Азаматтық құқықтық жауапкершілік туралы ақпарат


Кіріспе . . . 3

1 Азаматтық құқықтық жауапкершілікті түсінігі

1. 1 Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің түсінігі

1. 2 Азаматтық құқықтық жауапкершілік нысандары

2 Азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың мәні және мазмұны

2. 1 Сақтандыру түсінігі мен түрлері

2. 2 Азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандыру ұғымы мен ерекшеліктері

3 Азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың жекелеген түрлері

3. 1 Нотариустардың азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың ерекшеліктері

3. 2 Көлік құралдары иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мәні және маңызы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің түсінігі

1. 1. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі және ол туралы пікірлер

Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапкершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапкершілік арқылы жүзеге асырылады.

Алайда, жауапкершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін. Жауапкершілік заң шеңберінен аспауы тиіс. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдану үшін «жауапкершілік» түсінігін анықтап алуымыз қажет. Жауапкершілік туралы ғалымдардың әртүрлі пікірі қалыптасқан.

Азаматтық құқық жауапкершілікті қолдану арқылы әділетке жету үшін барлық жағдайларды қарастырған. Алайда қоғамның даму барысында түсінігі туралы теориялар мен тұжырымдардың жаңа түсінігіне бастама болады.

Азаматтық-құқықтық белсенділік қалыптастыруда мүліктік жауапкершілік иеленуші роль атқарады. Бұл туралы Азаматтық кодекстің екінші бөлімі «ерекше бөлімінде» жан- жақты қамтылған. Осы тұрғыдан алып салыстырғанда, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің, соның ішінде әсіресе, мүліктің төлем мақсаты бар мүліктік жауаптылықтың тәрбиелік функциясы айырықша мәнге ие.

Зерттеу тақырыбымыздың мақсаты мен мазмұны ескере отырып, негізінен, азаматтық- құқық жауапкершіліктің тәрбиелік аспектілерін қаралап көрелік. Аталған мәселелерді зерттеумен айналысып жүрген Қазақстандық ғалымдар Ю. Г. Басин, М. К. Сүлейменов, А. Г. Диденко, О. Ихсанов және ресейлік ғалым Е. А. Сухановтың пікірінше азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ескерту-тәрбиелік функциясының айқындаушы маңызы зор.

Бәрімізге мәлім, жауапкершілік әлеуметтік өмір аясында адам, қоғамның табиғи өмір сүруі үшін қажетті жағдай туғызуға себепті салдарын тигізетін еркіндікті (соның ішінде ой еркіндігінде) қамтамасыз етуге қабілетті, жауапкершілікті адамдардың мінез- құлқын қалыптастыру құралы болып табылады. Олай болса, жауапкершілік пен еркіндік өзара байланысты әрі бір-біріне себепті салдарлық құбылыстар. Еркіндік істің байыбын барлай отырып, дұрыс шешім қабілеттілігінен басқа ешнәрсе емес. Еркіндік немесе шешім қабылдауға жағдай тудырған болса, жауапкершілік те арта түседі. Еркіндік шектелген, шектелілген жерде жауапсыздыққа, заңға қайшы келетін мінез-құлыққа әкеліп соқтыратын психологиялық деформацияға жол ашылады.

Нарықтық қатынастарға негізделген қазіргі экономикалық жүйеге көшу кезінде шаруашылық қызметінде толық еркіндік және сонымен бір мезгілде экономикалық қызмет нәтижесі жолында фирмалардың, кәсіпкерлікпен, сауда-саттықпен айналысып жүрген барлық адамдардың толық жауапкершілігі талап етіледі. Бұл процесс меншіктің барлық түрлерінің тепе-теңдігіне, меншік қатынастарын белсенді реформалауға сүйенеді. Меншік иесінің дербестігі мен тәуелсіздігі творчествалық белсенділік пен икемділікті дамыта отырып, оның инициативасына, өз мүлкін ұқыптылықпен пайдалануға, сақтауға және жауапкершілігін арттыруға жол ашады. Жауапкершілік бір мезгілде түрлі әлеуметтік байланыстарға тән нәрсе. Жауапкершілік сезімі адамгершілік санаты (категориясы) болып табылады. Алайда, жауапкершіліктің мұндай қасиеті құқықтық жағынан негізделгенде ғана құқықтық реттіліктің көрінісі ретінде жауапкершілік ұғымы түрлі аспектілерге жиі қолданылады. Кейбір жағдайларда міндеттерді, тапсырмаларды, жүктелген жұмыстарды орындау мен оның нәтижелері, өзге жағдайларда олардың бұзылу, сақталмау жөніндегі жауапкершілігі туралы сөз болды. Бірінші жағынан алып қарастырғанда тұтас құбылыс мінез-құлықтың ондай қылығына тәуелсіз, ал екінші жағынан алып қарастырғында міндеттердің салдары ретінде туындап тәуелдікке ұшырайды. [1] сілтеме жұмыстың соңында тиісті пайдаланған әдебиеттер тізімі сәйкес келуі тиіс

Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық құқықтық қатынастың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақ та бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына да қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз - заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне қолданылатын мүліктік өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай өкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.

Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен, азаматтық-құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтуда, осы мақсаттың алдын алуда тәрбиелік маңызы айрықша. Азаматтық құқық қатынасының субьектілері болып табылатын тараптар өзіне жүктелген міндеттерді орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын былай қойғанда, егер, әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтық-құқықтық жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Сондықтан да, борышқор өзі істеуге міндетті нәрсені орындамағанда ғана емес, оны орындаудан өз бетімен бас тартқан кезде де оған жауапкершілік бәрібір мойындатылады. Азаматтық құқықтық қосымша мүлікті өндіртіп алу тәрізді өзіне тән жауапкершілік қасиеті болмаса, несие беруші міндеттемесін орындаудан жалтарған борышқорға жазалау шарасын қолдана алмайды және оның іс-әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай түседі.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері:

А) борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге қайтару;

Ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;

Б) борышқорды міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;

В) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болу (өйткені, контрагенттің дұрыс болмауынан пайда болатын шығынды өтеуді қамтамасыз етеді) ;

Г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше айғақтау болып табылады[2] . сілтеме жұмыстың соңында тиісті пайдаланған әдебиеттер тізімі сәйкес келуі тиіс

Ықпалы әр түрлі деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі. Мұндай жауапкершіліктің қажеттілігі міндеттеменің бұзылмауын реттейтін заңнан ( мысалы, міндеттемені бұзғаннан келетін залалдың орнын толтыру ), әр жақтың өзара жасасқан шарттарынан, міндеттеменің келісілген жағдайларынан туындайды. Жауапкершілікті белгілеу қосымша келісімдер арқылы да жүзеге асады. Мысалы, оған міндеттеменің мерзімін бұзғаны үшін салынатын айыпқа орай жасалатын келісімді жатқызуға болады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік - Азаматтық құқықтың Жалпы бөлімінің институты болып табылады, өйткені, жалпы ереже бойынша азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі.

Азаматтық - құқықтық жауапкершілік тудыратын жағдай оның негіздері болып есептеледі. Ондай негіздергі ең алдымен заңда немесе шартта көрсетілген құқықтарды бұзу жатады. Мысалы міндеттеме шартында көрсетіле тұрса да тұлғаның оны орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы, әлдекімге мүліктік залал келтіруі тәрізді жағдайларды айтуға болады.

Алайда жауапкершіліктің аталған негіздерінің бірі пайда болған кезде оны белгілі бір тұлғаға қолдана қою әр кез мүмкін емес. Ол үшін азаматтық-құқық бұзушылыққа сәйкес келетін жалпы, типтік болып табылатын белгілі бір жағдайларды айқындап алу қажет. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік тің мұндай жалпы негіздеріне жататындар:

  1. тұлғаның құқыққа қайшы қылығы(іс-әрекеті не әрекетсіздігі) ;
  2. жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы;
  3. құқық бұзушының құқыққа қайшы іс-әрекеті мен оның келтірген зиянының салдары арасындағы болатын себепті байланыс;

4) құқық бұзушының кінәсі. [3] сілтеме жұмыстың соңында тиісті пайдаланған әдебиеттер тізімі сәйкес келуі тиіс

Нақты тұлғаға азаматтық -құқықтық жауапкершілікті жүктеу үшін жалпы ереже бойынша қажетті келтірілген негіздер жиынтығы-азаматтық-құқық бұзушылықтың құрамы болып табылады. Көрсетілген негіздердің біреуі болмай қалса, жауапкершілікке тарту мәселесі туындамайды. Бірақ та, кейбір жағдайларда заң азаматтық құқықтағы құқық бұзушылық құрамының бар болуы мүліктік жауапкершілікке тарту үшін жалпы талаппен санаспайды(мысалы, жоғары қауіптілік көзін иеленуші заңды тұлға жәбірленушінің алдында кінәсіз жауап береді(АК-тің 931-бабы) ) . Енді азаматтық құқық бұзушылықтың құрамының әлгінде айтылған элементерінің әрқайсысына тоқтала кетелік.

Құқыққа қайшы тұлғалардың қылықтары- азаматтық жауапкершіліктің негізі. Құқыққа қайшы тұлғаның қылығы дегеніміз заңға немесе шартқа сәйкес емес теріс іс-әрекет болып табылады. Ол құқықтық қатынасқа түсетін екінші жақтың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарын бұзуға әкеп соғады. Азаматтық құқықта құқыққа қайшы тұлғаның қылығы обьектисһвті және субъективті құқықтардың міндетті түрде бір мезгілде бұзылуын көрсетеді.

Тұлғаның құқыққа қайшы қылығы жауапкершілікке тартудың бірден бір шарты болса, оны жауапкершіліктің заңдық негізі деп атайды. Тұлғаның құқыққа қайшы қылығының жағдайы іс-әрекетте не әрекетсіздікте көрінуі мүмкін. Мінез-құлықтың саналы түрде болуы обьективті жағдай, құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқық бұзушылығы оған қарамайды, сондықтан да қылмыстық құқықта ол қылмыс құрамының обьективті жағын құрайды.

Бұл арада мәселенің екі жағына тоқтала кеткен жөн. Біріншіден, заңдарды білмеу құқық бұзушыны ештеңеден арашалай алмайды. Әңгіме заңның ұңғыл-шұңғылын жетік білуде емес, өмірде әрбір іс-әрекеттің бәрі заңдармен қамтылмайды. Соныдқтан, тіпті заңгерлердің өздеріне де қайсыбір әс-әрекеттерді құқыққа сыйымды екендігін айқындау оңайға түспейді. Демек бұл саланың маманы еместерден ондай дәлдікті айқындауды талап етудің өзі ақылға сыймайды.

Екіншіден, тәртіптің саналылықпен жүзеге асуы басқаға, яғни құқық бұзушылық құрамының субъективті жағына, кінәлілік мәселесіне қатысты. Құқыққа қайшылық пен кінәлілікті шатастыру заң әдебиеттеріндед е, сот тәжірбесінде де кездеседі әлі кездесіп те жүр. Сонымен қатар жауапкершілікке тартудың әрбір шарты қателіктерден ада болуы үшін әрқайсысы міндетті түрде басқаларынан бөлек талдануы қажет. Жауаптылық туралы шешім жоғарыда көрсетілген барлық қажетті негіздер түгел болғанда қолданылуға тиіс, бірақ олардың бар болуы әрбір негіз бойынша бөлек қаралуы қажет.

Заңды, міндетті, бұйрықты орындамау, құқықты жүзеге асыру, жәбірленушінің келісімі, қажетті қорғаныс және аса қажеттілік тәрізді жағдайлар құқыққа қайшы тұлғаның қылығы болып есептелмейді. оның бәрі де белгілі бір негіздерді сақтай отырып, саналы түрде атқаруды қажетсінеді, ал олардың бұзылуы - құқыққа қайшылық, міне оның салдарынан жауапкершілік мәселесі туындайды(қажетті қорғану және аса қажетті жағдайда зиян келтіру туралы АК- тің 919-920баптарында қаралады) .

Кінә - а заматтық - құқықтық жауапкершіліктің негізі. Жалпы заң ілімі кінәні тұлға өзінің заң бұзу әрекетін (немесе әрекетсіздігін) жан-дүниесімен, демек психологиялық тұрғыдан сезінуі деп түсіндіреді. Заңда оны қылмысты істердегі кінә және азаматтық істердегі кінә деп екіге бөледі. қылмыстық жауаптылыққа қасақана немесе абайсызда қылмыс жасаған адам тартылады[4] . сілтеме жұмыстың соңында тиісті пайдаланған әдебиеттер тізімі сәйкес келуі тиіс

Азаматтық заңдарда кінә мүліктік немесе мүліктік емес өзіндік міндеттемелерді орындамау және тиісті дәрежеде орындамау тұрғысынан көрінеді.

Кінә қасақан немесе абайсызда түрде болады.

Заңды біле тұра бұзу және оның келтіретін зиянды салдарын болжауда қасақаналық болып саналады, ал абайсызда заңды бұзған тұлға заңды бұзғанын тіпте сезінбейді және оның зиянға әкеліп соғаиһтын салдарын болжайда алмайды. Бірақ ол нақтылы жағдайларды ескере отырып, мұны сезе де, болжай да алуы керек еді. Кейде азаматтық қатынастарда тараптардың екі жағы да кінәлі болуы мүмкін. Мұндай аралас кінә жағдайныда келтірілген зиянның орнын толтыру жауаптылығы екі жаққа бірдей жүктеледі.

Азаматтық құқықта тұлға кінәсіз болса да жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Кінәсіз жауаптылық тек заңда көрсетілген жағдайларда ғана зиян келтіруші бұл жөнінде кіәлә болмаса да жауап береді. Мысалы, қатерлі қауіп көзі болып табылатын ұйымдар кіәсіз жағдайда да келтірілген шығынды өтеуге міндетті. Керісінше, есі ауысқан адам, 14 жасқа жетпеген бала кінәлі болса да келтірген зиян үшін жауап бермейді. АК-тің 359 бабы 1-тармағына сәйкес, егер борышқор міндеттемені тиісті дәрежеде орындау үшін өзіне байланысты шаралардың барлығын қолданғанын дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады. Сөйтіп, азаматтық құқықта тұлғаның өз қылығына заң кінәні субъективтік, психикалық қатынас деп қарамайды, керісінше тұлғаның өз іс-әрекеті салдарынан болған жайсыз нәтижелерді немесе ағаттықты қалпына кеотіруге мүмкін болатын шараны алмағанына мән береді. Біздің заңымыздың тұжырымы бойынша нақты тұлғаның қылығы істің шын болмысымен салыстырылуы керек, бұл орайда, тұлғаның мүмкіндігі бола тұра өзіне тиесілі нәрсені орындамағаны есепке алынады.

АК-тің 359-бабының 1- тармағының жалпы нормасы кәсіпкерлік саласына қолданылмайды. АК-тің 359-бабының 2-тармағында кәсіпкерлер үшін диспозитивтік сипаттағы басқа жалпы ереже берілген: міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған тұлға басқа кінәсі болмаса да жауап береді. Демек кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындай алмаған кәсіпкерге жоғары жауапкершілік жүктеледі. Мұндай кінәсіз жауапкершілік кәіпкерлікке тән тәуекелге сүйенеді. Кәсіпкердің кінәсіз жауапкершілігі АК-тің 360-бабынан шығады, ол «міндеттемедегі кәсіпкерлік тәуекел» деп аталады. Аталған бапта былай делінген: «Егер міндеттемеде кәсіпкердің тапсырысы бойынша әлдебір жұмысты орындау көзделсе, оны пайдаланудың тиімсіз болу тәуекелі кәсіпкерге жүктеледі. Жұмысты тиісті дәрежеде орындаған адам, егер шартта өзге кәіспкерлік тәуекелді бөлу көзделмесе, орындау дәрежесіне сәйкес ақы алуға құқылы».

Сонымен бірге, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда міндеттемедегі кәсіпкер жауапкершілігінің өзі шексіз деуге болмайды. Егер кәпкерлік өзіне жүктелген міндеттемені бой бермейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезіндегі төтенше және тойтаруға болмайтын мән- жайлардың(дүлей құбылыста, соғыс қимылдары және т. б. ) әсерінен орындай алмағанын дәлелдей алса, жауапкершіліктен құтылады. Мұндай жағдайда нарықта тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетудің мүмкін болмай қалуы тәрізді жағдайлар есепке алынбайды.

Заң немесе шарт арқылы жауапкершіліктің басқа негіздері мен одан босатылудың жағдайлары қарастырылуы ықтимал. осылайша кәсіпкерлер шартқа отырып, тек кінәға қатысты жауапкершілік жөнінде өзара келісімге келе алады. Бірақ мұндай келісім болмаған жағдайда, АК-тің 359-бабының 2 тармағының жалпы нормасына жүгінуге болады.

АК-тің 359-бабының 3-тармағында мына жағдай ескерілген: міндеттемені қасақана бұзғаны үшін жауапкершілікті жою немесе шектеу туралы алдын ала жасалған келісім жарамсыз болып табылады.

АК-те(қылмыстық құқықтан айырмашылығы) кінәнің презумпциясы(кінәсіз деп жорамалдау) қолданылады. құқық бұзушы қашан өзінің кінәсіз екендігін дәлелдегенше кінәлі деп есептеледі. Кінәсіз деп жорамалдауды(презумпциясы) бекіту мына жағдайларға негізделген:біріншіден, азаматтық айналымда субъектінің қатысы жалпы еркіндікте болады. Мұндай еркіндік өзінің әрекетінің қолайсыз салдары туындаған жағдайда тәуекел етуге мүмкіндік береді, сонымен қатар жауапкершіліктен құтылу үшін өзінің кінәсіздігін дәелдеуге көмектеседі. Екіншіден, азаматтық-құқықтық жауапкершілік жеке құқықтық сипатқа ие, оның шаралары субъектіні жеке тұлға ретінде бостандығына, ар - намысына тиіспейді. Бұл ретте кінәнің презумпциясы, сондай-ақ, тұлғаның бостандығын шектемейді және оның ар-намысына, қоғамдағы іскерлік беделіне нұқсан келтірмейді. Үшіншіден, әдетте шиеленісті жағдай мен орынсыз килігу субъектілерінің бірінің құқыққа қайшылық әрекеттерінен болады, даулы мәселені шешерде әр жақ тең жағдайда болуы шарт: жәбірленуші жақ өзінің құқығымен мүддесі басқа субъектінің әрекетімен бұзылғанын дәелдеуі тиіс, ал, соңғысы - өзінің кінәсіз әрекет еткенін дәлелдеуі керек. Тұлғаның кінәсіз болуы оны жауапкершіліктен арашалайды.

Зиян - заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды. Залалдың ақшалай баламасы шығын делінеді.

АК-тің 9-бабында құқығы бұзылған адам, егер заңмен шартта аз мөлшердегі шығын қаралмасы, өзіне келген залалды толық қалпына келтіруді талап ете алатындығы бекітілген. Залалдың орнын толтыру жөніндегі норма императивті тұрғыда келеді, ол барлық азаматтық құқықтық қатынастарға жүреді және жақтардың шартында шығында келтіру құралды ма, жоқ па, оған қарамай әрекет ете береді.

Мемлекеттік өкімет билігі органының, өзгеде мемлекеттік органның заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеті(әрекетсіздігі) салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтірілген залалды ҚР-сы немесе тиісінше әкімшілік аумақтық бөлініс өтеуге тиіс(АК-тің 9-бабы, 5-тармағы) .

Залалдар мынадай 2 түрге бөлінеді:

1) құқығы бұзылған тұлға жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы(нақты нұқсан) ;

2) сол тұлғаның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында болатын, бірақ алынбай қалған табыстары(айырылып қалған пайда) .

Мысалы, тасымалдау шарты бойынша мүлік бүлінсе немесе зақымдалса, онда тасымалдаушы тек қана нақты нысан мөлшерінде шығынын төлейді. Ал айырылып қалған пайдаға, мәселен, азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзгедейзақым келтірілген кезде жәбірленуші жоғалтқан немесе анық иелене алатын табыс(кіріс), сондай-ақ денсаулыққа зақым келтіруден туындайтын шығындар(емделуге, қосымша тамақтануға және т. б. ) жатады.

Егер құқықты бұзған тұлға кейін кіріс түсіретін болса, онда құқығы бұзылған тұлға өзге де айырылып қалған пайдасымен қоса түсуге тиісті кірістен кем емес мөлшерде орын алған залалды қалпына келтіруді талап ете алады.

Мүліктік емес зиянға тұлғаның дене кемтарлығ мен психикалық ауруына байланысты моральдық, адамгершілік зардап, іскерлік беделге келетін залал, біреудіңатын пайдаланып оған залал келтіру және т. б. жатады.

Мүліктік емес зиянның бұл түрі моральдық залалды қалпына келтіру шарасын қолдану негізін туғызады. Ал, егер жарақат адамның еңбекке қабілеттілігін төмендетіп не оны жойса, оның денсаулығын түзетуге, алмаған жалақысын беруге бөлінетін шығындар әлгі айтқан мүліктік зиянды білдіреді.

Себепті байланыс-азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің негізі. Азаматтық жауапкершілікті анықтау үшін құқыққа қайшы іс-әрекет пен зиянның арасында себепті байланыстың болуы да заңды. Бұл былай деген сөз: қандай бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасағандығы(немесе әрекетсіздігі) үшін жауапкершілік жүктеуден сол зиянның болуы, сол іс-әрекеттің(немесе әрекетсіздіктің) кездейсоқ бола қалған ғана іс емес, сол іс-әрекетке байланысты(немесе әрекетсіздікке байланысты) дағдылы, қалыпты ретімен туғандығын анықтау шарт.

Әрбір нақтылы істі қарағанда соттың міндеті: зиянның жасалуы алдында болған оқиғалар тізбегінен қалыпты жағдайда, дағдылы жолымен зиян келтіретін іс - әрекеттің біреуін ерекше бөліп шығару. Егер, құқық бұзушылық пен зиянның пайда болуының арасында осындай «қалыпты» себепті байланыстар барлығын анықтау мүмкін болмаса, бұл ретте зиян шектірушіге жауапкершілік артуға дәлел жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міндеттемені бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік
Беларусь Республикасының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының ерекшеліктері
Заң жауапкершілігінің түсінігі және түрлері
Азаматтық құқық қатынастарының элементтері
Соттың тұтынушының құқықтарын қорғауы
Азаматтық құқықтық қатынастар жайлы ақпарат
Азаматтық құқықтық қатынастардағы мәмілелер
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негіздері
Тұрмыстық мердігерлік шарты
Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың түрлерін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz