Ислам діні туралы түсінік



1 ИСЛАМ
2 Исламның құқықтық және этникалық қағидалары
3 Ислам дәуірінің жаңа кезеңі. Хиджра
4 Ислам діни ілімінің негіздері
5 Исламдағы негізгі бағыттар
Әлемде үш дін адамзаттың мәдени қазынасы деп танылады. Олар: будда діні, христиандық және ислам діні.
Ислам бұлардың қатарындағы жаңа әрі жас дін. Бүгінде жер жүзінде шамамен бір миллиард жүз жетпіс мыңдай адам осы дінді ұстанады. XX ғасырда ислам дінін тұтушылар саны екі есеге жуық өсті. Бұл біріншіден, ислам діні тараған региондардағы демографиялық жағдайларға байланысты болса, екіншіден басқа діндер тараған дәстүрлі аймақтарда адамдардың ислам жолына бет бұруынан болып отыр.
Ислам араб тілінен аударғанда "бой ұсыну" деген мағынаны береді. Ислам және мүсылман (муслимун - бой ұсынушы ерлер, муслиматун - бой ұсынушы әйелдер) сөздерінің түбірі бір.
Ислам - монотеистік дін. Ол мейірімді және қайырымды Аллаға ғана сенуді уағыздайды. Бүкіл әлемді - көк пен жерді жаратушы - Алла. Барша әлем тек соның хұзырында. Алла болмаса әлем сол сәтінде жоқ етілер еді. Адам баласының фани (жалған) дүниеде жасаған жақсылық-жамандығын таразылаушы, заманның ақырында оларға осы қылықтарына қарай рахым жасаушы немесе жазалаушы бір Алла. Барлық өлгендер заманақырда қайта тіріліп, соның алдына жауапқа келеді.
Ислам - адам баласына аян жолымен келген дін. Қасиетті Құран аяттары жиырма үш жыл бойында Жебірейіл періште арқылы Мұхаммед пайғамбарға жеткізіліп тұрған.
Ислам діни ғұрыптарды және дүниелік мәселелерді шариғат жолымен реттеп отырады. Ол сөзсіз орындалуы тиіс мұсылмаңцық парыздарды және орындағаны қосымша сауап болатын сунна жолдарын айқындайды, жоғары адамшылыққа, еңбекке әрі білімге уағыздайды және Кұран-Каримдегі (Қасиетті Кұран) аяттар мен пайғамбардың хадистері арқылы соның ережелерін белгілейді.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ИСЛАМ.
Ислам діні туралы түсінік.
Әлемде үш дін адамзаттың мәдени қазынасы деп танылады. Олар: будда
діні, христиандық және ислам діні.
Ислам бұлардың қатарындағы жаңа әрі жас дін. Бүгінде жер жүзінде
шамамен бір миллиард жүз жетпіс мыңдай адам осы дінді ұстанады. XX ғасырда
ислам дінін тұтушылар саны екі есеге жуық өсті. Бұл біріншіден, ислам діні
тараған региондардағы демографиялық жағдайларға байланысты болса, екіншіден
басқа діндер тараған дәстүрлі аймақтарда адамдардың ислам жолына бет
бұруынан болып отыр.
Ислам араб тілінен аударғанда "бой ұсыну" деген мағынаны береді. Ислам
және мүсылман (муслимун - бой ұсынушы ерлер, муслиматун - бой ұсынушы
әйелдер) сөздерінің түбірі бір.
Ислам - монотеистік дін. Ол мейірімді және қайырымды Аллаға ғана
сенуді уағыздайды. Бүкіл әлемді - көк пен жерді жаратушы - Алла. Барша әлем
тек соның хұзырында. Алла болмаса әлем сол сәтінде жоқ етілер еді. Адам
баласының фани (жалған) дүниеде жасаған жақсылық-жамандығын таразылаушы,
заманның ақырында оларға осы қылықтарына қарай рахым жасаушы немесе
жазалаушы бір Алла. Барлық өлгендер заманақырда қайта тіріліп, соның алдына
жауапқа келеді.
Ислам - адам баласына аян жолымен келген дін. Қасиетті Құран аяттары
жиырма үш жыл бойында Жебірейіл періште арқылы Мұхаммед пайғамбарға
жеткізіліп тұрған.
Ислам діни ғұрыптарды және дүниелік мәселелерді шариғат жолымен реттеп
отырады. Ол сөзсіз орындалуы тиіс мұсылмаңцық парыздарды және орындағаны
қосымша сауап болатын сунна жолдарын айқындайды, жоғары адамшылыққа,
еңбекке әрі білімге уағыздайды және Кұран-Каримдегі (Қасиетті Кұран) аяттар
мен пайғамбардың хадистері арқылы соның ережелерін белгілейді.
Исламның өзге әлемдік діндерден айырмасы - оның айқын рәміздерінің
болуы. Мұсылманшылық екі сенім негізі бойынша құрылған: біріншісі - Алладан
баска құлшылық етілетін тәңірдің жоқтығына; екінші -Мұхаммедтің
(ғалайһиссаламның) Алла тарапынан бүкіл адам баласына жіберілген пайғамбар
екендігіне сену. Сондықтан "Алладан басқа (тәңір) жоқ, Мұхаммед оның
елшісі, араб тілінде "Ла илаһа иллаллаһ Мұхаммадұр-Расулұллаһ," - деген
мүбарак қағиданы тілімен айтып, көңілімен бекіткен адам ислам дінінде болып
саналады. Бұл сенімді (символды) Иман, сенушіні Мүһмин деп атайды.
Нағыз ислам жоғары мәдениетті және гуманистік идеяларды насихаттайды.
Мұхаммед пайғамбар өзінің хадисінде: "Дінде зорлық жоқ" - деген. Яғни,
ислам дініне біреуді мұқтаж ету немесе пайдасын беріп, енгізуге жол жоқ. Әр
пенде исламды өз еркімен, өзінің қалыбымен (жүрегімен) қабылдауы тиіс.
Исламның құқықтық және этникалық қағидалары.
Исламды мойындаушылар саны жағынан христиан дінін ұстағандардан кейін
(800 миллиондай) екінші орынды алады. Ол Таяу Шығыс елдеріне, Солтүстік
Африка мен Оңтүстік Шығыс Азияға кең тараған. Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығына - Орта Азия мен Қазақстанға, Кавказға, Поволжьеге, Сібірге кең
таралған.
Ислам біздің дәуіріміздің VII ғасырының басында Батыс Арабиядағы
жергілікті араб тұрғындарының арасында пайда болған. Ислам пайда бола
бастаған тұста араб қоғамының әлеуметтік құрылымы күрделі де біртекті емес
еді. Арабтардың арасында көшпелілер де, отырықшы тайпалар да болды.
Біреулері малмен, екіншілері жермен, шеберлікпен, саудамен айналысты. Құл
иеленушілер кең дамыған еді.
Арабтайдалары жеке-жеке өмір сүрді. Олардың арасында қанды кақтығыстар
жиі больш, иәтижесінде анағұрлым-мықты тайпалар әлсіздерін өздеріне
бағындырып құл етті немесе тұтқында ұстады.

Ислам дәуірінің жаңа кезеңі. Хиджра.
Хиджра - ислам тарихындағы аса елеулі кезең болды. Кейбір зерттеулерде
аталатындай, бұл жаңа дінді және Мұхаммедті қабылдамаған Меккеден жай қоныс
аудару немесе қашу емес еді. Пайғамбардың соңынан ергендер дін жолында
арабтар үшін аса қасиетті саналатын тайпалық қатынастарын қүрбан етті.
Оларды ислам нұры куаттандырды.
Бұл алғашқы мұсылмандар арабтың "мұхаджир" деген өзімен анықтадды, ал
жаңа діңді қабылдаған йасрибтіктер, жоғарыда айтқанымыздай, ансарилер, яки
көмекшілер аталды. Мұхаммед жаңа қоныста тайпалық одақтарды койды, олардың
жауласуына, қанды қанмен жуу салтына тыйым салды. Исламды қабылдағандарды
дін қарындас етті. Бұл өзге туыстықтан да артық еді. Қауымда темір тәртіп
орнады. Ол Алланың жердегі өкілі- имамға ғана жағынатын болды. Мұхаммед
пайғамбар бірінші жұма намазын және тұңғыш хұтпаны (өсиет) осында оқыды,
дейді діни жәдігерліктер.
Ислам төрт халифті - Әбу-Бәкірді, Омарды, Османды және Әліні сенімді
деп бөліп атайды. Бүл адамдар ислам діні жолында ерекше қызмет қылған
қайраткерлер, кәміл мүсылмандар. Осы халифтер тұсында ислам Египетке,
Сирияға, Иракқа, Ливияға, Иранға, т.б. елдерге тарады.
Бұл уақыттарда жихад - дін жолындағы күрестер жүрді. Оның бір нысаны -
ғазауат, дінсіздерге қарсы соғыс. Әр кәміл мұсылман дін жолында жанын пида
қылуды мақсат тұтты. Бірақ, жихадтың мағынасын тек соғыспен шектеуге
болмайды. Мұхаммед пайғамбар айтқан: Муджахит деген сол адам - Алла жолына
көндіру үшін өз-өзімен күрессе; ал мұхаджир деген - барлық залымдықтар мен
күнәлардан қашқан адам.
Ислам елдерінде жихад жайында негізгі бес қағида орныққан. Оның
жоғарғы нысаны - рухани жихад. Мөні -өзін-өзі Алла жолына әзірлеу. Екінші -
найза жихады. Ол - дінсіздермен күрес. Осы күресте шейіт болғандар
жаннаттан орын алады. Үшінші - жүрек жихады. Ол -өзінің ерсі қылықтарымен
күрес. Төртіншісі тіл жихады -тілді жақсы істерге қолдануға үйрету үшін
күрес. Соңғысы қол жихады - қолды адал істер істеуге үйрету, бейімдеу, осы
үшін күрес. Яғни, жихад - қару алып күрес ғана емес, негізінен рухани күрес
әрі адамның өзін өзі жақсы істерге дағды алуына тәрбиелеуі үшін күресті.
Ислам діни ілімінің негіздері:
1. Ғаламды жаратушы Алланың бар екендігіне сену;
2. Оның періштелеріне сену;
3. Оның кітаптарына сену;
4. Оның жіберген пайғамбарларына сену;
5. Ақырзаманның болатындығына сену;
6. Жамандықта, жақсылық та шын мәнінде Алладан екендігіне сену.
7. Өлгеннен кейін қайта тірілуге сену.
Дін Алланың бір екендігіне негізделген. Оған дәлел Құран көрімдегі 112
-ші "Ихлас сүресі". "Айт ол Алла жалғыз, ол тумады, одан ешкім туылмады, ол
өзінің жаратқаңдарының ешқайсысына ұқсамайды".
Мұхаммедке дейінгі пайғамбарларға жіберілген хақ дін дінсіздердің
бүрмалауларына түсіп, өз қүдіреттілігін жоғалтқан. Ал пайғамбар Мұхаммедке
жіберілген ислам діні, ең соңғы әрі ең хақ дін болып есептеледі. Олай
дейтініміз, Құран кәрімнің өзінде "Алланың алдында ең хақдін - ислам," -
деп айтылған.
Құранның хақтығына дәлел оның түпнұсқасының бүгінгі күнге дейін
қаймағының бүзылмауыңда. Құранның басқа тілдерге аударылғанымен ислам
ғибадаттарында тек қана араб тілінде қолданылуы талап етілуі де осыдан.
Ислам "Ақыр заманның" міндетті түрде болатындығын үйретеді, ал оның
қашан болатындығы тек бір Аллаға аян. Құран кәрімнің Зұмар сүресінің 67-68-
ші аяттарында ол жайлы былай делінген: " ... Олар Алланы шын мәнінде
қадірлей алмады. Негізінде қиямет күні жер бүтіндей оның уысында ... (67)
Сүр үрлегенде Алланың қалаулыларынан басқа көктегі жан иелері, жердегі жан
иелері жығылып өледі. Бірақ Алланың қалағандары қалады." (68)
Ол жерге жеткен соң, адам өміріндегі жақсылық пен жамандықты жазушы
"Кирамин" және "Катибин" періштелерінің амал дәперлерінде жазылғандар
бойынша адам баласынан сауал сұралады. Сауал сұралып болған соң,
күнәларының ауыр, жеңілдігіне байланысты бірі тозаққа, екіншісі - жаннатқа
барады. Егерде өмірінде Алланың бірлігі мен пайғамбардың хақтығын
мойындаған адам болса, ол күнәларын өтеген соң, түбінде тозактан жаннатқа
баратыны анық.
Алла пенде өмірінде не болатынын, ненің немен аяқталатындығын
білетіндігі шындық. Алайда мұсылман адам өз ісіне өзі жауап беруі қажет.
Істеген ісінің бәрін Алла тағалаға ысырып тастау сияқты фатализмге
берілмеген жөн. Ислам дінінің христиан дінінен ерекшеліктерінің бірі —
ислам дінінде адам дүниеге келгенде күнәсіз, пәк, ізгілік тілеуші. Құранда
берілген адам талаптарын орындау арқылы ол жаннатқа баруы тиіс. Ол үшін ол
өз сенімін іспен көрсеткені абзал.
Мұсылман мемлекеттерінде қоғамдық заңдардың барлығы шариғат
талаптарына бейімдендірілген қоғамдық зандарды шариғат талаптарына бейімдеу
Құран аяттарымен бекітіледі (Құран 3-ші сүре, 99-ші; 103-ші аяттар).
Сондықтан да шариғаттың тағы да бір сүйенетін қайнар көздерінің бірі —
иджама (Құран мен Сүннетті негізге ала отырып қоғамдағы діни ғалымдардың
шығарған шариғатқа қайшы келмейтін фатуалары).
Құранның мәдени мұра ретіндегі маңызы дін ауқымынан да әлдеқайда кең.
Ол ислам өркениетінің гүлденуіне жол салды. Ислам діні орныққан соң ерекше
дамыған "араб ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі діни түсінік
Дін,қоғам,мемлекет,саясат
Даналық
Ислам дәнінің әлемге таралуы
Ислам дінінің әлемге таралуы
Ортағасырлық Ислам философиясы
Діннің шығуы
Ежелгідіни нанымдар: фетишизм, тотемизм, анимизм
Мұхаммед пайғамбардың өмірі
Ежелгі түркілердің наным-сенім түсініктері
Пәндер