Галогендер



1 Жалпы мәліметтер
2 Хлор
2.1 Табиғатта таралуы
2.2 Атом құрылысы
2.3 Алынуы
2.4 Молекула құрылысы
2.5 Физикалық қасиеттері
2.6 Химиялық қасиеттері
2.7 Молекула құрылысы
3 Фтор
3.1 Табиғатта таралуы
3.2 Атом құрылысы
3.3 Молекула құрылысы
3.4 Фтордың алынуы
3.5 Физикалық қасиеттері
3.6 Фторлы сутек
3.7 Қолданылуы
4 Бром және Йод
4.1 Физикалық қасиеттері
4.2 Бром мен йодтың салыстырмалы сипаттамалары
4.3 Атом құрылысы
4.4 Молекула құрылысы
4.5 Алынуы
4.6 Қолданылуы
Олардың валенттілік электрондарының жалпы формуласы ns2 nр5 (n=2-6). Бұл элементтердің топтық атауы «тұз түзуші» деген түсінікке сәйкес келеді.
Галогендердің соңғы электрондары р-деңгейшесіне түседі, сондықтан олар р элементтеріне жатады. Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай олардың атом радиустары артады, қайнау температурасы мен тығыздықтары да осы бағытта өседі. Олардың агрегаттық күйлері газдан (F2, С12) сұйықтыққа (Вr2), ары қарай қатты (І2) күйге өзгереді, түстері де біртіндеп қоюлана түседі.
Галогендер типтік бейметалдар, себебі олардың сыртқы валенттілік қабаттарының толысуына бір ғана электрон жетіспейді, оны қосқанда тотықтырғыштық қасиет көрсетіп, өзінен кейін тұрған бекзат газдардың электрондық кұрылысын алады.
Галогендердің тотықтырғыштық қасиеттері топ бойынша жоғарыдан төмен қарай кемиді, себебі атом радиустары артқандықтан ядроның электрон тарту күші азаяды.
Фтор қосылыстарында тек бір валенттілік қана көрсетеді, тотығу дәрежесі үнемі -1,0-ге тең, себебі ол электртерістіктілігі ең жоғары элемент; оның екінші энергетикалық деңгейінде екі ғана деңгейшесі бар, электрондардың дараланып көшетін орны болмағандықтан топ нөміріне сәйкес валенттілік көрсете алмайды. Қалғандары топ нөміріне жеткенше тақ мәнді валенттіліктерді (I, III, V, VII) көрсетеді, тотығу дәрежелері: -1, 0, +1, +3, +5, +7.[1]
1. Химия: Жалпы білім беретін мектептің 8 сыныбына арналған оқулық. Усманова М.Б., Сақариянова Қ.Н. /Алматы: Атамұра, 2009. - 216 бет. ISBN 9965-34-887

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Галогендер
Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия
Галогендер VIIA топшада орналасқан, олар: фтор F, хлор С1, бром Вr, йод
I, астат At. Астат - радиобелсенді элемент.[1]

Мазмұны
 [жасыр]
1 Жалпы мәліметтер
2 Хлор
2.1 Табиғатта таралуы
2.2 Атом құрылысы
2.3 Алынуы
2.4 Молекула құрылысы
2.5 Физикалық қасиеттері
2.6 Химиялық қасиеттері
2.7 Молекула құрылысы
3 Фтор
3.1 Табиғатта таралуы
3.2 Атом құрылысы
3.3 Молекула құрылысы
3.4 Фтордың алынуы
3.5 Физикалық қасиеттері
3.6 Фторлы сутек
3.7 Қолданылуы
4 Бром және Йод
4.1 Физикалық қасиеттері
4.2 Бром мен йодтың салыстырмалы сипаттамалары
4.3 Атом құрылысы
4.4 Молекула құрылысы
4.5 Алынуы
4.6 Қолданылуы
5 Пайдаланылған әдебиеттер

[өңдеу]Жалпы мәліметтер

Олардың валенттілік электрондарының жалпы формуласы ns2 nр5 (n=2-6). Бұл
элементтердің топтық атауы тұз түзуші деген түсінікке сәйкес келеді.

Галогендердің соңғы электрондары р-деңгейшесіне түседі, сондықтан олар р
элементтеріне жатады. Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай олардың атом
радиустары артады, қайнау температурасы мен тығыздықтары да осы бағытта
өседі. Олардың агрегаттық күйлері газдан (F2, С12) сұйықтыққа (Вr2), ары
қарай қатты (І2) күйге өзгереді, түстері де біртіндеп қоюлана түседі.

Галогендер типтік бейметалдар, себебі олардың сыртқы валенттілік
қабаттарының толысуына бір ғана электрон жетіспейді, оны қосқанда
тотықтырғыштық қасиет көрсетіп, өзінен кейін тұрған бекзат газдардың
электрондық кұрылысын алады.

Галогендердің тотықтырғыштық қасиеттері топ бойынша жоғарыдан төмен қарай
кемиді, себебі атом радиустары артқандықтан ядроның электрон тарту күші
азаяды.

Фтор қосылыстарында тек бір валенттілік қана көрсетеді, тотығу дәрежесі
үнемі -1,0-ге тең, себебі ол электртерістіктілігі ең жоғары элемент; оның
екінші энергетикалық деңгейінде екі ғана деңгейшесі бар, электрондардың
дараланып көшетін орны болмағандықтан топ нөміріне сәйкес валенттілік
көрсете алмайды. Қалғандары топ нөміріне жеткенше тақ мәнді
валенттіліктерді (I, III, V, VII) көрсетеді, тотығу дәрежелері: -1, 0, +1,
+3, +5, +7.[1]

[өңдеу]Хлор

Толық мақаласы: Хлор

[өңдеу]Табиғатта таралуы

Хлор табиғатта активті элемент болғандықтан тек қосылыстар күйінде
кездеседі. Негізінен сілтілік және сілтілік-жер (II) металдарының
хлоридтері күйінде; олар карналлит KC1*MgCl2*6Н2О, сильвинит NaCl*KCl,
бишофит MgCl2*6Н2О, галит тас тұзы NaCl, т.б.

[өңдеу]Атом құрылысы

Хлор III периодтың, VII топтың негізгі топшасының элементі, 35,517С1
ядросындағы протон сандары 17, яғни ядро заряды +17, электрондар саны
17, нейтрондар саны 18. Хлор атомының электрондық
формуласы: ls22s22p63s23p5, валенттілік электрондары3s23p53d0.

[өңдеу]Алынуы

Өндірісте хлорды ас тұзының балқымасын электролиздеу арқылы алатындығын
айтқанбыз. Осы әдіспен жұмыс істейтін зауыт Павлодарда орналасқан.

Зертханада концентірлі тұз қышкылына марганец диоксидін (МnО2) қосып,
тотықтыру арқылы алады.

[өңдеу]Молекула құрылысы

Хлор молекуласы да басқа галогендердікі сияқты екі атомды.
С12 молекуласы хлордың 3р-деңгейшесінде орналасқан дара электрон
бұлттарының қабысуынан болады, арасына бір байланыс түзіледі.

[өңдеу]Физикалық қасиеттері

Хлор - сарғыш-жасыл түсті тұншықтырғыш улы газ. Онымен тек тартпа
шкафтың ішінде жұмыс жасау керек. Хлор ауадан 2,5 еседей ауыр. (Daya =
М(С12)М(ауа) = 7129 = 2,45), сондықтан оны ауаны ығыстыру арқылы
жинайды, ыдыстың аузын жоғары қаратып ұстауға да болады. Суды ығыстыру
арқылы жинауға болмайды, себебі хлор сумен химиялық әрекеттесіп, хлор
суын түзеді.

[өңдеу]Химиялық қасиеттері

Хлор бос күйінде едәуір белсенді зат, алайда оның белсенділігі фторға
қарағанда төмен. Хлор оттегі, азот және бекзат газдардан басқа жай
заттардың барлығымен дерлік әрекеттеседі, ол үшін жылу немесе
жарықтандыру қажет.

Н2 + С12 = 2HC1

Бұл реакцияны былай жүргізуге болады: екі сынауықтың біріне Н2, ал
екіншісіне С12 толтырып аламыз да, хлоры бар сынауықтың үстіне
сутегімен толтырылған сынауықты төңкеріп, олардың ауыздарын
түйістіріп алып, араластырып, спирт шамының жалынына ұстағанда
реакция жүреді де HC1 газы пайда болады.

Енді осы сынауықтарды су құйылған ыдысқа төңкерсек, сынауықтардың
бойымен судың көтеріле бастағанын байқаймыз, себебі HC1 газы суда
еріп, тұз қышқылын береді. Оны метилоранж тамызу арқылы анықтауға
болады (қызарады).

[өңдеу]Молекула құрылысы

Байланысқа сутектің s-деңгейшесіндегі электрон мен хлордың 3р-
деңгейшесінде орналасқан дара электрон қатысады, нәтижесінде бір о
-байланыс түзіледі, электрондық бұлттар тығыздығы хлорға ығыса
орналасуынан байланыс - полюсті коваленті болады.[1]

[өңдеу]Фтор

Толық мақаласы: Фтор

[өңдеу]Табиғатта таралуы

Табиғатта фтор тұздар күйінде кездеседі. СаF2 - флюорит,
балқытқыш шпат, 3NaF • AlF3 - криолит, ЗСа3(РO4)2-СаF2 -
фторапатит. Адамдар мен жануарлардың сүйектерінің және тіс
кіреукесінің құрамында да фтор бар.

[өңдеу]Атом құрылысы

Фтор периодтық жүйенің II периодында VII топтың негізгі
топшасында (VIIA) орналасқан. 919F, ядросында 9 протон, 10
нейтрон бар, ядроны екі электрондық қабатта 9 электрон айналады.
Фтор атомының электрондық формуласы ls22s22p5, валенттілік
электрондары2s22p5, олардың электронды -графикалық формуласы:
Фтор атомының 2р-деңгейшесінде бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Йод элементі
Галогендердің сутекті қосылыстары
VII топтың негізгі топшасы элементтері. Галогендер
Галогендер туралы
Галоген топшасындағы әлементтер
Жаңа педагогикалық технологиялар. Галоген топшасын модульді блокпен оқыту
«Гaлoгeндeр» тaқырыбын oқытудa пікірсaйыс әдісін пaйдaлaну aрқылы oқушылaрдың химиялық білімін жeтілдіру
Хлордың химиялық қасиеттері
Cілтілік және сілтілік жер металдардарға сипаттама
Бейорганикалық заттар кластары
Пәндер