Азаматтық құқық қабілеттілігі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

І. Кіріспе . . . 3

ІІ. Негізгі бөлім

1. Мерзімдердің түрлері

1. 1 Азаматтық құқықтағы мерзімдердің ұғымы мен түрлері . . . 4

1. 2 Талап қою мерзімі . . . 7

1. 3 Азаматтық құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттігі туындауы кезіндегі уақыттың маңызы . . . 10

1. 4 Іс жүргізі мерзімдерін есептеу тәртібі . . . 12

1. 5 Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі . . . 17

1. 6 Қылмыстық процесте мерзімді өткізіп алудың іс жүргізушілік-құқықтық салдары . . . 19

ІІІ Қорытынды . . . 31

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 33

Кіріспе

Азаматтық кодекстің Жалпы бөлімінің 6 және 7 тараулары тиісінше Мерзімдерді есептеу және Талап мерзімі деп аталады. Мұнда мерзімнің ұғымы оның азаматтық айналымдағы орны мен түрлері тағы басқа ұығмдары нақтылана көрсетілген. Уақыттың тылсымдығы оны тоқтатуды мүмкін еместігін біз есейе келе ұғынамыз. Ал азаматтық құқық категорияларының санатына жататын мерзім жөніндегі менің тақырыбыма арналған зерттеулер мүлде жоқ. Сірә, біздің отанымыздың азаматтық құқық ғалымдары көбінесе шарттарға, мәмілелерге тағы басқа қазіргі нарық заманында алдыңғы қатарда тұрған нормаларға көп көңіл бөлген де шығар. Бірақ осылардың барлығы да белгілі бір мерзім аясында өтетіні хақ.

Іс жүргізу мерзімдерін осылайша бір мағыналы, шын мәнінде дұрыс түсіну қылмыстық іс жүргізу заңында тұжырымдалған қылмыстык сот ісін жүргізу міндеттерімен байланысты. Атап айтқанда, КІЖК-тің 8-бабында қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерінің бірі ретінде "қылмыстарды тез және толық ашу"' аталған.

Сонымен, ғалымдардың көпшілігі іс жүргізу мерзімтдерінің мәнін мынаған саяды: сот ісінің тез жүргізілуін қамтамасыз ету құралы;

сот ісінің белгілі бір қарқынмен жүргізілуін реттеудің
ұйымдық құралы.

Қаралып отырған категорияның неғұрлым кең ұғымын біз Ю. В. Кореневскийден табамыз, ол қылмыстық сот ісін жүргізудегі іс жүргізу мерзімдері - ақиқатты аныктау, іске қатысушы адамдардың құқықтарын қорғау (бөліп көрсеткен - Б. Т. ) мақсаттарында қандай да болсын іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру, сот процестерінің тәрбиелеу, алдын алу мүмкіндіктерін арттыру үшін занда белгіленген уақыт. Іс жүргізу мерзімдеріне сот ісіне қатысушылардың құқықтарын қорғау сияқты белгінің берілуі олардың мәндік жағын едәуір байыта түседі.

Азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша талап қою мерзімінің ағымы азаматтың зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы тиісті органға жолдануына байланысты зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындалғанға не оларды тағайындаудан бас тартылғанға дейін тоқтатыла тұрады. Жоғарыда керсетілген негіздерден басқа мән-жайлар талап қою мерзімінің тоқтатылуына әкеліп соқтырмайды, яғни Азаматтық Кодекстің 182-ші бабына кеңейтілген мағынада түсініктеме беруге болмайды.

Талап қою мерзімінің өтуіндегі үзілісті тоқтату мерзімінен айыра білу керек.

Талап қою мерзімнің өтуі белгіленген тәртіппен талап қою, сондай-ақ міндеткер адамның борышты немесе өзге міңдеттерді мойындағандығын дәлелдейтін әрекеттер жасауы арқылы үзіледі. Үзілістен кейін талап қою мерзімінің өтуі қайтадан басталады, үзіліске дейін өткен уақыт жаңа мерзімге есептелмейді. Басқа сөзбен айтқанда, жаңа мерзім пайда болады.

Сондықтан осы категорияның маңызды екенін де ұмытуға болмас. Кез келген оқиға немесе факті белгілі кезеңде болатынын бәріміз түсінеміз.

1. 1 Азаматтық құқықтағы мерзімдердің ұғымы мен түрлері

Азаматтық құқықты жүзеге асыру немесе қорғау уақыт факторымен тығыз байланысты. Кейбір сәттерде азаматтық заң азаматтық құқық қатынастарының туындауын, өзгертілуін және тоқталылуын әрекетпен байланыстырады. Азаматтық құқықта мерзім ұғымы заңдық салдармен байланысты сәт немесе шектеулі кезең деп түсіндіріледі (АК-тің 172-бабы) . Демек, заң табиғаты тұрғысынан алып қарағанда, мерзім дегеніміз заңдық факт болып табылады.

Әдебиетте мерзімді оқиға деп аталатын, яғни адамдардың еркінен тыс болатын құбылыстарды заңдық фактілер категориясына жатқызады.

«Мерзім» ұғымының екі мағынасы бар: белгілі мерзім немесе уақыттың белгілі бір сәті. Мерзім мәселесі тек қана шаруашылық қызметте ғана емес сонымен қатар мемлекеттің экономикасында да үлкен роль атқарады. Кез келген әрекеттерді немесе өндірісті бағалау үшін мерзімнің сақталуы арқылы бағалайды.

Мерзімдер азаматтық айналымды реттейді, шарттардың орындалуына ықпал етеді.

2. Мерзімді есептеу тәртібі. Азаматтық заңда мерзімді есептеуге байланысты арнайы белгіленген тәртіп бар (АК-тің 6-тарауы) . Азаматтық кодекстің 172-бабына сәйкес мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиғамен байланыстырылады. Осы бапта мерзімді тағайындау жолдары көрсетілген, атап айтсақ бұл сол сәтті көрсететін уақыт (күнтізбелік күн), белгілі уақыт кезеңі (жылдар, айлар, күндер және сағаттар) және сөзсіз болуға тиісті оқиға дер едік. Құқықтарды жүзеге асыру мен міндеттемелерді орындаудың мұндай мерзімдері белгіленген күннен басталады (мысалы, навигацияның басталуы мен аяқталуы және т. б. ) .

Баптың толық мәтіні төмендегідей:

«172-бап. Мерзімді белгілеу

1. Заңдармен, мәмілемен белгіленген не сот тағайындайтын мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіліп белгіленеді.

2. Мерзім жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетін уақыт кезеңі ретінде де белгіленуі мүмкін».

Егер мерзім кезеңмен белгіленсе, құқықты жүзеге асыру мен міңдеттемені орындау мерзімі аяқталғанға дейінгі уақыттың кез келген сәтінде орындала беруі мүмкін. Мысалы, мұрагер мұра ашылған сәттен бастап алты ай ішінде мұраны қабылдау немесе одан бас тартуға шешім алуға құқылы.

Сөзсіз болуға тиісті оқиғаның салдары мерзімді белгілеуді талап етеді, мәселен, бұған азаматтың қайтыс болуын айтуға болады. Азамат қайтыс болған күннен бастап мұрагерлердің құқығы пайда болады және сол сәттен бастап мұраны иелену немесе одан бас тарту құқығына ие және т. б.

Күнтізбелік күнмен көрсетілген мерзімді қолдану соншалықты қиындық туғызбайды, өйткені, белгіленген уақыт мерзімнің басталғанын білдіреді. Дей тұрғанмен, мерзім белгілі бір кезеңді қамтитын болған жағдайда оны есептеу тәртібі заңға сәйкес белгіленеді.

Азаматтық кодекстің 173-бабына орай уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен бастап немесе мерзімнің басталуы белгіленген оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады. Бұл мерзімнің өтуі затты тапсырған күннен емес, ертеңінен бастап есептеледі.

Мерзімді дұрыс есептеу үшін оның басталу сәтін ғана емес, аяқталу мерзімін де нақты айқындап алудың маңызы зор. Мерзімді есептеу мерзімді бастаған күннің келесі күні басталса, аяқталу сәті мерзім басталған айдың немесе аптаның соңғы күндерімен есептеледі.

Азаматтық кодекстің 174-бабында уақыт кезеңмен белгіленетін мерзімнің аяқталуы былайша тұжырымдалған:

1) жылдармен есептелетін мерзім - мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді. Жарты жылмен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін мерзімнің ережелері қолданылады;

2) жыл тоқсандарымен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін мерзімнің ережелері қолданынады. Бұл орайда бір тоқсан үш айға тең деп есептеледі, ал тоқсандарды есептеу жыл басынан бастап жүргізіледі;

3) айлармен есептелетін мерзім - мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде бітеді.

Жарты аймен белгіленетін мерзім күндермен есептелетін мерзім ретінде қаралады да, он бес күнге тең болып есептеледі. Егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келсе, мерзім сол айдың соңғы күнінде бітеді;

4) апталармен есептелетін мерзім - мерзімнің соңғы аптасының тиісті күнінде бітеді.

Кейде айдың аяқталуы әртүрлі келеді, мәселен, бір жылы ақпан айы 29-ында бітуі мүмкін, кейінгі жылы ондай болмауы мүмкін, немесе мерзім басталғанда айдың 31-і болуы мүмкін, ал ол біткенде 30-ы болуы мүмкін, ондайда тиісті айдың соңғы күні біткенде мерзім аяқталған деп есептеледі.

Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, содан кейінгі ең таяу жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып саналады.

Мерзімнің бітуімен белгілі бір дәрежеде заңдық салдарға байланысты, заң әрекетті мерзімнің соңғы күнінен аяқталу керектігін міндеттейді. Азаматтық кодекстің 176-бабының талаптарына сәйкес, егер мерзім қандай да бір әрекет жасауға белгіленген болса, ол әрекет мерзімнің соңғы күніндегі сағат жиырма төртке дейін орындалуы мүмкін (қарызды беру, мұрагердің мұраға ие болуы) . Мекемелер мен ұйымдардағы аяқталуға тиісті әрекеттерді бұл ережеге бағындыра қою қиын, өйткені, мұндай ұйымдар мен мекемелерде жұмыстың тоқтатылуы олардың жұмысты ресми тоқтатуымен есептеледі немесе кейбір мекемелер жұмыс күні бітпесе де операцияларын белгілі бір уақытта тоқтатып тастайды, айталық, нотариалдық кеңсе депозитке ақша салуды қабылдауды күндізгі сағат 12-де аяқтайды.

Мерзімнің соңғы күніндегі сағат жиырма төртке дейінгі поштаға, телеграфқа немесе өзге де байланыс мекемесіне тапсырылған жазбаша мәмілелер мен хабарлама мерзімінде жасалған болып саналады. Мұндай әрекеттерді жасауда соңғы күннің мерзімі жергілікті уақытпен есептеледі (АК-тің 176-бабы) .

3. Мерзімнің түрлері. Азаматтық құқықтық мерзімдерді әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға болады. Тағайындауына байланысты үш түрлі болады (17, 28, 178 баптар) :

а) нормативтік;

ә) Шарттық (жақтардың келісімімен айқындалады, мысалы, 277-бап) ;

б) соттық (сот шешімімен қаралады) .

Мерзімдер өзінің құқықтық табиғатына орай мынадай түрлерге бөлінеді:

1) азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі;

2) субьективті құқықты жүзеге асыру мерзімі;

3) үзіп тастау мерзімі;

4) кепілдік мерзімдер;

5) кінәрат қоятын мерзімдер;

6) азаматтық-құқықтық міндеттерді орындайтын мерзімдер;

7) азаматтық құқықтарды қорғайтын мерзімдер.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі дегеніміз уәкілетті тұлғаның өзіне тиесілі міндеттер мен құқықтарды жүзеге асыруға кететін уақыты.

Субъективті құқықты жүзеге асыру мерзімі заңмен тағайындалады. Мысалы, иелену мерзімі үшін белгілі бір мерзім тағайындалады (АК-тің 240-бабы) .

Үзіп тастау мерзімі жоғарыда аталған мерзімдерден ерекшеленеді, өйткені, ол белгілі бір құқықтарды тоқтатып тастайды. Мысалы, Азаматтық кодекстің 216-бабында үлесті меншіктің қатысушылары, егер олар осы бапта көрсетілген мерзім ішінде құқықтарын жүзеге асырмаса, сатып алудың басым құқығынан айырылады.

Кепілдік мерзім дегеніміз - сатып алушының ұзақ уақыт бойы сақтауға немесе пайдалануға арналған өнімдердің кемшілігін анықтап алуына берілетін мерзім болып табылады. Ондай өнімді қабылдап алған кезде кемшілігін байқау мүмкін болмай, кейін барып одан ақау шықса, онда сатып алушы сол ақауды түзетуге, оны сапалы басқа тауармен ауыстыруға не затты қайтадан қабылдап, ол үшін төленген соманы қайтарып алуға талап қоя алады, Кепілдік мерзімі мемлекеттік стандартпен, бекітілген техникалық шарттармен немесе шартпен белгіленеді.

Кінәрат мерзімі субьективті құқығын бұзған тұлға үшін заңмен белгіленеді, осы бұзушылыққа байланысты талаптар ерікті түрде орындалады. Заң кінәрат қойылған өтініштерді беру мерзімімен қатар берілген кінәратқа жауап беру мерзімін де көрсетеді.

Міндеттемелерді орындау мерзімдері шартта екі жақтың келісімімен тағайындалады. Бұл талапты орындау шартта қаралған тұлғалардың мүддесіне орай міндетті саналады.

Азаматтық құқықтарды қорғау мерзімдері - Азаматтық кодекстің 7-тарауында қаралған талап қою мерзімі болып табылады.

1. 2 Талап қою мерзімі

Талап қою мерзімі - адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі. Сонымен, талап қою мерзімі дегеніміз бұл заңда белгіленген мерзім, яғни бұл мерзім өткеннен кейін ақы талап ету құқығы жойылады, басқаша айтқанда, құқықты еріксіз жүзеге асыру мүмкіндігі жойылады.

Талап қою мерзімін қолдану өте қажет, бұған бірсыпыра себептер бар - бір жағынан, арада ұзақ уақыт өтіп кеткеннен кейін даулы құқықты анықтау сот органдарына қиын жұмыс, екіншіден, іс жүзінде ұзақ уақыт бойы болып келген қатынастарды бұзу шаруашылық жағдайына бірқатар іркіліс тудырып, тиімсіз салдарға әкелуі ықтимал.

Талап қоюды реттеу нормалары өктем (императивті) сипатта болады. Яғни тараптар талап қоюшылықты келісіммен өзгерте алмайды, бекітілген талап қою мерзімі мен оны есептеу тәртібін бұрмалауға жол берілмейді. Талап қою мерзімдері жалпы және арнаулы болып бөлінеді. Талап қоюдың жалпы мерзімі үш жыл болып белгіленеді. Талаптардың жекелеген түрлері үшін заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзіммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзімдері белгіленуі мүмкін. Мысалы, арнайы (қысқартылған) мерзімдер көлік заңдарында қаралған (ҚР-ның темір жолдарының Уақытша Уставының 155, 156 баптары) . Заңды талап мерзімдерінің арнаулы мерзімдері де қолданынады. Мысалы, АК-тің 159-бабының 9 және 10 -тармақтарыңда көзделген негіздер бойынша талап қою мерзімі зорлық немесе қорқыту ықпалымен мәміле жасалып, сол зорлық немесе қорқыту тоқтатылған күннен бастап не талап қоюшы мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болып табылатын өзге де мән-жайларды білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл болады. Осы арада бір айта кететін жәйт, шетелдерде талап қоюдың жалпы мерзімдері ұзақтау келеді.

2. Талап қою мерзімі қолданылмайтын талаптар. Талап қою мерзімі Азаматтық құқық қатынастарында заңда қаралған мынадай жағдайлардан басқасының бәрінде қолданынады, яғни Азаматтық кодекстің 187-бабына сәйкес: 1) заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде материалдық емес игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау туралы талаптарға; 2) салымшылардың банкіге банктік салымдарды беру туралы талаптарына; 3) азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптарға қолданылмайды. Алайда, талап қою мерзімі өтіп кеткеннен кейін қойылған талаптар талап қойылған соң үш жылдан асырмай қанағаттандырылады; 4) егер меншік иесінің немесе өзге заң иеленушінің өз құқығының кез келген бұзылуы иеліктен айыруға байланысты болмаса (АК-тің 264-265 баптары), олардың осы құқық бұзушылықты жою туралы талабына; 5) заң құжаттарында белгіленген реттерде басқа талаптарга да қолданылмайды.

Жоғарыда айтқанымыздай, талаптардың тізбесі үлгі ретінде келтіріліп отыр. Заң актілерімен бұдан басқа да талаптарға талап қою мерзімі қолданылмайтын жағдайлар тәртіптелуі мүмкін.

3. Талап қою мерзімінің есептелуі.

Талап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады (АК-тің 180-бабы) . Тап осы сәттен бастап жәбірленушінің әрі материалдық әрі азаматтық іс жүргізу тұрғысынан талап-арыз беру құқығы пайда болады. Материалдық талап ету құқылы дегеніміз белгілі бір азаматтық құқықты еріксіз түрде, яғни міндеткер жақтың ықтиярынан тыс орындату. Құқықты еріксіз түрде орындату тиістілі сот арқылы алу әдісімен жүзеге асады. Әйткенмен, өзінің құқығын сотқа арызданбай-ақ еріксіз орындататын реттер болады (мысалы, жүкті бермей ұстап қалып тасымалдың ақысын сол жүктің құнынан алу) . Сонымен бұзылған кұқықты еріксіз түрде қайта орындатуға Заңның беретін мүмкіншілігі материалдық мағынасында талап ету құқығын құрады. Бұл мағынасындағы талап ету құқығын сот арқылы қорғау құқығымен шатастырмау керек. Талап қою мерзімі материалдық талап ету құқығын жояды, бірақ азаматтық іс жүргізу құқығын жоя алмайды. Талап ету мерзімі өтіп кетсе де сот Азаматтық істі қарауына алуға міндетті, бірақ оны қарау кезінде талап қою мерзімі өтіп кеткендігі анықталған жағдайда ғана сот талапкердің талабын қанағаттандырудан бас тартады.

4. Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру, үзіліс жасау және қалпына келтіру.

Айталық, заңда көрсетілген белгілі бір жағдайға сәйкес талап қою мерзімінің тоқтатылуы дегеніміз сол жағдайдың алатын мезгіліне тең уақытқа талап мерзімінің созылуы болып табылады. Басқаша айтканда, осы жағдайға кеткен уақыт талап қою мерзімінің есебіне кірмейді. Осындай әсер ететін жағдайларға АК-тің 182-бабы төмендегілерді жатқызады:

1) егер талап қоюға төтенше және бұл жағдайда болмай қоймайтын оқиға (бой бермейтін күш) кедергі жасаса;

2) міндеттемелердің бұл түрін орындау Қазақстан Республикасы Президентінің жариялауымен кейінге қалдырылуына байланысты (мораторий) болса;

3) егер талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшірілген әскери -бөлімшелер құрамында болса;

4) егер әрекет қабілеттілігі жоқ адамның заңды өкілі болмаса;

5) тиісті қатынасты реттейтін заңдардың қолданылуын тоқтатуға байланысты тоқтатыла тұрады.

Азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша талап қою мерзімінің өтуі азаматтың зейнетақы төлемдерін тағайындау (немесе жүзеге асыру туралы не жәрдемақы тағайындау туралы тиісті ұйымдарға жолдануына байланысты зейнетақы төлемдері тағайыңдалғанға) немесе жүзеге асырылғанға не жәрдемақы тағайындалғанға, болмаса зейнетақы төлемдерін тағайыңдаудан немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тартылғанға дейін тоқтатыла тұрады (АК-тің 182-бабының 1-тармағы) .

Аталған жағдайлардың кез келген талап мерзімі соңғы алты ай ішінде пайда болса немесе бұрынғысынша қала берсе тоқтатыла тұрады, ал, егер бұл мерзім алты айдан аспаса талап мерзімінің өтуі кезінде тоқтатыла тұрады. (АК-тің 182-бабының 2-тармағы) .

Тоқтата тұруға әкеліп соқтырған мән-жайлар тоқтатылған күннен бастап талап қою мерзімінің өтуі одан әрі жалғасады. Бұл орайда мерзімнің қалған бөлігі алты айға дейін, ал егер талап қою мерзімі алты айдан аспаса - талап мерзіміне дейін ұзартылады (АК-тің 182-бабының 3-тармағы) .

Жақтардың белгілі бір жасаған әрекеттері талап қою мерзімінің өтуіңде үзіліс жарияланады. Үзілістен кейін талап қою мерзімінің өтуі қайтадан басталады; үзіліске дейін өткен уақыт жаңа мерзімге есептелмейді (АК-тің 183-бабының 2-тармағы) . Талап қою мерзімі екі жағдайда, яғни белгіленген тәртіппен талап қойылуы немесе борышты не өзге міндеттерді мойындауын дәлелдейтін міндетті тұлғаның әрекетінің аяқталуына байланысты үзіледі.

Ерекше жағдайларда талап қоюдың өтіп кеткен мерзімін қалпына келтіру қажеттігі туындауы мүмкін. Мұндай мәселені шешуді Азаматтық кодекс сотқа жүктейді: талапкердің жеке басына байланысты мән-жайлар (ауыр науқас, дәрменсіз халде болу және т. б. ) бойынша талап қою мерзімі өтіп кетуінің себебін сот орынды деп таныған кезде, азаматтың бұзылған құқығы қорғалуға тиіс. Талап қою мерзімінің өтіп кету себептері орынды болып, егер ол талап мерзімінің соңғы алты айы ішінде орын алған болса, ал егер бұл мерзім алты айға тең немесе алты айдан аз болса талап мерзімінін өтуі кезінде танылады.

5. Талап қою мерзімі біткеннен кейінгі салдар. Талап қою мерзімі өтіп кеткен соң барып талап қою соттың бұл талаптан бас тарту туралы шешім шығаруына негіз болады. Азаматтық кодекстің 186-бабында талап қою мерзімі біткеннен кейін міндеттерді атқару көрсетілген. Шын мәнінде талап қою мерзімі біткеннен кейін барып өз міндетін атқарған борышқордың немесе өзге де міндетті адамның сол міндетті атқарған кезінде талап мерзімінің өтіп кеткенін білмейтіні кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайда оның өзі атқарған нәрсесін қайтаруды талап етуге құқығы жоқ. Азаматтық кодекстің 186-бабындағы осы норма жаңалық болып табылады, демек сол арқылы талап қою мерзімінің өтіп кетуі мүліктік салдарға айтарлықтай әсер етеді. Ендігі жерде жаңа Кодекс бойынша борышқор талап мерзімі біткеннен кейін міндетін орындай береді, талап қою мерзімінің бітуіне қарамастан дебиторлық және несие қарыздарын ерікті түрде жабуға жол беріледі. Соған сәйкес заңды тұлғалар талап қоюға тиісті несие берушілердің талап етпейтін қарыздарын мемлекеттік бюджетке аудару міндетінен құтылады.

1. 3 Азаматтық құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттігі туындауы кезіндегі уақыттың маңызы

Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтардың құқықтары
Азаматтық құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі
Жеке тұлға құқық субьектісі
Азаматтар азаматтық құқық субъектісі ретінде
Жеке тұлға азаматтық құқықтың субъектісі
Азматтың құқықтық қабілеттері
Азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы
Құқық субъектілерінің азаматтық құқық қабілеттілігі
Азаматтардың құқықтық қабілеттілігі
Азаматтардың құқық және әрекет қабілеттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz