Азаматтық құқық бастаулары


Азаматтық құқықтың бастаулары

М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе . . . …3

1 Құқық пен азаматтық құқықтың бастаулары, азаматтық құқықтық заңнама.

1. 1. Құқық қайнар көзінің түсінігі мен тарихы . . . 7

1. 2. Азаматтық құқық қайнар көзінің түсінігі . . . 14

1. 3 Азаматтық құқықтық заңнамалар . . . 18

1. 4. Азаматты құқықтық нормативтік актілердің жүйесі мен нормативік актінің заңды күшіне енуін ресми жариялау . . . 21

1. 5. Азаматтық заңдардың уақыт бойынша әрекет етуі мен азаматтық заңнаманың кеңістік пен тұлғаларға әсер етуі . . . 23

1. 6. Азаматтық заңнамаларды қолдану (заңдардың ұқсастығына қарай қолданылуы) . . . 35

2 Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын құрайтын заңдар мен нормативтік актілер.

2. 1. Заңдар (заңнамалық актілер) . . . 37

2. 2. Азаматтық заңнаманы құрайтын кейбір нормативтік актілер . . . 45

Қорытынды . . . 56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 59-61

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі еліміздің маңызды және ірі заңдарының бірі болып табылады. Конституцияға сүйене отырып, Азаматтық кодекс нарықтық экономика кезеңінде мынадай құқықтық негіздерді анықтайды: меншіктің түрлерін пайдалану механизмі мен теңдігі, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың құқықтық формалары, шарт бостандығы, кәсіпкерлердің шауашылық байланыстарындағы өз контрагенттерін өз бетінше анықтау.

Қазақстандық заң шығарушылар азаматтық құқықтың жалпы негіздерін сақтай отырып (жалпы ережелер, азаматтық құқықтың субьектілері, меншік, міндеттемелік құқық), Азаматтық кодексте нарықтық қатынастарға қызмет ететін норамаларды, шарт кепілдігі, мүліктік жауапкершілікті арттыруға бағытталған жаңа азаматтық-құқықтық институттардың жүйесін енгізді.

Азаматтық кодекстің қабылдануы көптеген маңызды заңдардың қабылдануына негіз болды. Көптеген ондай заңдар қазіргі таңда қабылданып қызмет етуде, ал қалғандарының жобалары дайындалып талқылануда. Қазақстандық азаматтық құқықтық заңнамалардың қалыптасуында нормалардың қолданылуы мен сот практикасының маңызы зор.

Осындай себептерге байланысты азаматтық құқық қайнар көздерінің сапалық, сандық өзгерістерге алып келгенін білеміз. Қазіргі таңдағы экономикалық, әлеуметтік қатынастардың формаларына байланысты көптеген азаматтық құқық институттарының және ғылымының өзгерістеруін талап етеді.

Азаматтық құқық қайнар көдерінің бүгінгі күндегі өзектілігі өте маңызды. Еліміздің нормативті-заңнамаларының базасы жаңаруы, жаңа заңдар қабылдануы қайнар көздерді өзгертті.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы үлкен тәжірибесі бар елдердің халықаралық жеке құқығындағы нормаларды зерттеуді талап етеді, өйткені қоғамдық құрылым соған бейімделуіді қажет ететінін түсінеміз. Қазіргі таңда Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың мүшесі болуға ұмтылып отырғанда, біз сол қоғамның талаптарына сәйкес болуымыз керек. Сондықтан да халықаралық құқықтың ролі артып, азаматтардың құқығын қорғау, оның ішінде азаматтардың құқығы өзекті мәселе болып қала береді.

«Азаматтық құқықтың қайнар көзі» ғылымда өзара байланысты аспектілер бойынша екі категорияға бөлінеді. Біріншіден, оларға қоғамдық құбылыста құқықты тудыратын обьективті факторлар жатады. Мұндай факторларға қоғам өміріндегі материалдық жағдайлар, әлуметтік топтардың мен мемлекеттік кластардың экономикалық, саяси, және әлеуметтік қажеттіліктері жатады. Бұл жерде сөз құқықтың қайнар көзінің материалдық мағынасы туралы сөз болады.

Екіншіден, құқық қайнар көзі ретінде заң, жарлық, қаулы мен басқада нормативті-заң құжаттарын қалыптастырушы мемлекеттік органдардың өкілетті қызметі мен байланыстырады.

Айтыла кететін бір жәйт, бұл қайнар көз туралы екінші категориялы түсініктің ғылымда ғана емес күнделікті өмірде, тәжірибеде азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың нақты субьектілеріне байланысты, нормалардың қалыптасу мазмұны маңызды екенін түсіндіріледі. Дипломдық жұмыстың бағыты:

  1. Азаматтық құқықтың қайнар көздерін қоса алғанда құқықтың қайнар көзерінің түсінгін анықтау.
  2. Қазақстанда азаматтық құқықтың қайнар көзі ретінде «Азаматтық кодекстің» алатын орыны.
  3. Халықаралық жеке құқық нормаларының әсерін анықтау.
  4. Азаматтық құқықтың нармативтік актілер жүйесі мен «Азаматтық заңнаманың» түсінігін анықтау.
  5. Азаматтық құқықтың қайнар көздері жүйесіндегі салт-дәстүрдің, заңның, заң күші бар актілердің, министрліктер мен жергілікті атқарушы органдардың актілерінің орынын анықтау.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - азаматтық құқықтың қайнар көздерін анықтамасы, түсінігі, қалыптасуы мен жалпы құқыққа әсер етуі.

Зерттеу пәні - азаматтық құқықтың қайнар көздері.

Зерттеу обьектісі - заңдар, заңнамалық актілер, заң күші бар нормативтік актілер, жергілікті атқарушы органдардың нормативті құқықты актілері, кешенді нормативті актілер, халықаралық құқық нормалары, халықаралық шарттар, азаматтық айналымдағы салт-дәстүр нормалары мен сот тәжірибесі.

Зерттеу денгейі - жұмысты жазу барысында түрлі әдеби қайнар көздер, Азаматтық кодекс, заңдар мен нормативтік актілер, ғылыми-тәжірибелік әдебиеттер, заңгерлердің теориялық-зерттеу еңбектері қолданылды.

Зерттеу әдісі - жалпы теориялық, салыстырмалы, тарихи, аналитикалық, дедуктивті.

Зерттеудің хронологиялық кезіңі - 1994 жылдар мен бүгінгі күнге дейін аралықты алады.

Жұмыстың құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнің бөлімшелерінен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 Құқық қайнар көзінің түсінігі, азаматтық құқықтың бастаулары, азаматтық құқықтық заңнама.

1. 1 Құқық қайнар көзінің түсінігі мен тарихы.

Құқықтың қайнар көзі ретінде құқық нормаларының түсінігі мен оларды қалыптастыру әдістері түсіндіріледі.

Әдет бойынша құқық қайнар көзері болып құқықтық әдет-ғұрып, сот практикасы, заңдар, діни нормалар қарастырылады.

Соңғы жылдары құқықтың қайнар көзі ретінде тек сыртқы формаларын ғана емес қоғамдық қатынастарды, қатысушы субьектілер мен олардың қызметін, нормативтік-құқықтық актілердің түсінігі мен ұйымдастырылу түрлерін айтатын болды.

Құқытануда «қайнар көз» ұғымы ежелден қалыптасқан. Оның қалыптасуы Рим құқығына байланысты. Көптеген елдерде “қайнар көздер” ұғымын бірнеше мағынада түсіндіреді, оны:

  1. құқық нормаларының мазмұны ретінде;
  2. құқық нормаларының құрылу (қалыптасу) тәсілі мен нысаны ретінде;
  3. құқықты тану ретінде.

Құқық қайнар көзінің мазмұны қоғам өмірінің материялдық жағдайы болып есептеледі.

Заң оқулықтарында “құқықтың қайнар көзі” дегенде мына сауалдардан бастау табатындығын көрсетеді, ол: қай құқық нормасынан, қандай бағытпен және қандай жолдармен қалыптасады деген. Сондықтан тарихи негіздерін міндетті түрде қарастыруымыз қажет. Ал оның бастаулары ежелгі Римде қалыптасқан.

Рим құқығында қайнар көздің мынадай түрлері кездеседі:

1) Әдеттік құқық ( әдет-ғұрып) ;

2) Заңдар;

3) Магистраттық құқық;

4) Заңгерлердің іс-әрекеті;

5) Мемлекет басшысының ( императордың) қаулылары;

Оларға жеке-жеке тоқталғанымыз дұрыс болар.

I. Әдеттегі құқық - тәжірибеде кездесетін нормалар, яғни бұл адамдардың жүріс-тұрыстарының ережелері. Адамдар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуде әдет-ғұрып мінез-құлықтың неғұрлым көне әрі қуатты нормативі болып табылады. Көне Рим дәуіріндегі әдет-ғұрыптардың нормалары мен институттары түгелдей заң нормасынан аспаған. Тек қана мемлекеттік билігі бар қоғамның мүддесіне сай заң нормасына айналған. Яғни заңды күші бар саяси өкімет жол берген әдет-ғұрыптар ғана құқықтық әдет-ғұрыпқа айналған. Әдетте олар арнайы еш жерде тіркелмеген. Олардың көбінің түп-тамыры сонау көне заманға кетеді. Ұрпақтан ұрпаққа ауысқан.

II. Заңдар. Рим құқығының мәдениетінде негізгі құқық ретінде қарастырады. Заңның заң екендігін білдіру үшін ол арнайы органнан шығуы тиіс болды және оны халық орындауға міндетті болатын. Заңдарға қаулылар жатты, олардың өзіне тән мазмұндары мен тәртіптері көзделетін.

III. Магистраттық құқық ( магистраттар эдикттері) . Рим мемлекетінің саяси дәстүрінде ежелгі кездерде әкімшілік функцияны атқаратын арнайы мамандар болған жоқ. “Эдикт” деген термин магистраттың ауызша хабарлауы дегенді білдіреді. Ал магистраттың өзі Рим мемлекетінде - мемлекет қызметшісін білдірген. [1]

Римдік тарихшы Тит Ливий “Fons omnis publici privatigue juris” деп аталатын XII таблицаны, барлық көпшілік және құқықтардың қайнар көзі деп атады.

Рим құқығында құқықтың қалыптасуында ерекше бір түрі - магистраттар эдикті. “Эдикт” деген термин diko (айтамын) деген мағынаны білдіреді. Алғашқы кезеңдерде эдик магистраттар тарапынан белгілі бір мәселені шешуді алдын-ала оның тәртіптері ауызша айтылып қойды. Кейін келе эдикт арнайы бағдарламалары түрінде жазбаша жарияланатын болды.

Магистраттар өздері шығарған эдиктінде олардың жұмыстарының негізі неге сүйенетін қандай жағдайда талап қойылатыны міндетті түрде көрсетілуі тиіс болды.

Әр бір эдикт магистрат кезінде және соны шығарған магистартқа міндетті сипатта болды. Бірақ әр бір эдиктінің ережелері өзгермей сақталып келе берді. Өйткені магистрантардың барлығы үстем таптың мүддесін қорғап, соған бейімдеп эдиктіні шығарды.

Әсіресе, магистрат преторлардың (бұлар қалалық және Римдік азаматтар мен перегриндердің арасындағы дауларды шешеді) және курильдік эдиктердің (бұлар жергілікті саудаға байланысты дауды шешті) маңызы зор болды.

Б. э. д. III - ғасырда Римде сауда қатынасы жоғары дәрежеде дамыды. Цивильдік құқықтың бұрынғы қалыптасқан нормалары ол қатынастардың реттеу қажеттілігін өтей алмады. Сондықтан ондай қажеттіліктер магистраттар эдиктілері арқылы жоюға заңдар шығаруға оларды өзгертуге құқығы болмады. Магистрат немесе претор соттық қызметінің басқарушысы ретінде цивильдік нормалардың маңызын көрсетіп оны пайдаланды. Сонымен бірге қажет емес деп тапқан нормаларды пайдаланбауға құқылы болды.

Соттық магистраттардың құқық жасаушылық қызметтері біртіндеп дамыды. Алғаш преторлар цивильдік құқықтық нормаларының іске асырылуына жол ашып, оған ықпал етіп, оның орындалуына көмектесті. Кейін олар эдикт арқылы цивильдік нормаларды толықтыратын мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен преторлық эдикт цивильдік құқықтың нормаларын жоймады, оны жаңа нормаларымен толықтырып отырды. Яғни, цивильдік құқықтың жаңа институттарын қалыптастырды.

Құқық мазмұнының бастауы қоғамдағы өмірдің материялдық жағдайы болып табылады. Мәселен, құлиеленушілік қоғамда осы қоғамның өмір жағдайы Рим құқығы нормасының мазмұны болып табылды.

Рим құқығы нормасының қалыптасу түрі, оның тарихына мыналар жатады:

  1. Әдеп құқығы;
  2. Заң (ұлттық жиналыстың қаулылары, сенат қаулылары, императорлық конституция) магистраттар эдикті, заңгерлер әрекеті.

Сонымен бірге “Рим құқығының қайнар көзі” Рим құқығын танудың бастаулары ретінде түсіндіріледі. Оған мысалы, заңдық ескерткіштер ретінде Юстинианның кодификациясы, Рим заңгерлерінің шығарамалары, Рим тарихшыларының шығармалары жатады. Олар Тита Ливия б. э. - I ғасыр, Цицерон б. э. д. I ғасыр т. б. [2]

Рим құқығын танудың негізгі қайнар көздері бізге жеткен бұрынғы ағаш, тал және ондағы басқа да жазбалар болып табылады.

Рим құқығындағы маңызды қайнар көзінің бірі Папирустар. Тарих ғылымында оны зерттеу үшін арнайы ғылым саласы - папирология қалыптасқан. Рим құқығының қайнар көздерін мынадай 3- топқа бөлінді.

1. әдет құқығы және заң;

2. магистраттар эдикті;

  1. заңгерлер қызметі.

Заңгерлікпен айналысу Ежелгі Римде ең көрнекті қызмет болып есептелетін. Білімді заңгер сол заманның өзінде құқық жағынан кеңестер беріп, сот мәжілістерінде қатысып, ғылым мен білім саласында да еңбек етіп жүрген.

Мемлекеттік - саяси мәдениеттің тұрақтануына байланысты, монарх өзінің билігін көрсету үшін түрлі қаулылар шығара бастады, Рим құқығы

үшін бұл да қайнар көз ретінде кірді. Қаулының мынадай түрлері қолданылды:

1) Эдикт немесе жарлық - бұған барлық нормалар тұтастай реттелінген (жеке немесе жариялы сала) .

2) Мандат - мемлекет қызметкерлеріне жүктелген қаулы, көбінесе жеке немесе қылмыстық құқық салаларына арналған.

3) Рескрипт - жеке тұлғалардың сауалдарына императордың жіберген жауабы.

4) Декрет - императордың сот шешімі.

Римдік заңгерлер қоғамда жоғары беделге ие болып, үстем таптың қатарына жатты. Олардың қызмет жағдай жоғары орында тұрды. Заңгерлердің ақыл-кеңестері нормаларды түсіндірулерінің маңызы зор болды. Заңгерлердің құқық жасаушылық қызметтері б. э. III ғ. Классикалық деңгейге жетті. Негізгі өкілдері Цицерон, Аквиллия, Галла, Муция, Манилия, Капитон, Ульпиан, Гая т. б.

Императорлық кезеңде нормативтік материалдардың әр түрлі сипатта болуы оларды жүйелеуді қажет етті. Нормаларды алғашқы кодификациялау әрекеті III ғасырдың соңында жүргізілді. Жеке заңгерлер императорлық Конституция жинағын жасады. [3]

V ғасырдың төртінші жартысында алғашқа ресми кодификация жасалынды. Император Феодосий II (Codex Thedosianus) (Феодосиев кодексі) Константиннің кезіндегі нормалардан бастап бәрін жүйелеп жинақтады. Ол 16 кітаптан тұрды және Феодосив Новелл деп аталды.

Юстинианның еңбегінде (б. э. 6 ғасыр) құқық жазылған және жазылмаған болып екіге бөлініп көрсетіледі. Жазылған құқық - бұл мемлекеттік органдар шығарған немесе бекітткен заңдар және басқа да нормативтер. Жазылмаған құқық - бұл өмірде өзінен-өзі қалыптасқан нормалар. Егер адамдардың белгілі бір мінез-құлық ережелері мемлекет тарапынан танылып қорғалмаса, ол жай тұрмыстық әдеп болып саналады. Егер ол мемлекет тарапынан танылып қорғалса, онда ол әдет құқығының нормалары болып табылады.

Әдет құқығы - Рим құқығының қалыптасуының ежелгі нормасы. Әдет құқығының нормалары Рим құқығында терминдер арқылы белгіленеді.

Ежелгі дәуірде жазылған заңдар болмады. Шаруашылықтың қарапайымдылығы, жалпы мемлекеттік қоғамдық қатынастардың күрделі болмауы заңды қажет етпеді. Оларды реттеуді әдет құқығы нормалары іске асыра алды.

Кейін келе, мемлекеттің нығаюы, қоғамдық қатынастардың күрделенуі әдет құқығының нормаларынан реттеу қабілеттігінің жетімсіздігін байқатты. Императорлық кезінде әдет құқығының нормалары заңдарға орын берді. Өйткені орасан үлкен аймақта әдет- ғұрыптың өзінің бір болуы мүмкін емес еді.

Жергілікті жерлердегі қалыптасқан әдет нормалары орталықтан басқарудың талаптарына қайшы келе берді.

Әдет нормалары көп уақыттан бері қолданылуына байланысты маңызды болса да заңнан күшті бола алмады. Яғни, императорлық кезеңде әдет нормаларының біршама жүйеленіп заңдарға айналдырылды.

Республикалық кезеңде заңдар халық жиналысы арқылы қалыптасты. Сонымен бірге Римде көп заңдар болмады. Құқықтың қалыптасуының Римдік ерекшелігі болды. Олар магистраттардың эдикті және заңгерлер әрекеті арқылы анықталып отырды.

Кодификация (сұрыптау) - қоғамдық қатынастардың айтарлықтай ауқымды саласын реттеуші және әдетте құқықтың белгілі бір саласын, қосалқы саласын құрайтын қолданыстағы күллі қалыпты материалды терең де жан-жақты талдау және қайта қарау негізінде жүзеге асырылатын белгіні түсіндірді.

Юстиниан кодификасиясы - император Юстиниан кезінде VI ғ. қалыптасты. Негізгі мақсаты Рим құқығын жаңа мемлекетке өтуіне сай жетілдіру болып табылған. Рим құқығы ескірген нормалардан көптеген институттар пайда болып, өзгертіліп, толықтырылды.

Юстиниан жинағының негізгі бөлігін бірнеше комиссиядан құралған беделді заңгерлер құрастырған (529-534 жж) . Алғашқыда Юстиниан жарлығы үш бөліктен тұрды:

  1. Рим жеке құқығының оқулығы (Институция) ;
  2. Рим заңгерлерінің еңбектерінің жинағы (Дигестер немесе грекше Пандекттер ) .
  3. Жарғылар жинағи Рим императоры Адрияннан (б. э. II ғ) бастап Юстинианға дейін, бұған әкімшілік, қылмыстық, қаржылық, шіркеулік және жеке құқықтар кірген.
  4. Жоғарда қарастырлған құқық қайнар көзінің тарихы қазіргі күндегі нормалардың қалыптасуы үшін маңызды болып табылады. [4]

Енді біз қоғамның дамуы мен қалыптасқан құқық қайнар көздерінің ерекшеліктеріне тоқталайық.

Құқық қайнар көзінің материалдық мағынасы қоғамдық қатынастардың дамуымен тығыз байланысты. Оларға өмірдің материалдық өндірісі, экономикалық-шаруашылық байланыстардың жүйесі, меншіктің түріне байланысты құқықтың пайда болуы мен әрекет етуі жатады. Жеке меншікке құқық адамның барлық құқықтарының бастау болады.

Құқықтың қайнар көзі ретінде ең бірінші құқықтық сананы түсінуіміз керек. Олай болуына құқықтық нормалардың заңи мағынада жасалуы, яғни мемлекеттің еркін білдіру болып табылады. Ашып айтатын болсақ құқықтың түрін мемлекет қандай әдіспен қалыптастыратындығы, оның қоғам мүшелерінің санасына жеткізуі. Бұл әдіс терминологиялық деп аталады. Енді құқық формаларына тоқала кетейік.

Рим құқығында қайнар көзің қалыптасумен біз құқықтық әдет-ғұрыптық бастауларын білеміз. Жалпы құқықтық әдет-ғұрып дегеніміз - тұрақты қатынастардың қалыпты қайталануынан қалыптасқан тәртіп ережелері. Тұрақты қатынастарға отбасылық, жер, мүліктік қатастарды айтуға болады, өйткені бұл қатынастар қоғам мен адамның дамуында маңызды орын алады. Мысалы мұндай нормалар әр халықтың мақал-мәтелдерінен көрінеді. Жаңа зерттеулер бойынша жер, мұрагерлік, отбасылық құқық нормалрында әдет-ғұрып номаларынан қалыптасқан заңдар Африканың мемлекеттерінде, Азияда, Латын Америкасында кездеседі. Мемлекет әдет-ғұрыпқа өзінің көзқарасын түрлі формада байқатады. Мысалы: біреулеріне тиім салады, ал біреулерін дамытуды қолдап отырады. [5]

Қазақстандық заң шығарушылар қоғамның қызығушылығы үшін сауда-саттық қарым қатынастарды халықаралық шарттармен реттеуде қалыптасқан әдет-ғұрып нормаларын пайдаланатын жағдайларда кездеседі. Өйткені әлгі күнге дейін ағылшын соттарында істі қарау кезінде тарихи қайнар көздерге де сілтемелер жасап отыратын жағдайлар орын алады.

Құқықтың қайнар көзі ретінде, оның ішінде азаматтық құқықтағы «шаруашылықты жедел басқару» ұғымы мен нормалары заңгер А. В. Венедиктовтың шаруашылықты социалистік формада ұйымдастыруға байланысты қалыптасқан. Ал шарттарды құқықтың қайнар көзі деп тануымыз үшін оның мазмұнында заңи нормалардың болуы талап. Азаматтық құқық саласында халықаралық шарттардың атқаратын ролі өте зор, өйткені халықаралық шарт дегеніміз- мемлекеттер мен халықаралық құқық субьектілерінің арасындағы ортақ қызығушылығы көрсетілген өзара құқықтар мен міндеттерді белгілеген келісім болып табылады. Бұл туралы Вен конвенциясының 2- бабынан көруге болады.

Нормативті-құқықтық акті, бұл ең негізгі және құқық фомасының жаңарған түрі. Ол үкіметтің нормативтік мазмұнындағы актісі. Нормативтік акті жеке істер бойынша мазұнында нормалар қалыптасқан қайнар көз болып қана қоймай, істі шешеді.

1. 2 Азаматтық құқық қайнар көзінің түсінігі.

Азаматтық құқықтың қайнар көзі болып Азаматтық заңдар жатады. Азаматтық заңдарға Қазақстан Республикасының АК-тің 1-ші бабында көрсетілген қатынастарды реттейтін заңдар жатады. Бұл жерде 1-ші баптың 3-ші тармағында көрсетілгендей тараптар арасындағы қатынастар мүліктік және мүліктік емес сипатта болғанымен, отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды арнайы салалық заңдар реттейді. Ал азаматтық заңдар тек сол арнайы заңдармен реттелмеген жағдайларда ғана сол қатынастарға қолданылады. Сонымен бірге билік жағынан бағыныштағы тараптар арасындағы мүліктік және салық жөніндегі мен бюджеттік қатынастарға заң құжаттарында тікелей көрсетілмесе азаматтық заңдар қолданылмайды.

Азаматтық құқық пен азаматтық заң терминдері өзара байланысты болғанымен де өзіндік үлкен айырмашылығы бар. Азаматтық құқық азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын білдірсе, азаматтық заңнама - сол нормалар көрсетілген құқықтық актілердің жиынтығы болып табылады. [6]

Азаматтық құқықтың дерекнамалары заңдар, басқа да нормативтік құқықтық актілер және әдет-ғұрып нормалары деп аталатын екі түрге бөлінеді. Сонымен бірге халықаралық шарттар (конвенция) да азаматтық құқықтың бастауларына жатады (АК-тің 3-бабының 8-тармағы) .

Барлық азаматтық заңдар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық субъектілерге бірдей қолданылады. Қандай да бір министрліктер, басқа да орталық атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органдар өз бастамасымен азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін актілер шығаруға құқығы жоқ. Бұл органдар тек заңдарға бағынышты туынды актілер шығара алады.

Азамттық құқықтың нормалары диспозитивті және императивті болып бөлінеді.

-Императивті нормаға мазмұны нақты қатаң нұсқаулық сипаттағы және тараптардың ұйғаруымен өзгертуге жатпайтын нормалар жатады. Егер қатысушы тараптар өзара келісіп басқа шарттар жасасса, ол шарттар жарамсыз болып табылады.

-Диспозитивтік нормаға тараптардың тиісті мәселе бойынша келісімдері болмаған ретте, оның орнын толтыру үшін қолданылатын нормалар жатады (шартта көзделген ретте) . Яғни диспозитивтік норманың мазмұны тараптардың шарт еркіндігі қағидасына негізделген болып табылады. [7]

Азаматтық құқықтың қайнар көздері заңдар, басқа да нормативтік құқықтық актілер және әдет-ғұрып нормалары деп аталатын екі түрге бөлінетіні жоғарыда айтылды.

Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтық құқықтық қатынастар төмендегі заңдармен реттеледі. Солардың ішінде Азаматтық Кодекстің орны бөлек. Қазақстан Республикасының АК-нің жалпы бөлімі 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданып, оған бірнеше өзгертулер енді. Сонымен азаматтық құқықтың нормалары заңда және басқа да заң актілерінде орын алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтың қағидаттары мен бастаулары
Конституциялық құқықтың түсінігі
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының пәні, әдісі, және бастаулары
Азаматтық іс жүргізу құқығы: пәні, әдісі, жүйесі
Азаматтық іс жүргізу құқығы
Конституциялық құқық ғылым саласы ретінде
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуындағы құқық бастаулары
Мемлекет және құқық теория негіздері
Конституциялық құқық саласы ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz