А.Байтұрсыновтың саяси және ағартушылық қызметін ғылыми түрде саралап, зерделеу


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырдың басында қазақ даласындағы әлеуметтік-саяси жағдай күрделілене түсті. Бір жағынан патшалы Ресейдің отаршылдық саясаты күшейсе, екінші жағынан, жергілікті ұлықтардың озбырлығы да отқа май құя түскендей болды. Осы кезде бір топ қазақ оқығандары: А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Жұмабаев ұлт-азаттық қозғалыстың көш басшылары болып, халқын күрес жолына бастады.

Осы үркердей топтың ішінде Ахмет Байтұрсыновтың азаттық жолындағы күресте атқарған қызметі айрықша. Оның бүкіл саналы ғүмыры туған халқының бақытты болашағы үшін қызмет етуге арналған. Қазақ тарихындағы осы ұлы тұлғаның қоғамдық-саяси қызметі мен мемлекет қайраткері ретіндегі және ағартушылық саласында атқарған еңбегіне талдау жасап, бүгінгі күннің көзқарасымен баға беру, құнды жақтарын көрсету тақырыптың маңыздылығын арттыра түседі.

А. Байтұрсынов бастаған қазақ зиялыларының патшалық дәуірдегі және Кеңес өкіметі тұсындағы атқарған қызметіне ұзақ жылдар бойы зерттеушілер тарапынан қате пайымдау мен сыңаржақ тұжырым негізінде баға берілді. Тек 1988 жылы 4 қараша күні ақталғаннан кейін А. Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси қызметін зерттеу және оған объективті тарихи тұрғыдан баға беру мақсатында ізденістер жүргізіліп, маңызды еңбектер жариялана бастады. Бүгінгі танда А. Байтұрсыновтың саяси-ағартушылық қызметін зерттеу маңызды әрі қажет дүние.

Сондықтан, XX ғасырдың І-ширегіндегі мәдени-ағарту және саяси мәселелер жөніндегі зерттеулерді салыстыра талдау жасау арқылы, осы саладағы Ахмет Байтұрсыновтың саяси және ағартушылық қызметін жаңа демократиялық тұрғыдан ашып көрсету тақырыбымыздың өзектілік болып тұр.

Тақырыбымызды өзекті ететін тағы бір мәселе, ол А. Байтұрсыновтың ақпан революциясынан кейін құрылған "Алаш" партиясында қызмет ету кезінде партияның бағдарламасын құруы. Бұл аталған партияның құрылудағы мақсаты мен міндетін және қазақ халқына деген қажеттілігін айқындап береді.

Сонымен бірге Кеңестік тоталитарлық жүйе тұсында қазақ мемлекет қайраткерлері мен зиялыларын қоғамнан аластату мақсатымен "халық жауы" ретінде құрту саясатын А. Байтұрсыновтың өмірбаяны және саяси қызметі арқылы ұғынуға мүмкіншілік туады.

Тарихнама. Ахмет Байтұрсынов XX ғасырдың басында-ақ халыққа ағартушылық, ғылыми-зерттеушілік, ақындық, журналистік қызметі мен кеңінен таныс болды. Ол ғылым мен ілімнің, әдебиет пен жалпы мәдениеттің салаларында ел игілігіне айналған асыл мұра қалдырды.

Осыған қарамастан оның ардақты есімі мен сан қырлы еңбегі жөнінде 20-80 жылдар аралығында сөз сөйлеу мүмкін болмады. Себеп - оның сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйе ұйымдастырған саяси қуғын-сүргінге ұшырап, жалған жаламен "халық жауы" аталып, атылып кеткені еді. Тек 50 жылдан астам уақыттан кейін Республика прокурорының наразылық білдіруі бойынша Қазақ КСР Жоғарғы соты М. Жұмабаевты, А. Байтұрсыновты және Ж. Аймауытовты олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқтығына орай, қайтыс болғаннан кейін толық ақтады /1/. А. Байтұрсыновтың ақталған уақыты - 1988 жыддың 4 қараша күні деп көрсетілген /2/.

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің комиссиясы жеке адамға табыну кезінде жазықсыз жазаға ұшыраған және социалистік заңдылықты бұрмалаудың құрбаны болған А. Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, Ж. Аймауытовтың қоғамдық-саяси, ғылыми- педагогикалық және әдеби қызметі жөніндегі тарихи шындықты толық көлемінде қалпына келтіру қажет деп санайды.

М. Жұмабаевтың, А. Байтұрсыновтың және Ж. Аймауытовтың творчестволық мұрасына талдау жасай келіп, комиссия оны қалың көпшілікке кеңінен жария етуді лайық деп табады, осыған орай Қазақ ССР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетіне, Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі, М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институттарына олардың таңдамалы шығармалары мен ғылыми еңбектерін басып шығаруды тапсыру қажет деп есептейді. Міне, осыдан кейін ғана Байтұрсыновты зерттеушілер бірінші кезекте оның ғылыми жәнс әдеби еңбектерін ал кейіннен, яғни 90 жылдардың ортасынан бастап саяси қызметін халыққа кеңінен таныстыра бастады.

Дегенмен де, Кеңес өкіметінің алғашқы кезінде де А. Байтұрсынов жайлы кейбір еңбектер мен мақалалар жарық көрген. Атап айтқанда, А. Байтұрсыновтың ғылыми еңбектері туралы орыс ғалымы, профессор А. Самойлович өзінің "Литература Востока" атты 1919 жылы жарық көрген еңбегінде әділ әрі бағалы пікірлер айтқан /3/.

А. Байтұрсыновтың ғалым, қоғам қайраткері ретіндегі өмірі, шығармашылығы, әлеуметтік қызметіне байланысты маңызды еңбектері, негізінен, оның туғанына елу жыл толу мерейтойы тұсында жарияланған. "Ақжол" газетінің 1923 жылғы 4-ақпан күні жарияланған нөмірінде Мұхтар Әуезов А. Байтұрсыновтың атқарған еңбектеріне әділ баға берген /4/.

Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тарихындағы орнын, оның
әлеуметтік-қоғамдық істерін өз кезінде дұрыс көрсетіп, әділін айтқан адамның бірі - Сәкен Сейфуллин. Ол "Еңбекші Қазақ" газетінің 1923 жылдың 30-қантар күнгі санында "Ахмет Байтұрсынов елуге толды" атты арнайы мақаласын жариялады, онда: "Ахмет Байтұрсынов - қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан, өз заманында патша арам құлықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, даусын шығарған кісі, өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жақтаған, патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губернаторда, сотта күшін сатып тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып ұлықтық жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды", - деп жаза келіп, "Қырық мысал", "Маса" кітаптарын, "Қазақ" газетіне редакторлық еткен еңбектерін, Алаш кезеңін, артынан Компартияға кіргенін түгел шолып айтады да, мынадай тұжырым жасайды: "Қалай болса да жазушысы азғана, әдебиеті нашар қазақ жарлыларына оқу һәм тіл құралдарымен қылған қызметі таудай . . . Елуге келген Ақанды шын көңілден құттықтап, өмірінің ұзақ болуын тілеймін"/5/.

Бұдан кейінгі уақыттарда, сталинизм қылышынан қан тамған зұлмат жылдарда, репрессиялар басталған кезде "байтал түгіл бас қайғы" дейтін күндер туды. Ол шақта Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерін, оның тарихтағы орнын көрсетпек түгіл, атын атаудың өзі-қылмыс, азамат басын жұтатын, абақтыға апарар жолға айналды.

Қазақстанда осы қиын кездің өзінде де түркі танушылар тарапынан оқта-текте ол туралы бірен-саран пікірлер айтылып қалып жүрді. Соның ішінде академик А. Н. Кононовтың Мәскеуде 1974жылы шыққан "Отандық түркологтардың библиографиялық сөздігі" кітабында А. Байтұрсыновтың өмір жолы, әлеуметтік-қоғамдық қызметі, басты еңбектері нақты айтылып, ол "араб алфавиті негізінде жетілген синтаксисі, әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы оқулықтарын жазды" деп тарихи түрғыдан әділ көрсетілді. /6/ \

А. Байтұрсынов ақталғаннан кейін ол туралы еңбектер мен зерттеулер көбейді. Мәселен, 1990 жылы Алматыда Рәбиға Сыздықованың "Ахмет Байтұрсынов" атты кітабы басылып шықты. Мұнда А. Байтұрсыновтың өмірбаяны, жазған оқулық кітаптары, аудармалары жайлы "Қазақ" газетіндегі қызметі жөнінде жазылған/7/. 1992 жылы Алматыда Самырат Кәкішевтың 'Ахаң туралы ақиқат атты" еңбегі басылып шықты. Бұл кісі Ахметтің бауыры Кәкіштің ұлы, Байтұрсынның ең кіші немересі болатын. Ол өзінің еңбегінде Ахметтің әкесі Байтұрсынның басынан өткен қиындықтардың оның ұрпақтарына жалғасқанын баяндайды. Мұнда Ахметтің өмір жолын, еткен еңбектерін, түрмедегі ауыр халін және оның өмірінің соңы қандай қасіретпен аяқталғанын естелік түрінде айтып өтеді /8/.

Сонымен бірге 1992 жылы Алматыда "Бес Арыс" атты естелік. эсселер және зерттеу мақалалар басылып шықты. Мұнда А. Байтұрсыновпен қоса, "халық жауы" деген жаламен репрессияға ұшыраған Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатовтар жайлы да жазылған. Бүл кітапта А. Байтұрсыновтың өмірі мен творчествосы жайлы жазылған еңбектер енген. Жинақ Д. Әшімхановтың құрастыруымен жарық көрген, мұнда М. Әуезовтың, С. Сейфулиннің, Т. Қожакеевтың т. б. мақалалары жарияланған /9/.

Осы жылы Алматыда А. Байтұрсыновтың 'Тіл тағылымы" атты кітабы басылып шықты. Мұнда Р. Сыздықованың Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметіне қысқаша шолуы және А. Байтұрсыновтың қазақ тілі мен оқу ағартуға қатысты еңбектері енген.

Ал Ахмет Байтұрсыновтың саяси қызметі жөніндегі мәліметтер бірнеше кітаптарда баяндалады /10/.

А. Байтұрсынов жөніндегі көптеген газет-журналдарда әртүрлі мақалалар басылған. Атап айтқанда, "Жұлдыз" жүрналының 1989 жылғы 6-нөмірінде Ғалым Ахмедовтың "Ахаңның өмір кезеңдері атты мақаласында өзінің Орынборда оқып жүргенде көрген, ескі жазба, архивтерде кездестірген, А. Байтұрсыновтың замандастарынан естіген кейбір жұртшылық біле бермейтін жайларды баяндап өткен.

Мұнда Байтұрсыновтың өмір жолын, көрген қиындықтарын, "Қазақ" газетінде редакторлық еткен жылдарын, 24 әріптен түратын қазақ алфавитін жасап шығарып, жазуымызды жеңілдеткені жөнінде айтылады. Сонымен бірге мүнда А. Байтұрсыновтың елуге толған мерейтойы жөнінде айтылған кейбір жайттарды терістейді, яғни Байтұрсыновтың мерейтойында ешқандай да шіріген жұмыртқа лақтырып А. Байтұрсыновты сахнадан қумағанын, тіпті көрермен қауым өздерінің шын ықылас ниеттерін білдірген мерейтой болғанын дәлелдейді.

Сонымен бірге "Қазақстан коммунисі" журналының 1991 жылғы 1-санында "Қазақ" газеті жайында мақала басылған.

А. Байтұрсынов жайлы көптеген мақалалар 1998 жылы, яғни 125 жасқа толған кезінде басылды. Мәселен, «Ақиқат» журналының осы жылғы 3-нөмірінен 12-нөміріне дейін "Қазақ" газетінің көптеген материалдары басылып шықты /11/.

Мақсаты, міндеті:

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты аяулы да ардақты азамат А. Байтұрсыновтың саяси және ағартушылық қызметін ғылыми түрде саралап, зерделеу.

Бұл мақсаттан мынадай міндеттер туындайды:

  • А. Байтұрсыновтың "Алаш" партиясы мен Алашорда өкіметін құружолындағы саяси қызметін талдау;
  • Кеңес өкіметі тұсындағы саяси қызметіне баға беру;
  • XX ғасыр басындағы ұлт және жер мәселесі, оқу-ағарту ісі, мемлекеттік құрылыс туралы келелі ойлар қозғап, ұран көтерген"Қазақ" газеті және ондағы Ахмет Байтұрсыновтың еңбегіне бағаберу;
  • Қазақ тіліндегі тұңғыш оқулықтар авторы ретінде АхметБайтұрсыновтың ағартушылық қызметін саралап, зерделеу;
  • Халық ағарту комиссары ретінде атқарған қызметіне баға беру.

Қазақстанды Ресейге қосылуының аяқталуы отаршылық саясаттың

күшеюіне үлкен жол ашты. Ресейде капитализмнің басқа аумақтарға ұмтылуына мүмкіндік туды. Аймақтарды отарлау орыс тарихының реформаға дейінгі жағдайына қарағанда, капиталистік кезеңінде кеңінен жүргізіле басталды.

Ресей капитализмінің отаны ретінде Қазақстанда негізінен өнеркәсіптің екі саласы, жергілікті шикізаттар саласы дамыды. Бұлар тау-кен өндірушісі және кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ ауыл шаруашылық, көбінесе мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп. Тау-кен өнер кәсібі кеңіді. Алтайды және Орталық Қазақстанда дамыды. Онда түсті металдар мен көмір кен орындары игеріле бастады. Әрине бұл өнеркәсіптің жоспарлы дамуы болған жоқ. Кен орындары және кәсіпкерлерге сатылды, олар 20 жылдан пайдаланып кен қоры азайысымен, ол кен орындарын тастап кетті. ХІХғ. аяғында Алтайда А. Демидовтың зауыттарымен кеніштері пайда болды, ол қайтыс болғаннан кейін кен құрамында күмістің табылуына байланысты "Кабинеттің (патша әулетінің ) меншігіне өтті. Бұл өнеркәсіп орындарында басыбайлы шаруалардың еңбегі пайдаланылды, артта қалған техника қолданылды. 1897ж. Зырянда байыту фабрикасын салу, неғұрлым жетілген өндіріс техникамен техналогиясын қолданды.

Орталық Қазақстанда көмір және түсті металдар кен орындарын пайдалану неғұрлым табысты болды. Оларға XIX ғасырдың 30 жылдарда орыс кәсіптік капиталы назар аударған болатын, бұған мұнда патша әулетінің монополиясының болуы да ықпал етті.

1834 жылы Көпес С. И. Попов Қарқаралы уезінде Богословск күміс-қорғасын және баска да бай кен орындарын игере бастады. 1839 жылы ол қорғасын мен күміс балқытуға арналған Благодатно-Степановский зауытын, ал 1849 жылы Александровск (Баянауыл) зауытын салды. Жиырма жылдан сәл астам уакыт пайдаланғаннан кейін екі зауытта өз жұмысын тоқтатты. С. И. Поповтың мұрагері 1858-1859 ж. ж. Новониколаевск күміс-қорғасын (Богословск кен орын негізінде) салды.

XIX ғасырдың 40 жылдары көпестер И. Ушаков, А. Рязанов, Н. Зотов жергілікті байлардан Қарағанды көмір кенішін, Успенск мыс кеніші бар алқабын, Жезқазған мен Спаск-Вознесенск кенді аудандарын арзанға сатып алып, мыс өндірумен айналысты. С. А. Попов (С. И. Поповтың немересі) 1887-1888 ж. ж. Қарқаралыга жакын жерде Косьмо-Демьянск,

Балкаш келінін, жағалауына жақын жерде Степановск зауыттарының негізін қалады.

Бұл өнеркәсіп орындарының бәрін кәсіпкерлер жергілікті
қаражаттары мен тәжірибесі болмай, өндіріс техникасы төмен және білікті
жұмысшылары жоқ жағдайда салып пайдаланды.

Олардың иелерінің көпшілігі оңай пайда тауып кетті де, ақыр аяғында күйзеліске ұшырады.

XX ғасырдың басында Қазақстанның экономикасы жалпы-ресейлік экономикаға системасына барынша тартылды. Қазақстан еңбекшілерін отаршылық қанау күшейді, оның табиғат байлықтарын аямай пайдланушылық кең өріс алды. Капиталистік қатынастардың казақ даласына енуі көшпелі және жартылай көшпелі мал өсірушілікпен айналысатын қазақ ауылда патриархалдық - феодалдық катынастардың процессін тездетті. Өлкеде өнеркәсіптің жаңа салалары пайда болды. Қоғамдық еңбек бөлінісі одан әрі дамып, жұмысшы табы қалыптасты. Қазакстанның экономикасына шет елдерден капитал әкеліне бастады. Капиталистер өлкеде, Ресейдің орталық аудандарына шикізат пен азық-түлікті жеткізіп тұруды камтамасыз ететін өндіріс тарауларының өркендетілуіне ғана жол берілді.

Орыс капиталы мен шетел капиталы көбінесе кен қазу өнеркәсібіне жұмсалды. Қазақстан Ресей капиталистік өнеркәсібі үшін зат өткізу рыногы және шикізат алудың көзі болды. Мұнымен бірге Қазақстан капиталистік өндіріске барған сайын күшті тартыла түсті. Орыс капиталистері енді өздерінің капиталдарын отарларға шығарып, бұларда-өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыруды тиімдірек деп есептеді.

Олар үшін Қазақстанда капитал жұмсау жағдайы өте-мөте қолайлы болған еді. Орасан байтақ жер, кен байлығы, арзан жұмысшы күші, жаңа темір жолдар салуға мүмкіндік болуы-шеттен капитал әкеліп, көптеген пайда табудың осы қажетті шарттарының бәрі болды.

Бірақта Қазақстанның өнеркәсібі ол кезде әлі де өте нашар дамыған еді. Өнеркәсіптің негізгі түрі кен өндірісі болды. Дегенмен, мұнай да азғантай ғана рудниктер, шахталар мен заводтар болды, оның бер жағында бұлардың техникалық базасы нашар еді. Ауылшаруашылық шикізатын алғаш өндейтін кәсіпорындар тез өсті. Бұлар: диірмендер, шарап қайнату, май шыжғыру, сабын қайнату, былғары илеу, май айыру заводтары, жүн жуу кәсіпорындары т. б. Бұл кәсіпорындардың бәрінде қол еңбегі басым болды. Машиналар мен механикалық двигательдер өндіріске баяу енгізілді.

Өнеркәсіптің нашар өркендеуінің басты себептері елдің экономика жағынан жалпы артта қалғандығы және патша үкіметі мен орыс капиталистердің отарлаушылық саясаты болды.

XX ғасырдың басында шетел капиталы-Қазакстанға қарай ұмтылды. Патша өкіметі, импералистік мемлекеттерден тәуелді болғандықтан, әрі

орыс өнекәсібіне, әрі Ресейдің шеткері аймақтарының байлықтарына шетел емін-еркін жол ашты. Қазақстандағы түсті және асыл металдардың, көмір және мұнайдың бай кен орындарын иеленіп алған патша мен оның сыбайластары шетел капиталистеріне сатып отырды. 1896 жылы Зыряновск кен орны "Зыряновскінің кен өнеркәсіп қоғамын" кұрған капиталистерінің колына берілді. 1904 жылы Австрияның князі Турни Гаксис, партия ордасындағы өзінің байланысын пайдаланып, бүкіл Алтайдағы кен орындарын концессияға алды. Дәл сол жылы Қарағанды көмір кендері, Успенскінің мыс руднигі және Спасскінің мыс қорыту заводы француздың бұрынғы Президентінің баласы Карно деген капиталисіне концессияға берілді.

АҚШ империалистері де Қазақстанның байлықтарына қол созды. Американдар "Спасск қоғамы" акцияларының иесі болды. Американ капиталисі мен миллиардер Морган "Орыс-Азия" корпорациясының мүшелері болды, бұл корпорация Қазакстанда екі "ҚЫЗ" қоғамын кұрды, бұл қоғамдарға Риддердегі полиметал кен орындары мен Екібастұз көмір ауданын пайдалануды монополиялап алған еді.

Шетел капиталистері мемлекеттік аппаратпен тығыз байланысты болды. Патшаның ең ірі ұлықтары пара алып, шетелдіктерге Қазақстандағы және еліміздің басқа да аудандарындағы пайдалы кендердің ең бай кен орындарын алуына көмектесіп отырды. Мәселен, Романовтардың князімен Статский толық советник Федоров концессиялар беруде делдалдық етіп араға жүргені үшін ағылшын капиталисі Урквеер Ган "Риддердің акционерлік қоғамының" акциялары түрінде үлкен пара алған.

Шетел капиталы көбінесе кен шығару өнеркәсібіне ұмтылды. Шетел капиталистерін өте-мөте тарта түскен нәрселер, түсті металдар, алтын, көмір, мұнай болды. Концессиялардың көпшілігі нағыз жалдаптық сипатта болды.

Табиғат байлықтары рәсуәлік әдістермен пайдаланылды. Капиталистердің жабдыққа өндірісті механизациялауға жұмсаған шығындары болмашы ғана болды.

Орыс және шетел капиталистері өнеркәсіп пен кен байлық орындарын өте арзан бағаға сатып алды. Мысалы: Спасск-Вознесенский руднигін-228 сом 57 тиынға, Успенсск руднигін-86 сомға, Жезқазған 100 сомға, Саранск 114 сомға, Қарағанды-көмір шахталары Ушаков деген көпеске 255 сомға сатылған.

Осы кезде химия өнеркәсібінің негізі салына бастады. Шымкентте 1882 жылы Сантонин зауыты салынып, оның өнімдері Англияға, Америкаға, Германияға, Индияға, Жапонияға шығарылды.

Айта кететін елеулі өзгеріс, ол өлкеде қала тұрғындарының саны едәуір өсті. Мәселен, Семей қаласында 1903 жылы 27334 адам тұрса, 1909 жылы-31382, ал 1914 жылы 35000 жан тұрды. Қала тұрғындарының саны негізінен Ресейден көшіп келген қоныс аударушылар есебінен өсті. Құрамына қарай олар қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагер және жай еңбекшілерге бөлінді.

Петропавл қаласында 21750 адам тұрды, 66 кәсіпорындарында 1375 жұмысшы болды. 1879 жылы орнатылған Қостанайда 18 жылдың ішінде қала тұрғындары 2, 5 есе өсіп, 14, 3 мыңға жетті. Қала тұрғындары Павлодарда, Қарқаралыда, Көкшетауда, Ақтөбе, Зайсан, Шымкент, Әулие-ата өсті.

Капитализм Қазақстанның ауыл шаруашылығында да өркендеді. Орыс шаруаларының қоныс аударып көшіп келуінің өлкенің ауыл шаруашылығының жағдайына әсерін тигізді. Ресейде XX ғасырдың басында өрістей түскен шаруалар қозғалысы патша үкіметі мен орыс помещиктерінің зәресін алды: олар бұл жағдайдан шаруаларды елдің шеткері аймақтарына қоныс аударуы арқылы кұтылуға жол іздей бастады. 1901 жылы патша үкіметі жеке адамдарға қазақ жерлерін кесіп беру туралы заң шығарды. 1904 жылы шаруаларды Ресейдің орталығынан шеткері аймақтарына қоныс аударту істерінің бәрін басқаратын Қоныс аудару басқармасы құрылды.

1904 жылы 6 маусымда патша үкіметі "Село тоғышарлары мен жер иеленуші мещандардың өз ықтиярларымен қоныс аударуы туралы" заң шығарды. Қоныс аудару баскармасы қазақтардың жерлерінен жер кесіп алды, сөйтіп қоныс аударту қорын толықтырып отырды. Қоныс аударылып келгендердің басым көпшілігі жаңа жерлерге күйзеліп келді, материалдық жәрдем керек етті. Қоныс аудару басқармасының чиновниктері жерді сататын болған. Әсіресе "өз бетімен" келген қоныс аударғандардың күйі өте-мөте ауыр еді.

Қазақ ауылында да капиталистік қатынастардың дамуы күшейе түсті. Заттай шаруашылық ыдырап, ауылға капиталистік қатынастардың енуіне байланысты кәсіп іздеушілік онан әрі өрістеді. Кедейленген шаруалар табыс іздеп ауылдан калаға, селоға, рудниктерге, зауыттарға кетіп жатты. Шет кәсіп іздеген кедейлердің өзінің жұмысшы күшін сатуы зор маңызы бар құбылыс болды, өйткені мұның өзі Қазақстанда капитализмнің дамуын көрсетті.

Осы кезеңде Қазақстанның солтүстік және батыс аудандарында жер өңдеу үшін соқа, косилка, сеялка, молотилка, ат тырмаларын және басқаларын қолданып отырған. Ірі қалаларда ауыл шаруашылық құ-ралдарымен, машиналармен жабдықтап тұрған көше сауда базалары мен коймаларын салды.

Шикізаттарды, ауылшаруашылық өнімдерін Ресейдің өнеркәсіп орталықтарына шығару үшін темір жолдар салынды. Ақмола облысының Петропавл, Омбы уездері арқылы Транссібір магистралы өтті. 1902-1905 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолы негізінен Қазақстан жерінен өтті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес өкіметіне қарсы саяси күштері
Ғалым, ағартушы, тілші - Ахмет Байтұрсынов
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
Ахмет Байтұрсыновтың мұраларының ғылыми-педагогикалық негіздері
А.Байтұрсынов мұраларының ғылыми педагоги- калық негіздері
Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармашылығы
Ахмет Байтұрсыновтың әдебиетте алатын орны
Қ.Жұбановтың тілдік мұрасы
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz