«Эйр Астана» АҚ-ның Іскерлік этика кодексі


Кодекс миссиясы
«Эйр Астана» АҚ-ның (бұдан əрі - Қоғам) Іскерлік этика кодексі - Қоғамды дамытуға жəне оның
мүдделі тұлғалармен халықаралық іс-тəжірибеде қабылданған этикалық нормалары мен Қазақстан
Республикасының заңдарын қолдану негізінде тиімді өзара əрекеттесуіне арналған басқару
құралы.
Кодекс мақсаттары
Қоғамның Іскерлік этика кодексі (бұдан əрі -Кодекс) корпоративтік басқару үрдісінің тиімділігін
арттыруға, корпоративтік мəдениеттің дамуына жəне Қоғамның мүдделі тұлғалармен іскерлік
əдеп тəжірибесін қолдану арқылы табысты қарым-қатынасына мүмкіндік туғызады.
Кіріспе
Осы Іскерлік этика кодексі корпоративтік басқару саласындағы халықаралық іс-тəжірибеге жəне
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына, Қоағмның ішкі құжаттарына, соның
ішінде Копоративтік басқару кодексіне сəйкес əзірленді жəне іскерлік этиканың іргелі
құндылықтары мен қағидаларын, іскерлік өзара қатынастардың этикалық нормаларын белгілейді.
Кодексте мынадай ұғымлар мен терминдер пайдаланылады:
1. Іскерлік этика - өз қызметінде Қоғам, оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері
басшылыққа алатын іскерлік мінез-құлықтың этикалық қағидалары мен нормаларының
жиынтығы;
2. Лауазымды тұлғалар - Директорлар кеңесінің мүшелері жəне Атқарушы орган қызметтерін
дара жүзеге асырушы тұлға;
3. Мүдделі тұлға - Заңнамада жəне Жарғыда қарастырылған құқықтарының іске асырылуы
Қоғам қызметімен байланысты тұлға;
4. Корпоративтік мəдениет - Қоғамға тəн өзіндік мінез-құлық жəне қатынас құндылықтары,
қағидалары мен нормалары;
5. Корпоративтік хатшы - Қоғамның корпоративтік хатшысы;
6. Қызметкер - Қоғаммен еңбек қатынастарындағы жəне тікелей еңбек шарты бойынша жұмыс
істейтін тұлға.
Іскерлік этика кодексінің қолданылуы
Қоғам өз қызметін этикалық нормаларды сақтай отырып, қазақстандық заңнама мен халықаралық
іс-тəжірибеге толық сəйкестікте əділ əрі адал жүзеге асырады.
Қоғам лауазымды тұлғалармен, қызметкерлермен жəне мүдделі тұлғалармен қарым-қатынастарда,
стратегиялық маңызды, сондай-ақ Қоғам ұшырасатын күнделікті жағдайларда іскерлік шешім
қабылдау үшін осы Кодекстің ережелерін қабылдайды жəне қолданады.
Осы Кодекс Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің акционерлермен,
клиенттермен, қызмет көрсетушілермен, бəсекелестермен жəне басқа да мүдделі тұлғалармен
өзара əрекеттестігіне қолданылады.
Қоғам лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің Қоғамның іскерлік этика жөніндегі ішкі
талаптарымен танысуын қамтамасыз етуі тиіс. Өздерінің қызметтік міндеттерін орныдау
барысында Қоғамның дауазымды тұлғалары мен қызметкерлері іскерлік этиканың ең жоғары
үлгілерін ұстанулары тиіс. Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің мінез-құлықтары Қоғамның
адалдығына немесе іскерлік беделіне күмəн келтірмеуі немесе басқадай жолмен Қоғамныңабыройын түсірмеуі тиіс жəне осы Кодексте баяндалған қағидаларға, стандарттар мен талаптарға
сай болуы тиіс.
1 Бөлім. Іскерлік Этика Құндылықтары мен Қағидалары
1. 1 Қоғам қызметінің негізін қалайтын корпоративтік құндылықтар - оның қызметкерлерінің
парасаттылығы, сенімділігі мен кəсіпшілдігі, бір-біріне, мүдделі тұлғалар мен жалпы қоғамға
деген құрмет.
1. 2 Қоғам мынадай əскерлік этика қағидаларын басшылыққа алады:
1. 2. 1 Жауапкершілік - біз өзіміздің мінез-құлқымыз бен əрекеттеріміз үшін жеке жауаптымыз.
1. 2. 2 Шыншылдық - шындыққа тең келер ешнəрсе жоқ.
1. 2. 3 Ар-намыс - біз істегенімізді айтамыз; біз айтқанымызды орындаймыз.
1. 2. 4 Ашықтық - бізге сұрақ қойғанда тура жəне шын жауап береміз.
1. 2. 5 Құрмет - біз əрбір адамды қадірлейміз жəне оған лайықты, құрметпен қараймыз.
1. 3 Қоғам өз қызметін жүзеге асыру барысында:
1) өз қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің заңдары
нормаларын қолданады;
2) адам құқықтарын сақтау мен құрметтеуды қамтамасыз етеді;
3) лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерге əділ, құрметпен жəне этикалық нормаларды ұстана
қарайды;
4) қоршаған ортаны қастерлейді жəне аялайды.
1. 4 Қоғамның этикалық нормалары іскерлік қарым-қатынастардың мынадай негізгі салаларын
реттейді: Қоғамның лауазымды тұлғаларымен жəне қызметкерлерімен, акционерлерімен,
мемлекеттік органдармен, іскер серіктестермен жəне жұртшылықпен қатынастарын.
1. 5 Жұмысты тиімді ұйымдастыру Қоғам мен барлық мүдделі тұлғалар арасындағы өзара
міндеттемелерге құрылған. Өзара міндеттемелерді орындау - сындарлы жұмыстың қажетті
шарты.
2 Бөлім. Іскерлік қарым-қатынастардың этикалық нормалары
2. 1 Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер
2. 1. 1 Мүдделер қақтығысы
Мүдделер қақтығысы - Қоғамның лауазымды тұлғасының немесе қызметкерінің жеке мүдделілігі
лауазымдық міндеттердің риясыз атқарылуына ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін жағдай.
Қоғамның ішкі саясатына сəйкес лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Қоғам тарапынан
мүдделер қақтығысының шешілмей қала беруіне келісім алу жағдайларынан басқа кезде
мүдделер қақтығысын шешусіз қалдырмаулары тиіс. Жекелей алғанда, ешбір жағдайда
лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің жеке басының, жанұясының немесе басқа тұлғалардың
игілігі үшін Қоғамдағы өз қызмет бабын пайдалануға немесе пайдалануға талаптануға құқығы
жоқ.
Мүдделер қақтығысының болуынан хабардар, я болмаса оның туындау мүмкіндігіне алаңдайтын
əрбір қызметкер бұл мəселені Қоғамның тиісті лауазымды тұлғаларымен кідіртпестен талқылауы
тиіс
2. 1. 2 Мүмкіндіктер мен ақпаратты теріс пайдалану
Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер Қоғамның іскерлік мүддесін қажетінше барлық жағдайда
тиісінше қорғаулары тиіс. .
Қоғам ұсынылған мүмкіндікті қабылдамаған жағдайлардан басқа кезде, лауазымды тұлғалар мен
қызметкерлерге корпоративтік меншікті, ақпаратты жəне Қоғамдағы қызмет бабын пайдалану
арқылы туындауы мүмкін іскерлік мүмкіндіктерді пайдалануға немесе оларды үшінші тұлғаларға
беруге тыйым салынады.
Жалпы ереже ретінде, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерге жеке басының игілігіне
корпоративтік меншікті, ақпаратты немесе қызмет бабын пайдалануға, я болмаса Қоғаммен
бəсекеге қатысуға тыйым салынады.
Белгілі бір əрекеттер жеке басқа да, Қоғамға да пайда əкелетін жəне қызметкердің жеке игілігі мен
Қоғам игілігі арасына шек қою қиын болатын кейбір жағдайларда іскерлік этика тұрғысынан
Қоғам қызметкерлері үшін бірден-бір дұрыс əрекет - Қоғам меншігін немесе қызметтерін тек
Қоғамға ғана пайда əкелумен шектелмейтін кез келген пайдалану Қоғамның уəкілетті лауазымды
тұлғаларымен алдын-ала келістірілуі тиіс.
2. 1. 3 Құпиялық
Қоғам істерін жүргізу барысында лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер Қоғамның, оның
клиенттерінің, жабдықтаушылардың немесе Қоғам іскерлік қатынастар орнатқан басқа
тұлғалардың жабық ақпараты мен коммерциялық құпиясына рұқсат алады.
Қоғам мəлімдеуге рұқсат еткен немесе заң талаптарына сəйкес жариялануы міндетті жағдайдардан
басқа кезде, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер өздеріне сеніп тапсырылған бүкіл ақпараттың
құпиялығын сақтаулары тиіс.
Қоғамның жəне онымен байланысты компаниялардың жабық ақпараты мен коммерциялық
құпияларына көпшілік қолданысқа арналмаған, жариялануы Қоғамға немесе онымен байланысты
компанияларға нұқсан келтіріп, бəсекелестерге пайда немесе ұтыс əкелуі мүмкін кез келген ішкі
ақпарат жатады.
Қоғам жеке деректердің құпиялығын құрметтейді əрі қорғайды жəне ақпараттық қауіпсіздік
саясатын қолдайды. Қоғам мемлекеттік құпияны құрайтын ақпаратты қорғауға жəне ұлттық
қауіпсіздік талаптарын сақтауға міндеттенеді.
2. 1. 4 Қоғам мүлкін қорғау жəне мақсатты пайдалану
Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің барлығы өздеріне сеніп тапсырылған Қоғам мүлкін
сақтауды жəне оның тиімді мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етулері тиіс.
Қоғамның кез келген мүлкі тек қана Қоғам қызметімен байланысты заңды мақсаттарда
пайдаланылуы тиіс.
2. 1. 5 Бизнесті жүргізу стандартары
Қоғам заңсыз немесе этикаға жатпайтын қызмет арқылы бəсекелік артықшылықтарға ие болуға
ұмтылмайды.
Əрбір қызметкер Қоғамның клиенттерімен, жабдықтаушыларымен жəне бəсекелестерімен істерді
адал əрі сапалы жүргізуге ұмтылуы тиіс.
Өзінің қызметтік міндеттерін орындауда жəне Қоғам істерін жүргізуде ешбір қызметкер кімді де
болсын қулық, жасыру, жабық ақпаратты теріс пайдалану, айғақтарды бұрмалау немесе басқа
əділетіз əрекеттер арқылы адастырмауы тиіс.
Қоғам қызметкерлерден басқа тұлғалармен өзара əрекеттестікте мынадай жеке мінез-құлық
стандарттарын ұстануды талап етеді
Қызметкерлер өздерінің Қоғамдағы қызметтік міндеттерін атқару барысында қабылдайтын
шешімдеріне ықпал етуі мүмкін, немесе басқа адамдарға шешімдерге ықпал ететіндей көрінуі
мүмкін кез келген сырттай мүдделіліктен аулақ болулары тиіс. Мұндай сырттай мүдделілікке
Қоғамның атқарушы органының алдын-ала келісімінсіз Қоғамнан тыс жерде қосымша жұмысқа
орналасу мысал болады.
Қызметкерлер қызмет бабын немесе Қоғамдағы лауазымын, мəселен, клиенттерден,
жабдықтаушылардан немесе Қоғам сауда-саттығымен байланысты қызмет нəтижесінде
туындауы мүмкін жеке пайданы алу үшін теріс пайдаланбаулары тиіс.
Қоғамның ешбір қызметкері Қоғамға тауарлар мен қызметтерді жеткізушінің немесе
потенциалды жеткізушінің, Қоғамның қайсыбір мемлекетте іс жүргізуімен байланысты туристік
немесе жүк тасымалдау агенттігінің, билеттерді сату жөніндегі агенттіктің директоры,
акционері, серіктесі немесе басқадай жолмен байланысты тұлғасы болмауы тиіс. Қызметкер
мұндай ақпаратты Атқарушы органға жеткізгеннен басқа жағдайларда, бұл ереже ерлі-
зайыптылар мен жақын туыстарға да қолданылады.
Қызметкерлер ешқашан да алаяқтықтыққа - мəселен, Қоғам мен оның клиенттері өтеуі тиіс
шығындар мен уақыт есебін жалған жүргізуге жол бермеулері тиіс.
Қызметкерлер өз əрекеттерімен немесе сөздерімен қандай да болмасын тұлғаға қысым
көрсетпеулері, қорқыту немесе басқадай жолмен қорламаулары тиіс.
Қызметкерлер телефон байланысы, электрондық пошта, Интернетке қатынау сияқты Қоғам
ресурстары мен құрал-жабдықтарын жауапкершілікпен жəне Қоғамның ішкі саясаты мен
ережелеріне сəйкес пайдаланулары тиіс.
Қызметкерлер жеке деректер мен Қоғамның коммерциялық құпияларын қадірлеулері жəне
олардың құпиялығын сақтаулары тиіс.
Қызметкерлер қылмыстық іске, жекелей алғанда, қару-жарақ, оқ-дəрі, есірткі заттарын жəне
т. с. с. пайдалану, сауда-саттығы немесе сатып алуға көмектесу сияқты істерге араласпаулары
тиіс.
Қызметкерлер басқа тұлғалардың этикаға жатпайтын қылықтарына қарсы тұрулары жəне
мұндай жағдайлар туралы тікелей басшылыққа немесе Қоғамның басқа ішкі механизмдері
арқылы баяндап тұрулары тиіс. Қоғамның іскерлік этика қағидаларын бұзушылықтарға қарсы
тұру өте маңызды, өйткені мұндай жөнсіздіктер басқа тұлғаларға да, Қоғам қызметкерлерінің
өздеріне де елеулі нұқсан келтірулері мүмкін. Қоғам жағдайды дер кезінде түзету мүмкіндігін
алу мақсатында іскерлік этиканы бұзушылықтың барлық мүмкін жағдайлары туралы ақпаратты
уақтылы алуға мүдделі. Ең жақсы шешім - мұндай жөнсіздіктерді олар орын алғанға дейін
шеттету.
Жоғарыда аталған стандарттар қызметкерлерге іскерлік этика мəселелері бойынша қойылатын
талаптардың толық тізімі емес. Заңсыз, əділетсіз, басқа тұлғаларға нұқсан келтіретін немесе
Қоғамның ішкі ережелері немесе стандарттарын бұзатын кез келген əрекеттер жөнсіздік болып
табылады. Қоғам қылықтары Қоғамның іскерлік этика стандарттарына сай келмейтін
қызметкерлер қатысында тəртіп шараларын қолданады. Қауіпті жөнсіздік жағдайларында
сыртқы құқық қорғау органдары да шақырылуы мүмкін.
2. 1. 6 Саяси ықпал жəне аффилиирленгендік
Қоғам саяси партияларға немесе оның өкілдеріне жарна төлемейді. Қоғам ең алдымен əрбір
қызметкердің саяси партияларға жеке жарна төлеу құқығын құрметтейді.
2. 1. 7 Парақорлық жəне сыбайлас жемқорлық
Парақорлық қылмысты құқық бұзушылық болып табылады. Лауазымды тұлғалар мен
қызметкерлер қандай да болмаын мақсатпен ешбір тұлғаға пара бермеуі немесе заңсыз сыйақы
ұсынбаулары тиіс. Пара беруде үшінші тұлғаларды делдал ретінде пайдалану заң бойынша
қудаланады. Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер парақорлыққа тікелей, жанама немесе басқа
жолмен араласпаулары я болмаса жəрдемдеспеулері тиіс.
2. 1. 8 Жұмыс ортасы
Қоғам əрбір қызметкер тұлға ретінде бағаланатын сыйластық пен сенім жағдайын қамтамасыз
етеді. Қоғам еңбек қорғау, қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауда жоғары стандарттарға қол
жеткізуге ұмтылады. Əрбір қызметкер Қоғамның ішкі саясаты мен ережелерін іске асыруға қолдау
көрсетуі тиіс. Қоғам мен оның қызметкерлері Қоғам қызметінің барлық салаларында қауіпсіздікті
қамтамасыз ету саясатын ұстанулары тиіс. Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер Қоғамның ішкі
саясаты мен ережелерінің, еңбек келісім-шарттарының, қолданыстағы заңнама мен қауіпсіздікті
қамтамасыз ету мəселелері жөніндегі стандарттар талаптарын орындаулары тиіс.
2. 2 Акционерлер
2. 2. 1 Акционерлердің мұраты - Қоғамның даму стратегиясының өзегі, оны əзірлеп, жүзеге асыруға
Қоғам жауапты.
2. 2. 2 Акционерлермен өзара қарым-қатынас жүйесі Қазақстан Республикасының заңдары, Қоғам
Жарғысы мен ішкі құжаттары талаптарына, соның ішінде Корпоративтік басқару кодексі
ережелеріне сəйкес айқындық, есептілік жəне жауапкершілік қағидаларына негізделеді. Қоғам
акционерлермен қарым- қатынастарына қатысты нақты рəсімдер белгілейді.
2. 2. 3 Қоғам мен акционерлер арасында ақпарат алмасу тəртібі Заңмен, Қоғам жарғысымен жəне
ішкі құжаттарымен реттеледі.
2. 3 Мемлекеттік органдар
2. 3. 1 Қоғам мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынастарды Қазақстан Республикасының
заңдары талаптарына, Қоғам Жарғысына жəне ішкі құжаттарына, соның ішінде Корпоративтік
басқару кодексі ережелеріне сəйкес, тараптар тəуелсіздігі негізінде жүзеге асырады.
2. 3. 2 Қоғам мемлекеттік органдары тарапынан да, Қоғамның лауазымды тұлғалары мен
қызметкерлері тарапынан да сыбайлас жемқорлық пен басқа да заңға қайшы əрекеттерді
болдырмау үшін барлық күш-жігерін жұмылдырады.
2. 4 Іскер серіктестер
2. 4. 1 Қоғам іскер серіктестермен өзара пайда, айқындылық жəне келісім шарттарына сəйкес
қабылдаған міндеттемелер үшін толық жауапкершілік қағидалары негізінде өзара əрекеттеседі.
2. 4. 2 Қоғам іскер серіктестермен келісім-шарттардың/шарттардың ережелерін қолданады жəне
оларға қатысты өз міндеттемелерін орындайды.
2. 4. 3 Қоғам өз қызметінде іскер серіктестерге негізсіз жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге жол
бермейді.
2. 4. 4 Қоғам тауарлардың, қызметтердің ең үздік сапасын, шарттарын ұсынатын жəне беделі жақсы
жабдықтаушыларды таңдайды.
2. 4. 5 Қоғам адал əрі əділ, беделді, Қоғам стандарттарына сай консультанттарды тағайындайды.
2. 4. 6 Қоғам кеңесшілерді, консультанттарды немесе сатылым жөніндегі агенттерді олардың
қызметтеріне іскер қажеттілік болған жəне сыбайлас жемқорлық қаупі болмаған жағдайда
тағайындайды, оны Қоғам осы тұлғалар санатын шақыру туралы мəселені қарастыру нəтижелері
бойынша анықтауы тиіс.
2. 4. 7 Қызметкерлер Қоғамның кеңесшілерді, консультанттарды немесе сатылым жөніндегі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz