологияларды қолданушы елдердің
ішкі нарығына таралады.
Жөнелтілуші капиталдардың көп бөлігі ірі компаниялардың жеке мүлігі болып
табылатындығын айта кету керек. Мұндай фирмалар капитал экспортында жетекші
орынға ие, себебі кәсіпорын масштабы мен шетелдік инвестицияны өткізуге
қажетті оның қолында бар қаржылық және өзге де артықшылықтар аралығында
тығыз өзара тәуелділік бар. Дегенмен, бұған қарамастан соңғы кезде ұсақ
және орта фирмалар капитал ұсынысында үлкен мүмкіндіктерге ие болды, тіпті
ірі компаниялармен салыстырғанда кейбір артықшылықтарға қол жеткізді. Шағын
және орта кәсіпорындар үшін капитал ұсынысы шетелдік нарыққа тауарлар
өткізумен байланысты.
Батыстық инвесторлар соңғы кезде әртүрлі жобаларды қаржыландыру
жүйесіндегі өзгерістерге байланысты ірі қолдауға ие болып отыр. Егер бұрын
бұл міндетті, әдеттегідей, жеткізіп беруші фирмалар өз мойнына алса,
қазірде көбіне тәуелсіз қаржылық компаниялар мен банктер шешіп отыр.
Осылай, трансұлттық банктердің пайда болуы капитал импорттаушы елдердің ірі
өндірістік жобаларын қаржыландыруды тездетті. Жобаны қолдауда бірнеше
банктердің қатысуын болжайтын жобаларды бірлесе қаржыландырудың формасы,
содан соң әріптестер аралығында нарық жігі пайда болды. Капитал импорты
мүмкіндігін кең ілгерілеткен евровалют нарығының дамуы да маңызды рөл
ойнайды.
1990 жылдың басынан халықаралық қоржынды инвестиция көлемінің үлгі
ретінде алуға болмайтын дамуы болды. Құнды қағаздар негізіндегі жеткілікті
дәрежеде дамыған әлем елдеріндегі ЖҰӨ 10%-ын құрайтын халықаралық
операциялар 100%-ға дейінгі құндылық көлемде өсті. Қоржынды капиталдың
елдер аралығында жылдам орналасымы 1995 жыл басындағы Мексикада және
бірқатар өзге елдерде болған экономикалық дағдарыстың себебі болды.
Қаржыландыру көзіне тәуелді заңды және жеке тұлғалармен жүзеге асырылатын
мемлекеттік және жеке меншік несиелер мен заемдар, өтеусіз қаржыландыру
түрінде іске асатын мемлекеттік түрлерге жіктеуге болады. Осыған сәйкес,
шетелдік инвестициялар шетелдік заңды және жеке тұлғалармен жүзеге
асырылатын шетелдік мемлекеттер мен жеке және халықаралық ұйымдар беретін
заемдар мен несиелер есебі бойынша қаржыландырылатын мемлекеттік түрлерге
жіктелінеді.
Сонымен, шетел инвестицияларын тарқан кезеңде келесі маңызды мәселеге
ерекше көңіл бөлу керек :
біріншіден, халық шаруашылығының құрылымдық өзгерістеріне нарықтық
механизм әсер ете алмайды; сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан
реттеу қажет;
екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық
жүргізуші субъектілердің иенвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз
байланыста қарастырмасақ, өндірістің әлеуметтік – экономикалық тиімділігін
арттыру мақсатында құрылымдық реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай –
ақ, болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің қажеттілігі -
әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер
қабылдауға қатысты сипатта болады.

1.2 Экономиканы құрылымдық түрлендіру кезеңінде шетелдік
инвестицияларды тартудың қажеттілігі

Қазақстан өркениетке, экономикалық дербестікке аяқ басқан 10 жылдан
астам уақыт ішінде өзінің табиғи ресурстар қорымен көптеген мемлекеттердің
экономикалық сұранысын арттырып отыр.
Инвестиция - кәсіпорынға, өндіріс орнына немесе жеке адамға көп жылға
қайтарымсыз берілетін капитал. Ал, капитал құюшы тұлға немесе компания
ішкі есебін мүлт жібермеуге тырысатыны белгілі. Қазақстанда инвестициялық
климат қалыптасты мa? Инвесторларға қойылатын талаптар қандай ?
Инвестициялық саясатта неге ұлттық мүдде кем? Осы сауалдар төңірегінде
және Қазақстанның экономикалық потенциалы хақында әңгіме өрбітіп көрсек.
Экономикалық реформаларды ойдағыдай жүргізуде шетелдік инвестицияны
тікелей өндіріске жұмылдыру мен оны ұтымды пайдалану кез келген мемлекет
үшін маңызды. Әлемдік тәжірибе бұл мәселеде екі тарапқа да ортақ
:халықаралық бірлескен реформалар тікелей шетелдік инвестицияның
тиімділігіне мән берсе, инвестицияның көлемі өндірісіне күш сала тын
мемлекеттің экономикалық жағдайына тәуелді болып келеді. Сондықтан да
Қазақстан бұл процестен бейтарап қала алмайды. Экономикалық қайта құру мен
стратегиялық даму жоспарын шетелдік инвестициялар арқылы іске асырғанын жөн
санайды. Инвестициялық климат қалыптастыру үшін инвесторлар барымтасына
қарай қарымтасы деген саясатты берік ұстануға тырысады. Өйткені, ешқандай
инвестор өзі пайда табатын саланың болашағы жоқ болса, екі жеп биге шықпақ
түгілі, есі барда елін табуға әрекет қылатыны даусыз.
Стратегиялық жоспарлау агенттігі мен республикалық қоғамдық пікірді
анықтау орталығының зерттеуіне сүйенсек, шетелдік инвестицияны құлдыратуға
заңның солқылдақтығы мен оның қайта - қайта өзгеруі әкеп соғады екен.
Шетелдік инвесторлардың айтуынша, басқа елдерге қарағанда , олар үшін
Қазақстан нарығы оңтайлы көрінеді. Өйткені, Қазақстан пайдалы қазбалар қоры
мен ауыл шаруашылығына жарайтын жерлерге бай, сондай-ақ, ірі өндірістік
потенциал мен білікті жұмыс күшіне ие. Алайда, бұлардың шашауын шығармай
пайдалану үшін инвестиция ауадай қажет. Қазақстандағы шетелдік инвесторлар
үшін жағымды факторлар қатарына мыналар жатады:
Біріншіден, табиғи ресурстардың болуы. Бұл әсіресе, жер қойнауында
пайдаға молынан кенелтетін мұнай мен газ, түрлі- түсті және сирек
кездесетін металдардың ұшырасуымен құнды. Шетелдік сарапшылар бұл байлықты
әзірше 9 трлн. АҚШ долларына бағалап отыр. Мамандардың болжауынша,
Қазақстанның мұнай қоры Ирак пен Иранның қара алтын қорынан да асып
түседі екен. Алдағы жүзжылдықта Қазақстан жылына 100 млн. тонна мұнай
экспорттайтын алып мұнай державасына айналуына мүмкіндігі мол.
Екіншіден, Орталық Азия көліктік құрылымындағы ұтымды геостратегиялық
құрлықта орналасуы және 2 миллиардтан астам халқы бар елдердің нарығына
шыға алуы. Бұл-мұнай экспортынан мұрты майланғалы тұрған Қазақстан үшін
табыстың алғышарты болып табылады.
Үшіншіден, қоғамның дамуы мен экономикалық гүлденуі жөнінен Қазақстан
достастық елдері арасында көшбасшылық тізгінге ие.
Еліміздің инвестициялық ахуал анықтайтын жайттар :
- инвестиция жұмылдыру процесі;
- инвестиция үшін жағымды жағдай;
- инвестицияландырудағы тәуекелшілдік .
Қазақстанның инвестициялық тәуекелшілдікке бас тігетін кәсіпкерлік
климаты ел ішіндегі саяси- экономикалық, әлеуметтік жағдайларға тығыз
байланысты. Инвесторларға жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей,
шетелдік инвестиция ағымын азайтатын ең басты фактор- шенеуніктердің
коррупциялық қысымы (51.3 пайыз) мен билік жүйесіндегі саяси сананың
жабайлылығы, яғни бюрократизм (44.9 пайыз) екен.
Инвестициялық климат туғызудағы ең басты назар аударатын жайттың бірі –
елімізде шетелдік инвесторларға салынатын салық пен берілетін
жеңілдіктердің заңдық тұрғыдан өзара үйлесімді болуында. Ел президентінің
Жарлығымен Бюджетке түсетін салықтар мен өзге де міндетті төлемдер
туралы заңға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі инвестициялық
климаттың құқықтық базасын жетілдіруге жәрдемдесті. 1997 жылы Нарықтағы
құнды қағаздар туралы заңның шығуы қор биржасының белсенділігін арттырды.
Қазақстанда шетелдік инвестицияны тарту механизмі жоғары либералдық режим
бойынша былайша жүргізіледі:
Жер және мүлік, сондай-ақ , кіріс салығынан толықтай босату;
Сыртқа шығарылатын тауардан алынатын мемлекеттік баж салығынан жартылай
немесе толықтай босату;
Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысындағы қаржылық немесе
қауіпсіздік шараларына кепілдік беру.
Алайда, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, көптеген елдер шетелдік
инвесторларды тұрақты және өзара тиімді инвестициялық режимдерден, сондай-
ақ, әр түрлі салымдар мен төлемдерден босату арқылы қызықтырудың
қауіптілігін ескертеді. Әсіресе, Африка елдерінің инвестиция саласындағы
жоғары либералдық режим қалыптастыру саясаты салық және сауда –
валюталық жеңілдік жасаудың тұрақты шетелдік инвестициялық ағымға мүмкіндік
туғызбайтынын көрсетті. Қайта керісінше, қуатты инвесторлардан сақтануға
шақырады.
Инвесторлар капиталын пайдаланушы, яғни реципиент мемлекет ретінде
Қазақстан мен шетелдің қаржы алпауытттарының мүддесі бір жерден шығуы
қиындау . Мәселен, жеке компаниялар өздерінің жұмысына мемлекеттің дем
беруін қалайды. Алайда, шешуші фактор инвестицияландырудың жалпы шартының
табиғатына сай болып қалады. Қазақстан өз кезегінде шетелдік инвесторларды
басқару саласындағы тәжірибе алу технологиясы мен қаржылық қорының қосымша
көзі ретінде қарастырады. Қазақстан шетел инвесторларының алдында өзінің
ұлттық мүддесін әрдайым жоғары қойғанда ғана беделді болмақ .
2005-2006 жылдары елімізге тікелей инвестиция тарту бағдарламасына
сәйкес, 1999-2000 жылдардағы Қазақстанға шетелдік инвестицияны тарту
бағдарламасының орындалу нәтижелерін сараптай келе, еліміз экономикалық
секторға шетелдік инвестицияны тартудың тиімді аймағы атанды деуге негіз
бар. Бұл пікірді шетелдік экономика сарапшылары да қуаттайды.
1993-2001 жыл аралығындағы біздің елге тартылған тікелей шетел
инвестициясының жалпы көлемі 16.98 млрд. АҚШ долларын құрайды . 1999 жылы
экономикамызға қозғау салған шетел инвестициясының жалпы мөлшері , 1.85
млрд. АҚШ долларына тең келіп, 1998 жылға қарағанда 1.5 есеге өскені
айқындалды. Ал , 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда оның көлемі 49 пайызға
өскені , яғни 2.75 млрд. АҚШ долларына жеткені белгілі болды. Шетел
қаражатының Қазақстанның тайқазанына келіп түсуі және оның көлемінің
көбеюі еліміздің әлемдік компанияларға ұнай бастағанын көрсетеді. 2001 жылы
шетелдік инвестицияның көрсеткіші, мамандар есептеуінше, 4.41 млрд. АҚШ
долларын құраған. Инвестициялық белсенділік Қазақстанда Ресейден де жоғары
дәрежеде екенін мына мәліметтен – ақ аңғаруға болады . 2006 жылы жекелеген
инвесторлар Ресей экономикасына 25.8 пайыз қаржы салса, Қазақстан нарығында
ол көрсеткіш 65 пайызға жуықтайды. Қазақстанда инвестициялық ағымның жылдан-
жылға көбеюінің басты себебін жаңа мұнай- газ кеніштерінің ашылуымен
түсіндіруге болады . Жыл сайын елімізге келетін шетел инвестициясының 70
пайызы тау-кен өндірісіне , оның ішінде мұнай – газ секторына жұмсалса, 10
пайызға жуығы ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібінде игеріледі
екен.
1997 – 2001 жылдар аралығында Қазақстанның инвестиция жөніндегі
комитеті еліміздің ең басты экономикалық салаларында инвестициялық
белсенділікті арттыру мақсатында шетелдік компаниялармен 345 келісім –
шартқа отырған. Осы кезеңде өңдеуші өнеркәсіп саласында айтарлықтай үлесті
металлургия өндірісі ( 45 пайыз) , азық – түлік өнімдерін шығару ( 19.8
пайыз) және химия өндірісі (11.1 пайыз) алады екен. Бір ғана химия
өнеркәсібі бойынша , 2001 жылы жалпы сомасы 95.6 млн . АҚШ долларына
бағаланған 13 келісім – шартқа қол қойғызылып, негізгі капитал 82.4 млн.
Ақш долларына жетіп жығылды. Тұрғын үй, әлеумет және туризм салаларында
инвестицияның жалпы көлемінің 12.8 пайызын құрайтын, 299 млн. АҚШ долларына
бағаланған шетел инвестициясы бойынша 35 келісім – шарт дүниеге келген.
Және осы инвестиция негізінде 8.8 мың жұмыс орны ашылған .
Бүгінгі таңда өндірістік инфрақұрылым саласында 27 келісім – шарт
негізінде шетел инвесторларды жұмыс істеп жатыр. Олар бюджетімізге 689 млн
. АҚШ доллары көлемінде көк қағазын сала отырып , 3.1 мың жаңа жұмыс
орындарының 60 пайызын шетелдіктер иемденеді екен .
Үкіметіміз шетелдік инвесторлармен ауылшаруашылығы саласына қатысты
жалпы саны 14 келісім – шартқа отырып, 27 млн . АҚШ долларын қолма – қол
иемденіп, 1.6 мың жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік жасады.
Президент соңғы жылдары Астананың әлеуметтік – экономикалық жағынан
гүлденуіне баса назар аударып жүр. Сондықтан болар, Астананың құрылыс –
сәулет және өзге де экономикалық салаларында 20млн. АҚШ доллары көлемінде
инвестиция тартылып, 2005 жылдың өзінде – ақ 291 жұмыс орнын ашты.
Әлемдік экономикадағы Қазақстанның интеграциялық қозғалысы жыл өткен
сайын артып келеді . Мәселен, 2005 жылы шетелдік инвесторлармен 16 келісім
– шарт жасалып, 817 млн. Ақш доллары көлеміндегі капитал ел экономикасына
араласты.
Бұл – 2004 жылға қарағанда 7.6 есе , 2003 жылға қарағанда 1.4 есе көп
. Шетел алпауыттарының Қазақстан бюджетінің жыртығын жамауға себін тигізуі
ел экономикасына шетелдік инвестицияны тартудың халықаралық нормаларына
сәйкестендіруге , яғни жетілген ұлттық заңнаманың жемісін көруге болатынына
үміт ұялатады. Айталық , ел өнеркәсібінің өркен жаюына бағытталып жатқан
шетелдік инвестицияның жалпы көрсеткіші капиталдың 31 пайызын құрап отыр.
Еліміздегі негізгі капитал көздерінің ең қомақты инвестициялық жобалары
деп мыналарды айтуға болады :
Нидерланды – 580 млн. АҚШ доллары (Испат Кармет ААҚ);Корея – 25.1
млн. АҚШ доллары (LG ELECTRONICSкомпаниясының ірі жобасы);
Түркия – 39 млн. АҚШ доллары (Эфес – Қарағанды сыра жасау зауытының
ірі жобасы);
Лихтенштейн – 17 млн . АҚШ доллары (АБС орталығы ААҚ);
Ұлыбритания – 11.7 млн . АҚШ доллары (Лосан – Мардон ЖШС-нің ірі
жобасы).
ТШИ ағымының 2001-2005 жылдарға географиялық анализі ТШИ-дің ірі
көлемдеріне өткен онжылдықпен салыстырғанда айтарлықтай көп елдердің қол
жеткізгендігін көрсетеді. 10 млрд. долл. асатын жөнелтілген
инвестициялардың жиынтық көлемінің көрсеткішіне бүгінде 50-ден көп ел ие
болып отыр (оның ішінде 24 дамушы ел), 15 жыл бұрын тек 17 ел ғана болатын
(оның жетеуі – дамушы).
Сонымен қатар, географияның кеңдігіне қарамастан, тікелей шетелдік
инвестициялардың бөлінуі тең емес. Әлемнің дамыған 26 мемлекетіне 1991-2004
ж.ж. ТШИ жинақталған әлемдік мөлшерінің 72,3% және 2004 жылға ТШИ жалпы
әлемдік ағымының 71,5% келді. Дамушы елдердің үлесіне ТШИ жалпы әлемдік
мөлшерінің 29,4% және жинақталған әлемдік мөлшерінің 27,7%. Ал транзитті
экономикалы елдердің үлесіне 4,5% құрайды.
Мұндай теңсіздік ең алдымен, трансұлттық корпорациялардың қызметімен
байланысты. Себебі ол инвестициялық ағынның ғаламдық кеңеюінің қозғаушы
күші болып табылады. ТШИ қозғалысының маңызды себептерінің бірі трансұлттық
бірігу болса, ол негізінен дамыған елдерде орын алған.
2002-2006 ж.ж. тікелей шетел инвестициясының нарығына бірқатар
факторлар кері әсер етті. Олар: әлемдік экономиканың даму деңгейінің
қарқынсыздануы, жетекші елдердегі экономикалық құлдырауы, трансшекаралық
бірігу санының азаюы, бірқатар елдерде жекешелендіру бағдарламасының
аяқталуы. UNCTAD мәліметтері бойынша 2004 жылы ТШИ әлемдік көлемі 23%
қысқарып, 653млрд. АҚШ долларын құраған, 2003 – 65 млрд. долл. Ал бұл
сәйкесінше 2003-2004 ж.ж. көрсеткіштен (1,4 трлн. долл. және 824млрд.
доллар) айтарлықтай аз.

Кесте 1- ТШИ-ның элемдік ағымдары (млрд. долл.)
2002г. 2003г. 2004г. 2005г. 2006г.
ТШИ түсімі 209 1393 824 651 653
ТШИ жылыстауы 242 1201 711 647 620

2005-2006ж.ж. ТШИ әлемдік нарығы дамуының жалпы тенденциясында
инвестиция көлемінің дамыған елдерде төмендеуі, ал дамушы елдерде көбеюі
байқалады. Дамыған елдерде ТШИ көлемі 467млрд. АҚШ долларын құраған,
яғни 2000 жылдың көрсеткішінің небары 41% құраған және 460млрд.долларлық
2003 жылдың көрсеткішінен асқан. Дамушы елдерге салынатын салымдар 2003
жылғы 162,1 млрд. доллардан 2004 жылғы 192 млрд. долларға дейін өсті.
UNCTAD мәліметтері бойынша инвестицияның ең көп ағыны, яғни 53 млрд.долл.
Қытай экономикасына салынды.
UNCTAD талдауы бойынша тікелей шетел инвестициясы ағынының көлемі
бойынша алғашқы бестік құрамы төмендегідей: Люксембург: 73 млрд.долл.,
Қытай - 53 млрд.долл., Франция - 47 млрд.долл., Бельгия – 31 млрд.долл.,
АҚШ – 30 млрд.долл.
Әлемдік экономикада инвестиция нарығының пайда болуының өзіндік табиғи
негіздері бар. Бұл ұлттық экономикалардың өз қызметін толықтыра түсуге
ұмтылысының негізінде пайда болады. Инвестиция нарығының дамуы халықаралық
қатынастарды жаңа сапаға, жақсартылған деңгейге көтерді, ұлттық
экономикалардың араласуын күшейтті. Бұл салада ТШИ төмендегідей рөлін
бөліп көрсетуге болады:
1.Тікелей шетелдік ирнвестициялар ұлттық экономикалардың
интернационализациялануына ықпал етеді. Қаражаттың халықаралық ағынына
байланысты әр түрлі елдердің экономикасы бір-бірімен бұрынғыға қарағанда
тығыз байланысқа түсті. Экономиканың маңызды бөлігін шетелге ауыстырып,
онда тауар өндіру мен қызмет көрсетудің тұтас жүйесін құрған көптеген
филиалдар осының айғағы.
Әлем бойынша ТНК кәсіпорындары саны қарқынды ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
«Инвестиция»
Инвестиция есебі. Қаржылық инвестиция есебі
Қаржылық инвестиция
Инвестиция ұғымы
Инвестиция туралы
Инвестиция саясаты
Инвестиция есебі
Экономикалық инвестиция
Инвестиция түсінігі
Инвестиция теориясы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь