ИНФОРМАЦИЯ. ИНФОРМАТИКА ПӘНІ


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 158 бет
Таңдаулыға:
1. ИНФОРМАЦИЯ. ИНФОРМАТИКА ПӘНІ
1. 1. Информация. Информатика пәні.
Информация - дәл анықтамасы жоқ ұғым. Бұл сөз латынның "informatio" деген сөзінен алынған. Қазақша мағлұмат, мәлімет деген ұғымдарды білдіреді.
Басқаша айтқанда, түрлі объектілер, құбылыстар мен процестер т. б. жөніндегі жалпы мәліметтерді (мағлұматтарды) информация дейді. Күнделікті өмірде мәліметтер ауызша, жазбаша және т. б. түрде, мысалы, шартты белгілер (сигналдар) арқылы берілуі мүмкін. Сондай-ақ ол кейде жасырылған не шифрланған күйде де беріледі. Мысалы, "Сенбі күні келеміз" сөйлемінен тұратын жеделхат мазмұнын түрлі мағынада түсінуге болады. Біріншіден, бұл күтіп алушылардың дайындалуын талап етуі мүмкін. Ал екіншіден, қандай да бір басқа бір мағынаны білдіруі ықтимал. Мұны тек жеделхат алмасушылар ғана білетіндігі аян.
Информация мазмұнына қарай абсолютгі де болады, яғни әрбір адам оны өзінің шама-шарқына қарай салыстырмалы түрде қабылдайды. Мысалы, "2000 жылы жазғы олимпиада ойындары Австралияда өтеді" атты мәліметтің спорт сүйер барша қауым үшін мәні зор болары анық. Кейбір мәлімет түрлерінің тек жекелеген адам, жанұя мүшелері, ұйым, мемлекет, тіпті бүкіл адамзат қоғамы үшін маңызы болуы мүмкін.
Бірнеше мәліметтерді жалпылап, жаңа мәліметтерді тұжырымдауға болады. Мысалы, Бүкіл қазақстандық халық санағы мен Қазақстан халқының тууы жайлы демографиялық мәліметтерге сүйене отырып, алдағы 10 жылдағы, 20 жылдағы т. с. с. мерзімдердегі халық санын болжауға мүмкіндік бар.
Информатика - информация қасиеттерін және оның берілуі мен автоматты түрде өндеу әдістерін зертгейтін кешенді ғылым. Бұл ғылым XX ғасырдың екінші жартысында пайда болды және оның дамуы электронды есептеуіш машиналарының (ЭЕМ) шығуымен байланысты. Мұнда информацияны өңдеу барысында математикалық әдістер басшылыққа алынатындықтан, ол математика ғылымымен сабақтастықта дамиды.
Информацияны өңдеу есептеуіш техника арқылы жүзеге асырылады. Есептеуіш техника деп сандарды, дәлірек айтқанда, Цифрлық кодтарды сақтауға және өңдеуге арналған Құрылғыларды айтады.
Информатика мен есептеуіш техника (ЕТ) математикамен (Информация теориясы, Математикалық логика, Басқару теориясы т. б. ), физикамен және техникамен (байланыс техникасы, автоматты түрде басқару, робот техникасы т. б. ) тығыз байланыстылықта дамиды. Дәстүрлі түрде есептеуіш техника ретінде электронды есептеуіш машиналары (ЭЕМ) түсініледі.
1. 2. ЭЕМ-нің жұмыс принципі
ЭЕМ-дер информацияны сақтау көлеміне және өңдеу жылдамдығына қарай микроЭЕМ, миниЭЕМ, орта және үлкен ЭЕМ, суперЭЕМ деп бөлінеді. Соңғы жылдары үлкен және аса үлкен интегральдық схемаларды жасау қарыштап дамуына байланысты микроЭЕМ өндірісі, басқаларымен салыстырғанда, алдыңғы қатарға шықты. МикроЭЕМ-нің ең қарапайым түрлеріне арифметикалық, инженерлік және программамен басқарылатын микрокалькуляторлар жатады.
1980-шi жылдардан бастап есептеуіш техникаға қатысты жаңадан "компьютер" (computer) термині пайда болды. Ол ағылшын тілінен қазақшаға аударғанда "есептегіш" (есептеуіш) деген мағынаны білдіреді. Сондықтан қазіргі кезде "ЭЕМ" орнына "компьютер" термині жиі қолданыс табуда.
Компьютерде информация арнайы программалар арқылы өңделеді. Компьютердің негізгі қызметі мынада: информацияны ендіру, оны өңдеу, өңделген информацияны сыртқа шығару, сақтау (1. 1-сурет) .
1. 1 -сурет. Компьютердің жұмыс принципі.
Информация компьютерге кодталған (шифрланған) күйде енгізіледі. Әрбір символ (таңба) компьютер жадында 0 мен 1 цифрларынан тұратын тізбек күйінде сақталады. Компьютер жадына код өткізгіш бойымен электр сигналдары арқылы жіберіледі. Электр кернеуі жоғары болғанда, ол 1-ге, ал төмен болғанда 0-ге тең деп есептеледі.
ЭЕМ-нің жұмыс принципі екілік санау жүйесіне негізделген. Техникалық тұрғыдан алғанда, ЭЕМ тек екі жағдайдың (0 не 1, "иә" не "жоқ" т. с. с. ) бірін ғана қабылдауы мүмкін құрылғылардан тұрады. Мұндай құрылғыларды дайындау мысалы, үш, төрт не он түрлі мүмкін жағдайлары бар құрылғыларға қарағанда тиімді, әрі арзанға түседі.
Мысалы, кәдімгі электр лампысын қарастырайық. Ол екі жағдайдың бірін қабылдауы мүмкін: "жанулы" жағдайын - І деп, ал "өшулі" жағдайын - 0 деп белгілейік. Сонда 215 саны
215=2 7 +2 6 +2 4 +2 2 +2 1 +2 0
қосындысы түрінде өрнектеледі. Ал сегіз электр лампысын қолданып, бұл санды "жанулы" және "өшулі" лампылар күйінде бейнелеуге де болады:
1. 2-сурет.
Компьютерде орындалатын әрбір операцияның санмен өрнектелетін нөмірі - коды болады. Операциялардың операндтары нөмірленген арнайы құрылғыларда, яғни жад ұяшықтарында сақталынады. Операция деп - операцияға сәйкес келетін санды (аргументті) айтады. Жад ұяшығының нөмірі ұяшықтың адресі делінеді.
1. 3. Санау жүйелері
Санау жүйесі дегеніміз - сандарды цифрлық таңбалар арқылы жазу мен оқу тәсілдерінің жиынтығы. Оның позициялық (мысалы, ондық санау жүйесі) және позициялық емес (мысалы, римдік санау жүйесі) деп аталатын екі түрі болады.
Егер сан түзетін цифрлар разрядтарының бірліктері оңнан солға қарай есептегенде бір-бірінен тұрақты бір сан есе, мысалы, q есе артып отыратын болса, онда сан q санау жүйесінде берілген де п, ал q осы жүйенің негізі деп аталады. Позициялық санау жүйесінде санды жазу үшін 0-ден бастап (q-l) -re дейінгі бүтін сандар пайдаланылады. Олар осы жүйенің базистік (негіздік) цифрлары деп аталады.
Дербес компьютер, негізінен, екілік, ондық және он алтылық санау жүйелерінде жазылған кодтармен не сандармен жұмыс істейді.
0 мен 1 цифрлары ғана қолданылатын санау жұйесі - екілік санау жүйесі деп аталады. Ал сегіздік, ондық және он алтылық санау жүйелері үшін сәйкесінше келесі базистік цифрлар қолданылады:
Екілік санау жүйесі: 0, 1;
Сегіздік санау жүйесі: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7;
Ондық санау жүйесі: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9;
Он алтылықсанау жүйесі: 0, l, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, A, B, C, D, E, F,
1-ереже. Кез келгеи жүйеде берілген кодты не бүтін санды ондық санау жүйесінде өрнектеу үшін оны
a n *q n +a n-1 *q n-1 + . . . +a 1 *q 1 +a 0 *q 0
түрінде жазып, есептеуді ондық жүйеде жүргізу керек.
2-ереже. N-re тең ондық кодты q санау жүйесінде өрнектеу үшін, алдымен N-ді q-re бөліп, оны N=q*p 1 +r 1 түрінде жазып алу керек (мұндағы, p 1 - бөлінді, r 1 - қалдық) . Егер p 1 > q болса, онда оны да q-re бөліп, Pi = q*P 2 +r 2 түріне келтіру керек т. с. с. Бұл процесті p k <q болған кезде тоқтатып, соңғы бөлінді мен соңынан басталған қалдықтарды бір-біріне тіркеп жазып шығу керек. Яғни
N 10 =(p k *r k . 1 *r k -2* -*г, ) ; k>l, p k <q.
Мысалдар:
1) Ондық санау жүйесіндегі 25 санын (25 10 ) екілік санау жүйесінде өрнектеу керек болсын. Ол үшін 2-ереже қолданылады.
Бөлгіштен кіші болатын ең кіші бөліндіден бастап, қалдықтар кері ретпен жазылады:
25 10 =11001 2 .
Осы есептеудің орындалу барысын тексеру үшін 1-ереже бойынша
25 10 =1*2 4 +1*2 3 +0*2 2 +0*2 1 +0*2 0
екендігі алынады.
2) Он алтылық санау жүйесіндегі 2Е санын (2Е 16 ) ондық санау жүйесінде өрнектеу қажет. 1 -ереже бойынша
2Е 16 =2*16 1 +Е*16 0 =32 10 +14 10 =46 10
Енді 46 10 санын он алтылық санау жүйесінде өрнектейік:
Ал 14 10 саны он алтылық санау жүйесінде Е-ге тең болғандықтан, 2Е 10 екендігі шығады.
Екілік санау жүйесінде сандарға қосу, көбейту және азайту амалдарын қолдануға болады.
Қосу амалы Азайту амалы Көбейту амалы
0+0=0 0-0=0 0x0=0
0+1=1 1-1=0 0x1=0
1+0=1 1-0=1 1x0=0
1 + 1 = 10 10 - 1 = 1 1x1=1
Мысалдар:
№1 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
1-тапсырма. Келесі сандарды ондық санау жүйесінде өрнектеңіз:
a) 10011 2 ; с) 723 8 ; е) 41А 16 ;
b) 2 ; d) 4236 7 ; f) 225 16 .
2-тапсырма. Ондық санау жүйесінде берілген келесі сандарды екілік санау жүйесінде өрнектеңіз:
а) 52 10; b) 128 10 ; с) 255 10 ; d) 0, 511 10 ; е) 0, 6875 10 .
Ескерту. Ондық бөлшек түрінде берілген сандарды түрлі санау жүйелерінде өрнектеу оқырманның өз бетінше дайындалуына беріледі (d-e тапсырмалар) .
3-тапсырма. Ондық санау жүйесінде берілген келесі сандарды оналтылық санау жүйесінде өрнектеңіз:
а) 46 10 ; в) 135 10 ; с) 225 10 ; d) 600 10 ; е) 1024 10
4-тапсырма.
a) Ондық санау жүйесінде берілген а=151, 125, Ь=11, 75, с=6, d=34 және е=29, 5 сандарын екілік санау жүйесінде өрнектеңіз;
b) Екілік санау жүйесінде келесі өрнектің мәнін табыңыз:
a + b * с
d - e
c) Жоғарыдағы в) есептің шешімін ондық санау жүйесінде тексеріңіз
1. 4. Информацияны алмастыру кодтары
Компьютерге енгізілетін әрбір символ 256-ға дейінті байттармен нөмірленеді және олар сол символдардың кодтары делінеді.
Кеңес Одағы дәуірінде дербес компьютер үшін ИАК-8 (Информацияны алмастыру кодтары) кодтар кестесі кең қолданыс тапты. Мысалы, осы кесте бойынша "+" таңбасының коды 43-ке, латынша "А" әрпінің коды 65-ке, "В" коды - 66-ға. "4" цифрының коды - 52-ге, орысша "Э" әрпінің коды - 220-ға тең және т. б.
1. 3-cypem. ASCI1 коды кестесі
ИАК-8 кестесінде алғашқы 31 код түрлі басқару командалары үшін арналған сандармен кодталады. Соның ішінде 32-127 аралығындағы кодтап дүние жүзі елдерінде пайдаланылатын ASCI1 атаулы кодтармен сәйкес келеді. Ал - 128-255 аралығындағы сандар - қазақ-орыс әріптері мен түрлі псевдографиялық символдардың крдтары.
Мысалы, алғашқы 80 символға ондық және он алтылық санау жүйелерінде сәйкес келетін кодтар төменде берілген (1. 3-сурет) .
1. 5. Информацияның өлшем бірлігі
Есептеуіш техникасында информацияның өлшем бірліктері ретінде бит және байт пайдаланылады (byte - байт) . Байт - 8 биттен тұратын тізбек. Практикада байттан үлкен килобайт (Кбайт), мегабайт (Мбайт), гигабайт (Гбайт) өлшемдері қолданылады:
1 байт = 8 бит = 2 3 бит;
1 Кбайт = 8 байт = 2 10 байт;
1 Мбайт = 1024 Кбайт = 2 20 байт;
1 Гбайт = 1024 Мбайт = 2 30 байт.
Әрбір таңба компьютер жадынан 1 байт орын алады. Мысалы, әр жолда 64-65 таңба (бос орындармен қоса алғанда), ал әр парақта 39-40 жол (1, 5 интервал үшін) болатындығын ескерсек, бір стандарт өлшемді параққа, шамамен, 2496-2600 байт информация сияды.
N2 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
1-тапсырма. Бір бетке 2000 символ сыйдыру режимінде
а) 20 беттік; в) 50 бетгік; с) 100 беттік; d) 60 беттік кітапқа неше байт, Кбайт информация жазуға болатындығын анықтаңыз.
2-тапсырма. Көлемі 120 Мбайттық дискіде дисплей экранына шығару үшін
a) әрқайсысы 64 символдық 24 жолдан тұратын;
b) әрқайсысы 80 символдық 24 жолдан тұратын информация дайындалған. Осы информация аталған дискілердің қанша бөлігін қамтитындығын анықтаңыз.
3-тапсырма.
а) 1 минутта; в) 5 минутта қанша символ оқи алатыныңызды, жаза алатыныңызды, айта алатыныңызды анықтауға мүмкіндік беретін эксперимент ойлап табыңыз. Экспериментті жүргізіп, нәтижені салыстырыңыз.
4-тапсырма. Баспа құрылғысы (принтер) 1 секундта 100 символ басатын болсын. Принтердің
a) қазір өзіңіз оқып отырған бетті;
b) көлемі 50 Кбайт, 175 Кбайт, 1, 44 Мбайт информацияны қағазға басып шығару уақытын есептеңіз.
5-тапсырма.
• Қайсыбір компьютерде микропроцессор мен жадтың ара қашықтығы 30 сантиметрге тең болсын. Операцияның әрбір орындалуы информацияны микропроцессордан жадқа және керісінше беруді қажет етеді. Бұл компьютердің секундына 600 млн операция орындайтындай әрекет тездігімен жұмыс істей алмайтындығын көрсетіңіз.
• Байттың жадта бейнеленуін схемалық түрде көрсетіңіз.
1. 6. Есептеуіш техниканың даму тарихы
1642 жылы Блез Паскаль сандарды қосу амалын орындайтын механикалық есептеу құрылғысын ойлап тапты, ал 1673 жылы Готфрид Вильгельм Лейбниц төрт арифметикалық амадды қолдануға мүмкіндік беретін арифмометрді жасап шығарды. XIX ғасырдан бастап арифмометрлер кең қолданыс тапты. Олар арқалы күрделі есептеулер, мысалы, артиллериялық оқ атудың баллистикалық кестелерін дайындау жүзеге асырылды. Арифмометрмен жұмыс істейтіндерді - есепшілер деп атады және олар қандай да бір ережелер негізінде дәл есептеу жұмыстарын жүргізе білді. Бірақ кейбір есептеулерді ондаған есепшілер апталай, тіпті айлап отырып орындады, яғни жұмыс өте баяу жүрді.
XIX ғасырдың алғашқы жартысында ағылшын математигі Чарльз Бэббидж адамның қатысуынсыз есептеулер жүргізетін әмбебап есептеуіш құрылғы - Аналитикалық машина жасауды қолға алады. Осы мақсатта бұл машинаның арнайы перфокартамен енгізілген программаларды орындай алуы және берілгендер мен аралық мәндерді сақтайтын "қоймасы" болуы тиіс еді. Алайда Бэббидж аналитикалық машинасын құруды аяғына дейін жүргізе алмады. Оның басты себсбі - сол кездегі техниканың даму дәрежесінің төмендігінде болды.
1943 жылы американдық Говард Эйкен Бэббидж жұмыстарына сүйене отырып және электромагниттік реле негізінде IBM фирмасы кәсіпорындарының бірінде Марк-1 атты машинаны жасап шығарды. Сондай-ақ Бэббидж идеяларын басшылыққа ала отырып, неміс инженері Конрад Цузе де 1941 жылы осындай машинаны құрастырған болатын.
Заман талабына қарай есептеу жұмыстарын автоматтандыру қажеттігі туындап, бір мезгілде бірнеше зерттеушілер тобы Эйкен мен Пузе машиналары іспеттес есептеуіш техникаларын жасаумен айналыса бастады.
1943 жылдан бастап американдық физик Джон Мочли мен женер-электроншы Преспер Экерт басшылығымен мамандар тобы дайындаған машинада негіздік элемент ретінде электрондық лампының орнына реле қолданылды.
1946 жылы Д. Мочли мен П. Экерт Пенсильвания университетінде ENIAC (Electronic Numerical Integrator and Computer) атты ЭЕМ-ін құрастырды. Баллистика есептерін шешуге арналған бұл ЭЕМ-ді жасауда 2 жуық электрондық лампа меп 1500 реле қолданылды. Секундына көп разрядты сандар үшін 300 көбейту амалы немесе 5000 қосу амалын орындай алатын ENIAC 150 Квт электр энергиясын қажет етті.
1946-1947 жылдары жарық көрген "Пристон машинасы" атты жобасында атақты математик Джон Фон Нейман әмбебап есептеуіш құрылғылардың, яғни компьютердің жұмыс принциптерін қарапайым да түсінікті түрде тұжырымдады. Сондай-ақ ол логикалық схемаларды қарапайымдандыру мақсатында екілік санау жүйесін қолдануды ұсынды.
1949 жылы ағылшын зерттеушісі Морис Уилкстің Фон Нейман принциптерін басшылыққа ала отырып жасаған ЭЕМ-інің басқаларынан бірқатар артықшылықтары болды.
Кеңес дәуіріндегі ЭЕМ-нің даму тарихын келесі 4 кезеңге бөліп көрсетуге болады:
Элементтік базасы электрондық лампылар болатын І-буын ЭЕМ-дері 1950-ші жылдары жарық көрді. Олардың жұмыс істеу жылдамдығы төмен, жады көлемі өте аз, операциялық жүйесі жетілдірілмеген болды. ЭЕМ-дердің бұл тобына "Урал", БЭСМ және т. б. жатады.
1960-шы жылдары кең қолданыс тапқан ІІ-буын ЭЕМ-дерінің элементтік базасын жартылай өткізгіштер құрады. Бұл ЭЕМ-дерде жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінде, кітапханалық программаларды пайдалануға мүмкіндік болды. Мысалы, БЭСМ-6. М-220, Минск-32, "Весна" және т. б. ЭЕМ-дер.
ІІІ-буын ЭЕМ-дерінде элементтік база ретінде интегралдық схмалар қолданылды. Интегралдық схемалардың пайда болуы ЭЕМ-дердің даму тарихында революциялық өзгеріс әкелді (!) . Бұлар жоғары жұмыс істеу жылдамдығымен, оперативті және сыртқы жадтары көлемдерінің ауқымдылығымен, мультипрограммалық режимде жұмыс істейтін жетілдірілген операциялық жүйелерімен ерекшеленді. EC ЭВМ, CM ЭВМ сияқты ІІІ-буын ЭЕМ-дері 1970-ші жылдардың басында пайда бола бастады.
IV буын ЭЕМ-дері үлкен интегралдық схемаларға (ҮИС) негізделіп құрылған. 1980-ші жылдардың ортасында жарық көрген "Эльбрус-2", EC 1841, EC 1842 дербес ЭЕМ-дерін виртуальдық жадтың, көппроцессорлылықтың, бір мезгілде бірнеше іс-әрекеттерді қатар орындау мүмкіндігінің, жетілдірілген сұқбаттық ортаның болуы тән.
Элементтік базасы аса үлкен интегралдық схемаларда (АҮИС) тұратын V-буын ЭЕМ-деріне "берілгендер ағынын басқару" принципі қолданылуы тиіс. Сондай-ақ жасанді интеллект принципін және есептеу жүйесі құрамына жаңа, соңғы өзгерістер енгізу көзделуде.
1. 7. Программа. Оның түрлері
Программа дегеніміз - есепті шешу алгоритміне сәйкес берілгендерді компьютерге ендіру, өндеу және нәтиже алу үшін орындалатын нұсқаулар тізбегі. Жалпы программаларды үш топқа біріктіруге болады. Олар:
• пайдаланушының тексті, мәліметтер жиынын өңдеуіне, суреттер салуына және т. б. мүмкіңдік беретін қолданбалы (кәделі) программалар;
• қажетті мәліметтердің көшірмесін құру, компьютер жайлы анықтамалық мәліметтер алу, оның құрылғыларының жұмысқа дайындығын тексеру және т. с. с. түрлі қосалқы қызметтер атқаратын жүйелік программалар;
• компыотерді жаңа программалармен жабдықтауға ықпал ететін программалау жүйелері.
1. 7. 1. Жүйелік программалар
Жүйелік программалардың түрі өте көп. Олардың ішінде біз тек негізгілеріне ғана тоқталамыз.
Операциялық жүйе. Операциялық жүйе - компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланушының компыотер жұмысын басқаруына жеңілдік беретін жүйелік программа. IBM PC компьютерлерінде, негізінен, Microsoft фирмасының MS DOS жүйесі, IBM фирмасыиың PC DOS және Digital Recearch фирмасының DR DOS операциялық жүйелері қолданылады.
Драйверлер. Компьютердің ішкі сыртқы құрылғыларының арасында берілгендерді алмастыру драйверлер делінетін арнайы программалар арқылы орындалады (driver-жүргізуші, басқарушы) . Әр сыртқы құрылғының өз жұмысын басқаратын драйвері болады. Қабықша-программалар. Бұл программалар операциялық жүйемен жұмыс істеуді жеңілдетеді. Олардың ішінде кең қолданыс тапқандары: Norton Commander, Xtree, Pro Gold, PC, Shell.
Операциялық қабықшалар. Бұл программалардың қарапайым қабықша-программалардан айырмашылығы мынада:
• графиктік интерфейсінің болуында; Интерфейс дегеніміз құрылғыларды бір-бірімен байланыстыратын үйлестіруші жүйелер мен сигналдар.
• мультипрограммалық режимде жұмыс істеуінде, яғни бір мезгілде бірнеше программалар "қатар" орындалады;
• программалардың арасында мәлімет алмасу аясының артуында. Кейде Desq View, сирек те болса Gem, Geo Works операциялық қабықшалары пайдаланылады.
1. 7. 2. Қосалқы программалар
Жүйелік программалар тобына утилиттер делінетін, компьютермен жұмысты жеңілдетуге арналған қосалқы программаларды жатқызуға болады. Бұл программалардың төмендегі түрлері мейлінше көп қолданыс тапқан:
Сығушы программалар информацияны сығудың арнайы әдістерін қолданып, дискідегі информация көлемін әлденеше рет сығуға (кішірейтуге) мұмкіндік береді. Оларды архиватор-программалар деп атайды.
Вирусқа қарсы программалар компьютерді вируспен зақымдалудан сақтайды не вирустан тазартуға ықпал етеді. Мысалы: DrWeb, Adinf, және т. б.
Компьютерді диагностикалау программалары компьютердің конфигурациясын (жад көлемі, дискі типтері және т. б. ), оның құрылғыларының жұмыс істеу мүмкіндіктерін тексеруді жүзеге асырады. Олардың ішінде Check-It, Ndiags, Control Roorm программалары кең тараған.
Дискіні оптимизациялау программалары дискідегі файлдардың бөлшектенуін (фрагментациясын) жойып, оларды дискінің бастапқы жолдарынан бастап ретімен жазуға мүмкіндік береді. Нәтижеде дискідегі информацияны оқу жеделдейді. Олардың ішінде көп қолданылатындары - Norton Utilities комплексінің SpeeDisk, Ғast Trax программалары.
1. 7. 3. Қолданбалы программалар
IBM PC компьютерлерінде түрлі салаларда қолданылатын сан алуан программалармен жұмыс істеуге болады. Солардың ішінде кең қолданыс тапқандары:
• Құжаттарды компьютерде дайындауға мүмкіндік беретін текстік редакторлар. Мысалы, MS Word, Foton, Lexicon, WD және т. б.
• Құжатты типографиялық сапамен дайындауды жүзеге асыратын баспа жүйелері. Page Maker, Corel Draw, AdobePhotoShop және т. б.
• Кесте түрінде берілген мәліметтерді өңдеуге арналған кестелік микропроцессорлар. Мысалы, SC (Суперкальк), Excel және т. б.
• Мәліметтер қорын өндеуге арналған Берілгендер қорын басқару жүйелері (БКБЖ) . Мысалы, Foxbase, Foxpro, Dbase, Access және т. б.
1. 7. 4. Программалау жүйелері
Пайдаланушы үшін IBM PC компьютерлерінде ондаған мың дайын программалармен жұмыс істеуге мүмкіндік болғанымен, кейде оның белгілі бір іс-әрекеттерді орындау үшін өз программасын құру қажеттігі туындайды. Осы мақсатта программ алау жүйелері қолданылады. Қазіргі кездегі программалау жүйелері құрамына:
• программалау тілінде құрылған программаны машина кодындағы программаға алмастыратын компилятор;
• программалаушылар үшін аддын ала дайындалып қойылған ішкі программалар кітапханасы;
• түрлі қосалқы программалар енеді.
Ең көп тараған программалау жүйелеріне Turbo C, Turbo C++, Turbo Pascal, Microsoft C, Microsoft Basic және т. б. жатады.
IBM PC компьютерлерінде эксперттік жүйелер құру үшін Лисп мен Пролог программалау тілдері, ал информациялық жүйелер дайындауда Clipper т. б. тілдер қолданылады.
2. IBM PC КОМПЬЮТЕРІ
2. 1. IBM PC компьютері
IBM PC дербес компьютері келесі құрылғылардан тұрады: Дисплей - информацияны бейнелейтін құрылғы (кейде монитор немесе экран деп те аталады) ;
Пернетақта (пернетақта) - информацияны компьютерге қолдан енгізуге мүмкіндік беретін құрылғы;
Жүйелік
2. 1-cypem. IBM PC компьютері.
Сонымен қатар, компьютерге қосымша жалғанатын Құрылғылар:
Принтер - мәліметтерді қағазға шығаратын құрылғы;
'Тышқан" - компьютермен жұмыс істеуді жеңілдететін құрылғы;
Джойстик - ойын үшін пайдаланатын құрылғы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz