Яссауидiң сопылық танымы



1 Яссауидiң сопылық танымымен қарым.қатынасы
2 Мұсылмандық шығыстың айтулы классиктерiнде суфизм дүниетанымы
Абай мен Шәкәрiм мұрасының жалпы суфизмге, оның iшiнде Яссауидiң сопылық танымымен қарым-қатынасы жайлы мәселеге абайтанудың жүз жылдық тарихында тiкелей де, жанама түрде де пiкiр айтылған емес. Абайдың әдеби мұрасының рухани нәр алған көздерiнiң бiр саласы ретiнде Шығыстың рухани қазына көздерi деген ұғым ғылыми тұрғыдан танылып мойындалса да, бұл саланың арнайы зерттеу нысанасына алынып, меңгерiлуiне әр қилы жасанды саяси-әлеуметтiк тосқауылдар болып келдi. Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайлы пiкiр айтқан Абайды танушы қаламгерлердiң шығыс тiлдерiн бiлмеуi немесе Орталықтан евроцентристiк танымның насихатталып, ақыл ой-сананы тұтқындауы, оқтын-оқтын ақыл-ой иелерiн саналы түрде қуғынға алып, көзiн жойып отырудың етек алуы да алға басуға оралғы бола бердi.
Әсiресе, СОКП ОК-нiң Ұлы Отан соғысынан кейiн қабылданған қаулыларының iшiндегi 1949 жылы космополитизм туралы арнайы саяси-идеологиялық мақсатпен қабылданған қаулысы қалың оқырман қауымға беймағлұм кедергiлерге толы болатын-ды. Тек совет халықтар атынан орыстың тарихы мен мәдениетiн, ғылымын таза орысшылдық пиғыл тұрғысынан мадақтап, көпұлтты совет халқының санасына сол пиғылды орнықтыруды мақсат еткен аталмыш қаулының саяси астары өте жымысқы мұрат-мақсатты көздеген болатын-ды. Бұл қаулының астарында жатқан саяси-идеологиялық мақсат Одақтағы түркi тiлдi халықтардың мұсылмандық Шығыспен мың жылдан астам қоян-қолтық араласудан туған рухани байланысты үзудi, олармен рухани-мәдени байланысы қалыптасқан халықтың тарихи есiн жойып жiберiп, одан мүлде адастыруды көздедi. Мiне, осы саяси-идеологиялық мақсат тұрғысынан келiп қоғамдық ғылымдар саласында бұл мәселе туралы зәредей пiкiр айтуына, зерттеп, танып бiлуге қатаң тыйым салынып, тiлге кiсен, ой-пiкiрге тұсау салынды.
1937 жылы жүргiзiлген рухани қасiрет пен халықтың ақыл-ой иелерiн, яғни зиялы қауымды тұтас жойып жiбергенге дейiн түркi халықтар әдебиетiнде Шығыстың рухани қазына көздерiмен қарым-қатынас мәселесi аздап болса да әуже алып, пiкiрлер көтерiлiп, ол саланы танып-бiлуге ұмтылыстың болғаны рас. Бiрақ бұл салада пiкiр айтып көзге түскен ерекше даярлығы бар ғалымдардың саналы түрде жойылып кетуi себептi, терең тамырлы зерттеулер бiздiң ұлттық әдебиетiмiзде қозғалмай, тасада қалып кете бердi.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Абай мен Шәкәрiм мұрасының жалпы суфизмге, оның iшiнде Яссауидiң сопылық
танымымен қарым-қатынасы жайлы мәселеге абайтанудың жүз жылдық тарихында
тiкелей де, жанама түрде де пiкiр айтылған емес. Абайдың әдеби мұрасының
рухани нәр алған көздерiнiң бiр саласы ретiнде Шығыстың рухани қазына
көздерi деген ұғым ғылыми тұрғыдан танылып мойындалса да, бұл саланың
арнайы зерттеу нысанасына алынып, меңгерiлуiне әр қилы жасанды саяси-
әлеуметтiк тосқауылдар болып келдi. Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайлы
пiкiр айтқан Абайды танушы қаламгерлердiң шығыс тiлдерiн бiлмеуi немесе
Орталықтан евроцентристiк танымның насихатталып, ақыл ой-сананы тұтқындауы,
оқтын-оқтын ақыл-ой иелерiн саналы түрде қуғынға алып, көзiн жойып отырудың
етек алуы да алға басуға оралғы бола бердi.
Әсiресе, СОКП ОК-нiң Ұлы Отан соғысынан кейiн қабылданған қаулыларының
iшiндегi 1949 жылы космополитизм туралы арнайы саяси-идеологиялық мақсатпен
қабылданған қаулысы қалың оқырман қауымға беймағлұм кедергiлерге толы
болатын-ды. Тек совет халықтар атынан орыстың тарихы мен мәдениетiн,
ғылымын таза орысшылдық пиғыл тұрғысынан мадақтап, көпұлтты совет халқының
санасына сол пиғылды орнықтыруды мақсат еткен аталмыш қаулының саяси астары
өте жымысқы мұрат-мақсатты көздеген болатын-ды. Бұл қаулының астарында
жатқан саяси-идеологиялық мақсат Одақтағы түркi тiлдi халықтардың
мұсылмандық Шығыспен мың жылдан астам қоян-қолтық араласудан туған рухани
байланысты үзудi, олармен рухани-мәдени байланысы қалыптасқан халықтың
тарихи есiн жойып жiберiп, одан мүлде адастыруды көздедi. Мiне, осы саяси-
идеологиялық мақсат тұрғысынан келiп қоғамдық ғылымдар саласында бұл мәселе
туралы зәредей пiкiр айтуына, зерттеп, танып бiлуге қатаң тыйым салынып,
тiлге кiсен, ой-пiкiрге тұсау салынды.
1937 жылы жүргiзiлген рухани қасiрет пен халықтың ақыл-ой иелерiн, яғни
зиялы қауымды тұтас жойып жiбергенге дейiн түркi халықтар әдебиетiнде
Шығыстың рухани қазына көздерiмен қарым-қатынас мәселесi аздап болса да
әуже алып, пiкiрлер көтерiлiп, ол саланы танып-бiлуге ұмтылыстың болғаны
рас. Бiрақ бұл салада пiкiр айтып көзге түскен ерекше даярлығы бар
ғалымдардың саналы түрде жойылып кетуi себептi, терең тамырлы зерттеулер
бiздiң ұлттық әдебиетiмiзде қозғалмай, тасада қалып кете бердi.
1949 жылғы ОК-тiң космополитизм туралы қаулысынан кейiн, тiптi
әдебиетiмiзде Шығыстың рухани қазынасы жайында шаң бере бастаған
пiкiрлердiң өзi тоқталып қалып, яғни мәселенiң саяси астарынан сескенiп,
бұрын айтылып қалған пiкiрлердiң өзiнен уақыт демiне орай өзгеру белгiлерi
байқалып жатты. Мысал ретiнде алар болсақ, Абайдың Шығысы жайлы ерекше
даярлығы бар, көптеген құнарлы пiкiрлер айтып келген абайтанудың бiрегей
бiлгiрi Мұхтар Әуезовтiң өзi де ой, таным, пiкiр кемесiнiң желкенiн
орталықтан соққан ызғарлы да қатерлi желдiң өтiнен бұра сөйлеуiнде кез
келген оқырман танып-бiле бермейтiн астарлы сырлар жатты.
Абай мұрасының рухани нәр алған көздерiнiң бiрi ретiнде мұсылмандық Шығыс
классиктерiн бөлмей-жармай пiкiр толғап келген М.Әуезов аузы күйген үрiп
iшер дегендей, космополитизм туралы саяси ызғары қатты қаулыдан кейiн
оларды жасанды түрде шекараның ар жағы мен бер жағындағы деп екшей сөйлеуге
мәжбүр болды. Бұлай етпесе қатер бұлтының төнуi мүмкiн едi. Онсыз да 1951
жылы жасанды түрде қолдан ұйымдастырылған абайтану жөнiндегi пiкiр
таласында, яғни аса бiр қатерлi де қиын кезеңде өтуiне байланысты М.Әуезов
абайтанудың сегiз түрлi мәселесiн көтерiп, өз танымын қызу түрде қорғай
бiлдi. Осы сегiз түрлi аса күрделi мәселенiң бiрi ретiнде Абай мұрасының
Шығысқа қарым-қатысы жайында өте сақтықпен пiкiр бiлдiре отырып: ...Өткен
жылдарда жазылған жұмыстарда Абайдың араб-парсы әдебиетiмен байланысы
туралы сараланбаған қате түсiнiк кең өрiс алды. ...Сондай-ақ араб
философтары да оған бейтаныс, белгiсiз болып қала бердi. Рас, ол араб
тiлiнде исламның қағидалық әдебиетiн оқи бiлдi, бiрақ ислам ерекше араб
дiнi болмады, ол да феодализмнiң өзге дiндерi тәрiздес (мысалы христиан
дiнi) космополиттiк дiн едi.
Сонымен Абайдың араб әдебиетiмен тiкелей байланысы белгiленбейдi.
Абайдың ирандық қарым-қатынастарына келсек, мұнда бiз қазақстандық
әдебиетшiлер шығыстанушы ғалымдар мен басқа республикалардың ғылыми
қызметкерлерiмен бiрге ескiлiктi космополиттiк теорияның тұтқынында қалдық.
Абайдың ирандық байланыстары деп қабылданған нәрселер шынтуайтында оның
тәжiк, өзбек, әзiрбайжан классиктерiмен, яғни бүкiл совет елi мойындаған
классиктер, совет шығысының қарт классиктерiмен болған қарым-қатынасы
ретiнде түсiнiлiп және бағалануы керек.
Демек, Араб-парсы байланыстары деген термин Октябрьге дейiнгi –
академиялық Шығысты зерттеудiң ескiлiктi және қолдануға жарамайтын
қалдығы ретiнде бiздiң ғылыми тұрмыстан шығарып тасталуы керек, – деп
орталықтың ұстанып отырған ызғары суық саяси-идеологиялық бағытына
бейiмделе сөйлеп, уақытша шегiнiс жасауға мәжбүр болған қалпын көремiз.
Яғни, Абай оқыған, азды-көптi рухани нәр алған араб, парсы әдебиетi мен
мәдениетiнен, оның ұлы классиктерiнен безiне сөйлеп, пiкiр бiлдiруге
ерiксiз барған. Бұлай етпесе уақыт пен қолайсыз жағдайдың табанында қалып
тапталу қиын емес едi. Дер кезiнде шегiнiс жасай бiлдi. Әрине, уақытша
жағдайға орай болған тактикалық шегiнiстер үшiн Мұхтар Әуезовтi жазғыруға,
немесе пiкiрiн өзгерттi, табансыздық көрсеттi деп айыптаудың ешқандай
негiзi жоқ. Бұған орталықтың ызғарлы саясаты тудырып отырған қысылтаяң
жағдай кiнәлi.
Мiне, жағдай осылайша ұшығып тұрғанда, Абайдың әдеби мұрасының шығыстың
рухани қазына көздерiне байланысты, яғни араб, иран классиктерiмен қарым-
қатынасы космополитизм дақпыртымен күсталанып жатқанда, Абай мұрасының
суфизмге ара қатынасын сөз ету, ол жайында келелi пiкiр бiлдiру қызыл шоқты
жалаң аяқ басудың өзi болып шығатын едi.
Саяси-идеологиялық жағдайға байланысты М.Әуезовтiң өзi Абай мұрасының
мұсылмандық Шығысқа қарым-қатынасы шеңберiн барынша тұқырта шектеп, оны тек
советтiк Шығыстың қарт классиктерiмен тұйықтап, есеппен тартына сөйлеуге
ерiксiз барғаны көрiнiп-ақ тұр. Саяси жағынан мүлде алмағайып мұндай
жағдайда Абай мен Шәкәрiмнiң суфизмге қарым-қатынасы жайында пiкiр толғау
аса қатерлi қадам болар едi.
Дегенмен де М.Әуезов отызыншы жылдар басында жанама түрде болса да, Абай
шығармаларындағы суфизмге өз танымына сүйене отырып, Аллаяр сопы немесе
суфизм идеологтары негiзiн қалаған ал-инсан ал-кәмил, яғни Абайдағы
толық адам, үш сүю жайлы пiкiрлерi абайтанудан оқыған дәрiстерiнде шаң
бере бастаған едi. Бұл құбылысты, әсiресе Абай мұрасының Шығысқа қарым-
қатысы жайында пiкiр бiлдiре келiп: ...Абайдың Науаи, Низами, Физулилерге
көзқарасын Қожа Ахмет Ясауидiң Хикметi тәрiздi мистикалық суфистiк
әдебиетiне деген қатынасынан қапысыз дәлме-дәл ажыратып алу қажет. Алдыңғы
аталғандар Абайды зердесiнiң жоғары дәрежелi шеберлiгiмен, өмiрге деген
гуманистiк көзқарасымен және өздерiнiң эстетикалық пiкiрiмен баураса, Абай
өз тұстастары – Шортанбай, Мұрат, Әубәкiрден айырмашылығы, суфизмге тән жер
бетiндегi тiрлiктi мистикалықпен жоққа шығаруды, оның iшiнде қоғамдық
өмiрдi мiсе тұтпай және оны қайта құру үшiн күрестi мансұқ етуiн
қабылдамайды, – деп орталық тудырған саяси-идеологиялық жағдайға бейiмделе
сөйлеуге ерiксiз барған. Болмаса Науаи, Низами, Физулилердiң суфизммен қоян-
қолтық байланысын бiле отырып, оның тереңдiгiн сезiне отырып, олардағы
сопылық ой-танымды Қожа Ахмет Яссауидiң Хикметiнде баяндалған басты
сопылық танымдардан зерттеп-танып бiлу мiндетiн алға қояды.
Шындығына келсек, осы ұлы ойшыл ақын Абай шығармаларында, оның
дүниетанымында суфизмнiң белгiлi дәрежеде белгi-бедерлерi болған ба немесе
өзiндiк суфизм жөнiнде пiкiр-танымы бар ма деген сұрақ бүгiнде күн
тәртiбiне қойылып отыр.
Абайдың балалық шағында Семейде оқыған Ахмет Риза медресесi жабық оқу
орнына жуық, тәртiбi де қатал әрi дәрiстiң барысында сопылық сарын күштi
болатын-ды.
Орта Азия, Едiл бойы, Кавказ, Қазақстан жерiндегi медiреселерде ислам
дiнiнiң негiздерi басым оқытылғанымен, ол оқу орындарында сопылық поэзияның
классиктерi де молынан оқытылатын. Ал Қожа Ахмет Яссауи, Сопы Аллаяр,
Сүлеймен Бақырғани т.б. сопылық сарындағы шығармалары түркi тiлiнде
басымырақ оқытылатын. Семейдегi Ахмет Риза медiресесi де осы қалыпты
сақтайтын. Сондықтан Семей медiресесiнде дәрiс алған, таза мұсылмандық
дүниетаным мен сопылық әдебиетпен қаныққан Абайды суфизм әсерiнен құлан-
таза аулақ болды деуге келмейдi. Қандай жолмен болса да жаңа талап балаң
ақынның тұтқыр санасында, алғашқы ақындық қадамында, тiптi, келе-келе
кемелденген тұсында да сопылық поэзия мен суфизм танымының белгi бермей
қалуы ойға қона бермейдi.
Мұсылмандық шығыстың айтулы классиктерiнде суфизм дүниетанымы барлығын, ол
құбылысты жете танымайынша, ол ақындар мұрасын танып-бiлудiң қиынға соғарын
проф.Бертельстiң ескертетiнi бар. Осы тұрғыдан қарағанда, Абай
шығармаларында сопылық әдебиеттiң белгiсi мен дүнетанымының көрiнiстерi де
байқалатын тұстары баршылық. Бұлай пiкiр айтуымызға Мұхтар Әуезовтiң 1945-
1946 оқу жылында университетте абайтанудан оқылған лекциясында айтылған ой
желiлерi дәлел боларлықтай айғақты деректер көзiн бередi. Осы дәрiсiнде
М.Әуезов: ...Шығыс ақындарының шығармаларында үлкен орын алған үлгi –
сопылық... Абай жас кезiнде жазған Элиф би өлеңiнде әрiптердi алып
отырып, өлең түрiмен ойнатады. Жалпы өлеңнiң мазмұны аспан тiлегi емес, жер
тiлегi... Құрылысы, стилi жағынан Иузи-рәушаннан басқа... Элиф би мен
Иузи-рәушан өлеңiнiң айырмашылығы, Иузи-рәушанда жер үстiнде көретiн
махаббат емес, сопылық сарында жазылған, – деп балаң ақын өлеңiндегi
сопылық поэзияның белгiсiн дөп басып көрсетедi. Балаң ақын қаламына iлiнген
сопылық сарын белгiлерi, тiптi, кемелденген ақын дүниетанымында да орын
тепкенiн Абайдың өмiрiнiң соңында жазылған Алланың өзi де рас, сөзi де
рас (1902 ж.) деп аталатын атақты өлеңiнде көрiнiс берген үш сүю немесе
иманигүл мәселесi Абай шығармаларында желiлi түрде таратылатыны кездейсоқ
құбылыс болмаса керек-тi. Абай өзiнiң бiрiншi қарасөзiнде ендiгi өмiрiн не
қарекетпен өткiзбегi жайында пiкiр қозғағанда: Сопылық қылып, дiн бағу.
Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңiлiнде, не көрген
күнiнде бiр тыныштық жоқ, осы елде, осы жерде не қылған сопылық? – деп,
дiн бағудан бұрын сопылық қылуды алға қоя сөйлейтiнi бар. Бұл – жай айтыла
салған пiкiр емес, оның астарында терең мәндi мағынасы бар сөз. Өйткенi,
бүкiл түркi халқының бәрiне ортақ ойшыл ақыны, яғни Түркiстанның пiрi
атанған Қожа Ахмет Яссауидiң Диуани хикметiнде баяндалған сопылық
дүниетанымның далалықтар арасында басымырақ таралғанын ескермеске де
болмас. Бабаларымыздың талай буыны Яссауи (хикметiн) жатқа айтып, Мединеде
– Мұхаммет, Түркiстанда – Қожа Ахмет деп зиярат етiп келсе, ол мұраны бiз
советтiк идеологияға ерiп терiстеп келдiк. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Яссауи философиясындағы әлем мәселесі
Қ.А ЯССАУИ ТАСАУУФТЫҚ ІЛІМІНІҢ ТҮРКІ ДҮНИЕТАНЫМЫНА ӘСЕРІ
Абай және Йасауи хикметтері
Қожа Ахмет Яссауидің өмірбаяны
Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолын өз замандастарының еңбектерімен салыстыру арқылы байланыстырып, ойшылдың дүниетанымының әр түрлi қырларына философия тарихы тұрғысынан талдаулар жасауда оның әлемдік философиядағы орнына мән беру
Бала Ахметтен Қожа Ахмет Яссауиға дейін
Қожа Ахмет Яссауи (1093 1094-1166)
Абай Құнанбайұлының дүниетанымы
Қожа Ахмет Яссауи жайлы
Орталық Азиядағы ғалымдар
Пәндер