Игілікті еңбек — өмірдің даму өрісі
1 Зайролла Дүйсенбекұлы өмірі
2 Ғылым мен технологияның қазіргі даму деңгейі
3 Қызмет баспалдақтары

“Дүниеде қанша адам болса, сонша әлем бар. Алла тағала әлемді біртұтас күйінде, сонан соң әрбір адамның ішінде жаратып, өмірдің мәні туралы сұрақты мәң¬гілік шешусіз жұмбақ күйінде қал¬дырған ба, деймін. Өйткені бұл екі әлем¬нің талап-тілегі үнемі сәйкес келе бер¬мейді. Ортақ дүние, бүкіл сыртқы әлем жаратылыс заңдылықтарын сақтауды, табиғатпен үйлесімді өмір сүруді қажет етіп, соған мұқтаж күйге түскен жағдай¬дың өзінде, болған үстіне бола берсе екен дейтін адамның қанағатсыз көңілі бұған көндіге алмай отыр. Сол мазасыз көңіл, бір есептен алғанда, осы уақытқа дейін жер бетіндегі адамзат тіршілігінің қоз¬ғаушы күші болып келгендігімен, алдағы өмірді түбінде бір тығырыққа әкеліп тірей ме деген қауіптің барлығын да жасыр¬мауымыз керек. Адам баласы жаратылыс заңдылықтарының мызғымайтындығын мойындап, онымен өз қарым-қатынасын ретке келтіру үшін білім мен мәдениетке барынша мән беруі қажет” дейді акаде¬мик Зайролла Дүйсенбеков.
Мен Зайролла Дүйсенбекұлын біраз жылдан бері білемін. Өзімнің журналистік жұмысымдағы мақала тақырыптарына байланысты жер саласындағы білікті бас¬шы адамнан ақыл-кеңес алатын кездерім де аз емес. Ол кісінің ашық-жарқынды¬ғына, қарапайымдығына, бауырмалдығы¬на қарап, өмірде көпті көрген, көп нәр¬сенің мән-мағынасын жақсы түсінетін, шын мәніндегі оқымысты адамдар қарапайым болады деген сөз рас екен-ау деп қоямын іштей. Бірақ, осы қара¬пайымдықтың арғы жағында қазақтың кең жазира даласындай толысқан білім¬нің, таудан құлап ағатын өршіл өзендей үлкен қайрат-жігер¬дің, асқар таулардай абыройдың тұрған¬дығын мойындай¬тыным да рас.
Академик Зайролла Дүйсенбекұлы Дүйсенбеков 1937 жылғы 18 қазан күні Павлодар облысының Баянауыл ауылын¬да дүниеге келді. Осындағы қазақ орта мектебін, содан кейін Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын бітірісімен өзі туып-өскен өңірдің “Баянауыл” кеңшарына бірден бас агроном болып тағайындалып, көп өтпей-ақ кеңшардың директоры міндетін атқарды.

ИГІЛІКТІ ЕҢБЕК — ӨМІРДІҢ ДАМУ ӨРІСІ
“Дүниеде қанша адам болса, сонша әлем бар. Алла тағала әлемді біртұтас
күйінде, сонан соң әрбір адамның ішінде жаратып, өмірдің мәні туралы
сұрақты мәңгілік шешусіз жұмбақ күйінде қалдырған ба, деймін. Өйткені бұл
екі әлемнің талап-тілегі үнемі сәйкес келе бермейді. Ортақ дүние, бүкіл
сыртқы әлем жаратылыс заңдылықтарын сақтауды, табиғатпен үйлесімді өмір
сүруді қажет етіп, соған мұқтаж күйге түскен жағдайдың өзінде, болған
үстіне бола берсе екен дейтін адамның қанағатсыз көңілі бұған көндіге алмай
отыр. Сол мазасыз көңіл, бір есептен алғанда, осы уақытқа дейін жер
бетіндегі адамзат тіршілігінің қозғаушы күші болып келгендігімен, алдағы
өмірді түбінде бір тығырыққа әкеліп тірей ме деген қауіптің барлығын да
жасырмауымыз керек. Адам баласы жаратылыс заңдылықтарының мызғымайтындығын
мойындап, онымен өз қарым-қатынасын ретке келтіру үшін білім мен мәдениетке
барынша мән беруі қажет” дейді академик Зайролла Дүйсенбеков.
Мен Зайролла Дүйсенбекұлын біраз жылдан бері білемін. Өзімнің журналистік
жұмысымдағы мақала тақырыптарына байланысты жер саласындағы білікті басшы
адамнан ақыл-кеңес алатын кездерім де аз емес. Ол кісінің ашық-
жарқындығына, қарапайымдығына, бауырмалдығына қарап, өмірде көпті көрген,
көп нәрсенің мән-мағынасын жақсы түсінетін, шын мәніндегі оқымысты адамдар
қарапайым болады деген сөз рас екен-ау деп қоямын іштей. Бірақ, осы
қарапайымдықтың арғы жағында қазақтың кең жазира даласындай толысқан
білімнің, таудан құлап ағатын өршіл өзендей үлкен қайрат-жігердің, асқар
таулардай абыройдың тұрғандығын мойындайтыным да рас.
Академик Зайролла Дүйсенбекұлы Дүйсенбеков 1937 жылғы 18 қазан күні
Павлодар облысының Баянауыл ауылында дүниеге келді. Осындағы қазақ орта
мектебін, содан кейін Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын
бітірісімен өзі туып-өскен өңірдің “Баянауыл” кеңшарына бірден бас агроном
болып тағайындалып, көп өтпей-ақ кеңшардың директоры міндетін атқарды.
Өндірісте өзін жақсы қырынан көрсетіп, іскерлігі, қызметке деген
берілгендігімен, адалдығымен көзге түскен жасқа облыстық комсомол
комитетінің екінші хатшысы, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары
– ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, кейіннен облыстық партия комитеті
ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі секілді жауапты да маңызды қызметтер
ұсынылған еді. Алайда нағашы ағасы Хамза Әбілғазиннің (ол кісі Алматыда
алғаш ашылған теледидар студиясының директоры болған адам) ақылымен осы
қызметтердің біріне де қарамай ғылым жолын таңдайды. 1962 жылы өзі оқыған
Алматы ауыл шаруашылығы институтының аспирантурасына қабылданып, 1966 жылы
ауыл шаруашылығы ғылымдарына кандидаттық диссертациясын өте сәтті қорғап
шықты.
Мұнан кейін Зайролла Дүйсенбекұлы – институтта доцент, кафедра меңгерушісі,
агрономия факультетінің деканы. Осы аралықта жүздеген жаңа еңбектер дүниеге
келді. 1985 жылы Кишинев қаласындағы М.В. Фрунзе атындағы ауыл шаруашылығы
институтында “Солтүстік Тянь-Шаньның таулы өңірлеріндегі табиғи егіншілік
ресурстары және оларды тиімді пайдалану жолдары” деген тақырыпта ғылым
докторлығына диссертация қорғаған тұста Зайролла Дүйсенбекұлы – Қазақстан
ауыл шаруашылығы ғылымында өзіндік бағыты мен мектебі калыптаса бастаған,
ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін программалау жөніндегі одақ
көлеміндегі айтыстарға белсене қатысып жүрген азулы ғалым. Сондықтан оның
диссертациясына қасқа мен жайсаңдар көп жиналды. Диссертантқа қырықтан
астам сұрақ қойылып, ғылыми еңбектің жаңа бағытта орындалған математикалық
модельдеу тәсіліне баса назар аударылды. Өйткені диссертация да қызықты,
оппоненттер де көп еді. Міне, сол тұста Кеңес одағы ауыл шаруашылығы
ғылымының патриархтарының бірі, жасы сексеннен асқан атақты Григорий
Константинович Шульмейстердің: “сөз жоқ, диссертация өте тартымды
әзірленген, ғылымдағы мұндай стиль мен тұжырымдарды, баяндау тәсілін көптен
бері кездестіремеген едім. Мұндай стиль қазан төңкерісіне дейінгі
ғалымдарға тән болатын” деп сүйсіне айтқан сөзі, ғылыми кеңес мүшелерінің
еңбектің құндылығын атап көрсете отырып, түгелдей дауыс бергені әлі күнге
дейін есте.
Зайролла Дүйсенбекұлы 1991 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясының
егіншілік, мелиорация және орман шаруашылығы бөлімшесі бойынша
корреспондент мүшесі, 1994 жылы толық мүшесі (академигі), ал 1996 жылы
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі болып сайланды.
Оның ғылым саласындағы үлкен еңбегі осылайша лайықты бағаға ие болды.
* * *
Ұлттық ғылым академиясының академиктері Еділ Ерғожин мен Мехлис Сүлейменов
ғалымның ғылыми-педагогикалық және қоғамдық қызметі туралы жазылған
академиялық очеркте: “Зайролла Дүйсенбекұлы – Қазақстанда ауыл шаруашылығы
дақылдарының өнімділігін программалаудың ғылыми-әдістемелік негізін салушы,
алғашқы зерттеушілердің бірі және оны қалыптастырып, өндіріске енгізуге
бірден-бір ықпал еткен, қазақстандық мектепті қалыптастырушы үлкен ғалым”
дейді
Өсімдіктер физиологиясы, топырақ тану, егіншілік, агрохимия,
агрометеорология, агрофизика, математика секілді соңғы кездері өсіп
жетілген көптеген ғылыми салалардың басын қоса отырып, электронды есептеу
техникалары мен математикадағы сандық модельдерді қолдану арқылы
жоспарланған өнімді алудың өзара әрекеттесетін шаралар кешенін дәлме-дәл
анықтауға, агротехникалық шаралардың тиімді нұсқасын таңдап алуға,
экологиялық талаптарды мейлінше сақтауға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы
дақылдарының өнімділігін программалау ісіне Зайролла Дүйсенбеков өзінің
ғылыми қызметінің біраз жылдарын арнады және осы мәселеде үлкен табыстарға
жетті. Әсіресе, оның программалаудың тәжірибелік схемасын математикалық
тұрғыдан модельдеуге негізделген дисперциондық тәсілді шебер қолдана білуі
одақ бойынша осы саламен айналысатын ғалымдар арасында бағасын арттырды.
1972 жылы академик Б. А. Доспехов Мәскеуден оны арнайы іздеп келіп
Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы академиясына қызметке шақырса, Ленинградтағы
агрофизика институтының директоры академик В.С. Нерпин өз институтына қарай
тартты.
Дегенмен, жас ғалым өзінің тікелей басшысы Қазақ ауыл шаруашылығы
институтының ректоры Хайдар Арыстанбековтің ақылымен Қазақстанда қалып, осы
саладағы зерттеулерді одан әрі жалғастыруды жөн көрді. Соның өзінде одақ
ғалымдарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеді. Олар мұның еңбектерін
жоғары бағалады. Мәселен, ВАСХНИЛ-дің (Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы
академиясы) вице-пезиденті, Социалистік Еңбек Ері, академик И.Шатилов З.
Дүйсенбеков туралы 1991 жылы жазған пікірінде: “оның эксперименттік
жұмыстары проблемаларды айқын ашуымен, зерттеудің қазіргі замандық әдіс-
тәсілдерін терең меңгеруімен және тұжырымдары мен нұсқауларының дәлме
дәлдігімен ерекшеленеді” десе, ВАСХНИЛ Президиумы қасындағы Бүкілодақтық
үйлестіру кеңесінің төрағасы академик Н.Ф. Бондаренко: “З.Д. Дүйсенбеков
реттеуге келмейтін климаттық факторлар ықпалын есепке ала отырып, ылғал
және жылу пайдалану деңгейін арттыруға бағытталған агротехникалық
шаралардың тұтас жүйесін әзірлеп, өндіріске ұсынды. Новочеркасск қаласында
(1978 жыл) өткен Ауыл шаруашылығы дақылдары өнімін программалау (бағдарлау)
жөніндегі бүкілодақтық конференция З.Д. Дүйсенбековтің зерттеу нәтижелерін
программалаудың теориялық және методикалық негіздерін дамытуға қосылған
елеулі үлес ретінде атап көрсетті”, дейді. Ал К.А. Тимирязев атындағы
бүкілодақтық ауыл шаруашылығы академиясының ректоры, академик М.И. Синюков:
“Профессор Зайролла Дүйсенбекұлы Дүйсенбеков – бүкіл еліміз бен
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін ғылыммен қамтуға ірі үлес қосушы
белгілі ғалым. Ол биоклиматтық және топырақ ресурстарын тиімді пайдаланудың
теориялық негіздерін әзірлеп, оны практикалық тұрғыдан жүзеге асырудың
жолдарын көрсетті. Мұның өзі егіншілікті жүргізу жүйесін өңірлік тұрғыдан
оңтайландыруға мүмкіндік берді” деп нақты пікір білдірген.
“Жалғанда не өлмейді? Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді” дейді дана қазақ
мақалы. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін программалау – бұл
академик Зайролла Дүйсенбековтің болашақ ұрпаққа тапсырар үлкен аманаты.
– Ғылым мен технологияның қазіргі даму деңгейі бізге егісте өсіп тұрған
әрбір дақыл дәнінің өсіп-жетілуінің қанша пайызы топырақтың, қанша пайызы
судың, қанша пайызы күннің, қанша пайызы минералды және органикалық
тыңайтқыштардың, қанша пайызы адам әрекетінің нәтижесі екендігін айтып бере
алады. Міне, осыны айқын білген кезімізде әрбір өңірдегі егін шаруашылығы
табиғи факторлардың негізінде дұрыс ретке келтіріліп, барынша дамитын
болады. Мен осы мәселемен шұғылданатын программалау тәсілдерін Қазақстанның
егіншілік жүйесіне енгізуді армандадым. Қазақстан экономикасы мен егіншілік
мәдениетінің қазіргі даму қарқынына қарап бұл арманым орындалады деп
есептеймін. Алайда оны жүзеге асыру енді жастардың еншісінде, — дейді
академик ағамыз.
* * *
Ғылымдағы осындай үлкен жетістіктерімен қатар Зайролла Дүйсенбекұлының
мемлекет пен қоғам алдындағы атқарған қызметтері де жемісті болды. Қызмет
баспалдақтарында біртіндеп өсе келе 1993 жылы Жер ресурстарын басқару
агенттігінің төрағасы Бақыт Оспановтың шақыруымен Қазақ мемлекеттік жерге
орналастыру жөніндегі жобалау институтының директоры болып тағайындалса,
1994 жылдан – Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-
өндірістік орталығының бас директоры. Бұл ғылыми-өндірістік ұжымға жер
пайдаланудың жаңа жүйесін қалыптастыруға бағытталған ғылыми-өндірістік
бағдарламалар, әдістемелер және нормативтік-құқықтық құжаттар әзірлеу, жаңа
жер кадастрын жүзеге асыру жөнінде өте ауқымды міндеттер жүктелген.
Осы ретте Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Бақыт Оспановтың
басшылығымен Елбасының жер қатынастарын нарықтық жағдайға бейімдеу
жолындағы стратегиясын іске асыру жолында үлкен жұмыстар жүргізіліп келе
жатқандығын көптеген заңдар мен нормативтік актілер қабылданғандығын
айтуымыз керек. Тек академик басқаратын ұжымның өзі ғана жиыны 100-ге тарта
маңызды құжат әзірледі. Жерге жеке меншік институты енгізіліп, нарықтық
қағидаларға негізделген жер ресурстарын басқару, жер телімдерінің
жылжымайтын мүлік ретіндегі мәртебесін айқындап, олардың нарық пен меншік
нысанына айналуына жол ашқан жер заңнамалары қалыптасты. Геоақпараттық жүйе
технологияларының негізінде жер кадастры және оның автоматтандырылған
ақпараттық жүйесі құрылып, жетілдірілуде.
Міне, осы істердің ғылыми негізделуіне үлес қосып белсене әрекет еткен
академик басқаратын республикалық ғылыми-өндірістік орталық осы жылдар
аралығында кездескен кедергілерді бұза-жара отырып, жедел даму жолына
түсті. Кәсіпорынның материалдық-техникалық жағдайы, жаңа технологиялармен
қамтылуы жылдан жылға жақсаруда. Жұмысқа жоғары білікті мамандарды тарту,
жас мамандардың кәсіби мамандығын көтеру, оқытып-үйрету мәселелері де жолға
қойылған. Олардың еңбек және материалдық жағдайлары да жақсарып келеді.
Ғылыми-өндірістік орталықта және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарында
инвестициялар тартуға, жаңа тапсырыстарға қол жеткізуге көп көңіл бөлінеді.
Жұмыстың сапасы бірінші кезекке қойылған. Озық тәжірибелерді, инновациялық
технологияларды жүйелі түрде енгізіп отыру, халықаралық компаниялармен
қарым-қатынаста Қазақстанның жерге орналастыру қызметінің беделіне нұқсан
келтірмеу басты мәселелердің бірі ретінде белгіленген.
Ұжымдағы осы жетістіктердің барлығы Зайролла Дүйсенбекұлының тікелей
басшылығымен жүзеге асуда. Академиктің ұйымдастырушылық қабілеті, ұзақ
жылғы бай жұмыс тәжірибесі, талапшылдығы мен табандылығы, мәселелерді
шешудегі кемел көзқарасы мен адамгершілік ұстанымы тек өндірістік
жұмыстарды, қаржы-шаруашылық қызметті жақсартуға ғана емес, сонымен қатар,
бүкіл ұжымды тұтастай алғанда ірі мемлекеттік тапсырыстарды тез әрі сапалы
түрде орындайтын, заман талабына жауап беретін, бәсекеге қабілетті, беделді
де білікті ұйым ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Зайролла Дүйсенбекұлы жерге орналастыру, жер кадастры, жер заңдылықтарын
жетілдіру мәселелері бойынша алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибелерді оқып-
үйренуге және ішкі ерекшеліктерімізді ескере отырып, оларды тиімді жағдайда
қолдануға үлкен көңіл бөледі. ТМД-ға мүше елдердің жер қатынастары мен
жерге орналастыру жөніндегі халықаралық ғылыми кеңесінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz