Йасауи жолының ұзақ ғасыырларға созылған тарихы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

14. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

1-лекция. Тақырыбы: Ислам діні

Жоспары:

  1. Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеті
  2. Діннің қоғамдағы орны
  3. Ислам дінінің дүниеге келуі
  4. Мұхаммед Пайғамбардың адамзат тарихындағы орны

Қазақ даласындағы, жалпы түркі дүниесіндегі рухани құндылықтардың Қожа Ахмет Йасауидің рухани мұрасымен тікелей байланысты екендігі мойындалған. Сондықтан Қожа Ахмет Йасауидің түркі халықтарының тарихи тағдырындағы орнын білу әрбір түркі азаматы үшін рухани қажеттілік. Қазақ халқының рухани дүниесінің өзегі ислам діні, оның ішінде сопылық жолдың түркілік бағыты, Қожа Ахмет Йасауи негізін салған - йасауийа тариқаты. Кезінде түркі тілі мен мәдениетінің, мемлекеттігінің жоғалмай, сақталып қалуына себепкер болған бұл сопылық жол түркі дүниесі мен мәдениетінің одан кейінгі ғасырлардағы өзегі болды. Түркі халықтары Қожа Ахмет Йасауиді өзінің рухани көшбашысы-Пірі, әулиесі санады. Оны ортағасырлық ғұламалар «Қтуб әл-ақтаб» деп атады. Бұл «Түркі дүниесінің Темірқазығы» деген мағнаны білдіреді. Басқаша айтқанда, Иасауи жолынан тыс түркілер үшін исламда жол жоқ дегенді білдіретін еді. Түркі халықтары мәдениетінің кез-келген саласы осы Йасауи жолымен тікелей байланысты. Орта ғасырларда Иасауи жолынан шегінген әрбір қадам түрклерді этникалық жіктелулерге түсіріп, мемлекеттігінен айырып отырды. Түркі билігінің қуатын әлсірету үшін алдымен оның рухани тұтастығының кепілі - Иасауи жолын әлсірету қажеттігі орта ғасырлардың өзінде белгілі болған еді. Сол себепті, Иасауи жолы сол кезеңнің өзінде түркі билігіне қарсы күштердің жан-жақты шабуылының басты нысанасына айналды. Нәтижесінде түркі халықтары өзінің мемлекеттігінен айырлып, өзгенің езгісіне түсті. Бұл Йасауи жолының түркі дүниесінде қандай орны болғандығын бағалауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні Еліміз өз тәуелсіздігін алып, жеке мемлекет болған кезде өзінің шынайы тарихын, түркі мемлекеттігінің күйреу себептерін білуі, ол тарихтан сабақ алуы тиіс. Сондықтан Иасауи жолының түркі тарихындағы орнын зерттеу, оны халыққа жеткізу өзекті мәселеге айналып отыр. Өйткені, кез-келген халық өзінің рухани, мәдени тұтастығын қалыптастыра алмаса, мемлекеттігін де сақтап қала алмасы анық. Өкінішке орай, соңғы жылдары Қожа Ахмет Иасауи мен сопылыққа қарсы кейбір шеттен келген діни ағымдар мен солардың ықпалына түскен отандастарымыз тарапынан күрестің қайта басталуы қазақ халқының белгілі бір бөлігінің санасында Қожа Ахмет Йасауи мен ол негізін салған сопылық жолдың түркі тарихындағы орнына күмәнмен қараушылардың санын көбейтті. Әсіресе, кейбір діни саланы уағыздайтын БАҚ құралдары Қожа Ахмет Иасауи мен қазақ халқының дәстүрлі діни танымы мен әдет-ғұрып, салт-дәстүріне қарсы күрес жүргізуді әдетке айналдырды. Алайда, Қожа Ахмет Йасауиді де, ол негізін салған сопылық жол йасауийа тариқатын да ислам дінінен бөліп қарастыру мүмкін емес. Әрине, Йасауи жолы арабтардағы ислам дінінің өмір сүру формасын толық қайталамайды, өзіндік ерекшелігі бар. Бірақ, Құран аяттары мен Мұхаммед Пайғамбар хадистеріне қайшы келетін ерекшелігі жоқ. Алайда, Иасауи жолында түркі халықтарының табиғи және мәдени ерекшелігі барлығын жоққа шығаруға болмайды. Бірақ олардың ешқайсысы ислам дініне қайшы келмейді. Сондықтан, бүгінгі күні Иасауи жолының түркі тарихындағы орнын халыққа жеткізіп қоймай, оны сырттан келген әсіре діншілдердің шабуылынан қорғау да қажет болып тұр. Ол үшін Қожа Ахмет Йасауидің, жалпы сопылық ілімнің исламдағы орнын айқындау қажеттігі туындайды. Жалпы бұл бағытта зерттеу жұмыстары баршылық. Қожа Ахмет Йасауи мен Иасауи жолын зерттеу қазіргі күні жан-жақты жүргізіліп жатқандығын айтуға тиіспіз. Иасауидің рухани мұрасын әдебиетші-ғалымдар, философтар, педагогика ғылымы саласындағы мамандар жан-жақты зерттеп жатыр. Жеткен жетістіктер де аз емес. Өкінішке орай, ол жұмыстардың нәтижесін қолданысқа енгізіп, іске асыру мәселесі кенжелеп отыр.

Діннің адамзат тарихындағы орны ерекше. Адамзат баласын өзге жаратылыстан ажыратып, өзінің осы жаратылған барша мақлұқаттың қожасы екенін, бірақ сол үшін осы әлемнің иесі алдында жауапты екендігін сезіндіретін - дін. Бұл адамзат қоғамының діннен тыс өмір сүре алмайтындығын көрсетеді. Өйткені, дін адамзат қоғамының басты реттеуші құралы болуымен қатар, оның мәдениеті мен өмір салтының басты қайнар көзі болып табылады. Сондықтан кез-келген халықтың рухани, мәдени болмысы діннен тыс болуы мүмкін емес. Бұл кез-келген халықтың тарихи тағдырында діннің шешуші роль атқартындығын, оның рухани, мәдени өркендеуінің көкжиектерін айқындайтын басты фактор екендігін көрсетеді. Өзінің дәстүрлі дінінен бас тартып, өзеге дінді қабылдау кез-келген халық үшін қауіпті қадам болып табылады. Өйткені, дінін өзгертіп, жаңа дін қабылдаған халық, өзінің дәстүрлі мәдениетін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін құрбандыққа шалып, жаңа діннің талабына сай келетін мәдениет пен әдет-ғұрып салт-дәстүрді қайта қалыптастыруға мәжбүр болады. Тарих сахнасына өз ата-бабаларынан мүлде бөлек халық шығады.

3. Илам діні VII ғасырда Араб түбегінде дүниге келді. Ислам дінің дүниге келуімен адамзат қоғамы күрелі өзгерістерге ұшырады. Сол кезеңге дейін ең артта қалған халықтың бірі болған араб тайпалары ислам дінінің келуімен адамзат баласына жаңа дін мен мәдениетті, ғылымды таратушы прогресшіл халыққа айналды. Ислам дінінің келуімен көне империялар күйреп, олардың орнына тарих сахнасына жаңа сипаттағы ислам мемлекеттері пайда болды. Бұл өзгерістердің негізін Құран мен ислам дінінің негізін салушы Мұхаммед Пайғамбардың Суннасы құрады.

  1. Мұхаммед Пайғамбар 570 жылы Мекке қаласында дүниеге келді. Әкесі Абдулла Мұхаммед Пайғамбар дүниге келмей тұрып, алты ай бұрын дүниеден өтті. Шешесі Әмина Пайғамбар алты жасқа келгенде қайтыс болдаы. Одан кейін Мұхаммед атасы Абд Мутталиб пен ағасы Абу Талибтің тәрбиесінде болады. Ол кісіге Пайғамбарлық қырық жасқа келгенде келді. Алғашында дінді меккеліктер арасында тарата бастайды. Бірақ көп ұзамай өзге дінді уағыздағаны үшін қуғындала бастады. Соңында 622 жылы Мұхаммед Пайғамбар өзінің жақтастарымен бірге Ясриб қаласына көшуге мәжбүр болды. Осы кезеңнен бастап бұл қала «Мәдинат ал Мунаууара» деп атала бастады. Ислам мемлекетінің негізі осы қалада қаланды. Мұхаммед Пайғамбар дүниеге «Ислам» деп аталған жаңа дінді әкелді. Бұл адамзат тарихындағы ең күрделі, әрі шешуші бетбұрыс болды.

Сұрақтар: 1. Ясауитану пәнінің мақсаты сен міндеті қандай?

2. Діннің адамзат қоғамында қандай роль атқарады?

3. Ислам дінінің адамзат тарихындағы орны қандай?

4. Мұхаммед Пайғамбар адамзат баласына қандай өзгерістер әкелді?

2- лекция. Тақырыбы: Ислам дініндегі түрлі ағымдардың шығу себептері

  1. Ши‘алар
  2. Хариджилер
  3. Муриджилер
  4. Қайсанийлер

Мұхаммед Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін халифаттағы билікке алдымен Абу Бакр Сыддық, (632-634), одан кейін ‘Умар ибн Хаттаб ал-Фаруқ (634-644) келді. ‘Умар ибн Хаттаб ал-Фаруқ қайтыс болғаннан кейін халифат атғына ‘Усман ибн Аффан отырды. Осы ‘Усман халифалығы кезінде халифатта алғаш рет билікке қарсы шығушылар тобы пайда болды. Куфа, Басра, Фустат, сияқты жерлерде ‘Усман саясатымен келіспеушілер көтеріліске шықты. Жағдайдың олай шиеленісуіне ‘Усман ибн Аффанның өз туыстарын билік басына көптеп тартуы болды. Мұхаммед Пайғамбар кезінде қалыптасқан рухани жақындық принципінің бұзылуы, халиф пен оның туысқандарының көп байлықты қолына шоғырландыруы халықтың наразылығын туғызды. Сол наразылықтың ақыры 656 жылы ‘Усманды өлтірумен аяқталды.

‘Усман өлтірілгеннен кейін халифат тағына ‘Али ибн Абу Талиб сайланды. Бірақ ‘Алидің таққа отырғанына риза болмаған тайпа басшылары оған қарсы күрестің әр түрлі формаларын қарастыра бастайды. Соның бірі ‘Усманның кегін қайтару мәселесі еді. Бұл мәселеден мемлекеттің тұтастығын жоғары қойған ‘Али ибн Абу Талиб ол талапты орындаудан бас тартты. Осы ішкі қайшылықтар нәтижесінде халық бірнеше топқа бөлінді.

Халықтың бір тобы Са‘д ибн Малик (Са‘д ибн Уаққас), Абдаллах ибн ‘Умар ал-Хаттаб бастаған топ ‘Алиді қолдамады, қарсы да шықпады. Сол себепті олар «мутазалиттер» деп аталды. Талха иьн Абдаллах пен аз-Зубайр ибн Аввам, ‘Айша бастаған топ қарсы шықты. ‘Али ибн Абу Талиб Талха мен аз-Зубайрге қарсы күресте жеңіп шықты. Талха мен аз-Зубайр өлтірілді. Олардың жақтастары Сирия билеушісі Муавийа Абу Суфийанға барып қосылды. ‘Алидің жеңіп тұрып, қайшылықты қазылар төрелігі арқылы шешпек болған әрекеті, оның жақтастарының ішінде наразылық туғызды. Он екі мың әскер ‘Али тобын тастап шығып, оның өзіне қарсы күресті. Ол топ хариджилер деп аталды. Бұл ‘Алидің онсыз да қиын жағдайын әлсіретіп кетті. Ақыр соңында ‘Али 661 жылы осы хариджилер қолынан қаза тапты. ‘Али өлгеннен кейін хариджилер Талха мен аз-Зубайр жақтастарына барып қосылды. Бүкіл билік умайийа тайпасының өкілі Муавийа ибн Абу Суфийанның қолына өтті. Оларды муриджилер деп атады.

1. Мемлекет билігінің Пайғамбар әулетінен басқа әулет қолына көшуі халифаттың шығысындағы көне мемлекеттік дәстүр сақталған Ирақ пен Иранды мекендейтін халықтар арасында үлкен наразылық туғызды. Олар халифат тағына Мұхаммед Пайғамбарға ең жақын адам ‘Али ибн Абу Талиб ұрпағы отыру керек деп есептеді. Ол топты ши‘алар деп есептеді. Бірте-бірте Ирақ пен Иран ши‘алардың аяқ тірейтін негізгі орталығына айналды. Ши‘алардың имаматты Пайғамбар ұрпақтарына қайтару жолындағы ұзақ ғасырларға созылған күресі басталды.

2. ‘Алиге қарсы шыққан хариджилер тобы. Бұл топ өкілдері халифат тағына барлық мұсылман қоғамы толық мойындаған адам отыруы тиіс деп есептеді. Бұл топтың да ислам қоғамында жақтаушылары аз болған жоқ.

3. Сирияда пайда болған - муриджилер тобы. Бұл топ Муавийа Абу Суфийанның билігіне қарсы шықпай оның билігімен толық келісті.

4. Уақыт өте келе ши‘алардың өзі бірнеше топқа бөлініп кетті. Олардың ішіндегі ықпалды да, ұйымшыл топ қайсанилер тобы еді. Қайсанийлер - деп, ‘Алидің Бану Ханифа тайпасынан алған әйелі Хауладан туылған ұлы Мұхаммед ибн ал-Ханафийа имаматын жақтайтын топты атады. Олар ал-Хасан мен ал-Хусайн өлгеннен кейін имаматқа Мухаммед ибн ал-Ханафийадан өзге лайықты адам жоқ деп есептеді.

Саяси билік жолындағы күрес уақыт өте келе бұл топтардың арасындағы идеялық қайшылықтың туындауына әкелді. Олардың әрқайсысы жеке исламдық діни ағым болып қалыптасты.

Сұрақтар:

  1. Ислам дініндегі әртүрлі діни ағымдардың шығу себебі қандай?
  2. Ши‘алар - деп қайсы топты атады?
  3. Хариджилер деп қайсы топты атады?
  4. Муриджилер -деп қайсы топты атады?
  5. Қайсанилер - деп кімдерді атайды?

3-лекция. Тақырыбы: Ислам дінінің Түркістан жеріне таралу тарихы

Жоспары: 1. Түркілердің араб экспансиясына қарсы күресі

2. VIII ғ. Хорасандағы саяси-рухани ахуал және оның Түркістанға ықпалы

3. Исламның оппозициялық күштерінің Түркістан жеріне шегінуі. Алғашқы Түркі мұсылман мемлекетінің пайда болуы

1. VIII ғасыр басынан бастап-ақ Мауараннахр мен Хорасандағы саяси жағдай шиеленісе бастады. Оған түркілердің араб экспасиясына қарсы күресі тікелей ықпал етті. Түркеш мемлекетін қайтадан қалпына келтірген Сулық қаған елдің ордасын Таласқа орнатты. 720-721жылдары түркештер Шаш, Ферғана халықтарымен бірігіп, араб әскерлеріне күйрете соққы берді. Ал, 728-729 жылдары Мауараннахрды түгелдей арабтардан азат еткен жылдар болды. Хорасаннан Мауараннахрдың бөлініп кетуі, Хорасанға келер астықтың азаюына әкеліп соқты. 115/733-734 жылдары Хорасанды аштық жайлады. Халық арасында үіметке қарсы наразылық күшйді. Ол наразылықты омейядтар билігне қарсы оппозициялық күштер өздерінің пайдасына шешуге тырысты.

2. Хорасан VIII ғасыр басынан бастап Халифаттағы омейядтар билігіне қарсы күрес орталығына айналды. Ол кезде Хорасанда хариджилер мен зайдиттердің, қайсаниттердің астыртын топтары болды. Олар халықты орталық үкіметке қарсы бас көтеруге шақырды. Осы кезде Аббасилердің өкілдері келіп, халыққа Пайғамбар әулеті ғана әділдік орнатады деген ұгіт жүргізді. Олардың біразы Хорасан билеушісі Жунайд ибн Абд ар-Рахман қолына түсіп, өлтірілді. Бірақ ол халық арасында күшейіп келе жатқан наразылықты тоқтата алмады. Халиф бұл үшін Жунайд кінәлі деп тауып, оны орнынан алды. Хорасан билеушісі болып, оның орнына ‘Асим ибн ‘Абдаллах тағайындалды. Ол Хорасанға келмей жатып, ал- Харис ибн Сурайдж бастаған хариджилер көтерілісі басталды. Ол Құран мен Пайғамбар хадисі бойынша өмір сүру керектігін, омейядтар ол жолды бұзып отырғандығын айтып, халықты көтеріліске шақырды. Көтеріліс күшпен басылды. Көтеріліс басшысы қашып түріктерге кетті. Одан кейін Хорасан билігіне келген Наср ибн Саййар Түріктер мен Х-ал-Харис ибн Сурайджға қарсы үш рет жорыққа барды. Үшінші барғанда түріктердің қолбасшысы Күрсулді өлтіріп, Шашқа дейін барды. Шаш билеушісі оның алдынан шығып құрмет көрсетті. Наср ибн Саййар одан ал-Харис ибн Сурайджды Шаштан қуып жіберуді талап етті. Ал-Харис ибн Сурайдж Шашатан Фарабқа кетуге мәжбүр болды.

Бұдан кейін біршама уақыт Хорасанда тыныштық орнады. Бірақ орталық үкіметке астыртын қарсылық оппозициялық күштер тарапынан тоқтаған жоқ. Халифат билігі Пайғамбар әулетіне берілу керек деген ұранды ту еткен аббасилер партиясының іс-әрекеті пәрменді болды. Олар өз әрекетерінде Мұхаммед ибн ал-Ханафийа имаматын жақтайтын қайсанийлерге арқа сүйеді. Қайсанийа ілімі мен дәстүрлі ислам арасындағы қайшылық - ислам әлемінің шығысындағы оппозициялық күштер мен халифат арасындағы қарама-қарсылыққа айналды. Аббасилер басшысы Ибрахим Мұхаммед Хорасанда дайындалып жатқан көтеріліс басшысы етіп Абу Муслимді тағайындады. 129/747 жылдың 9 маусымында Абу Муслим бұйрығымен барлық аббасилер партиясы қара киім киінді. Көтеріліс басталды. Абу Муслим бастаған көтеріліс омейядтарды тақтан кетіріп, олардың орнына Аббасилер әулетін таққа отырғызды. Халифат тағына Абу-л-Аббас Саффах отырды.

3. Аббасилер таққа келгеннен кейін халыққа көтеріліс алдында берген уәделерін ұмытып, омейядтерден айырмашылығы болмай қалды. Олар өздерін таққа отырғызған Абу Муслим бастаған көтеріліс басшыларын өлтірді. Өйткені олар тағы да халықты бастап, көтеріліске шығады деп қорықты. Абу Муслимнің өлтірілгенін есіткен халық қайтадан көтеріліске шықты. Хорасанда 137/754-755 жылдары Сумбат бастаған көтеріліс, т. б. көтерілістер көп болды. Бұл көтерілісшілер жағында түркі әскерлері бірге соғысты. Көтеріліс 150/766-767 жылы жеңілген соң қайсанилердің Исхақ ат-Түрк бастаған тобы шегінген түркі әскерлерімен бірге Түркістан жеріне аяқ басты. Йасауийа тариқатының тарихы болып табылатын «Насаб-нама» нұсқаларында Исхах ат-Түрік-Исхақ Бабпен бірге түркі жеріне оның ағасы Абд ар-Рахим баб пен Абд ал-Жалил бабтың Түркістан жеріне ислам аша келгендігі айтылады. Бұл екі кісі негізінен Түркі билеуші әулет өкідері болу керек. Олардың келуімен Түркістан жерінде күрделі саяси-рухани өзгерістер болды. Түргеш мемлекеті ыдырағаннан кейін майда иеліктерге бөлшктеніп кеткен түркілер, ислам дінінің оппозицилық ағымы-қайсанилердің келуімен тарих сахнасына жаңа мемлекеттерді шығарды. Ол мемлекеттер исламның оппзициялық бағыты-қайсанийа ағымын ұстанған мемлекеттер болды. Олар Қарлұқ-Қарахан мемлекеті және Сырдың төменгі ағысында пайда болған Оғыз мемлекеті еді. Қарлұқ-Қарахан мемлекетінің билеушісі Исхақ бабатың ағасы Абд ар-Рахим-Сатуқ Бұғра хан болды. Оғыз мемлекетінің билігі Исхақ бабтың інісі-Абд ал-Жалил баб-Хорасан-Ата қолына тиді. Осы тарихи оқиғалардан қалған тарихи ескерткіштер Сайрамдағы «Абд ал-Азиз баб» кесенесі, Тараздағы «Әулие Қарахан» кесенесі, Сыр бойындағы «Хорасан Ата», Бабата қалашығындағы «Баб-Ата» (Исхақ баб) кесенелері.

Сұрақтар: 1. Түркілердің араб экспансиясына қарсы күресінің нәтижелері қалай болы?

2. VIII ғасырда Хорасандағы саяси-идеологиялық күрес нәтижелері қалай болды?

3. Алғашқы Түркі ислам мемлекеттері тарих сахнасына қашан шықты және олар ислам дінінің қай бағытын қабылдады?

4-лекция. Тақырыбы: X-XI ғғ. ислам әлеміндегі тоқыраудың басталуы және оның туындау себептері

Жоспары: 1. Карматтарды талқандау

2. Ахл ас-сунна уа жам‘аның қалыптасуы

3. Исламдық ілімдер аясының тарылуы

1. Түркілер ислам дінін арабтардан тікелей қабылдаған жоқ. Түркі халықтарына ислам діні парсы тілі арқылы келді. Өйткені, ханафилердің басшылығымен көптеген діни, методологиялық маңызы бар кітаптардың араб тілінен парсы тіліне аударылуы ислам дінінің Орталық Азия халықтарына парсы тілі арқылы таралуына ықпал етті. Бұл өз кезегінде ислам дінін қабылдаған халықтардың парсылануына әкелді. Ислам дінін қабылдаған түркі халықтары өздерінің дәстүрлі мәдениеті мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен ажырап, толық парсылануға бет алды. Оған дәлелді ұзақтан іздемей-ақ түркі ғұламалары тарапынана жазылған кітаптар ішінде XI-ғасыр ортасына дейін бірде-бір не діни, не ғылыми, не әдеби шығарманың жазылмауынан көруге болады. Тек, Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» атты еңбегі түрік тілінде жазылған алғашқы шығарма болды. Одан кейін Махмуд Қашқаридің «Диуан луғат ат-Түрік» еңбегі мен Ахмед Йүгнекидың «Ибат ал-Хақа’иқ» атты еңбектері дүниеге келді.

Түркі халықтары өзінің тілін, дәстүрлі мәдениетін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін жоғалтып қойған жоқ. Солармен бірге, көнеден келе жатқан түрік мемлекеттігінің қалыптасқан жүйесін де өзгертуге мәжбүр болды. Оған түрік халықтарының ішкі қоғамдық қатынастарын реттейтін жүйенің шариғат үкімдерімен алмастырылуы тікелей ықпал етті. Бұл біртіндеп түркілік әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің қолданыстан шығарылуына әкелді. Көнеден келе жатқан некелік қатынас өзгертіліп, экзогамдық қатынастар эндогамдық қатынаспен алмастырылды. Рулас, қандас адамдар арасындағы некелік қатынастар осы кезге дейін сақталып келген рулық, тайпалық жүйелердің ыдырауына әкелді. Рулық, тайпалық жүйе түркі мемлекеттігінің басшысы - ханды осы рулық, тайпалық жүйе басшылары сайлап қоятын. Хан әркезде мемлекеттік мәселелерді осы ру, тайпа басшыларымен кеңесе отырып шешетін және әр ру, тайпа ерікті әскер шығарып, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс болатын.

Ислам дінін қабылдаған түркілерде рулық, тайпалық жүйе ыдыраған соң, мемлекетті басқарудың түркілік жүйесі де ыдырады. Хан билігі бұрынғыдай бүкіл қоғам өкілдері тікелей араласа алатын коллективтік билік жүйесі болудан қалып, орнына жеке билеушінің абсолюттік билігіне негізделген, мемлекетті басқару жүйесі келді. Бұл мемлекетті басқарудың парсылық жүйесі еді.

Жалпы XII-ғасыр қарсаңында ислам дінін қабылдаған түркі мемлекеттері: Қарахандықтар, Селжүктер, Хорезм мемлекеттері түгелімен тоқырауға ұшырады. Бұған бір жағынан түркілердің дәстүрлі мәдениетін жоғалтуы себеп болса, екінші жағынан бүкіл ислам әлемін жайлаған саяси, рухани тоқыраушылықпен де байланысты болды. Жалпы ислам дініндегі тоқыраудың шығу себебі неде? Ендігі кезекте осы сұраққа қысқаша жауап беріп көрелік. Бұл бізге XII-ғасырда жалпы ислам әлемін жайлаған рухани тоқыраудың ішкі себептерін ашуға мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Йасауи және Қазақ мәдениетi
Қазақ хандығындағы діни-идеологиялық ахуал
Қазақ ақын жыраулары
Қазақстанда егемендік пен демократиялық даму кезеңдері
Қазақ ойшылдары дін туралы пәні семинар сабақтың әдістемелік нұсқауы
Ортағасырдағы түркі мұсылмандық дүниетанымы
Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамыту мәселелері
Туған жер туралы
Еліміздегі тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштердің туризмдегі рөлі
Ұлы жібек жолы жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz