Құқықтық жүйе



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 . 5 бет.

І . тарау Құқықтық жүйе: пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні және заң жүйесімен айырмашылғы.

1.1 Құқықтың пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні ... ... ... ... ... 6 . 12 бет.
1.2 Құқықтық жүйе түсінігі мен құрылым және заң жүйесімен айырмашылғы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13 . 20 бет.

ІІ . тарау Қазіргі әлемдегі құқықтық жүйелердің жалпы сипаттамасы.

2.1 Англо . саксондық құқықтық жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21 . 25 бет.
2.2 Роман . германдық құқықтық жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26 . 32 бет.
2.3 Мұсылмандық құқықтық жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33 . 38 бет.
2.4 Соцалистік құқықтық жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39 . 44 бет.
2.5 Дәстүрлі құқықтық жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45 . 51 бет.

ІІІ . тарау Қазақстан Республикасында құқықтық жүйенің ролі мен қалыптасу тенденциясы.

3.1 Қазақстандағы құқықтық жүйенің тарихи даму кезеңдері.(1926.1936 . 1936.1977.1978 жж.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52 . 61 бет.
3.2 Қазақстандағы қазіргі құқықтық жүйе. (1991.1993.1995 жж. 1998.2007ж өзгертулер мен толықтырулар) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62 . 69 бет.

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70 . 72 бет.

Қолданылған әдебиеттер мен құқықтық нормативтік актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73 . 74 бет.
Кіріспе.

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс қоғамның құқықтық жүйесі түсінігі, құрылымы, қалыптасуы мен дамуы және құқықтық жүйенің нысандары мен тәсілдерін қазіргі кездегі әлемдегі құқықтық жүйелерді қарастырылған.
Қоғамның құқықтық жүйесі ұғымы оның өзіне тән сипатымен белгісіне байланысы анықталады. Құқықтық жүйе – қоғамдық қатынастарды реттейтін өзара байланысты, үйлесімді және өзара әрекеттілік құықтық құрал, әрі қандай да болмасын елдің құқықтық дамуының деңгейін сипаттайтын элементтер. Сондықтан қоғамның құқықтық жүйесі өзінің күрделі құрылымы мен белгілі бір орнымен ерекшеленеді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғамның құқықтық жүйесі мәселесі салалық заң ғылымдарымен және жалпы құқық теориясымен зерттелуде. Құқықтық жүйе проблемалары – оның ұғым категория аппаратын құрылымдық ұйымдастырылуын, ішкі және сыртқы өзара байланыстарын, қоғамда алатын орнын, сондай – ақ қоғамның өмір сүруі мен дамуының аса маңызды алғы шарты ретіндегі рөлін ғылыми тұрғыдан зерттеу әрдайым өзекті болады. Әсіресе, тоталитарлық режимді жеңіп құқықтық, демократиялық мемлекеттер ретінде қалыптасып жатқан, бостандық, теңдік пен келісім идеалдары негізінде азаматтық қоғам қалыптасып жатқан, кең көлемді құқықтық реформалар жүргізіп, жаңа ұлттық құқықтық жүйелерді құру кезінде қиындықтар мен қарама – қайшылықтарды басынан кешіп жатқан ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстан жағдайында бұның өзектілігі арта түседі. Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігінің «сындарлы он жылын» артқа тастады. Аталған он жылдан астам уақыт аралығында жас тәуелсіз мемлекетіміз өзі тәуелсіздігін баянды ету және мемлекеттің болашақтағы жылжитын негізгі бағыттарын айқындауға бар күшін жұмылдырған болатын. Жоғарда көрсетілген жағдайдың барлығы аталған тақырыптың қаншалықты өзекті екендігін айқындауға мүмкіндік береді.
Тақырыптың зерттеу деңгейі. Қоғамның құқытық жүйесінің зерттеуінің тарихнамасы бірнеше ғасырлық дамуын басынан өткерді. Зерттеу жұмысын жазу барысында ізденуші заң ғылым саласындағы белгілі ғалымдар С. Өзбекұлы, Ғ. Сапарғалиев, С. Зиманов, Рене Давид, Камилла Жофре – Спинози, К. Цвайгерт, Х. Кетц және т. б. қоғамдағы құқықтық жүйелер туралы сөз еткен болатын. Олардың еңбектерде құқықтық жүйе ерекше құқық ретінде қарастырылған.
Зерттеу обьектісінде. Барлық қоғамның құқықтық жүйелерінің пайда болуы, қалыптасуы және дамуына байланысты туындаған әдеттік құқықтық қатынастар, олардың табиғаты, мәні мен мазмұны, негізгі өрбу кезеңдері мен ерекшеліктері құрайды.
Зерттеу пәні. Зерттеудің нақты пәнін қоғамның құқықтық жүйесі бойынша құқықтық жүйелердің тәсілдері, нысандары, оны пайдалану жолдары мен қоғам өмірінен жойылу және қазіргі таңдағы қоғамның кейбір мәселелерін құрайды.
Дипломдық жұмыстың негізгі және басты мақсаты. Қоғамның құқықтық өмірі саласында құқықтық жүйенің мүмкіндіктеріне кешенді талдау жасау. Құқықтық өмірдің мәдени астарының негізгі құрамдас бөліктерін жіктеу, олардың жеке – жеке орынын өзара байланысын қатынасын сарапқа салу. Аталған тақырып бойынша екі маңызды әлеуметтік міндетті тұжырымдауға болады. Біріншіден, құқықтық жүйе құқықты қолдануға байланысты барлық тәсілдерді толықтай біріктіреді. Екіншіден, құқықтық жүйе барлық құқықтық құбылыстардың жаңа деңгейде бірігуін білдіреді. Құқықтық жүйе құқықтық мемлекеттің бір белгісі болып табылады. Профессор Н.И.Матузовтың пікірі бойынша: «құқықтық жүйе ұғымының құндылығы қоғамның құқықтық жүйесін талдаумен байланысты болады». Сондықтан кез – келген заң құқықтық жүйенің иерархиялық құрылымына қайшы келмеуі керек. Құқықтық жүйенің қалыптасуы салыстырмалы ұзақ кезеңді алатын қиын іс болып табылады. Заңи әбедиеттерде құқықтық жүйе категориясын салыстырмалы түрде жаңартып отырады. Ол 80 – жылдардың аяғынан бастап енді. Бірақ та Батыс заңгерлері бұл ұғыммен бұрынғы кезден айналысуда. Құқықтық жүйе құқықтық материя құрылыммен жақын байланысты яғни, ол иерархиялық көп құрылымдық сияқты аспектілерден тұрады. Құқықтық жүйе динамикалық даму үстінде болады яғни, ол туралы ұғым үнемі өзгеріп отырады. Құқықтық жүйе басқа құқықтық терминдерден ауыстырмайды және өзгертпейді. Ол жеке ғылыми жүктемені яғни, барлық құқықтық құбылыстардың бірлігін білдіреді.
Заң әдебиеттерінде құқықтық жүйе ұғымына кейбір ғалымдар мынадай талдау береді: «Құқықтық жүйе қоғамдық қызмет ету саласы бойынша екі жақты бірлікті көрсетеді: нормативтік негіздердің қалыптасуын, нормативтік қызметтердің үлгісін». Бұл бірлікте құқықтық жүйенің функциясы ерекше орын алады.
Сондықтан құқықтық және мемлекеттік құрылыстарды олар тарихи дамуында және өзара байланыстарында қаралуы құқықтық жүйелерді талдауды қажет етеді. Құқықтың дамуы кез – келген мемлекетте қайшылықта және күрделі екені көпшілікке мәлім. Жалпы, құқықтық жүйелердің даму деңгейі қоғамда оның қоғамдық экономикалық дәрежесімен анықталады, басқа сөзбен айтқанда өркениеттің дамуы.
Құқықтық тенденциялар Ежелгі Грецияда және Римде сонымен қатар Ежелгі Шығыста пайда болған деп айтып кетуге болады.
Тарихи қалыптасқан нәрсе Қазақстанның құқықтық мәдениетінің құрылымына шығыстық дәстүрлер үлкен ықпал тигізген. Ежелгі Шығыстың құқықтық идеясы қоғамдық топтық – шектеулі сипаттары анық аңғарылады және қоғамдық топтардың класстық құқықтары мен бостандықтары қатаң бекітілуімен көрінеді. Осындай өте күрделі класстық және әлеуметтік құрылымдардың дамуы Ежелгі Шығыстық қоғамда құқықтың прогрессивті даму туралы ойландырады.
Құқықтық жүйенің тарихы жағынан қарағанда сол кездегі құқықтық актілер қазіргі адамдар құқықтар туралы түсініктердің қалыптасуына ықпалын тигізгенін айта кеткен жөн.
Бірақ та қазақ даласы Шығыс пен Батыс арасындағы орталықтан орын алып отырғанын ескеру керек. Сондықтан қазақтардың идеологиясына құқықтық мәдениетіде синтездің аталған екі әлемнің диолог ретінде көрінеді. Батыс дәстүрінің ықпалы Ресейлік құқық жүйесі арқылы іске асырылды. Бұл Қазақстанның Ресейге қосылуынан байланысты. Қазақстанның Ресейге қосылуы күрделі қарама – қайшылық процесстерге сәйкес келеді. 1917 жылғы Ұлы Казан төңкерілісінен кейін Кеңес Одағының құрамындағы Қазақстан социализм жағдайында өмір сүре бастайды.
1991 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады және құқықтық мемлекет негізінде жұмыс істей бастады.
Дипломдық жұмысытың белгіленген мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысында төмендегі міндеттері болып мыналар табылады:
1. Қоғамның құқықтық жүйесі ұғыммен құрылымы жеке зерттеу;
2. Қоғамның құқықтық жүйесін талдау;
3. Қоғамның құқықтық жүйесі мәселері бойынша өзіндік тәсілдерді зерттеу;
4. Қоғамның құқықтық жүйесін зерттеуге байланысты ұсыныстар енгізу.
Қоғамның жүйесі мәселелері бойынша көптеген мақалалар, жинақтар, оқулықтар жарияланды. Аталған тақырып бойынша зерттеулер бірқатар жетістіктерге жеткен. Бірақ қоғамның құқықтық жүйесі мәселесі көп жылдар қатарынан пікір талас туғызып келеді. Бұдан шығатын қортынды қоғамның құқықтық жүйесі тақырыбы мазмұнды болып табылады, сонымен қатар қызығушылықта тудырады.
Дипломдық жұмыс зерттедің сипаты, алдына қойған проблемаларды қарастыру деңгейімен, жүргізілген зерттеудің логикалық байланысы мен мақсаттарына сай құрылған. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, тоғыз бөлімшеден, қортындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Қолданылған әдебиеттер мен нормативтік актілер тізімі.
І. Нормативтік құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995ж 30 тамыз.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1998ж 7қазан №284–І және 2007ж. 21 мамырдағы №254–ІІІ өзгертулер мен толықтырулар.
3. Нормативтік құқытық актілер туралы заңы. Алматы, 1998ж. 24 наурыз.

ІІ. Арнайы әдебиеттер:

1. Ашитов З. О. Ашитов Б. З. «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»
Алматы. Жеті жарғы, 2003ж.
2. Алексеев С.С. «Государства и права» Москва, 1994ж.
3. Азаров Н.И. «Теория государства и права» Москва, 1998ж.
4. Абдулаев М.И. « Теория государства и права» Москва, 2003ж.
5. Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы, 2007ж.
7. Венгерев «Теория государства и права» Москва, 2000ж.
8. Григорьев В. «Основы теории государства и права» Альбом схема.
Алматы. Жеті жарғы, 2001ж.
9. Давид Рене « Основные правовые системы современости» Москва, 1995ж.
10. Давид Рене, Камилла Жофре – Спинози «Основные правовые системы
современости» Москва, 1998ж.
11. Зиманов С.З. «Общая теория права и ее место в системе правоведения»
Алматы, 1982ж.
12. Зиманов С. З. Өсеров Н «Қазақ әдет – ғұрып заңдарына шариаттың әсері»
Алматы, Жеті жарғы, 1997ж.
13. Ибраева А. С. «Общая теория государства и права» Алматы, 2000ж.
14. Кенжалиев З. « Қазақ әдет – ғұрып құқығының материалдары» Алматы,
Жеті жарғы, 1996ж.
15. Камарова С.А. «Основы государства и права» Москва, Питер, 2003ж.
16. Лазерев В.В. «Теория государства и права» Москва, 1992ж.
17. Матузов Н. И., Малько А. В. «Теория государства и права» Москва.
Юристь 2005ж.
18. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Алматы 2007
19. Назарбаев Н.Ә.Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде.
Алматы, 1993 жыл
20. Өзбекұлы С. Қопабаев Ө. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы.
Жеті жарғы, 2006ж.
21. Өзбекұлы С. «Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқық» Алматы, 2002ж.
21. Өсеров Н.Ө. Естаев Ж. «Ислам және қазақтың әдет – ғұрпы» Алматы,
1992ж.
22. Өсеров Н. Ө. Қопабаев Ө.Қ. «Мұсылмандық құқық» Алматы, 1998ж.
23. Өсеров Н.Ө. « Жеті жарғы» Алматы, 1995ж.

24. Сапарғалиев Ғ.С. «Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері»
Алматы. Атамұра, 2003ж.
25. Сапарғалиев Ғ.С. Ибраева А. С. «Мемлекет және құқық теориясы»
Алматы. Жеті жарғы. 1997ж.
26. Тасмагамбетова А.С. Ерназаров Ж.Т. «Обычное права» Учебное пособие
Орал, 2003ж
27. Табанов С. А. «Салыстырмалы құқық» Алматы, 2003ж.
28. Табанов С. А. Оразова А. Ә. «Күрделі заманның өтпелі кезеңдеріндегі
қазақ қоғамы Ата Заңдарының (Конституцияларының) тарихи – құқықтық
сабақтастығы» Алматы. Жеті жарғы, 2005ж.
29. Хропанюк В.Н. «Теория государства и права» Москва, 1998ж.
30. Черданцев А.Ф. Теория государства и права. Курс лекций Екатеринбург
2000ж.

ІІІ. Баспасөз материалдары:
1. Ахметова Ғ. «Қазақстан территориясында құқықтық жүйелердің тарихи
даму кезеңдері» Заң №11, 2005ж.
2. Аюпова З.К. « Қазақстанның құқықтық жүйесінің қалыптасуы» Заң №9,
2003ж.
3. Аюпова З.К. «Қазақстан Республикасында құқықтық жүйелердің
негіздерін қалыптастыру процесінің басты үрдісі» Мемлекет және құқық
№2, 2003ж.
4. Асқарбекқызы Назира «Қазақ әдет – ғұрып құқықтық жүйесінің жалпы
ерекшеліктері» Тураби №2, 2008 ж.
5. Әбдірахманова С. «Ата Заң - әділдіктің айғағы» Заң газеті. 2007.
23 - тамыз.
6. Сабиров Ә. «Қазақтың құықтық жүйесі» Тураби №2, 2007ж.
7. Сапарғалиев Ғ. С. Ғаббасұлы Ғ. « Қазақ көшпелі қоғамның әдет
заңдарының бастауы туралы» Құқық және мемлекет №2, 2001ж.
8. Тастанов Қ. «Қазақ әдет – ғұрып және шариат заңдарының қайнар
көздері» Тураби №2, 2008ж.
9. Шонаев Ж. «Конституция – қоғам дамуының кепілі.» Орал өңірі. 2006.
29 тамыз.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 - 5 бет.

І – тарау Құқықтық жүйе: пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні және заң
жүйесімен айырмашылғы.

1.1 Құқықтың пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні ... ... ... ... ... 6 –
12 бет.
1.2 Құқықтық жүйе түсінігі мен құрылым және заң жүйесімен
айырмашылғы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 13 – 20 бет.

ІІ – тарау Қазіргі әлемдегі құқықтық жүйелердің жалпы сипаттамасы.

2.1 Англо – саксондық құқықтық
жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21 – 25 бет.
2.2 Роман – германдық құқықтық
жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26 – 32 бет.
2.3 Мұсылмандық құқықтық
жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .33 – 38 бет.
2.4 Соцалистік құқықтық
жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39 – 44
бет.
2.5 Дәстүрлі құқықтық
жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 5 –
51 бет.

ІІІ – тарау Қазақстан Республикасында құқықтық жүйенің ролі мен қалыптасу
тенденциясы.

3.1 Қазақстандағы құқықтық жүйенің тарихи даму кезеңдері.(1926–1936 –
1936–1977–1978
жж.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .52 – 61 бет.
3.2 Қазақстандағы қазіргі құқықтық жүйе. (1991–1993–1995 жж. 1998–2007ж
өзгертулер мен
толықтырулар) ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
– 69 бет.

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..70 – 72 бет.

Қолданылған әдебиеттер мен құқықтық нормативтік
актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...73 – 74 бет.

Кіріспе.

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс қоғамның
құқықтық жүйесі түсінігі, құрылымы, қалыптасуы мен дамуы және құқықтық
жүйенің нысандары мен тәсілдерін қазіргі кездегі әлемдегі құқықтық
жүйелерді қарастырылған.
Қоғамның құқықтық жүйесі ұғымы оның өзіне тән сипатымен белгісіне
байланысы анықталады. Құқықтық жүйе – қоғамдық қатынастарды реттейтін
өзара байланысты, үйлесімді және өзара әрекеттілік құықтық құрал, әрі
қандай да болмасын елдің құқықтық дамуының деңгейін сипаттайтын элементтер.
Сондықтан қоғамның құқықтық жүйесі өзінің күрделі құрылымы мен белгілі бір
орнымен ерекшеленеді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғамның құқықтық жүйесі мәселесі
салалық заң ғылымдарымен және жалпы құқық теориясымен зерттелуде. Құқықтық
жүйе проблемалары – оның ұғым категория аппаратын құрылымдық
ұйымдастырылуын, ішкі және сыртқы өзара байланыстарын, қоғамда алатын
орнын, сондай – ақ қоғамның өмір сүруі мен дамуының аса маңызды алғы шарты
ретіндегі рөлін ғылыми тұрғыдан зерттеу әрдайым өзекті болады. Әсіресе,
тоталитарлық режимді жеңіп құқықтық, демократиялық мемлекеттер ретінде
қалыптасып жатқан, бостандық, теңдік пен келісім идеалдары негізінде
азаматтық қоғам қалыптасып жатқан, кең көлемді құқықтық реформалар
жүргізіп, жаңа ұлттық құқықтық жүйелерді құру кезінде қиындықтар мен қарама
– қайшылықтарды басынан кешіп жатқан ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстан
жағдайында бұның өзектілігі арта түседі. Қазақстан Республикасының өз
тәуелсіздігінің сындарлы он жылын артқа тастады. Аталған он жылдан астам
уақыт аралығында жас тәуелсіз мемлекетіміз өзі тәуелсіздігін баянды ету
және мемлекеттің болашақтағы жылжитын негізгі бағыттарын айқындауға бар
күшін жұмылдырған болатын. Жоғарда көрсетілген жағдайдың барлығы аталған
тақырыптың қаншалықты өзекті екендігін айқындауға мүмкіндік береді.
Тақырыптың зерттеу деңгейі. Қоғамның құқытық жүйесінің зерттеуінің
тарихнамасы бірнеше ғасырлық дамуын басынан өткерді. Зерттеу жұмысын жазу
барысында ізденуші заң ғылым саласындағы белгілі ғалымдар С. Өзбекұлы, Ғ.
Сапарғалиев, С. Зиманов, Рене Давид, Камилла Жофре – Спинози, К. Цвайгерт,
Х. Кетц және т. б. қоғамдағы құқықтық жүйелер туралы сөз еткен болатын.
Олардың еңбектерде құқықтық жүйе ерекше құқық ретінде қарастырылған.
Зерттеу обьектісінде. Барлық қоғамның құқықтық жүйелерінің пайда
болуы, қалыптасуы және дамуына байланысты туындаған әдеттік құқықтық
қатынастар, олардың табиғаты, мәні мен мазмұны, негізгі өрбу кезеңдері мен
ерекшеліктері құрайды.
Зерттеу пәні. Зерттеудің нақты пәнін қоғамның құқықтық жүйесі бойынша
құқықтық жүйелердің тәсілдері, нысандары, оны пайдалану жолдары мен қоғам
өмірінен жойылу және қазіргі таңдағы қоғамның кейбір мәселелерін құрайды.
Дипломдық жұмыстың негізгі және басты мақсаты. Қоғамның құқықтық
өмірі саласында құқықтық жүйенің мүмкіндіктеріне кешенді талдау жасау.
Құқықтық өмірдің мәдени астарының негізгі құрамдас бөліктерін жіктеу,
олардың жеке – жеке орынын өзара байланысын қатынасын сарапқа салу. Аталған
тақырып бойынша екі маңызды әлеуметтік міндетті тұжырымдауға болады.
Біріншіден, құқықтық жүйе құқықты қолдануға байланысты барлық тәсілдерді
толықтай біріктіреді. Екіншіден, құқықтық жүйе барлық құқықтық
құбылыстардың жаңа деңгейде бірігуін білдіреді. Құқықтық жүйе құқықтық
мемлекеттің бір белгісі болып табылады. Профессор Н.И.Матузовтың пікірі
бойынша: құқықтық жүйе ұғымының құндылығы қоғамның құқықтық жүйесін
талдаумен байланысты болады. Сондықтан кез – келген заң құқықтық жүйенің
иерархиялық құрылымына қайшы келмеуі керек. Құқықтық жүйенің қалыптасуы
салыстырмалы ұзақ кезеңді алатын қиын іс болып табылады. Заңи әбедиеттерде
құқықтық жүйе категориясын салыстырмалы түрде жаңартып отырады. Ол 80 –
жылдардың аяғынан бастап енді. Бірақ та Батыс заңгерлері бұл ұғыммен
бұрынғы кезден айналысуда. Құқықтық жүйе құқықтық материя құрылыммен жақын
байланысты яғни, ол иерархиялық көп құрылымдық сияқты аспектілерден тұрады.
Құқықтық жүйе динамикалық даму үстінде болады яғни, ол туралы ұғым үнемі
өзгеріп отырады. Құқықтық жүйе басқа құқықтық терминдерден ауыстырмайды
және өзгертпейді. Ол жеке ғылыми жүктемені яғни, барлық құқықтық
құбылыстардың бірлігін білдіреді.
Заң әдебиеттерінде құқықтық жүйе ұғымына кейбір ғалымдар мынадай
талдау береді: Құқықтық жүйе қоғамдық қызмет ету саласы бойынша екі жақты
бірлікті көрсетеді: нормативтік негіздердің қалыптасуын, нормативтік
қызметтердің үлгісін. Бұл бірлікте құқықтық жүйенің функциясы ерекше орын
алады.
Сондықтан құқықтық және мемлекеттік құрылыстарды олар тарихи дамуында
және өзара байланыстарында қаралуы құқықтық жүйелерді талдауды қажет
етеді. Құқықтың дамуы кез – келген мемлекетте қайшылықта және күрделі
екені көпшілікке мәлім. Жалпы, құқықтық жүйелердің даму деңгейі қоғамда
оның қоғамдық экономикалық дәрежесімен анықталады, басқа сөзбен айтқанда
өркениеттің дамуы.
Құқықтық тенденциялар Ежелгі Грецияда және Римде сонымен қатар Ежелгі
Шығыста пайда болған деп айтып кетуге болады.
Тарихи қалыптасқан нәрсе Қазақстанның құқықтық мәдениетінің құрылымына
шығыстық дәстүрлер үлкен ықпал тигізген. Ежелгі Шығыстың құқықтық идеясы
қоғамдық топтық – шектеулі сипаттары анық аңғарылады және қоғамдық
топтардың класстық құқықтары мен бостандықтары қатаң бекітілуімен көрінеді.
Осындай өте күрделі класстық және әлеуметтік құрылымдардың дамуы Ежелгі
Шығыстық қоғамда құқықтың прогрессивті даму туралы ойландырады.
Құқықтық жүйенің тарихы жағынан қарағанда сол кездегі құқықтық актілер
қазіргі адамдар құқықтар туралы түсініктердің қалыптасуына ықпалын
тигізгенін айта кеткен жөн.
Бірақ та қазақ даласы Шығыс пен Батыс арасындағы орталықтан орын
алып отырғанын ескеру керек. Сондықтан қазақтардың идеологиясына құқықтық
мәдениетіде синтездің аталған екі әлемнің диолог ретінде көрінеді. Батыс
дәстүрінің ықпалы Ресейлік құқық жүйесі арқылы іске асырылды. Бұл
Қазақстанның Ресейге қосылуынан байланысты. Қазақстанның Ресейге қосылуы
күрделі қарама – қайшылық процесстерге сәйкес келеді. 1917 жылғы Ұлы Казан
төңкерілісінен кейін Кеңес Одағының құрамындағы Қазақстан социализм
жағдайында өмір сүре бастайды.
1991 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады
және құқықтық мемлекет негізінде жұмыс істей бастады.
Дипломдық жұмысытың белгіленген мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысында
төмендегі міндеттері болып мыналар табылады:
1. Қоғамның құқықтық жүйесі ұғыммен құрылымы жеке зерттеу;

2. Қоғамның құқықтық жүйесін талдау;

3. Қоғамның құқықтық жүйесі мәселері бойынша өзіндік тәсілдерді зерттеу;

4. Қоғамның құқықтық жүйесін зерттеуге байланысты ұсыныстар енгізу.

Қоғамның жүйесі мәселелері бойынша көптеген мақалалар, жинақтар,
оқулықтар жарияланды. Аталған тақырып бойынша зерттеулер бірқатар
жетістіктерге жеткен. Бірақ қоғамның құқықтық жүйесі мәселесі көп жылдар
қатарынан пікір талас туғызып келеді. Бұдан шығатын қортынды қоғамның
құқықтық жүйесі тақырыбы мазмұнды болып табылады, сонымен қатар
қызығушылықта тудырады.

Дипломдық жұмыс зерттедің сипаты, алдына қойған проблемаларды
қарастыру деңгейімен, жүргізілген зерттеудің логикалық байланысы мен
мақсаттарына сай құрылған. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, тоғыз
бөлімшеден, қортындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан
тұрады.

І – тарау Құқықтық жүйе: пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні және заң
жүйесімен айырмашылғы.

1.1. Құқықтың пайда болуы, тарихы және ұғымы, мәні.
Дүниежүзілік тарихта құқықтың пайда болуы туралы осы күнге дейін
көптеген пікірлер мен көзқарастар қалыптасқан. Бұл мәселе туралы
дау- дамай осы күні де жалғасуда. Құқық мемлекетпен бірге қоғамның
обьективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы
әлеуметтік нормалар: әдет – ғұрып, салт – дәстүр, мораль, діни өсиеттер,
мемлекеттік жүйеде бірте – бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық
әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Әдет – ғұрып деп әрбір этностың тарихи
дамуы барысында олардың шаруашлық ұйымдастыру, географиялық факторларға
және этникалық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан
алуан рет қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығын
айтады. Әдет – ғұрып жазылмаған нормалар жиынтығы, оның қай кезде, қай
мерзімде пайда болғаны ғылымға әлі белгісіз. Тарихи және тархи – құқықтық
әдебиеттерде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттеу
мононормаларға жүктеледі деген пікір бар. Оның құрамына моральдық, діни,
қоғамдық өміріді ұйымдастыру нормалары енетінін тілге тиек етеді[1].
Қазақтың мемлекеті тарихына, әдет – ғұрып заңдарын зерттеуге, билер
институтының демократиялық халықтық жақтарын ашып көрсетуге арналған ғылыми
еңбектері жарық көрді. Ең алғашқы соққыны қазақ халқының құқығы, әдет –
ғұрып заң – қағидалары патшалық Ресейден алды. Қазақ құқықғы туралы талай
еңбектер жазылды, жазылады да. Көшпелі қазақ қоғамы және әдет – ғұрып
заңдарының қалыптасуын сөз еткенде, қазақ қоғамының өткен тарихы жазба
деректерге кеміс болғанымен ауыз әдебиетіне өте бай. Соның бір көрінісі –
шежіре. Қазақ халқының ежелгі замандағы озық, ойлы да білікті азаматтары
ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан ата – бабалар шежіресін, өзінің ұлттық
генеалогия тарихын жазып қалдырып отырған. Халық арасында бүкіл қазақтың
жетпіс жеті атасын тарататын шежірешілері де болған.
Адам мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Құқықтың мазмұнын, тарихын,
белгі – нышандарын жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп – басқару өте
қажет. Американың ірі этнографы Л. Морган 1877 жылы өзінің Ежелгі қоғам
деп аталатын еңбегінде, Ф. Энгельс өзінің әйгілі Семьяның, жеке
меншіктің және мемлекеттің шығуы деген зерттеуінде алғашқы қауымдық
құрылыстың ыдырауының себептеріне талдау жасап, құнды пікірлер айтты. Бірақ
олардың пікірлері қазіргі тарихи – құқықтық әдебиеттерде әр түрлі мағынады
бағалануда. Алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан қатынастар қандай
нормалармен реттелінеді деген сауал заңды түрде туындайды. Қоғамның
диалектикалық даму процесіне сәйкес құқық туралы көзқарас та, пікірлер де
әртүрлі болды. Құқық туралы негізгі теориялар: табиғи, теологиялық,
реалистік, әлеуметтік, нормативтік, психологиялық, материалистік,
адхократиялық, идеологиялық, құқықтық экзистенциялық теориялар.
Табиғи теория – бұл теорияның мазмұны көне дәуірде қалыптасқан.
Теорияның мазмұны – адамдардың табиғи және мемлекеттің өмірімен байланысты
құқықтары. Табиғи құқықтарын ешкім шектей немесе жоя алмайды – деп
түсіндірген. Яғни құқық пен бостандық әркімге тумысынан беріледі.Цицетон –
табиғи бостандыққа, құқыққа қарсы келетін мемлекеттік заң болуға тиіс емес
- деген. Табиғи теорияны орта ғасырдың ғалымдары: Локк, Руссо, Монтескье,
Гольбах, Радищев т.б. өте жақсы дамытқан. Мемлекеттің шығарған құқықтары
табиғи құқыққа қайшы келмеулері тиіс. Еліміздің жаңа Конституциясында 12 –
бабының 2 – тармағында: Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан
жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар
мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған
қарай анықталады, - делінуі осының куәсі. Адамның және азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмеуге тиіс.
Тарихи теория – бұл теорияның өкілдері құқық адамдардың рухани
сана – сезімінің даму проценіне өмірге келіп, қалыптасады деп
түсіндіреді. Оған мемлекеттің қатысы жоқ – деп уағыздаған. Адамдар
субективтік жолмен табиғи бостандықтар мен құқықтарды жоя алмайды, тек
қоғамның даму процесінее қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын
нормалардың шығуын тездету керек деп түсінген. Бұл теорияның өкілдері:
Густав Гуго, Карл Савинын, Фридрих Пухта, Штиль т.б. Табиғи құқық идеясы
негізінде Еуропада 17 – 18 ғасырлар аралығында кең көлемде дамып, буржуазия
идеологтерінің шығармаларынан өзінің шешімін тапты.
Теологиялық тоерия (Аристотель, Ф. Аквинский, А. Августин). Бұл
теорияны ұсынушы ойшылдар құқықтың жалпы негізі ретінде құдайдың еркін және
інжілді алады. Мемлекетте қабылданған барлық заңдар құдай еркін және діни
кітаптарға сәйкес болулары тиіс. Ф. Аквинский барлық билік құдайдан деген
тұжырымдаманы ұсынып, құқықты танытатын заңдарды төрт түрге бөліп қарады:
1. Мәңгілік заң – құдайдың саналық қабілеті арқылы бүкіл әлемге басқару
жүргізетін заң. Бұл заң негізінде табиғат пен қоғамның барлық дамуының
негізін қалайды.
2. Табиғи заң – мәңгілік заңның адамның санасында орын теуіп, тұқым
жалғастыру, өзін - өзі сақтау сияқты қатынастарды дамыту.
3. Адамдардың заңдары – қағаз бетіне түскен, жазылған заңнама (позитивтік
құқық), ол мәңгілік заң мен табиғи заңдарды қамтуы тиіс. Құқық табиғи
заңның талабы ретінде бағаланады.
4. Құдай заңы – Інжіл болып саналады. Оның мазмұны құдай сөзі болғандықтан
мәңгілік ақиқатты түсінуге тікелей жол ашады. Адамдар құдай заңын
сақтау, орындау арқылы барлық гармонияға жетеді, қоғамдық қатынастар
тиімді реттеледі.
Реалистік теория – құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері
арқылы өзгеріп, ескеріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдайлардың
әсері мол болады – деп уағыздаған. Бұл теорияны құқықтың бірлігін, дамуын,
оның мемлекетпен байланысын, субьектілердің құқығының міндеттері болатын
және мемлекеттің бақылауын қостайды.
Әлеуметтік теория – ХХ ғасырда қалыптасқан теория. Бұл теория
құқықтық қатынасты адамдардың құқықтық тәртібін жан – жақты ғылыми тұрғыдан
зерттеуді жақтайды. Өкілдері Эрлих, Леон Дюги, С.М. Муромцев, Г.Н.
Шершеневич, Р. Паунд, О. Холмс. Құқықтың әлеуметтік мазмұнын зертеуге көңіл
бөледі, құқықтық мемлекетті жақтайды.Эрлихтың пікір бойынша заң шығарушы
орган жаңа нормаларды жасамайды, тек өмірде қалыптасып үлгерген
қатынастарды, талаптарды қағазға бетіне түсіреді. Ол былай деп жазады:
Құқық қатып қалған догма емес, керісінше, ол өзгермелі, жанды күш, себебі
заң шығарушының кешегі айтқаны бүгін қажетке жарамауы мүмкін .
Нормативтік теория – құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы
қарым – қатынасын реттеп, басқарып, адамдардың мүдде – мақсатын орындау
деп түсінеді. Заң ғылымы құқықтың белгі – нышандарын жақсы зерттеуді,
құқықтық мемлекетті жақтады. Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай
сатылып зерттеуді, бақылауды ұсынады. Бұл теорияның, өкілдері: Р.Штаммлер,
Г. Кельзен, П.И. Новгородцев. Номативтік теория, былайша айтқанда таза
құқық тероиясы әлеуметтік тәжірибе мен саясаттың құқық үлкен әсері бар
екенін жоққа шығарады. Кеңес мемлекетінің құқық теориясының негізін
қалыпиастырған заңгерлердің бірі Е. Б. Пашуканис
нормативизм туралы мынандай пікір білдірді: құқықтың мұндай жалпы теориясы
ешнәрсеге түсінік беруге ынта білдірмейді, нақтылы фактілерге, былайша
айтқанда әлеуметтік өмірге күні бұрын теріс айналады және нормалармен ісі
болып, олардың пайда болуымен, қандай да болмасын материалдық мүдделермен
байланыссыз шахмат ойнындағы теория есебінде айтылғандай болады. Мұндай
теория ғылыммен ешқандай байланыста емес[2].
Психологиялық теория – ХХ ғасырдың басында жақсы дамыған теория.
Теорияның негізгі мазмұны: құқық адамдардың психикасының ішкі құрылысында
қалыптасып олардың сыртқы іс - әрекетіне, жұмысына әсер етуі. Психологиялық
теорияны уағыздаушылар құқықтың пайда болуы адамдардың психикасында жатыр,
- дейді. Әрбір адам белгілі бір қатынастарға түскенде әлдебір құқықтық
сезімге толы болады. Бұл теория құқықты екі түрге бөлді: жеке тұлғалық
(автономдық) және оң жағымды (позитивтік). Жеке тұлғалық құқық –
жеке адамның ішкі ұятынан қалыптасатын елегізу, қатты қиналу. Оң жағымды
позитивтік құқық – басқа адамның беделіне, абыройына сенушіліктен
қалыптасатын психикалық көзқарас. Бұл теория қазіргі уақытты
скандинавиялық құқық мектебі деп аталатын ағымда кең өріс жайған. Оның
ірі өкілдерінің бірі К. Оивекон тіпті құқықты нормалар жиынтығы деп
мойындайды, бас тартып, құқықтың қайнар көздерінің күші әлеуметтік дағды
мен инстинктте деген пікір білдіреді.
Материалистік теория – құқық саяси – экономикалық үстемдік жүргізетін
таптың мүдде – мақсатын қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы. Құқықтың
мазмұны екі элементтен тұрады – деп түсіндіреді: экономикалық базис пен
үстеме таптың мүлдесі. Бұл теорияның тарихи даму процесін үш кезеңге бөлуге
болады: Бірінші кезеңі – Марксизмнің құқықтың мазмұнын түсінуі және оның
қоғам дамуындағы маңызы; екінші кезеңі – құқықтың
болашағына марксизмнің көзқарасы; үшінші кезеңі –
марксистік көзқарасты бұрмалау.
Адхократиялық теория (Э.Тоффлер). Бұл теория ХХ ғасырдың 70
– жылдары Англияда дүниеге келді. Тұжырымдаманы жасаушылардың бірі
футуролог Э. Тоффлер заңдылық ұғымының жалпы дағдарысқа ұшырауын айта
келе, постиндустриялық қоғамға адамдардың барлық мінез – құлықтарын
заңмен реттеу олардың барлық әрекеттеріне тыйым салу мүмкін емес. Қоғамдық
қатынастардың күрделенуі күнделікті өмірге, адамзаттың санасына кірмейтін
оқиғалар мен сәттерді енгізуде. Сондықтан құқық барлық әрекеттерді реттей
алмайды. Э.Тоффлер қажеттіліктен туындайтын сәттік дау – дамайды адамдар
өздері ереже жасап шешулері қажет деген пікірді алға тартады. Заңдылықтың
алтын ғасыры артта қалды, ол күрделі урбанизацияланған қоғамның пайда
болуымен байланысты болды және тарихтан мемлекеттің орталықтан басқару
институттарымен, өкілетті демократиямен бірге кетеді, бостандық келісімі
мен шарт топтардың аралық қатынастарының негізі болады. Классикалық құқықты
қайта жандандыру философия, этика, адамның дүниедегі және ғарыштағы орныны
қайта ұғыну, құқықтың түсінігіне қайта оралу арқылы болмақ. Құқықтың ірге
тасы адамгершілік болып табылады. Болашақта құқықты жандандыру үшін космизм
бастауларын мойындау арқылы метафизика, ироциональдық (ақылға сыймайтын),
мистикалық ( жұмбақ) білім ,тірі көзқарас керек, бірақ құқық туралы болымды
білімнің орнына емес, онымен бірге. Бұл жерде теорияның негізін қалаушылар
келісімшарт жасау арқылы әділетсіздіктің кең етек жаятынын мүлдем
ескермейді.
Идеяолгиялық теория. (П.А. Сорокин). Теорияның негізгі қағидасы
қоғамда сананың дағдарысқа ұшырап, адамдардың гуманистік, адамгершілік
құндылықтардың күйреуі және адам саналарында информациялық атқылаудан, тек
прагматикалық ой – сананың үстемдік етуі құқық қағидаларының аяққа
тапталғанын ашына жариялайды. П. А. Сорокин құқыққа деген көзқарасты
қалыптастыру адамдардың барлық сезімдерін, қимыл әрекеттерін құдай ісіне,
діни сезімдерге баулау қажет. Себебі, постиндустриялық қоғамда кең етек
жайған қатыгездік, порнография, айуандық әрекеттердің кеңінен насихатталуы
адам санасын антигуманистік қасиеттермен ластауда. Сана дағдарысы барлық
құқықтық нигилизмді, немқұрайдық пен жағымсыз әрекеттерді қалыптастыруда.
Оны шешудің жолы – құдай, жаратушы сөзімен санадағы жараларды емдеу.
Құқықтық сана бетбұрысын қалыптастыру діннің негізгі іргетасы.
Құқықтық экзистенциялық теориясы. (Г. Кон. М. Хайдеггер,
В. Майхофер). Экзистенциалистер адам өмірін тек кездейсоқ
оқиғалардан болатын құбылыс деп таниды. Сондықтан барлық адамдарға тән
жалпы нормаларды қабылдау, бекіту, орнату мүмкін емес. Жеке адам тек өзіне
қажетті әрекеттерді істейді. Себебі, өмірде қандай болған жағдайда
бір – бірінен айнымайтын істер мен әрекеттердің болулары да мүмкін
емес. Адамның санасы бәріне бірдей орнатылған құқықтық нормалары
қабылдамайды. Адам индивидуализнен еш уақытта ажырай алмайды, сондықтан
құқық бір сәтте болған әрекеттерді шешу үшін пайдаланылады және оның рөлі
қақтығыстарды реттеуге келіп тіреледі.
Құқық қоғамды реттеп басқарудағы негізгі құрал; құқық қоғамдағы
бостандықты, әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі
құрал; құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-
әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал;
құқық қоғамдағы заңдылықты ,тәртіпті бақылап отыратын негізгі құрал; құқық
мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі
құрал. Құқық –қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма. Оның
қоғамдағы мәні, мазмұны, маңызы мен нысаны, сайып келгенде қоғамның
экономикалық, мәдени – рухани сипатына байланысты. К.Маркс Гота
программасына сын деген еңбегінде; Құқық еш уақытта да экономикалық
құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары болмақ емес -
деді.
Қоғамның объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір
бар: біріншісі-қоғамның дамуын басқарып, реттеп отырушы негізгі әлеуметтік
факторлардың бірі құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман
болар еді. Бұл пікірді-заңды көзқарас деп атайды. Екіншісі-біріші пікірге
қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі,маңызы жоқ деп
түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм деп атайды. Нигилизм қоғамда
қабылдаған, бүкіл адамға пайдалы норималарды, жағымды мұраларды жоққа
шығарып мойындамау.
Құқық пайда болғаннан кейін өзінің эволюциялық және революциялық дамуы
барысында қоғамдық – экономикалық формация шеңбері мағынасында өзіне тән
сипаттарға және ерекшеліктерге ие болады. Өзіндік мәні бар құқықтық жүйеге
құқықтың тарихи типтері сәйкес келеді. Құқықтың тарихи типтері дегеніміз
арнайы формацияның меншік қатынастары қалыптастырған құқықтың мәндік
мазмұнын айқындайтын ерекшеліктердің жиынтығы.
Қоғамның даму заңдылығы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына әкеп
соқтырады. Тарихи құқықтық әдебиетте құқықтың иайда болуының жолдары
мемлекеттің пайда болу себептерімен тікелей байланыстырылады. Мемлекеттің
пайда болуының себептері құқықтың шығуына әкеп соғады. Алғашқы қауымдық
құрылыс қоғамдық қатынастарының күрделенуі, содан туындайтын шиеленістер
мен қайшылықтар, қосымша өнімдердің жеке, арнайы отбасыларының қолдарында
шоғырлануы, байлар мен кедейлер арсындағы күрестер мен қақтығыстар, рулар
мен тайпалар арасындағы тауар айналымдарының күшеюі әдет – ғұрып
нормаларының реттеу функцияларының әлсіз, дәрменсіз болғанын, байқатады.
Жаңа қалыптасып келе жатқан қоғамдық қатынастарды реттеу басқа әлеуметтік
нормалар қажет болды. Ол құқық еді. Құқық негізінде үш жолмен пайда болады:
Біріншіден, алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды
реттейтін әдет – ғұрып нормалар пайда болған мемлекетпен бекітіліп, ендігі
уақыты ол күшпен қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, шиеленістердің нәтижесіндегі себептермен пайда болған
мемлекет өз тарапынан жаңа қатынасып келе жатқан қатынастарды реттеу
мақсатында құқық жасаушылық арқылы заң және басқа да нормативтік – құқықтық
кесімдерді шығара бастайды. Әдет – ғұрып нормаларынан басқа құқық нормалары
пайда болады.
Үшіншіден, жаңа қалыптасып, пайда болған сот органдарының дауларды
қарау барысында шығарған шешімдері мен үкімдері болашақта қаралатын осындай
ұқсас істерге үлгі болып, құқық нормалары ретінде пайдаланылады.
Құқықтың мазмұнын түсінуде қоғам көлемінде нақты бірліктің болуы. Бұл
бірлестіктің анықтылығы қоғамдық тәртіптің дұрыс қалыптасуы,
қарым – қатынастардың жақсы реттеліп, орындалуы. Құқықтың күнделігі
қоғамдық масштабта барлық құбылыстардың шешуші негізі болуында Заң
ғылымында құқық термині бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіде, құқық деген ресми түрде танылған жеке және заңды
тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы,
азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу құқығы.
Екіншіден, құқық деген – құқық нормаларының жүйеге келтірген
жиынтығы. Бұл обьективтік мағынадағы құқық, олардың қалыптасуы, жүзеге
асырылуы диалектикалық процесс арқылы жүріп жатады. Мысалы, Қазақстанда
мемлекеттік құқығы туралы Конституцияның 4 – бабында былай делінген:
Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сай
келетін заңдардың, өзге де нормативтік – құқықтық
актілері болып табылады.
Үшіншіден, құқық термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде
қолданылады. Мысалы, Конституциялық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық
құқық, еңбек құқғы, қылмыстық құқық, отбасы құқығы т.б.
Төртіншіден, құқық термині субьективтік құқық пен обьективтік
құқықтың жиынтығы ретінде қолданылады. Мысалы, құқық жүйелері мен құқықытық
жүйе.
Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың
еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Сонымен,
құқық - мемлекет шығарған немесе бекіткен, орындалуы мемлекеттік
аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп
ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы.
Құқықтың мазмұнының негізгі элименттері:
- қоғамның және адамдардың мүдде – мақсатын қорғау, орындау;
- қарым – қатынастарды реттеп – басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси әлеуметтік,
мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
- мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретін, ара қатынасын
реттеп – басқарып отыру;
- халықаралық қатынастарды реттеп – басқару;
Құқықтың мазмұны дегеніміз – қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып
отыратын нормативтік актілердің ішкі құрылысы.
Құқықтық теңдік жалпылама түрде айтылады, іс – жүзінде қатынастардың
субьектілері нақты белгілі болмағандықтан, теңдік нормалар да абстракты
түрде жазылады. Құқықтың өзіне тән мынадай нышандары бар:
1. Құқық мемлектпен норма ретінде бекітіледі және өзгертіледі. Парламент
– заң, президент – жарлықтар, үкімет – қаулылар мен өкімдер, салалы
министрліктер – ережелер мен бұйрықтар, жергілікті органдар – шешімдер
шығарады. Олар нормативтік қасиетке ие.
2. Құқық қоғамдық қатынастарға түскен барлық субектілерге бірдей
қолданылады. Құқық атақ, лауазым, шен, дәрежесіне қарамайды, бәріне тең
және бірдей қолданылады, оны орындау, сақтау бәріне міндетті.
3. Құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін және ең кең қолданылатын
нормалардың жиынтығы. Әдет – ғұрып, діни, дәстүрге сияқты нормаларға
қарағанда реттеу функциясы өте кең, мемлекеттегі субьектілердің бәріне
қатысы бар.
4. Құқық формальды – айқын болып сипатталады, яғни мемлекет тарапынан
мойындалып, нормативтік – құқықтық кесім, сот прецеденті және
бекітілген әдет – ғұрып формалары арқылы қоғамдық қатынастарды
реттейді.
5. Құқық бүкіл халықтың ұлттардың, партиялардың, әлеуметтік топтардың және
жеке адамдардың еріктерін білдіреді.
6. Құқық өзінің ішкі құрылымымен, жеке салалар мен институттарға бөліну
арқылы бір – бірімен үйлесемді мағынадағы жүйені құрайды.
7. Мемлекеттің күшімен қамтамасыз етіледі. Мемлекет басқару, билік жүргізу
барысында құқықтық қатынастарға түскен субьектілер құқық нормалары
бекіткен мінез – құлықтарды өз еріктерімен орындамаған жағдайда күш
қолдану арқылы іс жүзіне асырады.
Мемлекеттік құқық арқылы өзінің жоғары және жергілікті органдарының
жүйесін, құзырын, өзара қарым – қатынастарын бекітпей ішкі және сыртқы
міндеттерін іске асыруы мүмкін емес.Міне, осы мәселелерді мемлекет құқық
арқылы, нормаға сүйене отырып іске асырады.
Сонымен, құқық қоғамда зор қызмет атқарады. Ол қоғам өмірінің барлық
салаларына, жеке адамның өміріне өзіне тән әдістерімен дұрыс жағымды әсер
етеді. Құқықтың тірегі, оның күш – қуаты, абыройы мемлекет.

1.2. Құқық жүйесінің түсінігі мен құрылымы және заң жүйесінен
айырмашылығы.
Адам қоғамның даму процесінде бір – бірімен байланысты
миллиондаған қарым – қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескеріп жатады.Бұл
обьективтік диалектикалық процесс. Осы процесті реттеп –
басқару барысында қоғамдағы қатынастардың обьективтік даму процесіне сәйкес
құқықтың құрылымы да, жүйелері де ескеріп, жаңарып, дамып отырады.
Сондықтан, құқық қоғамдағы нормативтік актілердің тек жиынтығы ғана
емес. Ол қоғамның, әр саласына сәйкес обьективтік, диалектикалық даму
процесі арқылы қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл
күрделі құқық процесі сала – салаға, жүйе – жүйеге бөлінумен шектелмейді.
Сонымен бірге қоғамның салалық – жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын,
қатынасын реттеп – басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін
жаңарып, кемшіліктерін толықтырып құқықтық нормаларды қоғамның, обьективтік
процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл
процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылыққа құқықтың
құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс. Қоғамда құқық жасаушылық барысында
қабылданып, қалыптасқан құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде
бір – бірімен тығыз байланыста болады. Оларды жеке бөліп алып қарауға
болмайды және қабылданған құқық нормалардан қалыптасқан нормативтік
құқықтық кеісімдер хаос пен ретсіздікке болмайды. Олардың барлығы жеме –
жемге келгенде мемлекетте бір жүйелі құқықты құрайды. Осыған орай әр
мемлекеттің құқықтық бірнеше жағдайларға байланысты қалыптасады. Атап
айтқанда халықтың этникалық ерекшеліктері, мемлекеттің экономикасының өсу
дәрежесі, қоғамдағы саяси, әлеуметтік жағдайлар, әдет – ғұрып, дін және
басқа да қоғамдық қатынастардан туындайтын факторлар тікелей әсерін
тигізеді. Бірақ, қандай экономикалық саяси жағдайлар болмасын мемлекеттің
құқықтық жүйесі бір бағытта дамып отыруы қажет, олардың арасында қарама –
қайшылықтар болмауы тиіс. Міне, осыған байланысты құқық жасаушылықпен
шұғылданатын мемлекет органдардың негізгі міндеттері құқықтық жүйеге ғылыми
тұрғыдан талдау жасап, зерттеп отырып, олардың арасындағы кемшіліктер мен
қарама – қайшылықтарды тез арада жойып отыру болып табылады.
Құқықтық жүйе дегеніміз бір – бірімен тығыз байланыстағы құқық
нормаларының, институттарының және құқық салаларының қоғамдық қатынастарды
реттеу, қорғауға бағытталған ішкі құрылымы. Құқықтық жүйе белгілі бір
тәртіппен топтастырылған құқықтық нормалардың жиынтығы, оның қалыптасуы
қоғамның даму ерекшеліктеріне тікелей байланысты болады. Құқытың қайнар
көздері құқық нысанының сырт жағын бейнелесе, оның ішкі нысаны өте күрделі
құқық құрылымының жүйесін, яғни құқық жүйесін құрайды. Жүйе деп әртүрлі
байланыстармен және өзара қатынастары мен біріккен жеке элементтерден
тұратын күрделі ұйымдасқан тұтастық түсініледі. Құқықтың жүйесі оның ішкі
бірлігін білдіреді, ол қалыптасқан қоғамдық қатынастардың жүйесімен
байланысты. Оның бастапқы элементі құқықтық нұсқау – құқық нормасы болып
табылады. Құқық нормаларының көбінің бір тұтастық бірігуі, олардың
арасындағы өзара іс – қимылы оның жеке бөлшектеріне тән емес жаңа сапа
туғызады.
Дүниежүзілік қауымдастықтың құрамына кіретін мемлекеттердің өздеріне
тән ұлттық дамуы және қалыптасқан мемлекеттік формаларымен қатар құқықтық
жүйелері де дамып, материализацияланған құбылысқа ұласады. Құқықтық
жүйелердің реттеу функциялары әдістемелері әр халықтың тарихи дамуына,
этникалық ерекшеліктеріне, шаруашылық ұйымдастыру жағдайына байланысты
болады. Негізінде дүние жүзінде қалыптасқан құықтық жүйелер жалпы ұғым
ретінде қабылданған болса, оның ішкі реттеу тетіктері, қалыптасқан ұлттық
ерекшеліктерді, діни, әдет – ғұрып сияқты құндылықтарды ескеруді талап
етеді. Кез келген жүйе тәріздес құқық жүйесі мыналармен сипатталады: ол
қандай элементтерден немесе бөліктерден тұратындығымен, бұл бөліктер бір –
бірімен қалай байланыста және өзара әрекетте болатындығымен. Құқық жүйесін
образды түрінде кірпіштен қаланған үйлермен салыстыруға болады, оларды
тұрғызған кезде, әрине, әрбір қаланған кірпіш өз орнына дұрыс орнығып,
тиісті жерінде жатса, әрі басқа іргелес жатқан кірпіштермени нығыздалып
байланса, сонда ғана құрылысымыздың өзі сымбатты да сұлу және түзу болып
шығатынына ешкім күмән келтіре алмайды.
Анықтай келе құқық жүйесінің мынадай белгілеріне назар аударалық:
1) қоғамның даму қажеттілігіне қарай қалыптасуы; 2) оның құқық
нормаларынан, институттары мен салаларынан тұруы; 3) тікелей не кері
байланыста болуы мен мінезделуі; 4) үйлесімді, бір – біріне қиғаш келмейтін
ішкі құрылымының болуы.
Құқықтық жүйелері қоғамның әр саласына сәйкес қалыптасып, сол саланы
реттеп, басқарып отырады. Салық, нормативтік актілер бәрі бірігіп қоғамдық
құықтың алдындағы тұрған бір саясатты, бір мүдде – мақсатты орындайды.
Құқық жүйесінің түсінігімен қатар көзбен қарағанда мұнымен ұқсас
заңдар жүйесі ұғымы қолданылады. Заңдарды құқық ұғымынан
ажыратуымыз қажет, өйткені бұның да өзіндік жүйесі бар. Заң жүйесі құқық
жүйелерімен былайша негізде ажыратылады:
1. егер құқық жүйесінің ең жәй элементі норма болса, заңдар жүйесінің
сондай элементі нормативтік актілердің баптары;
2. егер құқық жүйесі ішкі мазмұндас түрінде берілсе, заңдар жүйесі
сыртқы нысанда көрініс табады;
3. құқық жүйесі көптеген жағдайларда қоғамдық қатынастар жүйесімен
байланыста болса, заңдар жүйесі заңгерлердің еркімен анықталады, яғни құқық
жүйесі заңдар жүйесіне қарағанда субьективтік жағынан емес, обьективтік
жағынан танымал. Заңдар жүйесі заңгерлердің ой - өрісі мен тәжірибесіне
тәуелді, соларға бағынышты. Демек, нормативтік актілердің қисынсыз шығуы
оны дайындаған субьектілерге байланысты;
4. құқық жүйесі салалардан, институттардан құрылса, заңдар жүйесі
нормативтік актілерден тұрады;
5. заңдарға, нормалардан басқа, ұрандар, декларациялар, құқық
нормаларының шығу тегі мен мақсаты көрсетіліп енсе, ал құқық жүйесіне тек
нормалар кіреді;
6. өзінің мәні жағынан құқық жүйесі алғашқы ( бастапқы ) туынды мән
ретінде сезілсе, ал заңдар жүйесі құқық жүйесінен туындайды, олардан нәр
алады, яғни ол құқық жүйесіне тәуелді;
7. құқық салаларының саны заңдар салаларының сандарымен сәйкес
келмейді, олармен пара – пар болмайды ( соңғысы өте көп – айталық, заңдар
салаларына құық салаларымен бірге шаруашылықтың әр алуан сферасын қамтитын
заңдар да кіреді );
8. құқық жүйесі мен заңдар жүйесі және де өздерінің көлемі жағынан да
ажыратылады: заңдар сан алуан нормативтік құжаттардың барлығын қамти
алмайды (өйткені, құқық заңдардан басқа нормативтік сипаттағы шарттарда,
әдет – ғұрыптарда, сот үрдістерінде көрініс табады), екінші жағынан ол
нормаларды қалыптастырудан басқа, өзге де элементтерден (преамбуладан
(кіріспеден), бөліктер мен бөлімдер, тараулар, баптар аттарынан және т.б.
тұрады.
Республика заңдар жүйесін алға дамыту міндетін қою үшін заңдар
жүйесін қалыптастыру кезінде кездесетін басты қатерлерді (ауруларды)
анықтап алу, сондай – ақ маңызды қатерлерді (ауруларды) жоюдың негізгі
құралдарын жасау мәні зор. Заңдар жүйесін дамытудың маңызды іс жүзілік
міндеті екінші қауіпті де заңдық реттеудегі олқылықтарды жою болып
табылады. Ақырында, заңдар жүйесін дамытудағы міндеттердің бірі – реттеудің
бір не аралас әрі түйісетін салалары бойынша көп заң болуын жою. Қазіргі
уақытта Қазақсатн Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады.
Міне, сондықтан да заңнама жүйесіне тек ғана Парламент шығарған заңдар мен
басқа кесімдері ғана кіруі қажет. Сонда ғана қоғамда, мемлекетте заңның
үстемділігі орнайды. Ал, басқару органдарының қабылдаған кесімдері заңнама
жүйесіне енбеуі қажет.
Құқық жүйесінің ұғымын құқықтық жүйе ұғымымен шатастыруға
болмайды. Құқықтық жүйе - өзінің мазмұны жағынан кең көлемді түсінік, ол
құқық жүйесімен бірге заңдар жүйесін құқықтық институттары мен құықтық
мекемелерді қоса (құқықшығармашылық әрі құқық қолдану органдарын), құқықтық
ұғымды, принциптерді, нышандарды, құқықтық саясатты, идеологияны,
мәдениетті, заң тәжірибесін қамтиды. Құқықтық жүйе –
қоғамдық қатынастарды реттейтін өзара байланысты, үйлесімді және өзара
әрекеттілік құықтық құрал, әрі қандай да болмасын елдің құқықтық дамуының
деңгейін сипаттайтын элементтер.
Құқықтық жүйе – бұл мемлекеттің нақтылы тарихи жүйесі, сондықтан оны
ұлттық құқықтық жүйесі деп дәлме дәл атауға болады.
Тарихи даму процесінде әлемдегі барлық елдерде әлеуметтік нормалардың
бірнеше түрлері қалыптасып, солар арқылы қоғамдағы санқырлы қатынастарды
реттеліп, шешіліп жатады. Ол әлеуметтік нормалардың (әдет – ғұрып, салт –
дәстүр, мораль, діни, корпоративтік, құқықтық нормалар) қолдануы әр елде
әртүрлі. Әр ел ол нормаларды өздерінің саяси, ұлттық, әлеуметтік
ерекшеліктеріне сәйкес қолданылады. Сол арқылы ұлттық құқық жүйелерін
жіктеп, топтастырып құқықтық жүйеге бөледі, оның негізгі қағидалары мен
тәсілдері:
1) Бірнеше елдердің құқық жүйесінің негіздері және мазмұны бір – біріне
ұқсас болады. Себебі олар көне заманда бір мемлекеттің
әлеуметтік – нормативтік жүйесінен бөлініп шыққан. Сондықтан бұл құқық
жүйелерінің түпкі негіздеріне және мазмұндарына қарай топтастыру.
2) Құқық жүйелерінің нысандарына сәйкес топтастыру. Нормативтік актілердің
және әлеуметтік нормалардың қабылдануының, қолдануының ерекшеліктеріне
қарай құқықтық жүйеге бөлу (әр елде – құқық, екінші елде - әдет – ғұрып,
үшінші елде – сот шешімі басым болады).
3) Әлеуметтік және құқықтық нормалардың құрылымына қарай жүйеге келтіру.
Бірнеше елдің нормаларының элементтері (гипотеза, диспозиция, санкция),
құқықтың элементтері (норма, институт,бөлім,сала) бір – біріне ұқсас
болады. Бұл топтастырудың негізін құрады.
4) Әлеуметтік және құқықтық нормалардың құрылу, қабылдау, орындау
қағидаларына сәйкес жүйеге келтіру. Бір елде – дін, екінші
елде – идеология, үшінші елде – заңдылық басым болады.
Осы саясаттар құқықтық жүйенің қағидаларының негізі болады. Сонымен
қоғамның обьективтік даму процесінің мүдде – мақсатына сәйкес саяси,
экономикалық, әлеуметтік қарым – қатынастарды реттейтін әр елде құқық
жүйесі қалыптасады. Дүние жүзіндегі мемлекеттердің тарихи, экономикалық,
әлеуметтік, мәдени ерекшеліктеріне қарай құқық жүйелері бір – біріне
ұқсамайды. Оларды ғылыми тұрғыдан жан – жақты зерттеп, ұлттық, топтық
құқықтық жүйелерге жіктеу жүргізіледі.
Қоғамдағы барлық нормативтік актілердің мазмұны сәйкес қалыптасады
және сол құқықтық нормалардың қалай орындалу тәсілдері мен әдістерін
анықтап отырады. Құқық құрылымының жақсы, дұрыс дамуына қоғамның
мемлекеттік құрылысы, саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани,
демократиялық даму деңгейі зор әсер етеді. Қоғамдағы демократия, бостандық,
әділеттік, теңдік, әлеуметтік – экономикалық жағдай жақсы дәрежеде болады.
Ал, бұл жағдайлардың дәрежесі төмен болса құқық құрылымы да нашар дамиды.
Құрылым дегеніміз элементтердің тұрақты бірлігін, қатынастардың
реттелінгендігін, тұрақтылығын білдіретін элементтер байланысының
заңы; ол құбылыстың жүйе ретінде тұтастығын, бірлігін сақтауды қамтамасыз
етеді, оның негізгі қаңқасын құрайды. Сонымен бірге элементтердің бірлігі
олардың өзара бір – бірімен келіскен әрекеттестікте блуын көздейді, бұл
жүйенің өмір сүруінің амалы болып табылады. Құқықтың жүйелі
құбылыс ретінде нақ осы ерекшелігіне толығырақ тоқталайық, құқық жүйесі
құрылысының негізі мен материалддық белгі – құқықтық реттеудің негізіне
жататын қоғамдық қатынастардың сипаты алынады. Құқық жүйесін жеке
бөліктерге болу қандай да болсын нормалаудың қоғамдық қатынастардың қай
саласын реттейтіндігіне байланысты, яғни құқық жүйесінде салаларды бөлудің
белгісі құқықтық реттеудің тақырыбы болып табылады. Құқық жүйесінде
салаларды бөлудің қосымша белгісіне құқықтық реттеу әдісі жатады, ол
дегеніміз заңдық тәсілдер мен амалдардың жиынтығы, солардың көмегімен
сапасы жағынан біртектес, жекеленген қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу
жүзеге асырылады. оны құқықтың салаларын бөлудің заңдық белгісі деп айтады.
Құқықтық реттеудің пәні дегеніміз құқық нормаларының біртекті қоғамдық
қатынастарды ретеуі. Құқықтық жүйе әр түрлі, әр топтағы құқықтық
нормалардың өзіне ғана тән құқықтық реттеу пәні қалыптастырады. Яғни,
құқықтық нормалардың топтасуы, бірігуі, соның нәтижесінде бір құқықтық
саланы құрауы құқықтық реттеудің пәніне құрайды. Құқықтық реттеудің тәсілі
дегеніміз құқық нормаларының қоғамдық қатынастарға әсер ететін тәсіл,
амалдардың жиынтығы. Құқықтық жүйе негізінде құқық нормаларынан, құқықтық
институттардан және құқықтық салалардан тұрады.
1) Құқықтық нормалар – құқық институттарын құрайды;
2) Құқықтық институттар дегеніміз арнайы айшықталған қоғамдық қатынастарды
реттейтін біртекті, біркелкі нормалардың жиынтығы.
3) Құқық саласы дегеніміз біртекті құқықтық нормалары мен институттар
негізінде құқық саласын реттей тін нормалардың жиынтығы.
Дүние жүзінің құқықтық көрінісі қоғамның қазіргі заманғы даму
деңгейінде өмір сүріп және қызмет етіп жатқан көптеген ұлттық құқықтық
жүйелерінен құралады.
Олардың өзара байланысы және әрекеттестігі түрлі деңгейлігі бір ұлттық
құқықтық жүйелерді басқаруынан ортақ белгілері мен сипаттарының артық
болуымен және керсінше екіншілері өздерінің арасындағы арнайы сипаттары мен
ерекшеліктерінің басымдылық мәнінің болуымен, өз ішінде ерекшеліктеріне
қарағанда ортақтастықтарының аздығымен ерекшеленуімен сипатталады.
Қазіргі заманғы дүние жүзінде өмір сүріп жатқан жүздеген құқықтық
жүйелердің арасында, М.Богдан тұрақтылығындай көптеген құқық жүйелер сәйкес
басымдылық белгілерге ие. Бұл сәйкестіктер бір немесе бір – біріне өте
жақын қоғам түріне, қоғамның тарихи даму шартарының ортақтастығымен немесе
ұқсастығымен, ортақ немесе өте ұқсас дінге, сонымен қатар өзге де осыған
ұқсас жағдайларға байланысты болады.
Түрлі құқық жүйелерінің ортақ белгілері мен сипаттарының болуы, оларды
өздерінің арасында немесе қандай да бір ортақ белгілері мен критерилері
байланысты бөлек топтарға немесе құқықтық отбасыларға топтастыруға,
жіктеуге мүмкіндік береді. Құқықтық отбасы ғылыми және оқытушылық заң
әдебиетерінде ұлттық құқық жүйелерінің түрлі белгілері мен сипаттарының
негізінде айшықталған құқық жүйесінің жиынтығы. Құқықтық жүйелердің
топтастырудың қажеттігі мен маңыздылығы келесі себептерге байланысты.
Біріншіден, тек ғылыми, тәлімгершілік, білімалушылық себептер. Дүние
жүзінің құқықтық көрнісі тану тек жалпылама қарастыруда емес, сонымен
қатар, оны ерекшелік тұрғысынан оқыту ұқсас құқықтық жүйелерді сіңіретін
бөлшектерді бөлек – бөлек қарастыру. Жүйелерді алдымен жеке – жеке, кейін
олардың өзара байланысында және әрекеттестігінде тереңірек және жан –
жақты қарастыру деген құқық көрнісін айқын және адвокатты бейнелейтін нақты
шындықты беруге мүмкіндік береді. Екіншіден, тек тәжірибелік мақсаттар іс -
әрекет ететін заңнаманы бір ізге келтіру және ұлттық құқықтық жүйелерін
жетілдіру. Құқық жүйелерін құқықтық отбасыларға топтастыру идеяны 1900
жылы салыстырмалы құқықтануда пайда болып және ХХ ғасырда кеңінен
таралғанын ескере отырып, П.Круз осындай классификациялаудың маңызды
себептерінің бірі тефеплік және практик заңгерлердің бүкіл өркениетті
құқық жүйелерінің үрдісінің толығымен болмаса да негізін, бөлігін,
маңыздырақ бөлімін қамтамсыз етуге деген ұмтылысы болды. Осы ортақ белгі –
критерилердің мәні қандай болуы керек? Олардың ерекшеліктері мен түрлері
қандай? Олардың құрылымы қандай? Олар өз ортақтастықтарының мәні бойынша
уақытша ауыспалы немесе бүкіл даму деңгейлерінде тұрақты, салыстырып
жатырған жүйелерге тән болуы керек пе?
Осы және осыларға ұқсас сұрақтарды талқылау ғылыми және
салыстырмалы – құқықтық әдебиеттерде біршама маңызды орын алады. Олардың
күрделігіне және көп қырлығына байланысты авторлардың арасында біржақты
жауап беретіндер жоқ және болуы да мүмкін емес. Бір сұрақтарға кейде
түрліше, кейде қарама – қарсы көзқарастар айтылып жатады. Осылайша,
құқықтық жүйелерді топтастыру үрдісінде біреуі негізгі немесе бірнеше
белгі - критерилердің болуы керек. Құқықтық жүйелердің топтастырудың
күрделі критерилерге осы жүйелерінің стилі жатады. Сонымен қатар күрделі
әрі көп қырлы құбылыс ретінде құқықтық жүйенің стилі түсінігіне құқықтық
жүйелер тарихи табиғаты, даму ерекшеліктері, құқықтық ойдың жоғары
тұрған түрі, құқықтық институтының негізгі сипаттамаларықұқық
қайнарларының иерархиясы және оларды интерпретациялау әдістері, құқық
жүйелердің жоғары тұрған идеологиясы сияқты құрамдас бөліктерге кіреді.
Түрлі құқықтық жүйелердің ортақ белгілерінің құрылуына тікелей әсер
ететін факторлар және оларды топтастыру талаптары жөнінде айтылған
пікірлерді қосқанда келесі шешімді айтуға болады. Құқықтық жүйелердің
топтастырудың критерилері функцияларын жүзеге асыруға максимальді түрде
жарамды болуы үшін олар біздің ойымызша келесі топтарға сәйкес келуі тиіс:
а) өз негізінде тұрақты, фундаментальды факторлардың болуы; б)
мүмкіндігінше жалпылығы төмен және анықталғандығы жоғары белгі
– критерий болуы; в) тұрақталған субьективті емес, обьективті мәні бар; г)
жүйелерді топтастыру негізіне бірнеше белгі – критерий алынса, олардың
біреуі міндетті түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтың түрлері
Қоғамның құқықтық жүйесі
Құқық және құқықтық жүйе
Қазіргі кезеңдегі құқықтық жүйелердің жалпы сипаттамасы
Құқық жүйесі түсінігі және мәні
Қазіргі замандағы негізгі құқықтық жүйелер
Социалистік құқықтық жүйе
Қазіргі кезеңдегі құқық жүйесінің негізгі салалары
Құқықтық жүйелер
Қазіргі заманның негізгі құқықтық жүйесі
Пәндер