Жазалар жүйесі және олардың түрлері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1 тарау. Жаза және оның мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1. Жаза ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2. Жазаның мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2 тарау. Жазалар жүйесі және олардың түрлері ... ... ... ...16
2.1. Жазалар жүйесінің ұғымы және маңызы ... ... ... ... ... ... ... . 16
2.2. Негізгі жазалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3 тарау. Жазаның қосымша түрлері ... ... ... ... ... ... ... ..47
3.1. Қосымша жаза ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
3.2. Жазаның балама түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67

Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құкықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол — заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Жаза — мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құкығын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, коршаған ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғайтатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтан қорғайды. Ол қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың басты формасы және қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады.
Біздің елімізде жаңа ҚК-тің қабылдануына байланысты осы маңызды заңның баптарына түсініктеме беру қажеттігі туындап отыр. Ол осы заңның кейбір баптарын дұрыс түсініп, оны іс жүзінде қолдану үшін қажет. ҚК-те жазаның жаңа түрлері қарастырылған, олар: қоғамдық жұмысқа тарту, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, қамауға алу. Бұл жазаларды қолдану бас бостандығынан айыру сияқты жазалардың азаюына, ал өмір бойы бас бостандығынан айыру — өлім жазасын қолдануды азайтуға сеп болады. Бас бостандығынан айыру жазасының онша тиімді жаза емес екендігін ескерсек, бұл біздің мемлекетіміздің қылмыстық жазаға қатысты саясатындағы дұрыс бағыт. Әртүрлі жазаны дұрыс қолдану үшін ҚК-тің 39-бабында көрсетілген жазалардың әрбір түрінің мазмұнын, негіздемесін және колдану ретін түсіну қажет.

Нормативті актілер
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, "Жеті жарғы". 1995 жыл 30 тамыз.
2. Қазақстан Республикасының Президентінің қазақ халқына Жолдауы., А.: 2005
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. Алматы. "Жеті Жарғы". 1997 жыл.
4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. А., 1999ж.
5. Комментарий к Уголовному Кодексу Республики Казахстан. "Жеті Жарғы" Алматы 2001 ж.
6. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік, Алматы 2001
7. «Жаза тағайындағанда соттардың зандылықты сақтауы жөніндегі» N3 қаулысында
8. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі., А. 1999
9. «Қазақстан Республикасының 16 шілде 1997 жылғы Қылмыстық кодексін күшіне енгізу туралы» Заңы
10. ҚР Жоғарғы соты Пленумының 24.06.93 жылғы «Жаза тағайындағанда соттардың заңдылықты сақтауы туралы» N3 каулысы
Оқулықтар:
1. Сташиев В.В., Бажанов М.Х. Преступления против порядка управления. Харьков. 1971г.
2. Ляпунов Ю.И. Виды наказаний. М. 1969 г.
3. Поленов Г.Ф. Наказание: понятие и виды. М. ЮЛ 1996 г.
4. Поленов Г.Ф. Смертная казнь: за и против М.ЮЛ, 1998 г.
5. Российское уголовное право. Особенная часть. Учебник. / Под ред.
Журавлева М.П. и Никулина С.И. - М., 1998.
6. Джекебаев У.С. Основные принципы уголовного права Республики
Казахстан (сравнительный комментарий к книге Дж. Флетчера и А.В
Наумова «Основные концепции современного уголовного права»). –
Алматы: Жеті жарғы, - 2001.- 256с.
7. Неклюдов Н.А. Преступления государственные и против личной свободы.
- СІЖ, 1892.
8. Курс Советского уголовного права. Часть Особенная. / Отв. Ред. Н.А.
Беляев, М.Д. Шаргородский. Т.З. -- Ленинград: Издательство
Ленинградского университета, 1973. Бюллетень Верховного Суда
Республики Казахстан, №5, 2003. 62
10.Платонов И.В. Уголовное право. Семейный университет Ф.С.
Комарского. - СПб, 1898.
11 .Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. / Под ред.
Рогова И.И. и Рахметова С.М. - Алматы: Баспа, 1999.
12.Уголовное право Казахстана (Особенная часть). Учебник для вузов./
Под ред. Рогова И.И. и Рахметова С.М. - Алматы: ТОО «Баспа», 2001.
13.Лекарь А.Г. Профилактика преступлений. - М.: Юрид. Лит., 1972.
14. Жаза: түсінігі мен оның түрлері. А.: 1999
15.Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. /Отв. ред.
Рогов И.И., Баймурзин Г.И.. - Алматы: Жеты Жаргы, 1998. - 288 с. 16.Уголовное право Казахстана (Общая часть). Учебник для ВУЗов/
Под ред. Рогова И.И., Рахметова С.М.. -- Алматы: ТОО «Баспа», 1998.-228
17.Уголовное право. Общая часть. - М.: Московский университет, 1993.
18.Уголовное право. Общая часть. Учебник / Под ред. Гаухмана Л.Д., и
Колодкина Л.М. - М.: МИ МВД России, 1997.
19.Научно-практический комментарий к Уголовному кодексу РФ / Под
ред. Профессора П.Н. Панченко. - Нижний Новгород, 1996.
20.Юридический энциклопедический словарь / Главн. Ред. Сухарев
А.Я. - М.: Советская энциклопедия, 1987.
21 .Уголовное дело №00003430 архива г. Тараза за 2000 год. 22.Уголовное
право. Общая часть.' Учебник / Под ред. А.И. Рарога. - М.: Институт
международного права и экономики. Издательство «Триада, Лтд», 1997.
23. Курс уголовного права. Общая часть. Т.1: Учение о преступлении.
/Под ред. Кузнецовой Н.Ф., Тяжковой И.М. - М.: Издательство
ЗЕРЦАЛО, 1999.-592 с.
24. Уголовное право России. Учебник для вузов. Т.2. Особенная часть./
Под ред. Игнатова А.Н., и Красикова Ю.А. - М.: Издательская группа
НОРМА-ИНФРА-М, 1998. - 808 с.
25. Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. 2-е изд. - Алматы:
Жеты жарғы, 2003. - 304 с. б.
26. Миньковский Г.М., Мирзажанов К. Проблемы охраны правопорядка и
борьбы с правонарушениями. Ташкент, 1984.
27. Бюллетень Верховного Суда Республики Казахстан, №2, 2002. 28.
Постановление Пленума Верховного Суда РК № 1 от 30 апреля 1999 года
«О соблюдении судами законности при назначении уголовного
наказания». Сборник Постановлений Пленумов Верховного Суда РК
(1998-1999 гг.). Алматы: ТОО «Аян Эдет», 1999.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 4
1 тарау. Жаза және оның мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1. Жаза
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .. 6
1.2. Жазаның
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10
2 тарау. Жазалар жүйесі және олардың түрлері ... ... ... ...16
2.1. Жазалар жүйесінің ұғымы және маңызы ... ... ... ... ... ... ... . 16
2.2. Негізгі
жазалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.. 22
3 тарау. Жазаның қосымша түрлері ... ... ... ... ... ... ... ..47
3.1. Қосымша
жаза ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
47
3.2. Жазаның балама
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 61
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .. 67
КІРІСПЕ
Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде
мемлекетіміздің құкықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық
заңның рөлі едәуір, ол — заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен
күресуге бағытталған. Жаза — мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы
мемлекет адамды, оның құкығын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті,
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және
қауіпсіздікті, коршаған ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің
аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғайтатын мүдделерін,
адамзаттың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтан қорғайды.
Ол қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың басты формасы және
қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады.
Біздің елімізде жаңа ҚК-тің қабылдануына байланысты осы маңызды заңның
баптарына түсініктеме беру қажеттігі туындап отыр. Ол осы заңның кейбір
баптарын дұрыс түсініп, оны іс жүзінде қолдану үшін қажет. ҚК-те жазаның
жаңа түрлері қарастырылған, олар: қоғамдық жұмысқа тарту, әскери қызмет
бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, қамауға алу. Бұл жазаларды қолдану
бас бостандығынан айыру сияқты жазалардың азаюына, ал өмір бойы бас
бостандығынан айыру — өлім жазасын қолдануды азайтуға сеп болады. Бас
бостандығынан айыру жазасының онша тиімді жаза емес екендігін ескерсек, бұл
біздің мемлекетіміздің қылмыстық жазаға қатысты саясатындағы дұрыс бағыт.
Әртүрлі жазаны дұрыс қолдану үшін ҚК-тің 39-бабында көрсетілген жазалардың
әрбір түрінің мазмұнын, негіздемесін және колдану ретін түсіну қажет.
Жаза тағайындау — мемлекеттік органның маңызды да жауапты міндеті,
себебі жаза тағайындау арқылы ғана қылмыс жасаған адамның әрекетіне
қорытынды баға беріледі. Жаза тағайындау барысында заң нормалары бұзылса,
ол ауыр зардапқа әкеп соқты. Мысалы, шектен тыс қатаң жаза берілсе,
сотталган адамда ыза-кек туады. Ал өте жеңіл жазаланған адам жазаға онша
мән бермейді. Бұл екі жағдайда да қылмыс қайта жасалынуы мүмкін, себебі
әділқазылық принципі сакталмағандықтан, жаза өз мақсатына жетпейді.
Жаза тағайындағанда сот ҚК-тің 52-62, 80-баптарында қарастырылған жаза
тағайындау тәртібін, сондай-ақ қылмыстық заң принциптерін (заңдылықты,
қылмыстық қудалау шараларын үнемдеу, жазаны жеке адамға сәйкес даралау,
т.б.) басшылыққа алуға тиіс. Бұл жағдайда сот ҚК-тің 38-бабында белгілетен
жазалардың мақсатын негізге алады.
Жазаға байланысты осы және басқа да мәселелер ұсынылып отырған
дипломдық жұмысында қарастырылған.
1 тарау. ЖАЗА ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҚСАТЫ
1.1. ЖАЗА ҰҒЫМЫ
Қылмыскерге тек қылмыстық жазалау шараларын, оның ішінде ауыр, қатал
жаза қолдану арқылы ғана қылмыскерлікті біржола жеңе алмайтындығымызды
тарих дәлелдеді. Ал, қылмыскерліктің алдын алу, одан сақтандыру шараларының
бұл күресте көмегі көп екендігі сөзсіз.
Қылмыскерлікпен күресте мемлекет басқа да шараларды қолданады. Мұндай
шаралардың бірі — жаза.
Қылмыстық заң нормаларын сақтауды мемлекет мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз
етеді, себебі бұл нормалардың бұзылуы заңның басқа салаларындағы
нормалардың бұзылуына қарағанда мемлекет мүддесіне, қоғам мүддесіне немесе
жеке азаматтар мүддесіне үлкен зиян келтіреді.
Жаза қолданудағы мақсат — адам мен азаматтың құқығын, бостандығын,
заңды мүдделерін, бейбіт өмір мен адамзат қауіпсіздігін, меншікті,
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен
қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты және Қазақстан
Республикасы аумағының тұтастығын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заң
қорғайтын мүдделерін қара ниет қастандықтан қорғау1.
Қазақстан аумағында бұрын күшінде болған қылмыстық занда (1998 жылдың 1
қаңтарына дейін 1922 және 1926 жылдарғы РСФСР Қылмыстық кодексі, одан кейін
1959 жылғы Қаз ССР ҚК-і) жазаға анықтама берілмеген. Сондықтан да жаңа ҚК
қабылданғанға дейінгі қылмыстық — заң әдебиеттерінде жазаға берілген
әртүрлі анықтамаларды кездестіруге болады. Олардың бір-бірінен онша
айырмашылығы жоқ, оларда жаза дегеніміз — қылмыстық заң негізінде қылмыс
жасаған адамға катысты сот қолданған мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы
деген мазмұн бар.
Республиканың Қылмыстық кодексі жаза түсінігіне мынадай анықтама
береді: Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша дайындалатын мемлекеттік
мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға
қолданылады және адамды кұқықтары мен бостандықтарынан осы Кодекспен
көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.1
Бұл анықтамадан жаза белгілерінің жиынтығы шығады. Оны қылмыс жасаған
адамға мемлекеттік ерекше орган - сот ғана үкім негізінде қолдана алады.
Үкім тек Казақстан Республикасының атынан шығарылады. Мемлекеттік
мәжбүрлеудің басқа шаралары лауазымды адамның атынан немесе қандай да бір
мемлекеттік органның атынан қабылданады.
Заңды күшіне енген сот үкімі барлық мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар
үшін міндетті болып табылады, ол Қазақстанның барлық аумағында орындалуға
тиісті.
Үкімде тағайындалған жаза қатаң дара сипатта болады, ол тек қылмыс
жасаған адамға ғана катысты және баска адамдарға (сотталғанның туған-
туыстарына) таралмайды.
Жазаның орындалуы мемлекет күшімен жүзеге асырылады. Қоғамдық ыкпал
жасау шараларының жазадан айырмашылығы сол — олардың артында мемлекеттік
күш емес, қоғамдық пікір тұрады.
Қоғамдық ықпал ету шараларын мемлекеттік органдар емес, қоғамдық
ұйымдар қолданады. Жаза — мемлекеттік мәжбүрлеудің заңмен белгіленген
шарасы. ҚК-тің 38-бабында жаза түрлері түгелдей келтірілген. Қылмыс жасаған
адамға сот жазаның бұлардан басқа түрін қолдана алмайды.
Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік
мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.
Жазаға тән ерекшелік - міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау
дегеніміз жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық,
материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: бас
бостандығынан айырғанда, камауға алғанда сотталған адамның көптеген
құқықтарына шек қойылады, ол бостандығынан айырылады, оның отбасымен, дос-
туыстарымен байланысы үзіледі. Мүлкін тәркілегенде, айыппұл алғанда ол
материалдық шығын көреді. Белгілі бір қызметке тұру немесе қызметпен
айналысу құқынан айыру сияқгы жаза шарасы адамның қызмет, кәсіп тандау
кұқына шектеу салады. Жазаның жазалау сияқты элементінде қорқыту сипаты
бар. Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалған қылмыстың сипатына және
қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына жөне баска мән-жайларға
байланысты.
Жазалау жазаға тән ерекшелік бола тұрса да Қылмыстық кодексте ол жаза
мақсаты ретінде қаралмайды (ҚК-тің 38-бабының 2 бөлігі). Бұрынғы ҚК-терде
де жазалау жазаның мақсаты ретінде қарастырылмаған. Дегенмен, бірқатар
ғалымдар жазалауды жаза мақсаты ретінде қарастырған. Атап айтқанда,
Н.А.Беляев былай деп жазды: Жазаның мақсаты жазалау, ол дегеніміз жасаған
қылмысы үшін айыпкерді күйзелту, бостандығынан айыру1.
Мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы болып табылатын жазада соттылық
сияқты өзіне тән сипат бар, ол кейін кұқықтық және моральдық түрғыдан
өзінің теріс зардабын тигізеді. Мысалы, егер адам жаңадан қылмыс жасаса,
оның бұрынғы қылмысы үшін соттылығы қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын
мән-жай болып табылады.
Бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамның жаңадан
қасақана кылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады (ҚК-тің 13-бабы).
Қайталанудың болуы тағайындалған жазаның түріне және мөлшеріне, сондай-ақ
бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда колонияның нысанына әсер
етеді (ҚК-тің 48-бабы).
Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының басқа түрлерінен жазаның айырмашылығы
сол — қылмыс жасаған адамға және оның әрекетіне сот тек құқық түрғысынан
ғана емес, сонымен қатар моральдық түрғыдан теріс баға береді.
Сондықтан да жаза тағайындау дегеніміз қылмыс жасаған адамға мемлекет
атынан берілген теріс баға.
Сонымен қылмыстық жаза — қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік
мәжбүрлеу шарасы, оны қылмыс жасап айыпты болған адамға қатысты сот өз
үкімімен қолданады, онда жазалау сипаты болады және осы қылмысты жасаған
адамның айыбы мемлекет атынан бетке басылады (теріс баға беріледі).
1.2. Жазаның мақсаты
Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты
болады. Жазаның мақсаты дегеніміз тікелей жаза тағайындау, оны қолдану және
іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.
Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық зандарының
алдында тұрған жалпы міндеттерден туындайды (ҚК-тің 2-бабы).
Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану
қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай
отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл
талапты елемеу — заңсыз, дөлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім
шығаруға әкеп соғуы мүмкін.
Жазаның мақсатына заң тұрғысынан анықтама беру - жаза қолданудың
тиімділігін ғылыми зерттеу үшін де қажет. Мысалы, бірінші рет жасалған
қылмыстардың жалпы санының көбеюі, не азаюы жалпы қылмыстың алдын алудағы
мақсаттың көрсеткіші бола алады. Ал қайталанған қылмыстың деңгейі арнайы
алдын алу шаралары үшін және сотталғанды түзеу үшін соңдай көрсеткіш
болады.
Жазаның мақсаты ҚК-тің 38-бабында былай көрсетілген: Жаза әлеуметтік
әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және
сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынай
сақтандыру мақсатында қолданылады.
Яғни, жазаның мақсаты:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
б) сотталғанды түзеу;
в) сотталған тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау (арнайы, жеке
сақтандырудың мақсаты);
г) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау (жалпы сақтандырудың
мақсаты).
Жаза қолданылған әрбір жағдайда осы мақсаттар бірге карастырылуы тиіс.
Сонымен әлеуметтік әділеттілікті калпына келтіру - жаза мақсаттарының бірі
болып табылады. Каңдай қылмыс болмасын әлеуметтік әділеттілікті бұзады.
Мысалы, күші басым адам әлсіз адамды соққыға жығады. Ер адам күш көрсетіп,
әйел зорлайды. Лауазымды адам өз қызмет бабын пайдаланып, азаматтардың
құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі нұқсан келтірді. Осы көрсетілген
жағдайлардың әрқайсында біреу жасаған қылмыстың нәтижесінде екінші адамға
қатысты әлеуметтік әділеттілік бұзылған.
Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбір шеккен адамға ғана емес,
жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік әділеттілікті біршама болса да қалпына
келтіруге әрекет жасауға тиіс. Қылмыскерді бас бостандығынан айыру, оны
күйзелту жәбірленгеннің аз да болса көңілін басады, жасалған қылмыс
нәтижесінде өзінің бұзылған кұқықтары мен занды мүдделері қалпына келеді
деп үміттенеді. Мысалы, мүлкі ұрланып жәбір көрген адам ұрланған мүлкін
қайтарып алады немесе өзіне келген залалды ақшалай өндіріп алады.
Ал, жалпы қоғам көлемінде әлеуметтік әділеттілік қалпына келу үшін сот
әділ жазаны көпшілік алдында (сот процестері негізінен ашық мәжілістерде
өтеді) тағайындайды, сол арқылы көпшілікке қылмыстық заңды бұзған адамды
мемлекеттің жазалайтындығын, жазалай отырып қоғамдық тәртіпті, қоғамдық
қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, жалпы халық денсаулығын, басқа да
игіліктерді қорғайтындығын білдіреді. Қылмыскердің жазаланғанын естіген
адамның көңілі орнына түседі. Жазаның мақсатын заң әлеуметтік
әділеттілікпен байланыстырады, сондықтан сот тек ғана әділ жаза тағайындау
үшін өте ұқыптылық танытуға тиіс. Онсыз жазаның әлеуметтік әділеттілікті
қалпына келтірудегі мақсатына қол жеткізу мүмкін емес.
Жаза қолданғанда адамдар әділеттікті сезінеді, ал кейбір жағдайларда
қылмыскердің жасаған әрекеті олардың наразылық сезімін тудырады.- Сондықтан
да қатаң болса да әділ жазаны көпшілік қанағаттанғандық сезіммен
қабыддайды. Керісінше, әділетсіз, кінәсіне сай емес жаза тағайындау жазаның
мұндай маңызды мақсатын жоққа шығарады. Жазаның басқа бір маңызды мақсаты —
сотталғанды түзеу. Ондай мақсаттың болуы Қазақстан Республикасы қылмыстық
заңындағы адамгершілік сипатты көрсетеді.
Қылмыс жасаған адамға заңды қолдана отырып, мемлекет ол адамның жазаны
өтегеннен кейін қоғамға басқа қылмыс жасамайтындай болып оралуын көздеуге
тиіс.
Тузеу дегеніміз — адам бойындағы қылмыс жасауға итермелейтін
касиеттерді жою.
Түзеудің мақсаты адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін қайта қалыптастыру,
жаңа қылмыс жасауға себеп болатын бойындағы теріс қасиеттерден оның
арылуына мүмкіндік туғызу. Түзеу барысында сотталғанның бойына бұрын онда
болмаған әлеуметтік-пайдалы қасиеттер егіледі, бұрын болып кейін жоғалып
кеткен жақсы қасиеттердің көзі ашылады. Ол қасиеттер, мысалы, басқа адамды,
оның құқықтары мен мүддесін сыйлау, қоғамдық тәртіпті сақтау, т.б. Жазаны
орындау барысында сотталған адамның көзқарасы, сенімі, әдет-салты жақсы
жаққа қарай өзгерсе — түзеу мақсатының орындалғаны болып табылады. Түзелген
адам қылмысты жазадан қорыққандықтан ғана емес, жазаны орындау барысында
қандайда бір дұрыс ықпал болғандықтан жасамайды.
Түзеу процесі алдын ала тергеу кезінен басталады, бірақ сот мәжілісі
кезінде белсендірек жүргізіледі. Содан кейін, жазаның нақты түрі
тағайындалғанда, сол жазаның орындалу барысында ол өз жалғасын табады.
Әртүрлі жаза шаралары түзеудің өртүрлі төсілін, әдісін және жолын
карастырады. Жазалау шарасы да, түзеу тәсілдері мен қайта тәрбиелеу
әдістері де қылмыстың ауырлығына, оны жасаған адамның жеке басына қарай
қолданылуға тиіс.
Бас бостандығынан айыру жазасын өтегенде сол жазаны өтеу режимі,
қоғамдық-пайдалы еңбек, тәрбие жұмыстары түзеудің басты тәсілдері болып
табылады. Қылмыстық-орындаушылық заңдарда түзеудің басқа да тәсілдері
қарастырылған. Бұл мақсатқа барлық уақытта бірдей қол жете бермейді, ал
өлім жазасы сияқты жаза тағайындалғанда оған қол жеткізу тіптен мүмкін
емес. Сотталған адамды түзеу мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына
келтіру мақсатымен тығыз байланысты. Егер тағайындалған жаза өте катаң
немесе өте жұмсақ болса, бұл жағдай әлеуметтік әділеттілікті қалпына
келтірудің орнына сотталған адамды түзеу процесіне кесірін тигізеді, себебі
жосықсыз қатаң жаза оны алған адамның ыза-кегін тудырады, ал өте жеңіл жаза
алған адам қандай қылмыс жасасам да қатаң жаза алмаймын деген сенімде
болады.
Жазаның өзіндік, жеке мақсаты - арнайы (жеке) сақтандыру мақсаты. Оның
мәні де, мазмұны да сотталған адам тарапынан жаңа қылмысты
болдырмау. Қылмыстан сақтандыру шарасы сол қылмыс жасаған адамға тікелей
бағытталады1.
Әдебиеттерде арнайы сақтандыру шараларының мазмұны және оған қол
жеткізу тәсілдері жайында ортақ пікір жоқ. А.И. Марцевтің пікірінше, арнайы
сақтандыру шараларының мәні — қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамның
жаңа қылмыс (немесе жаңа қылмыстар) жасауына жол бермеуде жөне бұл
мақсатқа жазалау, тәрбиелеу арқылы тікелей қол жеткізуге болады.
Ал, И.И. Карпецтің пікірінше, нақты адамға жаза тағайындағанда арнайы
сақтандырудағы мақсатқа мына әдістермен қол жеткізуге болады: қылмыскерді
қылмыс жасау мүмкіндігінен айыру; қылмыскердің көңіл-күйіне ыкдал жасау;
зәресін алу.
Арнайы сақтандырудағы мақсатқа мына жолдармен қол жеткізуге болады.
Біріншіден, сотталған адамды жаңа қылмыс жасау мүмкіндігінен айырады.
Қылмыстық занда белгіленген жазалар жүйесінде сотталған адамның жаңа
қылмыс жасау мүмкіндігін жоқка шығаратын көптеген амалдар қарастырылған.
Мысалы, бас бостандығынан айырғанда, камауға алғанда тиісті режим
сақталады, тұрақты күзет қойылып, қадағалау жасалынады, туыстарынан, дос-
жарандарынан оқшау ұсталады, қылмыс жасау құралы немесе қаруы боларлықтай
ақшаны немесе заттарды өзінде ұстауына тыйым салынады. Белгілі бір
лауазымды атқару құқығынан айырғанда адам бұрынғы жұмысын атқара алмайды,
жаңа қылмыс жасау үшін ол қызметті пайдалана алмайды.
Екіншіден, арнайы сақтандырудағы мақсатқа жазамен қорқыту арқылы қол
жеткізуге болады. Жазамен қорқыту сол жазаның қалай да болатындығына
байланысты. Егер де жаңадан жасаған қылмыс үшін жазадан куғылмайтынын
мойындаса, ол қылмыстан бас тартуы мүмкін.
Сотталған адамның басына кандай да бір күйзеліс келсе, ол жаңа қылмыс
жасаудан бас тартуы мүмкін, себебі кайталап жасалған қылмыс үшін занда
қатаң жаза қарастырылған (ҚК-тің 54-бабының 1 бөлімінің а тармағы).
Бұрынғыдан да бетер катаң жазалану үрейі адамды жаңа қылмыс жасаудан бас
тартуға мәжбүр етеді.
Үшіншіден, арнайы сақтандырудағы мақсатқа жазаны өтеу барысында
сотталған адамның көңіл-күйіне ізгі ықпал ету арқылы қол жеткізуге болады,
ол да сотталған адамның жаңа қылмысқа бармауына сеп болады.
Ал, қылмыстан жалпы сақтандырудағы мақсат қылмысты сотталған адам
тарапынан болдырмау емес, негізінен, қылмысты басқа адамдарға, заң
талаптарын сақтауда сенімсіздік танытатын адамдарға жасатпау.
Қылмыстан арнайы сақтандырудан оның айырмашылығы — мұндағы мақсат
қылмыс жасаған жеке адамға емес, заңды, басқа да нормативтік актілерді
бұзуға икемді, тиянақсыз адамдарға ықпал жасау. Жазамен қорқыту, қылмыс
жасаған жағдайда оны қолдану қаупі қылмысқа бейім адамдарға тосқауыл
болады, қылмыстық ниеттен қайтарады. Жасалған қылмыс үшін жаза қолдану
үрейі тұрақсыз адамдарды қылмыс жасаудан сақтандырады.
Жазаның жалпы сақтандыру шараларындағы ықпалы, біріншіден, қылмыстық
заңның жарияланып, онда әрбір нақты қылмыс үшін белгіленген жазаның
көрсетілгендігінде; екіншіден, қылмыс жасаған нақты адамға соттың жаза
тағайындауында, үшіншіден тағайындалған жазаның орындалу процесінде, деп
жазады М.Д.Шаргородский.
С.В. Полубинская жалпы алдын алу шараларын екі түрге бөледі: жалпы
сақтандыру шаралары, тар мағынада түсінгенде, негізінен қорқыту шаралары
және біршама тәрбие арқылы қылмыс жасауға бейім адамға ықпал жасау; жалпы
сақтандыру шаралары, кең мағынада түсінгенде, қоғамның барлық мүшелеріне
жазаның төрбиелік ықпал етуі1.
Жазаны қолданғанда жазаның барлық мақсаттары бірден қамтылады. Бірақ
бұл, сол мақсаттардың бәріне бірдей қол жеткізу емес. Мысалы, қылмыскерді
колонияда ұстап оны оқшаулағанда, ол сол жаза өтеп жатқан кезінде ешқашан
жаңа қылмыс жасай алмайды (мұнда арнайы сақ-тандырудағы мақсатқа қол
жетеді), бірақ бұл жағдайда барлық уақытта бірдей түзеу мақсатына қол
жеткізе алмаймыз.
2 тарау. ЖАЗАЛАР ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРІ
2.1. Жазалар жүйесінің ұғымы және маңызы
Жазалар жүйесі дегеніміз — ауырлығы ескеріліп белгілі бір ретпен
орналасқан, толық берілген жөне сот үшін міндетті болып табылатын,
қылмыстық заңда бекітілген жазалар түрінің тізімі. Қазақстан
Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде жазалар жүйесі 39-баптың 1
бөлігінде орналасқан.
Әділқазылық мәселелерін шешуде жазалар жүйесін белгілеудің
методологиялық жөне практикалық елеулі маңызы бар. Оның методологиялық
маңызы сол — әрбір жазаның қолдану жағдайын, дәл шегін және тәртібін
көрсетіп, олардың толық тізімін беру арқылы қылмыспен күресте жазалау
саясатының бірлігіне, "сот Қызметінде заңдылық принципін сақтауға қол
жетізе аламыз. Ал оның практикалық маңызы сол -- оңда жазаның түрлері бір
жүйемен (ең жеңілінен бастап ең ауырына қарай) берілген, соның нәтижесінде
сот заңға сүйене отырып, сот практикасының тәжірибесін, қоғамдық көзқарасты
жөне ғылыми ұсыныстарды ескеріп, сотталғанға ықпал жасаудың әртүрлі
шараларын тиімді де ұғымды пайдалана алады.
Заңмен белгіленген жазалар жүйесінің маңыздылығы сонда - ол арқылы қай
жазаның аса қатаң, ал қай жазаның онша қатаң емес екендігін аныктай аламыз.
Бұл тек жаза тағайындалғанда ғана емес, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның
жұмсақтау түріне ауыстырғанда да керек (ҚК-тің 71-бабы).
Жалпы жаза түрлерінің жүйесі және жазаның әрбір жеке түрі көптеген
тәсіл арқылы сотталғанға ықпал жасау мүмкіндігін береді, сол тәсілдер
арасынан сот ең орынды шараны тандап ала алады. Осы жүйеге сәйкес соттар
ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға қатысты да, онша кауіпті емес
қылмыс жасаған адамдарға қатысты да ауырлығы әртүрлі жаза қолдануға құқылы.
Сонымен, жаза түрлерінің біршама көптігі қылмыстың да, оны жасаған
қылмыскердің де қоғамға қауіптілігін ескеріп әділ жаза тағайындауға
мүмкіндік береді, алдында тұрған мақсатқа жетуге көмектеседі (23-баптың 1
бөлігі).
Жазаның түрлері мен жүйесі, сонымен қатар, қылмыскерлікпен күресу
тәсілдеріне және қылмыстың өзіне деген қоғамда қалыптасқан пікірдің
көрінісі. Адамның өмірі, денесі, бостандығы, ар-ожданы жазаның объектісі,
ал өлім, жарақат, күш көрсетіп қинау, қамау, қудалау, мүлкінен айыру,
масқаралау - жаза қолданудың салдары болып табылады. Жаза қолданғанда
қылмыскер әруақта мемлекет атынан айыпталады.
Қылмыстық жаза қоғамдағы үстем көзқарасқа және оның өмір сүруінің
негізгі шарттарына сәйкес келетін көзқарастарға жауап беріп келді, жауап
береді де. Заңдарға бұрынғы ескірген жазаларды енгізсек, оны қоғам тарихи
анахронизм деп санар еді, ол жазалар жүрмес еді.
Керісінше, егер заңдарға қоғам саяси да, сана жағынан да әлі дайын емес
жазаларды енгізсек, олар да жұмыс істемес еді.
Қылмыстық заң мен жаза адамдардың қалыптасқан өміріне, қоғамдық
қатынасқа, сол қоғамның идеологиясы мен таптық құрылымына, мемлекет
экономикасының ахуалына, және осы негізде қалыптасып отырған этикалық және
құқықтық көзқарастарға сәйкес келуі тиіс.
Егер жаза түрлерінің қоғамның және қоғамдық қатынастардың даму
деңгейімен байланысына көз жүгіртсек, мынадай зандылықты байқауға болады:
өндіргіш күштердің даму деңгейі төмен кезде қоғамдық тұрмыс та нашар,
мәдениет те төмен деңгейде болды, оған сәйкес идеология болды; жазалаудың
аса қатаң түрлері қолданылды ашықтан ашық үрей тудыру, өлтірудің, жара-
қаттаудың жетік түрлері болды; қоғам ішіндегі қайшылықтың ушығуы жазаны
қатайтуды қажет етті; аса қатаң жазалау кейінгі феодализмге тән әрекет еді.
1532 жылы қабылданған Карл V-нің қылмыстық жинағы Каролина сол
кезеңді дәлірек сипаттайтын заң актісі. Басқа елдердің заңдары да, одан
кейінгі кездері де бұл заңнан алыс кеткен жоқ. Ф.Энгельс былай деп жазды:
Ағылшындардың қылмыстық заңының Европадағы ең қатаң заң екендігін білеміз.
1810 жылдың өзінде ол өзінің қатыгездігі жағынан Каролинадан кем түспеді:
отқа жағу, доңғалаққа байлап, кескілеп өлтіру, тірі адамның шек-қарнын
ақтару, т.б. жазалаудың көп тараған түрі болды.
Қылмыскерлікпен күрестің барлық формалары мен әдістері тек қатаң
жазалаумен ғана шектелді. Ондағы басты мақсат — зиянкес адамның көзін жою
немесе оны адам сияқты өмір сүру қабілетінен айыру. Ол кездің ұраны
үрейлендіру мен қатыгездік.
Бірақ, қатаң жаза қолданудың өзі қатыгездікті тудыратынын өмір
көрсетті. Нөтижесінде қылмыс азайған жоқ, кайта көбейіп кетті. Сондықтан
да, алдыңғы қатарлы ойшындар бір жағынан жазаның сипатын өзгерту керек,
екіншіден қылмыстың алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру керек
дегенді айтты.
Қазіргі тарихи кезең жағдайды жазамен түзетуге болмайтындығын көрсетіп
отыр, сондықтан да оқымыстылар бұл тығырықтан шығудың жолын іздестіруде.
Осыған байланысты мәжбүрлеу жөне зорлық принципіне емес, сенімді
межбүрлеумен ұштастырған принципіне негізделген жаза теориясы ерекше маңыз
алады. Бұл теория жаза қылмыскерлікпен күрестегі маңызды да және әзірше
қажетті құрал болғанмен, ол жалғыз әрі басты кұрал емес, тек қосымша ғана
деген түсініктен туындайды.
Қоғамның әлеуметтік өміріндегі жазаның орыны, бәрінен бұрын,
адамгершіліктен, адамға деген қамқорлықтан барып анықталуға тиіс. Мәж-
бүрлеудің қылмыспен күрес тәсілдерінің бірі екендігін ескере отырып, бірақ
ақтық соңында тек мақсатты тәрбие мен сенім арқылы ғана адамға ықпал
жасауға болатындығын, солар арқылы ғана адамның сезімі мен ойын,
көзқарасын, идеясын, дағдысы мен мінез-құлқын өзгертуге болатындығын
мойындау керек (3, 79-83 б.)
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде бұл принциптер
ескерілген және жаза түрлерінің тізімі бұрынғы заңмен салыстырғанда едәуір
өзгерген. Жазаның кейбір түрлері сақталған, ал кейбіреулерін заң шығарушы
алып тастаған.
Сонымен катар, қоғамдық жұмыстар, бостандықты шектеу, тағы басқадай
жазаның жаңа түрлерінің жүйеге енгізілуі өте дәлелді. Жазаның кейбір
түрлерінің атаулары да, оған сәйкес мазмұны да өзгерген. Әскери және арнайы
атақтан айырудың орнына — арнайы әскери және кұрметті атақтан, сыныптық
шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және
мемлекеттік наградалардан айыру; бас бостандығынан айырмай түзеу
жүмыстарына жіберудің орнына - түзеу жүмыстары. Тәртіптік батальонға
жіберу түріндегі жаза тәртіптік әскери бөлімде ұстаумен ауыстырылған.
Өлім жазасы жаза түрлерінің тізіміне кіргенмен, ол ерекше сипаттағы
жаза деп көрсетілмеген.
ҚР ҚК-нің 39-бабында қарастырылған қылмыстық жазалар тізімінде мыналар
бар айыппұл салу, белгілі бір лауазымды аткару немесе белгілі бір қызметпен
айналысу кұқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары;
әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; камау; тәртіптік
әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы; арнаулы, әскери
немесе құрметті атағынан, сыныптық шеннен, ди-пломатиялық дәрежесінен,
біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру; мүлкін
тәркілеу1.
Тиімділігі өте төмен болғандықтан жаңа Қылмыстық кодекстен
жазаның мынадай түрлері алынып тасталды: қоғам алдында бетіне басу,
келтірген нұқсанды жоюды міндеттеу, жер аудару, елден шығарып жіберу,
қызметтен босату, еңбекпен тәрбиелеу профилакториясына жіберу, ата-ана
құқынан айыру. Мұның бәрі 1959 жылғы Қылмыстық кодексте бар болатын.
Бұрын кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалар түрінің арнайы тізімі
қарастырылмаған болатын. Ал қазір, ҚР ҚК-нің 79-бабына сәйкес, 18 жасқа
дейін қылмыс жасаған адамдарға тек мына жазалар қолданылады: айыппұл салу;
белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту;
түзеу жүмыстары; қамау; бас бостандығынан айыру.
Жаңа ҚК-те жазалар жүйесі басқаша құрылған: олар (жаза түрлері)
жеңілдеу жазадан бастап қатаң жазаға қарай тізілген. Бұл қылмыстық заң
принципімен сәйкестігін табады — қылмыскерді жазалағанда жазалау құралдары
үнемді пайдаланылады.
ҚР-ның қылмыстық заңындағы жазалар жүйесінде адамды масқара ететін,
оның денесін жарақаттап, мүгедек ететін жаза түрлері жоқ. ҚР
Конституциясының 17-бабында былай делінген: 1. Адамның қадір-қасиетіне қол
сүғылмайды. 2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай
қатыгездік немесе адамдық кадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, не
жазалауға болмайды. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған адамға, екі қабат
әйелдерге, емшекте баласы бар және жас сәбиі бар әйелдерге жаза
қолданылғанда заң бойынша бірқатар шектеулер қарастырылған1.
Сондықтан да бұл қылмыстық заңда жаза түрлерінің толық әрі дәл тізімі
берілген, оларды сот қылмыс жасаған адамға тағайындай алады. Занда
карастырылмаған жазаны қолдануға жол берілмейді.
Жаза түрлері өздерінің мазмұны, сотталғанға ықпал жасау тәсілі жөне
ауырлығы (жазалау сипаты) жағынан бір-бірінен өзгеше болады.
Кейбір жазаларды соттардың міндетті түрде қолдану шарты, шегі және
тәртібі тікелей заңда белгіленеді, оның нәтижесінде жазаның әділдігін,
лайықтылығын және жеке даралығын, жаза тағайындағанда заңдылықты сақтауға,
жинақтай келгенде қылмыскерлікпен күрес саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз
етуге жағдай жасалады.
Осы күшіндегі ҚК бойынша жаза жүйесі туралы айтқанда, біріншіден оның
озық, алдыңғы қатардағы принциптер бойынша құрылғанын, сондықтан оған
жазалаудың жаңа тиімді шаралары кіргенін, соңғы бірнеше онжылдықтар бойы
қолданылмаған кейбір жазалардың алынып тасталғандығын атап өту керек.
Сонымен катар, жаңа ҚК-дегі кейбір кемшіліктерді де айтпай кетуге болмайды.
Біздің пікірімізше, өмір бойы бас бостандығынан айырудың жазаның бөлек түрі
ретінде жазалар жүйесіне кіргізілмегендігі - кателік.
Жазаның бұл түрінің өзінше бөлек жаза болып қарастырылуға құқығы бар,
себебі бас бостандығынан айыру жазаның мерзімді түріне жатады, ал өмір бойы
бас бостандығынан айыру — мерзімсіз жаза. ҚК-нің Ерекше бөлігіндегі
баптардың санкцияларында ол жазаның басқа түрлеріне, оның ішінде бас
бостандығынан айыруға балама жаза ретінде көрсетіледі (ҚК-тің 96-бабының 2
бөлігі).
Жүйеге кіретін жазаның барлық түрлері үш топка бөлінеді: негізгі,
қосымша жөне балама, яғни олар негізгі болып та, қосымша болып та қолданыла
алады (ҚК-тің 39-бабы).
Жазаларды негізгі және қосымша деп бөлудің практикалық маңызы зор. Атап
айтқанда, қосымша жазаларды қолдану — жазаны жеке даралау принципін жүзеге
асыру тәсілдерінің бірі. Жазаның қай түрі негізгі, қайсысы қосымша
екендігін дел көрсету зандылық талабына толық сай келеді (4, 61 б.)
2.2. Негізгі жазалар
Жазаның негізгі түрлеріне тек өзінше бөлек тагайындалатын жазалар
жатады, олармен баскаларды толықтыруға болмайды, жазаның негізгі
мақсаттарын орындау осылармен байланыстырылған V (5, 219 б.). ҚК-тің 39-
бабына сәйкес, жазаның мұндай негізгі түрлеріне мыналар жатады: қоғамдық
жұмыстарға тарту; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу;
қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім
жазасы. Қылмыс жасаған адамға ҚК-тің Ерекше бөліміндегі нормалар
санкциясында белгіленген негізгі жазалардың біреуі ғана қолданылады.
Мысалы, түзеу жұмыстары бас бостандығынан айырумен бірге бір санкцияда
қарастырылғанмен, оларды бір-біріне толықтыру ретінде тағайындауға
болмайды.
Қоғамдық жұмыстарға тарту. ҚР ҚК-нің 42-бабына сәйкес, қоғамдық
жұмыстар сотталған адамның негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін
қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады, олардың түрлерін жергілікті
атқарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді.
Қоғамдық жүмыстар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
белгілеген жазаның жаңа түрі болып табылады, ол Қазақ ССР-ның Қоғамдық
жұмыстар ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарында 64 санкцияда бар, ол 10, 14%
қүрайды. 1997 жылғы 16 шілдедегі Казақстан Республикасының Қылмыстық
кодексін күшіне енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына
сәйкес, жазаның осы түрін реттейтін міндеттеу Қазақстан Республикасының
Қылмыстық-орындаушылық кодексі күшіне енгеннен кейін, жазаның бұл түрін
орындау үшін қажетті жағдайдың тууына орай, бірақ 2003 жылдан
кешіктірілмей, күшіне енеді1.
Жоғарыда аталып кеткендей, қоғамдық жұмыстардың түрлерін жергілікті
аткарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді,
олар жазаны орындаушы органға қылмыстық-орындаушы инспекцияға мұндай
жұмыстардың қажеттігін хабарлайды.
Испекция сотталғандарды жұмысқа жібереді. Сотталғандар қоғамдық
жұмыстарды өздері тұрған жерде жасайды.
ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінің айыпкер сотталған бабының санкциясында
қарастырылған болса, қоғамдық жұмыстар жазаның негізгі түрі ретінде ғана
қолданылады.
Қоғамдық жұмыстар, сонымен қатар, жасалған қылмыс үшін қарастырылған
жазадан жеңілірек жаза тағайындалса, және жазаның өтелмеген бөлігін жұмсақ
жазамен ауыстырған жағдайда қолданылады (71,55 баптар).
Бұл жаза мерзімді жазалар қатарына жатады. Ол сотталған адам қоғамдық
жұмыста болған сағатпен өлшенеді. Заң бұл жазаны алпыс сағаттан екі жүз
қырық сағатқа дейін тағайындауға рұқсат береді.
Жазаны бөлшектеп өтейді - демалыс күндері жене сотталған адам негізгі
жұмысында немесе окуында болмаса -- күніне ең көп дегенде 4 сағат, жұмыс
күндері -- жұмыстан немесе окудан кейін 2 сағат, сотталғанның келісімімен 4
сағат жұмыс жасалынады (ҚАК-тің 32-бабының 2 бөлігі).
Қоғамдық жұмыстарды өтеуден әдейі кашқақтаған жағдайда сотталған адам
үшін жазаның бұл түрі ауырырақ жазамен алмастырылады.
ҚР ҚАК-нің 34-бабына сәйкес қоғамдық жұмыстарды өтеуден әдейі қашқақтау
дегеніміз: қоғамдық жұмыстардан қашып сотталғанның тығылып қалуы; бір ай
ішінде еңбек тәртібін екі реттен артык бұзуы; бір ай ішінде ешкандай
себепсіз қоғамдық жұмыстарға екі реттен артық шыкпай қоюы.1
Қоғамдық жұмыстарды бас бостандығын шектеумен немесе ҚК-тің 45 және 46
баптарында қарастырылған мерзімге қамауға алумен ауыстыру қарастырылған. Ал
сотталған адамның қоғамдық жұмыстарда өтеген уақыты оның бас бостандығын
шектегенде немесе оны камағанда есепке алынады. Қоғамдық жұмыстарда болған
әрбір сегіз сағат бас бостандығынан айырғанда немесе қамалғанда бір күнге
есептеледі.
ҚР ҚК-нің 42-бабының 3 бөлігінде қоғамдық жұмыстар қолданылмайтын
адамдар тобы көрсетілген.
Қоғамдық жұмыстар мына адамдарға тағайындалмайды: әскери
қызметкерлерге; елу жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан асқан ер
адамдарға; жүкті әйелдерге; сегіз жасқа дейін баласы бар әйелдерге;
бірінші, екінші топтағы мүгедектерге.
Осы жаза тағайындалған әйел жүкті болып қалса, ҚР КДС-нің 72-бабына
сәйкес жазаны өтеуді кейінге қалдыру қолданылуы мүмкін.
Жазаны өтеу барысында сотталған адам бірінші немесе екінші топтағы
мүгедек деп танылса, ҚР ҚК-нің 73-бабының 2 бөлігіне сөйкес ол адам бұл
жазаны өтеуден босатылуы мүмкін немесе бұл жаза басқа жеңілірек түрмен
ауыстырылуы мүмкін, себебі оның денсаулық жағдайы жазаның бұл түрін ары
карай өтеуді көтермейді.
Қоғамдық жұмыстар қызметте тұрақты болуына байланысты әскери
қызметкерлердің барлық категорияларына да қолданылмайды, ал Ресей
Федерациясының Қылмыстық Кодексінде бұл жаза шақыру арқылы қызмет өтеп
жатқан әскери қызметкерлерге ғана тағайындалмайды. Кәмелетке толмаған
адамға тағайындалған қоғамдық жүмыстарға окудан немесе негізгі жұмыс
уақытынан кейін жасы толмаған атқара алатын ақысыз қоғамдық пайдалы
жұмыстар жатады. Кәмелетке толмағандардың қоғамдық жұмыста-рының мерзімін
есептеу біршама басқа. ҚР ҚК-нің 79-бабының 4 бөлігіне сәйкес қоғамдық
жұмыс оларға қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге
тағайындалады.
Жазаны өтеу сотталған адамның жасына қарай анықталады: он алты жасқа
дейінгілер үшін күніне екі сағаттан артпауы тиіс; он алтыдан он сегіз жасқа
дейінгілер үшін — күніне үш сағат.
Түзеу жүмыстары. Түзеу жұмыстарының мазмұны сонда — сотталған адам
жазасын өзінің бұрынғы негізгі жұмыс орнында өтейді, бірақ оның жалақысынан
мемлекет кірісіне тиісті бір бөлігін ұстап тұрады.
Бұл жазалау шарасы қылмыстық заңдарда орын алып отырған адамгершілік
принциптерінің бір көрінісі.
Ол кішігірім жөне орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған, бірақ қоғамнан
оқшауламаса да түзелу мүмкіндігі бар адамдарға соттардың бас бостандықтан
айырумен байланысты емес жаза тағайындауына мүмкіндік береді.
Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексіне Түсініктеменің авторларының
анықтамасы бойынша түзеу жұмыстары мемлекет таққан кінәні мойындатып
сотталғанның көңіл-күйіне ықпал жасайды; сотталғанның жұмыс орнын
ауыстыруына, көптеген қызметте кәсіби мансапқа ие болу мүмкіндігіне
(мемлекеттік қызмет, банк қызметі, білім беру саласы, т.б.) шектеу жасайды;
мүліктік жағдайына өсер етеді, нақты айлығы азаяды.
Сонымен қатар түзеу жүмыстары жаза түрі ретінде жалпы үнемді болып
табылады, ол сотталғанның ортамен әлеуметтік оң байланысын үзбейді (6, 139
б.)
Түзеу жұмыстары — жазаның ең көп таралған түрлерінің бірі. Ол ҚР ҚК-нің
Ерекше бөлім нормаларының 155 санкциясында бар, бұл — 24,5%. Сот
практикасында түзеу жүмыстарын тағайындаудың басқа жазалау шараларының
арасындағы үлесі едәуір. Бірақ жазаның бұл түрін бұдан да жиірек қолдануға
кедергі жасайтын мә н-жайларды ескермеуге болмайды. Оған жүмыссыздықты
жатқызуға болады. Жұмыссыз адамға жазаның бұл түрін қолдануға болмайды. Бұл
жазаның соңғы кездері аз қолданылуын осы жағдаймен түсіндіруге болады.
Мысалы, 1995 жылы түзеу жұмыстарына 18649 адам сотталса (20,0%), ал 1996
жылы 10532 адам (12,4%) сотталған.
Түзеу жұмыстарын қолданудағы мақсатқа үш тәсілмен жетуге болады:
еңбекке міндетті түрде тарту; еңбек ету жөне басқа қүқықтарын біршама
шектеу жөне материалдық сипатта ықпал ету -жалақысының бір бөлігін ұстап
қалу.
Түзеу жұмыстарын орындаудың тәртібі мен шартын қылмыстық-орындаушылық
заңдар реттейді. Жазаны орындау ішкі істер органдарының тиісті
бөлімшелеріне түзеу жүмыстарының қылмыстық-орындаушы инспекциясына
жүктеледі.
Бұл жазаның ауыртпашылығы тек оның мерзімінде, ал ол -- жасалған
қылмыстың қоғам үшін қауіптілігіне не айыпкердің жеке басына карай
белгіленеді.
Түзеу жұмыстарының мерзімі айлап, жылдап саналады, сол уақыттарда
сотталған адам жұмыс істеуі және оның жалақысынан ақшасы ұсталуы тиіс.
Кейбір жағдайларда мерзім күнмен саналады. Түзеу жұмыстары екі айдан екі
жылға дейінгі мерзімге тағайындалады, оны сотталған адам сот үкіміне сәйкес
өзі бұрын негізгі жұмысын аткарып жүрген жерде өтейді. Сотталған адам
дәлелді себептермен жұмыс істемеген, бірақ оған жалақы төленген уақыт
(ауырған, бала баққан, т.б) өтелген уақыт есебіне кіреді.
Сотталған адам ресми түрде жұмыссыз деп танылған уақытта жазаны өтеу
уақытына жатқызылады.
Сотталған адамның жұмыс істеген күндерінің саны жазаның сот белгілеген
күнтізбелік мерзіміңцегі жұмыс күндерінен аз болмауға тиіс. Егер сотталған
адам жұмыс күнінің көрсетілген санын жұмыс істеп өтемесе, ал жұмыс
істемеген күндерін жаза мерзіміне жатқызуға занда белгіленген негіздер
болмаса, тиісті жұмыс күндерін толық өтегенше түзеу жұмыстары жалғаса
береді.
Түзеу жұмыстарын өтеу мерзіміне мыналар кірмейді: әкімшілік жаза алып
қамауда отырған уақыты, егер сотталған адам жазаны өтеп жүрген кезде
әкімшіліктік жаза алып, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынса; мастықтан
немесе мастыққа байланысты әрекеттерден ауырып қалған уақыты; сотталған
адам нақты жұмыс істемеген және оған жалақы есептелмеген басқа барлық
жағдайларда.
Түзеу жұмыстарын өтеудің мерзімін есептеудің белгіленген тәртібі оны
сот белгілеген мерзімнен ертерек өтеу мүмкіндігін қарастырмайды, мұндай
жағдай тек сотталғанды жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға
ұсынғанда ғана болады (ҚР ҚК-нің 70-бабы).
Заң түзеу жұмыстарын сотталған адамның өз жұмыс орнында өтеуін
қарастырады, яғни субъект меншіктің кез-келген нысанындағы кәсіпорында,
мекемеде, ұйымда, өзінің бұрынғы жұмыс орнында, сол лауазымда калады, заң
түзеу жұмыстары ретінде ешқандай нақты жұмысты атамайды. Сондықтан да
жұмыстың барлығы да түзеу жұмыстарына жатқызылады1.
Бұл жерде бір мәселе туындайды: адамның сотталуы оның қызметімен,
кәсіби айналысатын жұмысымен байланысты болса; немесе жазаның қосымша
шарасы ретінде сот белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір
қызметпен айналысу құқынан айырса не істеу керек?
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 24 маусымдағы
Жаза тағайындағанда соттардың зандылықты сақтауы жөніндегі N3 қаулысында
жұмыс орыны бойынша түзеу жұмыстарын тағайындағанда қызметті немесе кәсіби
міндетті орындауға байланысты қылмыс жасаған адамдарға жазаның бүл түрін
қолдану бұл жазаның беделін түсіретіндігін соттар ескеруге тиіс деп атап
көрсетілген.
Сотталғанның жалақысынан сот үкімінде көрсетілген мөлшерде мемлекет
пайдасына ақша ұстау түзеу жұмыстарының ажырамас бөлігі. Бұл мөлшер бес
процент пен жиырма процент аралығында болады.
Жалақы - - еңбек ақы ұғымына заңдарда анықтама берілмеген. Бірақ
Казақстан Республикасы Конституциясының 24-бабын, Қаз. ССР-ның ЕтЗК-нің 75-
бабын талдай отырып еңбек ақыға мынадай анықтама беруге болады. Еңбек ақы —
санына жөне сапасына қарай еңбекке берілетін сыйақы.
Түзеу жүмыстарының мерзімі толықтай өтелгенше сотталғанның жалақысынан
ақша ұсталып тұрады. Сотталғанның негізгі жұмыс орынындағы жалақысының
барлық түрлерінен, салықтар мен басқа төлемдерді шығармай, басқа орындау
құжаттары бойынша оның ақша төлей-тіндігіне қарамастан ұсталады (Кдз. ССР
ЕтЗК-нің 108-бабы).
Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша
берілетін жәрдемақыдан, біржолғы төлемдерден (жұмыстан шығардағы жәрдемақы,
іссапарға берілетін ақша) және заңға сәйкес өндірілуге жатпайтын
төлемдерден ұсталмайды (Қаз. ССР ЕтЗК-нің 109-бабы). Ұсталған ақша мемлекет
кірісіне аударылады.
Егер сотталғанның тұрмыс жағдайы нашарласа, сот түзету жұмыстары
туріндегі жазаны өтеп жүрген адамнан ұсталатын ақша мөлшерін азайта алады
(ҚР ҚАК-тің 40-бабының 1 бөлігі). Ұсталатын ақша мөлшерін азайту туралы
шешім шығарғанда сотталғанның барлық табыстары есепке алынады.
Түзеу жұмыстары тек негізгі жаза ретінде қолданылады, егер ол ҚК-тің Ерекше
бөліміндегі нормалардың тиісті санкцияларында қарастырылған болса. Сонымен
қатар түзеу жұмыстары мына жағдайларда да тағайындалады:
1) сол жасалған қылмыс үшін қарастырылған жазадан жеңілдеу жаза
тағайындағанда (ҚР ҚК-нің 55-бабы);
2) жазаның өтелмеген бөлігін жазаның жеңілдеу түріне ауыстырғанда (ҚР ҚК-
нің 71-бабы);
3) жазадан әдейі жалтарғаңдықтан оны айыппұл салумен алмастырса (ҚР ҚК-нің
70-бабы).
Түзеу жүмыстары түріндегі жазаны тағайындағанда, сот заңда көзделген
жағдайларға сүйеніп, сотталғанға шартты соттауды қолдана алады (ҚР ҚК-нің
63-бабы).
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы өзінің 1993 жылғы 24-
маусымдағы Жаза тағайындалғанда соттардың заңдылықты сақтауы туралы N3
қаулысында жазаның бұл түрін дұрыс қолдану үшін елеулі маңызы бар мән-
жайларды (еңбекке жарамдығын, отбасы жағдайын, балаларының бар-жоғын,
еңбекке көзкарасын, не себепті жұмыс істемейтіндігін, т.б.) соттың мұқият
анықтауы тиіс, ал сотталушы түзеу жұмыстарын өтей алмайтындай халде болса,
онда оған басқа жаза тағайындалуы керек, — деп көрсетілген.
Түзеу жұмыстары тағайындалмайтын адамдар тізімі заңда нақты
көрсетілген, олар: а) еңбекке жарамсыз деп танылған адамдар; б) тұрақты
жұмысы жоқ адамдар; в) өндірістен қол үзіп оқу оқып жүрген адамдар.
Іс жүзінде бұл жаза жүкті әйелдер мен сегіз жасқа дейін баласы бар
әйелдерге де қолданылмайды.
Бұл тізімде көрсетілген адамдарға сот түзеу жүмыстарының орнына айыппұл
тағайындауы мүмкін, егер ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінің айыпталушыға қолданып
отырған бабының санкциясында айыппұл түріндегі жаза қарастырылмаған болса,
онда айыппұл мөлшері бір ай түзеу жұмыстары үшін занда белгіленген бір
айлық есептеу көрсеткішіне тең болады.
Түзеу жүмыстарына сотталып, үкім шыққаннан кейін ол адам жұмысқа
жарамсыз деп мойындалса, оның тұрақгы жұмыс орыны болмай шықса немесе
өндірістен қол үзіп оқу орынында оқып жүргені анықталса, сот түзеу
жумыстарын жоғарыда көрсетілген есеп бойынша айыппұлмен алмастыра алады (ҚР
ҚК-нің 43-бабының 3 бөлігі).
Келісім-шарт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметкерлерге
түзеу жұмыстары әскери қызмет бойынша шектеу жазасына ауыстырылады (ҚР ҚК-
нің 44-бабы).
Егер сотталған адам өзінің түзелгенін дәлелдесе, сот оған мадақтау
шарасын қолданып, оны түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде
мерзімінен бұрын босата алады.
Егер сотталған адам жаза өтеуден әдейі қашқақтаса, түзеу жұмыстарының
өтелмеген мерзімін сол мерзімге бас бостандығын шектеуге, қамауға алуға
немесе бас бостандығынан айыруға соттың ауыстыра алатындығы занда
қарастырылған (ҚР ҚК-нің 43-бабының 4 бөлігі).
Жазаны өтеуден әдейі қашкақтау дегеніміз — түзеу жұмыстарының
орыңдалуын бақылайтын органның жазбаша ескертуінен кейін түзеу жұмыстары
түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен шартын қайта бұзу немесе қайда жүргені
белгісіз болып, тұрған жерінен қашып кету (ҚР КДК-нің 42-бабының 1 бөлігі).
Жаза өтеудің тәртібі мен шартын бұзғандыққа мыналар жатады: жазбаша
ескерту жасағаннан кейін еш себепсіз қылмыстық-орындаушы инспекцияға келмей
калу, жазбаша ескертуден кейін қылмыстық-орындаушылық зандарда белгіленген
міндеттерді орындамау, жұмыска себепсіз кешігіп келу немесе жұмыс орнына
мас болып немесе есірткі не токсикалық заттар пайдаланып келу (ҚР КДК-нің
42-бабының 1 бөлігі).
Кәмелетке толмағандарға түзеу жұмыстарын тағайындауда жасына, мерзіміне
жөне қылмыстық жазадан босату мүмкіндігіне байланысты ерекшеліктер болады.
1. Үкім шығарылған кезде он алты жасқа толған адамға ғана түзеу жұмыстары
тағайындалуы мүмкін.
2. Заңда (ҚР ҚК-нің 79-бабының 4 бөлігі) түзеу жұмыстарының тек ең көп
мерзімі көрсетілген -ол бір жылға дейін, ал ең аз мерзімі көрсетілмеген. ҚР
ҚК-нің 43-бабының 1 бөлігінде ең аз мерзім екі ай деп көрсетілген,
сондықтан да мұны кәмелетке толмағандарға да жатқызуға болады деп
санаймыз. Сонымен кәмелетке толмағандар үшін түзеу жұмыстары екі айдан бір
жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
3. ҚР ҚК-нің 55, 63,71 баптарында бекітілген жағдайлармен қоса кәмелетке
толмай сотталғандарға бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы
қылмыс жасағаны үшін тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы
мүмкін (ҚР ҚК-нің 81-бабы) және шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды
қолдану үшін кәмелетке толмай сотталғанның түзеу жұмыстарын өтеуінің ең аз
мерзімі едәуір қысқаруы мүмкін (ҚР ҚК-нің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz