Әбілхан Қастеевтің өмірбаяны



І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

1. Әбілхан Қастеевтің өмірбаяны
2. Республика суретшілерінің көрмесі
3. Тума талант.
4. Тұла бойы тұнған талант
5. Жер . анадан жаралған

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Альбомға суретшінің жиырма шақты жыл бойына жасаған шығармалары еніп отыр. Бұл таңдамалы шығармалар оның творчествосының сипатымен, суретшіге етене жақын тақырып, сюжет өрісімен таныстырады, олардан суретшінің болмысты түйсіну, көркемдік ізденістерінің алуан қыры айқын көрінеді. А. Ғалымбаева шығармаларыныц образдары лирикалық сезімге толы, оның көркем полотноларына нәрлі калорит, сурет салудың декоративті және ұлттық айрықша белгілері тән.
Айша Ғарифқызы Ғалымбаева 1917 жылы 29 декабрьде Алматыға таяу жердегі Есік селосында туған. 1943 жылы Алматы көркемнөнер училищесін бітірген соң, ол 1949 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография ипститутында суретші-көркемдеуші деген мамандық алып шығады.
Айша Ғалымбаеваның «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» (1954), «Шабандоз қыз» (1955), «Бұл Шұғылада болған еді» (1951) фильмдеріне жасалған эскиздерінен, «Г. Разиеваның портреті» (1952), «Халық таланттары» (1957), «Халық шебері Б.Бәсенованың портреті» (1958) сияқты алғашқы шығармаларыныц өзінен-ақ суретші дарынының даралығы айқын танылды, оның тақырыптық және образдық мұраттары бірден байқалды.
А. Ғалымбаева творчествосының өзекті арқауы - қазақ әйелінің образы. Оның топтама немесе жеке-дара сипаттағы, бір-бірімен сюжеттік байланысы жоқ суреттері мен портреттері тұтастай алғанда тақырып, образ, идея жағыннбір арнаға келіп құды. Солардың бәрі сайып келгенде қазақ әйелінің характерін, оның советтік дәуірдегі сәнді өмірін, бақытты тағдырын бейнелейді.
1. Әбілхан Аға. Алматы 2003 ж.
2. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы 2002 ж.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Бұл альбом қазақ қыздарының ішінен тұңғыш суретшілік мамандық алған
Қазақ ССР-інің халық суретшісі Айша Ғалымбаеваның творчествосына арналды.
Альбомға суретшінің жиырма шақты жыл бойына жасаған шығармалары еніп
отыр. Бұл таңдамалы шығармалар оның творчествосының сипатымен, суретшіге
етене жақын тақырып, сюжет өрісімен таныстырады, олардан суретшінің
болмысты түйсіну, көркемдік ізденістерінің алуан қыры айқын көрінеді. А.
Ғалымбаева шығармаларыныц образдары лирикалық сезімге толы, оның көркем
полотноларына нәрлі калорит, сурет салудың декоративті және ұлттық айрықша
белгілері тән.
Айша Ғарифқызы Ғалымбаева 1917 жылы 29 декабрьде Алматыға таяу жердегі
Есік селосында туған. 1943 жылы Алматы көркемнөнер училищесін бітірген соң,
ол 1949 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография ипститутында суретші-
көркемдеуші деген мамандық алып шығады.
Айша Ғалымбаеваның Қозы Көрпеш — Баян сұлу (1954), Шабандоз қыз
(1955), Бұл Шұғылада болған еді (1951) фильмдеріне жасалған эскиздерінен,
Г. Разиеваның портреті (1952), Халық таланттары (1957), Халық шебері
Б.Бәсенованың портреті (1958) сияқты алғашқы шығармаларыныц өзінен-ақ
суретші дарынының даралығы айқын танылды, оның тақырыптық және образдық
мұраттары бірден байқалды.
А. Ғалымбаева творчествосының өзекті арқауы - қазақ әйелінің образы.
Оның топтама немесе жеке-дара сипаттағы, бір-бірімен сюжеттік байланысы жоқ
суреттері мен портреттері тұтастай алғанда тақырып, образ, идея жағыннбір
арнаға келіп құды. Солардың бәрі сайып келгенде қазақ әйелінің характерін,
оның советтік дәуірдегі сәнді өмірін, бақытты тағдырын бейнелейді.
Суретшінің, әсіресе, алпысыншы-жетпісінші жылдардағы туындылары ерекше
назар аудартады. Олардың бәрінде дерлік республикамыздың өнер мен
мәдениетінің жалпы табыстарынан туған үлкен творчостволық өрлеудің ізі
жатыр. Бұл жиырма шақты жылдың ішінде А. Ғалымбаева кескіндеме өнерінің
көптеген жанрында белсенді еңбек етті, сурет, портрет, пейзаж, натюрморттар
салды. Қейде оның бір ғана шығармасында бірнеше жанрдың элементтері
қабаттасып келеді, мұның өзі оның мазмұнын байытып, композициясын жетілдіре
түседі.
А. Ғалымбаева творчествосында әр түрлі сюжетке құралған тақырыптық
суреттер айрықша орын алады. Бұлардың ішінде Дәмді шай, табиғат
көрінісінен лирикалық толғау тудырып, тұнық поэзияға бөлейтін Қазақстан
әндері, Шопан қыздар бригадасы сияқты композициялық көріністер, халық
өміріндегі елеулі оқиғаларды өзек етіп алып сыр шертетін Қостанай
берекесі, Біз заманымызбен бақыттымыз, Ұстаз-әке Бейбітшілік
триптихі бар.
Қазақстан әні (1962) суреті өзінің нәзік музыкасымен, живописьтік
нақыштарымен көз тартады. Мұнда үстіне көгілдір түсті ұлт киімдерін киген
қыздар гүл шашқан алма бағының ішінде отыр. (Олар домбыраға қосылып ән
айтуда. Полотноның мөлдір, суық түсті бояу гаммасынан таза ауаның қоңыр
салқын лебі ескендей болады. Өзінің бұл туындысында А. Ғалымбаева
адамдардың нанымды образдарымен қатар айшықты ақындық бедермен зерленген
табиғат көрінісін береді. Келе-келе пейзаж көріністерін жанрлық суреттермен
ұштастыра білу суретші творчествосына тән сипатқа айналды. Бұл оның
шопандар өміріне арналған Қыздар бригадасы, Сенімді күзет. Автодүкен
алдында сияқты кішігірім шығармаларынан анық көрінеді.
Қыздар бригадасы атты суреті—тұнып тұрған терең лирика. Түйе мінген
жас қыздар отар-отар қойға көз салып тұр. Қең жазира батып бара жатқан
күннің жарқын сәулесіне бөленген. Бар аймақ жалын шарпығандай нұрлы күйде.
Көзге ілігер заттардың бәрі ғажайып түске еніп, салмақтанып, кемелденіп
кеткендей. Сурет композициясы сонау тереңдіктен шиыршық ата өрістейді де,
содан барып көрермен өзін оқиғаның басы-қасында тұрғандай сезінеді.
Қызыл және таңқурай түстес қыз көйлектері мен орамалдары, батып бара жатқан
алтын табақ ару күн мен шөпке түскен күлгін түсті көлеңкелер суреттегі
қарапайым көрініске көтеріңкі романтикалық рең береді.
Лирикалық саздылық Айшаның ауыл өмірін бейнелейтін кішігірім жанрлық
композицияларына да тән: ми қайнатқан сәскеде шопандар қора-қора қойларын
суару үшін кішкентай дала құдығына айдап әкеле жатыр. Сенімді күзет
(1965), кешқұрым автодүкен төңірегіне халық жиналады, алыс жайлау керінісі
мерекелік күйге енеді. Автодүкен алдында (1966), бозарып атқан таң
алдында бұралаңдап алысқа ұзаған қасқа жол көкжиекпен астасып жатыр
Болашақ совхоз (1964). Бұл көріністердің қай-қайсысы болса да ақындық
сезімге толы олар адамдардың табиғи, һәм қарапайым өмірі мен жаратылыстың
үйлесімін түйсінуге, олардың арасында әу бастан қалыптасқан бұлжымас
байланысты сезінуге көмектеседі.
А. Ғалымбаеваның басқа да шығармаларында адам еңбегінің, демалысының,
халық тұрмысының күнбе-күнгі үйреншікті сарынының өзі ақындық биікке
көтеріледі. Шайға жайған дастарқан басында терең ойға шомып қарт әже отыр.
Дәмді шай (1966). Суретші адамның психологиялық сезім иірімдеріне толы
образ жасай білген, оның оңаша тіршілігінің сипаттарын суық түсті көгілдір-
жасыл бояулар гаммасы аша түскен.
Нан (1967) суретінде аласа стол басында әдемі жүзі күнге тотыққан
жас келіншек нан илеп отыр. Бұл композициядан жарқын тіршіліктің лебі
еседі. Әйел жүзі бақытқа, шаттыққа, мейірімге толы. Оның келбетінен ішкі
рухани күші сезіледі.
Жан дүниесінің үйлесімі, сабырлы қуаныш пен байсалды ерлік Бір кесе
қымыз (1967) суретінен одан да айқынырақ танылады. Бірі егде, бірі жас екі
әйел киіз үй ішінде текеметтің алдында қолдарына қымыз толы кесе ұстап,
аласа стол басында отыр. Әйелдер мерекелік киімдерін киген. Егдесінің
үстінде ашық сары көйлек, оның сыртында жеңсіз қара қамзол. Оның тотыққан
қара торы жүзіне ақ кимешек жарасып-ақ тұр. Жүзі ақыл парасатқа толып,
жұмбақ күлкі табымен нұрлана түскен. Ал уыздай келіншек одан да әдемі
киінген. Оның үстінде қызыл таңқурай түстес жеңі кең жібек көйлек, көк
барқыт келте қамзол келіншектің келбетін көк ақық моншақтары мен шекелігі
одан сайын құлпыртып тұр.
Түкті кілем үстіне көйлегінің етегін жайып тастап отырған хас сұлудың
өзі. Екі бетінен нұры тамған аққұба жүзінде сәл-пәл ойдың табы да жоқ емес,
жарқын түсті бояулар әлемінде келіншек хор қызындай сұлу көрінеді. Суреттің
байсалды композициясы, оның қызыл, күрең, ақ түстерден құралған ғаламат
әрлі калориті той қызығының алдында бір уақыт оңаша отырған сәтті тамаша
бейнелейді.
Суретші, әсіресе, халықтың той-думан, мерекесінің рухын жақсы
түсінеді. А. Ғалымбаева ауылды жердегі бәйге, көкпар, айтыстарға, ұзақ
таңға созылатын ән-күй кештеріне талай рет қатысқан. Осы той-жиындарда
алған әсерлері кейінірек оның Шопандар тойы, Қуанышты күн сияқты
көптеген шығармаларының тууына себепші болды.
Ежелгі халық дәстүрі бойынша күзгі жиынтеріннің аяқталуы үлкен той
болып өтеді. От басының тойлары, үйлену, жаңа қонысқа көшу тойлары да
әдетте осы күндерде өтеді. Дихан, шопан, мақташылар еңбектегі табыстарын
мадақтап, ән айтады, би билейді, күресіп күш сынасады. А. Ғалымбаеваның
Қуанышты күн (1969) атты суретінде дәл осындай күзгі үлкен той-думан сәті
бейнеленген. Сурет композициясы көпшіліктің құйындай дөңгеленіп, шаттана
билейтін би ырғағына құрылған. Алқызыл бояулар, ақшыл реңдер көрерменді
ыстық сезімге бөлейді.
Қостанай берекесі (1971) суреті де мерекелік тақырыпқа арналған.
Суретші егін бастырушы машиналардан тасқындай ағып, тау-тау болып үйілген
алтын дән молшылығын бейнелеген. Ал Жеміс жинаушы (1971) композициясында
бұл тақырып байлық көзі жомарт жер анаға, еңбек адамдарына деген салтанат
гимніндей әсер қалдырады.
А. Ғалымбаева әрқашан өз творчествосында халық өміріне тән
ерекшеліктерді мейлінше мол, әрі жинақтай қамтитын, идеялық мазмұны кең
үлкен шығарма жасауға ұмтылады.
Біз заманымызбен бақыттымыз (1966) суретінде алдыңғы планда үш қарт
әже бейнеленген. Ымырт, нәзік, көгілдір, күлгін жасыл түсті бояулар суретке
тұңғиық, шексіз кеңістік сипатын беріп тұр. Көрермен назары кешкі шамдары
жаңа жана бастаған алыс далаға кез тіккен әжелердің бетіне түседі. Бұл —
шопан ауылының оттары. Әйелдер туған жерге мақтаныш көңілмен, аялы сезіммен
қарайды.
Сурет мазмұны сюжет желісімен ғана шектелмейді. Одан нәзік нюанстарды
да байқауға болады. Бұл гюлотно өз халқының тағдыры жайлы ойланған
лирикалық толғаныс ретінде қабылданады. Одан әрі бұл сурет гүлденген
Отанымыздың бейнелі, жиынтықты образы болып та көрінеді.
Достық туралы өлеңдер, Суретші, Дастарқан (1975) полотноларынық
басын құрайтын Бейбітшілік атты триптихінде де А.Ғалымбаева дәл солай
Отан-ананың жиынтықты эпикалық образын жасайды. Триптихтің образдық
кемелінен мерекелік салтанатты сарын сезіледі. Мұның өзі суретшінің шымқай
қызыл-сары бояуларды ойната, композицияны құруда тепе-теңдікті сақтай
білуінің нәтижесі.
Триптихтің негізгі мазмұнын ашып, барлық декоративтік жүгін көтеріп
тұрған бөлімі Суретші деп аталады. Бұл сурет шебер творчествосының
шарықтау биігі ізденістерінің философиялық жиынтығы сияқты. Әрқайсысы жеке-
жара сюжетке құрылып, дербес шығарма болғанымен бұлардың бәрін
композицияның тұтастығы біріктіреді. Полотноның бүкіл элементін біріктіріп
тұрған творчестволық еңбек иесі — әйел бейнесі, ол А.Ғалымбаеваның
автопортреті іспеттес. Сурет кейіпкері жұмыр жердің ол шеті мен бұл шетін
көзімен шолып тұрғандай: гүлденген бау-бақша да, сәнді жаңа қалалар да,
алып заводтар да, шалқыған дән дариясы да, Алатаудың асқар шындары да,
Кремль мұнарасының шұғылалы жұлдыздары да, аспанда қалықтаған бірі қызыл,
бірі ақ бақыт құстары да, бәрі-бәрі оның көз алдында. Полотно
композициясындағы әрбір сюжеттің өзіндік мәні бар. Қырмызы қызыл
қызғалдақтар, сары алтындай жайқалған егін, көк майса шалғын шөпке оранған
дала келбеті де — бәрі символдық мазмұнға ие. Мұның бәрі күн нұрынан нәр
алған тіршілік белгісі. Сурет өзінің барлық құрылысымен, декоративтік
әрімен суретші творчествосының биік мұратын, оның азаматтық, һәм патриоттық
сезімдерін паш етеді.
А. Ғалымбаеваны әрқашанда үлкен қоғамдық мәні бар, халық өмірімен
тығыз байланысты тақырыптар көп толғандырады. Мәселен, ол Жер және космос
атты композициясып бірнеше қайта салды. Онда дөңгелек стол басында бір-
бірімен иін тіресіп отырған адамдар тобы бейнеленген. Ашық аспан аясында
алыстап мұнартып биік таулар көрінеді. Дәл ортада өлең оқып тұрған қыз
жапырағын жайған гүлдің күлтөсіндей оқшау тұр. Жан-жағында — қарттар,
балалар, әйелдер. Осы бір заңғар, салтанатты поэтикалық көрініс ерекше
тұлғалана көзге түседі. Шақырайған сәуле, сәуле мен көлеңкенің әсерлілігі
кейіпкерлердің психологиялық тебіренісін ашып береді. Халық ғарышқа
самғаған батыр ұлдарын мақтан етіп отырғандай. Дүйім жұрт шаттық қуаныш,
мақтаныш сезімінің құшағында. Бейнелердің ұзарып, сызықтардың қайталанып
келуі, олардың тайға таңба басқандай ұшқыр ырғағы кенеп бетіндегі суретке
шымыр да өткір қасиет беріп тұр.
Жоғарыда атап өткеніміздей, А. Ғалымбаеваның көптеген сюжетті
шығармаларында пейзаж, көңіл күйге орай табиғат образдары атасып келіп
отырады. Кейде суретші табиғат көріністеріне арнап дербес еңбектер де
жазады. Көбіне көп оларда тіркес-тіркес тау жоталары, адырлы алыс қиырлар,
боз жусан мен бүрген өскен жазық далалар суреттеледі. Суретші Болашақ
совхоз (1964) деген шығармасында тамаша лирикалық пейзаж жасады. Онда таң
алдында тыныстап маужыраған дала бейнеленген. Алыстан көгілдір тау бөктері
мұнартып көрінеді, бұралаңдаған дала жолы сол тау бөктеріне иек артып
жатыр. Салқын түс даланық көк майсасын, алыс қиырдың көк мұнарын, алғашқы
күн шапағымен от тигендей лап етіп нұр шашуға дайын тұрған аспанның
мөлдірлігін сездіреді. Бұл пейзаждан суретшінің жан тебіренісі анық
байқалады.
Кейде суретші пейзаждары, мысалға, ай сәулесі түскен кең дала төсінде
бір топ әйелдер бейнеленгеи Әйелдер арманы (1965) немесе Қала (1975),
Мазарлар (1975) сияқты шығармалары Ыстық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы
Қазақ бейнелеуі өнерінің дамуы
Ә. Қастеевтің өмірі
Қазақстан музейлеріндегі Әбілхан Қастеев шығармашылығының көрінісі
Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы
Әбілхан Қастеев өмірі
Замана суреткер Әбілхан Қастеев
Әбілхан Қастеев - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші
Әбілхан Қастеев
Ә. Қастеев
Пәндер